Электр қондырғыларын орнату қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2014 в 18:08, реферат

Описание работы

1. Осы Қағидалар «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және қолданыстағы электр қондырғыларын жобалау, қайта жаңғырту және пайдалану кезінде қолданылады.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) электр қондырғысы – электр энергиясын өндіруге, түрлендіруге, трансформациялауға, беруге, таратуға және оны энергияның басқа түріне түрлендіруге арналған машиналардың, аппараттардың, желілер мен қосалқы құралдардың (олар орнатылған құрылыстар мен үй-жайларымен бірге) жиынтығы.

Файлы: 1 файл

реверсив.docx

— 273.28 Кб (Скачать файл)

Жерге қатысты корпус әлеуетіне ден қоятын арнайы электр қондырғыларында ҚСҚ қолдануға жол беріледі. Мұндай жағдайда сөндіретін кернеудің мәні бойынша ұстаным ажыратылу уақыты 5 сек аспағанда, 25 В тең болуы тиіс.

251.      Жылжымалы электр қондырғының қоректену көзiне қосылған нүктесінде асқын токтардан қорғау құрылғысы және сараланған токты елейтін ҚСҚ орнатылуы керек. Осы ҚСҚ-ның номиналды ажыратушы сараланған тогы жылжымалы электр қондырғыға енгізуде орнатылған ҚСҚ тиісті тогынан 1 – 2 саты артық болуы тиіс.

Қажет болған жағдайда жылжымалы электр қондырғыға енгiзуде осы Қағидалардың 181-тармағына сәйкес тізбектерді қорғайтын электр бөлiнісі қолданылады. Бұл ретте, таратқыш трансформатор, сондай-ақ енгiзу қорғайтын құрылғысы оқшаулайтын қабыққа орналастыруы керек.

Жылжымалы электр қондырғыға қоректенудiң енгiзуiн қосу құрылғысында қосарланған оқшауламасы болуы керек.

252.      Жылжымалы электр қондырғыларда жанама жанасу кезінде қорғаныс үшін оқшауланған бейтарабы бар желіде қоректің автоматты сөнуін қолдану кезінде:

1) дабылға әсер ететін оқшаулауды үздіксіз бақылаумен үйлесімдегі қоғанысты жерге тұйықтау;

2) ашық өткізуші бөліктерге екі фазалық тұйықтау кезінде осы Қағидалардың 5-қосымшаның 51-кестесіне сәйкес сөндіру уақытын қамтамасыз ететін қоректенуді автоматты сөндіру орындалуы тиіс.

Қоректенуді автоматты сөндіруді қамтамасыз ету үшін сараланған токқа әсер ететін ҚСҚ-мен немесе ажыратуға әсер ететін оқшаулауды үзіліссіз бақылау құрылғысымен бірге не болмаса осы Қағидалардың 249-тармағына сәйкес жерге қатысты корпус әлеуетіне әсер ететін ҚСҚ-мен бірге асқын токтардан қорғау құрылғысы қолданылуы тиіс.  

253.      Жылжымалы электр қондырғыға енгiзуде бас жерге тұйықтау шинасына осы Қағидалардың 211-тармағының талаптарына сәйкес келетін әлеуеттерді теңдестiрудің бас шинасы көзделуі тиіс, оған мыналар қосылуы керек:

1) қоректендіретін желінің  қорғайтын өткiзгiшi;

2) оған ашық өткiзушi бөліктердің  қорғайтын өткiзгiштерiмен қосылған  жылжымалы электр қондырғының  қорғайтын өткiзгiші;

3) жылжымалы электр қондырғысы  корпусының және басқа да сыртқы  өткізуші бөліктерінің әлеуеттерін  теңестіру өткізгіштері;

4) жылжымалы электр қондырғының  жергiлiктi жерге тұйықтауышына қосылған (бар болғанда) жерге тұйықтау  өткiзгiші.

Қажет болған жағдайда ашық және сыртқы өткiзушi бөлiктер әлеуеттерді қосымша теңестiру өткізгіштері арқылы өзара қосылуы тиіс.

254.      Оқшауландырылған бейтарабы бар жылжымалы электр қондырғының қорғаныстық жерге тұйықтауы ашық өткізуші бөліктерге бір фазалы тұйықталуда оның кедергісі не жанасу кернеуіне қойылатын талаптарды сақтаумен орындалуы тиіс.

Жерге тұйықтау құрылғысын оның кедергісіне қойылатын талаптарды сақтаумен орындаған кезде кедергінің мәні 25 Ом аспауы керек. Көрсетілген кедергіні осы Қағидалардың 203-тармағына сәйкес көтеруге жол беріледі.

 

      Жерге тұйықтау құрылғысын оның жанасу кернеуіне қойылатын талаптарды сақтаумен орындаған кезде жерге тұйықтау құрылғысының кедергісі нормаланбайды. Бұл жағдайда мынадай шарт орындалуы тиіс:

 

 

Rз £ 25/Iз,

 

 

Мұндағы Rз - жылжымалы электр қондырғының жерге тұйықтау құрылғысының кедергiсі, Ом; Iз – жылжымалы электр қондырғысының ашық өткiзушi бөлiктерiне бiр фаза тұйықталудың толық тогы, А.

255.      Оқшауланған бейтарабы бар жылжымалы автономды қоректену көзінен қоректенетін жылжымалы электр қондырғыларды қорғаныс тұйықталуы үшін жергілікті жерге тұйықтауды мынадай жағдайда орындамауға рұқсат етіледі:

1)  автономды қоректену көзi және электр қабылдағыштар жылжымалы электр қондырғыда тікелей орналастырылып, олардың корпустары өзара қорғайтын өткізгішпен қосылуы тиіс, сол көзден басқа электр қондырғылары қоректенбейдi;

2)  автономды жылжымалы қоректену көзiнде қорғаныш жерге тұйықтау үшiн өзінің жерге тұйықтау құрылғысы болады, жылжымалы электр қондырғының барлық ашық өткiзушi бөлiктерi, оның корпусы және басқа сыртқы өткiзушi бөлiктер автономды жылжымалы көздiң корпусымен қорғайтын өткiзгiш көмегiмен сенімді қосылған, жылжымалы электр қондырғының электр жабдығының корпусына екi фазалы тұйықталу болғанда қоректендіруді автоматты ажырату уақыты осы Қағидаларға 5-қосымшаның 52-кестесіне сәйкес қамтамасыз етіледі.

256. Оқшауланған бейтарабы  бар автономды жылжымалы қоректену  көзінде жарық және дыбыс сигналдары  бар корпусқа (жерге) қатысты оқшаулау  кедергісін үздіксіз бақылау  құрылғысы болуы тиіс. Оқшаулағышты  бақылау құрылғысының жұмыс істеуін  және ажыратылуын тексеру мүмкіндігі  қамтамасыз етілуі тиіс.

Осындай автономды жылжымалы көзден қоректендірілетін жылжымалы электр қондырғысында сигналға әсер ететін оқшаулау кедергісін үзіліссіз бақылау құрылғысын осы Қағидалардың 254-тармағының шарты орындалған жағдайда орнатпауға болады.

257. Жылжымалы электр қондырғыларында  тура жанасудан қорғау ток  өткізуші бөліктерді, қоршаулар  мен қабықшаларды негізгі оқшаулауды  қолдану арқылы қамтамасыз етілуі  тиіс. Тосқауылдарды қолдануға және  қолы жетпейтін жерлерде орналастыруға  жол берілмейді.

Электр қабылдағыштарды жылжымалы электр қондырғылардың үй-жайынан тыс қосуға арналған штепсельдік розеткаларды қоректендіретін тізбектерде осы Қағидалардың 242-тармағына сәйкес қосымша қорғау орындалуы тиіс.

258. Жылжымалы электр қондырғының  қорғайтын өткiзгiштерi иілгіш болуы  тиіс, мыстан орындалып, фаза өткiзгiштерiмен  ортақ қабықшада орналасуы керек. Өткiзгiштер қимасы мынадай талаптарға:

1) нөлдiк – осы Қағидалардың 217 - 218 тармақтарына;

2) жерге тұйықтаушы –  осы Қағидалардың 208-тармағына;

3) әлеуеттерді теңдестiру  – осы Қағидалардың 227 - 229 тармақтарына  сәйкес болуы керек.

259.      Жылжымалы электр қондырғы қоректендіретін желінің барлық өткізгіштерін, қорғайтын өткізгішті қоса алғанда, бір бiр коммутациялық аппарат (тiркеуiш) көмегiмен бiр уақытта ажыратуға рұқсат етiледi.

260.      Егер жылжымалы электр қондырғы штепсельдік қосқыштарды қолдануымен қоректендірілсе, қосқыштың шанышқысы жылжымалы электр қондырғысы жағынан қосылып, оқшаулағыш материалдан қабығы болуы керек.

 

 

18. Жануарларды  ұстауға арналған үй-жайлардың  электр қондырғылары

 

 

261.  Мал шаруашылық үй-жайлардың электр қондырғыларын қоректендіру бейтарап жерге тұйықтауы бар айнымалы токтың 380/220 В кернеудегі желiден орындалады.

262.  Жанама жанасу кезінде адамдар мен жануарларды қорғау үшін қоректендіруді автоматты ажыратылу орындалу керек. Қоректендіретін желіде нөлдік жұмыс және нөлдік қорғайтын өткізгіштер бөлінуі тиіс. Өткізгіштерді бөлу енгізу қалқаншасында орындалады. Осындай электр қондырғылары кіріктірілген және жапсырма салынған қосалқы станциялардан қоректендірілгенде, өткізгіштерді бөлу трансформатор бейтарабында орындалады, бұл ретте нөлдік жұмыс өткізгішінде оның барлық ұзындығында фазалық өткізгіштер оқшауламасына тең оқшауламасы болуы тиіс.

Жануарларды ұстауға арналған үй-жайларда, сондай-ақ олармен сыртқы өткізуші бөліктермен байланысқан үй-жайларда қоректенуді автоматты ажырату қорғау уақыты осы Қағидаларға 5-қосымшасының 52-кестесіне сәйкес келуі тиіс.

Егер ажыратудың көрcетiлген уақытына кепілдік берілмесе, қосымша қорғау шараларын орындау қажет.

263.   Үй-жайға енгiзудегi қиыстырылған нөлдiк өткiзгiш қайтадан жерге тұйықталуы керек. Қайтадан жерге тұйықтау кедергiсінiң мәнi осы Қағидалардың 199-тармағына сәйкес келуi керек.

264.   Жануарларды ұстауға арналған үй-жайларда бір уақытта жанасуға қолжетімді барлық ашық және сыртқы өткiзушi бөлiктерді  (су құбырлары, вакуум құбыры, қотанның метал қоршаулары, метал көгендері және т.б.) қосатын әлеуеттерді теңдестiрудiң қосымша жүйесі орындалуы керек.

265.   Жануарларды орналастыру аймағында еденде металды тор немесе басқа құрылғының көмегімен әлеуеттердi теңестiру орындалуы тиіс, ол әлеуеттерді теңеструдің қосымша жүйесімен қосылуы керек.

266.   Әлеуеттерді теңестiру және теңдестiру құрылғылары электр жабдықтардың қалыпты жұмыс режимінде 0,2 В аспайтын, апаттық режимде осы Қағидаларға 5-қосымшаның 52-кестесінде көрcетiлген ажырату уақытында қауіптілігі жоғары, аса қауіпті үй-жайларда және сыртқы қондырғыларда  -      12 В-тан аспайтын жанасу кернеуін қамтамасыз етуі тиіс.

267.       Штепсельдік розеткаларды қоректендіретін барлық топтық тізбектер үшін 30 мА аспайтын номиналдық ажырататын сараланған токпен ҚСҚ көмегімен тура жанасудан қосымша қорғау орындалуы тиіс.

268.       Әлеуеттерді теңестіруді орындауды талап ететін жағдайлар жоқ мал шаруашылық үй-жайларда енгізу қалқаншасында орнатылатын 100 мА кем болмайтын номиналдық ажырататын сараланған токпен ҚСҚ көмегімен қорғау орындалуы тиіс.

 

 

8. Қабылдау-тапсыру  сынауының нормалары

 

 

1. Жалпы ережелер

 

 

269. Энергия өндіретін, энергиямен  жабдықтайтын, энергия тарататын  ұйымдардың және тұтынушылардың  пайдалануға қайта енгізілген 500 кВ дейінгі электр жабдықтары  осы тараудың талаптарына сәйкес  қабылдау-тапсыру сынақтарына ұшыратылады.

Осы нормалармен қамтылмаған электр жабдықтарын қабылдау-тапсыру санақтарын жүргізген кезде дайындаушы-зауыттардың нұсқаулықтарын және жеткізуші-фирмалардың нұсқамаларын басшылықа алу керек.

Жалпы мақсаттағы электр жабдықтау жүйелерiне электр энергиясының тұтынушылары ортақ қосылу нүктелерінде электр энергиясының сапа көрсеткiштерiнiң өлшемдерiн қосылуға дейін және қосылғаннан кейін энергия жабдықтау және/немесе энергия тарату ұйымдары тұтынушының электр қондырғыларын пайдалануға берудің алдында өткізеді, ал пайдалану процесінде электр энергиясының сапасы көрсеткіштерін өлшеу мерзімділігі «Жалпы мақсаттағы электрмен жабдықтау жүйелеріндегі электр энергиясы сапасының нормалары» МемСТ-13109-97, Электр энергиясын пайдалану қағидаларының және басқа да нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес белгіленеді.

270.           Электр станциялары мен қосалқы станциялардағы релелiк қорғау және электр автоматика құрылғылары белгіленген тәртіппен бекiтiлген нұсқаулықтар бойынша тексеріледi.

Тұтынушылардың электр жетекті және басқа да электр жабдықтарын қорғау және автоматика құрылғылары Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктері және ведомстволарының нұсқаулықтары бойынша тексеріледi.

271.           Осы тарауда көзделген сынаулардан басқа барлық электр жабдықтар зауыттық және монтаждық нұсқаулықтарға сәйкес механикалық бөлiгі жұмысының тексеруден өтуі керек.

Жабдықтың пайдалануға дайындығы жабдықтың осы бiрлiгіне жататын барлық сынаулардың нәтижелерiмен қарастыру негiзiнде анықталады.

272.           Қолданыстағы директивалық құжаттарға, өндіруші зауыттардың нұсқаулықтарына және осы нормаларға сәйкес монтаждау процесінде монтаждау персоналы, сондай-ақ іске қосып реттеу персоналы электр жабдықты тікелей пайдалануға берудің алдында жүргізген барлық өлшемдері, сынаулары мен сынақтары тиісті актілермен және хаттамалармен ресімделуі тиіс.

273. Кернеуі жоғары энергия  өндіруші, энергиямен жабдықтаушы, энергия таратушы ұйымдарда және  тұтынушыларда осы тарауда айтылған  жағдайларды қоспағанда, барлық 35 кВ  және одан төмен электр жабдықтары, ал сынақ құрылғылары болған  кезде кернеуі 35 кВ жоғары электр  жабдықтар да  сыналуы тиіс.

274. Номиналдық кернеуі  олар қолданылған қондырғының  номиналдық кернеуінен асып түсетін  оқшаулағыштар мен электр жабдықтары  электр қондырғыны оқшаулаудың  тиісті класына арналған нормалар  бойынша жоғарылатылған кернеумен  сынала алады.

275. Шетелдік фирмалардың  осы тараудың нормаларымен көзделгеннен  төмен электр беріктігі бар  электр жабдықтарды оқшаулау (айналмалы  машиналардан басқа),  егер жеткізу фирмалардың басқа нұсқаулары жоқ болса, зауыттық сынақ кернеуінің  90%-ын құрайтын кернеумен сыналуы тиіс.   

276.      Аппараттар оқшауламасын өнеркәсiптiк жиiлiктiң жоғарылатылған кернеуiмен сынау таратқыш құрылғының шиналарын оқшаулауын сынауымен бiрге (шинаны алмай) жасалуы керек. Бұл ретте, сынау кернеуiн ең кiшi сынау кернеуі бар жабдықтарға арналған нормалар бойынша қабылдауға рұқсат етiледi.

Электр жабдықтардың оқшауламасын сынаудың бірнеше түрін өткізгенде жоғарылатылған кернеумен сынаудың алдында оны сынаудың басқа түрлері өткізілуі керек.

277.      1 кВ тең өнеркәсiптiк жиiлiктiң кернеуi оқшаулағышын сынауы оқшаулау кедергісінің бір минуттық мәнін 2,5 кВ арналған мегаомметрмен өлшеумен алмастырылады. Егер бұл ретте кедергінің мәні нормаларда келтірілген мәндерден аз болса, өнеркәсіптік жиілікті 1 кВ кернеуімен сынау міндетті болады.

Электр қондырғыларды жұмыс кернеуі 60 В жоғары қайталама тізбектерді оқшаулаудың өнеркәсіптік жиілігі кернеуімен сынау энергия өндіруші, энергиямен жабдықтаушы, энергия таратушы ұйымдар және тұтынушылар үшін міндетті.

 

 

2. Синхронды генераторлар, компенсаторлар мен

коллекторлық қоздырғыштар

 

 

278.       Қуаттылығы 1 МВт жоғары кернеуі 1 кВ жоғары синхронды генераторлар, сондай-ақ синхрондық компенсаторлар мен коллекторлық қоздырғыштар сы параграфтың толық көлемінде сыналуы тиіс.

Қуаттылығы 1 МВт дейін кернеуі 1 кВ жоғары генераторлар                  278-тармақтың 1)-5), 7)-15)-тармақшалары бойынша сыналуы тиіс.

Олардың қуаттылығына тәуелсiз кернеуі 1 кВ дейiн генераторлар         278-тармақтың 2), 4), 5), 8), 10) – 14)-тармақшалары бойынша сыналуы тиіс.

1) Қағазды-майлы оқшауламасы  бар генераторлар үшін кептіру  қажеттілігі өндіруші зауыттың  нұсқаулығына сәйкес белгіленеді.

ТГВ-300 үлгісінің турбогенераторлары үшiн, егер оқшаулағыштың өзге сипаттамалары (R60/R15 және R60) белгіленген нормаларға сәйкес келсе, 3-тен астам сызықтық емес коэффициентiнде кептірусіз қосуға рұқсат етiледi.

Информация о работе Электр қондырғыларын орнату қағидалары