Электр қондырғыларын орнату қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2014 в 18:08, реферат

Описание работы

1. Осы Қағидалар «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және қолданыстағы электр қондырғыларын жобалау, қайта жаңғырту және пайдалану кезінде қолданылады.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) электр қондырғысы – электр энергиясын өндіруге, түрлендіруге, трансформациялауға, беруге, таратуға және оны энергияның басқа түріне түрлендіруге арналған машиналардың, аппараттардың, желілер мен қосалқы құралдардың (олар орнатылған құрылыстар мен үй-жайларымен бірге) жиынтығы.

Файлы: 1 файл

реверсив.docx

— 273.28 Кб (Скачать файл)

 

 

5. Коммутациялық  қабілеті бойынша аппараттарды  таңдау

 

 

78. 1 кВ жоғары ажыратқыштар:

1) қалпына келетін кернеудің  параметрлерін есепке ала отырып  ажырату қабілеті бойынша;

2) қосқыштық қабілеті  бойынша таңдалады. Бұл ретте  генераторлық кернеу жағында  орнатылған генераторлардың ажыратқыштары  қарсы фазалар жағдайында синхронды  емес қосылуға ғана тексеріледі.

79. Сақтандырғыштар ажырату  қабілеті бойынша таңдалады. Бұл  ретте, есептік ток ретінде сақтандырғыштардың  ток шектеуіш қабілетін есепке  алмай, бастапқы ҚТ тогын құрайтын  қолданыстағы кезеңді шама қабылданады.

80. Жүктеме ажыратқыштары  және қысқа тұйықтауыштары ҚТ-ға  қосқан кезде пайда болған  шекті рұқсат етілетін тогы  бойынша таңдалады.

81. Бөліктеуіштер мен айырғыштарды  ҚТ кезінде коммутациялық қабілеті  бойынша тексеру талап етілмейді. Жүктелмеген желілерді, жүктелмеген  трансформаторларды немесе параллельді  тізбектердің теңдеу токтарын, ажырату-қосу  үшін бөліктеуіштер мен айырғыштарды  қолдану кезінде – бөліктеуіштер  мен айырғыштар осындай ажырату-қосу  тәртібі бойынша тексеріледі. 

 

 

5. Электр энергиясын  есепке алу және қуатты бақылау

 

 

1. Жалпы талаптар

 

 

82. Белсенді электр энергиясын  есепке алу:

1) электр станциясының  генераторларымен өндірілетін;

2) қосалқы станция мен  электр станциясының жеке және  шаруашылық қажеттілігіне тұтынылған;

3) электр станция шиналарынан  таралатын желілер бойынша тұтынушылар  мен көтерме сатып алушыларға  тікелей босатылған;

4) басқа энергия жүйелеріне  және мемлекеттерге босатылған  немесе олардан алынған;

5) электр желілерінен  тұтынушылар мен көтерме сатып  алушыларға тікелей босатылған  энергияның санын анықтауды қамтамасыз  етеді.

83. Бұдан басқа, белсенді  электр энергиясын есепке алу:

1) энергожүйе кернеулерінің  түрлі кластарындағы электр желілеріне  электр энергиясының түсуін анықтау;

2) теңгерімдік тиесілік  шегінде шаруашылық субъектілерімен  электр энергиясының теңгерімін  құрастыру;

3) тұтынушылардың өздері  берген тұтыну тәртібін және  электр энергиясының теңгерімін  сақтауды бақылау мүмкіндігін  қамтамасыз етеді.

84. Қуатты бақылау:

1) электр станциясының  генераторларымен өндірілетін;   

2) электр станциялары  мен қосалқы станциялардың жеке  және шаруашылық қажеттіліктеріне  тұтынылатын;

3) тұтынушыларға тікелей  электр станцияларынан таралатын  желілер бойынша көтерме сауда  сатып алушыларына және тұтынушыларға  тікелей босатылатын;

4) басқа энергия жүйелеріне  және мемлекеттерге босатылған  немесе олардан алынған;

5) электр желілерінен  көтерме сауда сатып алушыларына  және тұтынушыларға тікелей босатылған  белсенді қуат туралы ақпаратты  басқарудың жоғары деңгейіне  өлшеу (берілген аралықтарымен нақты  уақыт режимінде), жинау, сақтау және  тапсыруды қамтамасыз етеді.

Мұның өзінде:

электр энергиясын көтерме нарық субъектілері мен теңгерімдік тиесілік шекарасындағы шаруашылық субъектілерінің қуат теңгерімін құрастыруы;

көтерме нарық субъектілерінің қуат теңгерімі мен тұтыну тәртібін сақтауды бақылау мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

85. Реактивті электр энергиясын  есепке алу, егер осы мәліметтер  бойынша берілген қарымталауыш  құрылғылардың жұмыс тәртібіне  есептеулер немесе бақылау жүргізілсе, тұтынушының электрмен жабдықтаушы  ұйымнан алған немесе оған  босатылған реактивті электр  энергиясының санын анықтау мүмкіндігін  қамтамасыз етеді.

 

 

2. Электр энергиясын  есепке алу құралдарын орнату  пункттері

 

 

86. Коммерциялық санауыштарды (соның ішінде коммерциялық есеп  жүйесінің құрамына кіретіндер) электр энергиясы нарығының субъектілерімен  электр энергиясын сатып алу-сату  нүктелерінде және тұтынушы мен  электрмен жабдықтаушы ұйымның  желілерінің бөлініс шекарасында  орнатылуы қажет.

87.  Белсенді электр энергиясының коммерциялық санауыштары электр станцияларда:

1) генератормен өңделген  барлық электр энергиясы есепке  алынатындай әр генератор үшін  осындай есеппен;

2) электр энергиясы ағымы бағытының өзгеруі мүмкін болатын кернеу генераторы шиналарының барлық жалғанымдары үшін - электр энергиясын екі бағытты санауышы;

3) жүйеаралық және мемлекетаралық  электр берілісінің желілері  үшін – босатылған және алынған  электр энергиясын есепке алатын  электр энергиясының екі бағытты  санауышы;

4) тұтынушылардың иелігіндегі  және электр станциясы шиналарынан  таралатын барлық сыныптардағы  кернеудің желілері үшін орнатылуға  тиіс;

Электр станциялары шиналарынан таралатын 10 кВ дейінгі желілер үшін есептеу тізбегін, қыспақтау жанамасын орындау, сондай-ақ санауыштарды орнату үшін орын қарастыру қажет;

5) өз қажеттіліктерінің (ӨҚ) негізгі кернеу шиналары (1 кВ  жоғары) қоректенетін барлық желілер  және трансформаторлар үшін орнатылуы  тиіс:

Санауыштар жоғары кернеу жағына орнатылады; егер электр станциясының ӨҚ трансформаторлары 35 кВ және одан жоғары шиналарынан немесе 10 кВ жоғары кернеуге бұғаттанудан тармақтарынан қоректенетін болса санауыштарды трансформаторлардың төменгі кернеуі жағына орнатуға жол беріледі;

6) электр станциясының  ӨҚ тарату құрылғысына жалғанған  сыртқы тұтынушылар мен шаруашылық  қажеттілік желілері үшін;

7) коммерциялық есепке  алуы бар жалғанымдар үшін  орағытпа ретінде пайдаланылатын  шина жалғаушы ажыратқыш (секцияаралық) үшін немесе әр орағытпалы  ажыратқыш үшін – электр энергиясының  екі бағытты санауышы орнатылуы  тиіс.

Автоматтандырылған коммерциялық есепке алу жүйелерімен жабдықталған электр станцияларында көрсетілген жүйелер электр энергиясын орталықтандырылған коммерциялық, сондай-ақ техникалық есепке алу үшін пайдаланылады.

88. Қуаты 1 МВт дейінгі  электр станцияларында активті  электр энергиясының коммерциялық  санауыштарын тек қана тарамдалатын  желілер мен генераторлар үшін  немесе ӨҚ трансформаторлары  мен генераторлары үшін ғана  орнатуға рұқсат беріледі.

89. Энергожүйенің қосалқы  станциясында белсенді электр  энергиясының коммерциялық санауыштары:

1) тұтынушылардың иелігіндегі  электр берілісі желілерінен  тарамдалатын әр желі үшін;

2) электр берілісінің  жүйеаралық желілері үшін –  босатылған және алынған электр  энергиясын есепке алатын электр  энергиясының екі бағытты санауышы, осы желілерден басқа энергия  жүйелеріне тармақталу болғанда  – осы энергия жүйелерінің  қосалқы станцияларындағы кірмелерде  алынған және босатылған электр  энергиясын есепке алатын электр  энергиясының екі бағытты санауышы;

3) ӨҚ трансформаторларында;

4) ӨҚ шиналарына қосылған  сыртқы тұтынушылардың (кент және  т.б.) немесе шаруашылық қажеттілік  желілері үшін;

5) коммерциялық есепте  бар, жалғаным үшін орағытпа ретінде  қолданатын шина жалғастырғыш (секцияаралық) ажыратқыш үшін немесе әр орағытпа  ажыратқыш үшін – электр энергиясының  екі бағытты санауышы орнатылуы  тиіс.

10 кВ дейінгі желілер  үшін  барлық жағдайларда қысқыштардың жинағы, есепке алу тізбектері орындалуы, сондай-ақ санауыштарды орнату орындары қарастырылуы тиіс.

90. Тұтынушыға иелігіндегі  қосалқы станцияда белсенді электр  энергиясының коммерциялық санауыштары:

1) қоректенетін кернеуде  басқа тұтынушы немесе энергожүйенің  басқа қосалқы станциясымен электрлік  байланыс болмаса, тұтынушының қосалқы  станциясының электр берілісі  желілерінің кірмесінде (қабылдау  соңында);

2) қоректенуші кернеуде  басқа тұтынушының болуы немесе  энергия жүйесінің басқа қосалқы  станциясымен электрлік байланысы  болғанда тұтынушының қосалқы  станциясы трансформаторларының  жоғары кернеу жағына орнатылады.

ҚТ тогы шиналарды дифференциалды қорғау сипаттамалары бойынша таңдалған ток трансформаторы жағдайларында электр энергиясын есепке алудың талап дәлдігін қамтамасыз етпесе, сондай-ақ қолданыстағы ток трансформаторларында 0,5 дәлдік сыныбындағы орама болмаса, трансформаторлардың төменгі кернеу жағына санауыштарды орнатуға жол беріледі.

Коммерциялық санауыштарды (КЕҚ, ҚЕҚҚ) қосу үшін күштік трансформаторлардың төменгі кернеу жағынан қосымша ток трансформаторлары жинақтарын орнату мүмкін болмаған жағдайда 6-10 кВ тарамдық желілерде есепке алуды ұйымдастыруға жол беріледі.

Тұтынушының екі немесе одан көп есепке алу орындары болғанда, сондай-ақ жиынтықты 1 МВт жоғары қуатты тұтыну кезінде электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандарылған жүйесін қолдану қажет;

3) егер жоғары кернеу  жағында өлшеу трансформаторларын  қолдану басқа мақсатты қажет  етпесе, күштік трансформаторлардың  орташа және төменгі кернеуі  жағына;

4) егер өз қажеттіліктеріне  босатылған электр энергиясы  ӨҚ трансформаторларында басқа  санауыштармен есепке алынбаса; мұның өзінде санауыштарды төменгі  кернеу жағына орнату қажет;

5) егер тұтынушылардың  трансформаторлары мен желілерінен  олардан басқа дербес теңгерімдегі  сыртқы тұтынушы (субабонент) қоректенетін  болса, негізгі тұтынушы мен сыртқы  тұтынушының шекара бөлінісінде.

Әр тарификациялық топтың тұтынушылары үшін жеке коммерциялық санауыш орнатылады.

91. Коммерциялық есепке  алу үшін активті және реактивті  энергияны бір мезгілде есепке  алатын коммерциялық санауыштарды  қолдану кезінде реактивті энергияның  жеке санауыштарын орнату талап  етілмейді.

Реактивті энергияны бір мезгілде есепке алатын, активті энергияны коммерциялық есепке алу үшін микропроцессорлы санауыштарды қолдану кезінде реактивті энергияның жеке санауыштарын орнату талап етілмейді. Қалған жағдайларда реактивті электр энергиясының санауыштары орнатылады:

1) реактивті қуатты қолдануға  рұқсат етілгендігін есепке ала  отырып электр энергиясы үшін  төлем жасайтын тұтынушылар үшін  активті электр энергиясының  санауыштары орнатылған схеманың  сол элементтерінде;

2) егер энергожүйенің  желілеріне берілген электр энергиясы  үшін есеп айырысу жүргізілетін  болса немесе берілген жұмыс  тәртібін бақылауды жүзеге асыратын  болса, тұтынушылардың реактивті  қуат көздерінің жалғанымдарында  орнатылады.

Егер тұтынушы тарапынан энергия жүйесінің келісімімен реактивті электр энергиясын энергожүйе желілеріне беру жүргізілсе, активті электр энергиясының коммерциялық санауыш орнатылған схеманың сол элементтерінде реактивті электр энергиясының екі бағытты санауышы орнатылады. Қалған жағдайларда реактивті электр энергиясын реверстенбеген санауышы орнатылады.

 

 

3. Коммерциялық  санауыштарға қойылатын талаптар

 

 

92. Коммерциялық ретінде  қолданылатын электр энергиясының  санауышы сертификатталуы және  Қазақстан Республикасының өлшемдер  бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік  жүйесінің тізіліміне енгізілуі  тиіс.

Әрбір орнатылған коммерциялық санауыш бекіту құрылғысында қаптамасы,  тексерілген таңбасы бар пломбалары, ал электр санауыштардың қысқыштар қатарына қол жетімділікті болдырмайтын, басқа құрылғыда немесе қысқыш қалпағында электрмен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйымның пломбасы болуы тиіс.

Жаңадан орнатылатын санауыштарда орнатылған мерзімі 12 айдан аспайтын тексеру пломбасы болуы тиіс.

93. Үш фазалы токтың  активті және реактивті электр  энергиясын есепке алуды үш  фазалы санауыштардың көмегімен  жүргізілуі қажет.

94. Есептеудің әртүрлі  нысандары үшін активті және  реактивті электр энергиясын  коммерциялық есепке алудың санауышының  дәлдік сыныбы осы Қағидалардың 5-қосымшаның 37-кестесінде келтірілген.

Осы Қағидалардың 94-103 тармақтарына сәйкес сымдардағы кернеудің түсуін есепке ала отырып, кернеу мен ток трансформаторларының санауыштарының кінәратын қоса алғанда, коммерциялық есепке алу кешенінің жалпы кінәраты жүктеме қуаттың пайызы осы Қағидалардың 5-қосымшасының 38-кестесінде келтірілгеннен аспауы тиіс.

 

 

4. Өлшеуіш трансформаторларды  қолдану арқылы есепке алу

 

 

95. Электр энергиясын коммерциялық  есепке алу санауыштарын жалғау  үшін ток және кернеу трансформаторларының  дәлдік сыныбы осы Қағидалардың 5-қосымшасының 39-кестесінде келтірілгеннен  төмен болмауы тиіс.

Өлшеуіш құралдарын, техникалық есепке алудың санауыштарын  жалғау үшін дәлдік сыныбы 0,5 кернеу және ток трансформаторларын қолдану қажет.

96. Егер ток жалғанымның  ең жоғары жүктемесі кезінде  ток трансформаторының екінші  реттік оралымында номиналды  ток санауышын     40 % кем емес, ал ең төмен жұмыс жүктемесінде – 5 % кем емес болғанда жоғарылатылған трансформация пайызымен (электр динамикалық және термиялық беріктігінің немесе шиналарды қорғау шарттары бойынша)  ток трансформаторын қолдануға жол беріледі. Ток трансформаторларының екінші реттік орамасына санауыштардың ток орамасын жалғау қорғаныс тізбесінен бөлек және электр өлшеуіш аспаптармен жүргізіледі.

97. Оларды жеке жалғау  қосымша ток трансформаторларын  орнатуды талап етсе, ал бірге  жалғау есепке алуға қызмет  ететін трансформаторлардың тізбектерінің  сенімділігіне және дәлдік сыныбының  төмендеуіне әкелмесе және релелік  қорғау құрылғыларының қажетті  сипаттамаларын қамтамасыз етпесе, ток тізбектерін бірлестіре жалғауға  жол беріледі.

Информация о работе Электр қондырғыларын орнату қағидалары