Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 08:59, курсовая работа

Описание работы

Шаруашылық құрылымдардың дамуында кәсіпорындар, ұйымдар мен халықты несиелеуді ұйымдастыруда несие жүйесі маңызды рөл атқарады. Ақша-несие механизімінің үздіксіз және нәтижелі жұмыс істеуіне шаруашылық ұйымдар ғана емес, түгел елдің экономикалық дамуы да тәуелді. Сонымен қатар, несиелеу жүйесінің эволюциясы мемлекеттегі экономикалық жағдаймен, басқарушы формалары мен механизімімен анықталады. Әрбір халық шаруашылығының тарихи-экономикалық даму сатысына жекелеген экономика салаларының қаржы-несие қызмет көрсету қажеттіліктерін қанағаттандыратын өзінің несиелік ұйымдастыру, несиелеу жүйесінің құрылымы тән.

Содержание работы

КІРІСПЕ 4

1 НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ 6
1.1 Несие жүйесінің ұғымы және құрылымы 6
1.2 Банктік несие және оның экономикадағы рөлі 10

2 Қазақстан Республикасындағы банктік
ұйымдардың ипотекалық нарығын бағалау 17
2.1 Қазақстанның ипотекалық несие жүйесін ұйымдастыру 17
2.2 Еліміздегі ипотекалық несиенің бүгінгі таңдағы жағдайы, даму
мәселелері және жетілдіру жолдары 22

3 Банктік несие жүйесі дамуының қазіргі
тенденциялары 26
3.1 Қазіргі заманғы несие жүйесі 26
3.2 Қазіргі несиелеу жүйесінің ерекшеліктері 29

Қорытынды 32

Қолданылған әдебиеттер 34

Файлы: 1 файл

НЕСИЕ ЖУЙЕСИ.doc

— 350.50 Кб (Скачать файл)

 

Жоғарыда аталған түрлерімен қатар «ТЕМІРБАНК» АҚ жаңа ипотекалық несиелеу түрін ойлап тапты. Ол жалақылық карточка арқылы берілетін “Optimum”-атты несиелеу түрі. Optimum-ның негізгі шарттары мынадай:

- несие тұрғын-үйді екінші нарықта алуға беріледі;

- төменгі пайыздық мөлшерлемесі –Libor+7%;

- минималды соммасы 10000$;

- несиелеу мерзімі 3-25 жылға дейін ;

-табысты растау – қарыз алушының карточкалық шотынан анықтама алу керек;

-несиені өтеу – қарыз алушының карточкалық шотынан акцептсіз шегеріліп отырылады.

Бұл несиелеу түрлерінің басты ерекшелігі :

- пайыздық мөлшерлеменің төмендігі;

- алғашқы жарнаның төмен деңгейі (депозит қажет етілмейді);

- ұзақ мерзімді несиелеу ;

- тұрғын-үй жағдайын жақсартудың ең маңызды несие саналады.

«Казкоммерцбанк» АҚ  еліміздегі ең ірі банктерінің бірі боп саналады. Бұл банк те өз бағдарламасы бойынша ипотекалық несие беріп отырған жайы бар. Енді осы банктің ипотекалық несиелеу талаптары мен шартарына тоқталып өтейік.

Бұл банк алғашқылардың  бірі болып бастапқы жарнаны қажет  етпейтін ипотекалық несиелеуді енгізген болатын.

                 

2 кесте. Бастапқы жарнасыз ипотекалық несие

 

 

37 айға дейін

37 айдан

7 жылға дейін

7-15 жыл

15-20 жыл

Бастапқы жарнаның мөлшері

 

10%

 

10%

 

15%

 

15%

 

KZT

$

$

$

$

Жылдық пайыздық мөлшерлеме (% бойынша) бастапқы жарнаны қоса алғанда

 

 

 

15

 

 

 

15

 

 

 

14,5

 

 

 

14

 

 

 

13,5




 

Сыйақы мөлшерлемесі несиелеу мерзімімен бастапқы жарна  көлеміне байланысты. Несие бойынша негізгі қарызбен пайыздар ай сайын төленіп отырады. Несиені қымбаттауға мүмкін болатын жағдайда жылына                              8,5 % АҚШ $, 8,2 % теңгеде жоғарлайды. Пайыздың базалық ставкасына егер бастапқы жарнасыз несие берілсе жоғарылаған коэффицент мына мөлшерде қосылады:

- егер несиелеу мерзімі 37 айдан 7 жылға дейін болса -0,75%;

- егер несиелеу мерзімі 7-20 жылға дейін болса -0,95%;

- несиені ұйымдастырғаны үшін : несиенің сомасынан 0,5% (минимум 250$) ұсталынады. [18]

3 Банктік несие жүйесі дамуының қазіргі тенденциялары

 

3.1 Қазіргі заманғы несие жүйесі

 

Бүгінгі таңдағы несие жүйесі соңғы  жылдары біршама өзгеріске ұшырады. Банк жүйесінің барлық компоненттері  жалпы әлемдік экономикадағы  құрылымдық қайта құруда жүріп жатқан өзгерістерге байланысты жаңғыртылуда. Ғылыми-техникалық революцияның дамуы себепші болған өндірістің шоғырлануы капиталдың шоғырлануымен орталықтандыруын талап етіп, соған сәйкес банктер өз операцияларын несиелік ресурстарды ірілендіру жағына қарай түрлендіре бастады, яғни қазіргі банк жүйесінің экономика дамуының өзгермелі жағдайларына бейімделу қатар жүреді; банк жүйесінің құрылымдылық қайта құрылуы көз алдымызда, белгілі бір мамандандырудың сақталуымен қатар, банк қызметінің шоғырлануы мен әмбебаптануы орын алады, банктік емес несиелік мекемелердің динамизмі байқалады. Банктердің жеке типтерінің арасында банктер мен банктік емес мекемелер арасындағы өзгешеліктердің несие бөгеулердің модел жойылуы - соңғы жылдары несие жүйесінің құрылымдық қайта құру тенденциясының маңыздысының бірі.

Соңғы жылдары банктер мен басқа  арнайы қаржы-несие мекемелері арасындағы халықтық және фирмалар мен компаниялардың жинақтары күрес ерекше шиеленіскен  сипатқа ие болады.

Бұрын коммерциялық банктер халық  жинақтарын тартудағы депозиттер бойынша  мөлшерлемелерді өсіру сияқты тиімді қаруды еркін қолдана алады. Оларға мерзімді және жинақ салымдары иелеріне төлеуге рұқсат рұқсат етілген пайыздық мөлшерлемелердің максималдық шегі белгіленген еді, ал басқа арнайы несиелік мөлшерде мұндай шектеулер болмайды. Әрине, соңғылары бәсекелестік күресте артықшылыққа ие болады. Қазір жағдай өзгерді. Банктер пайызды конюктура жағдайына байланысты белгіленетін ақша нарығының сертификаттарын шығару рұқсатына қол жеткізді. Сонымен қатар 1980 жылы АҚШ-та қабылданған депозиттік мекемелерді бейреттеу мен ақша айналымын бақылау туралы заң салымдар бойынша пайыздарды төлеуге қандай да болмасын шектеулердің күшін жойды.

Ірі банктік мекемелерге ортақ  әмбебаптану тенденциясы олардың  мамандануын сақтап қалуымен үйлесім  табады. Әмбебаптанудың өзі мекемелердің жеке түрлерін қатысты алғанда өзіндік ерекшеліктермен біркелкі емес дамуда. Мұнда әмбебап типті мекемелердің мамандануының жойылуы туралы сөз қозғалып отыр. Сонымен бірге бұл тенденция қызмет көрсету сапасының артуына ықпал жасап, бірінші кезекте нарықтық амалдардың, яғни әмбебап немесе ірі банктердің назарын аудармаған қызмет түрін табуға ұмтылатын шағын және орта банктерге әсер етеді. Маманданудың жойылу тенденциясын банктік бизнестегі бәсекелестің күшеюі қолдап отыр.

Өзгерген экономика жағдайларына сәйкес банктік қызметтің өзінің, дәстүрлі банктік операциялардың қайта құрылуы жүзеге асқанын айта кету қажет. Бұған банктік қызметті реттейтін әкімшілікке ережелер күшінің жойылуы, яғни бейреттеу ықпал жасады. Банктердің мақсаты – банктерді бәсекелестік құралдардың кең ауқымын пайдалануға, банктік қызметтер нарығын белсендірек әрекет етуге итермелеу болып табылады.

Банктік қызметті бейреттеу активтік те пассивтік те операцияларға ықпалын  тигізеді. Коммерциялық  банктердің активтік операциялары біршама өзгерістерге ұшырады. Бүгінгі таңда олар жанама несиелеуден фирмалар мен кәсіпорындарды тікелей несиелеуге толығымен көшті. Мұнда бағалы қағаздарды пайдалану арқылы рәсімделетін несиелік мәмілелер кең тараған, осының арқасында несиелік міндеттемелер нарыққа сатылуы мүмкін, ал несиелік мекемелер тәуекелерді белсендірек бөлшектеу мүмкіндігіне ие болады. Бұл тенденция банктердің өз несиелернің нарықтық бағалы қағаздарға конвертациялау талпынысында нақтылай көрініс табуда. [19]

Несиелеу объектілерін ірілендіру жүзеге асады. Коммерциялық банктер өз активтерінің сапасына мұқият қарай бастады, өйткені активтер сапасын дәл және уақытылы бағалау – банктер сенімділігінің кепілі.

Банктер басшылығы өз активтерінің сапасына, жаңа несиелерді беруге несиелеу технологиясына (құжаттар, контрактілер, қамтамасыз ету), заем алушылардың несие шарттарын сақтауына және т.б. бақылау жасап отырады.

Ұзақ мерзімді несиелеу де даму үстінде. Коммерциялық банктердің қаражаттарды тарту бойынша пассивтік операциялары да өзгеріске ұшырайды. Оларды үкімет белсенді қолдауда. Мұны 1993 жылы енгізілген салымдардың әр түрі бойынша банктік пайыз үшін максималды шектерді алып тастау бойынша 80 – жылдары АҚШ-тағы бейреттеу процесін көруге болады. Бұл банктердің депозиттік базасының нығайтылуына мүмкіндік береді, себебі олар талап етуге дейінгі салымдар бойынша да пайыздарды белгілей алатын болды, ал бұл жаңа клиенттерді тартуға жағдай жасады.

Нәтижесінде тартылған қаражаттар құрылымы күрт өзгерді: егер 1950 жылы АҚШ  коммерциялық банктері балансының пассивтік құрылымында банктік шоттардағы қалдықтар 70% -дан артық болып, мерзімді жинақ салымдары тек 24-26% құраса, 80-жылдары соңғылары 60%-дан артық үлесін құрады.

Банктердің пассивтік операцияларының  инавациясы сонымен бірге қосымша ақша қаражаттардың тартудың жаңа құрылымдарын жасауда көрініс тапты. Пайызы бойынша, нарық пайызына жуықтайтын салымдардың жаңа типтері ашылды. Мұндай шоттарға ақша нарығының депозиттік шарттары жатады. Көптеген коммерциялық банктер ақша нарығында еркін айналыста болатын депозиттік (өзінше бір бағалы қағаз) шығара бастады.

Банктік операциялардың дамуында ерекше рөлді ақпарат пен коммуникацияның  қазіргі техникалық құрамдары атқарады. Бнкісі бұрын-соңды болмаған ақпаратты  дер кезінде беру, оның тез  өңделуі мен мәліметтердің растылығына, экономикалық жағдайды талдау мен ақша нарығының даму перспективаларын дұрыс бағалауға байланысты болып отыр. Қаржылық нарықтық қатысушылары өз істерін жүргізу үшін барынша көп ақпарат қажет етуде. Сондықтан банк ісіне ғылыми-техникалық революцияның соңғы жетістіктерін енгізусіз, компьютерлік техниканы игерусіз банктік қызметті тиісінше модернизациялау мүмкін емес.

Банк жүйесі дамуындағы маңызды  құбылыс ретінде несиелік мекемелердің “көтерме” операциялардан “бөлшек” операцияларға өтуін атап көрсетуге болады, бұл олардың клиенттері шеңберінің кеңейюіне әкеледі. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін банктер сақтық танытып, тек таңдаулы, “ерекше сенімді” клиенттерге ғана қызмет көрсететін, ал қазір ірі банктер өз стратегиясын өзгертті. Олар кәсіпкерліктің барлық сферасына белсендік түрде араласумен қатар, шағын бизнесті де қамти отырып, жаппай клиентураға, соның ішінде тұрғындардың тұрмысы төмен топтарына да бағдарлануда. Бұл қазіргі ірі банктің келбетін, оның саясатын өзгертеді.

Сондықтан кейінгі кезең нарықтық қатынастарды дамыған елдер экономикасындағы өндірістің шоғырлануының жоғары деңгейімен сипатталады, бұл, өз кезегіне банктік капиталдың шоғырлануымен орталықтануына , аталған процестің жаңа формаларының пайда болуына, ел ішіндегі және әлемдік қаржы нарықтарында да күшті позицияларға ие – банк – алпауыттар тобының жедел өсуіне әкеп соқтырады. Мұндай банк – алпауыттар ең алдымен Жапония, Германия, Кананда; АҚШ пен араб әлемінде пайда болды, мұнда олардың активтері 100 млрд. АҚШ долларынан көп соманы құрайды.

Бұл тек дамыған нарықты  экономикалы елдердегі қазіргі  несие жүйесін сипаттайтын кейбір маңызды жағдайларға тоқталып өттік. Өз экономикасын нарықтық жолға қайта  құрушы Қазақстан үшін әлемдік банк жүйесі дамуының мұндай тенденциялары ерекше қызығушылық тудырады, себебі нарықтық экономикаға өту өзіндік нарықтық несие жүйесін құруды талап етеді. Республика үшін шетелдік тәжірибені толығымен көшіру орынды емес, өйткені оның экономикасы нарыққа өтудің ең бастуында тұр, ол Батыс болса, мұнда бұрыннан қызмет етуде, алайда тәжірибеден өткені кезең жағдайында қолданыс табуы мүмкін барлық позитивті жайларды қабылдауы қажет. [20]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2 Қазіргі несиелеу жүйесінің ерекшеліктері

 

Несиелеу жүйесі несиелік процесті ұйымдастыруды және несиелеу принциптеріне сай оны реттеуді анықтайтын элементтер жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Қазіргі несиелеу жүйесінің құрылымдық элементтеріне мыналарды жатады:

  • несиелік қызметті реттеуге бағытталған заңдар мен нормативтік актілер;
  • несиелік саясат;
  • несиелеу шарттары;
  • несиелік механизм;
  • несиелеу техникасы.

Қайта құру кезеңіне дейінгі  несиелеу жүйесінің элементтері  бұрынғысынша қалғанымен, шарашылықтың нарықтық жағдайына өтуіне байланысты аталған элементтердің әрқайсысының мазмұны түбірімен өзгерді. Сонымен қатар несиелеу жүйесінде ең басты буын ретінде болатын, оның барлық элементтерінің өзара байланысы мен біртұтастығын қамтамасыз етіп отыратын несиелеу принциптерінің де мазмұны өзгерді. [21]

Қазіргі несиелеу жүйесінде  шаруашылық ұйымдардың меншікті және заемдық қаражаттар арасындағы шекті қатынасты белгілеуде мемлекет тарапынан қандай да бір әмір жүргізу жоқ. Шаруашылық ұйымдардың қызметтерінің коммерциялық негізі, экономикалық тұрғыда олардың меншікті қаражаттарын заемдық қаражаттар үшін толық материалдық жауапгершілікті болуға жүктейді. Мұнда заемдық қаражаттар ретінде тек қана банктік несие емес, сол сияқты ақшалай және тауардай формасындағы шаруашылықаралық несие қарастырылады. Кәсіпорындарға кімнің қаражатын және қанша көлемде заемға алу туралы өздері анықтауға құқық берілген, ал оларды пайдалану шарты келісім-шартта айтылады.

Шаруашылық айналыстағы  меншікті қаражаттар шамасы бүгінгі  күні берілуге жататын несие шамасына, сондай-ақ несиелік қабілетін анықтау  барысындағы клиенттің кластық  дәрежесін сипаттайтын көрсеткіштерге әсер етеді. [22]

Қазіргі несиелеу жүйесі банктің ресурстарына негізделеді. Бүгінгі жағдайдың бұрынғы әрекет еткен жүйеден айырмашылығы – ол уақытта несиелік мекемелер өздеріне жоғарыдан берілген несиелік ресурстармен ғана жұмыс жасаған болатын. Шынында да төменгі банктермен жинақталатын барлық ресурстар КСРО Мемлекеттік банкі басқармасында орталықтандырылған түрде жинақталып, қайтадан сол орындарға несиелеу лимиті түрінде қайта беріліп отырған. Сондай несиелеу шегінде, сол немесе басқа аумақтың клиенттерін несиелеген. Банк бөлімшелерінің ол уақыттарда қаражат жинақтауға деген ешқандай да мүдделері болмаған және олардың активтері пассивтерінен тәуелсіз болған. Қазіргі несиелеу жүйесі басқа негізде құрылған, яғни берілетін несиелердің көлемі толығымен банктердің тартылған қаражаттарына байланысты. Бұл берілетін несиелердің ауқымының, сонымен қатар несиелік мекемеде қалыптасқан пайда мөлшерін көрсетеді.

Қазіргі несиелік механизм коммерциялық сипатқа ие. Осыған байланысты сауда мотивтері, үнемдеу мотивтері ерекше маңызды болып келеді. Мұндай жағдайда несиелеудің тек кәсіпорынның қосымша қаражатқа деген қажеттілігін қанағаттандыру ғана маңызды емес, сонымен қатар несиелік мекеменің рентабельдігін арттыру үшін де несиелеудің маңызы зор. Дәл осы тұста коммерцияның: “арзанға сатып алып, қымбатқа сату” принципі орын алады. Бұл әрине, клиенттердің несиелері мен депозиттеріне, сол сияқты банкаралық несиеге де тиісті. [23]

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің дамуы