Электр қондырғыларын орнату қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2014 в 18:08, реферат

Описание работы

1. Осы Қағидалар «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және қолданыстағы электр қондырғыларын жобалау, қайта жаңғырту және пайдалану кезінде қолданылады.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) электр қондырғысы – электр энергиясын өндіруге, түрлендіруге, трансформациялауға, беруге, таратуға және оны энергияның басқа түріне түрлендіруге арналған машиналардың, аппараттардың, желілер мен қосалқы құралдардың (олар орнатылған құрылыстар мен үй-жайларымен бірге) жиынтығы.

Файлы: 1 файл

реверсив.docx

— 273.28 Кб (Скачать файл)

Егер есептеген кезде осы Қағидаларға 5-қосымшаның 46-кестесінде келтерелгеннен өзгеше қима болып шықса, ең жақын үлкен мәні таңдалады, ал стандартты емес қима болып шыққанда – ең жақын үлкендеу стандартты қимасындағы өткізгіштер қолданылады.

Қорғайтын өткізгіштің қимасын айқындағандағы максималды температураның мәндері 3-бөлімге сәйкес ҚТ өткізгіштер қызуының шекті рұқсат етілетін температураларынан аспауы тиіс.

219. Кәбілдің құрамына  кірмейтін немесе ортақ емес  қабықшаға (құбырға, қорапқа) салынбаған  фазалық өткізгіштермен бір арнашықта  болмайтын мыс өорғаушы өткізгіштердің  қимасы барлық жағдайларда мыналардан  кем болмауы тиіс:

2,5 мм2 – механикалық қорғау болған жағдайда;

4 мм2 – механикалық қорғау болмаған жағдайда.

Бөлек салынған алюминий қорғау өткізгіштерінің қимасы кемінде 16 мм2 болуы тиіс.

220. 1 кВ-қа дейін тұйық  жерге қосылған бейтарапты электр  қондырғыларында осы Қағидалардың 217-тармағының талаптарын қамтамасыз  ету үшін нөлдік қорғайтын  өткізгіштер бірге немесе фаза  өткізгіштерімен тікелей жақындықта  салынады.

221. Оқшауланбаған нөлдік  қорғайтын өткізгіш пен металды  қабықша немесе конструкция арасындағы  ұшқындау салдарынан фазалық  өткізгіштердің зақымдануы мүмкін  жерлерде нөлдік қорғайтын өткізгіштерде  фазалық өткізгіштердің оқшауламасына  тең оқшауламасы болуы тиіс.

222. Оқшауланбаған қорғайтын  өткізгіштері коррозиядан қорғалған  болуы тиіс. Өткізгіштердің кәбілдермен, құбыржолдармен, темір жолдармен  қиылысқан жерлерде, олардың ғимараттарға  кіру жерлерінде және қорғайтын  өткізгіштердің механикалық зақымдануы  мүмкін басқа жерлерде өткізгіштер  қорғалуы тиіс.

Температуралы және шөгінді тігістердің қиылысқан орындарында қорғаныс өткізігіштердің ұзындығын өтеу қарастырылуы тиіс.

 

 

13. Қиыстырылған  нөлдiк қорғайтын және

нөлдiк жұмыс өткiзгiштерi

 

 

223.      Жерге тұйық қосылған бейтарабы бар және талсымдары мыс бойынша кемінде 10 мм2 немесе алюминий бойынша кемінде 16 мм2 қималы талсымдары бар тұрақты салынған кәбілдер үшін ашық өткізуші бөліктері нөлденген көп фазалық тізбектерде нөлдік қорғайтын және нөлдік жұмыс өткізгіштерінің функциялары бір өткізгіште үйлесуі мүмкін.

224.      Нөлдiк қорғайтын және нөлдiк жұмыс өткiзгiші функцияларын бiр фазалы және тұрақты токтың тізбектерінде үйлестіруге рұқсат етiлмейдi.

Мұндай тізбектердегі нөлдiк қорғайтын өткiзгiш ретiнде жеке үшiншi өткiзгiш көзделуі тиіс. Бұл талап электр энергиясының бiр фазалы тұтынушыларына 1 кВ дейінгі кернеумен ӘЖ тармақтарына қолданылмайды.

225.      Қиыстырылған нөлдік өткізгіш ретінде бөтен өткiзгіш бөліктерді қолдану рұқсат етiлмейдi. Әлеуеттерді басқару жүйесіне оларды қосу кезінде қосымша қиыстырылған өткізгіш ретінде ашық және бөтен өткізгіш бөліктерді қолдану рұқсат етіледі.

226.      Арнайы қарастырылған қиыстырылған нөлдік өткізгіштер осы Қағидалардың 217-тармағында қорғайтын өткізгіштердің қимасына, сондай-ақ нөлдік жұмыс өткізгішіне қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс.

Қиыстырылған нөлдік өткізгіштердің оқшаулануы фазалы өткізгіштердің оқшаулануына тең болуы тиіс. 1 кВ дейін кернеу құрылғыларының құрастырмалы шиналарының нөлдік шинасын оқшаулау талап етілмейді.

227.      Нөлдік қорғайтын және нөлдік жұмыс өткізгіштері электр қондырғыларының қандай да бір нүктесінен бастап бөлінетін кезде, электр энергиясын үйлестіру кезінде оларды осы нүктеге біріктіру рұқсат етілмейді. Өткізгіштер бөлінген жерде жеке қысқыштар немесе бөлінетін өткізгіштер үшін шиналар қарастырылуы қажет. Қоректендірілетін желінің қиыстырылған нөлдік өткізгіші нөлдік қорғайтын өткізгіштің қысқышына (шинасына) қосылған болуы тиіс.

14. Әлеуеттерді  теңдестiру жүйесiнiң өткiзгiштерi

 

 

228.      Әлеуеттерді теңдестiру жүйесінің өткiзгiші ретiнде ашық және осы Қағидалардың 213) тармағында көрсетілген сыртқы өткiзушi бөлiктер немесе арнайы салынған өткiзгiштер, не болмаса олардың үйлесімі қолдана алады.

229.      Егер әлеуеттерді теңдестiру өткiзгiшiнiң қимасы мыс бойынша 25 мм2 аспаса немесе басқа материалдардан оған тең болса әлеуеттерді теңдестiрудi негiзгi жүйесiнiң қимасы электр қондырғыны қорғайтын өткiзгiштiң ең үлкен қимасының кемінде жартысы болуы керек. Әлеуеттерді теңдестiрудi негiзгi жүйесiнiң өткiзгiшінің қимасы кез келген жағдайда мынадай болуы керек: мыс - 6 мм2, алюминий - 16 мм2 - 50 мм2 құрыштан жасалған.

230.      Әлеуеттерді теңдестiрудiң қосымша жүйесi өткізгіштерінің қимасы мыналардан кем болмауы керек:

1) екi ашық өткiзушi бірге  қосылғанда – осы бөліктерге  қосылған қорғау өткізгіштері  кiшiсiнің қимасы;

2) ашық өткiзушi бөлiк және  сыртқы өткiзушi бөлiк қосылғанда  – ашық өткізуші бөлікке қосылған  қорғау өткізгіші қимасының жартысы.

Әлеуеттерді қосымша теңдестіру өткізгіштерінің кәбіл құрамына кірмейтін қималары осы Қағидалардың 218-тармағының талаптарына сәйкес болуы тиіс.

 

 

15. Жерге тұйықталатын  және қорғаныс өткізгіштерінің  қосылыстары

 

 

231. Жерге тұйықталатын, қорғаныс  өткізгіштерін және әлеуеттерді  теңдестіру және теңестіру жүйесінің  өткізгіштерін қосу немесе біріктіру  сенімді және электр тізбегінің  үзіліссіздігін қамтамасыз етуі  тиіс. Болат өткізгіштердің қосылулары  дәнекерлеу арқылы орындалады.

Қосылыстар коррозия және механикалық зақымданулардан қорғалған болуы тиіс.

Болттық қосылыстар үшін өлшем түйіспесінің бәсеңдеуіне қарсы шаралар  қарастырылуы тиіс.

232. Қосылыстар қарау және  сынақтан өткізу үшін қолжетімді  болуы тиіс. Конструкциялық тұрғыдан  жабық жасалған қосылыстар (герметизацияланған, компаунд толтырылған және т.с.с.), сондай-ақ едендерде, қабырғаларда, аражабындарда және жерде жылыту  жүйелеріндегі қосылыстар бұған  жатпайды.

233. Жерге тұйықтау тізбегінің  үзіліссіздігін бақылау қондырғыларын  қолданғанда,  қорғаныс өткізгіштерін айыруға жол берілмейді.

234.      Жерге тұйықталатын және қорғайтын өткізгіштердің ашық өткізуші бөліктерге қосылуы болттық қосулар немесе дәнкерлеудің көмегімен орындалуы тиіс. Осындай өткізгіштерді жиі бөлшектеуге ұшырайтын немесе жыжымалы не болмаса сілкіністер пен дірілдерге ұшырайтын негіздерде орнатылған жабдық бөліктеріне қосу иілгіш өткізгіштердің көмегімен орындалуы тиіс.

Электр сымдары мен ӘЖ-ның қорғайтын өткізгіштерінің қосылыстары фазалы өткізгіштердің қосылыстары секілді әдістермен орындалады.

235.      Жерге тұйықтау өткізгіштерін ұзына созылған табиғи жерге тұйықтағыштарға қосудың орындары және әдiстерi жөндеу жұмыстары үшін жерге тұйықтағыштарды ажыратқан кезде, жанасу кернеуінің күтілетін шамалары мен жерге тұйықтау құрылғысы кернеуінің есептік мәндері қауіпсіз мәндерден аспайтын болып таңдалуы тиіс. 

Су өлшеуiштер, ысырмалар және т.б. шунттау құбырдың: әлеуеттерді теңестіру жүйесінің қорғайтын өткізгіші, нөлдік қорғайтын өткізгіш немесе қорғайтын жерге тұйықтау өткізгіші ретінде қолданылуына байланысты орындалады.

236.      Электр қондырғысының әрбір ашық өткізуші бөлігінің нөлдік қорғайтын немесе қорғайтын жерге тұйықтау өткiзгiшіне қосылуы жеке тармақ арқылы орындалуы тиіс. Қорғайтын өткiзгiшке ашық өткiзушi бөліктерді кезектілікпен қосуға рұқсат етiлмейді.

Өткізуші бөліктерді әлеуеттерді теңдестiрудің негізгі жүйесiне қосу жеке тармақтар көмегiмен орындалуы тиіс.

Өткізуші бөліктерді әлеуеттерді теңдестірудің қосымша жүйесіне қосу жеке тармақтар көмегімен де, бір айырылмайтын өткізгішке қосылу арқылы да орындалады.

237.      Электр қабылдағыштарды штепсельдік қосқыштар арқылы қоректендіру жағдайларын қоспағанда, коммутациялық аппараттарды қорғайтын өткізгіштер тізбектеріне қосуға жол берілмейді.

Бiр уақытта барлық өткізгіштерді сөндіру ӘЖ-нің бір фазалық тармақтарынан қоректенетін жеке тұрғын, саяжайлық үйлер және оларға ұқсас объектілердің электр қондырғыларға кіреберісте рұқсат етіледі. Бұл ретте, нөлдік өткізгішті қорғайтын және жұмыс өткізгішіне бөлу коммутациялық енгізу аппаратына дейін орындалуы тиіс.

238.      Фазалық және қорғайтын өткізгіштерді бір уақытта айыратын штепсельдік қосқышты пайдаланғанда, штепсельдік қосқыштың розеткасы мен шанышқысында оларға қорғайтын өткiзгiштерді қосу үшiн арнайы қорғайтын тйіспелері болуы тиіс.

Егер штепсель розеткасының корпусы металдан орындалса, ол розетканы қорғайтын түйіспесіне қосылуы тиіс.

16. Тасымалды электр  қабылдағыштары

 

 

239.      Тасымалды электр қабылдағыштарына оларды пайдалану процесіндегі адамның қолында бола алатын электр қабылдағыштар (қол электр сайманы, тасымалды тұрмыстық электр аспаптары, тасымалды радиоэлектронды аппаратурасы және т.с.с.) жатады.

240.      Тасымалды электр қабылдағыштардың қоректенуі кернеуі 380/220 В аспайтын желіден орындалады.

Адамдарға электр тогымен зақым келтіру қауіптілігінің деңгейі бойынша үй-жайлардың санатына байланысты тасымалды электр қабылдағыштарды қоректендіретін тораптарда жанама жанасу кезіндегі қорғаныс үшін қоректенуді автоматты сөндіру, тізбектерді электрлік қорғанысты айыру, төмен кернеу, қосарлы оқшаулау қолданылуы мүмкін.

241.      Қоректенуді автоматикалық сөндіруді қолдану кезінде, қосарланған оқшауламалары бар электр қабылдағыштарды қоспағанда, тасымалданатын электрқабылдағыштардың металл корпустары жерге тұйықталуы немесе нөлге теңестірілуі қажет, ол үшін штепсельдік қосқыш шанышқысының қорғау контактісіне және электрқабылдағыштардың корпусына қосылатын өткізгіштермен (кәбілдің және өткізгіштің үшінші талсымы тұрақты және бірфазалық электрқабылдағыштар үшін, төртінші немесе бесінші талсым – үшфазалық электрқабылдағыштар үшін) бір қабықта орналасқан арнайы қорғау өткізгіші ескерілуі қажет. Қорғайтын өткізгіш иілгіш болып, мыстан орындалуы тиіс, оның қимасы фазалық өткізгіштердің қимасына тең болуы керек. Бұл мақсат үшін нөлдік жұмыс өткізгішін, соның ішінде фазалық өткізгіштермен ортақ қабықшада орналасқан өткізгішті қолдануға рұқсат етілмейді.

242.      Сынау зертханалары және олардың жұмыс кезінде орнын ауыстыру көзделмейтін эксперименталды қондырғылардың тасымалды электр қабылдағыштары үшiн тұрақты және жеке тасымалды қорғайтын өткiзгiштердi рұқсат етiледi. Бұл ретте, тұрақты өткiзгiштер осы Қағидалардың 213-221-тармақтарының талаптарын қанағаттандыруы керек, ал тасымалды өткiзгiштерi иілгіш болып, мыстан орындалуы тиіс және  олардың қимасы фазалық өткізгіштер қимасынан кем болмауы керек.

243.      Тікелей жанасудан және қосымша қорғау үшін және жанама жанасуда сыртқы қондырғының номиналдық тогы  20 А жоғары емес штепсельдік розеткалар, сондай-ақ ғимараттардан тыс немесе қауіптілігі жоғары және аса қауіпті үй-жайларда қолданылатын тасымалды электр қабылдағыштары қосылуы мүмкін ішкі қондырғы розеткалары номиналдық сөндіретін дифференциалдық тогы 30 мА аспайтын қорғанысты сөндіру құрылғыларымен қорғалады. ҚСҚ ашаларымен жабдықталған қолдық электр құрал саймандарын қолдануға рұқсат етіледі.

Аса қауіпті үй-жайларда тораптарды қорғанысты электрлік айыруды қолдану кезінде әрбір розетка жеке таратушы трансформатордан немесе оның дара орамасынан қоректенуі тиіс.

Төмен кернеуді қолданған кезде тасымалды электр қабылдағыштардың қоректенуі қауіпсіз таратушы трансформатордан іске асырылуы тиіс.

244.      Тасымалды электр қабылдағыштарды қоректенетін желіге қосу үшін осы Қағидалардың 237-тармағының талаптарына сәйкес келетін штепсельдік қосқыштар қолданылады. Бұл ретте, қорек көзінің жағында өткізгіш розеткаға, ал электр қабылдағыш жағында  - ашаға жалғануы тиіс.

245.      Розеткалы тораптардың ҚСҚ таратушы (топтық, пәтерлі) қалқандарда орналастырады.

ҚСҚ розеткаларын қолдануға рұқсат беріледі.

246.      Тасымалды өткізгіштердің қорғанысты өткізгіштері мен кәбілдері сары-жасыл жолақтармен белгіленуі тиіс

 

 

17. Жылжымалы электр  қондырғылары

 

 

247.      Жылжымалы электр қондырғыларына қойылатын талаптар:

1) кеме электр қондырғыларына;

2) станоктардың, машиналар  мен механизмдердің қозғалатын  бөліктерінде орналастырылған электр  жабдықтарына;

3) электрлендiрiлген көлiкке;

4) тұрғын автофургондарға  қолданылмайды.

248.      Жылжымалы электр қондырғылар тұрақты немесе автономды жылжымалы электр энергиясы көздерінен қоректене алады. Автономды көздер ретiнде тұтынушыларды тұрақты электр энергиясы көздерінен тәуелсіз қоректендіруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін көздер түсініледі. 

Жылжымалы электр қондырғылардың тұрақты электр желiден қоректенуі нөлдік жұмыс және қорғайтын өткізгіштері бөлінген жерге тұйық қосылған бейтарабы бар көзден орындалады. Осы өткізгіштердің бөлінуі қондырғыны қоректендіру көзіне қосу нүктесінде орындалуы тиіс. Аталған өткізгіштерді жылжымалы электр қондырғының ішінде біріктіруге рұқсат етiлмейдi.

Жылжымалы электр қондырғысы автономдық көзден қоректендірілгенде, оның бейтарабы оқшаулануы тиіс.

249.      Автономдық жылжымалы қорек көздерінен стационарлық электр қабылдағыштарының қоректенуі кезінде корек көзі режимінің бейтарабы мен қорғаныс шаралары стационарлық электр қабылдағыштар үшін қабылданған бейтарап режимі мен қорғаныс шараларына сәйкес болуы тиіс.

250. Тұрақты қоректену  көзінен қоректендірілетін жылжымалы  электр қондырғыларында жанама  жанасудан қорғау үшін асқын  токтардан қорғау құрылғыларын  қолданумен осы Қағидалардың 176-тармағына  сәйкес қоректендіруді автоматты  ажырату орындалуы тиіс. Бұл ретте, осы Қағидалардың 5-қосымшасының 43-кестесінде  келтірілген ажырату уақыты  екі есе азайтылуы тиіс немесе асқын токтардан қорғау құрылғысына қосымша сараланатын токка ден қоятын қорғаныстық ажыратылу құрылғысы қолданылуы керек.  

Информация о работе Электр қондырғыларын орнату қағидалары