Стаистикадағы туризм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2014 в 11:24, лекция

Описание работы

Әдетте, модульдің 2 түрі көрсетіледі: базалық модуль және кеңейту модульдері. Базаылқ модульдеріне ГАЖ операцияларын жүзеге асыратын функциялар кіреді. Әр түрлі фирмалардың бағдарламалық өнімдері арасында ұқсастықтар бар екенін айта кеткен жөн, себебі өндірушілер бір – бірінен құрал – жабдықтарды алуға мәжбүр болады. Қазіргі кезде, нарықта толық функционалды деңгейге жатқызылатын белгілі 20 – ға жуық жақсы ГАЖ пакеттері бар. Толық функционалдық ГАЖ қасиеттерін сипаттай отырып олардың ортақ белгілерін көрсетуге болады.

Файлы: 1 файл

Лекции.Тур статистика.docx

— 72.05 Кб (Скачать файл)

Мемлекеттану және саяси арифметика әрқайсысы өз жолымен, зерттеуде өз әдістерін пайдалана отырып дамыды. Бірақ екеуінің де зерттеу пәні бір – көпшілік құбылыстар болды.

Мемлекеттік және шаруашылық практикалық мәселелерді  шешу қажеттілігіне байланысты пайда болған  статистика ғылым ретінде мемлекеттану мен саяси арифметиканың бөлінуі нәтижесінде пайда болды.

 

3 Дәріс

Статистикалық ғылымның қалыптасуы

Мемлекеттанудың өкілдері де, саяси арифметиканың өкілдері де есептік-статистикалық жұмыстардың тәжірибесін  теориялық жалпылауға дейін, статистика теориясын құруға дейін жеткен жоқ. Бұл мәселені, ХІХ ғасырда танымал бельгиялық ғалым Адольф Кетле шешті. Ол статистика пәніне анықтама берді (мемлекеттің, қоғамның өмірімен байланысты көпшілік құбылыстар), статистиканың әдістерінің мағынасын ашты.

Кетленің  статистикалық зерттеулері негізінен қоғамдық өмірдегі түрлі заңдылықтарды, әсіресе қылмысқа қатысты заңдылықтарды  ашуға арналды. Францияның қылмыстық статистикасының мәліметтері бойынша ол қылмыстар санындағы тұрақтылықты байқап оның негізінде қоғамның ішінде алда болатын  қылмыстардың бастамалары болатынын анықтады. Тұрақты заңдылықтардың болуын ол екі түрлі себептердің болуымен түсіндірді:

  • «тұрақты»
  • жеке құбылыстардың ауытқушылығын туғызатын «пертурбациялық» (жеке).

Кетленің ойынша заңдылықтар анықтаудағы негізгі міндет кездейсоқ себептердің бірін-бірі басуы болып табылады. Ол тек көпшілік мәліметтер болғанда ғана мүмкін. Статистикалық талдаудың негізгі әдісін орташа шамалар әдісі деп санады.

Статистикалық зерттеудің пәні мен әдістері туралы ілімнің осы және басқа идеяларын Кетле «Әлеуметтік физика, немесе адам қабілеттерінің  дамуы туралы зерттеу тәжірибесі» атты еңбегінде жазып шығарды. Кетленің ойынша статистиканың теориялық негізі ықтималдылық теориясы болып табылады, қоғамдық өмірдегі құбылыстардағы түрлі заңдылықтарды ашу (түсіну) үшін тек кездейсоқ себептердің әсерін алып тастауға болатын көпшілік статистикалық мәліметтер негізінде ғана жүзеге асады.

Кетле ілімінде бәрі сөзсіз дұрыс болған жоқ, бірақ жалпы алғанда оның идеялары статистиканың қоғамдық өмір заңдылықтарын оқып-білудегі дамуына үлкен ықпалын тигізді, бұл заңдылықтар құбылыстар көп болғанда , яғни жағдайлардың көп санындағы мәліметтерді зерттегенде ғана анық байқалатынын дәлелдеді.

А.Кетле еңбектерінде статистика пәніне жалпы анықтама берілді, статистикалық танымның міндеттері жасалды. Сонымен қатар ол халық санағын өткізу ережелерін жасауға белсене қатысты.

Келте идеяларының (және тәжірибесінің) әсерімен ХІХ ғ. статистика ғылымының үшінші – математика – статистикалық бағыты пайда болып сәтті дамыды.

Бұл бағыттың дамуы төмендегі ғалымдардың есімімен байланысты:

  • ағылшындар Фрэнсис Гальтон, Фрэнсис Эджворт, Карл Пирсон, Одни Дж.Юл, Артур Боули, Вильям Госсет, Рональд Фишер, Морис Дж.Кэндел;
  • неміс Вильгельм Лексис;
  • итальяндық Коррадо Джини.

Осы ғалымдар еңбегі статистика ғылымын мынадай зерттеу әдістерімен байытты:

  • корреляциялық-регрессиялық талдау;
  • дисперсиялық талдау;
  • уақыт қатарлары талдауы;
  • жиынтық бірліктерді таратудың теориялық модельдерін құру және талдау;
  • гипотезаларды бағалау.

А.Кетленің статистикалық  заңдылық туралы ілімі тұрақтылық теориясы мен танымал дисперсияларды қосу теориясын негіздеген статистик және экономист В.Лексистің еңбектеріндегі статистикалық әдіснаманың дамуына әсер етті. Лексис математикалық әдістерді экономикада қолданудың жақтаушысы болды.

Статистика ғылымының математикалық-статистикалық бағыты Батыста ғана емес, Ресейде де дамыды.

Ресейлік статистикалық мектепте статистика пәні мен әдісінің дамуы, қоғамдық құбылыстарды тану процесіндегі оның ролін түсіну қиын әрі қайшылықтарға толы жолмен жүрді және бүгінге дейін бұл мәселелер ғылыми әлемде дискуссиялық болып табылады.

 

Статистиканы зерттеген ұлы ғылымдар: Кирилов, Татищев, Ломоносов.

Ресейде статистикалық «мектептердің» нақты бөлінісі болмаса да статистиканың жеке өкілдерінің әрекет сипаты оларды жеке бағыттар өкілдеріне жатқызуға мүмкіндік береді.

Ресейде мемлекеттанудың ізбасарлары И.К.Кириллов, В.Н.Татищев, М.В.Ломоносов, К.Ф.Герман, К.И.Арсеньевтар болды.

Иван Кириллович Кирилов 1727 жылы І Петрдің тексерісі (ревизия) материалдарды негізінде Ресейдің тұңғыш жүйелі статистикалық және экономика-географиялық  сипаттамасын аяқтады. Еңбек статистиканың сипаттау бағытының классикалық стилінде жасалды. Сипаттау заты Ресей қалалары болды.

Бұл мемлекетті тұңғыш құрылымдық және жүйелі сипаттау болды. Әсіресе бұл еңбекте кестелерді пайдалануы бағалы болды. Сол себепті Кириловты статистикадағы кестелік әдістің алғаш ашушысы санайды. Алайда еңбек тек ғалым дүниеден өткен соң жеке кітапханадан табылған қолжазба бойынша басылып шықты. Бірақ ХІХ ғ. өзінде-ақ Кириловтың бұл еңбегін маңызды ғылыми шығарма ретінде бағалады.

Сипаттама мектебінің өкілі, сонымен қатар І Петр кезеңінің мемлекеттік қайраткері, тарихшы, географ Василий Никитич Татищев те болды. Уралда тау ісінің жетекшісі қызметінде ол  қарқынды жұмыс жүргізді: қазыналық зауыт, жолдардың құрылысын, пайдалы қазбалардың жаңа кен орындарын іздеуді, геодезиялық түсірілімдер және картографиялық карталарды жасауды ұйымдастырды.  Астрахан губерниясының губернаторы болған кезде Татищев «Деревняға баратын қысқаша экономикалық жазбалар» атты экономикалық еңбек жазды.

Мемлекеттік қызметпен қатар В.Н.Татищев ғылыми іздеулермен айналысты. Көп ұзамай ол бірінші кезекте қажетті мәлімет жинау мәселесін шешу керектігін түсінді. Және де осы мәселені шешуге ол өмірінің соңына дейін көп көңіл бөлді.

Мәселен Ресейдің жан-жақты экономикалық-географиялық сипаттамасын жасауға қажетті мәліметті жинау үшін Татищев Ғылым Академиясына арнайы сауалнама жасап шығарды. Сауалнама тарих, география, этнография, экономика т.б. қатысты  198 сұрақтан тұрды. Сонымен қатар Татищев өз ықыласымен сауалнаманы Сібір және Қазан губернияларына жіберді. Алынған мәліметтер негізінде «Бүкіл  Сібірдің сипаттамасы» атты бағдарлама жасап шығарды.

Кез келген ғылыми зерттеуде ақпарат көздерінің маңызы зор екенін В.Н.Татищев түсінді. Ол Ресейде өткізілген екі тексеріс (санақ) нәтижелерін сыни талдауға алып одан да сапалы мәліметтер алуға бағытталған бірқатар ойлар айтты:

  • ұқсас объектілер бойынша мәлімет жинау үшін біріңғай құжатты құрастыру;
  • мәліметтер жинау мерзімін қысқарту;
  • білікті санақшылар даярлау.

Ресейдің жан-жақты экономикалық-географиялық сипаттамасын жасаудаға В.Н.Татищевтің ісін жалғастырушы М.В.Ломоносов болды. Ол жаңа «Ресей атласын» жасауды ойластырды. Шынайы мәліметтер алу үшін ол  Татищев сауалнамасының негізінде барлығы  30 сұрақтан тұратын жауап берген кезде қалалардың және барлық елдің егжей-тегжейлі экономикалық-географиялық сипаттамасын алуға болатын «Академиялық сауалнама» жасады.

М.В.Ломоносовтың жетекшілігімен Ғылым Академиясының Географиялық департаменті Ресей шаруашылығын зерттеудің нағыз статистика-географиялық орталығына айналды.

Ломоносов экономикалық сипаттағы бірқатар еңбектер, оның ішінде бірінші Петрлық тексерісті (ревизия) талдайтын еңбек жазды.

Ломоносов «статистика» терминін «сипаттамалы мемлекеттану» түсінігінде қолданудан бас тартып алғаш рет «экономикалық география» терминін жалпы географиядан жеке ғылым ретінде бөліп қарастырды. Оның еңбектеріне талдау элементі, сандық әдісті пайдалану тән.

 

4 Дәріс

Еркін экономикалық қоғам. К.Ф.Герман, К.Н.Арсеньев, Д.П.Журавский еңбектері

Орыс қалаларын сипаттау және шаруашылықтарды зерттеумен 1765 жылы құрылған «Еркін экономикалық қоғам» (ЕЭҚ) көп айналысты. Мемлекет ішінде егіншілік пен өнеркәсіп туралы пайдалы мәліметтерді тарату мақсатымен құрылған бұл қоғам шаруалар еңбегінің өнімділігін жоғарылату жолдарын табуды алдына міндет қып қойды.

Қоғам статистикалық сипаттағы түрлі мәліметтерді жинады, олардың негізінде  статистикалық-географиялық зерттеулер жарияланды. ЕЭҚ өлкелік география мен статистиканың дамуында  үлкен роль атқарды.

Осы кезеңдегі Ресейдің сипаттама мектебінің өкілдері туралы айтқанда Статистикалық комитеттің бірінші жетекшісі, «Ярослав губерниясының статистикалық сипаттамасы», «Ресей империясына қатысты статистикалық зерттеулер,1 бөлім. Халық қоныстануы туралы» атты еңбектердің авторы Карл Федорович Герман туралы айтпау мүмкін емес. Ол, сонымен қатар, статистикадан алғашқы оқу құралдарын жазды.

Герман статистиканың зерттеу пәні мемлекет деп санады. Сонымен бірге ол тек жалаң сипаттаулармен шектелген жоқ. Оның еңбектерінде талдау, топтастыру, динамикалық салыстыру т.б. кездеседі. Ол мынадай нәрселерге көп көңіл бөлді:

  • статистика тарихы;
  • мәліметтер шынайылығының сыни бағасы;
  • статистиканың объективтілігі.

Герман ісінің лайықты жалғастырушысы оның шәкірті және әріптесі тарихшы, географ, статистик – Константин Иванович Арсеньев болды. Ол статистиканы дәйектерді жалпылау және талдау кезінде оларға саяси және экономикалық баға беруге тиісті ғылым деп санады. Оның «Ресейдің статистикалық очерктері» еңбегі – Ресейдің экономикалық аудандастыруы негізделген құнды экономика-географиялық зерттеу.

Одан ертерек ол «Ресей мемлекетінің статистикасының  сызбалары» атты еңбегін жазды. Оның «Халықтың жағдайы туралы» атты бірінші бөлімі тексеріс (ревизия) мәліметтері негізінде барлық тұрғындар саны туралы есептерден тұрды (алғашқы үш тексеріс әйелдерді қоспаған). Еңбекте:

  • тұрғындардың  ұлты, діни сенімі бойынша қызықты топтары келтірілген;
  • қала және ауыл тұрғындары, өндіруші және өндірмейтін тұрғындар болып бөлінген;
  • жеке топтар үшін қатынастар орнатылған.

Бұл Ресейдегі  тұрғындарды таптық топтастырудың алғашқылардың бірі еді.

Арсеньевтің екі еңбегі де статистиканың дамуына көп үлес қосты.

Арсеньев Ресейдегі статистикалық істің ұйымдасып орнығуына көп еңбек сіңірді. К.И.Арсеньев пен К.Ф.Германды сипаттама бағытының өкілдері санаса да, олардың еңбектерінде талдау элементтері кездеседі, бұл статистика дамуының екінші бағыты – саяси арифметикаға тән.

Ресейде статистиканың дұрыс ғылыми орнығуында Орыс географиялық қоғамы  (ОГҚ) көп еңбек сіңірді.ОГҚ-ның статистикалық бөлімі өз жұмысына өз өлкесіне қызығушылық туғызғандардың көпшілігін тартты. Нәтижесінде ХІХ ғ. екінші жартысында жеке губерниялар, уездер мен қалалар сипаттамалары пайда болды.

Мұндай еңбектердің арасында Д.П.Жуковскийдің 1852 жылы жарық көрген үш томдық «Киев губерниясының статистикалық сипаттамасы» еңбегі ерекше атап өтуге тұрарлық. Еңбекте алғаш рет бай нақты мәліметтерге негізделген аумақтық көлемде шаруашылық процестердің терең әлеуметтік талдауы жасалған. Тұрғындардың жеке таптарының мүліктік теңсіздігі ашылды.

Журавскийдің  статистика – «категориялық есептеу» ғалымы деп атайтын, статистикалық зерттеулерде топтастыру  әдісінің мәнін ерекше атап өтетін еңбектері де маңызды болып табылады.

Дмитрий Петрович Журавский туралы ірі орыс статистигі ретінде айтқан кезде оның атағының шығуында тапсырмалары бойынша жұмыс істеген Орыс географиялық қоғамының ролін атап өтпеу мүмкін емес.

 

Семенов Тянь-Шанский. Қазіргі заманғы статистика

Орыс статистикасының тарихында ерекше орын алатын атақты орыс географы, статистик ретінде де белгілі болған Петр Петрович Семенов, өзінің Тянь-Шаньды зерттегені үшін Семенов Тянь-Шаньский аталып кеткен. Ол орыс мемлекеттік статистикасының «әкесі» саналады. Семенов Тянь-Шаньский статистика бойынша көптеген құнды еңбектердің авторы. Ұзақ уақыт бойы ол өзі құруға септігін тигізген Орталық статистикалық комитетті басқарды.

П.П.Семенов-Тянь-Шанский  орыс статистикасы мен орыс шаруашылығын зерттеуді реттеді. Ол ХІХ ғасырдың 70 жылдарында жаңа аулалық зерттеулерді енгізді. Бұл өте құнды болды, себебі тек аулалық зерттеулер бойынша ғана шаруалардың таптық бөлінісін зерттеуге болатын еді. Семенов Тянь-Шанскийдің басқаруымен КСРО халық санағы өткізілді.

Семенов-Тянь-Шанский  статистиканы ғылыми бастауларға қойғысы келді, фабрика-зауыттық статистика бойынша түрлі анықтама материалдарын жүйелеп басып шығаруға тырысты; оның тұсында өнімнің статистикасы бойынша мәліметтер жинала бастады; Ресейдегі барлық бу двигательдерінің алғашқы санағы өткізілді т.б.

ХІХ ғ. екінші жартысы – ХХ ғ. басы  Ресей үшін статистика ғылымы мен тәжірибесінің қарқынды дамыған кезеңі болды. Және де мұнда математика мен статистикадан сабақ беретін университеттер профессорлары, статистика бойынша оқулықтар мен басқа да ғылыми еңбектердің авторлары жататын академиялық статистика өкілдерінің қосқан үлесі зор.

Информация о работе Стаистикадағы туризм