Стаистикадағы туризм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 11:24, лекция

Описание работы

Әдетте, модульдің 2 түрі көрсетіледі: базалық модуль және кеңейту модульдері. Базаылқ модульдеріне ГАЖ операцияларын жүзеге асыратын функциялар кіреді. Әр түрлі фирмалардың бағдарламалық өнімдері арасында ұқсастықтар бар екенін айта кеткен жөн, себебі өндірушілер бір – бірінен құрал – жабдықтарды алуға мәжбүр болады. Қазіргі кезде, нарықта толық функционалды деңгейге жатқызылатын белгілі 20 – ға жуық жақсы ГАЖ пакеттері бар. Толық функционалдық ГАЖ қасиеттерін сипаттай отырып олардың ортақ белгілерін көрсетуге болады.

Файлы: 1 файл

Лекции.Тур статистика.docx

— 72.05 Кб (Скачать файл)

Бақылау уақыты мәселесімен қатар бақылау орны туралы мәселе  шешіледі. Мәселен, кеңестік және статистикалық тәжірибеде бақылау орны тұрғылықты жері, жеке пәтер болып табылатын.

Статистикалық бақылауды өткізбес бұрын оның ұйымдастырушылық формасы қандай болатыны, бірліктерді қамту бойынша қандай бақылау жасалатыны, мәліметтерді  қандай дереккөздер негізінде тіркелетіні, ақпарат жинау қандай жолдармен жасалатыны шешілуі керек.

Мәселен, 2002 жылы өткізілген халық санағы кезінде кейбір мәліметтер жалпы бақылау негізінде, ал кейбіреуі таңдамалы жолмен алынды. Санақ парақтарын толтыру экспедициялық әдіспен халықтан сұрау бойынша толтырылды.

Халық санағы сияқты кең ауқымды есептік жұмысты сәтті жүзеге асыру үшін, бағдарлама жобасын және санақшылар жүктемесін тексеру үшін әдетте елдің жеке аудандарында байқау санқтары өткізіледі. Байқау санақтары статистикалық бақылаудың көптеген мәселелерін есепке алып түзетуге мүмкіндік береді.

Дайындық жұмыстарының қатарына мыналар да жатады:

  • қалалық тұрғын жерлердің шекараларын, көше аттарын нақтылау;
  • үй иеліктерінің тізімдерін жасау;
  • аумақты санақтық бөлімдерге бөлу;
  • санақтық кадрлардың керекті санын қамтамасыз ету;
  • санақ құжаттатарын даярлау;
  • халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

 

 

9 Дәріс

Статистикалық бақылаудың бағдарламалық-әдістемелік мәселелері

Бағдарламалық-әдістемелік мәселелердің құрамына мыналар кіреді:

  • бақылаудың объекті мен мақсатын анықтау;
  • бақылау бағдарламасын жасау.

Кез келген статистикалық бақылауды жоспарлағанда ең алдымен оның мақсатын нақты анықтап алу керек. Әрбір нақты статистикалық бақылаудың мақсатын дұрыс анықтау бірліктердің зерттелетін сипаттамасын ғана емес, оны ұйымдастыру формасын, өткізу әдісі мен түрін жобалап алуға мүмкіндік береді.

Бақылау объектін анықтау – бұл зерттелетін жиынтықтың шекарасын нақты белгілеу, яғни кім немесе не зерттелуі керек екенін шешу. Бақылау объектін дәл анықтау көп жағдайда бақылау кезінде алынатын мәліметтердің толықтығы мен шынайылығын қамтамасыз етеді.

Бақылау объектін анықтаған кезде оның уақыт, кеңістік және материалдық мәніндегі шекаралары қатаң өткізілуі тиіс. Мысалы, өнеркәсіп санағында мәліметтер қай территорияға жатқызылуы тиіс, мәліметтер қай уақыт аралығанда алынуы тиіс және қызметтің қай түрі өнеркәсіпке жатқызылуы тиіс екенін анықтау маңызды.

Бақылау объекті – бұл әрқашан жеке элементтерден тұратын белгілі бір жиынтық. Объекттің жеке элементтерінің сипаттамасы объектіні толығымен зерттеуге мүмкіндік береді. Сондықтан бақылау объектісін анықтау зерттеу бірліктерін анықтаумен тікелей байланысты.

Статистикада бақылау бірлігі деп бірқатар белгілермен сипатталатын және оған қатысты осы белгілерді тіркеу жүргізілетін объект элементін атайды. Бақылау бірлігін дұрыс анықтау бақылау объектін толық есепке алудың кепілі.

Кейде бақылау бірлігі туралы мәлімет оның өзінен емес ұйымдастырушылық ұяшығынан алынуы мүмкін. Мәлімет алу үшін баратын орган статистикалық әдебиеттерде есептік немесе санақ бірлігі деп аталады.

Бақылау бірлігін анықтап алған соң бақылаудың әрбір бірлігі сипатталатын белгілер тізімі – бақылау бағдарламасы жасалады.

Жиынтық бірліктері бір бірінен ажыратылатын белгілер әр түрлі сипатта болуы мүмкін. Олар сандық болуы мүмкін ондай жағдайда әр түрлі бірліктер бір бірінен осы белгінің үлкен-кішілігі бойынша ажыратылады. Белгілер сапалық та болуы мүмкін, ондай жағдайда бірліктер бір бірінен белгілі бір сапаның болу-болмауымен ажыратылады.

Статистикалық бақылауда жеке бірліктерде белгілі бір сапалық белгілердің бар-жоқтығы тіркеледі және сапалық белгінің шамасы анықталады.

Статистикалық бақылау бағдарламасын жасау – бақылау алдына қойған мақсатқа жетуге көмектесетін белгілерді таңдау.

Бағдарлама сұрақтары және олардың жауаптары ерекше статистикалық формулярларда бекітіледі:

  • санақ парағы;
  • бланк;
  • форма.

Бақылау бағдарламасын жасау бақылаудың дайындығының маңызды және жауапты кезеңі. Оны құрастырғанда сұрақты құрауға көп көңіл бөлу керек.

Жеке сұрақтарға түсіндірме және оған қалай жауап беру қажеттігі арнайы нұсқаулықта беріледі.

Тіркеу бағдарламасы мен нәтижесі бар статистикалық формулярлар екі түрлі болады:

  • жеке (карточкалық);
  • тізімдік.

 

10 Дәріс

Статистикалық бақылаудың қателері және бақылау мәліметтерінің тексерісі

Дұрыс құрастырылған сұрақтар – шынайы мәліметтер алудың кепілі.

Алайда кез келген статистикалық бақылауды қателер (ағаттықтар) пайда болуы мүмкін. Бұл қателердің себептері:

  • қате жазу, айту, дөңгелектеу есебінен;
  • формулярды дұрыс толтырмау нәтижесінде;
  • жауап берушілердің ұмытшақтығынан;
  • дәйектерді жасыру не өзгертуге деген талпыныстан;
  • тікелей бақылауда қателер өлшегіш құралдардың нақты еместігінен де болуы мүмкін.

Барлық қателерді қасақана жасалған және қасақана емес деп бөлуге болады (кездейсоқ және жүйелі).

Қате жазу, қате айту, білмеу т.б. нәтижесінде болған бақылаудың кездейсоқ қателері бақылау нәтижесі үшін аса қауіпті емес, себебі олар өсу жағында да, кему жағында да кездеседі, ал бақылаудың көп санында олар бірін-бірі жұтып қояды. Қасақана емес жасалған жүйелі қателер сұрау кезінде сандық көрсеткіштерді дөңгелекту немесе өлшеуіш құралдардың нақты еместігінен болады. Мәселен, сұрау жолымен жас тіркегенде адамдардың жасы көбінесе 0 немесе 5 санына дейін дөңгелектенеді. Бұл құбылыс статистикада жас аккумуляциясы деген атауға ие болды.

Қасақана қателер, атынан көрініп тұрғандай, мәлімет беретін адамдардың шындықты өзгерткісі келгендігінен туындайды. Қасақана қателер мәліметтерді тек бір бағытта ғана өзгертетіні белгілі. Қателердің бұл түрі статистикалық бақылау үшін біршама қауіпті.

Аталған барлық қателер дәйектерді тіркеген кезде пайда болуы мүмкін. Осыдан олар тіркеу қателері деп аталады.

Жалпы емес бақылау кезінде жалпы емес бақылаудың көрсеткіштері мен жалпы бақылаудағы жиынтықтың барлық көрсеткіштері арасында айырмашылықтар кездесуі мүмкін. Бұл айырмашылықтарды репрезентативтік қателер – жүйелі және кездейсоқ деп атайды.

Таңдамалы бақылауда кездейсоқ қателерді жібермеу мүмкін емес, бірақ оларды оңай санауға болады, және дұрыс ұйымдастырылған кездейсоқ сұрыптауда ол қателердің шамасын анықтауға болады.

Репрезентативтіктің жүйелі қателері әдетте таңдаудың дұрыс еместігінде, яғни, бас жиынтықтан бірлік таңдаудағы кездейсоқтық принципі бұзылған кезде пайда болады.

Бақылау кезінде әрқашан қателер кездесетіндіктен барлық жинақталған материал қателерді түзету мақсатында тексеріске түсуі тиіс.

Тексеріс түрлері:

  • логикалық;
  • арифметикалық.

Логикалық тексерудің мақсаты жауаптың қойылған сұраққа сәйкестігін немесе барлық бағдарламаның әр түрлі сұрақтарының  жауаптарының бір-бірімен сәйкестігін тексеру болып табылады. Мысалы, «жасы» деген сұраққа «3 жас» деп, ал «некеде барсыз ба» деген сұраққа «иә» деп жауап берілсе мұндағы әрбір жауап сұраққа сәйкес келеді, ал жауаптары сәйкес келмейді. Қай жауапта қате кеткенін анықтау үшін басқа бірін бірі тексеретін сұрақтардың жауабын қарау керек.

Жауаптардағы логикалық нақсыздықты фактілі көрсеткіштерді жоспарлымен салыстыра отырып, мысалы, алдағы уақыттағы көрсеткіштермен, бірдей табиғи жағдайларда орналасқан аудандар көрсеткіштерін салыстыра отырып анықтауға болады.

Сандық жауаптарға үнемі логикалықпен қатар арифметикалық тексерісті де қолдану керек. Арифметикалық тексерістің мақсаты есептеулердің дұрыстығын тексеру болып табылады.

Қателерді түзету үшін өткізіледі:

  • тексеру сұрақтары;
  • пошталық сұраулар;
  • телефон не факспен сұрау.

 

 

11 Дәріс

Статистикалық мәліметтерді жинақтау мен топтастыру. Интервал

Статистикалық бақылауды өткізу нәтижесінде статистикалық жиынтықтың әрбір зерттелген бірлігінің белгілері туралы мәлімет алынады. Алайда бұл мәліметтерді әрқайсысының сипаттамасын білу үшін емес, жиынтықты толығымен зерттеу үшін жинайды. Ол үшін алынған мәліметтерді жалпылап жүйелеу керек.

Алғашқы статистикалық мәліметтерді жалпылау және жүйелеу – статистикалық зерттеудің жеке кезеңі, оның мақсаты – жиынтықтың өзі туралы да, оның әрбір бірлігі туралы да толық әрі жан-жақты ақпарат алу.

Бұл мәліметтерді жинақтау мен топтастыру кезеңі.

Статистикалық бақылау нәтижесінде алынатын мәліметтерді жинақтау жалпы нәтижелерді жүйелеп, өңдеп алудан және туынды көрсеткіштерді есептеуден тұрады.

Ұйымдастыру әдісі бойынша жинақтауды классификациялау:

  • орталықтанған;
  • орталықтанбаған.

  Орталықтанған жинақтауда бақылаудың барлық мәліметтері олар өңделген бір орталықта шоғырланады. Орталықтанған жинақтауды пайдаланудың мысалы ретінде сыртқы еңбек миграциясын статистикалық бақылаудың  нәтижелерін өңдеу болып табылады.

Орталықтанбаған жинақтауда алғашқы статистикалық материалдар әкімшілік аудандар деңгейінде жасалады, қорытындылары субъектілері деңгейінде, содан соң мемлекет деңгейінде жасалады.

Тәжірибеде орталықтанған және орталықтанбаған жинақтауды пайдалану кездеседі. Халық санағы кезінде материалдарды дайындау қорытындылардың бір бөлігін орталықтанбаған жинақтау негізінде, ал барлық белгілер бойынша толық нәтижелерді мәліметтердің орталықтанған өңдеуі негізінде алады.

Статистикалық жиынтық бірліктері бір бірінен сандық және сапалық белгілер бойынша ажыратылады. Осыған байланысты жиынтықтың түрі, көлемі, басқа бөліктерге қатынасы бойынша жеке бірліктерін топтарға біріктіру керек.

Топ деп - статистикалық бірліктің бір немесе бірнеше ұқсас белгілері бойынша бірігуін атайды. Топтастыру статистикалық бақылаудың мәліметтерін жүйелеуге көмектеседі.

Топтастыру әдісінің шешетін міндеттері:

  • құбылыстардың типін анықтау;
  • құбылыстың құрылымын зерттеу;
  • құбылыстар арасындағы тәуелділіктерді анықтау.

Интервал – бұл белгілі бір шекарада жатқан өзгерлемі белгінің мәні. Әрбір интервалдың өзінің шамасы, жоғарғы және төменгі немесе бір шекарасы болады. Интервалдың төменгі шекарасы деп интервалдағы белгінің ең төменгі шамасын, ал жоғарғы шекарасы деп ең жоғарғы шамасын атайды.

Интервалдар:

  • тең;
  • тең емес (прогрессивті өсетін, прогрессивті төмендейтін, бос және арнайы) болуы мүмкін.

Орташа үшін сенімділік интервалы – баға төңірегіндегі шамалар интервалы, мұнда сенімділіктің берілген деңгейінің үстінде популяцияның «шынайы» ортасы тұрады. Егер үлкен сенімділік деңгейін орнатса интервал кеңейеді, популяцияның белгісіз ортасын «басатын» мүмкіндік өседі. Сенімділік интервалының кеңдігі таңдаудың көлемі мен мөлшерінен тәуелді. Таңдау өлшемінің өсуі орта бағаны біршімі сенімді етеді. Байқалатын шамалардың шашыраңқылығының үлкеюі бағаның беріктігін азайтады. Егер интервал үлкендігі үтірге дейін бір белгісі бар болса ондыққа дейін дөңгелетіп интервал қадамы ретінде пайдалану дұрыс болады. Есептелген шама үтірге дейін екі санды болса бұл шаманы бүтін санға дейін дөңгелектеу керек.

 

 

12 Дәріс

Топтастыру түрлері

Зерттелетін жиынтықтың әрбір бірлігі бірқатар белгілерге ие. Белгі ие бола алатын жеке мәндер оның варианттары деп аталады.

Варианттар сипатына қарай белгілер бөлінеді:

  • атрибуттық (белгі варианттары санмен көрсетілмейді);
  • сандық (белгі варианттары санмен беріледі).

Топтастыруды құрайтын белгілер топтасқан деп аталады.

Мысалы, тұрғындар төмендегі белгілер бойынша топтастырыла алады:

  • жынысы;
  • ұлты;
  • жұмыстағы мәртебесі.

Бұл белгілер (сәйкесінше топтар) атрибутивті болып саналады.

Егер топтастыру сандық белгі бойынша жиналса ол сандық деп аталады. Ол, мысалы, тұрғындардың жасы, кірісінің көлемі бойынша бөлінуі.

Топтастыратын белгілерді таңдау үлкен маңызға ие. Топтастыру негізіне ең маңызды, мәнді белгілер алынуы тиіс.

Информация о работе Стаистикадағы туризм