Электр қондырғыларын орнату қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2014 в 18:08, реферат

Описание работы

1. Осы Қағидалар «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және қолданыстағы электр қондырғыларын жобалау, қайта жаңғырту және пайдалану кезінде қолданылады.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) электр қондырғысы – электр энергиясын өндіруге, түрлендіруге, трансформациялауға, беруге, таратуға және оны энергияның басқа түріне түрлендіруге арналған машиналардың, аппараттардың, желілер мен қосалқы құралдардың (олар орнатылған құрылыстар мен үй-жайларымен бірге) жиынтығы.

Файлы: 1 файл

реверсив.docx

— 273.28 Кб (Скачать файл)

 

 

 

8)  Осьтік бағыттағы ротор екпiнiн өлшеу. Сырғанау мойынтiректері бар электр қозғалтқыштары үшiн жүргізіледі. Осьтік екпiн 2-4 мм-ден аспауы тиіс.

9)  Ауа суытқышты гидравликалық қысыммен сынау. 0,2- 0,25 МПа артық гидравликалық қысыммен (2-2,5 кгс/см2) жүргізіледі. Сынаудың ұзақтығы 10 мин. Бұл ретте, қысымның түсуi немесе сынау қолданылатын сұйыққа ағып кету байқалуы керек.

10)  Электр қозғалтқышының жұмысын бос жүрiспен немесе жүктелмеген тетiкпен тексеру. Тексеру ұзақтығы кемiнде 1 сағат.

11)  Электр қозғалтқышының жұмысын жүктемемен тексеру. Пайдалануға өткiзу сәтіне қарай технологиялық жабдықпен қамтамасыз етiлетiн жүктемемен жүргізіледі. Бұл ретте, реттелетiн айналу жиiлiктерiмен электр қозғалтқышы үшiн реттеудiң шектерiмен анықталады.

 

 

5. Күштік трансформаторлар, автотрансформаторлар, май реакторлары  және жерге тұйықтайтын доға  өшiретiн реакторлар (доға өшiретiн  катушкалар)

 

 

281.      1,6 МВ.А дейiн қуаттың майға толған трансформаторлары осы Қағидалардың 280-тармағының 1), 2), 4), 8), 9), 11) – 14)-тармақшалары бойынша сыналады.

1,6 МВ.А қуаттың майға толған трансформаторлары электр станциясының өз мұқтаждығынан қоректенеді.

Барлық қуаттарды трансформаторлар құрғақ және төлмен толтырылған осы Қағидалардың 208-тармағының 1)-8), 12), 14) тармақшалар бойынша сыналады.

1) Трансформаторларды қосу  шарттарын анықтау. «Күштік транформаторлар. Тасымалдау, түсіру, сақтау, монтаждау  және пайдалануға енгізу» нұсқаулығына  сәйкес жүргізіледі.

2) Оқшаулағыш сипаттамасын  өлшеу. R60 оқшаулау кедергiсiнiң мүмкiн мәндерi, R60/R15 сору коэффициенті, диэлектриялық жоғалтулар мен С2/С50 және DС/С қатынасы бұрышының тангенсi осы Қағидалардың 279-тармағы бойынша нұсқаулармен реттеледi

3) Өнеркәсiптiк жиiлiктiң  үлкен кернеуiмен сынау:

енгiзулермен бiрге орамдарының оқшаулауы. Сынау кернеулерi осы Қағидалардың 5-қосымшаның 63-кестесiнде келтiрiлген. Нормаланған сынау кернеуiн қолдану ұзақтығы 1 мин.

Маймен толтырылған трансформаторлардың орамдары оқшаулаудың өнеркәсiптiк жиiлiгiнiң үлкен кернеуiмен сынау пайдалануға қосуда мiндеттi емес.

Құрғақ трансформаторлардың орамдары оқшаулауын өнеркәсiптiк жиiлiгiнiң үлкен кернеуiмен сынау мiндеттi және жеңiлдiктi оқшаулауы бар аппараттар үшiн осы Қағидаларға 5-қосымшаның 63-кестесiнде келтiрiлген нормалар бойынша жүргізіледі.

Егер олар осы трансформатор зауытта сынап көрген кернеуден аспаса, импорттық трансформаторларды осы Қағидаларға 5-қосымшаның 63-кестесiнде келтiрiлген кернеулермен сынауға рұқсат етiледi.

35 кВ-ге дейiн кернеуге  жерге тұйықтаушы реакторларды  сынау тиiстi сыныптағы трансформаторлар  үшiн келтiрiлген кернеуге ұқсас  болып келеді.

110 кВ және одан жоғары  кернеулі (85 және 100 кВ сынау кернеуi) бейтараптың толық емес оқшаулауы  болатын кластарындағы трансформатор  орамының сызықты шығысының оқшаулауы  тек индукцияланған кернеумен, бейтараптың  оқшаулауы - қосымша тiркелген кернеумен  сыналады;

қолжетімді тұтастырғыш түйрегіштердің, сығымдағыш сақиналардың және мойынағаш арқалықтардың оқшауланулары. Сынау белсенді бөлігін қарау кезінде жүргізіледі. Сынау кернеуі 1-2 кВ. Нормаланған сынау кернеуін қолдану ұзақтығы 1 мин.

4) Тұрақты токқа орамдардың  кедергiсiн өлшеу. Егер ол үшiн  өзектiң қуысы талап етілмесе, барлық тармақтарда жүргізіледі. Басқа фазалардың осындай тармағынан  алынған кедергiден немесе өндіруші  зауыттың деректерінен 2 %-ға аспайтын  айырмашылығы болуы керек.

5) Трансформациялау коэффициентiн  тексеру. Ауыстырып қосудың барлық  сатыларында жүргізіледі. Трансформациялау  коэффициентiнің Басқа фазалардың  осындай тармағынан алынған кедергiден  немесе өндіруші зауыттың деректерінен 2 %-ға аспайтын айырмашылығы болуы  керек. РПН бар трансформаторлар  үшін трансформациялау арасындағы  айырмашылықтар реттеу сатысының  мәнінен аспауы тиіс.

6) Үш фазалық трансформаторлардың  қосу тобын және бiр фазалық  трансформаторлардың шығыстары  полярлығын тексеру. Егер төлқұжат  деректері болмаса немесе осы  деректердің ақиқаттығына күдiгi бар болса, монтаждау кезінде  жүргізіледі. Қосу тобы төлқұжат  деректеріне және қалқаншадағы  белгілерге сәйкес болуы керек. 

7) Ток пен бос жүріс  шығындарын өлшеу. Төменде көрсетілген  өлшемдердің бірі жүргізіледі:

номиналды кернеу кезінде. Бос жүріс тогы өлшенеді. Токтың мәні нормаланбайды;

шағын кернеу кезінде. Өлшеу шығындарды номиналды кернеуге жеткізумен немесе жеткізбей (салыстыру әдісі) жүргізіледі.

8) Ауыстырылып қосылатын  қондырғының жұмысын тексеру  және айналмалы диаграммасын  алып тастау. Барлық жағдайда  ауыстырылып қосылатын айналмалы  диаграммасы жасалады. Айналмалы  диаграмманың дайындаушы зауытта  жасалғаннан айырмашылығы болмауы  тиіс. Ауысытырылып қосылатын қондырғының  іске қосылу мен түйіспелер  қысымын тексеру зауыт нұсқаулықтарына  сәйкес жүргізеді.

9) Радиаторлары бар бактi гидравликалық қысыммен сынау. Герметизацияланған  және кеңейткіші жоқ трансформаторлардың  басқа барлық трансформаторларға  жасалады.

Сынау жүргізіледі:

кернеуі 35 кВ-ге дейiн трансформаторларды қоса алғанда - толтырылған кеңейткiш деңгейiнiң үстiнде биiктiгi 0,6 м құрайтын май бағанасының гидравликалық қысымымен толтырылған бактары бар трансформаторлар және май бағанасының биiктiгi үшiн 0,3-ке тең қабылданатын пластинкалы радиаторларды қоспағанда;

майының қабыршақты қорғауы бар трансформаторларда – иілгіш қабықшаның ішінде 10 КПа ауаның артық қысымын жасау арқылы;

өзге трансформаторларда - кеңейткiш май үсті кеңiстiгiнде құрғақ 10 КПа азотты артық қысым немесе май үсті құрғақ ауаны жасау арқылы.

Барлық жағдайлардағы сынау ұзақтығы - кемiнде 3 сағ.

Кернеуі 150 кВ-ге трансформаторларды сынау кезінде бактағы май температурасы – 10 оС төмен емес, басқалары – 20-дан төмен емес.

Егер тексеруден кейін май ағуы байқалмаса, трансформатор майтығызды болып есептеледі.

10) Салқындату жүйесiн  тексеру. Жiберу және мұздатқыш  құрылымдар жұмысының тәртiбi өндіруші  зауыт нұсқаулығына сәйкес жүргізіледі.

11) Силикагелдiң күйiн тексеру. Индикатор силикагелi бiр қалыпты  көгiлдiр түске боялуы тиіс. Түстiң  өзгеруі силикагелдiң сулануын  куәландырады.

12) Трансформаторлардың фазировкасы. Фазалар бойынша сәйкестік болуы  кажет.

13) Трансформаторлық майды  сынау. Жаңа майсыз келетiн жаңадан  іске қосылатын трансформаторлардың  құю алдында осы Қағидаларға                          5-қосымшаның 93-кестесiнің 1), 2), 4) – 12) тармақшаларындағы көрсеткiштер бойынша сыналуы тиіс.

Майсыз тасымалданатын трансформаторлардан монтаждың басталуына дейiн май қалдықтарының (түбінен) сынамалар алуы жүргізіледі.

110-220 кВ кернеуі бар  трансформаторлардағы май қалдықтарының  электр берiктiгi 35 кВ төмен емес  және 330-500 кВ-ге кернеуі бар трансформаторлардағы 45 кВ төмен емес болуы керек.

Маймен тасымалданатын 110 кВ және одан жоғары кернеуі бар трансформаторлардың майы монтаждау басталғанға дейін осы Қағидаларға      5-қосымшаның 93-кестесі 1)-5) және 10) тармақшаларының көрсеткіштері бойынша жүргізіледі.

Май массасы 1 т-дан астам маймен келетін трансформаторлардағы майды сынау зауыттық хаттамасы болмаған кезде майды сынау жұмысқа қосар алдында осы Қағидаларға 5-қосымшаның 93-кестесінің 1)–9) тармақшалары бойынша жүргізіледі, ал 110 кВ және одан жоғары кернеулі трансформаторлардың майы бұдан басқа осы Қағидаларға 5-қосымшаның       93-кестесінің 10) тармақшасы бойынша жүргізіледі.

Трансформаторға құйылған майды оны монтаждаудан кейін кернеуге қосудың алдында сынау осы Қағидаларға 5-қосымшасының 93-кестесінің 1)–5) тармақшалар бойынша жүргізіледі.

110 кВ және одан жоғары  кернеулі трансформаторлардың майын  осы Қағидаларға 5-қосымшасының 93-кестесіндегі 1)–5) тармақшалар бойынша сынаған  кезде майдың диэлектрлік шығындары  бұрышының тангенсін өлшеу жүргізіледі. Майдың диэлектрлік шығындары  бұрышының тангенсін өлшеу сондай-ақ  оқшаулаудың диэлектрлік шығындары  бұрышы тангенсінің жоғарылатылған  мәні бар трансформаторларда  да жүргізіледі.

Монтаждауға маймен толтырылып келетін І және ІІ габаритті трансформаторлардың майын оны жұмысқа қосудың алдындағы 6 ай бұрын өткізілген нормаларды қанағаттандыратын зауыттық сынау көрсеткіштері болғанда, осы Қағидаларға 5-қосымшаның 93-кестесінің 1) және 2) тармақшалары бойынша ғана сынауға рұқсат етіледі.  

14) Номиналды кернеуге  түрткi арқылы қосумен сынау. Трансформаторды  номиналды кернеуге 3-5 еселенген  қосу процесiнде трансформатордың  қанағаттанарлықсыз жұмысын көрсететін  құбылыстар орын алмауы тиіс.

Генераторы бар блоктың схемасы бойынша құрастырылған трансформаторлар кернеудi нөлден көтерумен желiлерге қосылады.

15) Енгiзулердi сынау. Осы  Қағидалардың 298-тармағына сәйкес  жүргізіледі.

16) Токтың кiрiстiрiлген  трансформаторларын сынау. Осы Қағидалардың 281-тармағына сәйкес жүргізіледі.

 

 

6. Өлшеу трансформаторлары

 

 

282.      Өлшеу трансформаторлары осы параграфта көзделген көлемде сыналады.

1) Оқшаулау кедергiсiн  өлшеу:

Ток трансформаторының негiзгi оқшаулау кедергісін, өлшеу конденсаторының және конденсаторлық типтегі қағаз-май оқшаулаудың соңғы мұқабасының кедергiсiн өлшеу  2500 В мегаомметрмен жүргізіледі.

Ток трансформаторларының екiншi орамдары мен аралық каскадты орамдарының  цокольге қатысты кедергiсiн өлшеу 1000 В  мегаомметрмен жүргізіледі. Оқшаулау кедергісінің өлшенген мәні осы Қағидаларға                      5-қосымшаның   64-кестесiнде келтiрiлген мәндерден төмен болмауы тиіс.

Токтың каскадты ток трансформаторларындағы оқшаулау кедергiсі жалпы ток трансформаторлары үшiн өлшенедi.  Мұндай оқшаулау кедергiсiн өлшеу нәтижелерi қанағаттанғысыз болған жағдайда сатылар бойынша қосымша өлшенедi.

2) Оқшаулаудың диэлектрлік  жоғалтуларының бұрыштық тангенсiн  өлшеу. 110 кВ және одан жоғары  кернеудегі ток трансформаторлары  үшiн жүргiзіледi.

+20°С температура кезінде ток трансформаторлары оқшаулаудың диэлектрлік жоғалтуларының бұрышты тангенсi осы Қағидаларға                      5-қосымшаның 65-кестесінде келтiрiлген мәндерден аспауы тиіс.

3) Өнеркәсiптiк жиiлiктiң  жоғары кернеуiмен сынау:

бастапқы орамдардың оқшаулағышы. Сынау (шығарулардың бiрiнiң баяу  оқшаулағышы бар кернеулі трансформаторларынан басқа) кернеуі 35 кВ-ге дейiнгі трансформаторлар және ток трансформаторлары үшiн арналған.

Өлшеу трансформаторлары үшiн сынау кернеуiнің мәндері осы Қағидаларға 5-қосымшаның 66-кестесiнде көрсетiлген.

Нормаланған сынау қосымшасының ұзақтығы: кернеулі трансформаторлар үшiн 1 мин; керамика, сұйық немесе қағаз-май оқшаулағышы бар ток трансформаторлары үшiн 1 мин; қатты органикалық материалдар немесе кәбілдiк массалардан оқшаулағышы бар ток трансформаторлары үшiн 5 мин;

екiншi орамдардың оқшаулағыштары. Шынжырлармен қосылған  екінші орамды оқшаулағыштары үшін кернеудің мәні 1 кВ-ні құрайды. Нормаланған сынау кернеуінің қосымша ұзақтығы – 1 мин.

4) Бос  токты өлшеу. Екiншi орамда кернеуі 110 кВ және одан жоғары каскадты трансформаторлары үшiн номиналды кернеуде жүргізіледі. Бос  токтың мәнi нормаланбайды.

5) Ток трансформаторларының  магнит өткiзгiшінің магниттелуiнiң  сипаттамаларын алу. Егер ол үшiн 380 В-ден жоғары кернеу қажет  болмаса, токтың нөлден номиналдыға  өзгерiсiнде жүргізіледі. Ауытқуларды,  теңгерімсіз токты және токтың номиналдыдан жоғары өту шарттарына қатысты рұқсат берілген жүктемесін есептеу қажет болған кезде релелiк қорғау, автоматты авариялық осциллографтар, белгілеу аспаптары және т.б. құрылғыларды қуаттандыруға арналған ток трансформаторларының сипаттамасын алу токты өлшеу нөлден бастап ток магнит өткізгіштер қанықтырыла бастаған мәнге дейін өзгерген кезде  жүргізіледі.

Орамдар тармақталған болса, сипаттамасы жұмыс тармақтарында алынады.

Алынған сипаттамалар үлгiлік магниттеу сипаттамасымен немесе токтың басқа бiр типті жөнделген трансформаторлары магниттелуiнiң спаттамаларымен біріздендіріледі.

6) Шықпалардың (бiр фазалық) полярлығы немесе өлшеу трансформаторларын (үш фазалық) қосу тобын тексеру. Егер паспорттық мәлiметтер болмаса  немесе бұл мәлiметтердiң дұрыстығына  күдiгi бар болса монтаждау кернеуде жүргізіледі. Қосу полярлығы және тобы паспорт деректеріне сәйкес келуi тиіс.

7) Барлық тармақтардағы  өзгеру коэффициентiн өлшеу. Кіріктірілген  ток  трансформаторлары және ауыстырып қосатын (ауыстырып қосқыштың барлық жағдайларында) құрылғысы бар трансформаторлар үшiн жүргізіледі. Коэффициенттiң анықталған мәнiнiң паспорттағыдан ауытқуы өлшеу дәлдiгi шегінде болуы тиіс.

8) Орамдардың тұрақты  токқа кедергiсiн өлшеу. 10 кВ және  одан жоғары кернеудiң ауыстырып  қосатын құрылымы болатын токтардың  алғашқы трансформатор орамдарында  және кернеудiң каскадты трансформаторларын  байланыстыратын орамдарда жүргізіледі. Орам кедергiсiнiң өлшенген мәнiнiң  ауытқуы паспорт немесе басқа  фазалар орамдарының кедергiсiнен   2 %-дан аспауы тиіс.

9) Трансформаторлық майды  сынау. Осы Қағидалардың 300-тармағына  сәйкес 35 кВ және одан жоғары  өлшеу трансформаторларында жүргізіледі.

Оқшаулаудың диэлектрлік жоғалтуларының бұрыштық тангенсiнiң үлкен мәні болатын өлшеу трансформаторлары үшiн майды сынау осы Қағидаларға        5-қосымшаның 93-кестесiнiң 10-тармақшасы бойынша жүргізіледі.

Майға толған каскадты өлшеу трансформаторларында жеке сатыдағы майдың жай-күйiн бағалау сатының (каскад) номиналды жұмыс кернеуiне сәйкес нормалар бойынша жүргізіледі.

Информация о работе Электр қондырғыларын орнату қағидалары