Малайзия мемлекетіндегі туризмнің даму үрдісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 08:33, курсовая работа

Описание работы

Көкейкестілігі. Малайзия - конституциялық монархия елі, бұрынғы Британия колониясы, 1957 жылы егемендікке қол жеткізген мемлекет. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Малайзиядағы барлық ұлттық байлықтың 62,3 пайызы шетел компанияларының, 22,9 - этностық қытайлардың, 7 пайызға жуығы үнділердің, ал тек қана 0,07 пайызы негізгі тұрғындар — малайлардың қолында болды.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................5
1 Малайзия – оңтүстік шығыс азиядағы мемлекет....................…… ..........6
1.1 Географиялық орны мен экономикалық жағдайы ................................... 6
1.2 Халқы мен ұлттық құрамы, салт-дәстүрі мен мәдени байлығы...............9
1.3 Малазияның туристік орталықтары (Сабах, Саравак,Куала-Лумпур, Лангкави, Пенанг Кедах штаты)……………………………………………….....13
2 Малайзия жерінің жағдайы мен демалыс жағдайын сипаттау...................19
2.1 Малайзия жері және өнеркәсіп жағдайы.....................................................19
2.2 Малайзиядағы демалыс жағажайлары........................................................21
2.3 Екі ел арасындағы экономикалық байланыс..............................................24
2.4 Туристік саладағы екі елдің жоспарлау жүйесі мен Малайзия тәжірибесі.................................................................................................26
Қорытынды................................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................33

Файлы: 1 файл

Малайзия КЖ Досанов.doc

— 230.50 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

    Кіріспе.......................................................................................................................5

1    Малайзия –  оңтүстік шығыс азиядағы мемлекет....................…… ..........6

1.1 Географиялық орны мен экономикалық жағдайы ................................... 6

1.2 Халқы мен ұлттық құрамы, салт-дәстүрі  мен мәдени байлығы...............9

1.3 Малазияның туристік орталықтары  (Сабах, Саравак,Куала-Лумпур, Лангкави, Пенанг Кедах штаты)……………………………………………….....13

2   Малайзия жерінің жағдайы мен демалыс жағдайын сипаттау...................19

2.1 Малайзия жері және  өнеркәсіп жағдайы.....................................................19

2.2  Малайзиядағы демалыс жағажайлары........................................................21

2.3  Екі ел арасындағы экономикалық  байланыс..............................................24

2.4 Туристік     саладағы     екі    елдің    жоспарлау    жүйесі    мен    Малайзия тәжірибесі.................................................................................................26

Қорытынды................................................................................................................29

Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................33

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Көкейкестілігі. Малайзия - конституциялық монархия елі, бұрынғы Британия колониясы, 1957 жылы егемендікке қол жеткізген мемлекет. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Малайзиядағы барлық ұлттық байлықтың 62,3 пайызы шетел компанияларының, 22,9 - этностық қытайлардың, 7 пайызға жуығы үнділердің, ал тек қана 0,07 пайызы негізгі тұрғындар — малайлардың қолында болды. Шет ел компаниялары (негізінен Британия компаниялары) мұнай кендеріне, пальма плантацияларына иелік етті; өндіріс, қалайы кендері және сауда - қытайлықтарда, каучук (сағыз) өндірумен үнділер айналысты. Малайлар негізінен плантацияда жұмыс істеп, ауылдық жерлерде тұрды.

Ұлттық байлықты иемденудегі  жоғарыда көрсетілген өрескел қайшылықтар  кезінде елдегі этностық топтардың қақтығысына әкелді. Бірақ Малайзия үкіметі осы қайшылықтарды жеңудің бірден бір тура жолы тиянақты да тиімді әлеуметтік-экономикалық саясат қабылдап, оны нәтижелі іске асырған. Малазияның туристік саласында даму деңгейін біліп, сосын оны Қазақстан туризімімен салыстыру.

Курстық жұмыстың мақсаты:  Малайзия мемлекетінің географиялық және экономикалық жағдайын, Қазақстанмен екі елдің арасындағы қарым-қатынастың мазмұнын, туризмді дамытудың жолдарын зерттеу.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Малайзия елінің халқы мен ұлттық құрамы, салт-дәстүрі мен мәдени байлықтарымен танысу;
  • Малайзия туристік орталықтарының және туристік экономикалық жағдайын анықтау;
  • Қазақстан мен Малайзия арасындағы қарым-қатынас байланыстары, туризм саласын дамытудағы өзара тәжірибелерін зерттеу;
  • Малайзия – мемлекетінің географиялық орны мен экономикалық

жағдайын зерттеу.

Малайзия мемлекетінің туристік деңгейінің  ерекшелігін  зерттейтін  арнайы  бейімделгенін  әдістемелер   қолданысқа  негізделді;

- Малайзия -Қазақстан елдерінің арасындағы өзара байланыстың мәні бар екені анықталады.

Малайзия мемлекетінің географиялық жағдайымен туристік байлықтарын  аша отырып,  оның  Қазақстанмен туризм саласын дамытудың механизімдері  сипатталынды.  Зерттеу  барысында  алынған  мәліметтер  Малайзия мемлекеті туралы ақпараттар толықтырады,  зерттеу  мәселесіне байланысты туризмнің  мәні  мен мазмұнын  ашылады.

 

 

 

 

 

 

 

1 Малайзия – Оңтүстік – Шығыс Азиядағы мемлекет

     1.1 Географиялық орны мен экономикалық жағдайы

Малайзия – Малайзия екі бөліктен тұрады: Малайзия түбегі (немесе Батыс Малайзия) және Шығыс Малайзия (Калимантан аралы бөлігінде орналасқан Сабах және Саравак провинциялары). Батыс Малайзия солтүстігінде Тайландпен, ал оңтүстігінде Сингапурмен шектеседі. Шығыс Малайзия түбектен Оңтүстік-Қытай теңізі аркылы бөлінеді және Борнео (Калимантан) аралының солтүстік бөлігінде орналасқан. Калимантанның оңтүстік бөлігі Индонезияға кіреді.

Оңтүстік Шығыс Азиядағы федералды мемлекет. Батыс бөлігі Малакка түбегінің оңтүстігінде, шығыс бөлігі Калимантан аралының солтүстігі мен солтүстік батысында орналасқан. Жер аумағы 332,8 мың км шаршы. Халқы – 21,3 млн (2000). Тұрғындарының 54%-ы малайлар, 35%-ы қытайлар, 10%-ы үнділер. Астанасы – Куала-Лумпур қаласы. Әкімшілік тұрғыдан 13 штатқа және 2 федералды аумаққа бөлінеді. Ресми тілі – малай тілі. Негізгі діні – ислам (мұсылман-сунниттер), сонымен бірге, буддизм, христиан діндерін ұстанады. Малайзия – Конституциялы монархиялы мемлекет.

Ел басшысы – сұлтан. 13 штаттың 9-ын мұрагерлік құқығы бар сұлтан әулетінің өкілдері билесе, төртеуін губернаторлар басқарады. Сұлтандар жоғары басқару кеңесін құрып, 5 жылдық мерзімге өз арасынан Жоғары сұлтанды сайлайды. Жоғарғы заң шығарушы орган екі палатадан (Сенат және Өкілдер палатасы) тұрады. Атқарушы билік премьер-министрге бағынады. Ақша бірлігі – ринггит.

Табиғаты. Малайзия экваторлық белдеуде орналасқан. Батыс аумағын солтүстіктен оңтүстікке қарай таулы белдеу кесіп өтсе, шығысын жағалаулық жазықтық алып жатыр. Климаты оңтүстігінде экваторлық, солтүстігінде субэкваторлық, муссондық. Орташа жылдық температурасы 25-28°С. Жауын-шашын мөлшері жылына жағалаулық өңірлерде 2000-2500мм, таулы аймақта 4000-5000мм. Ірі өзендері- Раужанг, Бором, Кинабатонлон. Малайзия жерінің жартысынан жуығын мәңгі жасыл ылғалды тропиктік орман алып жатыр. Малайзияның ең үкен аралдары бұл - Пинанг және Ланкгави аралы. Малакка түбегінің жағалауын батысқа қарай орналасқан. Батыс Малайзия таулары Малакканың орталық бөлігін алып жатыр. Ең биік нүктесі Тахан тауы. (2190 м)

Шығыс Малайзия Саравак штатында таулы жоталар оңтүстікке қарай жалғасады. Индонезияның шекарасына дейін жетеді. Бұл жерде жеке таулардың биіктігі 2300-2400 метрге жетеді. Ал солтүстігіне қарай Малайзияның ең биік тауы Кинабалу орналасқан. Бұл таудың биіктігі 4175 метр. Малайзиялық таулар құрамы балшықты, әктасты, гранитты болып келеді. Кей кезде таудан төгілетін таулы ағындарды байқауға болады. Мемлекеттің жер қойнауы әр түрлі пайдалы қазбаларға бай: темір рудалары, мұнай, боксит, көмір, алтын, сирек кездесетін металлдар бар. Мұнай қоры Малайзияның жағалауларындағы теңіз шельфінде табылған.

Елде көптеген өзендер бар. Олар ұзындығына қарамастан суы мол болып келеді. Бастауларын таулы массивтерден және таулықыраттардан басталып, ағыстары өте қатты болады. Олар таудан аққан кезде түрлі әдемі сарқырамалар құрайды. Олар таудан түскен кезде жайылып суы мол жазық өзендерге айналады. Малакка түбегіндегі өзендер теңізге құяр кезде кең, эстуарилер құрайды. Калимантан аралының солтүстігінде ірі өзендер көптеген салаларға бөлініп ұсақ өзендер құрайды. Көптеген ірі өзендердің төменгі ағындары ұсақ кеме қатынасына пайдаланылады. Ал Раджонг өзені ірі кеме қатынасына пайдалануға қолайлы. Малайзияның ¾ бөлігін мәңгі жасыл тропикалық өсімдіктермен жабылған. Теңіз жағалауларының ойпаты бөліктерінде қалың ормандар қаптаған.

Малайзияның табиғаты экваторлық белдеуде орналасқан. Жағалауы аз тілімделген, көбінесе аласа, батпақты келеді. Калимантан ралының солтүстік-шығысынан маржан рифтері қоршайды. Малайзияның жерінің көпшілік бөлігін Малакка түбегінің төбешіктері, аласа және орташа таулары (1000-2000 м, ең биігі — Тахан тауы, 2190 м) алып жатыр. Оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс жағалаулар, Малакканың оңтүстігі мен Калимантанның жағалаулары да — аллювиалдық ойпаты. Малайзияның ең биік жері — Кинабалу тауы (4101 м). Малакка мен Саравактың оңтүстігінде экваторлық, солтүстікке қарай субэкваторлық, муссондық климат. Ауаның айлық орташа температурасы жыл бойына азғана езгереді (жазықтықтарда 25° С~тан 28° С-қа дейін). Жағалаулық өңірлерде жылына 2000—2500 мм, тауда 4000 мм-ге дейін, Кинабалу массивінің беткейлерінде 5000 мм-ден астам жауын-шашын түседі. Өзен торы жиі. Ұзын өзендері Калимантан аралында (Раджанг, Барам, Кинабатанган). Малакка түбегінің өзендері қысқа келеді (ең ұзын Паханг өзені 320 км). Ірі өзендердің саға тұсы кеме қатынасына жарамды. Жері көбінесе күлгін латериті топырақты, ойпаттары аллювиал топырақты. Малайзияның жерінің ¾ -не жуығын мәңгі жасыл ылғалды тропиктік, көп ярусты биік діңді ағаш (пальма, пандэнус, бамбук, мәңгі жасыл емен, лавр, рододендрон) өскен орман алып жатыр. Жануарлары Үнді-Малайя географиялық облысына жатады. Түр-түрі өте көп: піл, мүйіз тұмсық, гималай аюы, жолбарыс, жабайы өгіз, адам тәрізді маймылдар (орангутан, гиббон), крокодил, айдаһар жылан кездеседі. Орман сүт қоректілерінен тупай, тиін, сусар, жартылай маймыл мекендейді.

Халықтың этникалық құрамы  күрделі.  54  пайыздан астамы  малайя полинезиялық отбасы тілдерінде сөйлейтін халықтар, 37 пайыздай қытайлар, 8,6 пайызы үндістер. Малайялықтар бүкіл ел бойынша, әсіресе солтүстік-батыс   және    шығыс   бөліктерінде   тығыз    қоныстанған.    Қытайлар    мен үндістердің көбісі батыс жағалауда, сонымен бірге ірі  қалаларда тұрады. Мемлекеттік тілі – малайя тілі, мемлекеттік діні —ислам, ресми календары – грагориян календары. Табиғи өсімі (жылына 3 пайыздай) және Үндістан, Индонезиядан   тағы   басқа   елдерден   имиграция   есебінен   Малайзияның халқы тез өсуде. 1957 жылғы санақ бойынша, еңбекке жарамды халықтың 57,6 пайызы ауыл шаруашылығында, 6,3 пайызы өңдеу өнеркәсібінде істеді. Халықтың орташа тығыздығы. 1 км2-ге 30 адамнан асады. Қала халқы Батыс Малайзияда   45,3   пайыз,   Саравакта   19,2   пайыз,   Сабахта   16   пайыз.   Ірі қалалары   (1972):   Куала-Лумпур   (шамамен   1   млн.),   Пинанг,   Ипох, Джохор-Бару, Кланг, Малакка.

Тарихы. Малайзия жерін адам баласы ерте палеолит кезенінен мекендей бастаған. Ежелгі тұрғындары – негроавстриялық текті тайпалар. Біздің заманымыздан бұрынғы 3-1 мың жылдықта Малакка түбегіне қытайдың оңтүстік батысынан австронезия тайпалары келді. Біздің заманымыздан 1-мың жылдықтық аяқ шенінде бұл тайпалар арасында алғашқы қауымдық құрлым ыдырай бастады.

Біздің заманымыздын 1-мың жылдығының бас кезінде осы  күнгі малайзия жеріне Орталық Суматра  ауданынан қазіргі малайзиялықтардың бабалары қоныс аударды. Малака түбегіндегі таптармен мемлекет қалыптасуында Үндістанмен сауда және мәдени байланыстар, үнді қоныстанушылары, буддизм мен индуизмнің енуі ереулі роль атқарды. Үндістаннан Қытайға өтетін сауда жолдары қиылысқан жерлерде, Малакка түдегінің солтүстігінде алғашқы мемлекеттер Ланкасука, Тамбралинг, Такола, Кедех тағы басқа мемлекеттер пайда болды. Билеуші таптың негізгі табысы саудадан түсті. Әдетте бұл қала мемлекеттер көршілес мемлекеттерге тәуелді болды, 3-6 ғасырларда Фунанға, 8 ғасырда суматралық Шривиджай империясына қарады. 13 ғасырлардың ақырында солтүстік княздықтар негізгісі Тамбралинг тайлердің кол астына көшті. 14 ғасырдың 2-жартысында түбектің оңтүстігіндегі княздықтар Маджапахит өкімет билігін мойындады.

15-16 ғасырларда Малака түбегі, Риау архипелагы және Суматра аралының шығыс бөлігі Малака сұлтандығы бірікті. 1511 жылы бұл сұлтандықтың жерін португал отаршылдары басып алды. Малайзияның батыс бөлігі – Малайяда бірнеше сұлтандық құрылды. Олардың ең негізгісі –Джохор еді. 16-18 ғасырларда феодалдық бөлшектену күшейе түсті. Товарлы-ақша қатынасының дамуына байланысты қарыз кіріптарлығы өсті. Құл иеленушілік сақталып қалды. 16-18 ғасырларда Джохор Малайяның басты барлық жерін өз қол астына қартпақ болды. Джохордың басты бәсекелестері португалдықтар мен голландықтар және солтүстік суматралық Аға сұлтандығы еді. 1641 жылы голландықтар Джохормен одақтасып, португалдықтардан Малакканы тартып алды.17 ғасырдың 2- жартысында Джохор Малайяның едәуір бөлігі мен Суматраның шығыс жағалауына өз билігін жүргізді. Малакка бұғазы арқылы өтетін сауда жолын бақылауда өз қолына алуды мақсат еткен Голландия отаршылдары 17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың бас кезінде ішкі 1712 жылғы халық көтерілісі және сыртқы 1666-83 жылғы Джамбимен соғыс елеулі саяси қиыншылықтарға ұшырап отырған Джохорға қарсы шықты. 1722 жылы Джохорда өкімет басына келген буг феодалдарының карсылығын тойтарған голландықтар екі соғыста да 1756-58 жылдары және 1783-87 жылдары жеңіске жетті. 18 ғасырдың ақырында малайя мемлекеттеріне ағылшын отарлау экспансиясы өз ықпалын жүргізе бастады. Ағылшындар алғашқыда 1786-1824 жылдары Малайзияның біраз жерін басып алды. 1826 жылы Малайзиядағы Ұлыбритания иеліктері Үндістан президентігі — Стрейтс-Стелментке бірікті. Экспансияның екінші кезеңінде 1824-67 жылдары Малай түгелдей дерлік Ұлыбританияның ықпалына көшті. 1867-1914 жылдары ағылшын экспансиясының үшінші кезені басталды. Сөйтіп Үлыбританияның Малайзиядағы иеліктерінен Британ Малайясы отары  құрылды.   19  ғасырда  ағылшын  отаршылдары   Бруней сұлтандығы кіретін Шығыс Малайзия жерін басып алды. 1841 жылы Бруней сұлтаны ағылшын авантюрасыі Джорж Брукке Саравакты берді де, мұнда «ақ раджар» әулетінің негізін қалады. 1881-82 жылдары Солтүстік Борнео Британ компаниясы құрылып, 19 ғасырдың ақырында Сабахқа билік жүргізді. 1888 жылы Саравак пен Сабахты ағылшын протекторлары орнады. Ағылшын экспансиясы жергілікті халықтың  наразылығын туғызды. Отаршылдарға қарсы: 1791 жылы Кедах, 1831-32 жылы Нанинг соғыстары, 1875-76 жылы Перак, 1894-1900 жылы Мат Саллех көтерілістері туды.

Малайя, Сабах, Саравак  бірте-бірте Ұлыбританияның аграрлы  шикізат көзіне айналды, отарлық шаруашылық жүйесі құрылды. Британияның Малайяны дүние жүзілік капитал шаруашылық жүйесіне тартуына байланысты капиталистік қатынастар дами бастады. Экспорттық дақылдар плантациялары, ірі қалайы рудниктері, банктер, сауда үйлері, қамсыздандыру және транспорт компаниялары пайда болды. 1914-18 жылдары 1-дүние жүзілік соғыс кезінде тұтыну заттары шығарыла бастады. Жергілікті буржуазия мен жұмысшы табының қалыптасу ерекшеліктерінің бірі 1939-45 жылы 2-дүние жүзілік соғысқа дейін бұл таптар кытайлар үнді иммигранттарынан тұрды. «Азияның ояну» дәуіріне ұлттық және таптық сана-сезім қалыптасып, ұлт-азаттық қозғалысы өрістей түсті. Россиядағы 1905-07 жылдары революцияның және Қытаймен Үндістандағы буржуазиялық - демократия азаттық қозғалысының ықпалымен ұйымдар пайда бола бастады.

1945 жылы Малайзия жеріне  қайта оралған ағылшын отаршылдары  бұрынғы тәртіпті қайта орнатуға  тырысты. Демократиялық партиялар мен ұйымдарды қудалауға тырысты. 1946, 1948 жылдардағы конституциялық реформаларға сәйкес Сингапур Малайзиядан бөлінді. Малайзия ағылшындардың отары болып қалды да 1948 жылы июнде Малайзия одағы, 1948 жылы Малайзия Федерациясы деп аталды. 1946 жылы Сабах пен Саравак Ұлыбританияның отарлар қарауына көшті.

Оқу-ағарту ісі. Ағылшын, малай қытай және тамиль тілдерінде мектептер бар. Халық , ағарту жүйесі: 6 жылдық бастауыш мектеп (6-12 жас), Зжылдық  кіші орта мектеп және 2 жылдық аға орта мектеп. Олар академиялық және кәсіптік бөлімдерге бөлінеді. Университетке түскісі келгендер орта мектептің гуманитарлық не жаратылыс тану ғылыми бөлімдеріне 6- класта 2 жыл оқуға тиіс. Кәсіптік дайындық қолөнер-кәсіптік және орта техникалық мектептерде жүзеге асады. Оқытушыларды педагогикалық орталықтарда және педагогикалық коледждерде, университеттерде даярлайды. Жоғары білім беретін Малайзия университеті 1956 жылы құрылған, содан кейін Пинангадағы университет 1969 жылы кұрылған, және Малайзия ұлттық университеті 1972 жылдың өзінде бұл университетте 10 мыңнан астам адам оқыды. Малайзияда бастауыш мектептерде 1,4 млн-ға жуық, кіші орта мектептерде 379 мыңға жуық, аға орта мектептерде 89,4 мың оқушы, 6-кластарда 11 мыңнан астам оқушы оқыды.

Экономикасы. Малайзия экономикасы мұнай, каучук, қалайы, ағаш өнімдерін экспортқа шығаруға негізделген. Негізгі ауыл шаруашылық дақылдары - күріш, какао, бұрыш. 1995 жылдан экспорттық тауарлар катарларына автокөлік бөлшектері, радиоэлектроника, тоқыма-тігін тауарлары және цемент, станоктар, т.б. қосылды. 1990 жылдан Малайзия туризм орталығына айнала бастады. Негізгі сауда серіктері: Жапония, АҚШ, Сингапур. Қазақстан мен Малайзия дипломатиялық қарым-қатынасы 1992 ж 16 наурыздан бастап орнығып, тұрақты елшіліктер ашылды. Н.Назарбаев 1996 жылы мамырда Малайзияға ресми сапармен барса, 1996 ж шілдеде, 2003ж қыркүйекте Малайзияның Жоғарғы билеушісі Қазақстанға келді. Малайзия Қазақстанның мұнай, туризм, спутниктік байланыс саласындағы негізгі әріптестерінің бірі болып табылады. Малайзияның ақшасы ринггит.

Информация о работе Малайзия мемлекетіндегі туризмнің даму үрдісі