Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 08:33, курсовая работа
Көкейкестілігі. Малайзия - конституциялық монархия елі, бұрынғы Британия колониясы, 1957 жылы егемендікке қол жеткізген мемлекет. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Малайзиядағы барлық ұлттық байлықтың 62,3 пайызы шетел компанияларының, 22,9 - этностық қытайлардың, 7 пайызға жуығы үнділердің, ал тек қана 0,07 пайызы негізгі тұрғындар — малайлардың қолында болды.
Кіріспе.......................................................................................................................5
1 Малайзия – оңтүстік шығыс азиядағы мемлекет....................…… ..........6
1.1 Географиялық орны мен экономикалық жағдайы ................................... 6
1.2 Халқы мен ұлттық құрамы, салт-дәстүрі мен мәдени байлығы...............9
1.3 Малазияның туристік орталықтары (Сабах, Саравак,Куала-Лумпур, Лангкави, Пенанг Кедах штаты)……………………………………………….....13
2 Малайзия жерінің жағдайы мен демалыс жағдайын сипаттау...................19
2.1 Малайзия жері және өнеркәсіп жағдайы.....................................................19
2.2 Малайзиядағы демалыс жағажайлары........................................................21
2.3 Екі ел арасындағы экономикалық байланыс..............................................24
2.4 Туристік саладағы екі елдің жоспарлау жүйесі мен Малайзия тәжірибесі.................................................................................................26
Қорытынды................................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................33
1.2 Халқы мен ұлттық құрамы, салт – дәстүрі мен мәдени байлығы
Малайзияда көптеген ұлттар араласып кеткен. Оның 21,3 млн халқының құрамы: малайзиялықтардан, қытайлардан, үндістерден және Сабах және Саравак штаттарының жергілікті тұрғындары — түрлі тайпалардан және ұлттардан тұрады.
Мемлекеттік тілі - малай тілі. Бірақ ағылшын тілінде барлық жерінде сөйлейді.
Ресми діні ислам болғанымен сонымен қатар буддизм, индуизм және христиандық діндері де тараған.
Бұл көп ұлтты мемлекетте мешіт, үнді храмын және христиан шіркеуі бір жерде орналасқанын көруге болады.
Өзінің халқы құрамының
көптүрлілігіне Малайзия бірқалыпты және
бейбітшілік ел болып келеді. Мұндай
гармония мұндағы халықтардың бір-
Үлкен ұлттық жанжалдарының жоқтығы, бірқалыпты әлеуметтік саясат, тұрақты саяси климат экономиканың қарқынды дамуына үлкен әсерін тигізді.
Премьер-министрмен және
оның кәбинет мүшелерімен
Мемлекеттің басшысы бұл - король. Ол конституция бойынша штаттар сұлтандары аралынан 5 жылға сайланады.
Малайзияның халқының түрлілігіне байланысты Малайзия мәдениетіне түрлі этностардың салт-дәстүрлері енген.
Малайзияның ресми діні - суниттік ислам. Оны халықтың 53 пайыз ұстанады.
Мемлекеттің исламдық үкіметі жақсы жұмыс және көптеген жеңілдіктер ұсына отырып исламның таралуына өз үлестерін қосады.
Кей адамдар тек осы үшін дінді қабылдайды. Малайзиядағы исламды «таза» деп айтуға болмайды. Мұнда анилизмнің (осы мемлекеттің түпкі діні), классикалық индуизм және Явалық түрдегі индуизмнің әсерін сезуге болады. Сонымен қатар анилист - шамандар, өзіне пайда түсіру мақсатымен құраннан үзінділер қолданады.
Қазіргі таңда Малайзия халқының 10-20 пайыз христиандар құрайды. Христиандықтардың көпшілігі бұл - қытайлар және үнділер. Христиандық шіркеулер тұсында балалар үйлері жұмыс істейді. Дінге сенушілер реабилитациялық орталықтарды ұйымдастыруда белсенді жұмыс атқарады. Статистика бойынша Малайзиялықтардың көп бөлігі нашақорлар. Қазіргі уақытта Малайзияның үкіметі христиандық орталықтар нашақорлықпен күрес жолындағы ең тиімді деп есептелген.
Малайзияның ресми тілі — малайлык, сонымен қатар ағылшын тілі, қытай диалекті, мандарин, хакка, кантонесстік, тамиль және басқа диалектілер кеңінен тараған. Ағылшын тілі орта мектептерде жоғары деңгейде беріледі.
Малай тілі австронезиялық тілдердің индонезиялық тобына жатады. Малай тілі көптеген жергілікті диалекттерге бөлінеді. Малай тілінде сөйлейтіндер саны 13 млн. адамды құрайды.
Малайзияның казіргі заманғы әдеби тілінің индонезиялықтан айырмашылығы фонетикасы және морфология мен синтаксистің кейбір жерлерінен.
Мемлекет басшысы — Билеушілер Кеңесі 5 жылға сайлайтын Жоғарғы билеуші (оны сайлауға тек сұлтан билеушілері ғана қатынаса алады).Жоғарғы билеуші федерация жоғары лауазым иелерін тағайындайды, парламентті шақырады және таратып жібере алады, заң жобаларын бекітеді, қарулы күштердін, жоғарғы бас кол-басшысы да сол. Ол бұл құқықтарын үкіметтің ұсынысы бойынша ғана жүзеге асырып отырады. Заң шығарушы жоғары өкімет органы екі палаталы парламент-сенат өкілдер палата-кескіндеме, қондырғылы және монументті мүсін өнері сақталған.
Ағылшын протектораты орнады. Ағылшын экспансиясы жергілікті ха-лықтың наразылығын туғызды. Отаршылдарға қарсы: 1791 ж. Кедах, 1831- 32 ж. Нанинг соғыстары, 1875-76 ж. Перак, 1894-1900 ж. Мат Саллех көтерілістері туды.
Малайя, Сабах, Саравак бірте-бірте Ұлыбританияны аграрлы шикізат көзіне айналды, отарлық шаруашылық жүйесі құрылды. Британияның Малайзияны дүние жүзі капитал шаруашылық жүйесіне тартуына байланысты кадит қатынастар дами бастады. Экспорттық дақылдар плантациялары, ірі қалайы рудниктері, банктер, сауда үйлері, қамсыздандыру және трансорт компаниялары пайда болды. 1914-18 жылы 1-дүние жүзілік соғыс кезінде тұтыну заттары шығарыла бастады. Жергілікті буржуазия мен жұмысшы Харуп Амипуррашид (1907 жылы туылған), А. Мурад, А. Лутфи, А. Бахтияр тағы басқа, ал 50 жылдардың орта шегінен бастап бұларға соңғы ұйымның басшылары Рухи Хаят (Ахмад Бустаман, 1920 жылы туылған.) және Исхак бин Хаджи Мухаммад тағы басқа жазушылар қосылды. 1956 ж. Тіл және әдебиет кеңесі, ал 1958 жылы жазушылардың ұлттық одағы құрылды. Романдардың сыншыл реализм бағытында жазылуына Хасан бин Махмуд Али (1928 т.)-, әсіресе А. Самад Саид (1935 жылы туылған.) тағы басқалар үн қостыМалайзия көп ұлтты мемлекет болғандықтан, әр ай сайын мемлекет түрлі мерекелерді тойлайтыны таңқаларлық жайт емес. Түрлі халықтардың діндері және сенімдерінің араласуының тамыры ғасырлар тереңдігінде жоғалатын көптеген қызықты мерекелер және дәстүрлер пайда болған.
Еуропалық мерекелер. Қаңтарда
Малайзиялықтар жаңа жылды тойлайды.
Бірақ негізгі халқы мұсылманда
Мұсылмандық мерекелер. Қасиетті рамазанның соңғы күні Малайзиялықтарда Хари- Рай-Лусса деп аталады. Мұсылмандар бұл мерекені отбасымен бірге откізеді. Мұхаммед (С.А.С.) пайғамбардың туылған күні де үлкен мейрам болып саналады. Бұл күндері адамдар мешіттерді құран оқып өткізеді. Рамазан айынан 70 күннен кейін Малайзия мұсылмандары құрбан айт мерекесін тойлайды.
Буддистік мерекелер. Тек нағыз қытайлықтар ғана ресми түрде екі күндік, бірақ іс жүзінде екі апталық мерекеге айналатын Қытай жаңа жылының мәнін түсіне біледі.
Барлық әулиелер мейрамы Ченг-Бенг бұл ай күнтізбесімен есептегенде 7 ай бойы тойланатын аш әруақтар мейрамы.
«Мукейк» фестиваль бұл - Юань юнастиясы билеуі кезіндегі Қытайдың маңғолдарды жеңуі құрметіне қытайлармен тойланатын мереке.
Нефрит императоры мейрамы, бірақ қытайлықтардың ең қызықты мейрамдары бұл — ай шелпектерінің мейрамы және Шамдар мерекесі. Негізінен ай шелпектер мейрамы потриоттық деп саналады. Монғолдармен соғыс кезінде қытайлықтар бір-біріне құпия хабарларды «айдай доңгелек шелпектер арқылы жіберген». Тағы бір өте әдемі аңыз бар: бір хан өз халқын жәбірлеуші теран дейді, өзіне ажалсыздық сусынын ойлап табуға бұйрық береді. Оның әйелі өз халқын сүйетін. Сондықтан ол бұл сусынның көзін құртқысы келіп, өзі ішіп қояды. Бұдан ол айға ұшып кетеді. Сол уақыттан бері ай адамдарға мейрімділік шуағын шашады. Ал халық өз ханшайымы құрметіне ай шелпектерін даярлайды.
Шамдар мейрамының пайда болған ежелде бір зұлым айдаһар жарықты жұтқысы келеді. Сонда ата-аналар өз балаларына көптеген шамдар таратады. Айдаһар қайсысын жұтарын білмей өліп кетеді.
Бұл аңыздар әлдеқашан ұмытылған, бірақ осы күндері бүкіл қытайлықтар айға ұқсайтын шелпектерді даярлап, далаға түрлі костюмдер киіп, қолдарына шамдар ұстап, халқының ежелгі мейрамдарын тойлауға шығады.
Индуистік мейрамдар түпкі мейрамдары үнділіктер болып келетін Малайзиялықтар мейрамдары да көптеген аңыздармен байланысты.
Мейрамның бірі - Весак. Бұл мейрам үнді күнтізбенің толуында болады. Бұл күні 3 маңызды оқиға болатын: соңғы ағартылуы Нирванаға енуі. Бірінші және соңғы оқиғалар арасында 80 жыл өткен. Бірақ будданың дәстүрлі өмір баяны бойынша барлығы бір күнде болған. Вессак мейрамында кептерді тордан босатып, монахтарға садақа беру керек. Бір апта бойы храмдарда будда өмірі жайлы айтады, храм айналасында осы үш оқиғаны көрсететін театрландырған салтанатты процессиялар жүріп жатады. Бұл күні жергілікті храмдар ауласында май - шамдар қойылып, қараңғы болған кезде қағаз шамдарын жағады. Бұл әлемге ағартушылықтың келуін бейнелейді.
Шам және шырақтар жарығымен, сонымен қатар Диповали мерекесімен байланысты. Мұның аудармасы «оттар тізбегі» мағынасын береді. Бұл мейрам Үндістанда 5 мың жыл бойы тойланып келеді және жаңбырлар маусымының аяқталып қыстың басталуын тойлайды. Ал қараңғылықтан білімге дейінгі жолын, шындықтың жиылғаннан үстемдігінің символы ретінде. Бұл шаруалар өз өнімдерін жиып, саудагерлер басқа елдерге саяхаттау үшін кемелер желкендерін көтеретін шақ. Үйлерде бұл күндері «Викку» деген кішкене шаңырақтар жарықтың қараңғылықты, жақсылықтың жамандықты, Кришнаның Нарикасура тиранын жеңуі символы ретінде жанып тұрады. Үндістер бұл күні Вишнунның жұбайы байлықтың құдайы Лаккими жерге түседі деп сенеді. Ал келесі жылы сәттілік әкелу үшін оның көңілінен шығу керек, Диповили күні үй мен адамдар тазартылады және жаңа киім «менің» жаңа кейіпімді білдіреді. Диповаллиді тойлау 5 күн болады.
Тайпусам - Пенанг, Негри - Сембилан, Перрак, Селангор үндістер тұратын штаттарда тойланады. Бірақ үлкен той Куала-Лумпурда өтеді. Бұл Шри Махмашмариан храмында қаңтарда тойланатын томильдық мейрам. Бұл күні жрецтер өз денелерін ілмешектерімен тесіп Куала-Лумпур көшелерімен осы ілмекке жалғанған. Тайпусам құдайының мүсіні тиелген арбаны сүйрейді.
Үндістанда бұл мейрам еретикалық деп саналып, тиым салынған. Сондықтан бүкіл Азия томилдықтары өз рәсімдерін өткізу үшін Куала-Лумпурға жиналады. Мұнда олардың 2 млн. жиналады.
Ұлттық тағамдар. Ренданг – еттен жасалған тағам, ұзақ уақыт даярланады. Етті, кокос сүтін, чили бұрышын және пиязды, корица, кориандр және мускатты жаңғақ қосып ұзақ уақыт бойы жай отта бұқтырады. Нәтижесінде күріштен жасалған бәлішпен (кетупат) немесе кокос сүтінде асылған күрішпен (леманг) бірге берілетін дәмді, жұпар иісті ет дайын болады.
Стимбоут - бұл ұғым тағамды даярлау және нәтижесінде шығатын тағам атауын білдіреді. Дастархан ортасында сорпасы бар ыдыс тұрады, бұған тамақтанатын адамның өздері майдаланған тауықты, бауырды, теңіз қиярын, шикі креветкаларды, бөдене жұмыртқасын және көкөністерді тастайды.
Сечуандық тауық — мили бұрышы көп мөлшерде салынған тауықтан жасалған тағам.
Тосай — күріш ұнынан жасалған жұқа бөліштер, кейде картоппен және түрлі көкөністермен бірге беріледі.
Унтон Ми — вермишель, креветка және қуырылған еті салынған тағам.
Чек Мек Молек, Буах Мелака, Тепонг Пелита, Куих Лапис, Айс Качинг, Чендол, Саю Гула Мелака, Лен Чи Канг - мұның барлығы тәтті тағамдар. Бұлар әдетте қанттан, ұннан, жұмыртқадан және кокос сүтінен даярланады. Әрине Малайзиялықтардың көптеген тағамдары Қытай тағамдарына ұқсас келеді. Себебі Малайзия мемлекетінің тарихында Малайзия жерінде көп қытайлықтар мекендегеннен кейін болуы керек. Малайзия мемлекетінің көп штатының тұрғындары өздері шаруашылықпен айналысып, өздері егін шаруашылы аркылы көптеген жетістікке жетіп отырады. Егін шаруашылығында жұмыс істейтін халық кәсіпорындарға азық жіберіп, ол фирмаларда өңделіп, халыққа жіберіледі.
Малайзия мемлекеті мұсылман мемлекеті болғандықтан бұл жердің тұрғындары таза тағамнан тамақтанады.
1.3 Малайзияның туристік орталықтары
Сабах - белсенді демалыс жері. Кота Кинабалу штат астанасында арнайы экстрималды спорт бюросы бар. Мұнда Киулу және Падас тау өзендерімен жүзу, джунглидағы сафари, тау велосипедімен маршруттарды өту, жарға шығуды сүйетіндер үшін бағдарламалар және тағы басқа көптеген сауықтар ұсынылады.
Бірақ Сабахқа келушілер арасында тауға шығатынды сүйетіндер басым болып келеді. Штаттың ортасында Кинабалу тауы бар. Бұл 4175 метрге жететін Гималай және Жаңа Гвинея арасындағы ең биік шың. Бұл дүние жүзілік таулардың бірі. Миллион жыл бұрын пайда болған және қазіргі уақытқа дейін өсіп келеді. Оның баурайында 767 шаршы шақырым аумақты алып жатқан Кинабалу қорығы бар -ботаниктер және табиғатты сүйетіндер үшін нағыз жұмақ.
Мұнда келетін барлық туристердің мақсаты 3500 м биіктікте орналасқан алаң. Бұл алаңнан таң атқанда бүкіл Сабах штатының керемет көрінісі ашылады.
Шыңды жаяу жүруді ұнататын және денсаулығы жақсы туристтің әрқайсысы да бағындыра алады.
Жоғары көтеріліп келгенде өсімдік жамылғысының өзгеруі байқалады: тропикалық тоғайларды еменді шоқтар ауыстырады, емендерді қылқанды ормандар ығыстырады, оның орнына альпілік шалғындар, ал ең жоғарыда тек майысқан ағаштарды және кішкентай бұталарды ғана кездестіруге болады.
Ағаштарды шабудан өсімдіктің көптеген түрлері жойылып кеткен көршілес жатқан Индонезиялық территорияларға қарағанда Сабах штатында сирек кездесетін флора сақталған: ірі көз шешектер, дүние жүзілік ең ірі гүл диаметрі 170 см-ге жететін раффлезия, сирек кездесетін орхидеялардың мыңға жуық түрлері.
Кинабалу паркінің шығыс жағында Poring Hot Spring ыстық бұлақтары бар табиғи - сауықтыру комплексі орналасқан. Мұнда 480 метр биіктікте бамбук тоғайларының арасында бұлақтан ыстық су келіп тұратын шомылғылар орнатылған. Ал 2000 метр биіктікте рододендрон тоғайларының арасында лагерь бар. Бұл паркте жануарлар жоқ. Жануарларды сүйгіштер Сепилок атты қалаға ұмтылады.
Ол Канибалудан ұшақпен 40 минуттай жерде әлемге өзінің ең ірі орангутангтар қорығымен әйгілі. Ол 11 мың аймақты алатын орманды жерде орналасқан.
Саравак. Малайзияның әрбір штатының өз ерекшелігі бар; бірақ Саравак бұл тұрғыдан - өте ерекше жер. Мұнда дүниежүзінің ең әйгілі үңгірлер жүйелерінің бірі - Мулу орналасқан. Саравактік жазық дүниежүзіндегі ең үлкен табиғи үңгір. Оның үлкендігі таңқалдырарлық: ұзындығы - 600 метр, ені - 450 метр, биіктігі - 100 метр, есептеулер бойынша мұнда Боинг 727 ұшағының 40 данасы сыйып кетеді.
Информация о работе Малайзия мемлекетіндегі туризмнің даму үрдісі