«Адал агроөнеркәсіптік» АҚ мысалындағы айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2015 в 18:07, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Бұл Қазақстан Республикасындағы шағын фирманың дамуында кедергі болып тұрған проблемаларды қарастырып, оларды шешу жолдары арқылы осы секторды дамыту, шағын фирма субъектілеріне салық салумен байланысты мәселелерді анықтау және соның негізінде шағын фирма субъектілеріне салық салу мен несиелендіру жүйелерінің жүзеге асыру жолдарын ұсыну болып табылады.
Осы алға қойылған мақсатқа байланысты төменгі міндеттер қарастырылады:
а) шағын фирманың мәні мен қажеттілігін теориялық тұрғыда негіздеу;
ә) Қазақстан Республикасындағы шағын фирманың заңдылық негіздері мен даму ерекшеліктерін талдау;
б) Астана қаласындағы шағын фирма жағдайын талдау және кедергі келтіретін факторларды айқындау;
в) шағын фирматі несиелеу жағдайын қарастыру;
г) Қазақстан Республикасындағы шағын фирмаке салық салудың құқықтық аспектілерін жүзеге асыру;
д) мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен концепцияларын қарастыру.

Файлы: 1 файл

для Нурбола.docx

— 213.58 Кб (Скачать файл)

Психологиялық факторлар да үлкен мәнге ие, оларға халықтың теріс көзқараста болуы, қоғамға қажетті тауар мен қызмет көрсетулер осылардың қыруар жұмыстарының арқасында пайда болып жатқандығын түсінбеулері, кәсіпкерлік қызметін бағалаудың жаңа тәсілі мен кәсіпкерлік құрылымдарын қолдауда оң қоғамдық пікірлердің болмауы жатады. Экономикасы дамыған елдерде халықтың көбісі, материалдық игіліктер мен қызметтер кәсіпкерлердің күш қуаты мен ынтасының арқасында жасалып жатқандығына сенімді. Оның үстіне АҚШ-та, мысалы, ұлттық «алтын қоры» дәл осы он мыңдаған нақты кәсіпкерлердің арқасында құралады деп есептеледі.

Нарықтық қатынастарға өту тағы да бір проблеманы жарыққа шығарады: ол біліктілігі жоғары кадр – менеджерлердің жетіспеушілігі, кәсіпкерлік қызметте білім мен тәжірибенің болмауы.

Айрықша коъюнктура бойынша табыс табуға болатын кезде «нарықтың» алғашқы толқыны құлдырай түсті. Нарықтық инфрақұрылымның пайда болуына және қоғамның соған сәйкес психологиялық бейімделуіне байланысты арнайы оқытылған маман менеджерлер қажет етіле бастады.

Ұйымдастырушылық реттегі факторларға жаңа ферманы тіркеу мен кезіндегі бюрократиялық кесірлерді жатқызуға болады. Жаңа кәсіпорындарды тіркеу мен банкіден шот алу үшін 4-тен 6 аптаға дейін уақыт және 40000-нан 60000 теңгеге дейін қаражат қажет. Сонымен қатар, саны шексіз мекемелер мен ұйымдардан анықтама жинау машақаты тағы бар. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды түрлі мемлекеттік органдар тарапынан тексеру қосымша уақыт пен шығынды талап етеді. Бұл аталғандар Қазақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасу кезеңінде кезігетін проблемалардың толық емес тізімі.

Осыған байланысты көптеген кәсіпорындардың жабылып қалуы кездейсоқтық емес, ол қалғандарының үлкен бөлігі халықтан келіп түсетін майда тапсырыстармен айналысуда. Жалпы, Қазақстандағы жеке бизнес әзірге шет елдегідей жалпы ұлттық өнімнің қомақты үлесін өндірмейді.

Мұндай жағдайлардың бір себебі елде шағын және орта бизнесті басқарудың нысаналық жүйенің болмауы, қарастырылып жатқан зерттеу соны дайындауға бағытталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Құрылған шағын фирма шарушылығында айналым қаражаттарын қолдануды жақсарту мәселесі нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында өзекті мәселеге айналды. Кәсіпорын өзінің өндірістік-қаржылық қызметінің нәтижелеріне толық жауапкершілікті талап етеді. Кәсіпорындардың қаржылық жағдайы айналым қаражаттарының жағдайына тікелей тәуелділікте болғандықтан және шығындарды шаруашылық қызмет нәтижелерімен салыстыруды және шығындарды меншікті қаражат есебінен жабуды көздегендіктен, кәсіпорындар айналым қаражаттарын рационалды ұйымдастыруға қызығушылық танытады, яғни олардың қозғалысын ең жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізу үшін минималды мүмкін сомамен ұйымдастыруға тырысады.

Айналым қаражаты минималды қажетті мөлшердегі өндірістік айналым  және айналыс қорларының жоспарлы қалыптасуы мен қолданылуына арналған  ақшалай нысандағы авансталатын құнды білдіреді. Олар кәсіпорынға өндірістік бағдарламаны орындауға және есептесулерді өз уақытылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Айналым қаражаттарының үнемі қозғалысы өндіріс пен айналыс үрдісінің үздіксіздігінің негізі болып табылады. Өндірістік қызмет - айналым қаражаттарының маңызды қызметі.

Айналым қаражаттары өндіріс сферасына, айналыс сферасына, халық шаруашылығындағы есептесулер жағдайына елеулі әсер ететін негізгі қаржылық категориялардың бірі болып табылады. Төлемдік-есептік қызмет оның екінші қызметі болып табылады. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында көптеген кәсіпорындардың айналым қаражаттарының жағдайы бірнеше себептерге байланысты нашарлады: біртұтас экономикалық кеңістіктің ыдырауы, өндіріс деңгейінің түсуі, бағалардың өсуі.

Қолда бар мәліметтерді қолдана отырып, мен нақты кәсіпорынның  айналым қаражаттарын басқаруына талдау жүргізіп, қажетті нәтижелер жасадым Айналым қаражаттарын басқару кәсіпорынның оларға деген жоспарлы қажеттілігін анықтау механизмімен тікелей байланысты. Айналым қаражаттарына оңтайлы қажеттілікті дұрыс анықтау кәсіпорын үшін маңызды болып келеді. Бұл берілген өндіріс көлемінде жоспарланған пайдаға минималды шығындармен қол жеткізуге мүмкіндік береді. Айналым қаражаттарының мөлшерін төмендету тұрақсыз қаржылық жағдайға, өндірістік үрдістегі ақауларға,өндіріс көлемі мен пайданың төмендеуіне әкеп соқтырады. Ал айналым қаражаттарының мөлшерін жоғарылату кәсіпорынның өндірісті кеңейту бойынша капиталды шығындар жасауға мүмкіндігін төмендетеді.  Сонымен қатар, норма, норматив түсініктері ашып көрсетіліп, норматив енгізудің қазіргі заманғы кәсіпорын жұмысындағы маңыздылығы көрсетілген. Айналым қаражаттарының қолданылу интенсивтілігін сипаттайтын айналымдылық көрсеткіштері қарастырылған және зерттелген. Айналым қаражаттарының айналымдылығын жеделдетудің және арнайы резервтер құрудың маңыздылығы ерекше аталып өткен.

Дипломдық жұмыс тақырыбы  бойынша мәселелерді шешу кезінде шағын фирма шарушылығында айналым қаражаттарын басқару саласында кәсіпорын жұмысының келесі кемшіліктері анықталған:

-қазіргі  уақыттың қате тәжірибесіне сүйене  отырып, айналым қаражаттарын нормалаудан  бас тарту. Ол төлемдік-есептік  тәртіптің жағдайына теріс әсерін  тигізеді;

-дебиторлық  қарызды басқаруға тиісті деңгейде  көңіл аудармау.

Берілген бағыттар бойынша жұмыстың тәжірибелік бөлімін орындау барысында келесідей ұсыныстар жасадым:

-кәсіпорынның  материалдар қорын азайтуы және  өнімді өткізу бойынша маркетингтік  саясатты қайта қарауы керек.

-көрсеткіштер  жүйесінің көмегімен кәсіпорынның  айналым қаражаттарын басқару  әдістемесі ойлап табылған;

-банктің  қысқа мерзімді несиесін тарту  тиімді емес;

-өндірісті  ұйымдастыруды жетілдіру бойынша  шаралар айналымдылықтың жеделдетілуіне  және қосымша қаражаттардың босап  шығуына әкеледі.

Жалпы қарайтын болсақ, фирманың айналым қаражаттарын басқару бойынша жағдайы нашар емес, дегенмен де осы деңгейде тоқтап қалмай, айналым қаражаттарын басқарудың тиімділігін жоғарылату  бойынша шараларды  жалғастыру қажет. 

Айналым қаражаттарын ұтымды пайдалану компанияның жалпы дамуының деңгейiн айқындайды. Айналым қаражаттарын қалыптастыру мен қолдану түбегейлi талдауды қажет етедi.

Нарықтық экономика жағдайында компания тек қана маркетингтiк зерттеулерге, нарықтық зерттеулерге ғана емес, сонымен қатар iшкi ресурстардың оңтайлы пайдалануына назар аударуы керек. Өзiндiк құн – экономикалық талдаудың маңызды көрсеткiшi болып табылады.

Нарықтағы кез келген компанияның мақсаты минималды шығындармен максималды пайда табу болғандықтан, компания оған зор көңiл бөледi. Пайда көлемi айналым қаражаттарын тиiмдi пайдалануға байланысты.

Осылай, компанияның сәттi жұмыс iстеуiне негiзгi қорлармен қатар айналым қаражаттарының оптималды көлемi мен тиiмдi қолдануының да мәнi өте зор.

Сонымен айналым қаражатының құрылуының басты факторы ретінде кәсіпорынмен сатылған өнімнен түскен түсім болып табылады. Қорытындысында қолма-қол ақшаның болу немесе болмауына кәсіпорынның дамуы тәуелді болады, төлемдердің үстінен ақшалай түсімдерді қосымша табыс табу мақсатында ұлғайтады. Кәсіпорынның қолма-қол және қолма-қолсыз түрде алынатын және шығындалатын қаражаттардың қозғалысы қаржылық менеджментінде қаржылық ағымдар деп атайды. Бұндай ағымдардың теріс және оң түрлері кездеседі. 

Оң ағымдар кәсіпорынға ақшаның түсімін көрсетсе, теріс ағымдар керісінше кәсіпорынмен ақшаны шығындалып кетуді бейнелейді. 

Айналым қаражаттарының өзімен бірге ақшалай нысандағы жоспарлы қолданылатын және құрылатын өндірістік қаржылық қорлар мен айналым қорларының қажетті минималды түрде кәсіпорынға қажетті есептулерді уақытында жүргізу өндірістік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін құрылады.

Айналым қаражаттарының үздіксіз қозғалысы өндіріс пен айналыстың кедергісіз жұмысын қамтамасыз етеді. Өндірістік – бұл қаржылық айналымдардың басты функциясы болып табылады.

Айналым қаражаттарының қаржылық категорияларының ішінде ең негізгісі бола отырып, өндірістік, айналыс орталарына, халық шаруашылығындағы есептеулердің жағдайына, мемлекеттегі қаржылық айналысына әсер етіп, есептік – төлемдік функциясын атқарады.

Нарықтық экономикаға өтумен байланысты кәсіпорындардың көбінде айналым қаражаттарының жағдайы нашарланып, соның ішінде: бірігей экономикалық орта бұзылып, өндіріс деңгейінің құлауы мен бағалардың құлауымен сипатталады.

Белгілі бір мерзім ішінде ақшалай қаражаттар қалдығының азаюы немесе ұлғаю себебі баланстың активтер мен пассивтердің құндардың өзгеруімен байланысты. Активтердің қайсыбір баптарының ұлғаюы (ақшалай қаражаттардан басқа) – ақшалай қаражаттарының төмендеу себебі. Және керісінше, қаржыландырудың меншік немесе қарыз көздерінің ұлғаюы – ақшалай қаражаттарының қалдың көлемінің ұлғаю факторы болып табылады.

      Сондықтан ақшалай  қаражаттары қалдығының өзгеруі  кәсіпорынның активтер мен пассивтердің  қаржылық саясатынның қорытындысы  ретінде қарастыруға болады. 

      Фирманың айналым қаражаттарының ішкі міндеттері негізінде қаржылық ресурстар кәсіпорынның инвестициялық және негізгі әрекетін қамтамасыз ету, сонымен бірге оның болашақ қажеттіліктері мен қаржылық жағдайын болжамдауға мүмкіндік береді.

      Кәсіпорынның айналым қаражаттарының барлық түрлерімен топтасуы есеп беру ақпаратын аналитикалық тұрғыдан жоғарлатады. Қаржылық менеджер (немесе несие беруші) кәсіпорынға қандай көздер пайданы үлкен көлемде әкелетінін және қайсылары оларды үлкен көлемде пайдаланатынын көріп білуі тиіс. Қанағаттанарлықтай жұмыс істейтін кәсіпорында таза ақшалай ағым нөлге бағытталуы тиіс, яғни есеп мерзімі ішінде түскен ақщалай қаражаттар тиімді түрде инвестицияланып қалуы қажет. Бірақ осы нәтижеге түрлі жолдар әкеледі: негізгі қорларды көбейту мақсатында кәсіпорынмен пайдаланатын қолма–қолды таза ағымды, операциялық әрекеті әкелуі мүмкін. Бірақ керісінше  жағдай да болуы мүмкін – кәсіпорын негізгі капиталының бір бөлігін  сатқан кезде, өзінің таза ақшалай ағымын операциялық әрекетінен жабады. Бұл нұсқа әсіресе кәсіпорын үшін оңтайлы емес, оның айналым қаражаттарының негізгі көзі ретінде оның мүлікті сату операциялық әрекеті болуы тиіс. 

      Кәсіпорынның қаржылық  талдау қорытындысы кәсіпорынның  қаржылық жағдайының жалпы бағасымен  сәйкес келіп, түсімдердің мөлшерінен  емес, кәсіпорынның қарыздарын өтеу  қабілеттілігі не активтердің  өтімділігімен сәйкестелуі.

       Кәсіпорынның  тиімді жұмысы мен өндірістің  барлық факторларын пайдалануы  оның қандай көлемде табысты  алу әрекетімен сипатталады.  Қолданылған ресурстар бірлігіне келетін табыс неғұрлым көп болса, соғұрлым кәсіпорын қаражатының инвестициялануы тиімді болады. Осындай жағдайда кәсіпорынның тиімді әрекетін негіздейтін көрсеткіш ретінде рентабельділік қарастырылады, бұл авансталған қаражаттардың табыстылығын немесе сатылған өнімнің айналым көлемін көрсетеді. Кәсіпорынның бәсекелес қабілетін қанағаттандыру үшін бар көңіл қолданған ресурстардың рентабельдігіне аударылады, себебі қызмет ететін капиталдың әр бір теңгесінің табыстылығын көрсетеді. 

      Кәсіпорынның айналым  қаражаттарын талдау кезінде  табыстылықпен байланысты келесідей  басқа да көрсеткіштер: жалпы  табыс сомасына қосылатын ұлттық  пен таза табысқа қатынасы  бар ұлттық өнім нормасы мен  таза өнім нормасы қолданылады. Барлық белгілелер табыстар мен  шығыстар есебінен алынып отырады. Түскен көрсеткіштер кәсіпорынның  рентабельділігін салықтарды төлеуге  дейін мен төленгеннен кейін  көрсетеді. Рентабельділік бағасын  кәсіпорындар харекетін салыстырғанды  қолданған тиімді болады.

Кәсіпорынның шаруашылық әрекеті барысында ағымдағы активтердің біраз бөлігі қатысады. Ақшалай қаражаттар кәсіпорынмен тікелей қолданылмай, оларға керісінше тауарлар мен қызметтерді сатып алу нәтижесінде айырбастауға болады. Қысқа мерзімді қаржылық аударымдар бұл бос ақшалай қаражаттар болып, қаржылық нарықтарда айналатын және кәсіпорын харекеті барысында тікелей қолданылады. Сондықтан оларды басқару тек операциялық менеджментке емес, сонымен қатар айналым қаражаттарын басқаруға жатады. Ағымдағы активтер айналым қаражаттары мен қысқа мерзімді аударымдар сомасына азайтылатын болса, таза активтер сомасы шығады, және операциялық менеджментке жататын  активтер бөлігін көрсетеді.

Ағымдағы пассивтердегі қысқа мерзімді несиелер ресурстарды қолданумен, яғни операциялық менеджментімен тікелей байланысты.  Сондықтан ағымдағы пассивтерді қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар сомасына азайтып,  таза ағымды пассивтерді алады.

Ақшалай қаражаттар, қысқа мерзімді қаржылық салымдар, қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар несиелік көзқараста ескеріледі. Несиелік көзқарас – бұл кәсіпорын харекетін қаржыландыру үшін қолданылатын көлем.

Айналым қаражаттарын пайдалану тиімділігі келесідей көрсеткіштер қатарын есептеу жолымен анықталады: айналым капиталының айналымдылығы, оны қолдану толықтығымен, айналу жылдамдығының  тиімділігі.

Айналым қаражаттарын қолдану тиімділігін жоғарлатуы біріншіден, оның айналу жылдамдығында байқалып, айналым капиталының көлемін сақталу капитал берілу бизнесті ұлғайту нақты мүмкіндігін береді.

Экономикалық субьектінің қаржылық тұрақтылығы негізінде оның запастарының қамтылу мен құрылу көздерінің қарыздарымен бейнеленеді. Ұйымның қаржылық жағдайының бөлшек талдауын абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштердің қолданумен өткізуге болады. Құрылу көздерінің қамтылу талдауын не запастар, не қарыздар мен запастармен бір уақытта өткізілу мүмкін. Қаржылық жағдайдың талдау негізі абсолютті негізі көрсеткіштердің запастар мен қарыздарды жабу  көлемін қолдану көздерінде болады.

Талдау жасау мақсатында запастар мен қарыздарды жабу көп деңгейлі жүйені қарастыру қажет. Запастар мен қарыздардың құрылуы қаражаттардың алыну көздерінің түрлерінен тәуелді болады, экономикалық субьектінің төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылық деңгейімен де бағалауға болады.

Информация о работе «Адал агроөнеркәсіптік» АҚ мысалындағы айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымын талдау