Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 08:33, курсовая работа
Көкейкестілігі. Малайзия - конституциялық монархия елі, бұрынғы Британия колониясы, 1957 жылы егемендікке қол жеткізген мемлекет. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Малайзиядағы барлық ұлттық байлықтың 62,3 пайызы шетел компанияларының, 22,9 - этностық қытайлардың, 7 пайызға жуығы үнділердің, ал тек қана 0,07 пайызы негізгі тұрғындар — малайлардың қолында болды.
Кіріспе.......................................................................................................................5
1 Малайзия – оңтүстік шығыс азиядағы мемлекет....................…… ..........6
1.1 Географиялық орны мен экономикалық жағдайы ................................... 6
1.2 Халқы мен ұлттық құрамы, салт-дәстүрі мен мәдени байлығы...............9
1.3 Малазияның туристік орталықтары (Сабах, Саравак,Куала-Лумпур, Лангкави, Пенанг Кедах штаты)……………………………………………….....13
2 Малайзия жерінің жағдайы мен демалыс жағдайын сипаттау...................19
2.1 Малайзия жері және өнеркәсіп жағдайы.....................................................19
2.2 Малайзиядағы демалыс жағажайлары........................................................21
2.3 Екі ел арасындағы экономикалық байланыс..............................................24
2.4 Туристік саладағы екі елдің жоспарлау жүйесі мен Малайзия тәжірибесі.................................................................................................26
Қорытынды................................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................33
«Бұл — ерекше акция. Ол 2007 жылдың 31 тамызында атап өтілетін Малайзия тәуелсіздігінің 50 жылдығына арналады. Туризм - Малайзияда экономиканың маңызды салаларының бірі, соңғы жылдары бұл сфера өндірістен кейінгі екінші орынды алып тұр. Сондықтан да парламенттің қолдауымен туристерді еліктіретін көлемді бағдарламалар дайындалған. 240 жоба өңделген, олардың 50-і ірі масштабта», - деп мәлімдеді малайзия министрі.
Әр жыл сайын Малайзия басшылығы осы саланы жарнамалау мақсатына 100-120 млн. АҚШ долларын бөледі. Сонымен, өткен жылы елге 16,4 млн. адам келсе, ал бұл жылы - 17,5 млн. адамға көтерілді. Келесі жылы бұл көрсеткішті 21 млн. туристке жеткізу жоспарланып отыр.
Қорытынды
Малайзия елінде өте мұқияттылықпен жасалған жоспар мен бағдарламалардың орындалуын бақылайтын, қадағалайтын, оған тиісті баға беретін жүйе қалыптасқан. Іс барысында қол жеткен нәтижелер олардың жоспардағы деңгейімен салыстырылып отырады, олардың алшақтығының, себептері айқындалады. Осындай мемлекеттің даму жоспарын өте мұқият қадағалау және Премьер-министрдің қатысуымен жоғарғы билікте жүйелі түрде талқылау қоғамда жоспар орындау саласында катаң тәртіпті, үлкен жауапкершілікті қамтамасыз етеді. Сондықтан да осы елде әлеуметтік-экономикалық даму үрдісінде небір ірі сәтсіздік, немесе босбелбеулік болған емес. Оған Малайзияның жоғарыда келтірілген даму көрсеткіштері дәлел. Осындай озық тәжірибені бізде, Қазақстанда, мемлекеттік бағдарламаларды бағалау және олардың орындалуын қадағалау үшін қолданғанымыздың жөні бар сияқты. Өйткені, біздің тәжірибемізде әрбір жобаны жан-жақты сараптап бағалау, орындалуын қатаң бақылау жетіспейді.
Малай елінің тәжірибесі жоспар мен нарық тәсілдері бір-біріне кереғар (антипод) еместігін дәлелдейді. Әлеуметтік-экономикалық дамудың келешегін жоспарлау әр мерзімде істелетін жұмыстың көлемін, оның сапалық деңгейін болашақта қандай шешуші (күрделі) нәтижелерге жету мүмкіндіктерін анықтайды. Жоспардың тағы бір артықшылығы оның мақсатының айқындығында және оны орындаушының анық болуында. Бұл мемлекеттің жүйенің әрбір тізбегінен сұранысты күшейтіп, жауапкершілікті арттырады. Қабылданған жоспарды нарық тәсілдерімен жүзеге асыруға толығымен болады, оған да малайлықтардың озық тәжірибесі дәлел. Міне, 37 жыл осы ел нарық экономикасын дамытып жатқан ел, болашақ қадамдарын стратегиялық ұзақ мерзімді және орта мерзімді бесжылдық жоспарлармен анықтайды және жақсы нәтижеге жетіп отыр.
Осыған қоса айту керек, нарық пен жоспарлау тәсілдерін бір-біріне үйлестіре ұтымды қолданып отырған тек қана Малайзия емес. Екінші жаһандық соғыстан кейін бесжылдық жоспарларды орындай отырып, Жапопия экономикалық қуаты жағынан әлем елдерінде екінші орынға шықты. Оңтүстік Корея 1962 жылдан бастап бесжылдық жоспар негізінде дамуда, ол да "Азия жолбарыстарының" қатарына шықты. Қытай Халық Республикасы, Үндістан да бесжылдық жоспармен жедел даму үстінде. Бұл екі мемлекет жыл сайын өздерінің әлем деңгейінде ең үлкен экономикалық держава екенін айқындау үстінде. Қорыта айтсақ, озық шетелдік тәжірибелер бар. Оларды Қазақстан экономикасын дамытуға қолдануға болар еді. Мүмкін, сонда біз экономиканы әртараптандыруда, осы бір біздер үшін өзекті мәселені шешуде қазіргідей кібіртіктемес едік.
Ал енді Малайзияға қайта оралайық. Біздегідей емес, мемлекеттік фискалдық және монетарлық саясатқа ол елде Қаржы министрлігі жауапты. Олар әр жылдағы бюджет жобасын жасайды. Сол елдің Конституциясына байланысты бүкіл Федерацияда жиналған ақшалай түсімдер Федералдық шоғырлану қорына түседі. Барлық министрліктер, ведомстволар, федералдық штаттар бюджеттік қаржыны осы қордан алады. Бюджет жергілікті және орталықтық деп бөлінбейді, бірыңғай мемлекеттік бюджет жобасы жасалынады. Парламентке берердің алдында бюджет Ұлттық қаржы кеңесінде қаралады. Осы елдің жылдық бюджетінің тағы бір артықшылығы, онда әр салаға немесе жобаға (бағдарламаға) бөлінетін тек қана қаржының көлемі емес, олардың сапасы және көздеген нәтиже параметрлері көрсетіледі. Аталмыш параметрлер бесжылдық жоспар көрсеткіштерінің негізінде жасалады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
М.: Харвест, 2000. – С. 46-52.
11. Визит Туризм. Путешествия. – М., 1997. – 66с.
12. Романов А.А. Зарубежное туристское страноведение. – М.: Советский
спорт, 1969. – 80с.
13. География туризма. А.А.Романов, Р.Г. Саакянц. М.: Советский спорт,
2002. – С. 128 – 130.
14. Страны мира. Энциклопедический справочник/Под ред. С.А. Семеницкого. – Минск: Миринда, 1999. – С. 22 – 40.
15. Александрова А.Ю. Международный туризм. – М.: Аспект Пресс,
2001. – 24с.
16. Экономика современного туризма: Рыночное регулирование. Основы
управление и маркетинг. Бухгалтерский учет и налогообложение/ Под ред. Г.А. Карповой. – М., - СПб., 1998. – 240с.
17. Свидание с Европой. Справочник путишественика. М.: ВФирма «Деком», 1991. 64с.
18. Вокруг света. Географическая энциклопедия для юных читателей. пер.с анг. М., 1995. 88с.
19. Журнал. Малайзия и Азия. Куала-Лумпур, 2006. с.14-22.
20. Журнал., Малайзия. Куала-Лумпур, 25006. 12с.
21. Журнал. Оазисы Малайзии. – Куала – Лумпур, 2006. – С. 22-26
22. Журнал. Малайзия – истинная Азия/Под ред. А.П. Меркулова.
Малайзия, 2006.-46с.
23. Алматы. Энциклопедия. Алматы, 1996.-480с.
24. Ердавлетов С.Р. География туризма Казахстана. Алматы, 1992.-С. 62-
68.
25. Казахская советская энциклопедия. Алматы, 1981.-222с.
Қоданылған интернет-сайттар:
26. http//www.mail.ru/
27. http//www.kazsy.ru/
28. http://www.tourismmalaysia.ru/
29. http:// ru.wikipedia.org/wiki
30. http://www/countries.ru
31. http://www.forest.ru/rus/
32. www.alinur.kz
33. http://www.visitmalaysia.com
Информация о работе Малайзия мемлекетіндегі туризмнің даму үрдісі