«Адал агроөнеркәсіптік» АҚ мысалындағы айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2015 в 18:07, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Бұл Қазақстан Республикасындағы шағын фирманың дамуында кедергі болып тұрған проблемаларды қарастырып, оларды шешу жолдары арқылы осы секторды дамыту, шағын фирма субъектілеріне салық салумен байланысты мәселелерді анықтау және соның негізінде шағын фирма субъектілеріне салық салу мен несиелендіру жүйелерінің жүзеге асыру жолдарын ұсыну болып табылады.
Осы алға қойылған мақсатқа байланысты төменгі міндеттер қарастырылады:
а) шағын фирманың мәні мен қажеттілігін теориялық тұрғыда негіздеу;
ә) Қазақстан Республикасындағы шағын фирманың заңдылық негіздері мен даму ерекшеліктерін талдау;
б) Астана қаласындағы шағын фирма жағдайын талдау және кедергі келтіретін факторларды айқындау;
в) шағын фирматі несиелеу жағдайын қарастыру;
г) Қазақстан Республикасындағы шағын фирмаке салық салудың құқықтық аспектілерін жүзеге асыру;
д) мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен концепцияларын қарастыру.

Файлы: 1 файл

для Нурбола.docx

— 213.58 Кб (Скачать файл)
    • дебиторлық қарыздың үлкен мөлшерiнiң болуына жол бермеу қажет;

“Адал АӨК” АҚ айналым қаражаттарын тиiмдi пайдалану, ондағы қызмет көрсетудi ұйымдастыру мен басқаруға және қаржылық, коммерциялық жұмыстар деңгейiнiң жоғарылауына байланысты болады. [35]

Айналым активтерi мен оларды оңтайландыруға қатысты әзiрлемелердiң жеке түрiнiң ауытқуларына көп көңiл бөлiнедi. Тауарлық запастардың көп болуы қызмет көрсетудi ұйымдастырудың жетiлмегендiгiн, тұтынушылар сұранысын зерттеу, жарнама немесе басқа да маркетингтiк қызметiнiң нашар жүргiзiлуiне байланысты болады.

Кассада үлкен қалдықтардың болуы айналымның ырғақты емес болуынан, қалған пайданы банкке уақтылы емес өткiзу түсiндiрiледi.

Нормативтен жоғары қалдық қалуы керек емес материалдардың болуынан, сонымен қатар өндiрiске керек емес шикiзат, отын және басқа материалдық құндылықтардың артық болуын көрсетедi. Тауарлар, материалдар, шикiзат және отын запастарын оптималды көлемге дейiн төмендету олардың бiрыңғай жүзеге асырылуы немесе бартерлiк келiсiмдер негiзiнде мүмкiн болады.

Банк ақша-қаражаттардың минималды сомасы болуы керек, ал қалған бос қаржылар несиелердi өтеуге, құнды қағаздарға заңды және жеке тұлғаларға несие берiге бағытталғаны дұрыс болады.

Шарттарында ресурстардың жергiлiктi немесе басқа түрлерiн максималды пайдалануға әсер етедi. Бұл фирмаға қажет металл желiлер өндiрушiлерiмен тiкелей байланысуға мүмкiндiк бередi.

Материалдық ресурстарды үнемдеуге бағытталған негiзгi ұйымдастырушылық-экономикалық бағыттарға мыналар жатады: өнiм мен қызметтердiң материал сыйымдылығын жоспарлау мен нормалаудың ғылыми деңгейiнiнiң ұлғаюы, техникалық негiзделген шығындар нормасы мен нормативтерi; прогрессивтi пропорцияны қамтамасыз етумен байланысты шаралар кешенi.

Өндiрiстiк үрдiстегi шығындардың төмендеу нәтижесiнде материалдық ресурстардың 15-20% үнемделуi байқалады. Ол үшiн өнiм мен материалдарды тасымалдау және сақтау шарттары, ережелерiнiң орындалуын қамтитын еңбек ұжымына көңiл бөлiнуi керек.

Барлық  фирмалар сияқты, “ Адал АӨК ” АҚ ресурстарды үнемдеу бағыты нәтижелi өнiмдi минималды шығындармен сыртқа шығаруға бағытталады. Ол өндiрiстiң техникалық қамтылуына жұмыскерлердiң бiлiктiлiк деңгейiн, материалдық-техникалық қамсыздандырудың тиiмдi ұйымдасуына байланысты болады.

Негiзгi қаражаттарының тиiмдiлiгiнiң артуы жаңа қуаттарды игеру, машиналар мен құрылғылардың жұмыс кезектiгiнiң өсуi және материалдық-техникалық базаны жетiлдiру есебiнен болады.

Қоғамдық өндiрiстегi тиiмдiлiктi арттыру шаралар жүйесiндегi адамдардың барлық жұмыс iстеу саласында айналым қаражаттарының тиiмдi қолдануының мәнi зор.

Айналым қаражаттарын тиiмдi, үнемдi қолдану компанияның қаржы жағдайын тұрақтандыруға, жұмыскерлердiң материалдық қызығушылығын оятуға мүмкiндiк бередi. [36]

Кәсіпорынның жұмыс тиімділігін жоғарылатуға және қаржылық жағдайын тұрақтандыруға бағытталған шаралар жүйесінде айналым қаражаттарын рационалды қолдану мәселелері маңызды орын алады. Айналым қаражаттарын қолдануды жақсарту мәселесі нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында өзекті мәселеге айналды. Кәсіпорын өзінің өндірістік-қаржылық қызметінің нәтижелеріне толық жауапкершілікті талап етеді. Кәсіпорындардың қаржылық жағдайы айналым қаражаттарының жағдайына тікелей тәуелділікте болғандықтан және шығындарды шаруашылық қызмет нәтижелерімен салыстыруды және шығындарды меншікті қаражат есебінен жабуды көздегендіктен, кәсіпорындар айналым қаражаттарын рационалды ұйымдастыруға қызығушылық танытады, яғни олардың қозғалысын ең жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізу үшін минималды мүмкін сомамен үйымдастыру.

Айналым қаражаттарын басқарудың тиімділігі экономикалық көрсеткіштердің жүйесімен сипатталады, ең алдымен айналым қаражаттарының айналымдылығымен.

Айналым қаражаттарының айналымдылығы деп ақшалай нысандағы айналым қаражаттарының өндірістік қорларға айналған және дайын өнімнің шығуы мен оны өткізу кезінен бастап бір толық айналымның ұзақтығы аталады. Қаражаттардың айналымы түсімнің кәсіпорын шотына қосылуымен аяқталады. Айналым қаражаттарының айналымдылығы -  оларды тиімді басқарудың маңызды көрсеткіші. Айналым қаражаттарын тиімді басқаруды бағалау критериясы болып уақыт факторы табылады: неғұрлым айналым қаражаттары бір ғана нысанда (ақшалай немесе тауарлы) ұзақ болған сайын, соғұрлым басқа шарттардың теңдігі жағдайында оларды басқару тиімділігі төмен болады және керісінше. Айналым қаражаттарының айналымдылығы оларды қолдану интенсивтілігін сипаттайды.

Динамикадағы жылдар бойынша айналымдылық коэффициенттерінің салыстыру айналым қаражаттарын басқарудың тиімділігі өзгерісінің тенденцияларын анықтауға мүмкіндік береді. Егер айналым қаражаттарымен жасалатын айналымдар саны үлғайсы немесе түрақты болып қалса, онда кәсіпорын өзінің айналым қаражаттарын рационалды қолданады. Қарастырылып отырған кезеңде жасалатын айналымдар санының төмендеуі кәсіпорынның даму темптерінің төмендегенін және қаржылық жағдайының нашарлағанын білдіреді.

Айналым қаражаттарының айналымдылығының жеделдеуі олардың айналымнан абсолютті немесе салыстырмалы босауына жағдай жасайды. Абсолютті босап шығу дегеніміз - өнімді өткізу көлемінің ұлғаюы кезінде ағымдағы жылда айналым қаражаттары сомасының өткен жылдағымен салыстырғанда төмендеуі. Ал сату көлемінің өсу темптері айналым қаражаттарының өсу темптерінен озса, салыстырмалы босап шығу орын алады. Бұл жағдайда айналым қаражаттарының аз мөлшерімен өткізудің үлкен көлемі қамтамасыз етіледі. Жоғары инфляция кезіндегі жалпы төлемқабылетті айналымның өсуіне байланысты айналым қаражаттарының абсолютті босап шығуы мүмкін емес, сондықтан талдау мен ресурстардың салыстырмалы босап шығуы үшін жағдайлар жасауға ерекше назар аударылады.

Кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқарудың тиімділігі оның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне үлкен әсер етеді.

Бір жағынан, қолда бар айналым ресурстарын рационалды қолдану қажет, яғни өндірістік қорларды оңтайландыру, аяқталмаған өндірісті қысқарту, есептесулер нысандарын жетілдіру. Басқа жағынан қарасақ, қазіргі кезде кәсіпорындардың шығындарды өзіндік құнға кіргізудің және салық салу мақсаттары үшін өнімді өткізуден түскен түсімді анықтаудың әртүрлі нұсқаларын таңдауға мүмкіндігі бар.

Айналым қаражаттарын басқарудың тиімділігі критериясы ретінде уақыт факторы қабылданған. Айналым қаражаттары бір нысанда ұзақ болған сайын, оларды басқару тиімділігі төмен болады. Айналым қаражаттарының айналымдылығы оларды қолдану интенсивтілігін сипаттайды.

Айналым сферасы салалары, соның ішінде сауда, тұрмыстық қызмет, деддалдық қызмет, банктік бизнес және басқалары үшін айналымдылық көрсеткішінің маңызды зор.

Өндірістік кәсіпорындардың айналым қаражаттарын басқарудың тиімділігін 3 негізгі көрсеткіштер сипатайды:

- айналымдылық  коэффициенті;

- айналым  қаражаттарын жұмылдыру коэффициенті;

- бір  айналымның ұзақтығы.

Айналымдылық коэффициенті белгілі бір кезең аралығында кәсіпорынның айналым қаражаттары жасайтын айналымдардың санын сипаттайды немесе 1тг. Айналым қаражаттарына келетін өткізілген өнімнің көлемін көрсетеді.

Айналым қаражаттарының айналымдығын жеделдету эффектісі оларды дұрыс қолданумен байланысты қаражаттарға деген қажеттіліктің төмендеуімен сипатталады. Айналым қаражаттарының абсолютті және салыстырмалы босап шығуын ажыратады.

Абсолютті босап шығу айналым қаражаттарына қажеттіліктің тікелей азаюын көрсетеді.

Салыстырмалы босап шығу айналым қаражаттарының көлемі өзгерісін және өткізілген өнім көлемі өзгерісін көрсетеді. Оны анықтау үшін есепті кезеңдегі айналым қаражаттарына қажеттілікті есептеу керек. Бұл осы кезең ішінде өнім өткізу бойынша нақты айналым мен өткен кезең бойынша айналымдылық арқылы жүзеге асырылады. Олардың айырмасы қаражаттардың босап шығу соммасын береді.

Айналым қаражаттарының босап шығуы бірнеше оң нәтижесі береді:

-Өнім  өндірісі айналым қаражаттарының  аз шығындалуымен жүзеге асырылады;

-Материалдық  ресурстар босап шығады;

-Пайдадан  ұсталатын қаражаттардың бюджетке  түсімі тездетіледі;

-Кәсіпорынның  қаржылық жағдайы жақсартылады, себебі қаражаттардың айналымдылығының  жоспардан тыс жеделдетілуі нәтижесінде  босап шығатын қаржылық ресурстар  кәсіпорынның иелігінде жылдың  соңына дейін қалып, нәтижелі  қолданылуы мүмкін.

Өкінішке орай, қазіргі кезде кәсіпорындардың иелігіндегі меншікті қаржылық ресурстар тек кеңейтілген өндіріс үрдісін ғана емес, сонымен қатар жай өндіріс үрдісін қамтамасыз ете алмайды. [25]

Өндірістік циклдің ұзақтығын қысқарту – айналым қаражаттарының айналымдылығын жеделдетудің бір жолы. Оның  негізгі  бағыттары мыналар болып табылады:  

  • өндірістік процестің тетіктенуін  және автоматтануын арттыру;

  • көмекші операцияларды орындау уақытын қысқарту;

  • ішкі ауысым және аралық ауысым үзілістерінің уақытын азайту;

табиғи процестердің жалғасуын қысқарту.   

Бұл ретте аяқталмаған өндірістегі айналым құралдарын нормалау әрбір бөлімшеге жекелей бұйымның топтары немесе түрлері бойынша өндіріледі. Егер шығарылатын өнімнің түр-түрлігі барынша кең болса, онда норматив өндірістің барлық көлемінің 70-80%  құрайтын негізгі  өнім бойынша есептеледі. Аяқталмаған өндірістегі айналым құралдарының нормасы өндірістік циклдің ұзақтығына және өндірістегі шығындар өсімінің коэффициентіне қатысты болады және шығындар өсімінің  күндеріндегі және коэффициенттеріндегі  өндірістік цикл ұзақтығының  шығармасы терінде  айқындалады.  

Өндірістік цикл ұзақтығының  айырмасы  сонымен қатар өзіндік ерекшеліктерге ие. Осылайша, кәсіпорын бойынша өндірістік цикл орташа ұзақтығын есептеу кезінде  барлық өнім өндірістік бағдарламаларды қалыптастыруға негіз ретінде қабылданған  номенклатуралық  ұстанымдар бойынша  барлық өнім біріктіріледі: өнімдердің маңызды профилирленген түрлерін, жаңа өнім, халықтық тұтыну тауарларын, өзге өнімдерді, жұмыстарды және тысқары қызметтерді өндіру.   

Әрбір ұстаным шеңберінде топтар саны шектелмейді. Бір топқа біріктірілген бұйым шамамен бірдей өзіндік құнға, өндірістік цикл ұзақтығына, шығару көлеміне  ие болуы тиіс.  

Әрбір топта  тобы бойынша  орташа жоғарыда айтылған сипаттарға ие өкіл-бұйым таңдалынады. Басқа тең шарттарда артықшылық неғұрлым  үлкен көлемі бар өндіріске беріледі. Әрбір өкіл-бұйым  бойынша өндірістің ұзақтығы, ал олардың негізінде – бөлімше бойынша немесе жалпы кәсіпорын бойынша  өндірістік циклдің орташа өлшенген шамасы айқындалады.   

Шығындар өсімінің коэффициенті өндірістік цикл ішінде өндірістегі  материалдық ресурстарды  салудың бірізділігі мен теңдігін сипаттайды.

Өндірістегі шығындар тең немесе тең емес өсіп келетініне қатысты  шығындар өсімінің коэффиценті айырмасына  әртүрлі формулалар қолданылады.  

3.2 Шағын  фирмада айналым қаражаттарын басқаруды жетілдіру жолдары мен резервтері.

 

Айналым қаражаттарының айналымдылығын жеделдету қәсіпорынның қазіргі жағдайындағы бірінші кезектегі мәселесі болып табылады және оған әртүрлі жолдармен қол жеткізіледі.

Өндіріс қорларын қалыптастыру сатысында олар мыналар болып табылады:

  - Экономиқалық  дәлелденген қор нормасы енгізу;

-Шикізат, жартылай дайын өнімдер және  тағы да басқа жабдықтаушыларын  тұтыншыларға жақындату;

- Тікелей  ұзақ қатынастары кеңінен қолдану;

- Материалды - техникалық қамтамасыз етудің  қоймалық жүйесін және материалдар  мен бұйымдармен көтерме сауданы  кеңейту;

- Қоймалардағы  тиеу- түсіру жұмыстарын кешенді  механизациясы.

Аяқталмаған өндіріс сатысында:

- Ғылыми-техникалық  прогрессті жеделтету (прогрессивті  техника мен технологияны енгізу);

- Стандартизация, унификация, типизацияны дамыту;

- Өндірісті  ұйымдастыру нысандарын жетілдіру, арзан конструкциялық материалды  қолдану;

- Шикізаттық  және отын - энергетикалық ресурстарды  үнемді қолданудың экономикалық  ынталандыру жүйесін жетілдіру;

  • Жоғары сұраныстағы өнімнің үлес салмағын жоғарылату.

Айналыс сатысында:

- Өнімді  тұтынушыларды оны дайындаушыларға  жақындату;

- Есептесулер  жұйесін жетілдіру;

- Өткізілген  өнім тікелей қатынастар бойынша  тапсырыстар орындау, өнімді алдын  – ала шығару, ұнемделген материалдардан  өнімді дайындау есебінен ұлғайтау;

- Жіберілетін  өнімді партиялар, ассортимент, транзиттік  норма бойынша өз уақытылы  және мұлтіксіз тандау, келісіммен  қатаң сәйкестікте тиеп жіберу.

Егер айналым қаражаттарын басқаруды жақсарту жөнінде әңгіме қозғайтын болсақ, онда айналыс қорларын үнемдеудің экономикалық маңызы туралы айтпай кету мүмкін емес. Ол келесіден көріеді:

- Шикізаттың, материалдың, отынның үлес шағырандарын  төмендету өндірісті үлкен экономикалық  пайдалармен қаштамасыз етеді. Бұл  ең алдымен берілген мөлшердеге  ресурстандан дайын өнімді көбірек  өндруге мүмкіндік береді.Сол  себептен өндіріс масштабтарын  ұлғайтатын маңызды алғышарттардың  бірі болып табылады.

- Материалдық  ресурстарды үнемдеуге тырысу  жаңа техниканы енгізуге және  технологиялық үрдістерді жетілдіруге  итермелейді.

- Материалдық  ресурстарды тұтынудағы үнемділік  өндірістік қуаттылықты қолдануды  жақсартуға және қоғамдық еңбек  өнімділігін жоғарылатуға ат  салысады.

- Материалдық  ресурстарды үнемдеу өндірістік  өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне  ат салысады.

Информация о работе «Адал агроөнеркәсіптік» АҚ мысалындағы айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымын талдау