Малайзия мемлекетіндегі туризмнің даму үрдісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 08:33, курсовая работа

Описание работы

Көкейкестілігі. Малайзия - конституциялық монархия елі, бұрынғы Британия колониясы, 1957 жылы егемендікке қол жеткізген мемлекет. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Малайзиядағы барлық ұлттық байлықтың 62,3 пайызы шетел компанияларының, 22,9 - этностық қытайлардың, 7 пайызға жуығы үнділердің, ал тек қана 0,07 пайызы негізгі тұрғындар — малайлардың қолында болды.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................5
1 Малайзия – оңтүстік шығыс азиядағы мемлекет....................…… ..........6
1.1 Географиялық орны мен экономикалық жағдайы ................................... 6
1.2 Халқы мен ұлттық құрамы, салт-дәстүрі мен мәдени байлығы...............9
1.3 Малазияның туристік орталықтары (Сабах, Саравак,Куала-Лумпур, Лангкави, Пенанг Кедах штаты)……………………………………………….....13
2 Малайзия жерінің жағдайы мен демалыс жағдайын сипаттау...................19
2.1 Малайзия жері және өнеркәсіп жағдайы.....................................................19
2.2 Малайзиядағы демалыс жағажайлары........................................................21
2.3 Екі ел арасындағы экономикалық байланыс..............................................24
2.4 Туристік саладағы екі елдің жоспарлау жүйесі мен Малайзия тәжірибесі.................................................................................................26
Қорытынды................................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................33

Файлы: 1 файл

Малайзия КЖ Досанов.doc

— 230.50 Кб (Скачать файл)

Ең үлкен үңгір кірісі - бұл Бұғылар Үңгірі; оның ені - 100 метр, биіктігі - 120 метр. Таза Бұлақ Үңгірлері - Оңтүстік Шығыс Азияның ең ұзын үңгірлер тізбегі. Оның тереңдігі 51,5 км-ге жетеді. Мұнда биіктігі 45 м-ге жететін әктасты бағандар орналасқан. Олар геологтар үшін үлкен құпия болып саналады. Осы жердің Ниах қорығында Гунуг Сабис әйгілі үңгірлері бар. Мұнда 1873 жылы палеолит және неолит кезеңдерінің еңбек құралдарын тапқан. Бұл үңгір қабырғаларына қарлығаштар ұя салған, ал ішінде шаяндар, жыландар, сколопендриялар. Маунт Кинабалу қорығы және осы атаулы 4175 метрлі тауда осы жерде орналасқан. Тауға көтерілу 2-3 күн алады. Бұл аралдардың джунглиі Амазонияның джунглиясымен салыстырған. Аралдың бүкіл джунгли массивтері мемлекет қорғауға алған 12 Ұлттық парктерге бөлінген.

Гунунг Гадинг паркінде Кучингтен  екі сағаттық жерде орналасқан. Мұнда жыл сайын дүние жүзіндегі ең үлкен гүл - раффлезия гүлдейді. Бұл гүлдің жапырағының диаметрі -1 м-ге жетеді. Гүл түйнегі пайда болғаннан ол толығымен ашылғанға дейін 9 ай өтеді, ал гүлдің өзі 4-5 күн ғана ашылады.

Мулу қорығы 53 мың га жерді алады. Мұнда жануарлардың 3,5 мың түрі және өсімдіктердің 20 мың түрі бар. Бірақ  онда Бако үлттық паркіндегідей маймылдар  саны көп емес және Пулау Сатанг Безар қорығындағыдай ірі тасбақалар саны жоқ.

Орангутанг малайзиялық тілден аударғанда «орман адамы» деп аударылады. Осыған ұқсас жергілікті түземдік тайпаның атауы оранг-асли «алғашқы адамдар» және де бұлардың бірегейлігі тұрмысы 1000 жыл бұрын болғандағыдай қалған.

Малакка — ескі портты қала. Бұл қала Малакка бұғазының  жағалауында, Малайзия астанасының  оңтүстігіне қарай орналасқан. Португалдық  отаршылдық саясатының ірі белгілерді Сантьяго порты және Әулие Павел  шіркеуінен анық байқауға болады. Ал Голандық билеушілік саясатынан қалған көптеген тарихи ескерткіштер бар. ХVІІ-ХVIII ғғ Ратуши құрылыстары және бай көпестердің үйлері өте қызықты. Бұл құрылыстардың стилі өзінің ұхтамдылығымен, аскетикалық құғақтығымен ерекшелененіп, сол кездегі Голландиялық архитектураны көрсетеді. Бұл қалада ағылшындық билеушілік кезінде дикториандық стильдегі әкімшілік құрылыстар пайда болды. Қала он жылдықтар бойы жүйесіз қытайлық шатырлармен және бай малайлықтардың үйлерімен салынды. Ал соңғы уақытта мұнда жаңа замандық бетонмен, әйнекпен істелгенімен құрылыстар пайда болды. Осы қала өзінің әртүрлілігімен Малайзиядағы ең кызықты қалалар қатарына жатады.

Қазіргі уақытта қалада жүз мың халық тұрады, оның %-і қытайлықтар. Малаккада май шығаратын зауыттар, каучук зауыттар бар. Калимонтан аралының басты қалалары бар порттар соның ішіндегі ең үлкені Кучинг қаласы. Әкімшілік орталығы - Саравак, халқы - 55 мың адам. Қала өзі аттас өзеннің жағасында орналасқан өзеннің бойымен келетін порттық кемелермен келетін киімдер, бұрыш, каучук алып келеді. Бұл қаланың жағажайларында вахталарға толы тар көшелер көп. Осы көшелерде осы заттармен сауда-саттық жасайды. Бұл Малакка қаласы Малайзия мемлекетінің дамуына көп үлесін қосады. Малакка қаласы мемлекеті көптеген шикізат өнеркәсібімен қамтамасыз етеді. Яғни бұл қала Саравактың орталығы болғаннан кейін бұл жерге туристерде көп келеді. Туристерді Саравактың орталығы өте қатты қызықтырады.

Куала-Лумпур - мемлекет астанасы.

Куала-Лумпур. Қала тарихы 1857 жылдан Раджа  Абдулла басшылығымен Кланг және Гомбак өзендерінің жағасында қалайы іздегіштер тоқталғаннан басталды. Ол кезде мұнда кішкене ғана ауыл болып бірте-бірте калаға айналған.

Ағылшындардың келгенінен және 1896 жылы Малайя Федерациясының құрылған кезінен Куала-Лумпур оның астанасына айналды. Британдық басқарма қаланың тарихыиа, оның сәулетіне, жол тораптарының жүйесіне және тұтастай тұрмысына әсерін тигізген. Мұнда Британиядан әкелінген дәстүрлер мен мұсылмандық дәстүрлер үйлесімділік тапқан. Мұнда барлығы ағылшын тілінде сөйлейді. Бірақ түрліше.

1957 жылы Малайя Федерациясы тәуелсіздік алып, Куала-Лумпур Федерация астанасы болды.

Малайзияның қазіргі заманғы астанасы үлкен әсер береді. Көптеген көкпен теңескен биік ғимараттар, оның ішінде дүние жүзінің ең биігі - Twin Tower. Оның бніктігі 452 метр. Ол «Петронас» мұнай компаниясының иелігінде.

Ол ғимаратта тек мұнай компаниясы ғана емес, Куала-Лумпурдың қалалық орталығы (КЬСС) және Малайзиялық симфониялық оркестр жэне «Петронас» театрлық группа өнерлерін көрсететін концерт залы бар.

Көлеңкелі көшелері, көркем парктері және бақтары бар. Куала-Лумпур кешкі уақыттарда «оттардың бақ қаласы» атын ақтайтындай көптеген түрлі түсті жарық шашады. Түнгі уақыттары жол қозғалысы күндіздегідей болып қала береді. Әсіресе мотоциклистер көп болады.

Қараңғы түнектен кейін  бірден босайтын Еуропалық қалалардан айырмашылығы өзінің белсенді түнгі өміріне қарамастан Куала-Лумпур әлемнің ең бейбіт астаналарының бірі болып калады.

Куала-Лумпур Малайзияның  қаржылық және сауда орталығы болып табылады. Куала-Лумпурдың көрнекіліктері бұл ең ежелгі Масшид Джамек мешіті. Сонымен қатар сіз астананың Тәуелсіздік орталық алаңына бара аласыздар. Мұнда ұлттық монумент пен корольдің сарайын көресіздер. Кейін сізді ұлттық мата - батикті өндіретін фабрикаға саяхат күтеді. Фабрикадан кейін сіз Қытай храмына, Куала-Лумпурдың басты мешітіне, сонымен қатар Шри Махамариаль храмына барасыз.

Лангкави мен Пенанг

Лангкави. Малайзияның ең қиялшыл  аралы (аударғанда «аңыздар аралы»). Ол Тайландпен шекаралас жерде Малак шығанағында орналасқан. Куала-Лумпурдан бұл жерге дейін ұшақпен 40-50 минут. Бұл Малайзияның солтүстік - батыс жағалауында орналасқан 104 аралдың ең ірісі. Астанасы — Куах қаласы. Малайлық тілден бұл сөз «соус» деп аударылады. Аңыз бойынша бұл жерге екі алып карри соусы бар ыдысты аударып алған.

Басқа аңыз бойынша 200 жыл бұрын  айыпсыз өлім жазасына кесілген Махам  Махсури 7 ұрпақка дейін аралды қорғаған. Көп уақыт отпей аралды Сиам әскерлері  жаулап, мұндағы барлық күріш алқаптарын өртеп жіберген. Қазіргі уақытта Лангкави Шығыс Азияның өркендеп келе жатқан аудандарына айналған. 1987 жылдан салық салынбайтын сауда зонасы болып жарияланады. Сондықтан мұнда Малайзияның басқа жерлеріне қарағанда тауарлар арзан.

Арал Шығыс Азиядағы ең көрікті  аралдардың бірі болып саналады. Бұған 5 млн. жыл бұрын Лангкавидің айналасында  көптеген кіші және үлкен аралдар  орналасқан. Олар қайталанбас теңіздік пейзажға ұласады.

Лангкави отельдері - бұл Пантай Тенгах жағажайында орналасқан Langkawi Village - 3 «жұлдызды» және Holiday Villa - 4 «жұлдызды». Осылардың жанында 1996 жылы ашылған Азиядағы ең ірі аквариумдық комплекс — Underwater World. Мұнда теңіз және өзен фаунасының 5000 өкілдері, кораллдардың түр-түрі жиналған.

Лангкавидің көрікті жерлері: Куах каласынан 12 км жердегі Махсури Мовзолейі. Сонымен қатар Қолтырауындар  фермасы, Жыландар паркіне саяхаттауға  болады. Телага Туджух сарқырамасы  үлкен әсер қалдырады. 90 метрлік  биіктіктен құлап, 7 тосқауылдан өтіп, 7 көлге айналады.

Қара топырақты Пантай Пасир  Хитам жағажайында болған өте  қызықты. Пенанг. Егер Лангкавиде тыныштық пен байыптылық болса, одан 112 км оңтүстікке қарай Пенанг орналасқан. Бұл қараңғы  түскеннен кейін белсенді өмір басталатын жарнама жарықтары және көкпен таласқан ғимараттары бар теңізді - курортты қала.

Батыс өркениеті үшін Пенанг 1786 жылы ағылшын капитаны Френшс Лайтпен ашылды. Оның ескерткіші қазіргі  уақытта Пенанг мұражайы алдында  тұрады. Пенангтағы конақ үй бизнесі 1807 жылы аралға армян ағайындылар Саркшов Тигран және Мартин келгеннен болады. Арал астанасы - Джорджтаун ағылшын патшасының құрметіне қойылған. Пенанг малайлық, қытай, үнді, ниондық мәдениеттері орналасқан, отарлық тарихы бар арал.

Бұл аралдың көптеген тарихи және мәдени көрнекіліктерінен байқалады.

Пенангте астананың ескі отарлық бөлігін көрген қызықты: Корнваллис порты, Келлинг және Агин Стрит капитандары мешіті, Жыландар, Кек Лок Си, Мейірімділіктің құралы және Ват Чайманжаларам храмдары. Соңғы храмда дүние жүзінде 3 орын алатын будда кейпіндегі мүсін сақталған. Жыландар храмында жыландар альтар және храм заттарының арасында еркін жатады. Көбелектер паркінде және Пенанг ботаникалық бағын барып көрген қызықты.

Қалаға керемет көрінісі Пенанг тауынан (теңіз деңгейінен 821 метр) ашылады. Онда фуникулермен көтерілуге болады.

Малайзияның джунглиясындағы адам ең көп келетін орын — Паханг, Келантан және Тегару таулы штаттарында орналасқан үлкен ұлттық Таман Негара (436 мың га) қорығы. Биологтардың пікірі бойынша Таман - Негара орманы әлемдегі ең ескілерінің бірі - оған кем дегенде 130 млн. жыл болған. Парк Малакка түбегіндегі ең биік шың Гунунг-Таханның айналасында орналасқан. Мұнда ылғалды тропикалық джунглиялар өскен әктасты жарлар, карстық үңгірлер, сарқырамалар және де сирек кездесетін аңдар мен құстар бар.

Таман-Негара қорығына Куала-Тембелинг қаласынан өзендік катер арқылы жетуге болады. Нағыз оқиғаның мойынұсынушылар жалға джип алып, сол арқылы Куала-Лумпурдан 3 сағат жердегі паркке баруға болады. Парктің әкімшілік офисі Куала-Таханда орналасқан, сол офиске барып, түнеп шығуға қонақүйде қалуға немесе коттедж жалға алуға болады. Сонымен қатар мұнда дүкендер мен тойып тамақ жеу және шөліңді басу үшін бірнеше ресторандар бар.

Әр күн сайын кешке парк жұмысшыларына арнап Таман-Негара туралы фильм көрсетіледі. Тәжірибиелі гид сізді қорыққа апарады және тропикалық флора мен фаунаның сирек кездесетін өкілдерімен таныстырады. Алыс жолға саяхаттау үшін парк территориясында қайық қолданылады. Әрі қарай сіздің таңдауыңызға байланысты. Тәжірибиелі гид сапарда сізге қызықты жерлерді көрсете жүріп, қорықтың өсімдік және жануарлар әлемімен таныстырады. Сіз сондай-ақ әрі қарай өз еркіңізбен қолыңызға берген карта, компас және палатка арқылы сапар жасай аласыз. Аңға шығушылар әкімшіліктен рұқсат алып жабайы қабандарды атуына да болады. Басқа көңіл көтерулер - балық аулау мен рафтинг.

Тағы бір көрікті  жерлердің бірі - Гуа-Телинг немесе Ухо - үңгірі, бұл жерге сіз өзенді төмен қарай бойлау арқылы жете аласыз. Тар тасты өткелден өткеннен кейін  сіз жер асты камерасына жетесіз. Фонар жаққан кезде сіз ең алдымен жарқанаттарды көре аласыз. Үңгірде сондай-ақ жарқанаттармен қоректенетін үлкен жыландарды көруге болады. Тамашалауға ең әсемді де көрікті ол Пенагтағы Таман-Негара ұлттық қорығы. Бұл қорық өзінің ежелгі ерекшеліктерімен туристерді таң қалдырады. Бұл қорықты жергілікті тұрғындарда және әрине малайзиялықтардың өздері себебі Пенанг аралы Малайзия қаласынан екінші орынды алады, тамашалай алады. Таман - Негара ұлттық қорығына басқа да мемлекеттерден көптеген туристер келеді. Көптеген туристерді Таман - Негара қорығы өзінің ғажайып тарихымен ерекшеленеді. Біз жоғарыда айтқандай бұл Таман - Негара қорығы өте ежелгі қорық. Бұл қорықта ағаштары биік және өте қалың ормандарды тамашалауға болады, және Таман - Негара корығының ұзын, еңдігі үлкен үнгірлерді көре алады. Бұл үнгірлер өзінің үлкендігіменен әлемге әйгілі болып кеткен.

Таман-Негара қорығына келген туристерге бұл қорықтың ең қатты ұнайтын ғажайып ол әрине ерекше үлкен үнгірлермен өте сирек кездесетін жануарлары. Туристерге қолға үйренген маймылдар өте қызық болып көрінеді, олар сондай сол маймылдармен ойнап тамашалайды.

Пенанг аралы ең ескі жерлердің бірі болып саналады. Бұл арал теңіз жағасында орналасқандықтан әрине туристерді көп қызыктырады. Пенанг тұрғындары ауыл шаруашылығымен айналысады. Көбінесе бұлардың айналысатын кәсіптері, сыр мен май заводтары. Осы заводтар арқылы олар көптеген жетістікке жетті. Олардың сауда және өндіріс орталықтары көбейіп дамый бастады. Пенангтың кәсіп орындары жоғары деңгейде жұмыс істеді. Қаланың арғы жағында ботаникалық бақ бар. Бұл бақтың бір ерекшелігі бұл жерде жыландар ауасы деген бір мекен бар. Ол мекен Пенанг аралының ортанғы орманды бөлігінде орналасқан. Ол жердің тұрғындары көптеген улы жыландарды алап, сол жылан арқылы өнерлерін туристерге көрсетеді. Ол жердің тұрғындары бұл жыландарға бір иіс жіберіп, олар содан адамдарға қаіпсіз болып қалады. Сол арқылы туристер ол жыландары еш қауіптенбей көре алады.

Пенанг аралы жылына көптеген туристерді қабылдайды. Бұл жерге туристер әлемнің көп жерінен келіп демалады. Ол келген туристерді қарсы алатын бағасы тиімді қымбат емес отельдер де бар. Қонақ үйлер туристерді жоғары дәрежеде қарсалып ол туристерге тиімді қызмет көрсетеді. Бағалары қызмет көрсету деңгейіне сәйкес келеді. Бұл қонақ үйлерде тамақтану орындары да кызмет етеді. Яғни ресторандар, кафе, асханалар көп. Туристер кезкелген уақытта келіп тамақтана алады.

Пенанг аралы судың  жағасында орналасқандықтан конақ  үйлермен ресторан, кафелері көбісі теңіз  жағасына жақын орналасады. Пенанг аралына жылдың-жылға туристердің келуі көбейуде.

Кедах штаты 

Кедах штаты дәстүрлі түрде күріш отаны болып саналады. Оның астанасы Алор Стар қаласында  көне заманнан қалған заттар мен көптеген жылдар бойы өзгермеген үйлер сақталып қалған. Мұнда 1898 жылы салынған, өткен   заманның  реликвиясы  болып  табылатын Балей Бесар ғимаратын тамашалай аласыздар. Ол мемлекеттік және патшалық мерекелер үшін жиі қолданылады. 1912 жылы салынған Захир мешіті елдегі ең көрікті мешіттерінің бірі болып саналады. Ал жергілікті сәулет өнерінің керемет мысалы болып  табылатын  Корольдық мұражай кедахтық корольдерінің мұраларының жинағын келушілер назарына ұсынады Алор Стардың басқа көрнекіліктерінің арасында - Малайзияның премьер-министрі Махатхир Мохамад дүниеге келген үй және Пекан Рабу базары. Мұнда түрлі тауарлар мен сувенирлерді сатып алып, жергілікті ұлттық тағамдар, мысалға - додолдың дәмін татып көруге болады. Жақында салынған Алор-Старлық мұнарадан қалаға керемет көрініс ашылады.

Бұл штат - мемлекеттің  ең көнелерінің бірі. Кедах тау  курорттары орналасатын Джрей тауының етегінде, Буджанг даласында мұнда IV ғасырда ежелгі үндібуддалық мемлекет болғанын дәлелдейтін көне заттар табылған. Қазба тұсындағы мұражайда қазба кезінде табылған заттар - Таяу Шығыстан әкелінген бағалы тастар және қытай фарфоры көрсетілген.

Кедахтың оңтүстік бөлігінде жағалаудағы пикниктер онына айналған Пантей Мердека орналасқан. Ал жалғыз демалғысы келетіндер үшін Педу көлі қолайлы.

Кедахтың ең әйгілі орны бұл — Лангкави архипелагы. Лангкави 99 аралдан құралған. Олардың арасындағы ең ірісі Пулау - Лангкави деп аталады.

Туристерді қызықтыратын дүкендер - Куах қаласында шоғырланған. Арал халықаралық көрмелер және конференциялар орталығына айналған. Мұнда сонымен қатар халықаралық теңіз және аэрошоулары үйымдастырылады. Басқа көрнекіліктер арасында Махсури мавзолейі, Аир Хангат ыстық бұлақтары, Пердана көрмелері, бүркіт алаңы, Жеті құдық, Суасты әлемі және Танджунг Ру жағажайы.Ең әйгілілері - Пулау Даянг Бунтинг аралы, Пулау Синга бесар қорығы, Пулау Брас Басах аралы.

Информация о работе Малайзия мемлекетіндегі туризмнің даму үрдісі