Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 08:59, курсовая работа
Шаруашылық құрылымдардың дамуында кәсіпорындар, ұйымдар мен халықты несиелеуді ұйымдастыруда несие жүйесі маңызды рөл атқарады. Ақша-несие механизімінің үздіксіз және нәтижелі жұмыс істеуіне шаруашылық ұйымдар ғана емес, түгел елдің экономикалық дамуы да тәуелді. Сонымен қатар, несиелеу жүйесінің эволюциясы мемлекеттегі экономикалық жағдаймен, басқарушы формалары мен механизімімен анықталады. Әрбір халық шаруашылығының тарихи-экономикалық даму сатысына жекелеген экономика салаларының қаржы-несие қызмет көрсету қажеттіліктерін қанағаттандыратын өзінің несиелік ұйымдастыру, несиелеу жүйесінің құрылымы тән.
КІРІСПЕ 4
1 НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ 6
1.1 Несие жүйесінің ұғымы және құрылымы 6
1.2 Банктік несие және оның экономикадағы рөлі 10
2 Қазақстан Республикасындағы банктік
ұйымдардың ипотекалық нарығын бағалау 17
2.1 Қазақстанның ипотекалық несие жүйесін ұйымдастыру 17
2.2 Еліміздегі ипотекалық несиенің бүгінгі таңдағы жағдайы, даму
мәселелері және жетілдіру жолдары 22
3 Банктік несие жүйесі дамуының қазіргі
тенденциялары 26
3.1 Қазіргі заманғы несие жүйесі 26
3.2 Қазіргі несиелеу жүйесінің ерекшеліктері 29
Қорытынды 32
Қолданылған әдебиеттер 34
Қазіргі несиелеу жүйесінің басты ерекшелігі банктердің меншікті және тартылған ресурстарына ғана байланысты ғана емес, сол сияқты клиенттерді несиелеуді жүзеге асыратын коммерциялық банктер үшін орталық банк бекітетін нормаларға және пруденциялық нормативтерге байланысты келеді. Мысалға, ҚР Ұлттық банкі орталық резервтерге міндетті төлемдерді аудару нормасын белгілейді. Сол сияқты басқа да нормативтер, оның ішінде коммерциялық банкте құрылатын ең төменгі ақшалай резервтер түрінде, ең ірі несиелер көлеміне байланысты шектеу, банк балансының өтімділігінің параметрлері сияқты банктің міндеттемелерін өтімді қаражаттар резервімен салыстыра өлшеу арқылы белгіленетін формалардағы нормативтері де бар.
Қалыптасып отырған қазіргі несиелеу жүйесінің келесі маңызды ерекшелігі, бұл несиелеудің объектіден субъектіні несиелеуге өтуі болып табылады. Тауарлы-материалдық құндылықтар қоры және өндірістік шығындардың болуы несиені апуға құқық берді де, ссуданың қайтарылу барысына терең талдау жасалмады, клиент үшін жоспардың орындалуы ссуданың қайтарылуына автоматты түрде кепіл болды.
Жаңа несиелеу жүйесі дәстүрлі және өзіндік ерекше принциптерге негізделеді, оның ішінде мерзімділік және қамтамасыз ету қағидалары, сол сияқты несиенің ақылық сипаты да ескеріледі. Сонымен қатар, олардың бірқатарының мазмұны өзгерген. Бұдан бірнеше жылдар бұрын жақсы және жаман жұмыс істейтін кәсіпорындар категориялары өмір сүріп, несиелеуде дифферинцирленген режим қолданылған. Кәсіпорынды бағалау негізіне олардың жоспарлы көрсеткіштерін орындау дәрежелері жатқызылды. Бүгініг таңдағы қалыптасқан жүйе несиенің уақтында қайтармау тәуекелін төмендетіп, клиенттің несиелік қабілетін ескереді. Сондай-ақ коммерциялық банк, қарыз алушыны төлем қабілетінсіз деп жариялай отырып, оны қайта ұйымдастыру және тарату туралы сұрақты қоюға құқылы.
Несиенің қамтамасыз етілу принциптеріне де байланысты өзгерістер болды. Тәжірибе көрсеткендей, ссудалардың тауарлы-материалық құндылықтар қалдығымен қамтамасыз етілуі, олардың уақытылы қайтарылуына кепіл болмады. Сондықтан да қамтамасыз етілмеген ссудаларды бұрынғы тәжірибеде қалыптасуына байланысты түсіну банк тарапынан жіберілмеуге тиіс. Қайтару тұрғысынан алғанда, толық кепілдігі жоқ ссудалар ғана біршама сенімді несиелер болып табылады. [24]
Қазіргі несиелеу жүйесінің келесі бір ерекшелігіне банк несиелерін жоғары дәрежеде кепілдендіру формаларына өту жатады. Несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда әлемдік тәжірибедегідей бршама сенімді формаларға кепіл құқы (оның ішінде ипотека, заклад, бағалы қағаздар кепілдігі), кепілдеме және кепіл-хат, жалпы алғанда сақтандыру жүйелері жатады. Осындай формаларды қамтитын несиелік механизм банкке өзінің тәуелсіздігін нығайту, сонымен қатар несиелік тәуекелді төмендету мүмкіндігін береді.
Жалпы кәсіпорынды несиелеудің өзгерген жүйесі біршама дәрежеде нарықтық қатынастарға сай келетін үлгі ретінде оларды бағалауға мүмкіндік жасайды. [25]
Қорытынды
Көп жағдайда қазіргі заманғы жағдайда банктер несиелік ресурстарды пайдалану әдісіне бағытталады. Бұл әдіс экономикалық факторларға сүйенді және, біріншіден, коммерциялық тұрғыдан банктердің, екіншіден, клиенттердің және тұтас халық шаруашылығының пайдасынан құралады.
Болашақта банктердің коммерциялық несиелеу жүйесін ұйымдастырудың ерекшеліктері болып:
Ссуда беру кезінде техникалық емес, экономикалық критерийлерге бағыттау, ал нәтижесінде – мемлекеттің барлық банктік мекемелеріне ортақ критериі болатын, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы қажеттіліктеріне бағыттау.
Іс-жүзінде бұл кәсіпорынның қоғамның сапасы халықаралық стандарттарға жауап беретін өнім өндіріп, өткізуіне кететін шығындарға несиелеу жүргізіп жатқанын білдіреді. өнімді өткізу кезіндегі қиыншылықтар тауардың сапасының төмен болуынан емес, тұтынушыда қаржы-қаражаттың уақытша тапшылығынан болуы маңызды.
Егер ұзақ мерзімді несиелеу туралы айтатын болсақ, онда үлкен дәрежеде қоғамдық прогреске жауап беретін қоғамның және жеке мүшелерінің қажеттілігін қанағаттандыру жағынан алып қарағанда, жақын болашақта өзінің зор үлесін тигізе алатын инвестициялық әрекеттері несиелеуді алады.
Мұндай әсерлі бағыттың қолданыс мысалы болып (біріншіден қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру) Жапония мен ФРГ-ның соғыстан кейінгі тәжірибесі болып табылады. Ол кезде банктер мен өнеркәсіп компаниялары басты мақсаты етіп коммерциялық сипаттамасын емес, қоғамдық қажеттіліктерді қояды, бірақта қоғамдық қажеттіліктермен бірге өзінің пайдасын да ұмытпады. өнім түрінің қажеттілігінде индикатор қызметін халық сұранысы ғана емес, кәсіпорындар мен ұйымдардың сұранысы атқарады. Сұраныс көлемі өнімнің белгілі түріне берілген тапсырыс және заңды тұлғалардың қызмет көрсетуінен, жасалған шаруашылық келісімдермен анықталады.
Нарық жағдайында сұраныс көлемін өлшеудің бір түрі – баға динамикасы болып табылады: бағаның өсуі – сұраныстың өсуін, ал кемуі, керісінше, – төмендеуін білдіреді. Сондай-ақ қоғам қажеттіліктерінің индикаторы болып қоғамның тауарға және қызмет көрсетуге қажеттілігінің өзгеруіне жауап беретін және белгілі дәрежеде компанияның пайдасын көрсететін белгілі бір компанияның акция курсы болып табылады.
Тек қана сұраныс пен соңғы тұтынушының қажетті игіліктерін сұранысқа ие өнімді өндірумен байланысты шаруашылық несиелеуге бағытталған несиелеу бөлек несие емес, қоғам игіліктеріне сәйкес келеді. Сол кезде ғана шаруашылық пен коммерциялық банктік жұмыс жағдайында өзінше тәуелсіз шаруашылық есептегі кәсіпорын ретіндегі банктердің мақсаттары бір-біріне сәйкес келеді. Бұл несиенің қайтарылымына кепіл болып, клиенттің болашақ төлеу қабілетін және банк пайдасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Ауданаралық бәсеке мен қайта реттеу нәтижесінде қаржылық қызмет көрсету мен тауарлар бүкіл мемлекетте біртипті болады. Осының салдарынан, банк және басқа да несиелік мекемелер мен банктер арасында бәсекелік үлкен дәрежеде өсті. Бәсекелестіктің күшеюі банктердің пайдасының қысқаруына әкеліп соқтырады. Дәстүрлі нарықта орнын бекітіп, жаңа нарықтарды жаулап алу үшін банктер өзінің несиелік саясатын ырықтандырып отыруға мәжбүр болады, бірақ бұл банктердің өзіне алатын тәуекелді көбейтеді. Біріккен несиелік тәуекелдің өсуі банк пайдасына кері әсер ету болып табылады. Сенімсіздікті жою мен тәуекелді азайту үшін банктер ұзақ, орта және қысқа мерзімді маркетингті стратегияларды жүзеге асырады, негізгі назарын банктік шығындар мен қосымша шығындарды қадағалауға, төлем ақының қысқарып, банктік мәмілелерді автоматизациялау үшін жаңа технологияларды енгізуді тездетеді.
Елде мемлекеттік емес мекемелердің пайда болуынан – пайдық серіктестік пен акционерлік қоғам ретінде ұйымдастырылған, коммерциялық принципте жұмыс істейтін, коммерциялық банктер несиелік іс ұйымдастырудың басқа моделінің негізі қаланды. Бұл модельдің ерекшелігі – несиелік істі банктармен тартылған депозит ресурстары негізінде ұйымдастыру. Соның негізінде тым көп несиелеу мүмкіндігі шектеулі болып тұр. Сондықтан коммерциялық негізде несиелік істі ұйымдастыру несиелеудің әдістері мен критерийлерін және дәстүрлі емес жолдарын іздеуге түрткі болды.
Қолданылған әдебиеттер:
[1] “Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банк туралы” ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы (соңғы өзгерістер мен толықтырулары есепке алғандағы). 30.03.95.
[2] “Қазақстан Республикаындағы банктер банктік қызмет туралы” ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы (соңғы өзгерістер мен толықтырулары есепке алғандағы). 31.08.95.
[3] Қазақстан Республикасының экономикасын қысқа мерзімді несиелеу ережесі. 11.02.94. ҚР Ұлттық Банк басқармасы бекіткен (хаттама№4).
[4] Ақша. Несие. Банктер: оқулық. Жалпы редакциясын басқарған Ғ.С. Сейтқасымов. Алматы – Экономика, 2001
[5] Досқалиев С.Ә. “Қазақстанның халықаралық қатынастары” Алматы, 1997ж
[6] Ақше. Несие. Банктер.Валюта қатынастары. Оқу құралы/ Көшенов Б.А. Алматы,- экономика, 2000
[7] Шаров “ Производство потребительских кредитов” //Деньги и кредит, 1990, №10.
[8] “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы” ҚР-сы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы, 1995 ж. 31 тамыздағы №2444;
[9] www.bta ipoteka.kz
[10] www.kkb.kz
[11] В.А. Кудряцев., Е.В. кудряцева «Основы организации ипотечного кредитования» Москва, 1998г.
[12] Тұрлыбекова А.Ж. «Ипотекалық несиелеу жүйесінің институционалды негіздерінің қалыптасуы» // ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, №2, 2005ж.
[13] А. Джалилов «Ипотечные кредиты станут доступнее» // Панорама №9, 05,03,2004г.
[14] Е.Ертай «Ипотека: бір өкініш, бір үміт … // Дала мен қала, 05,03,2005ж.
[15] Ипотечные облигации как катализатор системы ипотечного кредитования // Деловая неделя №50, 26,12,2003.
[16] Сагиндыкова М.О. «Повышение доступности жилья, реализуемого по государственной программе» // Банки Казахстан, №10. 2005г.
[17] Мақыш “ Коммерциялық Банктер операцияоары” С.Б. Мақыш – Алматы, Қазақ Университеті. 2007ж.
[18] 1995 жылғы 23 желтоқсанда шыққан «Қозғалмайтын мүлік ипотекасы туралы» ҚР-сы Президентінің Заң күші бар Жарлығы.
[19] Банки Казахстана, №8, 2004г.
[20] Финансы и кредит 2004 №4
[21] Программа дальнейшего реформирования банковской системы РК. В 1996-1998 годах.
[22] Банова Г.С. Кредитная политика коммерческого банка. В М-97
[23] Банковское дело /Под ред. Г.С. Сейткасымова – Алматы: “Қаржы-қаражат”, 1998
[24] М.Блауг “Экономическая мысль в ретроспективе” стр.183-184. Валютно-банковская политика. Джон Стюарт Миль
[25] Информационно – аналитический сборник. Казахстан 91-2001. Султанбеков
1 қосымша
Несие жүйесінің құрылымы
Н Е С И Е Ж Ү Й Е С І |
Иерархия деңгейі |
Мекеме аты |
Бөлімшелер аттары |
Мекеменің қызметі | |
Банк жүйесі |
I |
Ұлттық банк |
Орталық аппарат Ұлттық банктің облыстық басқармалары |
1.ақша айналысын және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуы. 2.Үкіметке несие-есеп айырысу қызметін көрсету. 3.Алтын-валюта резервін басқару. 4.Ақша-несиелік реттеу | |
II |
1.ЕДБ
2.Маманданған банктер |
Орталық аппарт. Филиалдары. Өкілдік. Еншілес банкі. Бөлімшелері |
Клиенттерге несие-есеп айырысу қызметін кешенді түрде көрсету.
Банк көрсететін қызметтің жекелеген түріне ғана маманданған | ||
Пара- банк жүйесі |
III |
Маман-данды-рылған арнайы несие-қаржы мекеме-лері |
Орталық аппараты. Филиалдары. Өкілдік. |
Маманданған несие-есеп айырысу және қаржылық қызмет көрсету. | |
IV |
Пошта-жинақ мекеме-лері |
Орталық аппарат (ААҚ Қазпошта). Бөлімшелері |
Халыққа несие-есеп айырысу қызметін көрсету, ұсақ салымдарды тарту |
.
3 қосымша
Қазіргі несиелік механизмнің құрылымы
Несиелік механизм |
Несиенің түрлері |
Несиелеусубъектілері |
Несиелеу объектілері |
Несиелеу принциптері |
Несиелік тәуекелді басқару |
Банктік |
Несиеберуші (банк) |
Негізгі құралдар |
мақсаттылығы |
Тұтыну |
Қарыз алушы |
Айналым қорлары |
Овердрафт |
Вексельдік |
Ломбардтық |
Ипотекалық |
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің дамуы