Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 11:24, лекция
Әдетте, модульдің 2 түрі көрсетіледі: базалық модуль және кеңейту модульдері. Базаылқ модульдеріне ГАЖ операцияларын жүзеге асыратын функциялар кіреді. Әр түрлі фирмалардың бағдарламалық өнімдері арасында ұқсастықтар бар екенін айта кеткен жөн, себебі өндірушілер бір – бірінен құрал – жабдықтарды алуға мәжбүр болады. Қазіргі кезде, нарықта толық функционалды деңгейге жатқызылатын белгілі 20 – ға жуық жақсы ГАЖ пакеттері бар. Толық функционалдық ГАЖ қасиеттерін сипаттай отырып олардың ортақ белгілерін көрсетуге болады.
КІРІСПЕ
Курстың мазмұны: Адам қоғамының өсуі мен дамуы барысында қоғамдық өмірдің заңдылықтарын және құбылыстарын сандық деңгейде өлшейтін қажеттілік пайда болды.
Статистикалық көрсеткіштердің көмегімен статистика қоғамдық құбылыстардың сандық жағын анықтайды да берілген қоғамдық құбылысты мысалға ала отырып санның сапаға өту заңдылықтарын бақылайды, осы бақылаулардың негізінде алынған мәліметтердің анализін жасайды.
Статистиканың теориялық негіздері ғана емес оның практикалық ролі де маңызды: бірде бір үлкен кәсіпорын статистикалық есептің анализінсіз жұмыс істей алмайды. Сол үшін кәсіпорындарда арнайы аналитикалық бөлімшелер мен қызметтер жұмыс істейді. Туризм саласы да үнемі бақылауды талап етеді, сондықтан да Туризм статистикасы курсы ЖОО енгізілген.
Мақсаты: студенттердің туризмдегі статистикалық есепке алу амалдарын, туризм индустрия динамикасының сандық сипаттамасын меңгеру.
Міндеттері: статистикалық мәліметтерді қолдана отырып, әдістемелік дұрыс тәсілдерді туристік саланың әрекетінде әр түрлі жағдайларды бағалауды қалыптастыру, туризмдегі статистикалық есепке алу амалдарын оқыту; туристік ағындардың сандық, табыстар және шығыстар сипаттамалары білімін беру.
Құзыреттері (оқытудың нәтижелері)
Пәнді игеру нәтижесінде студент білуі тиіс:
Туристік статистика жүйесі, дүние жүзілік туристік ұйымның ұсыныстары, туризмдегі қосалқы есеп туралы түсіну қажет;
туристік статистиканың негізгі көрсеткіштерін – туристік аймақтар деңгейінде, Қазақстанда; туристік нарықтың басшы елдерін, статистикалық ақпараттар әдістерін жинауды және өңдеуді білу қажет;
статистикалық таңдауды және қорытынды мәліметтерді кестелеу амалдарын қолдануға қабілетті болуы қажет;
алғашқы статистикалық мәліметтерді талдауға және ақпаратты іздеуге; нақты мәліметтерді жинауға, жеке құбылыстар немесе белгілердің арасындағы байланыстардың, орташа мәндерін және орташа мәндерден ауытқуын есептеу амалдарын, алынған нәтижелердің нақтылық деңгейін орнатуға; статистикалық есептеу нәтижелерін туристік тәжірибе шараларында пайдалануға дағдылануы қажет;
туристік статистика мәліметтерін жинау, талдау және түсіндіру сұрақтары бойынша ой қалыптастыруға құзыретті болуы тиіс.
1 Дәріс
Статистика түсінігі
Статистика – ежелгі ғылым саласының бірі. Алғашқы есептік операциялар өте ерте замандарда өткізілген. Бастапқыда олар біршама қарапайым, тұрақсыз болды және негізінен халықтың саны, құрамы мен мүліктік жағдайы туралы мәлімет алуға бағытталды.
Өндіргіш күштердің дамуымен қоғамда білімнің түрлі салаларына қызығушылық артып, саналатын құбылыстар мен олар туралы жиналатын мәліметтер аясы кеңейді; есептік операциялардың өзі күрделене бастады.
Осылайша кейіннен «статистика» деп аталған ғылым саласы қалыптасты. Оның қалыптасуы қоғамның ақпаратқа деген қажеттілігімен байланысты. Ақпаратсыз мемлекетті басқару, өмірдің түрлі салаларын, әрекет өрістерін зерттеу мүмкін емес еді.
XVIII ғасырдың ортасына
дейін статистика деп мемлекет,
оның назар аударарлық
Статистика деп түрлі құбылыстар туралы мәліметтер жиынтығын атайды.
мысалы:
Статистикаға тек сандық көрсеткіштері бар мәліметтерді жатқызады. Мысалы, статистикаға елдің мемлекеттік құрылымы немесе мемлекеттік тілі туралы мәлімет жатпайды; бірақ әлемде белгілі бір басқару формасы, саяси құрылымы бар мемлекеттер саны туралы мәлімет жатады.
Статистикамен шұғылданатын барлық мағыналар жеке құбылысқа емес, көптеген элементтерден тұратын жиынтыққа жатады. Статистикаға тек олардың негізінде құрама көрсеткіштер алуға болатын жеке құбылыстар туралы мәліметтер қажет.
Мысалы, әрбір туу немесе қайтыс болу туралы оқиғасын тіркей отырып туған және қайтыс болғандар саны, туу және өлім деңгейі туралы құрама мәліметтер алуға болады.
Сонымен бірге статистика – өңдеу мақсатымен мәліметтерді жинау процесі. Бұл түсінікте статистика – көлемді мәліметтерді жинау, өңдеу және талдауға бағытталған адамдардың практикалық әрекеті.
Жалпылау мақсатымен мәлімет жинау түрлі көлемде жүргізілуі мүмкін. Мысалы, дәрігер емдеу тәжірибесін жалпылау үшін емделушілерінің статистикасын жүргізеді; мұғалім оқыту әдісінің тиімділігін анықтау мақсатымен оқушыларының үлгерімінің статистикасын жүргізеді, т.б.
Алайда бүкіл мемлекет немесе оның жеке аймақтарына қатысты мәлімет статистикалық ақпаратты жинау арнайы органдарға жүктеледі (статистикалық қызмет).
«Статистика» терминімен сонымен қатар белгілі алгоритм бойынша жеке бақылаулардың нәтижесінде алынған кездейсоқ бір шамалар қатары параметрін атайды. Мұндай параметрге шамалар қатарының арифметикалық ортасы, орташа квадраттық ауытқу т.б. жатады. Бұл түсініктегі статистикаға түрлі статистикалық гипотезаларды тексергенде пайдаланылатын түрлі статистикалық критерийлер жатады.
Кең түсінікте статистика көпшілік құбылыстардың заңдылықтарын сандық жағынан зерттейтін ғылым дегенді білдіреді. Ғылым ретінде статистикада зерттеу әдістері туралы теориялық жағдайлары бар.
2 Дәріс
Статистикалық қызмет органдары
Ресейде арнайы мемлекеттік статистикалық қызмет органдарының қалыптасуы ХІХ ғ.басына жатады, бірақ мемлекеттік статистикалық қызмет жүйесі толығымен 1858 жылы Ішкі Істер Министрлігінің жанынан Орталық статистикалық комитет құрылған кезде ғана қалыптасты. Кейінгі жылдары, әсіресе кеңес үкіметі жылдарында елдің орталық статистикалық органының атауы және құрылымы көп рет өзгерді. 2004 жылдың мамырынан Ресейдегі мемлекеттік статистиканың басты орталық органы мемлекеттік статистиканың федералды қызметі болып табылады (МСФҚ). Оған мемлекеттегі барлық статистикалық іс-әрекеттерді басқару, ұлттық экономиканың дамуы туралы мәліметтерді жинау, өңдеу және талдау, ел Президенті және билік органдарына мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпаратты ұсыну жүктеледі.
Ресей МСФҚ елдегі статистика мен есепке алудың әдіснамасының бірлігін қамтамасыз етуге, есептілік формаларын жасауға, халық санақтарын жүргізуге, түрлі зерттеу объектілерінің біруақыттық есебін жүргізуге, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі статистикалық мәліметтерді жариялауға тиіс.
Мемлекеттік статистикамен қатар өздеріне бағынышты мекемелер мен ұйымдардан алынатын ақпарат негізінде барлық министрліктер мен ведомстволар жүргізетін ведомстволық статистика болады.
Өз қызметінде МСФҚ Конституцияны, Ресей Федерациясы Президенті мен Үкіметінің заңдары, бұйрықтары мен жарлықтарын, сонымен қатар федералдық статистикалық бағдарламаларды басшылыққа алады.
Ресей МСФҚ функциялары:
Қазіргі заман кезеңінде мемлекеттік статистиканың әкімшілік-территориялық және жергілікті органдарының қызметі ерекше мәнге ие.
Аймақтық статистикалық органдардың негізгі функциялары:
Статистика ғылымының пайда болуы - мемлекетттану және саяси арифметика
Ғылым ретінде статистика XVII ғасырда Германия мен Англияда біруақытта пайда болды. Оның пайда болуы есептік-статистикалық жұмыстар тәжірибесінің дамып кең етек жаюымен байланысты. Алайда статистиканың ғылым ретінде қалыптасуы көпшілік құбылыстарды зерттеуге арналған ғылыми еңбектер пайда болған, статистиканы оқыта бастаған кез болып саналады.
Ғылым ретіндегі статистиканың дамуы 2 бағыт бойынша жүрді. Бірінші бағыт Германияда пайда болды және мемлекеттану немесе сипаттама мектебі ретінде белгілі. Бұл бағыт өкілдері құбылыстар арасындағы заңдылықтар мен өзара байланыстарды талдаусыз мемлекеттің құрылымы мен оның көрнекті орындарын сипаттауды өздерінің басты міндеті санады.
Сипаттама мектебінің негізін қалаушы неміс ғалымы Герман Конринг болып саналады. Ғылыми оқу пәні ретінде мемлекеттануды оқытуды да сол енгізді.
Сипаттама мектебінің және Конринг көзқарастарының дамуына оның ізбасары, «статистика» терминін енгізген Готфрид Ахенваль және оның шәкірті Август Людвиг Шлецер көп еңбек сіңірді.
Статистиканың ғылым ретіндегі екінші бағыты Англияда пайда болып «саяси арифметика» деген атпен белгілі. Бұл бағыт мектебінің негізін қалаушы танымал саяси экономист Уильям Петти.
Аталмыш мектеп өкілдері мемлекеттану жақтастарына қарағанда көп бақылаулар негізінде зерттелетін құбылыстардағы түрлі заңдылықтар мен өзара байланыстарды анықтауды өздерінің басты міндеті санайды. Мәселен, Д.Граунт негізінен тұрғындардың ұдайы өндірісі заңдылықтарын зерттеді. Көп жылдар бойы ол Лондонда туғандар мен қайтыс болғандар саны туралы мәліметтер апта сайын жарияланатын бюллетеньдер ақпаратын зерттеп бірқатар заңдылықтарды анықтаған.
Д.Граунт алғашқы өлім-жітім кестесін жасап өміршеңдік қисығын есептеп шығарды. Өз зерттеулерінің нәтижесін ол 1662 ж. шыққан сол заман дәстүрі бойынша атауынан мәні көрініп тұратын «Басқару, дін, сауда, өсім, ауруларға т.б. қатысты қосымша берілген мазмұнында аталған және өлім-жітім бюллетендерінің негізінде жасалған табиғи және саяси бақылаулар» атты еңбегінде жариялады.
Э.Галлей белгілі бір жасқа дейін өмір сүру ықтималдығын анықтауымен өлім-жітім кестесін құрып оларды сақтандыру ісінде пайдаланумен айналысты.
У.Петтиді болса шаруашылық процестермен, қоғамдық және экономикалық өмірдегі заңдылықтар көбірек қызықтырды. Ол алғашқы болып елдің ұлттық байлығы мен ұлттық кірісін бағалауға талпыныс жасады. Оның қызығушылық шеңбері «Саяси арифметика немесе жер, адамдар, ауыл шаруашылығы, мануфактура, сауда , балық аулау, қолөнершілер, теңізшілер, солдаттардың көлемі мен құнына қатысты; адамдардың құндылығын анықтауға, теңізшілер санының өсуіне қатысты; айлақтар, елдің жағдайына, кемелер, теңіздегі қуаттылығына т.б. қатысты ойлар» атты еңбегінде көрсетілген.
Саяси арифметиктердің жетістігі олардың көпшілік мәліметтерді пайдаланудың белгілі бір заңдылықтарды анықтау үшін қажеттігін түсінгендігі, санау мен талдауда топтастыруды, орташа және салыстырмалы бірліктерді пайдаланғандығы, көптеген көрсеткіштерді бір-бірімен байланыста қарастыруға тырысқаны болып табылады.