Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 08:59, курсовая работа

Описание работы

Шаруашылық құрылымдардың дамуында кәсіпорындар, ұйымдар мен халықты несиелеуді ұйымдастыруда несие жүйесі маңызды рөл атқарады. Ақша-несие механизімінің үздіксіз және нәтижелі жұмыс істеуіне шаруашылық ұйымдар ғана емес, түгел елдің экономикалық дамуы да тәуелді. Сонымен қатар, несиелеу жүйесінің эволюциясы мемлекеттегі экономикалық жағдаймен, басқарушы формалары мен механизімімен анықталады. Әрбір халық шаруашылығының тарихи-экономикалық даму сатысына жекелеген экономика салаларының қаржы-несие қызмет көрсету қажеттіліктерін қанағаттандыратын өзінің несиелік ұйымдастыру, несиелеу жүйесінің құрылымы тән.

Содержание работы

КІРІСПЕ 4

1 НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ 6
1.1 Несие жүйесінің ұғымы және құрылымы 6
1.2 Банктік несие және оның экономикадағы рөлі 10

2 Қазақстан Республикасындағы банктік
ұйымдардың ипотекалық нарығын бағалау 17
2.1 Қазақстанның ипотекалық несие жүйесін ұйымдастыру 17
2.2 Еліміздегі ипотекалық несиенің бүгінгі таңдағы жағдайы, даму
мәселелері және жетілдіру жолдары 22

3 Банктік несие жүйесі дамуының қазіргі
тенденциялары 26
3.1 Қазіргі заманғы несие жүйесі 26
3.2 Қазіргі несиелеу жүйесінің ерекшеліктері 29

Қорытынды 32

Қолданылған әдебиеттер 34

Файлы: 1 файл

НЕСИЕ ЖУЙЕСИ.doc

— 350.50 Кб (Скачать файл)

Несиені қамтамасыз етудің келесі бір  жолы – несиені сақтандыру.

Несие әдістері – несиенің берілу және қайтарылу ерекшеліктерімен байланысты болатын, банктік несиенің кәсіпорынның қаражат айналысының шеңберіне қатынасу тәсілдері.

Реформалауға дейінгі кезеңдегі  отандық банктік тәжірибеде несиелеудің екі әдісі қолданылған:

  • қалдық бойынша;
  • айналым бойынша;

Қалдық бойынша несиелеу барысында  несие қозғалысы (яғни, несиені беру және қайтару) несиеленетін құндылықтар қалдықтарымен тығыз байланысты болып келеді. Ондай құндылықтарға: әр түрлі тауарлы-материалды құндылықтар (шикізат, негізгі және қосымша материалдар, қосалқы бөлшектер, тауарлар т.б.), аяқталмаған өндіріс, алдағы кезеңдегі шығыстар, дайын өнімдер және жөнелтілген тауарлар жатады. Мұндай несие әдісі компенсациялық сипатта болады, өйткені, компенсациялық несие жай несиелік шоттар бойынша беріледі. Сондай-ақ бұл несиенің қайтарылуы есеп айырысу шотынан шегеру жолымен жүзеге асырылады.

Айналым бойынша несиелеу (тауар айналымы) әдісінің ерекшелігі – ондағы несие қозғалысы материалдық құндылықтар айналымымен, яғни олардың түсу және жұмсалуына байланысты анықталады. Мұнда несие төлемдік сипатқа ие болады, себебі несиенің берілуі тікелей төлемдерге қатысты және ең бастысы, қарыздық қаражаттарға деген қажеттілік туындаған кезде жүзеге асырылады. Айналым бойынша несиелеу әдісі төлемдік сипаттағы несиенің көмегімен жүргізіліп, арнайы несие шарттары бойынша беріліп отырған. Бұл жерде несиенің қайтарылуы өнімді сатудан түскен ақшалай түсімдер есебінен банктік несиелік шотқа түсу арқылы жүзеге асқан. [4]

Қазіргі банктік тәжірибеде несиелеу әдісінің үш түрі қарастырылады:

  • айналым бойынша несиелеу әдісі;
  • қалдық бойынша несиелеу әдісі;
  • айналым-қалдықтық.

Айналым бойынша несиелеу барысында  несие несиелеу объектісінің айналысындағы  қозғалысын жалғастырып отырады. Несие  қарыз алушының шығындарын оның ресурсы  босағанға дейін аванстайды. Несиеге деген объективті қажеттілікті ұлғайту шараларына байланысты несие мөлшері өсіп, бұл қажеттіліктің азаюына байланысты несие қайтарылады.

Қалдық бойынша несиелеу барысында  несиенің несиеге деген қажеттілік тауарлы-материалды құндылықтар және шығындар қалдықтары мен өзара байланыс болады. Қалдық бойынша несиелерді несиелеу объектісінің кішкене бөлігі қамтылса, ал айналым бойынша несиелерде несиелеу объектісі толығымен қамтылады.

Айналым және қалдық бойынша несиенің іс жүзінде ұштасуының нәтижесінде айналым-қалдықтық әдісі түзіледі. Мұндағы бірінші кезеңде, несие деген қажеттіліктің туындауына байланысты несие берілсе, ал екінші кезеңде, берілген несие қатаң түрде өтеледі. Бірінші кезеңде несие туарлы-материалды құндылықтарды кепілге ала отырып, шығындар айналыстың бастапқы кезеңінде берілсе, ал екінші кезеңде несие тұтынушының банк алдындағы мерзімді міндеттері негізінде өтеледі. Несие берудің мұндай формасын несиелік желіні ашу деп атайды.

Несиелік желі – келісілген лимит  негізінде белгілі бір мерзім ішінде қарыз алушыға несие беріп отыратындығы заңдастырылған, яғни банктің  алдыңғы міндеттемесі. Жаңартылған несиелік желі әдісінің сыртқы көрінісі жағынан отандық, яғни ірі объектінің айналым бойынша несиелеу әдісіне көбірек ұқсастығы да болады. [5]

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Банктік несие және оның экономикадағы рөлі

 

Банктік несиенің рөлі оның экономикадағы, мемлекеттегі және халықтағы қолданыс нәтижелерімен және олардың әдістерімен ерекшеленеді. Әдістері туралы айтатын болсақ, әдетте қаражаттың ақылы ұсынылуымен  несиенің қайтарылымын белгілі дәрежеде шартталады. Бұл несие операциясының қатысушыларының жауапкершілігі мен қызығушылығын арттырады, олардың қарыз  қаражат (немесе мақсатқа сай) қолдануына себеп болады. Несиелік қатынастарға қаражатты пайдаланғаны үшін төлеген құнына қоса қаражаттың қолданылатын қаражат мөлшері мен оларды пайдалану уақытын үнемдеудің қызығушылығын  арттырады.

Берілген несиелік қатынастардың  ерекшелігі бюджеттік қаржыландырудың  суммасының кемуінде материалдық қызығушылықтың, оларды пайдалануы мүлдем жоқ болатын, қайтарылмайтын бюджеттік қаржыландырумен теңестіргенде байқалады.

Белгіленген ерекшеліктер, әсіресе, қайтарылымдығы, жеделдігі және ақылығы ресурстардың үнемдеуінде несиенің маңызын арттырады.

Несиені пайдалану нәтижелері маңызды және алуан түрлі қаражаттың қайтарылуы үшін қолданылатын несие өндіріс процесіне тауарды өткізу мен тұтымына және ақша айналымының саласына ықпал етеді.

Несиенің рөлі коммерциялық, банктік, мемлекеттік, тұтыну және ипотекалық несиелерде пайда болатын несиелік қатынастардың алуан түрлерін іске асыру нәтижесінде анықталады. Әр бағыттағы несиенің әсері неисиелік қатынастардың қандай да бір түрі басты, яғни доминантты орынды алады.

Несиелік қатынастардың жүйесінде  несиелеу операцияларын орындау үшін қаражатты тарту өте маңызды. Бірақ, ондай әрекет әр түрлі несиелік қатынастар үшін бірдей емес. Мысалы, коммерциялық несие қолданғанда несие алушының басқа жақтан қаражат тарту керегі жоқ. Өткізіліп жатқан тауардың төлеу мерзімін ұзарту үшін қарыз қаражатты ұсыну кезінде несие алушының ресурстары қолданылады. Бұл несие алушының қаржы салымын компенсациялау үшін банктік несиені қолдануды жоққа шығармайды. Банктердің бұндай іс-әрекеті маңызды, себебі тартылған қаражаттың бар болуы қаражат меншіктенушілері оларды тауарды сатып алу үшін жұмсамағанын білдіреді. Басқаша айтқанда, банктік несиені қолдану – нәтижесінде материалдық ресурстарды қайта бөлуге әкеліп соғады.  Бұндай нәтиже банктік несиені қолдану – шаруашылықтағы материалды ресурстарды қайта бөлудегі мәнінде мінезделеді.

Негізінде материалдық  ресурстарды қайта бөлу мемлекеттік, тұтынушы және жылжымайтын мүлікті кепілдікке және тұрғын үй сияқты мүлікті құруда ипотекалық несиені қолдану кезінде материалдық ресурстарды қайта бөлу мүмкін болады. [6]

Бұның бәрі несиенің материалдық  ресурстарды қайта бөлу кезінде  өте маңызды екенін дәлелдейді. Бірақ, бұл ресурстарды орынды пайдалану дәрежесіне жететін несиелік қатынастарды керек етеді.

Сонымен қатар, несиенің рөлі тауарды өндіру мен өткізудің  үздіксіздігінде көрініс табады. Кәсіпорынның уақытша ақшалай түсім мен шығындардың жүйелі түрде сәйкес келмеуінен қажетті тауарлы – материалдардың құндылықтарды сатып алуға, қаражаттың жетіспеушілігі қызмет көрсетуді төлеу және осының салдарынан тауарды өндіру мен өткізу процессінің үздіксіздігінің бұзылуы мүмкін. Қарыз қаражаттарын беру уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндіру процесі, сонымен қатар оның үздіксіздігі мен жылдамдатуына кедергі әсерін тигізіп отыратын, қарыз алушыларда қаражаттың үздіксіз қайталанып тұратын “құйылымы” мен “шегіну” игеріледі.

Несие өндірістің мерзімділігі мен өнімнің белгілі түрлерін өткізумен шартталған қаражатта  уақытша қажеттілігін қанағаттандыруда үлкен рөл атқарады. Қарыз қаражаттарын пайдалану мерзімдік қосалқылардың пайда болуына және кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылық мерзімдік салаларының мерзімдік шығындарды жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

Ең маңыздысы несиені  пайдалану кезінде кәсіпорынның табысты жұмыс істеуіне ғана қолайлы  жағдайда жасалып қоймай, ресурстарды экономикада пайдалану үшін де жағдай жасалады, себебі бұл кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысын (әрекетін) өзінің қаражатының минималды көлемінің жұмсалуымен іске асыра алады және қорлардың азаюы, соның ішінде ақшалы бөлігін де санағанда.

Сонымен бірге әртүрлі қарызгерлердің арасында қаражатты қайта бөлудің арқасында қарызгерге берілетін біркелкі қаражаттың көлемінің азаюы туады. Мерзімдік қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігі үшін берілетін қарыз қаражатты беру кезінде керекті алғышарты болып қаражатта қажеттіліктің көлемі шығында да мезгілдік факторлармен шартталатындығы болып табылады. [7]

Бұндай талаптардың  сақталмауы қарыз қаражаттарын шамадан  тыс берілуіне және мезгілсіз  қайтарылуына әкеліп соқтырады.

Өндірісті кеңейтуде  несиенің рөлі үлкен. Өндірісті кеңейту мен өнімді өткізу үшін керек. Қарыз қаражаттарды салыстырмалы қосалқылар аз уақытқа көбейту үшін шығындар да берілуі мүмкін.Сонымен бірге несие негізгі қорды  көбейтудің қайнар көзі ретінде пайдаланыла алады, бұл ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтарды сатып алу және т.б.

Өндірістің үздіксіздігі мен оның дамуына әсер ететін несиенің тұтқа ретінде мінездемесі қарама-қарсы  бағытта, себебі өндірістің және өнімді өткізудің жылдамдығының төмендеуіне  әсер ете алатын несиені пайдалану  мүмкін.

Қаражат айналымы саласында несиенің рөлі маңызды. Бұл барлық қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз мемлекеттердің қаржы-несие жүйесіне қатысты. Қазақстанда Қазақстанның Ұлттық Банкі қолма-қол ақшаның эмиссиясы мен олардың айналымын ұйымдастыруын жүзеге асырады, яғни банктер арқылы. Соңғысы орындалады, бір жағынан, егер банктер шоттарында қалдықтары бар болса, банк кассаларынан айналымға оларға қолма-қол ақшаны шығару кәсіпорындар, ұйымдар мен жеке азаматтар қолма-қол ақшаны беру кезінде мүмкін. Бұндай қалдықтардың бар болуы несиелік қатынастардың бар болуын білдіреді. 

Банктегі несие беру процессі. Банктердің тәжірибесінде қолданылатын несиелеу үрдісінің өзіндік кезеңдері болады. Несиелік үрдіс несиеге деген өтінішті өңдеуден басталып, несиенің толық қайтарылуымен аяқталады. Жалпы несиелік үрдісті 1 қосымшадан көруге болады.

Несиелер төлем қабілеті бар қарыз алушыларға несиені  қайтарудың нақты көздерінің және тұрақты  қамтамасыз ету формаларының бар  болуына қарай беріледі.

Әр кезеңде пайдаланылатын несиелеу механизмнің элементтері несиелік операциялардың сапалы сипатын бере отырып, олардың жүзеге асырылу техникасын білдіреді. Несиелеу үрдісі мынадай кезеңдерді қамтиды:

  • несиеге деген өтінішті қарау;
  • несиелік қабілетін талдау;
  • несиелік келісім-шарт жасау;
  • несие беру;
  • несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау.

I кезең. Банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарау. Кез келген несиелік операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсаты, мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі. Банктің қоятын талаптарына байланысты өтінішке қосымша, яғни несиелік операциялар сипатына байланысты құжаттар беріледі. Клиенттің әр түрлі топтары үшін әр түрлі құжаттар пакеті әзірленуі мүмкін. Мысал ретінде құжаттар пакетінің құрамына жататындар:

  • соңғы екі жылдық қарыз алушының балансы және оған қосымша беттер;
  • несиеленетін шаралардың рентабельдік деңгейін және оның қайтарылу мерзімін сипаттайтын техникалық-экономикалық есебі;
  • несиеленетін мәмілелерді растайтын келісім-шарттар көшірмелі (материалдық құндылықтарды жабдықтауға және сатуға арналған шарттар, тауарлы-материалдық құндылықтар шотының көшірмелері және т.с.с);
  • басқа банктерден алған несиелер туралы мәліметтер (шоттар бойынша көшірме); [8]
  • несиені қайтаруға байланысты міндеттемені куәландыратын құжаттар;

Қажет жағдайларда  банк қарыз алушыдан несиені қайтаруын  қамтамасыз ететін басқа да құжаттар мен мәліметтерді талап ете алады.Сонымен  қатар, банкпен тұрақты несиелік қатынаста болатын қарыз алушылар үшін кейбір құжаттар тізімі қысқаруы мүмкін. Қарыз алушы банкке несие алуға өтініш  жасаған уақатта, банк несиелеудегі оның мүмкіндігін алдын ала бағалау үшін есеп карточкесін толтыруы мүмкін. Онда: фирманың жетекшісі мен қарыз алушының аты-жөні; қызметі және меншік түрі; клиенттің заңды мекен-жайы;  мекен айырысу және валюталық шот ашқан банктің аты және реквизиттері; негізгі құрылтайшылары; ол сұрайтын несиенің мақсаты, сомасы және мерзімі; соңғы есептік күнге берілген баланс құрылымы және басқа да көрсеткіштер.

Тапсырылған құжаттарды оқып үйрену барысында банк қарыз  алушының алған ссудасын қайтару  қабілетін бағалаудың шешім қабылдау үшін аса маңызы бар. Бағалау техникалық-экономикалық есеп негізінде жасалады.

II кезең. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау кезеңі. Қарыз алушының несиелік қабілеті – қарыз алушының алған ссудасы бойынша қарызды уақтылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалау сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен болуы мүмкін, сондықтан да, банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банктің өтімділігіне ықпал етеді.

Қарыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында  мынадай факторлар есепке алынады:

  • ссудаға қатысты қабілеттігі. Қарыз алушыға ссуданы бере отырып, қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын Жарғысы және нұсқаумен танысуға тиіс;
  • қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі деп қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сондай-ақ келісім-шартқа байланысты барлық міндеттемелерді оындауы түсіндіріледі;
  • Табыс табу қабілеті. Банк қарыз алушының ссуданы қайтаруға жеткілікті қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.

Қарыз алушының табыс алу қабілетін анықтау  барысында сату көлеміне, баға шығындарына, шығыстарға әсер ететін факторлар есепке алынады. Бұл факторларға: қарыз алушы кәсіпорынның орналасқан жері, оның тауарлары мен қызметтерінің сапасы, шикізат құны, қызметкерлердің біліктілігі жатады. Неиселеудегі шетелдік тәжірибеде бұл факторларға қоса жарнамалау тиімділігі, бәсеке сияқты факторлар есептеледі.

III кезең. Несиелік келісім-шарт жасау. Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасау үшін несиелеу субьектісімен қатынасқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарда банк пен қарыз алушы келісім-шарт негізінде шешеді.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің дамуы