Электр қондырғыларын орнату қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2014 в 18:08, реферат

Описание работы

1. Осы Қағидалар «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және қолданыстағы электр қондырғыларын жобалау, қайта жаңғырту және пайдалану кезінде қолданылады.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) электр қондырғысы – электр энергиясын өндіруге, түрлендіруге, трансформациялауға, беруге, таратуға және оны энергияның басқа түріне түрлендіруге арналған машиналардың, аппараттардың, желілер мен қосалқы құралдардың (олар орнатылған құрылыстар мен үй-жайларымен бірге) жиынтығы.

Файлы: 1 файл

реверсив.docx

— 273.28 Кб (Скачать файл)

57) жанасу кернеуі –  адамның бір мезгілде жанасуы  кезінде өткізгіш бөліктердің  арасында немесе екі электр  өткізгіштердің арасындағы кернеу;

58) қадам кернеуі –  адам қадамының ұзындығына тең  деп қабылданатын бір-бірінен 1 м қашықтықтағы жер үстіндегі екі нүктенің арасындағы кернеу;

59) тікелей жанасудан қорғау  – кернеу астындағы токөтер  бөліктерге жанасуды болдырмас  үшін қорғау;

60) жанама жанасу кезіндегі  қорғау – оқшаулаудың бүлінген  кезінде кернеу астында қалған  ашық өткізгіш бөліктерге жанасқан  кезде электр тоғының зақымдануынан  қорғау;

61) жерге тұйықтағыш  қондырғының кедергісі – жерге тұйықтағыштен жерге енген токқа жерге тұйықтағыш қондырғыдағы кернеудің қарым-қатынасы;

62) бірыңғай емес құрылыммен  жердің эквивалентті меншікті  кедергісі – біртекті құрылымды  жердің меншікті кедергісі жердің  бірыңғай құрылымындағыдай мәнге  ие.

Осы Қағидаларда қолданылатын «меншікті кедергі» термині бірыңғай құрылымды жер үшін «эквивалентті меншікті кедергісі» ретінде түсінген жөн;

63) қорғаушы автоматты  ажырату – бір немесе бірнеше  фазалы өткізгіштердің тізбегінің, қажет болса электр қауіпсіздігі  мақсатында нөлдік жұмыстық өткізгіштің  автоматты ажырауы.

Қағидаларда пайдаланылатын қолданылатын «қоректі автоматты ажырату» терминін «қоректі қорғаныштық автоматты ажырату» ретінде түсінген жөн;

64) әлеуетті теңдестіру  – әлеуеттің теңдігіне қол  жеткізу үшін өткізгіш бөліктердің  электрлік жалғанымы;

65) әлеуетті қорғау теңдестіру  – электр қауіпсіздігі мақсатында  орындалатын әлеуетті теңдестіру.

Осы Қағидаларда қолданылатын «әлеуетті теңдестіру» терминін «әлеуетті қорғау теңдестіру» ретінде түсінген жөн;

66) әлеуетті теңестіру  – жер немесе еден бетіндегі  әлеуеттің әркелкілігін (кернеу  қадамын) жерде, едендегі немесе  оның бетінде салынған және  жерге қосылатын қондырғыға жалғанған  қорғаушы өткізгіштер көмегімен  немесе жердің арнайы жабынын  қолдану жолымен төмендету;

67) негізгі оқшаулама –  өзінің негізгі мақсатынан тыс, тікелей жанасудан қорғау қамтамасыз  ететін ток жүретін бөліктерді  оқшаулау;

68) қосымша оқшаулама –  жанама жанасу кезінде қорғау  үшін негізгі оқшаулауға қосымша  орындалатын 1 кВ дейінгі кернеудегі  электр қондырғыларындағы тәуелсіз  оқшаулау;

69) қосарлы оқшаулама –  негізгі және қосымша оқшауламаның  жиынтығы;

 

 

70) күшейтілген оқшаулама  – қосарлы оқшауламамен қамтамасыз  етілетін қорғаушы тең бағалы  электр тогының зақымдауынан  қорғайтын дәрежені қамтамасыз  ететін 1 кВ дейінгі кернеулі электр  қондырғылардағы оқшаулама;

71) аз кернеу – ауыспалы  токтың 42 В және тұрақты токтың 110 В көп емес кернеу;

72) бөлектеуші трансформатор  – бірінші реттік орамасы қорғаушы  электрлік бөлектеуші тізбектің  көмегімен екінші реттік орамадан  бөлектенген трансформатор;

73) қауіпсіз бөлектеуші  трансформатор – аз кернеулі  тізбектің қорегі үшін арналған  бөлектеуші трансформатор;

74) қорғаушы экран –  басқа тізбектің ток жүргізу  бөліктерінен электр тізбегін  немесе өткізгіштерді бөлектеуге  арналған өткізгіш экран;

75) тізбекті қорғанышты  электрлік бөлектеу:

қосарлы оқшауламаның;

негізгі оқшаулама мен қорғаушы экранның;

күшейтілген оқшауламаның көмегімен 1 кВ дейінгі кернеулі электр қондырғыларда бір электрлік тізбекті екінші электрлік тізбектен бөлектеу;

76) өткізбейтін (оқшаулайтын) үй-жайлар (аймақтар) – қорғаушы  жанама жанасу кезінде еден  мен қабырғаның жоғары кедергісін  қамтамасыз ететін және онда  жерге тұйқталған электр өткізгіш  бөліктері жоқ үй-жайлар, алаңдар, аймақтар;

77) өндірістік жиіліктің  сынақ кернеуі –тәжірибелік синусоидты, берілген уақыт ішінде сынақтың  белгілі бір жағдайларында электр  құрал-жабдықтарының сыртқы және  ішкі оқшауламасы шыдауы тиіс 50 Гц жиіліктегі кернеудің қолданыстағы  мәні;

78) қалыпты оқшаулауы бар  электр құрал-жабдықтары – найзағайдан  қорғау бойынша қарапайым шаралар  кезінде атмосфералық асқын кернеулердің  әрекетіне ұшырайтын электр қондырғыларды  пайдалануға арналған электр  құрал-жабдықтары;

79) жеңілдетілген оқшаулауы  бар электр құрал-жабдықтары –  атмосфералық асқын кернеулердің  әсеріне ұшырамайтын электр қондырғыларды  ғана қолдануға арналған немесе  өндірістік жиіліктегі сынақ  кернеуінің амплитудалы мәнінен  аспайтын, атмосфералық асқын кернеулердің  амплитудалы мәнін шектейтін  мәнмен шектелетін найзағайдан  қорғаудың арнайы қондырғысымен  жабдықталған құрал-жабдықтар;

80) аппараттар – барлық  санаттағы кернеудің ажыратқыштары, айырғыштары, бөлектеуіштері, қысқа  тұйықтауыштары, сақтандырғыштар, токшектеуіш  реакторлары, конденсаторлары, кешенді  экрандандырылған ток сымдары;

81) нормаланбаған өлшенетін  шама – абсолюттік мағынасы  нормативті нұсқаулармен регламенттелмеген  шама. Бұл жағдайда құрал-жабдықтардың  жағдайын бағалау көрінеу жақсы  мінездемеге ие біртипті құрал-жабдықтардағы  ұқсас өлшемдердің мәліметтерімен немесе қалған сынақтар нәтижесімен салғастыру жолымен жүргізіледі;

82) электр жабдықтарының  кернеу класы – осы электр  жабдықтарының жұмысына арналған  электрлік жүйенің атаулы кернеуі;

83) жылыстау жолының тиімді  ұзындығы – ластану және сыздану  жағдайында оқшаулатқыштың немесе  оқшаулатқыш құрылымның электрлік  беріктігін айқындайтын жылыстау  жолы ұзындығының бөлігі;

84)  жылыстау жолының меншікті тиімді ұзындығы (lэ)  – электр қондырғысы жұмыс істейтін желідегі неғұрлым көп жұмыстық фазааралық кернеуге жылыстау жолының тиімді ұзындығының қатынасы;

85) жылыстау жолының ұзындығын  пайдалану коэффиценті (k) - оқшаулатқыштың немесе оқшаулатқыш құрылымның жылыстау жолының ұзындығын пайдалану тиімділігін есепке алатын түзету коэффициенті;

86) ластану дәрежесі (бұдан  әрі – ЛД) – электр қондырғылардың  оқшаулатқышының электрлік беріктігін  төмендетуге атмосфера ластануының  әсерін есепке алатын көрсеткіш;

87) ластану дәрежесінің  картасы (бұдан әрі – ЛДК) –  ЛД бойынша аумақты аудандастыратын  географиялық карта;

88) тарату құрылғысы (бұдан  әрі – ТҚ) – электр энергиясын  қабылдау және тарату үшін  қызмет ететін және коммутациялық  аппараттардан, жинақтаушы және  жалғаушы шиналардан, көмекші құрылғылардан (компрессорлы, аккумуляторлы және  басқа), сондай-ақ  қорғаныстық, автоматтық құрылғы мен өлшеуіш аспаптарынан тұратын электр қондырғысы;

89) ашық тарату құрылғысы (бұдан әрі – АТҚ) – барлық  немесе негізгі құрал-жабдықтары  ашық ауада орналастырылған ТҚ;

90) жабық тарату құрылғысы (бұдан әрі – ЖТҚ) – құрал-жабдықтары  ғимарат ішінде орналасқан ТҚ.

Құрама ажыратқыш деп өздігінен және рұқсатсыз түрде жерге тұйықтаудың (жерге тұйықтаудың) ажыратылуы мен тұйықтағыштың қосылуын болдырмайтын ажыратқыш пен жерге қосқыштардың жетегін механикалық және электрлік блоктауы, стационарлы жерге тұйықтау (жерге тұйықтағыштардың) дәйекті түрде көзделген құрылым және оқшауламаның беріктігіне қатысты айырғыштарға қойылатын талаптарды қанағаттандыратын ажыратылған қалыптағы ажыратқыш;

91) жинақы тарату құрылғысы  – жинақталған немесе жинақтау  үшін толық дайындалған түрде  жеткізілетін аппараттары, қорғау  және автоматикалық құрылғысы  қоса орнатылған блоктардан немесе  толықтай жекелей жабық шкафтардан  тұратын ТҚ.

Ішкі қондырғыға арналған жинақы тарату құрылғысы қысқаша ЖТҚ деп белгіленеді. Сыртқы қондырғы үшін арналған жинақы тарату құрылғысы қысқаша СЖТҚ деп белгіленеді;

92) қосалқы станция –  электр энергиясын түрлендіру  және тарату үшін қызмет ететін  және трансформаторлардан немесе  энергияны өзге түрлендіргіштерден, тарату құрылғыларынан, басқару  құрылғылары мен көмекші құралымдардан  тұратын электр қондырғысы.

Қандай да бір қызметіне байланысты қосалқы станциялар трансформаторлық немесе түрлендіргіш деп аталады;

93)  қоса салынған қосалқы станция (қоса салынған ТҚ) – негізгі ғимаратқа тікелей жанасқан қосалқы станция (ТҚ);

94) кіріктірілген қосалқы  станция (кіріктірілген ТҚ) – негізгі  ғимараттың контурына кіретін  жабық қосалқы станция (жабық  ТҚ);

95) цех ішіндегі қосалқы  станция – өндірістік ғимараттың (ашық немесе  жеке жабық бөлмеде) ішінде орналасқан қосалқы станция;

96) жинақталған трансформаторлық (түрлендіргіш) қосалқы станция –трансформаторлардан (түрлендіргіштерден) және жинақталған  немесе жинақтау үшін толықтай  дайындалған түрде жеткізілетін  блоктардан (ЖТҚ немесе СЖТҚ және  басқа элементтерден) тұратын қосалқы  станция. Жинақталған трансформаторлық (түрлендіргіш) қосалқы станциялар (ЖТС, ЖТС) немесе олардың бөліктері  жабық үй-жайда орналастырылса, ішкі  қондырғыларға, ашық ауада орнатылатындары  – сыртқы қондырғыларға жатқызылады;

97) бағаналы (діңгекті) трансформаторлық  қосалқы станция – барлық құрал-жабдықтары  жоғарыда, қосалқы станцияның қоршауын  қажет етпейтін құрылымдарда  немесе ӘЖ тіректерінде орнатылған  ашық трансформаторлық қосалқы  станциялар;

98) тарату пункті (бұдан  әрі – ТП) – қосалқы станция  құрамына енбейтін түрлендірусіз  және трансформацияланусыз бір  кернеуде электр энергиясын қабылдауға  және таратуға арналған ТЖ;

99) камера – аппараттар  мен шиналарды орнатуға арналған  үй-жай;

100) жабық камера – барлық  жағынан жабық және тұтас (торлы  емес) есіктері бар камера;

101) қоршалған камера –  жартылай тұтас емес қоршаудан  немесе толық қорғаушы қуыстары  бар камера.

Аралас қоршаулар ретінде тұтас табақтар мен торлардан тұратын қоршаулар түсіндіріледі;

102) жарылғыш камера –  жарылғыш дәзілге немесе сыртқа  шығу есігі бар және онда  орнатылған апараттардың зақымдалуы  кезінде ықтимал авариялық салдарды  оқшаулауға арналған жабық камера;

103) қызмет көрсету дәлізі  – аппараттар мен шиналарға  қызмет көрсетуге  арналған ЖТҚ шкафтарының немесе камераларының бойындағы дәліз;

104) жарылыс дәлізі –  жарылыс камерасының есіктері  шығарылған дәліз;

105) түрлендіру агрегаты  – агрегаттың жұмысы мен оны  қосуға қажетті трансформатордың, сондай-ақ құралдар мен аппараттың  бір немесе бірнеше жартылай  өткізгішті түрлендіргіштерінен  тұратын жабдықтың жинағы;

106) жартылай өткізгішті  түрлендіргіш – түрлендіргіштің  жұмысы мен оны қосу үшін  қажетті әуе немесе сумен салқындату  жүйесі бар шкафтарда немесе  жақтауларда орнатылған жартылай  өткізгіш тетіктердің (басқарылатын  немесе басқарылмайтын), сондай-ақ  құралдар мен аппараттардың жиынтығы;

107) қоректендіретін жарық  беруші желі – қосалқы станцияның  тарату құрылғысынан немесе электр  берілісінің  әуелік желілерінен СҚ, СТҚ, БТҚ-на дейін тармақталған желі;

108) бөлу желісі – СҚ, СТҚ, БТҚ-нан бөлу пункттеріне, жарықтандыруды  қоректендіретін қалқандар мен  орындарға дейінгі желі;

109) топтық желі – қалқандардан  шамдалдарға, ашалы розеткаларға  және басқа да электр қабылдағыштарға  дейінгі желі;

110) сыртқы жарықтандыруды  қоректендіру пункті – сыртқы  жарықтандырудың топтық желісін  қуат көзіне қосуға арналған  электр тарату құрылғысы;

111) түнгі режимнің фазасы  – түнгі уақытта ағытылмайтын  сыртқы жарықтандырудың бөлу  желісі немесе қоректену фазасы;

112) сыртқы жарықтандыруды  басқарудың каскадты жүйесі –  сыртқы жарықтандырудың топтық  желісі учаскесінің тізбекті  қосылуын жүзеге асыратын жүйе;

113) шамдалдың зарядтау  сымдары – желіге қосу үшін (ішінде ашалы ойығы немесе  жанасу қыспақтары, желіге шамдалды  қосу орнының кәбілдері немесе  сымдары жоқ шамдал үшін) онда  орнатылған ашаны ойықтар немесе  жанасу қыспақтарынан шамдалдағы  орнатылған шамдардың қысқыштары  мен аппараттарына дейінгі шамдалдың  ішіне төселетін сымдар;

114) кәбілдік желі –  май толтырылған желілер үшін, тіреу бөлшектері мен шеткі, бітеуіш  және шеткі муфталары (бітемелері) бар бір немесе бірнеше қосарлас  кәбілдерден тұратын, одан басқа  май қысымы дабылының жүйесі  және қоректендіру аппараттарымен  оның бөлек импульстар немесе  электр энергиясын беру желісі;

115) кәбілдік құрылыс - онда  кәбілдерді, кәбілді жалғастырмаларды, сондай-ақ май толтырылған кәбілдік  желілердің қалыпты жұмысын қамтамасыз  етуге арналған маймен жабдықталатын  аппараттарды және басқа да  жабдықтарды орналастыруға арналған  арнайы құрылыс. Кәбілдік құрылыстарға  мыналар жатады: кәбілді туннель, каналдар, қораптар, блоктар, шахталар, қос едендер, кәбілді эстакадалар, галереялар, камералар, қоректендіретің  пунктер;

116) кәбілді туннель –  кәбілдерді және кәбілді муфталарды  орналастыруға арналған тіреу  конструкциялары орналастырылған, кәбілді ұзына бойына төсеуге, кәбіл желілерін жөндеуге және  қарауға мүмкіндік беретін еркін  өтпелі жабық құрылыс (дәліз);

117) кәбілді канал –  жерге, еденге, жабынға және оған  ұқсас (ішінара немесе толық) кіріктірілген, онда жабынды алып тастағанда  ғана кәбілдерді төсеуді, қарауды  және жөндеуді жүргізуге болатын  және жабық, өте алмайтын құрылыс;

118) кәбілдік шахта –  биіктігі қимасы жағынан бірнеше  есе үлкен, адамдар оның жанынан  жүруі үшін (өтпелі шахта) саты  және қапсырмамен жабдықталған  немесе толықтай алынбалы немесе  жартылай қабырғалы (өте алмайтын  шахта) тік кәбілді құрылыс;

Информация о работе Электр қондырғыларын орнату қағидалары