Электр қондырғыларын орнату қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2014 в 18:08, реферат

Описание работы

1. Осы Қағидалар «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және қолданыстағы электр қондырғыларын жобалау, қайта жаңғырту және пайдалану кезінде қолданылады.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) электр қондырғысы – электр энергиясын өндіруге, түрлендіруге, трансформациялауға, беруге, таратуға және оны энергияның басқа түріне түрлендіруге арналған машиналардың, аппараттардың, желілер мен қосалқы құралдардың (олар орнатылған құрылыстар мен үй-жайларымен бірге) жиынтығы.

Файлы: 1 файл

реверсив.docx

— 273.28 Кб (Скачать файл)

7) Ажыратқыштарды бiрнеше  рет байқау арқылы сынау. Осы  Қағидалардың 283-тармағының 11) тармақшасына  және осы Қағидалардың       5-қосымшасының 71-кестесiне сәйкес жүргізіледі.

8) Газ жылыстауының бар  болуын бақылау. Саңылаусыздықты  тексеру саңылау iздегіш арқылы  жүргізіледі. Саңылау iздегіш сүңгiсi арқылы газ жылыстауы анықталған  жағдайда түйiскен қосындыларды  нығайту орны мен ажыратқыштардың  дәнекерлеу жіктері бақыланады. 

Саңылау iздегіштің сүңгі құралы саңылауды көрсетпесе саңылаудың бар болуын бақылау нәтижесi қанағаттанарлық болып есептеледi. Бақылау элегаздың номиналды қысымында жүргізіледі. 

9) Элегаздың құрамында  ылғалдың болуын тексеру.  Шық нүктесін өлшеу негiзiнде анықталады. Элегаздың шық нүктесiнiң температурасы минус 50° С жоғары болмауы керек.

10) Токтың кiрiктiрiлген  трансформаторларын сынау. Осы Қағидалардың 282-тармағына сәйкес жүргізіледі.

 

 

11. Вакуум сөндiргiштерi

 

 

287.   Толық жиылған және реттелген вакуум сөндiргiш осы параграфта көзделген көлемде сыналады.

1) Екiншi тізбектер мен  басқару электромагниттерi орамдары  оқшаулағыштарының кедергiсiн өлшеу. Осы Қағидаларға 302-тармағының       1) тармақшасына сәйкес жүргізіледі.

2) оқшаулағышты мыналардың 50 Гц жиiлiкті жоғары кернеуімен  сынау:

сөндiргiш. Сынау кернеуiнің мәні осы Қағидаларға 5-қосымшасының        67-кестесiне сәйкес қабылданады;

екiншi тізбектер мен басқару электр магниттерінiң орамдары. Осы Қағидалардың 302-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жүргізіледі.

3) Сөндiргiштiң iске қосылуының  ең төменгi кернеуiн тексеру.

Вакуум сөндiргiштерiнiң басқару электр магниттерi:

қосындының электр магниттерi кемiнде 0,85 Uном кернеуде;

ажыратудың электр магниттерi кемiнде 0,7 Uном кернеуде iске қосылуы керек.

4) Ажыратқыштарды көп  реттік сынақтармен сынау. Электр  магниттердің шығыс бөлігінде  кернеу нақты болатын жағдайда, ажыратқыштардың орындауына жататын  күрделі циклдер мен операциялардың  саны:

қосу және ажыратудың 3-5 операцияларын;

операциялар арасындағы В - О уақыт өлшемегенде 2-3 циклді құрауы тиіс.

 

 

12. Ажыратқыштар, бөлектегіштер және қысқа тұйықтағыштар

 

 

288.      Кернеудің барлық тобының толық жинақталған және реттелген ажыратқыштар, бөлектегіштер және қысқа тұйықтағыштар осы параграфта көзделген көлемде сыналады.

1) Оқшаулама кедергісін  өлшеу:

органикалық материалдардан жасалған жетектердің және тартпалардың оқшаулама кедергісін өлшеу 2,5 кВ кернеумен мегаомметрмен жүргізіледі. Оқшаулама кедергісі осы Қағидалардың 283-тармағының 1) тармақшасында келтірілген шамадан төмен болмауы тиіс;

көп элементті оқшаулағыштардың оқшаулама кедергісін өлшеу осы Қағидалардың 299-тармағына сәйкес жүргізіледі;

басқару электр магниттерінің қайталама (екінші ретті) тізбектері мен орамдарының оқшаулама кедергісін өлшеу осы Қағидалардың                        302-тармақтарының 1) тармақшасына сәйкес жүргізіледі.

2) Өнеркәсіптік жиіліктегі  жоғарылатылған кернеумен сынау:

ажыратқыштар, бөлектегіштер және қысқа тұйықтағыштардың оқшауламасын өнеркәсіптік жиіліктегі жоғары кернеумен сынау. Осы Қағидаларға 5-қосымшасының 67-кестесіне сәйкес жүргізіледі;

басқару электр магниттерінің қайталама (екінші ретті) тізбектері мен орамдарының оқшауламасын өнеркәсіптік жиіліктегі жоғарылатылған кернеумен сынау. Осы Қағидалардың 302-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жүргізіледі.

3) Тұрақты токтың кедергісін  өлшеу:

байланыс жүйесінің кернеуі 110 кВ және жоғары ажыратқыштар, бөлектегіштердің тұрақты ток кедергісін өлшеу. Өлшенген шамалар дайындаушы зауыттың немесе осы Қағидаларға 5-қосымшаның 72-кестесінде берілген мәліметтеріне сәйкес болуы тиіс.

басқару электр магниттері орамдарының тұрақты ток кедергісін өлшеу. Орамдар кедергісінің шамасы дайындаушы зауыттың мәліметтеріне сәйкес болуы тиіс.

4) Қозғалмайтын түйіспелерден  қозғалатынның созылу күшін өлшеу.       35 кВ ажыратқыштар мен бөлектегіштерде жүргізіледі, ал энергия өндіруші, энергия жабдықтау, энергия тарату ұйымдарының және тұтынушылардың электр қондырғыларында кернеу классына тәуелсіз болады. Түйісу беттерінің майсызданған күйінде созылу күшінің шамасын өлшеу  дайындаушы зауыттың  мәліметтеріне сәйкес болуы қажет, ал ол  болмаған жағдайда осы Қағидаларға         5-қосымшаның 73-кестесінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес болуы тиіс.

Осы Қағидаларға 5-қосымшаның 73-кестесінде көрсетілген нормалардан басқа, 35-220 кВ номиналды тогымен 630-2000 А сыртқы қондырғылардың ажыратқыштары үшін дайындаушы зауыт орнатқан созылу күшінің жалпы нормасы жұп ламельге 78,5-98Н (8-10 кгс) сәйкес болуы керек.

5) Жұмысты тексеру. Қолмен  басқарылатын аппараттарды тексеру  қосу және ажыратудың 10-15 операциясын  орындау арқылы жүргізіледі. Номиналды кернеу басқарумен қашықтан басқарылатын аппараттарды тексеру 25 қосу және ажырату циклдерін және электр магниттердің (электр қозғалтқыштардың) қысқыштарындағы  номиналды кернеудің 80 % дейін төмендетілген 5-10 қосу және ажырату циклдерін орындаумен жүргізіледі.

6) Уақыт сипаттамаларын  анықтау. Қысқа тұйықтағыштарда  қосу кезінде, ал бөлектегіштерде  ажырату кезінде жүргізіледі. Өлшенген  шамалар дайындаушы зауыт мәліметтеріне, ал ол болмағанда осы Қағидаларға                 5-қосымшаның 74-кестесінде берілген мәліметтерге сәйкес болуы тиіс.

 

 

13. Ішкі және  сыртқы қондырғыларының

 

 (КТҚ және КТҚС) жиынтықты

тарату құрылғылары

 

 

289.      Жиынтықты тарату құрылғылары монтаждаудан кейін орнатылған орында осы параграфта көзделген көлемде сыналады.

Майлы ажыратқыштардың, өлшеу трансформаторларының, жүктеме ажыратқыштарының, вентильді разрядтауыштардың, сақтандырғыштардың, ажыратқыштардың, күштік трансформаторлардың және трансформатор майының КТҚ элементтерін сынау нормалары осы тараудың тиісті параграфтарында көрсетілген. 

1) Оқшаулау кедергісін  өлшеу:

бастапқы тізбектердің оқшаулау кедергісін өлшеу 2,5 кВ кернеудегі мегаомметрмен өлшенеді.

Сынау нәтижелеріне әсер тигізуі мүмкін, тораптар мен бөлшектер орнатылған толығымен жинақталған бастапқы тізбектердің оқшаулағышының кедергісі 1000 МОм кем болмауы қажет.

екінші ретті тізбектер 0,5-1 кВ кернеудегі мегаомметрмен жүргізіледі. Барлық қосылған аппараттармен (реле, құралдармен, ток және кернеу трансформаторларының екінші ретті орамдары және т.б.) екінші реттік  тізбектердің әрбір жалғаудың оқшаулама кедергісі 1 МОм кем болмауы тиіс.

2) Өнеркәсіптік жиіліктегі  жоғарылатылған кернеумен сынау: 

КТҚ және КТҚС ұяшықтарының бастапқы тізбектерінің оқшаулауы. Жұмыс күйіне алынған, толығымен монтаждалған КТҚ және КТҚС ұяшықтары арбашада және жабық есіктерде осы Қағидаларға 5-қосымшаның                     75-кестесінде сынама кернеуі көрсетілген.

Керамикалық оқшаулағышы бар ұяшықтар үшін нормаланған сынама кернеуінің қосымша ұзақтығы – 1 мин; қатты органикалық материалдардан жасалған оқшаулағышы бар ұяшықтар үшін – 5 мин;

екінші ретті тізбектердің оқшаулағышы 1 кВ кернеумен жүргізіледі. Нормаланған сынама кернеуінің қосымша ұзақтығы 1 мин.

3) Тұрақты ток кедергісін  өлшеу. Алынатын және болтты қосылыстардың  кедергісі тұрақты токқа осы  Қағидаларға 5-қосымшаның 76-кестесінде  көрсетілген шамалардан аспауы  тиіс.

4) Механикалық сынау. Дайындаушы  зауыт нұсқамаларына сәйкес жүргізіледі. Механикалық сынауларға:

жылжымалы элементтерді ажыратқыш түйіспелерінің, сондай-ақ пердешелердің, блоктаулардың, фиксаторлардың және т.б. өзара кіруін тексерумен домалатып кіргізу және шығару;

бірінші реттік ажыратқыш түйіспелерін жанасқан басуды өлшеу;

жерге тұйықталған ажыратқыштардың жұмысын және түйіспелердің күйін тексеру жатады.

 

 

14. Ауа салқындатқышы  бар жиынтықты экрандалған ток  өткізгіштері және шина өткізгіштер

 

 

290.      Ток өткізгіштері және шина өткізгіштеріне (генератор, күштік және өлшеу трансформаторлары т.б.) қосылған қондырғылардың сынау көлемі мен нормасы осы тараудың тиісті параграфында көрсетілген.

Толық орнатылған ток өткізгіштері осы параграфта қарастырылған көлемде сыналады.

1)                өнеркәсіптік жиіліктегі жоғарылатылған кернеумен сынау. Генератор, күштік трансформаторлардың және кернеу трансформаторлары орамының ажыратылған күйдегі ток өткізгішінің  оқшаулағышын сынау кернеуі осы Қағидалардың 5-қосымшасының 77-кестесіне сәйкес орнатылады.

Таза фарфор оқшаулағышы бар ток өткізгіштер үшін нормаланған сынама кернеуінің қосымша ұзақтығы 1 мин., егер ток өткізгіш  оқшаулағышының құрамында қатты органикалық материалдардың элементтері болса, сынама кернеуінің қосымша ұзақтығы 5 мин созылады.

2) Болтты және дәнекерлеу  арқылы жалғанған қосылыстардың  сапасын тексеру. Ток өткізгіштің  болтты қосылысының ішке тартудың  таңдаулы тексеру.

Егер ток өткізгіш монтажы тапсырыс берушінің болмауында жүргізілетін болса, түйіспелі қосылысының орындалу сапасын тексеру мақсатында ток өткізгішінің 1-2 болтты қосылысының таңдаулы сұрыптауы жүргізіледі.

Дәнекерлеу қосылыстары алюминийді дәнекерлеу нұсқамасына сәйкес немесе тиісті құрылғының, рентген немесе гамадефектоскопия немесе дайындаушы зауыттың басқа ұсынылған әдістерінің бар болуы тексеруге ұшырайды.

3) Оқшаулау төсемелерінің  күйін тексеру. Тіреуіш металл  конструкцияларынан қабы оқшауланған  ток өткізгіштерінде жүргізіледі. Оқшаулама төсемелерінің бүтіндігі  секциялардың тұғыр арасындағы  металл конструкцияларында жүретін, фаза секциясының оқшаулама төсемелерінде  кернеу төмендеуін салыстырмалы  өлшеулерді немесе токты өлшеу  арқылы тексеріледі

4) Ток өткізгішінің жасанды  салқындату құрылғысын тексеру  және қарау. Дайындаушы зауыт  нұсқаулығына сәйкес жүргізіледі.

 

 

 

 15. Құрама және  біріктіруші шиналар

 

 

291.      Шиналар: 1 кВ дейінгі кернеуге осы тармақтың 1), 3), 5) тармақшалары бойынша, 1 кВ асатын кернеуге осы Қағидалардың                  290-тармағының 2), 6) тармақшалары бойынша осы параграфта қарастырылған көлемде сыналады.

1) Оқшаулау кедергісін  өлшеу. 1 кВ кернеуге мегаомметрмен  өлшенеді. Оқшаулау кедергісі 0,5 МОм  кем болмауы тиіс.

2) Оқшаулауды өнеркәсіптік  жиіліктегі жоғары кернеумен  сынау:

бір элементті тіреуіш оқшаулағыштар. Ішкі және сыртқы қондырғылардың керамикалық бір элементті тіреуішті оқшаулағыштары осы Қағидалардың 299-тармағына сәйкес сыналады;

тіреуіш көп элементті және аспалы оқшаулағыштар. Істікшелі және аспалы оқшаулағыштар осы Қағидалардың 299-тармағына сәйкес сыналады.

3) Шиналардың болтты түйіспелі  жалғауларын орындау сапасын  тексеру. Түйіспелердің ішке тарту  және қосылыстардың 2-3 % ашылу сапасын  таңдаулы тексерісі жүргізіледі. Түйіспелі қосылысының ауыспалы  кедергісін өлшеу 2-3 % қосылысына 1000 А және одан астам құрама  және біріктіруші шиналарында  таңдаулы түрде жүргізіледі. Шина  учаскесінде (0,7-0,8 м) кернеу немесе  кедергі төмендеуі түйіспелі  қосылыс орнында шина учаскесінің  ұзындығы және қимасы 1,2 есе кернеу немесе кедергі төмендеуінен аспауы тиіс.

4) Шиналардың қысылған  түйіспелі қосылыстарын орындау  сапасын тексеру. Қысылған түйіспелік  қосылыстар мынадай жағдайларда  ақауы бар деп танылады:

олардың геометриялық өлшемдері осы типтегі қосылу қысқышты монтаждау бойынша нұсқаулықтың талаптарына сәйкес болмаса;

жалғағыш немесе қысқыштың бетінде сызат, айтарлықтай тоттанған немесе механикалық бүлінген болса;

қысылған қосылыстың қисықтығы оның ұзындығының 3 % асатын болса;

қысылған темір өзекше симметриялы емес орнатылған жағдайда.

Қысылған түйіспелік қосылыстардың 3-5 % өтпелі кедергісін таңдаулы өлшеу қажет.

Қосылыс учаскесінде кернеу немесе кедергі төмендеуі түйіспелі қосылыс орнында өткізгіш учаскесінің ұзындығы және қимасы 1,2 есе кернеу немесе кедергі төмендеуінен аспауы тиіс.

5) Дәнекерленген түйіспелі  қосылыстарды бақылау. Егер дәнекерлеуді  орындағаннан кейін:

өткізгіштің сыртқы орамын күйдіріп жіберу немесе қосылған  өткізгіштерді ию кезінде дәнекерлеудің бұзылуы;

дәнекерлеу орнында өткізгіштің тереңдігі 1/3 диаметрінен асатын отыру қабыршағы анықталған жағдайда дәнекерленген түйіспелі қосылыстар ақаулы болып саналады.

6) Өтпелі оқшаулағыштарды  сынау осы Қағидалардың 298-тармағына  сәйкес орындалады.

 

 

 

 

 

 

16. Құрғақ ток  шектеуіш реакторлар

 

 

292.      Құрғақ ток шектеуіш реакторлар осы параграфпен қарастырылған көлемде сыналуы тиіс.

1) Бекітпе болттарына  қатысты орамаларының оқшаулағышының  кедергісін өлшеу 1-2,5 кВ кернеуге  мегаомметрмен жүргізіледі. Оқшаулағыштың  кедергісі 0,5 МОм кем болмауы тиіс.

2) Реакторлардың фарфорлық  тіреу оқшауламасын өнеркәсіптік  жиіліктің жоғары кернеуімен  сынау. Толық жинақталған реактордың  тіреу оқшауламасының сынау кедергісі  осы Қағидаларға 5-қосымшаның                  78-кестесіне сәйкес орнатылған.

Нормаланған сынау кернеуінің қосымша ұзақтығы – 1 мин.

Құрғақ реакторлардың тіреу оқшаулағышын өнеркәсіптік жиіліктегі жоғары кернеуімен сынау ұяшықтарды шиналау оқшаулағыштарымен бірге жүргізіледі.

 

 

17. Электр сүзгілері

 

 

293.      Электр сүзгілері осы параграфпен қарастырылған көлемде сыналуы тиіс.

1) Қоректену агрегатының  трансформатор орамның оқшаулама  кедергісін өлшеу 1000-2500 В кернеуде  мегаомметрмен өлшенеді.

380 (220) В кернеудегі орамалардың  оқшаулағышының кедергісі оған  жалғанған тізбектерді қосқанда 1 МОм кем емес болуы тиіс.

Жоғары кернеудегі орамның оқшаулама кедергісі 25 оС температурада     50 МОм кем болмауы немесе агрегат паспортында көрсетілген шамадан 70 % кем болмауы тиіс.

2) Қоректену агрегатының 380 (220) В тізбегінің оқшауламасын  сынау    50 Гц жиілікте 2 кВ кернеумен 1 мин ішінде жүргізіледі*.

Информация о работе Электр қондырғыларын орнату қағидалары