Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 08:59, курсовая работа
Шаруашылық құрылымдардың дамуында кәсіпорындар, ұйымдар мен халықты несиелеуді ұйымдастыруда несие жүйесі маңызды рөл атқарады. Ақша-несие механизімінің үздіксіз және нәтижелі жұмыс істеуіне шаруашылық ұйымдар ғана емес, түгел елдің экономикалық дамуы да тәуелді. Сонымен қатар, несиелеу жүйесінің эволюциясы мемлекеттегі экономикалық жағдаймен, басқарушы формалары мен механизімімен анықталады. Әрбір халық шаруашылығының тарихи-экономикалық даму сатысына жекелеген экономика салаларының қаржы-несие қызмет көрсету қажеттіліктерін қанағаттандыратын өзінің несиелік ұйымдастыру, несиелеу жүйесінің құрылымы тән.
КІРІСПЕ 4
1 НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ 6
1.1 Несие жүйесінің ұғымы және құрылымы 6
1.2 Банктік несие және оның экономикадағы рөлі 10
2 Қазақстан Республикасындағы банктік
ұйымдардың ипотекалық нарығын бағалау 17
2.1 Қазақстанның ипотекалық несие жүйесін ұйымдастыру 17
2.2 Еліміздегі ипотекалық несиенің бүгінгі таңдағы жағдайы, даму
мәселелері және жетілдіру жолдары 22
3 Банктік несие жүйесі дамуының қазіргі
тенденциялары 26
3.1 Қазіргі заманғы несие жүйесі 26
3.2 Қазіргі несиелеу жүйесінің ерекшеліктері 29
Қорытынды 32
Қолданылған әдебиеттер 34
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
1 НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ 6
1.1 Несие жүйесінің ұғымы және құрылымы
1.2 Банктік несие және оның экономикадағы рөлі 10
2 Қазақстан Республикасындағы банктік
ұйымдардың ипотекалық нарығын бағалау 17
2.1 Қазақстанның ипотекалық несие жүйесін
ұйымдастыру
2.2 Еліміздегі ипотекалық несиенің бүгінгі таңдағы жағдайы, даму
мәселелері және
жетілдіру жолдары
3 Банктік несие жүйесі дамуының қазіргі
тенденциялары
3.1 Қазіргі заманғы несие жүйесі 26
3.2 Қазіргі несиелеу жүйесінің ерекшеліктері 29
Қорытынды 32
Қолданылған әдебиеттер 34
Қосымша 35
Кіріспе
Шаруашылық құрылымдардың
Несиелік жүйелерді жүзеге асыру 1987 жылдан басталды. Несие жүйесінің құрылымын ұйымдастырғанда банк рөлінің жоғарылауы, олардың халық шаруашылығының дамуына оңтайлы әсері, несиенің әрекет ететін “экономикалық тұтқаға” айналуы алдын ала көзделген еді. Гүлдендірудің басты мақсаты банктерді шаруашылыққа жақындату болды. Қайта ұйымдастыру белгілі дәрежеде банктердің жұмысын жақсартты. Бірақ бұл жағдайды түбірімен өзгерте алмады, себебі ол шын мәнінде экономикалық қатынастардан тыс болды. Түп негізінде несиелік қатынастар өзгерген жоқ: жартылай автоматты түрде несиелеу жалғастырылды, несиелік ресурстарды әкімшілік әдістермен бөлу сақталды, банктік жүйенің монополистік құрылымы жойылған жоқ, тек ведомстволық принципке сәйкес маманданған банктердің әсер етуші салаларының бөлінуі байқалды.
Банктік реформаның
екінші сатысында тек банк
құрылымы қайта ұйымдастырылып
қана қоймай, несие қатынастар
механизмі мен несиелеу
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуіне байланысты қаржылардың бір саладан екінші салаға ауысуын, яғни қаржы қажет етіп отырған салаға қаржысы артық салалардан қаржыны бір-біріне ауыстыру механизмі несиеге негiзделген. Басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшiлiгi шартқа қол қойып, өздерiне несие алу ретінде экономикалық қызметтерін іске асырады. Кәсiпкерлердiң өзара жасаған дәл осы мiндеттемелерi экономикалық механизмнiң тұрақтылығы болып табылады. Ал осы несиелік қатынастар және несиенің формалары ұлттық несие жүйесін қалыптастырады.
Нарықтық экономика – күрделi, әрi жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ол бiр жағынан тауар және көрсетiлген қызмет нарығын қамтыса, екiншi жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегiнде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлiк нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтардың өзара байланысы ұлттық экономикалық механизмдi құрайды.
Нарықтық экономикада несие-
Қазақстандағы несиелік жүйе екі буыннан тұрады: біріншісі – банктік жүйе, ал екіншісі – парабанктік жүйе (банктік емес мекемелер).
Осылайша, курстық жұмыс тақырыбын «Қазақстанда несие жүйесінің даму проблемалары мен шешу жолдары» деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектілігі – несие нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас бөлігін білдіретіні. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жекелеген азаматтар да пайдаланады. Ал осы маңызды болып табылатын несиелік қатынастарды ұйымдастыру несиелік мекемелердің іс-әрекетіне тікелей байланысты. Яғни, бір сөзбен айтқанда несие жүйесі несиелік қатынастар мен несиелік мекемелер жиынтығын құрайды.
Осы жұмысты орындаудағы негізгі мақсатым несие жүйесінің құрылымын және ондағы несиелік қатынастарды экономикалық тұрғыдан талдап, еліміздегі несие жүйесінің дамуын, несиелік ұйымдар мен несиелік қатынастарды талдай отыра, жуйедегі проблемаларды анықтап, оларды шешу жолдарын қарастыру болып табылады.
Ал міндеттеріме тоқталатын болсақ:
Жұмыс барысында несие формаларына байланысты сызбалар, Қазақстан Республикасы несие жүйесінің схемасы, экономикамыздағы екінші деңгейлі банктердің несиелеуіндегі статистикалық мәліметтер бойынша графиктер, сонымен қатар несие жүйесі бойынша жан-жақты мағлұматтар қарастырылды.
1 Несие жүйесі
1.1 Несие жүйесінің ұғымы және құрылымы
Нарықтық экономикада несие-бан
Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезекте саналатын несие жүйесі оған тұрақты және елеулі ықпал етеді. Ол бірнеше дүркін ақшалай қорлардың ауқымын кеңейтіп, өндіріс тиімділігінің өсуін қолдай отырып, ақшалай қаражаттардың бір саладан екіншісіне қайта құйылуын қамтамасыз етеді.
Несие жүйесінің рөлі мен маңызы келесідей бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік жұмсалымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б.
Мысал ретінде қарастырсақ, АҚШ несиелік қатынастардың даму дәрежесі бойынша, шаруашылықтың өндірістік және өндірістік емес саласын банк саласының қамтуы, несиелік мекемелердің көп түрлілігі мен көп тараптылығы жағынан, қаржы капиталы талаптарының қуаттылығы бойынша әлемнің басқа да елдерін артқа қалдырады. Американдық несие жүйесінің ауқымы туралы кейбір мәліметтер төмендегідей көрсеткіштерді беруі мүмкін. Несиелік мекемелер арқылы қолма-қолсыз ақша жолымен жүзеге асырылатын жылдық төлем айналымының басым бөлігі 80-жылдардың басында 60-65 трлн. доллар соммасында бағаланған.
Американдық шаруашылықта пайдаланылатын ақшалай капиталдың орта есеппен ¾ бөлігі несие жүйесі арқылы өтеді. Несиелік мекемелер арқылы жұмылдырылған ақшалай қаражаттардың орташа жылдық саласы 1989 жылы 700 млрд. долларды құраған екен.
Несие жуйесінің өз қызметтерін орындауы барысында несиелік қатынастар туындайды. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтап, оны қайтару және ақы төлеу шартында қайта бөлуге байланысты несиелік мекемелермен әр түрлі субьектілер арасындағы экономикалық байланыстар несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды. [1]
Бірақ, несиелік қатынастар мазмұны тек қана ақшалай капиталды жинақтап, оны заңды және жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға берумен ғана тұрмайды. Несиелеу процесінде ұлғаймалы ұдайы өндірістік айналымы үшін төлем құралдарының қосымша массасы құралады. Төлем айналымының аса ауқымды ағыны төлем төлеушілер мен мекемелер және соңғылары мен алушылар арасында экономикалық қатынастарды қалыптастырумен қатар, несиелік қатынастар мазмұнын толықтыра отырып, несие жүйесі арқылы өтеді.
Несие екі формада болады: тауарлық және ақшалай. Тауар несиесі коммерциялық несиенің бірінші негізін білдіреді. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің бір-біріне қарыз беру барысында, аталған несие формасында ақшалай формада қайтарылады. Өйткені, алушы субъект несие беруші тауар несиесін алғанын куәландыратын векселді, сондай-ақ салынған мүлік туралы құжаттарды береді. Бұл тұста несиелік қатынастар субъектілеріне шаруашылық жүргізуші субъектісі және банк жатады. Несиелік қатынастардың мазмұнындағы өзгерістер нәтижесінде тауар формасындағы несие ақшалай формаға қайта ауысады. Сөйтіп, тауар формасы негізінде несиенің ақшалай, ең бастысы банктік формасы пайда болып дамиды.
Несиелік қатынастар мен несие формаларының және несиелік мекемелердің жиынтығы кең мағынада несие жүйесі ұғымын құрайды.
Ал несие жүйесі тар мағынасында – бұл несиелік есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырушы, елдегі ақша айналысын реттейтін және бақа да қаржылай қызмет көрсететін несиелік мекемелер торабы болып табылады. [2]
Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа да мекемелердің жиынтығы – несиелік операцияларды жүзеге асыру және олардың құқықтық формаларын ұйымдастыруы арқылы сипатталады. Несиелік қатынастарды ұйымдастыруда: банктік жәңе банктік емес институттар шеңберінде екі жүйені бөліп қарастырады. Соған сәйкес несие жүйесінің екі негізгі буыны қалыптасады: банктік және мамандырылған несие-қаржы мекемелері.
Бірлескен несие жүйесінің күрделі, көп буынды құрылымы болады. Егер де несиелік мекемелердің өз клиенттеріне көрсететін қызметтерінің жіктелуін негізге алатын болсақ, онда қазіргі несие жүйесінің үш маңызды элементін бөліп қарастыруға болады:
Банктердің несиелері экономика
Несие құрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай-ақ қарыз капиталынан тұрады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушыда несиелік мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынастар субъектілері деп атауға болады. Несие берушіге мемлекет, банктер (орталық және коммерциялық) , банк типтес мекемелер мен қаржылық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары да жатады.
Несие жүйесінің иерархия деңгейі тұрғысынан қарастырылған құрылымын 1 қосымшадан көруге болады.
Несиелеу объектісі – бұл несиенің пайдаланылған заты, яғни несиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады.
Несиелеу объектісі материалды құндылықтар, өндіріс және айналыс шығындары түрінде, сол сияқты, егер несиенің материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда, банк шаруашылық ұйымның міндеттемесі ретінде болады. Материалды қамтамасыз етілген несиелеу объектісіне өндірістік шикізат қорларын сатып алады. Жартылай өнімдер, азық-түліктер және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және сауда ұйымдарындағы тауарлардың маусымды қорлары жатады. [3]
Ұзақ мерзімді несиелеу объектісіне жататындар мынадай түрлерге бөлінеді:
Несиелеу принциптері
Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принциптері екі топқа бөлінеді:
І топ – жалпы экономикалық тәртіптегі принциптер:
ІІ топ – несиенің мәнін бейнелейтін принциптер:
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің дамуы