Электр қондырғыларын орнату қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2014 в 18:08, реферат

Описание работы

1. Осы Қағидалар «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және қолданыстағы электр қондырғыларын жобалау, қайта жаңғырту және пайдалану кезінде қолданылады.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) электр қондырғысы – электр энергиясын өндіруге, түрлендіруге, трансформациялауға, беруге, таратуға және оны энергияның басқа түріне түрлендіруге арналған машиналардың, аппараттардың, желілер мен қосалқы құралдардың (олар орнатылған құрылыстар мен үй-жайларымен бірге) жиынтығы.

Файлы: 1 файл

реверсив.docx

— 273.28 Кб (Скачать файл)

2) тұрақты және ауыспалы  токтың генераторларының, синхрондық  компенсаторларының тізбегінде, сондай-ақ  жекелеген жағдайларда арнайы мақсаттағы агрегаттар тізбектерінде.

Генераторларды немесе басқа да агрегаттарды автоматты түрде іске қосу кезінде оларда кернеуді үздіксіз өлшеу үшін құралдарды орнату міндетті емес;

3) қуаты 100 кВт және одан  жоғары синхрондық машиналарды  қоздыру тізбектерінде. Гидрогенераторларды қоздыру тізбектерінде өлшеулер міндетті емес;

4) күштік түрлендіргіштердің, аккумулятор батареяларының, зарядтау  қондырғыларының тізбектерінде;

5) доға сөндіру реакторларларының  тізбектерінде.

130. Үш фазалы желілерде  бір фазааралық кернеуді өлшеу  жүргізіледі. Тиімді жерлендірілген  бейтарапта 1 кВ жоғары кернеу  желілерінде бір құралды кернеуімен (ауыстырып қосумен) тізбектердің  ақаусыздығын бақылау үшін үш  фазааралық кернеулерді өлшеуге  жол беріледі.

131. Кернеу бойынша оларда  энергия жүйенің тәртібі жүргізілетін 110 кВ және одан жоғары электр  станциялары мен қосалқы станцияларының (немесе берілген шамадан кернеудің  ауытқуы) жинама шиналарының бір  фазааралық кернеуінің шамаларын  тіркеу жүргізілуі тиіс.

132. Доға сөндіргіш реактор  бейтарабы арқылы оқшауланған  немесе жерге тұйықталған 1 кВ жоғары ауыспалы ток желілерінде, оқшауланған бейтараппен 1 кВ дейінгі ауыспалы ток желілерінде және оқшауланған полюстерімен немесе оқшауланған орташа нүктелі тұрақты ток желілерінде көрсететін құрал көмегімен (ауыстырып қосумен) асимметрия кернеуін кейіннен бақылауға алумен, берілген шамадан төмен фазалардың (немесе полюс) оқшаулау кедергісі төмендеген кезде дабылға әсер ететіндей оқшаулағыштың автоматты бақылау орындалуы тиіс.

Кернеу асимметриясын  көзбен шолып бақылау мақсатында кернеулерді кезеңдік өлшеу жолымен оқшаулауды бақылауды жүзеге асыруға жол беріледі.

133. Қуатты өлшеу осы  Қағидалардың 122-тармағына сәйкес  мына тізбектерде жүргізілуі  қажет:

1) активті және реактивті  қуат генераторларында;

Қуаты 50 МВт және одан жоғары генераторларда құралдарды көрсететін қалқандарды орнату кезінде дәлдік класы кемінде 1,0 болуы тиіс.

Егер параметрді жедел басқарудың жоғары тұрған деңгейіне автоматты түрде беру қажет болса, электр станцияларында жиынтық активті қуат өлшенуі тиіс;

2) қуаты 25 МВА және одан  жоғары  конденсаторлық батареяларда және синхрондық компенсаторларда – реактивті қуат;

3) кернеуі 6 кВ және одан  жоғары өз қажетіне ӨҚ қоректендіретін  трансформаторларда және желілерде, жылу электр станцияларында - активті  қуат;

4) электр станциялардың  екі орамалы жоғарылатқыш трансформаторларда  – активті және реактивті қуат. Жоғарылатқыш үш орамалы  трансформаторлар (немесе төмен кернеу орамасын пайдаланумен авто трансформаторларды) тізбектерінде активті және реактивті қуатты өлшеу орташа және төмен кернеулер жағынан жүргізілуі тиіс;

Блокта генератормен жұмыс істейтін трансформаторлар үшін төменгі кернеу жағынан қуатты өлшеу генератор тізбегінде жүргізіледі;

5) 110 кВ және одан жоғары  төмендетілген трансформаторларда - активті және реактивті қуат.

Екі орамалы төмендеткіш трансформаторлар тізбектерінде қуатты өлшеу  жоғары және төменгі кернеу жағынан жүргізілуі тиіс, үш орамалы  төмендетілген трансформаторлар тізбектерінде – орташа және төменгі жағынан, қажет болған жағдайда  жоғары кернеу жағынан.

110 кВ және одан жоғары  қосалқы станцияларда, жоғары кернеу  тарапынан ажыратқыштарсыз, ток және кернеу трансформаторларын орнату мүмкін болмаған кезде, қуатты өлшеу төменгі тарап бойынша жүргізіледі. Сондай-ақ бақылаушы көрсететін немесе тіркейтін құралдарды жалғау үшін орындар қарастырылуы керек;

6) кернеуі 110 кВ және одан  жоғары желілер, сондай-ақ орағытпа  ажыратқыштарда активті және  реактивті қуат. Кернеуі 35 кВ және  одан төмен желілерде – онда  желілер тәртібін бақылау үшін  активті және реактивті қуат  ағындарын өлшеу қажет;

7) қосалқы станцияның  басқа элементерінде, онда желілер  тәртібін мезгілдік бақылау үшін  активті және реактивті қуат  ағындарын өлшеу қажет, бақылау  көшпелі құралдарын жалғау мүмкіндігі  қарастырылуы тиіс.

134. Тізбектерде қалқандық  көрсеткіш құралдарын орнату  кезінде, онда қуат бағыты өзгеруі  мүмкін, осы құралдардың екі жақты  шкалаға ие болуы қажет.

135. Тіркеу жүргізілуі  керек:

1) турбогенераторлардың  активті қуатын;

2) электр станциясының  жиынтық қуатын.

136. Жиілікті өлшеу жүргізілуі  тиіс:

1) генератор кернеуі шинасының  әрбір секциясында;

2) блоктық жылу немесе  атом электр станциясының әрбір  генераторында;

3) электр станциясының  жоғары кернеу шиналарының әрбір  жүйесінде (секция);

4) энергия жүйесін синхронды  емес жұмыс бөлігінде бөлу  мүмкін торапта.

137. Жиілікті тіркеу немесе  берілген шамадан оның ауытқуы  жүргізілуі мүмкін:

1) қуаты 200 МВт және одан  жоғары электр станцияларында;

2) қуаты 6 МВт және одан  жоғары оқшаулана жұмыс істейтін  электр станцияларында.

138. Қуатты реттеуге қатысатын  электр станцияларында тіркелетін  жиілік өлшеуіштердің абсолюттік  қателігі +0,1 Гц кем болмауы керек.

139. Дәл синхрондау кезінде (қолмен немесе жартылай автоматты) өлшеулер үшін мынадай көзделуі  қарастырылады: екі вольтметр (немесе  екілік вольтметр); екі жиілік  өлшеуіш (немесе екілік жиілікөлшеуіш); синхроноскоп.

140. Энергия жүйесінің  электрлік бөлігінде авариялық  үрдістерді автоматты тіркеу  үшін авариялық оқиғалардың (автоматты  цифрлық осциллографтар) тіркеуіштері  немесе аталған қызметті орындайтын  басқа да микроқұрылғылар қарастырылуы  керек.

Нысандарда апатты оқиғалар тіркеуіштерін жайғастыру, сондай-ақ олармен тіркелінетін электрлік параметрлерді таңдау осы Қағидалардың            5- қосымшасының 41-кестесінде келтірілген талаптарға сәйкес  жүргізіледі.

141. Энергожүйемен байланысы  бар тұтынушыларға тиесілі электр  станцияларында (блок-станцияларда) авариялық  оқиғалардың тіркеуіші көзделуі  тиіс. Бұл құралдар блок-станцияны  жүйемен байланыстыратын шиналар, электр берілісі желілерінің  токтар (фазалық және нөлдік реттілік) жүйесіне тиісті кернеуді (фазалық  және нөлдік реттілік)  тіркеуі қажет.

142. 110 кВ және одан жоғары  желілердің бүлінген орнын анықтау  үшін  белгілеу құралдары немесе бүлінген орынды анықтау қызметі қоса орнатылған АРҚ-дың микропроцессорлы құрылғысы көзделуі тиіс.

 

 

7. Жерге тұйықтау  және электр қауіпсіздігін қорғау  шаралары

 

 

1. Жалпы ережелер

 

 

143. Электр қауіпсіздігі  шараларына қатысты электр қондырғылар  былайша бөлінеді:

1) тікелей жерге тұйықталған  немесе жерге тиімді тұйықталған  бейтарабымен желілерде 1 кВ жоғары кернеулі электр қондырғылар;

2) доғасөндіргіш реактор  немесе бейтарап резисторы арқылы  оқшауланған немесе жерге тұйықталған 1 кВ жоғары кернеулі электр  қондырғылары;

3) тікелей жерге тұйықталған  бейтарабымен 1 кВ дейінгі кернеудегі  электр қондырғылар.

144. Электр қондырғыларының  ток өткізгіш бөліктері кездейсоқ  жанасу үшін қолжетімді болмауы, ал жанасуға қолжетімді ашық  және бөгде өткізгіш бөліктер  электр қондырғыларының қалыпты  жұмысы кезінде, сондай-ақ оқшауламаның  бүлінген кезінде электр тогымен  зақымдану қаупін келтіретін  кернеу астында болмауы тиіс.

145. Қалыпты режимде электр  тогымен зақымданудан қорғау  үшін тікелей жанасудан қорғаудың  мынадай шарттары жекелей немесе  үйлесімді қолданылуы тиіс:

1) ток өткізгіш бөліктердің  негізгі оқшауламасы;

2) қоршаулар мен қабықшалар;

3) бөгесіндерді орнату;

4) аймақтан тыс орналастыру.

146. Оқшаулама бүлінген  жағдайда электр тоғынан зақымданудан  қорғау үшін жанама жанасу  кезінде қорғаудың келесі шарттары  жекелей немесе үйлестіріле қолданылуы  тиіс:

1) қорғаныстық жерге тұйықтау;

2) қоректендіруді автоматты  ажырату;

3) әлеуетті теңдестіру;

4) әлеуетті деңгейлестіру;

5) екі қабатты немесе  күшейтілген оқшаулама;

6) аз кернеу;

7) тізбекті қорғаныстық  электрлік бөліктеу;

8) өткізбейтін (оқшауланған) үй-жай, аймақтар, алаңдар.

147. Электр тогынан зақымданудан  қорғау шаралары электр қондырғыда  немесе оның бөлігінде қарастырылуы, болмаса жекелеген электр қабылдағыштарға  қолданылуы және электр құрал-жабдықтарын  дайындау кезінде, болмаса электр  құрал-жабдықтарын монтаждау үрдісінде, болмаса осы жағдайлардың екеуінде  жүзеге асырылуы тиіс.

Электр қондырғыларда екі немесе одан көп қорғаныс шараларын қолдану әрқайсысының тиімділігін төмендедетін өзара ықпал етпеуі тиіс.

148. Жанама жанасу кезінде  қорғаныс  егер электр қондырғыларда кернеу  42 В ауыспалы және 110 В тұрақты токтан аспаса барлық жағдайда орындалуы тиіс.

Қауіптілігі жоғары, аса қауіпті панажайларда және сыртқы электр қондырғыларында жанама жанасу кезінде қорғанысты жасау Қағидалардың тиісті тарауларының талаптары болса және неғұрлым төмен кернеулерде талап етіледі.

Егер электр құрал-жабдықтары потенциалды теңдестіру аймағында орналасса, ал ең жоғары жұмыс кернеуі қауіптілігі жоғары емес панажайларда 25 В ауыспалы және 60 В тұрақты токтан аспаса және барлық жағдайда 6 В ауыспалы және 15 В тұрақты токтан аспаса тікелей жанасудан қорғау талап етілмейді.

149. Электр қондырғыларды  жерге тұйықтау үшін жасанды  және табиғи жерге тұйықтағыштар  қолданылуы мүмкін. Егер табиғи  жерге тұйықтағыштарды пайдаланған кезде жерге тұйықтағыш құрылғының кедергісі немесе жанасу кернеуі ұйғарынды шамаға ие болса, сондай-ақ жерге тұйықтағыш құрылғыда қалыпты шамасы және табиғи жерге тұйықтағыштарда ұйғарынды ток тығыздығы қамтамасыз етілсе, онда 1 кВ дейінгі электр қондырғыларда жасанды жерге тұйықтауды орындау міндетті емес. Жерге тұйықтағыш құрылғы ретінде табиғи жерге тұйықтағыштарды пайдалану қысқа тұйықталу токтарының олармен өту кезінде олардың бүлінуіне және олармен байланысты құрылғылар жұмысының бұзылуына әкеліп соқпауы тиіс.

150. Түрлі кернеудегі және  түрлі мәндегі, аумағы жақын электр  қондырғыларда жерге тұйықтау  үшін бір ортақ жерге тұйықтаушы  құрылғы орнатылады.

Осындай электр қондырғыларды жерге тұйықтау үшін пайдаланылатын жерге тұйықтау құрылғысы оқшаулау бүлінген кезде электр тогынан адамдардың зақымдануынан қорғау, желілердің жұмыс тәртібінің шарттарына, асқын кернеуден электр құрал-жабдықтарын қорғау және т.с.с. осылардың әрқайсысының жерге тұйықталуын  пайдаланудың барлық кезеңінде қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыруы тиіс.

 

 

Ғимараттар мен үймереттердің электр қондырғыларының жерге тұйықтау және осы ғимараттар мен үймереттердің 2 және 3-ші санаттағы найзағайдан қорғау құрылғылары ортақ болуы мүмкін.

Ақпараттық және бөгеттің ықпалына сезімтал басқа да құрал-жабдықтардың жұмыс жағдайы бойынша жұмыстық жерге тұйықтаудың жекелеген (тәуелсіз) жерге тұйықтағышын орындаған кезде оқшаулама бүлінгенде потенциалдың қауіпті түрлілігіне түсіп кету қаупі бар бөліктерге бірмезгілде жанасуды болдырмайтын электр тогының зақымдануынан қорғаудың арнайы шаралары қолданылуы тиіс.

Түрлі электр қондырғыларының жерге тұйықтағыш құрылғыларын біріктіру үшін табиғи және жасанды жерге тұйықтаушы өткізгіштер пайдалануы мүмкін. Олардың саны екеуден кем болмауы тиіс.

151. Жерге тұйықталу токтарының  және жылыстау тогының олардан  ағылуы кезінде жерге тұйықтағыштарды  құрылғылардың жанасуы мен кедергісінің  талап етілетін кернеу шамасы  ауа-райының неғұрлым қолайсыз  жағдайларында қамтамасыз етілуі  тиіс.

Жерге тұйықтағыш құрылғылардың кедергісін анықтау табиғи және жасанды жерге тұйықтағыштарды есепке ала отырып, орындалуы тиіс.

Жердің есептегіш ретінде үлес қарсылығын айқындаған кезде неғұрлым қолайсыз жағдайларға тиісті оның маусымдық мәні қабылданады.

Жерге тұйықтағыш құрылғылар жерге кететін токтың тұйықталуына механикалық, термикалық төзімді және динамикалық берік болуы тиіс.

152. Тұрғын үй, қоғамдық  және өндірістік ғимараттардың 1 кВ дейінгі ауыспалы ток кернеулі  электр қондырғылар, сондай-ақ 1 кВ  дейінгі сыртқы электр қондырғылары  тікелей тұйықталған бейтарапты  көзден қоректенуі тиіс; бұл ретте  электр қондырғыларының ашық  өткізгіш бөліктері бейтарапқа  қосылуы тиіс.

Жанама жанасу кезінде осындай электр қондырғыларында электр тогының зақымдауынан қорғау үшін осы Қағидалардың 173-174 тармақтарына сәйкес қоректендіруді автоматты ағыту орындалуы тиіс.

153. Ауыспалы токтың 1 кВ  дейінгі кернеуіндегі электр  қондырғыларды оқшауланған бейтарапты, электр қабылдағыштардың жерлендірілген  ашық өткізгіш бөліктерінің көзінен  қоректендіру жерге және әлеуеттерді  теңдестіру жүйесімен байланысты  ашық өткізгіш бөліктерге бірінші  тұйықталу кезінде қоректің үзілісіне  жол берілмеген кезде орындалады. Осындай электр қондырғыларында  жанама жанасу кезінде қорғау  үшін жерге бірінші тұйықталу  кезінде желінің оқшауламасын  бақылау құрылғысымен үйлескен  қорғаныстық жерге тұйықтау орындалуы немесе 30 мА аспайтын дифференциалды токты номиналды ажырататын қорғаныстық ажырату құрылғысы (ҚАҚ) қолданылуы тиіс.

Информация о работе Электр қондырғыларын орнату қағидалары