Электр қондырғыларын орнату қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2014 в 18:08, реферат

Описание работы

1. Осы Қағидалар «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және қолданыстағы электр қондырғыларын жобалау, қайта жаңғырту және пайдалану кезінде қолданылады.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) электр қондырғысы – электр энергиясын өндіруге, түрлендіруге, трансформациялауға, беруге, таратуға және оны энергияның басқа түріне түрлендіруге арналған машиналардың, аппараттардың, желілер мен қосалқы құралдардың (олар орнатылған құрылыстар мен үй-жайларымен бірге) жиынтығы.

Файлы: 1 файл

реверсив.docx

— 273.28 Кб (Скачать файл)

Жерге екі рет бірге тұйықталудан электр қондырғыны қорғау үшін осы Қағидалардың 176-тармағына сәйкес қоректендіруді автоматты ағыту орындалуы тиіс.

154. Тікелей тұйықталған  бейтарапты және бейтарапқа жалғанбаған  жерге тұйықтағыштың көмегімен  ашық өткізгіш бөліктері жерге  тұйықталған  көзден 1 кВ дейінгі кернеулі электр қондырғыларын қоректендіру тек қана тікелей бейтарапқа жерге тұйықтағышты жалғағанда электр қауіпсіздігі талаптары қамтамасыз етілмеген жағдайларда ғана жол беріледі. Жанама жанасудан қорғау үшін осындай электр қондырғыларында ҚАҚ-ты міндетті түрде қолдана отырып қоректі автоматты ағытуды орындау қажет. Мұның өзінде мынадай шарт сақталуы тиіс:

RaIa £ 50 В,

мұнда Ia – қорғаныс құрылғысының іске қосылу тогы; Ra – жерге тұйықтағыш пен жерге тұйықтаушы өткізгіштің жиынтық кедергісі. Бірнеше электр қабылдағыштарды қорғау үшін ҚАҚ-ты қолдану кезінде - бұл неғұрлым алыстатылған электр қабылдағыштың жерге тұйықтағышының және жерге тұйықтауыш өткізгішінің кедергісі.

155. Қоректі автоматты  ағытуды пайдаланған кезде осы  Қағидалардың 177-тармағына сәйкес  әлеуетті теңдестірудің негізгі  жүйесі, ал қажет болғанда сондай-ақ  әлеуетті теңдестірудің қосымша  жүйесі осы Қағидалардың             178-тармағына сәйкес орындалуы тиіс.

156. Тікелей тұйықталған  бейтарапты қорғаныс өткізгіштері  жалғанған электр қондырғыларда  ғимаратқа кірмеде, сондай-ақ басқа  да қолжетімді орындарда осы  өткізгіштерді қайта жерге тұйықтау  орындалады.

Қайта жерге тұйықтау үшін бірінші кезекте табиғи жерге тұйықтағыштар қолданылады. Қайта жерге тұйықтауда жерге тұйықтағыштің кедергісі нормаланбайды.

Үлкен және көпқабатты ғимараттардың ішінде ұқсас қызметті басты жерге тұйықтағыш шинаға нөлдік қорғаныс өткізгішін жалғау жолымен әлеуетті теңдестіру арқылы орындалады.

Әуе желілері бойынша қорек алатын 1 кВ дейінгі кернеулі электр қондырғыларды қайта жерге тұйықтау осы Қағидалардың 198-199- тармақтарына сәйкес орындалуы тиіс.

157. Егер қоректі автоматты  ажырату осы Қағидалардың 173, 174, 176- тармақтарының талаптарын қанағаттандырмаса,  онда электр қондырғының жекелеген бөліктері немесе жекелеген электр қабылдағыштар үшін жанама жанасу кезінде қорғаныс оқшауланатын үй-жай, аймақтар, алаңдардың электрлік бөлініс тізбегінің (ІІІ сыныпты электр құрал-жабдықтары) аз кернеуі (ІІ сыныпты электр құрал-жабдықтары) екі бірдей немесе күшейтілген оқшаулау орындалады.

Адамды электр тогының зақымдануынан қорғау тәсілі бойынша құрал-жабдықтардың жіктелуі және оны қолдану шарттары осы Қағидаларға               5-қосымшаның 42-кестесінде келтірілген..

158. 1 кВ жоғары кернеу  желісіндегі трансформатор арқылы  байланысқан оқшауламалы бейтараптағы 1 кВ дейінгі электр желісі  трансформатордың жоғары және  төмен кернеу орамасының арасындағы  оқшаулама бұзылған жағдайда  тесілме сақтандырғышпен қорғалуы  тиіс.

159. Электр тогының зақымдауынан  қорғау үшін оқшауланған немесе  тиімді жерге тұйықтау бейтарабымен 1 кВ жоғары кернеудегі электр  қондырғыларында ашық өткізгіштік  бөліктерінің қорғаныстық жерге  тұйықталуы орындалуы тиіс.

160. Оқшаулама бейтарабымен 1 кВ жоғары кернеудегі электр  қондырғыларында жерге тұйықталуды  жылдам табу мүмкіндігі қаралуы  тиіс. Жерге тұйықталудан қорғау  қауіпсіздік шарттары бойынша (желілер, көшпелі қосалқы станциялар және  механизмдер және т.с. үшін) қажет  болған жағдайларда барлық электрлі  байланысқан желілердегі ажыратуға  әрекет ете отырып орнатылуы  тиіс.

161. ӘЖ тіректерінде орнатылған, кернеуі 1 кВ дейінгі  электр жабдығының (күштік және өлшеу трансформаторлары, айырғыштар, сақтандырғыштар, конденсаторлар және өзге аппараттар) қорғану жерлендірілуі (нөлденуі) Қағидалардың тиісті тараулары, сондай-ақ осы тарауда келтірілген талаптардың сақталуымен орындалуы тиіс.

Жабдық орнатылған ӘЖ тірегінің жерге тұйықтау құрылғысының кедергісі 11 және 12-тараулардың талаптарына сәйкес келуі керек.

 

 

2. Тікелей жанасудан  қорғану шаралары

 

 

162. Ток өткізгіш бөліктерінің  негізгі оқшаулануы ток өткізгіш  бөліктерін жауып, пайдалану кезінде  өз қасиеттерін сақтауы тиіс. Оқшаулауды жою, тек оны бұзу  арқылы мүмкін болуы тиіс. Нақты  бұйымдарға техникалық шарттармен  арнайы ескертілген жағдайлардан  басқа, лакты бояу жабындары электр  тогынан қорғайтын оқшаулама  болып табылмайды. Жинақтау кезінде оқшалау орындаған кезде, осы Қағидалардың 8-тарауының талаптарына сәйкес сыналуы тиіс.

Негізгі оқшаулау әуе аралығымен қамтамасыз етілсе, ток өткізгіш бөліктеріне тікелей жанасу немесе оларға қауіпті арақашықтыққа жақындаудан қорғану қабықша, қоршау, тосқауылдар немесе қол жету аймағынан тыс жерде орналасу арқылы орындалуы тиіс.

163. Электр жабдығының  дұрыс жұмыс жасауы үшін үлкен  саңылаулар қажетті болған жағдайлардан  басқа, кернеуі 1 кВ дейінгі электр  қондырғыларындағы қоршаулар мен  қабықшалардың IР2Х кем емес қорғану  дәрежесі болуы тиіс.

Қоршаулар мен қабықшалар сенімді бекітіліп, тиісті механикалық беріктігі болуы тиіс.

Қоршаудан өту немесе қабықшаны ашу тек арнайы кілт немесе сайман арқылы немесе ток өткізгіш бөліктерден кернеу алынғаннан соң мүмкін болуы тиіс. Бұл шарттар сақталуы мүмкін болмаса, IР2Х қорғану дәрежесі бар аралық қоршаулар орнатылуы тиіс, олардың жойылуы да тек арнайы кілт немесе сайман арқылы мүмкін.

164. Тосқауылдар кернеуі 1 кВ дейін электр қондырғыларына  кездейсоқ жанасу немесе кернеуі 1 кВ жоғары электр қондырғыларының  ток өткізгіш бөліктеріне қауіпті  арақашықтыққа жақындаудан қорғануға  арналады. Кедергілер әдейі алуға  мүмкін болмайтындай бекітілуі  тиіс. Тосқауылдар оқшаулағыш материалдарынан  жасалуы тиіс.

165. Қол жету аймағынан  тыс жерде орналастыру осы  Қағидалардың      161 – 163 тармақтарында көрсетілген шаралар орындалуы мүмкін болмаған жағдайда немесе олар жеткіліксіз болған жағдайда қолданылады. Бұл ретте кернеуі 1 кВ дейін электр қондырғыларының ток өткізгіш бөліктеріне бір уақытта мүмкін болатын жанасу арақашықтығы 2,5 м-ден кем болмауы тиіс. Қол жету аймағы ішінде әр түрлі әлеуеттермен бір уақытта жанасу мүмкін болатын бөліктер болмауы тиіс.

Тік бағытта, 1 кВ дейін электр қондырғыларында қол жету аймағы, адамдар орналасқан жерден 2,5 м жерде болуы тиіс.

Көрсетілген мөлшерлер қосалқы құралдардың (сайман, саты, т.с.с.) қолдануы есепке алынбай беріледі.

166. Тосқауылдарды орнату  мен қол жету аймағынан тыс  жерге орналастыру тек білікті  персонал кіре алатын бөлмелерде  рұқсат етіледі.

167. Кернеу 1 кВ дейін электр  қондырғылары үй-жайларында мынадай  шарттар бір уақытта орындалған  кезде, тікелей жанасудан қорғану  қажет етілмейді:

1) бұл үй-жайлар айқын  белгіленіп, және оларды тек кілтпен  ашуға болады;

2) сыртынан кілттенсе  де, үй-жайдан кілтсіз шығу мүмкіндігі  қамтамасыз етілуі керек;

3) қызмет көрсету өтулерінің  аз мөлшерлері осы Қағидалардың               16-тарауының талаптарына сәйкес.

168. 1 кВ дейін электр  қондырғыларындағы кіші кернеу (әрі  қарай – КК) тізбектердің қорғанысты  электр бөлуімен немесе қоректендіруді  автоматты ажыратумен бірге тікелей  және жанама жанасу кезінде  электр тогынан қорғану кезінде  қолданылады.

Екі жағдайда да КК тізбектерін қоректендіру көзі ретінде бірдей қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ететін, қауіпсіз бөлектейтін трансформатор  немесе өзге КК көзі қолданылады.

КК тізбектерінің ток өткізгіш бөліктері, өзге тізбектерден бөлектейтін трансформатордың бастапқы және қайталама орамалары арасындағы бөлуге бірдей тізбектердің электрлік бөлінуі қамтамасыз етілетіндей бөлінуі тиіс.

КК тізбектерінің өткізгіштері, жоғары кернеуі олардан жоғары өткізгіштері мен қорғану өткізгіштерінен бөлек төселуі немесе олардан жерге тұйықтау металдық экранымен (қабықшамен), немесе негізгі оқшауламаға қосымша металдық емес қабықшаға енгізілуі тиіс.

КК тізбектеріндегі штепсельдік жалғағыштарының вилкалары мен розеткалары өзге кернеулердегі вилкалар мен розеткаларға қосылуына жол бермеуі тиіс.

КК тізбектеріндегі штепсельдік розеткалар қорғаныс түйіспесіз орындалуы тиіс.

Ауыспалы ток 25 В, ал тұрақты ток 60 В жоғары КК шамалары кезінде де 1 мин ішінде ауыспалы токтың сынау кернеуі 500 В сәйкес келетін қоршаулар немесе қабықшалар немесе оқшауламалар көмегімен тікелей жанасудан қорғаныс қолданылуы тиіс.

169. Тізбектердің электрлік  бөлінуімен КК қолданғанда, электр  жабдығының бөгде өткізгіш бөліктерімен  қосылу қажет болып, бұл бөліктердегі  кернеу КК мәнінен аспаған  жағдайдан басқа, ашық өткізгіш  бөліктері жерге тұйықтағышқа, қорғану  өткізгіштеріне немесе өзге тізбектердің   ашық өткізгіш бөліктеріне және бөгде өткізгіш бөліктеріне әдейі қосылуына рұқсат етілмейді.  

 

 КК тізбектерінде ғана емес, өзге тізбектерде зақымдану кезінде де КК көмегімен электр тогынан қорғануды қамтамасыз ету қажет болған кезде, тізбектердің электрлік бөлінуімен КК қолданылады.

170. КК-ні қоректендіруді  автоматты ажыратумен бірге қолданған  кезде КК көзі шығарылымдарының  біреуі және оның корпусы көзді  қоректендіретін тізбектің қорғау  өткізгішіне қосылуы тиіс.

171. Электр қондырғысында  ең жоғары жұмыс кернеуінің  ауыспалы тогы 42 В, бұл ретте тұрақты  тогы 110 В аспайтын электр жабдығы  қолданса, бұл ретте осы Қағидалардың 167 – 169 тармақтарының талаптары  сақталған кезде, бұл кернеу тікелей  және жанама жанасудан қорғану  шарасы ретінде қолданады.

 

 

3. Жанама жанасудан  қорғаныс шаралары

 

 

172. Жанама жанасу кезіндегі  қорғаныс кезінде талаптары мыналарды қамтиды:

1) электр машиналарының корпусына, трансформаторларға, аппараттарға, шамдарға және т.с.с.;

2) электр аппараттарының  жетектеріне;

3) тарату қалқандарының, басқару қалқандарының, қалқаншалар  мен шкафтардың қаңқаларына, сондай-ақ  түсіргіш және ашылатын бөліктеріне, оларда ауыспалы тогы кернеуі 42 В, ал тұрақты тогы кернеуі 110 В асатын электр жабдығы орнатылса (ауыспалы тогы кернеуі 25 В немесе  тұрақты тогы кернеуі 60 В асатын  жағдайларда – Қағидалардың тиісті  тарауларында ескерілсе);

4) тарату құрылғыларының  металдық құралымдарына, кәбілдік  муфталарға, бақылау және күштік  кәбілдерінің қабықшалары мен  сауытына, сымдардың қабықшаларына, электр сымының жеңдері мен  құбырларына, шина өткізгіш (ток  өткізгіш) қабықшалары мен тіректік  құралымдарына,  науаларына, қорапшаларға, ішектерге, кәбілдер мен сымдар тіркелген арқандар мен белдіктерге (нөлденген немесе жерге тұйықталған металдық қабықша немесе сауыты бар кәбілдер жүргізілген ішектер, арқандар жерге тұйықталған орнына жерге тұйықтау және белдіктерден басқа) және өзге электр жабдығы орнатылған металдық құралымдарына;

5) осы Қағидалардың 147-тармағында  көрсетілген кернеуден аспайтын, жалпы металдық құрылымдарында  жүргізілген бақылау және күштік  кәбілдер мен сымдардың металдық  қабықшалары мен сауытына, оның  ішінде: кернеуі жоғарылау кәбілдерімен, сымдарымен жалпы құбырларға, қорапшаларға, лотоктарға және т.с.с.;

6) жылжымалы және тасымал  электр қабылдағыштарының металдық  корпусына;

7) қозғалатын станоктар, машина және тетiктердің бөлiктерiне  қойылған электр жабдығына.

Қоректендірудің автоматты ажыратылуы қорғау шарасы ретінде қолданған кезде, көрcетiлген ашық өткiзушi бөлiктер қатты жерлендірілген бейтараптамаға қосылуы немесе жерге тұйықтаушы құрылғысы ретінде  жерге тұйықталуы тиіс.

173.   Мыналарды бейтараптамаға әдейі қосуға және жерге тұйықтауға болмайды:

1) жабдық корпустармен  аппараттар негіздемелермен сенімді  электрлік түйісуі қамтамасыз  етіліп, қоректендіру көзі бейтараптамасына  қосылған немесе жерге тұйықтау, металдық негіздерге орнатылған  электр жабдығы мен аппараттардың  тұрықтарына (құрылымдарға, тарату  құрылғыларына, қалқандарға, шкафтарға, станоктар тұғырына, машиналар мен  тетіктерге);

2) осы құрылымдар мен  қорғаныс өткізгішіне қосылған  және оларда орнатылған электр  жабдығы арасында сенімді электрлік  түйіспе қамтамасыз етілген кезде, осы Қағидалардың 171-тармағында көрсетілген  құралымдарға;

3) тарату құрылғылары, шкафтар, қоршаулар, т.с.с. камераларының металдық  қаңқаларының түсіргіш немесе  ашылатын бөліктерінде, түсіргіш (ашылатын) бөліктерде электр жабдығы орнатылмаса  немесе орнатылған электр жабдығының кернеуі осы Қағидалардың 147-тармағында көрсетілген шамалардан аспаса;

4) электр берілісі әуе  желілері оқшауламаларының арматурасына  және оған қосылатын бекіту  бөлшектеріне;

5) екі еселік оқшауламасы  бар электр жабдығының ашық  өткізгіш бөліктеріне;

6) металдық тұтқалар, тіркемелер, алаңы 100 см2 дейінгі қабырғалар, аражабындар, өзге электр өткізгіштердің ұқсас бөлшектерінен өту жерінде кәбілдердің механикалық қорғанысының құбырлар бөлшектеріне, оның ішінде жасырын электр өткізгіштерінің тартылған және тармақталған қорапшаларына.

174. 1 кВ дейінгі электр  қондырғыларында қоректендіруді  автоматты ажырату кезінде барлық  ашық өткізгіш бөліктер қабылданған  кезде тұйықтау жүйесіне қабылданғанға  қарай қоректендіру көзінің бекем  жерге тұйықтау бейтараптамасына  қосылуы немесе жерге тұйықталуы  тиіс.

Бұл ретте қоректендіретін тораптың номиналды фазалық кернеуіне сәйкес қорғану-коммутациялық аппараты мен тізбектің ажыратылуының нақты шамаланған уақыты қамтамасыз етілуі үшін қорғану аппараттарының сипаттамалары мен  қорғану өткізгіштерінің параметрлері келісуі тиіс.

Информация о работе Электр қондырғыларын орнату қағидалары