Электр қондырғыларын орнату қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2014 в 18:08, реферат

Описание работы

1. Осы Қағидалар «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және қолданыстағы электр қондырғыларын жобалау, қайта жаңғырту және пайдалану кезінде қолданылады.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) электр қондырғысы – электр энергиясын өндіруге, түрлендіруге, трансформациялауға, беруге, таратуға және оны энергияның басқа түріне түрлендіруге арналған машиналардың, аппараттардың, желілер мен қосалқы құралдардың (олар орнатылған құрылыстар мен үй-жайларымен бірге) жиынтығы.

Файлы: 1 файл

реверсив.docx

— 273.28 Кб (Скачать файл)

Коммерциялық санауыштарды жалғау үшін аралық ток трансформаторларын қолдануға тыйым салынады.

98. Санауыштар жалғанатын  өлшеуіш трансформаторлардың екінші  реттік оралымының жүктемесі  номиналды шамадан аспауы қажет.

Коммерциялық санауыштардың кернеу тізбектеріндегі сымдар мен кәбілдердің ұзындығы мен қимасын осы тізбектегі кернеу шығындары дәлдік сыныбы 1,0 кернеу трансформаторларынан қоректену кезінде 0,5 % аспауы және дәлдік сыныбы 0,5 кернеу трансформаторларынан қоректену кезінде     0,25 % номиналды кернеуден аспайтындай етіп таңдалуы тиіс. Осы талапты қамтамасыз ету үшін кернеу трансформаторынан санауыштарға дейін жеке кәбілдерді қолдануға жол беріледі.

Кернеу трансформаторынан техникалық есепке алу санауыштарына дейінгі кернеу шығындары номиналды кернеудің 0,5 %-ынан артпайтындай құралуы тиіс.

Мемлекетаралық ӘЖ, 110 кВ және одан жоғары ӘЖ, 10 МВ×А және одан жоғары генераторлардың, трансформаторлардың электр энергиясының санауыштары  кернеу трансформаторларына жеке кәбілдермен (ТҚ аталған секциясының санауыштар тобына немесе әрбір жалғанымның санауыштары үшін жеке кәбіл) қосылуы тиіс.   

99. 110 кВ және одан жоғары  электр берілісі желілерінде  коммерциялық санауыштарды жалғау  үшін қосымша ток трансформаторларын  орнатуға жол беріледі (санауыштарды  жалғау үшін екінші реттік  орамасы жоқ болса, талап етілетін  дәлдік сыныбында санауыштар  жұмысын қамтамасыз ету үшін  екінші реттік орамалар жүктемесінің  шарттары бойынша және т.б.)

100. Санауыштардың тізбектерін  қоректендіру үшін бір фазалы, сондай-ақ үш фазалы кернеулер  трансформаторы, соның ішінде оқшаулауды  бақылау үшін қолданылатын  төрт және бес өзекті трансформаторларда қолданылуы мүмкін.

Есепке алу тізбегі дербес қыспақтар жинамасына немесе қыспақтардың  ортақ қатарындағы секцияларға шығарылады. Қыспақтары жоқ жинамасы болмаса, онда сынаулар блоктарын орнату қажет.

Қыспақтар ток трансформаторларының екінші реттік тізбегінің қысқа тұйықталуын, санауыштың токтық тізбектерін және санауыштардың әрбір фазасында кернеу тізбектерін оларды ауыстыру немесе тексеру кезінде ажыратылуын, сондай-ақ сымдар мен кәбілдерді ажыратусыз үлгілік санауыштардың қосылуын қамтамасыз етуі тиіс.

Коммерциялық санауыштардың және қыспақтарының  жинамасы және қорапшаларының құрылымы оларды пломбалау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

101. Есепке алу үшін  ғана қолданылатын және жоғары  кернеу жағында  сақтандырғышпен  қорғалған кернеу трансформаторларында сақтандырғыштың бүтіндігіне бақылау болуы тиіс.

102. Шиналардың бірнеше  жүйелерінде және әрбір кернеу  трансформаторын тек өзінің шина  жүйесіне жалғағанда әрбір жалғанымдағы  санауыштар тізбегін тиісті шиналар  жүйесінің кернеу трансформаторына  ауыстырып қосу  үшін арналған қондырғы болуы тиіс.

103. Коммерциялық есепке  алу үшін пайдаланылатын кернеу  трансформаторларының жоғары кернеулері  жағында сақтандырғыштары орнатылған  қосалқы станциялардың торларының  және есіктерінің құралымдары  олардың пломбалану мүмкіндігін  қамтамасыз етуі тиіс.

Коммерциялық есепке алу үшін пайдаланылатын кернеу трансформаторларының ажыратқыш жетек саптарының  пломбалайтын тетігі болуы тиіс.

 

 

5. Санауыштарды  орнату және оларға қосылатын  электр сымдары

 

 

104. Санауыштар қызмет  көрсету үшін оңай қолжетімді, құрғақ үй-жайларда, жұмыс істеуіне  барынша кең және қысылтың  емес, қысқы уақыттағы температурасы 0 0С төмен емес жерде орнатылуы тиіс.

Жалпы өндірістік орындаудағы санауыштарды өндірістік жағдайлар бойынша температурасы +40 0С жиі артатын, сондай-ақ агрессивті орталы үй-жайларда орналастыруға рұқсат етілмейді.

Санауыштарды жылытылмайтын үй-жайларда және электр станцияларының және қосалқы станциялардың тарату қондырғыларының дәліздерінде, сондай-ақ сыртқы құрылғы шкафтарында орналастыруға жол беріледі. Мұның өзінде жылыту шкафтары, бүркеншік ішінде оң, бірақ +20 0С жоғары емес температураны қамтамасыз ету үшін ішінде электр лампасы немесе қыздыру элементтері бар ауаны жылытатын қалпақтар арқылы  қыс уақытында олардың стационарлық қымталуы қарастырылуы тиіс.

105. Электр энергиясын  есепке алуға арналған  жалпы өнеркәсіптік  орындаудағы санауыштар дайындаушы зауыт белгілеген диапазондағы, қоршаған ортаның температурасындағы үй-жайларда орнатылады. Осындай үй-жайлар болмаса санауыштар жыл бойы қажет температура сақталатын арнайы шкафтарға орналастырылады.

106. Санауыштар қатты құралымы  бар шкафтарда, жинақтық тарату  қондырғыларының камераларында (ЖТҚ, ЖТҚК), панельдерде, қалқандарда, қуыс  орындарда, қабырғаларда орнатылады.

Санауыштарды пластмасса немесе металл қалқандарда бекітуге жол беріледі.

Еденнен санауыштардың қыспақтар қорабына дейінгі биіктігі 0,8-1,7 м шегінде болуы тиіс. 0,8 м-ден кем, бірақ 0,4 м кем емес биіктікке жол беріледі.

107. Санауыштардың механикалық  зақымдану қаупі бар немесе  олар ласталатын орындардағы, немесе  бөгде адамдар үшін қол жетімді  орындардағы (өтпелерде, баспалдақтар  алаңы және т.б.) санауыштар үшін  циферблат деңгейінде әйнегі  бар жабылатын шкаф қарастырылуы  тиіс. Осыған ұқсас шкафтар осылайша  төменгі кернеу жағында (тұтынушылардың  кірмесінде) есепке алуды орындау  кезінде санауыштар мен ток  трансформаторларын бірлестіре  жайғастыру үшін орнатылуы тиіс.

108. Шкафтардың, қуыстардың, қалқандардың және т.б. құралымдары  және  көлемдері санауыштардың қыспақтарына және ток трансформаторларына еркін кіруді қамтамасыз етуі тиіс. Одан басқа, санауышты ыңғайлы ауыстыру және 10 кемінде еңіспен орнату мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс. Оның бекіту құралымы санауышты өң жағынан орнату және орнынан алу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс. 

109. Санауыштарға электр  тартылымдары осы Қағидалардың                   15-тарауында келтірілген талаптарға жауап беруі тиіс.

110. Есептік санауыштар  электр тартылымдарында дәнекерлеудің  болуына жол берілмейді.

111. Санауыштарға жалғанған  сымдар мен кәбілдердің қимасы  осы Қағидалардың 837) тармағына сәйкес  қабылдануы тиіс.

112. Тікелей қосылатын  санауыштарды жалғау үшін электр  таратылымдарын монтаждау кезінде  санауыштардың жанынан ұзындығы       120 мм кем емес сымдардың ұшын қалдыру қажет. Санауыш алдындағы оқшаулаудың немесе ұзындығы 110 мм нөлдік сым қабықшасының айрықша бояуы болуы тиіс.

113. 380 В дейінгі кернеу  желісінде санауыштарды қауіпсіз  орнату және ауыстыру үшін  санауышты оған дейін кемінде 10 м қашықтықта орнатылған коммутациялық аппарат немесе сақтандырғыштармен ағыту мүмкіндігін қарастыру тиіс.

Кернеуді алу санауышқа жалғанған барлық фазалардан қарастырылуы тиіс.

380 В дейінгі кернеуде  санауыштарды жалғау үшін пайдаланылатын  ток трансформаторлары, қуат ағымының  бағыты бойынша коммутациялық  аппараттардан кейін орнатылуы  тиіс.

114. Санауыштарды және  ток трансформаторларын жерге  тұйықтау (нөлдеу) осы Қағидалардың 7-тарауының талаптарына сәйкес  орындалуы тиіс. Мұның өзінде, 1 кВ  дейін ток трансформаторларынан  және санауыштардан жерге тұйықтау  және нөлдеу қорғаныс өткізгіштері  ең жақын кернеу қыспақтар  жинамасына дейін мыс болуы  тиіс.

115. Нысанда санауыштардың  панельдерінде электр энергиясының  жеке есепке алумен бірнеше  жалғанымдар бар болса, жалғанымдар  атаулары жазылуы тиіс.

 

 

6. Техникалық есепке  алу

 

 

116. Ақпараттық немесе  басқарушы есептеуші кешендерімен  жабдықталмаған агрегаттары (блоктары) бар жылу және атом электр  станцияларында стационарлық  орнатылады немесе техникалық-экономикалық көрсеткіштерді есептеу мүмкіндігі үшін СП жүйесінде техникалық есепке алудың көшірмелі инвентарлы санауыштары қолданылады. Мұның өзінде, активті электр энергиясының санауыштарын орнату өз қажетінің негізгі кернеудегі (1 кВ жоғары) тарату қондырғысының шиналарынан қоректенетін барлық электр қозғалтқыштардың тізбектерінде және осы шиналардан қоректенетін барлық трансформаторлардың тізбектерінде жүргізіледі.

117. Көлденең байланысты (ортақ  бу құбырына ие) қосалқы станцияларда  жоғарылатқыш трансформатордың генераторлы кернеу жағында коммерциялық генераторлық санауыштар жұмысының дұрыстығын бақылау үшін қолданылатын активті электр энергиясының техникалық есепке алу санауыштарын орнатудың техникалық мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.

118. Техникалық есепке  алу үшін активті электр энергиясының  санауыштары кернеуі 35 кВ және  одан жоғары қосалқы станцияларда: энергия беруші ұйымның теңгеріміндегі  күштік трансформаторлардың орташа  және төменгі кернеу жақтарында; 6 кВ және одан жоғары электр  берілісінің әрбір тарамдалған  желілерінде орнатылады.

Реактивті электр энергиясын техникалық есепке алу 35 кВ және одан жоғары қосалқы станциялардың күштік трансформаторларының орташа және төменгі кернеулер жағында ұйымдастырылады. Активті электр энергиясын есепке алу үшін микропроцессорлық санауыштарды қолдану кезінде реактивті энергияның жеке санауыштарын орнату талап етілмейді.

119. Кәсіпорындарда стационарлық (пайдаланым жағдайында) немесе өнімнің  немесе жартылай фабрикаттың  бірлігіне электр энергиясының  шығынын анықтау үшін, цехтардың, технологиялық желілердің, жекелеген  энергия сыйымды агрегаттардың  электр энергиясы шығынының лимиттерін  сақтауды бақылау үшін инвентарлық  көшпелі санауыштарын қолдану  қарастырылады.

Кәсіпорынның кірмесінде техникалық (бақылау) есепке алу санауыштарын, егер де осы кәсіпорынмен коммерциялық есепке алу  энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қосалқы станцияларында немесе электр станцияларында орнатылған санауыштар бойынша жүргізілсе, орнатуға жол беріледі.

Кәсіпорындарда техникалық есепке алу санауыштарын орнатуға және орнынан алуға энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың рұқсаты талап етілмейді.

120. Кәсіпорындарда техникалық  есепке алу құралдары (санауыштар  және өлшеуіштік трансформаторлар) тұтынушылардың өз қарауларында  болуы тиіс және осы Қағидалардың 91-тармағының (энергиямен жабдықтаушы  ұйымдардың пломбасының болуы туралы талаптарды қоспағанда), 92 және 93-тармақтарының талаптарын қанағаттандыруы тиіс.

121. Активті электр энергиясы  санауыштарының және техникалық  есепке алу құралдарының дәлдік  сыныбы 0,5 кем болмауы тиіс. Қуаты  кемінде 1 МВ×А электр қондырғысы үшін дәлдік сыныбы 1,0 техникалық есепке алу құралдарын пайдалануға жол беріледі.

Реактивті электр энергиясы санауыштарының және техникалық есепке алу құралдарының дәлдік сыныбын активті электр энергиясын коммерциялық есепке алу санауыштарының дәлдігінің тиісті сыныбынан бір сатыға төмен таңдауға жол беріледі.

 

 

6. Электрлік шамаларды  өлшеу

 

 

1. Жалпы талаптар

 

 

122. Барлық өлшеу құралдары  заңмен белгіленген тәртіппен  Қазақстан Республикасында қолданылуға  рұқсат етілген болуы тиіс. Электрлік  шамалардың өлшеу құралдары мынадай  негізгі талаптарды қанағаттандыруы  тиіс:

1) өлшеуіш аспаптардың  дәлдік тобы 2,5 аспауы тиіс;

2) өлшеуіш шунттардың, қосымша  резисторлардың, трансформаторлардың  және түрлендіргіштердің дәлдік  класы осы Қағидалардың 5-қосымшасындағы 40-кестеде келтірілгендерден аспауы  тиіс;

3) құралдарды өлшеу шегі  номиналды шамадан өлшем шамасына  неғұрлым ұзақ ауытқушылық болуы  мүмкіндігін есепке ала отырып  таңдалуы тиіс.

123. Өлшеуіш құралдарды  орнату басқару жүзеге асырылатын  орыннан жүзеге асырылуы тиіс.

Қосалқы станцияларда және гидро электр станцияларында жедел қызметкерлердің тұрақты кезекшілігінсіз стационарлы көрсететін құралдарды орнатпауға жол беріледі, мұның өзінде арнайы оқытылған персоналдың көшпелі құралды жалғауы үшін орын көзделуі тиіс.

124. 110 кВ және одан жоғары  электр берілісі желілеріндегі, сондай-ақ генераторлар мен трансформаторларда  өлшеулер үздіксіз жүргізіліп  отырылуы тиіс.

Өлшеулерді көрсететін құралдар кешенінің бірнеше жалғанымына (бірінші абзацта көрсетілгендер бұған кірмейді) ортақ «шақыру бойынша», сондай-ақ орталықтандырылған бақылаудың басқа құралдарын қолдануға жол беріледі.

125. Басқару орнының жедел  контурында тіркелген құралдарды  орнату кезінде сол шамадағы  үздіксіз өлшеуге арналған көрсететін  құралдарды орнатпауға жол беріледі.

126. Токты өлшеу, технологиялық  үрдіс немесе құрал-жабдықтарды  жүйелі бақылау үшін қажет  болғанда, барлық кернеу тізбегінде  жүргізілуі тиіс.

127. Тұрақты токты өлшеу  мына тізбектерде жүргізілуі  тиіс:

1) тұрақты  ток генераторларында және күштік түрлендіргіштерде;

2) аккумуляторлы батареялар, зарядты, зарядасты және разрядты  қондырғыларда;

3) синхронды генераторларды, компенсаторларды, сондай-ақ реттелетін  қоздырылатын электр жылжытқыштарды қоздыру.

Тұрақты токтың амперметрлері егер ток бағытын өзгерту мүмкін болса екі жақты шкаласы болуы тиіс.

128. Ауыспалы үш фазалы  токтың тізбегінде бір фазалы  ток өлшенеді.

Әр фазаның тогын өлшеу жүргізілуі тиіс:

1)       қуаты 12 МВт және одан көп синхронды турбогенератор үшін;

2)       фазалық басқарумен электр берілісі желісі үшін, негізделген жағдайларда, 220 кВ және одан жоғары үш фазалық басқарудағы электр берілісі желілерінің әрбір фазасындағы токты өлшеу көзделеді;

3)       доғалық электр пештері үшін.

129. Кернеуді өлшеу жүргізілуі  тиіс:

1) жеке жұмыс істей  алатын тұрақты және ауыспалы  токтың жинақтық шиналарының  секцияларында.

Өлшеудің бірнеше нүктесіне ауыстырып қосумен бір құралды орнатуға болады.

Қосалқы станцияларда, егер жоғары кернеу жағындағы кернеу трансформаторларын  орнату басқа мақсаттарды қажет етпесе, төмен кернеу жағында ғана кернеуді өлшеуге жол беріледі;

Информация о работе Электр қондырғыларын орнату қағидалары