Стаистикадағы туризм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 11:24, лекция

Описание работы

Әдетте, модульдің 2 түрі көрсетіледі: базалық модуль және кеңейту модульдері. Базаылқ модульдеріне ГАЖ операцияларын жүзеге асыратын функциялар кіреді. Әр түрлі фирмалардың бағдарламалық өнімдері арасында ұқсастықтар бар екенін айта кеткен жөн, себебі өндірушілер бір – бірінен құрал – жабдықтарды алуға мәжбүр болады. Қазіргі кезде, нарықта толық функционалды деңгейге жатқызылатын белгілі 20 – ға жуық жақсы ГАЖ пакеттері бар. Толық функционалдық ГАЖ қасиеттерін сипаттай отырып олардың ортақ белгілерін көрсетуге болады.

Файлы: 1 файл

Лекции.Тур статистика.docx

— 72.05 Кб (Скачать файл)

Бұл ең алдымен Петербург университетінің математикалық мектебінің өкілдері: үлкен сандар заңын тұжырымдаған Пафнутий Львович Чебышев; күрделі құбылыстарды түсіндіре алатын математикалық теория авторы – Андрей Андреевич Марков  және таңдамалы бақылау тәжірибесіне теориялық негіздерді енгізген Александр Михайлович Ляпунов.

Статистиктардан академиялық мектепке бірінші кезекте бақылауды ұйымдастыру мәселелеріне және топтастыруға, себеп-салдарлық байланыстарды анықтауға көп көңіл бөлген, бірақ үлкен сандар заңының ролін жоққа шығарған Юрий Эдуардович Янсон жатады.

Онымен бірге академиялық мектепке Мәскеу университетінде статистикадан дәріс оқыған Александр Иванович Чупров және оның ұлы, Петербург политехникалық институтының профессоры Александр Александрович Чупров та жатады. А.А.Чупров стохастикалық (ықтималды) статистиканың дамуында терең із қалдырды.

Оның пікірлесі Мәскеу университетінің профессоры, земстволық статистиканың қызметіне белсене қатысқан  Николай Алексеевич Каблуков болды.

Академиялық статистика өкілдерінің қатарында Петербург университетінің профессоры стохастикалық статистиканың  көптеген тұжырымдамаларына, әсіресе корреляция теориясына сыни көзбен қараған Александр Александрович Кауфманды атап өтпеуге болмайды.

Академиялық статистика өкілдері статистиканың барлық мәселелерінде бірдей көзқараста болмады. Олардың көп сұрақтар бойынша пікірлерінде айырмашылық болды. Бірақ олардың бәрі статистикаға берілген еді, Ресейде статистикалық тәжірибенің дамуына ықпал жасады, жоғарғы оқу орындарының түрлі мамандықтағы студенттері білім алған статистикадан ірі ғылыми еңбектер мен оқулықтар жазды.

Академиялық статистика өкілдерінің көптеген идеялары олардың ізбасарлары мен шәкірттерінің еңбектерінде жалғасын тапты және ХХ ғасыр бойында пікірталас, талқылау және жалпылау затына айналды.

Басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін статистикалық зерттеулер әдістерін жетілдіру мәселелері Ресейді ХХ ғасырдың көрнекті ғалымдары: В.С.Немчинов, С.Г.Струмилин, Б.С.Ястремский, Д.В.Савинский, П.П.Маслов, Н.К.Дружинин, Г.И.Баклановтың  еңбектерінде көрініс тапты.

 

5 Дәріс

Статистиканың міндеттері

Қазіргі замандық статистика өткен жылдардағы мемлекеттанудан құрамындағы мәліметтердің толықтығымен, жан-жақтылығы және сипатымен ерекшеленеді.

Нарықтық қатынастарға көшуі, қоғамның қоғамдық-саяси құрылымының ауысуы экономиканы басқарудың жаңа әдістерін пайдалануға көшуге, статистикалық органдар қызметінің бағыты мен статистика міндеттерінің өзгеруіне әкелді. Заманауи жағдайларда статистика әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша әр түрлі құрылымдар мен ұйымдарды толық және шынайы мәліметтермен қамтамасыз етеді.

Статистикалық мәліметтің міндеттері:

  • экономикалық саясатты дайындау;
  • бюджет жобаларын құрастыру;
  • әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамдарын алу.

Нарықтық экономикаға көшуге байланысты мемлекеттік емес статистика органдарының маңызды міндеттерінің бірі нарықтық экономикадағы процестерді талдауға арналған көрсеткіштер мен топтарды статистикалық тәжірибеге енгізу болды. Осы міндет аясында макродеңгейде экономика жағдайы мен дамуының жалпы көрінісінің сипаттамасы  үшін, ең маңызды деген макроэкономикалық көрсеткіштер арасында өзара байланыс  орнату үшін қолданылатын ұлттық есептер жүйесіне көшу (ҰЕЖ) жүргізіліп жатыр.

Заманауи жағдайларда статистиканың қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуында болып жатқан процестер туралы құрылымдар мен ұйымдарды хабардар ету сияқты міндеті маңызды болып отыр.

Статистикалық білімсіз түрлі партиялар мен блоктардың бағдарламаларын, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша үкімет құжаттарын, электронды ақпарат көздерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының және мерзімді баспасөздің мәліметтерін түсіну қиын. Статистика негіздерінен хабардар болған жағдайда біршама кереғар жариялануларда жөн табуға, мемлекеттік статистика органдарының мәліметтерін дұрыс түсінуге мүмкіндік береді.

Әсіресе  кейінгі уақытта ғана көрінісі статистиканың міндеттеріне айналған жаңа процестерге мұқият қарау керек. Мәселен, шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесіне көшу еңбек нарығының пайда болуына және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттің саясатының өзгеруіне әкелді. Осыған байланысты аймақтық деңгейде еңбек нарығының жағдайын бағалайтын көрсеткіштер жүйесін жасау, жұмыссыздық деңгейін анықтау, елдегі тұрғындардың жұмыспен қамтылуына әсер ететін факторларды талдау қажеттігі туды.

Мұндай ақпарат қоғамдағы әлеуметтік қысымды  төмендету шараларын жасау, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеуге, жұмыссыздарды қайта оқытуға, жұмыспен қамту қызметін ұстау үшін қаржы ресурстарын алдын ала қарастыру қажеттілігі жағынан маңызды.

Бірқатар халықаралық  экономикалық ұйымдардың мүшесі бола отырып ҚР Біріккен Ұлттар Ұйымы, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк, Еуропалық қайта құру және даму банкімен ақпарат алмасуды өзіне міндет етіп алды.

Әрбір  кәсіпорын нарықтық экономика жағдайында негізін  болжамдар құрайтын ағымдағы және болашақ жоспарларын жасайды. Осылайша, жоспарлаудың алғашқы кезеңі кәсіпорынның өнім шығару мүмкіндігін бағалаумен байланысты, мұнда тек өнім көлемінің қалыптасқан динамикасы ғана есептеліп қоймай, оның бәсекеге қабілеттілігі, нарық жағдайы, бағалар динамикасы, яғни жоспардағы көрсеткіштің өзгеруіне әсер ететін факторлар есепке алынады.

Кәсіпорын қызметінің, салаларының және ұлттық экономиканың  әр жақтарының көп қырлы сипаттамасы статистикалық көрсеткіштер жүйелерінде көрініс табады. Статистиканың міндеті осы көрсеткіштерді құру әдіснамасын жасап, оларды талдау әдістерін жетілдіріп дамыту болып табылады.

 

Статистика ғылымының салалары

Заманауи қоғамды басқару үшін екі негізгі сала – экономика мен әлеуметтік жүйенің жағдайы және бір-бірімен қарым-қатынасын бақылау қажет. Бұл екі сала бір-бірімен тығыз байланысты, бір-бірінен тәуелді болса да әрқайсысының өзіндік зерттеу пәні бар.

Одан басқа экономикада да, әлеуметтік салада да өтетін ішкі процестер мазмұны жағынан әр түрлі және төмендегі жағдайларға байланысты топтастырыла алады:

  • Макро және микродеңгей;
  • Қызмет түрі;
  • Саласы бойынша.

Бұл жағдайлар біріңғай статистикалық ғылымның ішінен бөлек салалар мен бөлімдердің бөлініп шығуын анықтады. Статистикалық ғылымның ішінен екі тарау бөлініп шықты:

  • Жалпы статистика теориясы;
  • Әлеуметтік-экономикалық статистика.

Әлеуметтік-экономикалық статистика экономикалық және әлеуметтік статистика деп бөлінеді.

Жасалатын экономикалық саясат сапасы ел экономикасындағы шынайы жағдайдың мазмұнды сипаттамасымен, әлеуметтік-экономикалық дамудың мүмкіндіктері мен шектеулерін талдаумен анықталады.

Басқарудың түрлі деңгейлерінде және түрлі әрекет салаларында көрсеткіштер жүйесі мен нақты мәліметтер талдау әдістерінің түрлі мүмкіндіктері мен қажеттіліктері болады.

Экономикалық статистика міндеттері:

  • Қолдағы ресурстардың барын, қозғалысын және пайдаланудың статистикалық зерттеудің әдіснамасын жасау;
  • Экономикалық процестің жүру сипаттамасын жасау;
  • Жиынтығында экономиканың қызмет ету нәтижелерін сандық бағалауын қамтамасыз ететін жалпылама көрсеткіштер жүйесі мен оларды санау әдістемесін жасау.

Экономикалық статистиканың  жалпылама көрсеткіштері ұлттық экономика дамуының жағдайы мен даму тенденцияларын, ресурстар түрінің барын, таралуын және тиімді пайдалануды, тауар нарықтарының жағдайын сипаттайды, инвестициялар мен инновациялар талдауын жүргізуге мүмкіндік береді.

Халық шаруашылық көрсеткіштерін алу мақсатымен статистикалық көрсеткіштер жүйесі  мен халық шаруашылығының барлық салалары үшін көрсеткіштерді санау әдіснамасын құрудың  жалпы принциптері жасалады.

Әлеуметтік статистиканың міндеттері демографиялық жағдай мен әлеуметтік қатынастарды көрсететін ел тұрғындарының тұрмыс деңгейінің сапасын сипаттау үшін көрсеткіштер жүйесін жасау мен талдау болып табылады.

Әлеуметтік-экономикалық статистика аясында ұлттық есепшілік жүйесі ерекше орын алады. Ұлттық есепшілік жүйесі сипаттайды:

  • Кірістердің жасалуын;
  • Кірістердің құрылуын;
  • Кірістерді бөлуді;
  • Кірістерді қайта бөлу мен пайдалану;
  • Ұлттық байлықты жинақтау;
  • Елдің қалған әлеммен байланысы.

Мұндай ақпарат мемлекеттік басқару органдарына  нарықтық экономиканы реттеу үшін, кәсіпкерге – жалпы макроэкономикалық ортаны бағалау үшін және халықаралық деңгейде ел экономикасын көрсететіндіктен халықаралық серіктестерге қажет.

 Ресейдің қазіргі заманғы  экономикасы шарттардың өзгеруімен  ғана емес бірқатар жаңа құбылыстардың  пайда болуымен сипатталады.

Осы әлеуметтік-экономикалық процестерді зерттеу статистика алдына жаңа процестер және олардың нәтижелерін талдау мен статистикалық бағалауының әдіснамасын жасау, дәстүрлі зерттелетін құбылыстарға қатысты пайдаланылатын технологияларды жетілдіру міндетін қояды.

 

 

 

6 Дәріс

Статистика пәні мен әдісі

Статистика көптеген жеке элементтер мен дәйектерден тұратын көпшілік құбылыстарды зерттейді.

Көпшілік құбылыстың ерекше белгілері:

  • Осындай көпшіліктің әр жеке элементінің жалпы және жеке белгілері болады. Мысалы, белгілі бір уақыт аралығындағы өнеркәсіптік өндірістің нәтижелерін зерттей отырып біз әрқайсысының өзіндік жеке белгілері бар көптеген өнеркәсіптік өндірістерді қарастырамыз. Сол уақытта көпшіліктің бірлігі ретінде осы өндірістердің әрқайсысы жалпы белгісіне ие болады – олардың барлығы өнеркәсіптік болып табылады;
  • Көпшілік құбылыстың бір элементінің сипаттамасы басқа элемент сипаттамасының негізінде алына алмайды, себебі элементтердің жеке сипаттамасы тәуелсіз.

Көпшілік құбылыстарды статистикалық жиынтықтар деп атайды.

Көпшілік құбылыстар өзінің рәсімделуін, белгіленуін статистикалық жиынтықтардан табады. Әрбір статистикалық жиынтық белгілі бір жер мен уақытқа байланысты.

Статистика пәні – зерттеуі сандық сипаттамасымен және оларға тән заңдылықтармен байланысты түрлі статистикалық жиынтықтар болып табылады.

Статистикалық жиынтық – статистикалық ғылымның негізгі түсінігі. Басқа да түсініктер:

  • Жиынтық бірлігі;
  • Жиынтық бірліктерінің белгілері;
  • Белгілердің өзгеруі;
  • Статистикалық заңдылық.

Зерттелетін статистикалық жиынтықты құрайтын көпшілік элементтер жиынтық бірліктері деп аталады. Мәселен, фермерлік шаруашылықтар жиынтығын  (бүкіл ел немесе жеке аймақ бойынша) зерттегенде жиынтық бірлігі жеке фермерлік; халық санағында – жеке адам болып табылады.

Жиынтықтың әрбір бірлігі түрлі сандық және сапалық белгілермен сипаттала алады. Мысалы, әрбір фермерлік шаруашылықты пайдаланатын жер участогының ауданы, мал басы, өнім өндірісі, өнімнің өтімділігі сияқты белгілермен сипаттауға болады.

Егер жеке жиынтық бірліктерінде белгілі бір белгі түрлі мәнге ие болса оны өзгермелі немесе бірқатар өзгерісі бар деп атайды. Мұндай белгілер статистикалық жиынтықтың ерекше белгісін құрайды және статистикалық деп аталады.

Кез келген статистикалық зерттеу жиынтықтың жеке бірліктерін зерттеуден, заңдылықтарды анықтау үшін қажетті белгілерін тіркеуден басталады.

Әдетте статистика көптеген түрлі факторлар әсер ететін сандық мәліметтермен жұмыс жасайды. Кездейсоқтықтан шығып типтік, заңдылықты белгілерді анықтау – статистиканың негізгі міндеті болып табылады, және осы міндетті көпшілік мәліметтер негізінде ғана шешуге болады. Көпшілік бақылаудың негізінде анықталған заңдылық статистикалық заңдылық деп аталады.

Кейбір жағдайларда зерттелетін құбылыстардағы белгілі бір заңдылықтың бар екенін логикалық ойлай және қарастырылатын құбылыстардың мәнін білгенге сүйене отырып теориялық түрде болжауға болады. Мұндай жағдайларда статистиканың міндеті болжанатын тәуелділіктің барын растап қана қоймай оны өлшеу болып табылады.

Статистикалық заңдылықтар үлкен сандар заңының әрекетіне байланысты көпшілік бақылау негізінде анықталады. Оның мәні мынада – бақылаулар санының өсуіне қарай жиынтық бірліктерінің белгі мәнін немесе белгілі бір белгілері бар бірліктер арасындағы қатынасты анықтайтын кездейсоқ факторлардың әсері жиынтықтың сипаттамаларында бірін бірі жояды және бетіне заңдылықты анықтайтын негізгі факторлар әсері шығады.

Информация о работе Стаистикадағы туризм