«Адал агроөнеркәсіптік» АҚ мысалындағы айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымын талдау
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2015 в 18:07, дипломная работа
Описание работы
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Бұл Қазақстан Республикасындағы шағын фирманың дамуында кедергі болып тұрған проблемаларды қарастырып, оларды шешу жолдары арқылы осы секторды дамыту, шағын фирма субъектілеріне салық салумен байланысты мәселелерді анықтау және соның негізінде шағын фирма субъектілеріне салық салу мен несиелендіру жүйелерінің жүзеге асыру жолдарын ұсыну болып табылады. Осы алға қойылған мақсатқа байланысты төменгі міндеттер қарастырылады: а) шағын фирманың мәні мен қажеттілігін теориялық тұрғыда негіздеу; ә) Қазақстан Республикасындағы шағын фирманың заңдылық негіздері мен даму ерекшеліктерін талдау; б) Астана қаласындағы шағын фирма жағдайын талдау және кедергі келтіретін факторларды айқындау; в) шағын фирматі несиелеу жағдайын қарастыру; г) Қазақстан Республикасындағы шағын фирмаке салық салудың құқықтық аспектілерін жүзеге асыру; д) мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен концепцияларын қарастыру.
1994-1995 жылдары «Шағын кәсіпкерлікті
мемлекеттік қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы»
жүзеге асырылды. Бұл бағдарламаны іске
асырғаннан кейін, Ресей Федерациясында
шағын кәсіпкерлікті қолдаудың біркелкі
жүйесі жұмыс істей бастады. Бұл жүйеге:
Ресей Федерациясының шағын кәсіпкерлікті
қолдау мен дамытудың мемлекеттік комитеті
аймақтық қорлар мен орталықтар кіреді.
Шағын бизнесті қолдаудың аймақтық
қорлары мен орталықтары барлық аймақтарда
құрылған. Шағын кәсіпкерлік федералдық
және жергілікті бюджеттерден қаржылық
көмек алады, жергілікті салықтар бойынша
әр түрлі шағын бизнестің инфрақұрылымын
құру жобалары да қаржыландырады.
1999 жылдың басына есептегенде
Ресей Федерациясында 900 мыңнан аса
шағын кәсіпорындар жұмыс істеп тұрды.
Бұл кәсіпорындардың орташа жұмысшылар
саны – 7 адамнан тұрды.
Ұлыбританияның шағын бизнестегі
тәжірибесі.
Ұлыбританияда шағын бизнес
субъектілеріне: жылдық тауар айналымы
2 млн.фунт стерлингтен аспайтын, активтер
сомасы 1 миллион фунт стерлингтен және
жыл бойы 50 адамды жұмыспен қамтитын кәсіпорындар
жатады. Ұлыбритания мемлекеттік консультациялық
қызметі бастаушы кәсіпкерлерге қажетті
кеңестер береді. Мысалы: коммерциялық
мәселелерді қалай шешу керек екенін,
бухгалтерлік есепті қалай жүргізу керектігі
туралы, нарықты қалай зерттеу керек екендігі
туралы кеңестер. Шағын бизнес жөніндегі
Үкіметтік қызмет кәсіпкерлер үшін әр
түрлі семинарлар мен курстар ұйымдастырады.
Сонымен қатар, Үкімет банктер алдында
кәсіпкерлер үшін қарыздық кепілдеме
береді. Шағын кәсіпорындар салықты табысқа
жеткеннен соң ғана төлейді.
Қазақстанда шағын кәсіпорынды
ашу үшін жұмсалатын күш – жігерлі шет
елде шағын кәсіпорын ашуға жұмсалатын
уақытпен салыстыру мақсатында Франция
Үкіметінің шағын кәсіпорындар үшін жасап
жатқан шараларын атап өткен жөн.
Франциядағы тұрақты түрде
дамып жатқан іскерлік қызметтің негізінде
мемлекеттің мақсатты түрде жүргізу саясаты
жатыр. Басты назарда шағын және орта кәсіпорындар.
Себебі бұл кәсіпорындар нақты экономиканың
ең динамикалық агенті. Францияда шағын
кәсіпорындарға – жұмысшылар саны 500-ден
аспайтын кәсіпорындар жатады. Ресми дерек
бойынша Францияда шағын және орта кәсіпорындарда
16500 мың. адам жұмыспен қамтылған. Орташа
есеппен бір кәсіпорында 7 адам жұмыс істеген.
Әдетте әкімшілік процедуралар шағын
кәсіпорындарды құруға кедергі келтіретіні
мәлім. Сондықтанда Франция Үкіметі формальды
мәселелерді қысқартуға көшті. Францияда
шағын және орта бизнесті экономика, қаржы,
индустрия министрілігінң бір департаменті
бақылайды. Әкімшілік қысым бірқатар әкімшілік,
әлеуметтік процедураларды оңтайландыру
арқасында азайды.
Францияда шағын
бизнесті несиелеу кезінде пайыздық өсімді
мемлекет бонификациялайды. Бонификация
– бұл жеңілдету. Қаржылық механизм арқылы
мемлекет шағын бизнеске неше ұсынысын
арттырды.
Халықаралық тәжірибеден көретініміздей,
шағын және орта бизнес қазіргі заманғы
қоғамның негізгі сатысы болып табылады
және ішкі салмақты өнімнің негізгі бөлігін
құрайды. Кәсіпкерлердің республикалық
форумында Республика Президенті жаңа
ғылыми және жоғары технологиялық өндірістерге
бағытталған шағын және орта бизнеске
жағдайлар жасау есебінен қоғамның орта
буынын қалыптастыруды атап айтты.
Қолданылып жатқан шараларға
қарамастан, кәсіпкерлік бұрынғыша оның
дамуына кедергі болатын және тұрақты
экономикалық өсудің негізі болуына және
қоғамның деңгейін көтеруге мүмкіндік
бермейтін мәселелерді кездестіреді:
Өздерінің инвестициялық және
айналымдық қажеттіліктерін қамтамасыз
ету үшін субъектілердің көпшілігінде
қаржы-несиелік ресурстардың жеткіліксіз
болуы. Бұл жағдай несие ресурстарын ұсынатын
банктердің және басқа қаржылық мекемелердің
жағымсыз жағдайының, сонымен қатар бизнесмендердің
сапасыз бизнес-жоспарларын құруының
сапасына байланысты.
Көптеген әкімшіліктік кедергілердің
болуы, ол кәсіпкерліктің дамуын төмендетеді.
Шағын кәсіпкерлердің қызметін
реттейтін мемлекеттегі заңдылықтардағы
нақты шаралардың болмауы немесе бар заңдылықтың
жетілдірілмегендігі, бұл әкімшіліктік
кедергілердің ұлғаюына әкеледі.
Кәсіпкерлердің мамндандырылуының
деңгейінің төмендігі, инжинерлік-техникалық
мамандықтар облысында шағын бизнес үшін
маманланлырылған калрлардың жетіспеушілігі.
Шағын кәсіпкерлік субъектіліріне
салық салудың жоғары деңгейі және жалпы
салық заңдылығының жетілдірілмеуі.
Мемлекет органдары тарапынан
бұқаралық ақпарат құралдарында шағын
кәсіпкерлер субъектілерінің қызмет ету
процедуралары, қажетті құжаттар және
т.б талаптардың толық басылмауы.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау
институттарымен тиімді және оңай қол
жеткізуге болатын ақпараттық байланыстардың
болмауы.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту
призмасы арқылы «орта класты» қалыптастыруға
бағытталған, әсіресе инновациялық өндірістерді
бағдарланған мәселені шешу және қойылған
мақсатқа жету үшін:
Салық және кедендік заңдылықтарды
жетілдіру бойынша уәкілетті органдарға
және кәсіпкерлікті реттейтін әкімшіліктік
құқық бұзушылықтуралы заңдылықтарға
және т.б нормативтік актілерге
шағын кәсіпкерліктің субъектілері үшін
жағымды жағдай жасау мақсатында салықтық
және кедендік режім бойынша ұсыныстар
еңгізу. Бұл ұсыныстар Кездесулерде, «дөңгелек
үстелдерде», шағын кәсіпкерлікті дамыту
жөніндегі Комиссиясында аталған көкейтесті
мәселелерді талқылау нәтижесі бойынша
әлеуметтік және табыс салығы және кеден
баждарының мөлшерлемесінің төмендеуі.
Экономиканың кәсіпкерлік секторына
бөлінетін материалдық және қаржылық
құралдардың өсуіне және қол жеткізу мүмкіндігіне
инвестициялық саясат пен қаржы-несие
жүйесінің бағытталуы, қаржылық қолдау
инструменттерін (лизинг, франчайзинг
және т.б) еңгізу.
3. Кәсіпкерлердің мемлекеттік
емес бірлестіктерінің жүйесін
қалыптастыру және оның рөлін
күшейту, шағын және орта бизнес
насихатын және ақпараттық байланысын
қамтамасыз ету.
Бұл кезеңде басымдықтар:
ғылымды қажетсінетін және
инновациялық өндірістерді құру;
шағын бизнестің инфрақұрылымын
құру және дамыту;
шағын және орта бизнес кәсіпорындарында
жұмыс орындарын құру,
«орта тапты» қалыптастыру
болып табылады.
2010 жылға дейінгі Астана
қаласын әлеуметтік-экономикалық
дамытудың Стратегиялық жоспарымен
бекітілген Астана қаласының
шағын кәсіпкерлікті қолдау және
дамыту Бағдарламасы бойынша
таяу жылдары дамытудың негізгі
бағыты болып шағын және орта
бизнестің интеграциясын қаланың
өнеркәсіптік әлеуетіне санап, жалпы
аймақтық өнімнің құрылымында
оның үлесін арттыру.
Мынадай бағыттарда жұмыстар
жалғастырылады:
- шағын бизнесті қаржы-несиелік
және инвестициялық қолдаумен
қамтамасыз ету, бұл мамандандырылған
институттардың дамуына және
шағын кәсіпкерлік субьектілер
топтары үшін қаржы-несиелік қамтамасыз
етудің деңгейлік жүйесін енгізуге,
олар үшін қолайлы жағдай жасауға
мүмкіндік береді;
- шағын кәсіпорындарының
өнімдері үшін мемлекеттік тапсырыспен
орналастыру жолымен нарықты
мақсатты түрде қалыптастыру.
Ғылыми өңдеулерді енгізудің
барынша ұтымды жолы қысқа мерзімде және
аз шығынмен бәсекеге қабілетті ғылымды
қажетсінетін өнімдерді әзірлеуге мүмкіндігі
бар шағын және орта инновациялық фирмалар
желілері арқылы өтеді. Шағын бизнес саласында
инновациялық кәсіпорындарға өндіріс
орындарын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын
орындау үшін құралдар және олардың нәтижелерін
өндіріске өткізуді ұсыну өндірістің
техникалық деңгейін және өнім сапасын
көтеру жағдайын жасауға мүмкіндік береді.
Аталған мақсатқа жету үшін
конкурстық негізде шағын кәсіпкерлікті
қолдауға қала бюджетінен бөлінген қаражаттың
бір бөлігі инкубатор аумағында орналасатын
жобаларды енгізуге бағытталатын болады
(шағын инновациялық фирмаларды инкубациялау).
«Астана қаласы шағын бизнесті
қолдау орталығы» жанынан инфрақұрылымдық
элементтерді қалыптастыру мақсатында
келесі мекемелерді құрылуын қарастыру:
- шағын кәсіпкерліктің
инновациялық-технологиялық орталығын
құру;
- кәсіпкерлердің бәсекелестік
қабілетін жоғарылату және жоғары
сұранысты тауар мен қызмет
сферасында өз орнын табу мақсатында
ақпараттық-маркетингілік орталығын (өндіруші кәсіпорындар,
сауда фирмалары, инвестициялық жобалар
портфелін қалыптастыру, маркетингілік
ақпаратты жинау және ұсыну туралы банктік
мәліметтерді жасау) құру;
мақсаты қалада өндірілетін
тауарлар мен қызметтерді жарнамалау
болып табылатын сауда-көрме орталығын
(қоғамда отандық тауар өндірушілерге
оң көзқарасты қалыптастыру, шағын кәсіпорындардың
тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз ету)
құру қарастырылады.
Кәсіпкерлік қызметінің табыс
критерийі болып кәсіпорынның жеткілікті
пайда және табыс табу қабілеті жатады,
яғни тек өзінің шығындарын жауып қана
қоймай өндірісті кеңейту мүмкіндігінің
болуы керек. Кері жағдайда кәсіпкер өзін
жұмыс істеуге қажетті қаражатпен әрең
қамтамасыз етіп, өмір сүру үшін күресуіне
тура келеді. Әлемдік тәжірибе көрсетіп
отырғандай, кәсіпкерлердің көбісі мұндай
жағымсыз жағдайдан сәтті құтылуда, бірақ
банкротқа ұшырау құбылысы кәсіпкерлік
әлемде сирек кездеседі деуге болмайды.
Зерттеулер бойынша алғашқы жылдар ағымында
23,7 пайыз, алғашқы 4 жыл ішінде – 51,7 пайыз,
алғашқы 6 жыл ішінде – 62,7 пайыз банкротқа
ұшырағандығын көрсетіп отыр. Банкротқа
ұшыраудың негізгі себептері мыналар:
экономикалық факторлар – 47,4
пайыз;
қаржылық қиыншылықтар – 38,4
пайыз;
кәсіпкерлік тәжірибенің болмауы
– 7,1 пайыз;
кәсіпкерлік ниеттің жаман
болуы – 3,4 пайыз;
басқалар – 3,7 пайы .
Банкротқа ұшырау себептері
сыртқы және ішкі де сипатқа ие болуы
мүмкін. Сыртқы факторларға жалпы экономикалық
құлдырау, процент ставкасының өзгеруі,
мемлекеттік саясаттағы өзгеріс, инфляция,
жаңа бәсекелестіктің пайда болуы, саладағы
өзгеріс анағұрлым жетілген құрылыс материалдары
мен құрылыс өндірісі технологиясының
пайда болуын жатқызуға болады. Іс жүзінде
бұл сыртқы әсерлер барлық фирмаларға
бірдей, бірақ кейбіреулері оларға төтеп
беріп, қызметін одан әрі қарай тиімді
жүргізе алуда, ал басқалары сәтсіздікке
ұшырауда. Фирманы банкрот болуға алып
келетін көптеген себептер тиімсіз менеджментпен
байланысты және оларды үш бағытта топтауға
болады:
стратегиялық сипаттағы қателіктер;
жалпы менеджмент мәселелері;
қаржы есептік жүйе мен тәжірибедегі
кемшіліктер.
Қазіргі зерттеулерде бизнес
сәтсіздігінің не екендігін дәл түсіндіретін
бір мәнді түсінік жоқ. Біреулер бұл түсінікті
банкротқа ұшыраумен байланыстырады,
басқалар банкротқа ұшыраумен қатар кәсіпорынның
бірігуі, басқа компания тарапынан сатып
алынуы сияқты әртүрлі себептерге кәсіпорын
қызметінің тоқтатылуын да қосады.
Егер фирма тапсырыс берушілердің,
акционерлердің, жұмысшылардың, жеткізушілердің
және тұтынушылардың алдында өз міндеттерін
орындамаса, онда ол сәтсіз фирмалар қатарына
жатады деген пікір бар. Көптеген зерттеушлілер
кәсіпорын қызметінің тоқтатылуын келесі
бағыттар бойынша бөліп қарастыруды қалайды:
Банкротқа ұшыраумен байланысты
Алдағы залалдардың алдын алу
мақсатымен
Қажетті нәтижені ала алмау
себебіне байланысты, мысалы, салынған
капиталдың пайдалылық процентінің төмен
болуы
Зейнеткерлік жасқа жетуге
немесе денсаулық жағдайына байланысты
кету, пайда табу мақсатында бизнесті
сату сияқты себептерге қатысты.
Австралиялық ғалымдармен жүргізілген
зерттеулер бойынша бизнестегі сәтсіздіктер
пайызының жоғары болуы туралы әртүрлі
пікірлерге қарамастан, банкротқа ұшырағандардың
үлесі 3,4 пайыз ғана, алдағы болатын залалдардан
құтылу мақсатында 8 пайыз ғана өз қызметін
тоқтатады екен.
Қазақстан экономикасының нарық
қатынастарына өтуі ең басынан жаңа кәсіпкерлер
тобының өз ісін ашу және жеке бизнеспен
айналысуға ұмтылу сипатына ие болды.
Бірақ бүгін сол құрылған фирмалардың
азы ғана пайданы және құрылыс бизнесін
әрі қарай қаржыландыруды қамтамасыз
етуге қажетті өндіріс көлеміне шыға алғанын
айта кету керек.
Бұл келесі факторлармен түсіндіріледі:
әлеуметтік-экономикалық;
саяси;
құқықтық;
психологиялық;
кадрлық;
ұйымдастырушылық.
Әлеуметтік-экономикалық факторларға
демонополиялау қарқынының төмендігі,
мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру,
дамыған нарықтық инфрақұрылымы мен ашық
қаржыландыру көздері мен коммерциялық
тәуекелдерді сақтандыру жүйесінің болмауы
сияқты факторлар жатады.
Саяси факторларға кәсіпкерліктің
дамуына мемлекеттік қолдаудың жетіспеушілігін,
бюрократиялық аппарат кедергісін жатқызуға
болады. Әлеуметтік сауалнама бойынша
кәсіпкерлердің көпшілігі, реформаны
республикалық министрліктер мен жергілікті
билік органдары ұстап отыр деп есептейді.
Құқық мазмұнындағы факторларға бірінші
кезекте салық жүйесінің жетілмегендігі
және нормативті – құқықтық базадағы
қарама-қайшылықтар жатады. Заң базасында
жиі болатын өзгерістер ертеңгі күнге
деген сенімсіздікті тудырады, осыдан
барып ұзақ мерзімдік болашақ емес, бір
күндік пайдаға бағдарланушылық орын
алады. Өткір бәсекелестік күресте артықшылыққа
ие болу мақсатында кәсіпкерлік құрылымдардың
құқық қорғау органдарымен бірігуі жаңа
кәсіпорындардың салаға кіруіне тосқауыл
болып отыр.