Стаистикадағы туризм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 11:24, лекция

Описание работы

Әдетте, модульдің 2 түрі көрсетіледі: базалық модуль және кеңейту модульдері. Базаылқ модульдеріне ГАЖ операцияларын жүзеге асыратын функциялар кіреді. Әр түрлі фирмалардың бағдарламалық өнімдері арасында ұқсастықтар бар екенін айта кеткен жөн, себебі өндірушілер бір – бірінен құрал – жабдықтарды алуға мәжбүр болады. Қазіргі кезде, нарықта толық функционалды деңгейге жатқызылатын белгілі 20 – ға жуық жақсы ГАЖ пакеттері бар. Толық функционалдық ГАЖ қасиеттерін сипаттай отырып олардың ортақ белгілерін көрсетуге болады.

Файлы: 1 файл

Лекции.Тур статистика.docx

— 72.05 Кб (Скачать файл)

 

Статистикалық бақылаудың кезеңдері мен тәсілдері

Кез келген статистикалық бақылауда бірнеше кезеңді бөліп қарастыруға болады, ол, ең алдымен зерттелетін құбылыстар туралы мәліметтің болуын анықтайды.

Сондықтан бірінші кезең, статистикалық бақылаудың басты қажетті мәліметтерді жинауға әкеледі. Мәліметтерді  ғылыми ұйымдасқан түрде жинау статистикалық бақылау деп аталады.

Статистикалық бақылау нәтижесінде жиынтықтың әр бірлігі туралы көп алғашқы мәлімет жинақталады. Зертттелетін жиынтықтың толық сипаттамасын алу үшін алғашқы мәліметтер жалпылануы тиіс.

Жинақталған алғашқы мәліметтерді өңдеу статистикалық зерттеудің екінші кезеңін құрайды (жинақтау).

Жинақтаудың қорытынды мәліметтері негізінде зерттелетін құбылыстардың ғылыми талдауы жүргізіледі:

  • жалпылайтын көрсеткіштер саналады;
  • белгілі бір заңдылықтар анықталады.

Бұл   кез келген статистикалық зерттеудің үшінші кезеңі.

Сөзсіз, барлық кезеңдер маңызды. Алайда статистикалық бақылау бастапқы болғандықтан соңғы нәтиже де, зерттеуші-статистиктердің қорытындылары көп жағдайда да алғашқы мәліметтің сапалы жинақталуынан тәуелді.

Қажетті мәліметтерді тіркеу түрлі ақпарат көздері және статистикалық мәліметтер негізінде жүргізілуі мүмкін.

Кей жағдайларда тіркеушілер қажетті мәліметті түрлі жолдар арқылы алады:

  • қарау;
  • ұзындығын өлшеу;
  • салмағын өлшеу.

Басқа жағдайларда мәліметтерді тіркеу құжатта бекітілген көрсеткіштер негізінде ғана жасалады. Мысалы, белгілі бір уақыт аралығындағы шикізат өндірісіндегі шығын немесе өнім өндіру туралы мәліметтерді тіркеу сәйкес алғашқы құжаттар негізінде жасалады. Тіркеудің мұндай тәсілі құжаттық деп аталады. Ол есептілікті толтыру негізінде жатыр.

Үшінші жағдайда мәліметтерді тіркеу сауалнама негізінде жасалады. Бұл әдіс халық санағы кезінде қолданылады, ондайда әр адам жөніндегі мәлімет сұрау жүргізілген адамның сөзі бойынша жазылады.

Осылайша, статистикалық бақылаудың негізгі әдістері мыналар:

  • тікелей бақылау;
  • құжаттық әдіс;
  • сауалнама.

Алайда статистикалық бақылау әдістері тек жиналатын мәлімет көзі бойынша ғана емес, жинауды ұйымдастыруы бойынша да ерекшеленеді.

Мәселен, сауалнама төмендегі әдістермен жүргізілуі мүмкін:

1. экспедициялық;

2.өзін-өзі тіркеу;

3. корреспонденттік;

4. келу арқылы.

1. Экспедициялық әдісте  арнайы даярланған қызметкерлер (тіркеушілер) мәлімет алынуы тиіс  адамдарға барып қажетті мәліметті  арнайы бланктар немесе сауалнамаға  тіркейді.

2. Өзін-өзі тіркеуде санақ  парақтарын (бланк) респонденттер өздері  толтырады, ал санақшы-тіркеушілер  оларды толтыру ережелерін түсіндіріп  толтырылған сауалнама парақтарын  жинайды.

3. Корреспонденттік әдісте  мәлімет алдын-ала дайындалған  жолдармен ерікті корреспонденттердің  арнайы штатынан бақылау жүргізетін  органдарға түседі.

4.Келу әдісінде көрсеткіштердің  арнайы жолдармен бақылау жүргізетін  органдарға тікелей келу арқылы  хабарлануы тиіс.

 

7 Дәріс

Статистикалық бақылауды ұйымдастыру әдістері

Статистикалық бақылауды ұйымдастырудың келесі жолдарын қарастырады:

  • статистикалық есептілік;
  • статистикалық бақылаулар;
  • регистрлер.

1. Статистикалық есептілік  – мемлекеттік статистиканың  шаруашылық етуші субъектілердің  қызметі туралы ақпаратты статистикалық  есептілік формалары деп аталатын арнайы құжат-бланктерді толыру арқылы мәлімет жинақтауды ұйымдастырудың ерекше  формасы. Статистикалық есептілік формасы – бұл белгілі бір шаруашылық етуші субъектіні немесе оның қызмет нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер, мәліметтері бар арнайы құжат, бланк.

Бүгінгі күнде экономиканың барлық салаларындағы ірі және орташа кәсіпорындар үшін унификацияланған есептілік жасалған:

- № П-1 «Тауарлар мен  қызмет көрсетулерді өндіру және  түсіру туралы  

   мәліметтер»

  • № П-2 «Инвестициялар туралы мәліметтер»
  • № П-3 «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы мәліметтер»
  • № П-4 «Қызметкерлердің саны, жалақысы және қозғалысы туралы мәліметтер»

Ұсақ кәсіпорындар үшін 1999 жылдан «Ұсақ кәсіпорынның қызмет етуінің негізгі көрсеткіштері туралы мәліметтер» атты ПМ формасы бар.

Ұсыну мерзімдеріне сәйкес есептілік тәуліктік (күнделікті),

- апталық,

- айлық,

- кварталдық,

- жарты жылдық,

- жылдық-ағымдағы болады.

 

 

 

Жеткізу әдісі бойынша есептілік

  • электронды,
  • - телеграфты,
  • телетайпты,
  • пошталық болып бөлінеді.

Есептілік берілмеген мәліметтер алу, белгілі бір есептіліктің көрсеткіштерін өзгерту не толықтыру немесе қандай да бір объектілердің бөлшекті, жан-жақты талдауын жүргізу керек болғанда санақ немесе арнайы тексеріс түріндегі арнайы статистикалық бақылаулар жүргізіледі.

Арнайы ұйымдастырылған бақылаудың типтік үлгісі түрлі санақтар болып табылады. Бұл ең алдымен халық санақтары. Статистика тәжірибесінде, сонымен бірге, өнеркәсіп, материалды ресурстар, анықталмаған жабдықтар, кітапханалардың да санағы кездеседі. Кез келген санақ бақылау объектісінің саны, территорияда орналасуы, құрылымы және жағдайы туралы мәлімет береді.

Арнайы ұйымдастырылған бақылауларға санақтан басқа жыл  сайын өткізілетін тұрғындардың таңдамалы бюджеттік тексерістері мен тұрғындардың жұмыспен қамтылуын тексеру жүргізіледі.

Регисрлер арқылы бақылау – компьютерлендіру мен есептегіш техниканың сәйкесінше дамуымен байланысты пайда болған статистикалық бақылауды ұйымдастырудың біршама жаңа түрі. Регистрлер статистикалық бақылаудың түрлі объектілеріне арналып жасалуы мүмкін.

Регистр – бұл белгілі бір жиынтықты үздіксіз ұзақ уақыт бойы бақылау үшін жасалған, аталған және үнемі нақтыланатын  бақылаудың белгілі көрсеткіштерінің тізімі. Регистрде жиынтықтың әр бірлігі туралы ақпарат бар.

ҚР –да меншіктің барлық түрлеріндегі кәсіпорындар мен мекемелердің Біріңғай мемлекеттік регистрін жасау жұмыстары аяқталды. Онда  мекен-жай бөлігінен басқа әрбір мекеме туралы мынадай мәлімет бар: қызметкерлердің орташа тізімдік саны, негізгі қаражаттың қалдықтық құны, теңгерімдік кіріс.

Кәсіпорындар мен мекемелердің Біріңғай мемлекеттік регистрі статистика тәжірибесінде ұлттық есептер жүйесін жүргізу үшін берік ақпараттық негіз болып табылады.

Статистикалық бақылаудың барлық үш ұйымдастырушылық формасы біріне-бірі қарсы емес, бірін-бірі толықтырып тұрады, жеке құбылыстар мен процестерді терең, жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді.

 

Статистикалық бақылау түрлері

Кейбір құбылыстар туралы дәйектерді олардың пайда болуы бойынша тіркейді (мысалы, әр адамның тууы мен қайтыс болуын тіркеу). Басқа жағдайларда дәйектер пайда болу кезіне тәуелсіз тіркеледі, мысалы, отбасы жағдайы, білімі, қызмет түрі т.б. басқаша айтқанда бір дәйектер үнемі, пайда болуына сәйкес тіркеледі, ал кейбіреулері – уақыт өте келе.

Осыған сәйкес статистикада дәйектерді тіркеу уақыты бойынша бақылауды ағымды (үздіксіз) және үзілмелі деп бөледі. Өз  кезегінде, соңғысы біруақытты және кезеңдік бола алады.

Түрлі санақтар үзілмелі бақылаудың мысалы бола алады. Революцияға дейінгі КСРО елдерінде  1897 жылы жалғыз Жалпыға бірдей  халық санағы жүргізілді. КСРО-да халық санақтары 1926 ж., 1939 ж., 1959 ж., 1970 ж., 1979 ж. және 1989 ж. Сондықтан халық санақтарын кезеңдікке қарағанда біруақытты бақылауларға жатқызуға болады.

Объектінің бірліктерін қамту бойынша бақылау жалпы және жалпы емес болып бөлінеді.

1. Жалпы бақылау кезінде  зерттелетін жиынтықтің барлық  бірліктері туралы мәлімет алу  көзделеді. Жалпы бақылаудың мысалы  ретінде кез келген санақ бола  алады. Туған, қайтыс болғандарды  тіркеу жалпы бақылау ретінде  ұйымдастырылған. Жалпы бақылау  мәлімет жинаған кезде де, оны  өңдеген кезде де көп шығынды (қаржылық және еңбек) қажет етеді.

2. Жалпы емес бақылауды  жалпы бақылауды өткізуге мүмкіндік  болмағанда және уақыт немесе  қаражат тапшылығы болған кезде  өткізеді. Жалпы емес бақылаудың  негізгі артықшылығы ақпаратты  жинау мен өңдеу кезінде уақыт  пен қаражат шығынының аз болуы.

Жалпы емес бақылаудың түрлері:

  • негізгі массивты бақылау;
  • сауалнамалық бақылау;
  • таңдамалы бақылау;
  • монографиялық бақылау.

1. Негізі массивты бақылау  дегеніміз жиынтық құрамынан  маңызды емес бірліктерді алып  тастап оның негізгі бөлімін  ғана зерттеу. Мұндай бақылаудың  мысалы ретінде шаруашылық етуші  субъектілердің Реестрін жүргізу  болып табылады. Мұндай бақылауды  пайдалану кезінде маңызды емес  бірліктерді алып тастау бақылау  нәтижесіне айтарлықтай әсер  етпейді, ал оларды қосу жұмыс  көлемін едәуір ұлғайтады.

Негізгі массивты бақылауды пайдалану тек жиынтықтың барлық бірліктері белгілі болғанда ғана өткізуге болады.

2. Сауалнамалық бақылау  былай жүргізіледі. Өз алдарына  белгілі бір мәселені  зерттеуді  мақсат етіп қойған ұйымдар  анықталған адамдар тобына (респонденттер) сұрақтары бар ерекше сауалнамаларды жібереді. Сауалнамалардың белгілі бір бөлігі ұйымға толтырылған түрінде қайтарылады.

3. Таңдамалы бақылау –  бұл жалпы емес бақылаудың  бір түрі, мұнда барлық жиынтықтан  кездейсоқ бірліктердің бір саны  таңдалып алынады.

Таңдамалы әдіс біршама ғылыми негізделген. Бұл әдісті қолданған кезде жалпы және таңдамалы бақылау көрсеткіштері арасындағы айырмашылықты әрқашан бағалауға болады.

4. Монографиялық бақылау  дегеніміз бір бірлікті бөлшекті, терең зерттеу (сипаттау). Әдетте  монографиялық  бақылау жеке ғылыми  мекемелердің қызмет өрісі болып  табылады. Монографиялық зерттеу  статистикадағы жалпылық бақылауды  толықтырады.

 

2-Модуль

8 Дәріс

Статистикалық бақылаудың ұйымдастырушылық мәселелері

Кез келген статистикалық бақылауды өткізу үлкен дайындықты қажет ететін біршама күрделі іс; ол дайындық мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

  • ақпаратты алудың толықтығы;
  • мәліметтердің нақтылығы;
  • ақпараттың біртектілігі;
  • дәйектердің салыстырмалылығы.

Сондықтан мәселелердің көбі бақылауды өткізуден бірсыпыра бұрын шешіледі. Бұл мәселелерді бағдарламалық-әдістемелік және ұйымдастырушылық деп бөлуге болады.

Статистикалық бақылаудың ұйымдастырушылық мәселелері өзіне мына анықтамаларды қосады:

  • бақылау субъектісін;
  • бақылау орны мен уақытын;
  • бақылаудың ұйымдастырушылық формасын;
  • бақылаудың түрі  мен әдісін.

Бақылау субъектісін анықтау статистикалық бақылауды кім өткізеді деген мәселені шешуге тіреледі. Бір жағдайларда бұл статистикалық аппараттың кадрлық қызметкерлерімен қоса статистика органдары болуы мүмкін. Басқа жағдайларда статистикалық бақылауға маман-статистиктармен қатар қоғамдық топтар да тартылуы мүмкін. Және де бақылауға тұрғындардың өздері тартылуы мүмкін, оларға санақшылар сұрақ парақтарын таратып толтырылған күйінде жинап алады.

Статистикалық бақылауды жоспарлағанда бақылау уақыты туралы мәселені шешіп алу керек. Мысалы халық санағын тұрғындардың көші-қон процесі біршама тоқтап тұрған жыл мезгілінде өткізген дұрыс.

Таңдап алынған кезеңде критикалық деп аталатын белгілі бір сәтті таңдап алу керек, оған сәйкес барлық мәліметтер тіркеледі. Критикалық сәтті бақылау уақытын немесе бақылауды өткізу уақытын – зерттелетін құбылыс туралы барлық мәліметтер жиналуы тиіс уақыт өлшемін ажырата білу керек.

Мысалы, Ресейде 2002 жылғы халық санағында санақ мерзімі 8 күнге тең болды: қазанның 9 нан 16 дейін. Критикалық сәт  9 қазанның 0 сағаты болды. Бұл дегеніміз, санақшы бір отбасына келген уақытына тәуелсіз санақ парақтарына критикалық сәтке сәйкес барлық отбасы мүшелерін қосуы тиіс еді, егер біреу 9 қазан сағат 0 ден кейін қайтыс болса оны қайта жазуға тиіс болды.

Информация о работе Стаистикадағы туризм