Малайзия мемлекетіндегі туризмнің даму үрдісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 08:33, курсовая работа

Описание работы

Көкейкестілігі. Малайзия - конституциялық монархия елі, бұрынғы Британия колониясы, 1957 жылы егемендікке қол жеткізген мемлекет. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Малайзиядағы барлық ұлттық байлықтың 62,3 пайызы шетел компанияларының, 22,9 - этностық қытайлардың, 7 пайызға жуығы үнділердің, ал тек қана 0,07 пайызы негізгі тұрғындар — малайлардың қолында болды.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................5
1 Малайзия – оңтүстік шығыс азиядағы мемлекет....................…… ..........6
1.1 Географиялық орны мен экономикалық жағдайы ................................... 6
1.2 Халқы мен ұлттық құрамы, салт-дәстүрі мен мәдени байлығы...............9
1.3 Малазияның туристік орталықтары (Сабах, Саравак,Куала-Лумпур, Лангкави, Пенанг Кедах штаты)……………………………………………….....13
2 Малайзия жерінің жағдайы мен демалыс жағдайын сипаттау...................19
2.1 Малайзия жері және өнеркәсіп жағдайы.....................................................19
2.2 Малайзиядағы демалыс жағажайлары........................................................21
2.3 Екі ел арасындағы экономикалық байланыс..............................................24
2.4 Туристік саладағы екі елдің жоспарлау жүйесі мен Малайзия тәжірибесі.................................................................................................26
Қорытынды................................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................33

Файлы: 1 файл

Малайзия КЖ Досанов.doc

— 230.50 Кб (Скачать файл)

Отельде сұраныс бойынша  инвалидтер және темекі шекпейтіндер үшін арнайы номерлерді ұсына алады.

Бұл отельдерді алатын конақтарға жоғарғы қызмет көрсету саласын көрсетеді. Қызмет көрсету кешені әр уақытта алдын ала дайын болып тұрады.

Отельдің инфракұрылым деңгейі өте жоғары дамыған. Туристерге әр уақытта қандай кызмет көрсету саласы болсын, қандай сектор болмасын кабылдауға дайын тұрады.

  1. Орналасу секторы
  2. Тамақтану секторы
  3. Транспорт
  4. Ойын - сауық секторы
  5. Ақпараттық жарнамалық сектор

Отель осы секторлары арқылы туристерге кез-келген уақытта қызмет көрсетеді. Отельге келген туристер осы секторлар арқылы өз қажеттіліктерін ала алады.

Транспорты.

Халықаралық аэропорт Куала-Лумпур (Clear) 40-тан аса авиакомпаниялардың рейстерін қабылдайды. Бұл әлемдегі көптеген аэропорттардың арасындағы жаңа техникалық бағдарламаға сай жасалған аэропорттардың бірі. Бұл Куала-Лумпур қаласының «Сепанг» деген жерінде орналасқан және Куала-Лумпурдың ортасынан автотранспорттық жолдан бір сағаттық жерде орналасқан.

Шетелдік туристер тағы көптеген халықаралық аэропорттар арқылы келе алады. Мысалы, Лангкави, Пенанг, Джохора, Иучинга және Кота Кинабалу. Жақсы дамыған әуе, темір жол және суреттегідей Темір жол транспорты, автокөліктері мемлекеттің әрбір аймағына жету қолайлы. Барлық транспорт маршруттары - Куала-Лумпурдың орталық вокзалында түйіседі. Сол жерден аэровокзал арқылы қабылдап, экспресс-поездарға отырғызып, пассажирлерді халықаралық Сепанг аэропортына тезірек осылай жеткізеді.

Көлік жалға беретін  халықаралық фирмалар көп. Олар клиенттерді қабылдап, көліктерді жалға береді. Бұл жерден машина жалға алу қолайлы және тез, олар көлікті алып, мемлекет ішінде саяхат жасай береді. Малайзия мемлекетімен жолда саяхат жасау көшедегі нақты белгілер арқылы қолайлы комфортты және қауіпсіз. Жолдарда қозғалыс сол бағытты. "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". Қазақстан мен Малайзия арасындағы тікелей әуе рейсі 2010 жылға дейін қайта жанданады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Малайзияның Қазақстандағы елшісі Тан Тай Хин хабарлады.

"Қазір мен "Эйр  Астана" арқылы, немесе, малайзиялық әуе компаниясы арқылы Куала-Лумпурға тікелей қатынайтын әуе рейсін ашу бағытында жұмыс істеп жатырмын. Алайда, "Малайзия әуе желілері" компаниясы қайта құрылуда, сол себепті бар үміт - "Эйр Астанада"... Бұл 2011 жылға дейін жүзеге асады деп сенемін", - деді Тан Тай Хин.

Оның айтуынша, Қазақстан  мен Куала-Лумпур арасында рейс ашуға  басты кедергі - ұшақ тапшылығы болмақ. ""Эйр Астананың" президенті Питер Фостер келесі жылы ұшақтар сатып алынғаннан кейін бұл рейстің тізімде бірінші орынға шығатынын айтып уәде берді", - деді ол.

Сонымен бірге, елшінің  хабарлауынша, қазіргі таңда "Малайзия әуе желілері" мен "Эйр Астана" Малайзия астанасына Бангкок арқылы әуе рейстерін ашу мүмкіндігін талқылауда. "Бұл жердегі тағы бір проблема - Бангкок арқылы жүзеге асырылатын ұшулардың 3-4 ай бұрын иемденіліп қоятындығында", - деп түсіндірді ол.

Тан Тай Хин осы  орайда 2003 жылдың аяғы мен 2004-жылдың басында "Эйр Қазақстан" компаниясының  Алматы мен Куала-Лумпур арасында тікелей рейстерді шығарып тұрғанын, "алайда, өкінішке орай екі айдан кейін компанияда туындаған қиындықтарға байланысты бұл рейстерді жабуға тура келгенін" еске салды.

2.3 Екі ел арасындағы экономикалык байланыс

Малайзия Қазақстанмен тығыз байланысты. Қазақстандықтар Астана қаласын тандап Қазақстанның астанасы қылды және ол Астананы көркейтуде сол сияқты Малайзияның әкімшілік орталығы Путраджайя қаласы болды. Бұл екі мемлекет те көп ұлтты мемлекеттер қатарына жатады. Бұл екі мемлекеттерде бірлік пен ынтымақтық көрініп жатады. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Малайзия сапарында екі мемлекеттің достық қарым-қатынасын нығайтуға бел байлады.

Иә, Малайзияның астанасы Куала-Лумпур қаласын үстінен қарасан ертегінің гирлянда шақты жаным тұр. Бұл қаланың дамығанына көп болған жоқ. 80 жылдары бұл жерден қалайы қалдықтарынан кейіннен бұл жерлердің барлығы үлкен қалаға айналды. Қазір таңда бұл қаланың аэропортының өзі, ойға сыймайтын мүмкіндіктері бар. Бір сағаттың өзінде жетімін адамды пассажирлерді ең жоғары қызмет көрсету деңгейін де қарсы алады.

Малайзияда көбінесе табиғи байлықтар болмаған олардың ұлттық экономикалық кәсіптері ауылшаруашылық мәдениеті болған. Каучук, ананас, пальмалық май экспортқа көбінесе осындай нәрселерді ғана шығарды. Кейіннен көптеген нәрселер өзгерді. Оларда біз сияқты Қазақстан -2030 деген стратегия арқылы оларда өздерінің 2020 деген стратегиясы бар екен. Қазіргі таңда Малайзия заманауи аппаратуралардың дамуы жағынан ең үлкен мемлекеттердің қатарына жатады, және компьютердің компонентерін шығарудан жоғары орында.

Бұл технологияны экспорттауға әлемде 2-ші орын алады. Ал аппаратуралардан 3-ші орын. Бұл екі мемлекеттің де экономикалық факторларының өсуіне себеп болған мемлекеттің саясаты. Ең бірінші үлкен роль ойнаған ол әрине мұнай. Бірақ Малайзияда біздің мемлекетте сияқты үлкен көп мұнай қабырлары жоқ, бірақ бұлар өзінен шығып жатқан мұнайды тиімді пайдаланады. Оларды халықтық мұнай компаниясы Petronas әлемде 30-дан жоғары мемлекеттермен жұмыс істейді, және бұл компанияның қоры, мемлекеттік бюджеттінің қорынанда асады. Әрине олардың экономикалық жағдайының деңгейі көрші Сингапур мемлекетінен алыста. Бірақ онда да Азиялық жолбарыстың алға ұмтылғаны таң қалдырды.

Қазақстан Республикасы Малайзияға тиімді әріптес. Ең бірінші бұл мемлекеттерді қосатын қарым-катынас ол тау рудасы өндіру, мұнаймен газ шығару және телекоммуникация және байланыс, кұрылыс және білім, мәдениет және туризм. Көбінесе қаржылық секторға көңіл бөледі.

Біздің президент Малайзияға барғанда Малайзияның әкімшілік орталығына барады. Ол Малайзияның Астанасы Куала-Лумпур қаласынан 60-километр жерде орналасқан Путраджайя қаласы. Сол жерде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Малайзияның премьер-министрі Абдулла Ахмат бадаумен кездесіп келіссөз жүргізді. Бұл келіссөзде екі жақты келіс сөз салықтың тиімділігі төл кұжатқа қол қоюлардың бірінші тиімділігі, бірінші кезекте капиталдардың өсуі мен товарлардың кеңейтілуі. Алдыңғы жылы бұл көлем 59,5 миллион долларға көтеріледі. Қазақстан Малайзияға көбінесе түстіметаллургия, химиялық өндіріс, және тағы күміс пен платина. Ал Малайзиядан бізге заманауй электроаппаратура, прибор мен бөлшектер келеді. Осы салалардың барлығы екі мемлекеттің қарым-қатынасын көбейтеді.

 

2.4 Туристік саладағы екі елдің жоспарлау жүйесі мен Малазия тәжірибесі

Туристік саладағы екі елдің қарым-қатынастың дамуына транспорттың жетіспеуі әсерін тигізді. Екі мемлекеттің арақашықтығы 7 мың километр. Бұл сұрақты шешу үшін Қазақстан мен Малайзия арасында авиабайланыс құру керек, қысқа жол Ташкент арқылы болып отыр және Малайзиялықтардың әлемде ең биік мұнарасы Петронас Твин Тауэрс ол Малайзия мемлекетінің астанасы Куала-Лумпур қаласының ортасында орналасқан. Бұл егіз мұнара Чикаго қаласындағы 443-метрлік «Сирс» мұнарасынан қалып тұрған еді. Кейінен өздері 73,5 метрге ұзартты. Туризмнің дамуына біздің мемлекетке Малайзия көптеген әсерін тигізуі мүмкін. Ең бірінші, ол экономиканың дамуы, себебі экономикалық дамыған сайын туризмде дамиды. Малайзия мемлекетінің көп туризмде тәжірибе алуға болады. Екі мемлекеттің де географиялық орны туризм индустриясын дамуына қолайлы орналасқан. Тек Малайзия мемлекетінің бір артықшылығы арал болғаннан кейін бұл жер мұхит жағалауларында болғандықтан бұл жерде туризм дамиды. Ал Қазақстанда ондай мүмкіндік жоқ, бірақ өзінің таулы, шөлді жерлерімен танымал сондай ақ, мәдениет салт-дәстүрі және тарихы мен діні. Екі мемлекетті мемлекетте мұсылман дінін ұстанғандықтан бұл мемлекеттерді байланыстырады. Қазақстан Республикасынан Малайзия мемлекетіне баратын туристер саны жоғары. Көбінесе Малайзия мемлекетіне Қазақстандық туристер демалу мақсатында барады, яғни жаға-жай туризм және танымдық, білім тағы басқа. Ал Малайзия туристерін Қазақстанға тарту үшін көптеген жұмыстар атқарылуы керек. Қазакстанда туризмді дамыту үшін ішкі туризмді реттеп дамыту керек. Ол үшін бізге Қазақстанға шетелден туристерді тарту керек сол кезде бізге сол шетелден келген туристер тиімді жарнама болып Қазақстанның туризміннің жағдайын көтереді. Бізге сондықтан Малайзиялық туристерді елімізге көп жарнамалап шақыру керекпіз. Туризм екі мемлекет арасында тек жарнама арқылы емес экономикалық тұрғыдан да дамуы мүмкін. Қазақстан мемлекетінің туризмді дамытуды қолға алып жатыр. Қазіргі таңда көптеген Қазақстанда туризм орталықтары салынып жатыр, барлық халықаралық дәрежеге сай қонақ үйлер, пансионаттар т.б. Осы жағдайдын барлығы Малайзиялық туристердің біздің мемлекетке келуге себеп болады. Қазақстанның тек экономикалық емес тарихи-мәдени тұрғыда ерекшеліктерге бай, және әрине табиғатының танымдылығы. Міне осы факторлардың барлығы Қазақстан туризімі дамып, Малайзия туристерін құшақ жайып қарсы алуға мүмкіншілігі болады.

Қазақстан Республикасының  туризімі дамыған орталықтарының бірі ол Алматы мен Астана қалалары. Бұл  екі қала бизнестің орталығы болғандықтан туризм индустриясы жақсы көрсеткіште дамып жатыр. Малайзиялық қонақтардың біздің мемлекетке келуіне себеп бола алатын жағдайлардың бірі ол әрине іскерлік мақсатта. Себебі көбінесе Қазақстанға келетін туристер іскерлік немесе конгрестік мақсатта келеді. Мемлекетте Алматы мен Астана қалаларында көптеген құрылыстар туризм индустриясын дамуына әсерін тигізеді. Алматы қаласында Малайзия мемлекетінің елшілігі бар бұл да екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты көтереді және туризмнің дамуына әсерін тигізеді. Малайзиялық туристерді мемлекетімізге тарту үшін, туризм салаларын жақсарту керек, мысалға, туристер алатын қонақ үйдің өзін алатын болсақ, қызмет көрсету саласы бағасына байланысты жоғары сапада болу керек. Алматы қаласында үлкен жоғары сапалы қонақ үйлер бар, бірақ аз және бағасы кымбат.

Оңтүстік астанада туризмнің  дамуы әкімнің айтуы бойынша  белгілі талаптармен ғана жүзеге асады. Сондықтан Алматы қаласының  әкімі тез арада 5-жұлдызды қонақ  үйлердің проектісін жасауға мақсат қойды. Бұл болашақта көптеген Малайзиялық  туристерді қабылдауға мүмкіндік болады деген сөз.

Малайзия мемлекеті  туризм саласында көптеген жетістікке жетіп отыр. Малайзияның түрлі  көп түсті экзотикасы және көне танымдық тарихы мен қазіргі заман жағажай  туризмі, салқын тау курорттары табиғи корықтар Азиядағы ерекше флора мен фаунасы туристерді Малайзияның таулары таң қалдырады. Ол тауларды жұқа бұлттар орайды. Жасыл джунглидің, кокостың пальмалардың арасында көптеген ауылдар орналасқан.

Малайзия мемлекеті  сондай өзінің зәуілім сарайларымен танылғанын білеміз және жағалаудағы Карольдық риф жағалаулары өзінің су асты әлемін көрсете алады. Осы келе жатқан жылда Малайзия мемлекеті жиырма мил. туристерді күтуде. Өткен күзде Малайзия мемлекетінің туризм жөніндегі министірі Қазақстанға келді. Сол келген сапарында Малайзия мемлекетінің туризм жөніндегі министрі Қазақстандық туристерді Малайзияда дамалу орнын өздері таңдап, мемлекеттің куроттары жоғары Қазақстандық туристерге мемлекттік куроттардың жоғары конақжайлығын көрсетіп қабылдайтынын айтты.

Туристік компанияның директоры: Сенат Марат Бейсенбайев: Бұл мезгілде Қазақстан туристері демалуға жаңа орындар алуға кірісті, бұл орындар бұрын тек VIР- жолдар еді. Көбінесе қазақ туристер Борнео аралына шықты. Борнео аралына ұшу Өзбекістанның астанасы Ташкент каласы арқылы болды. Ташкентттен Малайзияның астанасы Куала-Лумпурға ұшу үшін онбес сағат кетеді, он күн Борнео аралана демалу үшін бұл жерде қымбат емес отельдер аз емес. Жаңа жыл мезгілінде алматылықтарға 2300 және 2450 доллар және казақстандықтар Малайзияның курорт Лангкави аралынада ұшып барады. Ол жерді қарағанда бұл жерде сауда саттықтың жері екенін білесіз. Бұл Лангкави аралында демалыс 1100 доллардан жоғары он күнге болады. Малайзия ең үлкен аралы Лангкави аралы Куах астанасымен бірге Менанг аралы Жорж-Таун астанасымен бірге Борнео аралы (Калимантан). Малайзия мемлекетіне сосын наркотик заттарын өткізуге тыйым салынған. Егерде кімде-кім наркотик затын өткізетін болса оны өлім жазасына кеседі. Ол жерде бірнеше грамм героинға адамды асып қояды.

Сонғы 20 жыл ішінде 200 адам өліп жазасына кескен олардың ішінде австралиялықтармен және ағылшындарда бар. Ал егер ауданнан келген болса бір жастағы бала болсада барлығына жұқпалы аурулардан тексерілуі керек.

Малайзия мемлекетінің өзінің экзотикасымен, көне мәдениетімен ерекшеленеді. Малайзия мемлекетінің көне мәдениеті мен экзотикасы дамыу деңгей өте жоғары. Бұл мемлекетте көне тарихы да қазіргі тарихы таң қаларлық заманау көріністермен ерекшеленеді. Қазіргі таңда Малайзия мемлекетінің астанасы Куала-Лумпур экономикалық даму деңгейі күннен-күнге таң қалдыруда. Малайзия мемлекеті Сингапур мемлекетінен кейін екінші экономикасы дамыған таза мемлекеттерінің бірі. Бұл жерде әлемдегі ең биік Петронас Тауэре мұнарасы орналасқанын айтып кеттік. Малайзия мемлекетінде бүкіл жыл көлемін де ыстық және құрғақ. Бірақ қараша мен қантар айларында шығыс жағалаудан жел ұрады соның себебінен жаңбырлы да болуы мүмкін. Мамыр мен қыркүйек айларында таспахалар көруге жақсы уақыт. Малайзия мемлекетінің көп мейрамдары Рамазан айында үш күндік фестиваль Хари Райя Пуаса Рамазан айының аяғында болады. Ал фестиваль Хари Райя қажылық біткеннен кейін болады бұл мейрамдардың ерекшелігі көптеген тәтті тағамдармен өтуі.

Қазақстандық туристер Малайзия мемлекетінде ең бірінші ол мемлекеттің салт-дәстүрімен таныса алады. Таман Негара қорығымен мұнара және қолтырауындар паркі, содан соң Кинабалу тауына тур жорық ұйымдастыруға болады. Ланкгави аралы, Куала-Лупур қаласы. Бір нәрсе сатып алатын болсаң, сауда саттық орталықтарда, базарда, дүкендерде сауда саттық болып жатады. Басты сауда саттық орталықтар Букит Бинтангі, Жолан Султан Исмайл, Жолан Ампанги Жолан Тун Разак көшелеріндегі көп көлемді дүкендер. Куала-Лумпурда көп дүкендер сағат азанғы 10-нан кешкі 10-ға дейін болады. Бұл жерде барлық кредиттік карточкалар қабылдана береді және жолдық чектерде. Ланкави аралында бұл жер өзінің сауда саттық орталығыменен белгілі бұл жерден туристер көптеген дүкендермен сауда орталықтары duty-free деген Малайзияның салт-дәстүрімен байланысты сувенирлермен басқа да заттар алуға болады.

«Қазақстан үшін Малайзиядағы туризмнің дамуындағы тәжірибе қызықты әрі пайдалы», - деп мәлімдеді ҚР туризм және спорт министрлігінің туризм жөніндегі комитеттің хатшысы Қайырбек Өскенбаев. Ол Алматыда өткен Малайзияның туризм министрі Датук Сери Тенгку Андана Тенгку Мансор болған пресс-конференцияға арнайы қатысты.

Шетелдік министр біздің елімізде «2007 жыл Малайзияға келіңіздер» деген жыл сайын мемлекет басшылығымен дәстүрлі түрде басқа елдерде де өткізілетін шеру мақсатымен келді. Қазақстанға дейін Датук Сери Тенгку Андана Тенгку Мансор Өзбекстанда болды.

Информация о работе Малайзия мемлекетіндегі туризмнің даму үрдісі