Қазақстандағы экономикалық өсу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Июня 2013 в 17:00, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан ХХІ ғасырдың баспалдағында нарықтық эконономикаға бейімделіп, көптеген жетістіктерге қол жеткізіп дүениежүзіне таныла бастады. Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың халыққа 2012 жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» жолдауында: «Қазақстан жолының жаңа кезеңі – экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері. Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу – өмірлік маңызды нәрсе. Бүгінгі әлемде бұл – әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың түбегейлі мәселесі», - деп атап өткен [1].

Файлы: 1 файл

курс_Қазақстандағы экономикалық өсу.doc

— 912.00 Кб (Скачать файл)

                                                                                                                                                                      

 

 



Қазақстан Республикасының Білім  және ғылым министрлігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

Пәні: Макроэкономика

 

Тақырыбы: «Қазақстандағы экономикалық өсу»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған:

 

 

Ғылыми жетекші:

____________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2012

 

МАЗМҰНЫ

 

 

 
КІРІСПЕ

 

 

Қазақстан ХХІ ғасырдың баспалдағында нарықтық эконономикаға  бейімделіп, көптеген жетістіктерге  қол жеткізіп дүениежүзіне таныла бастады. Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың халыққа 2012 жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» жолдауында: «Қазақстан жолының жаңа кезеңі – экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері. Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу – өмірлік маңызды нәрсе. Бүгінгі әлемде бұл – әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың түбегейлі мәселесі», - деп атап өткен [1]. Бұл таяу онжылдықтардағы Қазақстан дамуының басты бағыты.өтпелі кезеңде жетістіктерімізді атап, осы уақыттағы және болашақтағы ұстанатын жолымызды, яғни экономика салаласындағы атқаратын қызметінің негізгі мақсаттары мен міндеттерін айқындап көрсетті. Қазақстан экономикалық әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында айқындалған стратегиялық бағдарламаның негізінде, біз жас буын оқымыстылар, ғалымдар өз үлестерін аянбай қосатыны белігілі.

Ұлттық экономикамыздың  жеткен жетістіктерімен қоса әлі де болса, шешілмеген осал тұстарымызда баршылық. Біздің борышымыз Қазазқстанның өркениетті, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылуы үшін аянбай еңбек етуімізді талап етеді. Қазіргі экономоикалық өсу, қоғамдағы әл-ауқаттылық жағдайы, өндірістік тиімділік бүгінгі күнннің өзекті мәселесі. Ғылыми салада бүгінгі жаңа теориялық ізденістерін тереңдетіп жетілген және жетілмеген тұстарына көңіл бөліп одан ары дамытуға өз үлестерімізді қосуға атсалысқанымыз жөн деп санаймын.

Бүгін экономикалық өсудің негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып отыр. Өткен шақпен салыстырғанда өндіру көлесмін екі-үш есе ұлғайтуға қол жеткіздік. Бүгінгі Қазақстан тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екеніне барша әлемге аян, ақиқат.

Курстық жұмыстың тақырыбы: «Қазақстандағы экономикалық өсу» - жайында, негізгі мақсат экономикалық өсудің теориялық бағыттарына көңіл бөле отырып қазіргі нақтылы жұмыс істеп тұрған нарықтық экономиканы одан ары жетілідіруді қажет етеді. Экономикалық өсудің мәнін, ұғымын, нысандарын талдап және оның факторларын экономикалық тиімді жүргізу туралы анықтауы болып табылады. Экономикалық өсуді қамтамасыз етуде Қазақстаннның экономикасы үшін келесі маңызды мәселелерді қарастырған дұрыс. Алдымен әлемдік тәжірибелерге сүйеніп ғылыми жетістіктерінің альтернативті нұсқаларына көңіл бөліп, біздің ұлттық экономикамызды ерекшелік қасиеттеріне баса назар аудара отырып тұрақты әлеуметтік экономикалық дамуды қамтамасыз ету керек.

Айтылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді қарастыру  көзделді.

- экономикалық өсудің буржуазиялық және қазіргі заманғы теорияларын қарастыру;

- экономикалық өсу,оның мәні және факторларын анықтау;

- Қазақстан Республикасының 2011-2012 жж. макроэкономикалық көрсеткіштерін талдау;

- ҚР 2011-2012 жж. экономикалық дамуының негізгі салаларына шолу жасау ;

- Қазақстандағы еңбек нарығын бағалау;

- 2011 - 2015 жылдары экономиканың жеті пайыздық өсуін қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын қарастыру;

- 2012-2016 жылдар аралығын қамтитын еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жоспарын талдау.

Курстық жұмыстың зерттеу нысаны – Қазақстанның экономикалық өсу бағыттары.

Курстық жұмыстың ғылыми-әдістемелік  негізі болып Қазақстан Республикасының  нормативті-құқықтық актілері, , отандық  және шетелдік ғалымдардың еңбектері, статистикалық және қаржы-экономикалық басылымдардың жарияланымдары, мерзімді баспа мәліметтері мен Интернет ресурстары табылды.

 

1 Экономикалық өсудің теориялық аспектілері

1.1 Экономикалық өсудің буржуазиялық және қазіргі заманғы теориялары

 

Кез-келген қоғамның гүлденуінде  немесе құлпырауында маңызды роль ойнайтын ұзақ мерзімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету проблемалары сонау меркантилистер теориясында үлкен орынға ие болған. Буржуазиялық әдебиеттерде соғыстан кейінгі жылдарда алдыңғы орынды алған бұл теориның таралуының обьективті негізгі – социализімнің күшеюі мен екі әлемдік жүйелердің экономикалық жарысы болып табылады.Экономикалық қарқынының проблемасы имперализнің колониалды жүйесінің қалауымен байланысты өрши түсті, дамушы елдердің экономикалық артта қалуның алдын алу міндеті жас ұлттық мемлекеттерде өндірістің өсу қарқынымен байланысты.

 Экономикалық өсу тақырыбы аясындағы мәселердің өзектілігі - өсу теориясының таралуның негізінде терең және ішкі себептердің жатуында: алдыңғы қатарлы қатарлы дамыған елдерде экономикалық даму қарқының баяулауы,жұмыссыздықтың асқыну, мемлекеттік монополистік капитализнің күшеюі – мұның бәрі ұдайы өндіріс темпі, экономикалық өсу, өрлеу проблемарын алға тартты [2, б.85].

«Экономикалық өсу теориялары» шеңберіндегі бірқатар теориялар, атап айтар болсақ;

  1. Харрод-Домардың моделі;
  2. Экономикалық өсудің неоклассикалық бағыты;
  3. Экономикалық өсудің неокейнстік бағыты;
  4. Өсудің қазіргі заманғы,жаңа теориялары және т.б негізі болып табылады.

Нақты бір өсу қарқынына  жетуді көздеген кез-келген ел нақты  теорияларды арқа етері сөзсіз. Әрине  барлық теорияны дұрыс, сәтті практикалық қолданысқа ие деп айту өте қиын...

Қазіргі экономикалық теорияларда  экономикалық өсу терияларының негізін  ағымын экономисті Рой Харрод пен  американдық экономист Евсей  Домар салды. « Халықаралық экономикалық теория» еңбегінде Харрод сыртқы сауда мультипликаторы концепциясын тұжырымдады. « Экономикалық цикл кітабында ол экономикалық циклге кейнстік анықтама береді,яғни оның себебі мультипликатор иен акселератордың арақатынасы дейді. Дәл осы ара қатынас Харродты эконмикалық өсу аясын зерттеуге әкелді,бұл туралы ол ең алғаш 1939ж « Динамика теориясының очеркі» атты мақаласында жарияланды, ал кейініректе бұл туралы 1948 –жылы «Эконмикалық динамика теория кітабында мәлімдеді.

Экономикалық өсудің неокейнстік бағыты. Экономикалық өсудің неокейнстік теориялары Кейнс теориясының сыны процесінде паайда болды. Бұл теория дағдарыстың жағдайдағ экономика негізінде қалыптасты. Ол техникалық прогрестен, халықтың өсуінен абстракцияланды. Алайда, оның қолдануы қысқа мерзімге есептелді. ҒТП, бұзыла бастады, сөйтіп одан абстрациялану мүмкін болмай қалды. Капиталистік елдердің дамудың әркелділігі қушейе түті. Германия, Франция, жапония, Италия елдерінде өсудің жоғары темпі байқалды.Бұл жағдай мұқият түсіңдіруді талап етті, ал Кейнс теорисы мұндай мәселені шешуге қабілетсіз болды [3, б.90].

Экономикалық өсудің неокейнстік теориясының мазмұны. Бұл концпекциялардың Дж.М. Кейнстің көзқарастары болды, яғни капиталистік экономиканың стихиялы механизмі сұраныс  пен ұсыныс арасындығы тепе-теңдікті қамтамасыз ете алмайды, нәтижесінде адамдардың және материялдық ресуртардың толық емес жұмысбастылығы орын алады, капиталистік экономиканың тұрақтылығына жету үшін тиімді сұраныс проблемасының маңызы зор тиімді сұранысты анықтайтын факторларға әсер ете отырып, экономиканы мемлекеттік реттеу капиталистік экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ететін жағдайда.

 Неокейнстіктердің негігі проблемасы- өткізу проблемасы болып табылад, яғни егер сұраныстың қозғалыундағы өндірістік ресурстардың толық тұтынылуын қамтамасыз етсе, онда экономика динамикалық тепе-тең жағдайда болады. Тиімді сұраныстың өзгеруі өндірістің нақты деңгейін және оның потенциялды мүмкін деңгейден ауытқуын анықтайды. Ұлттық табыстың өсуі (ұлттық табыстан сұраныс деңгейі тәуелді) кейнстіктердің пікірінше, капитал қорлануының фунциясы болып табылады, ал капиталға сұраныс ұлттық табыстың өсу темпімен анықтайды.

 Экономикалық өсудің Неокейнстік моделіне маңызды орынды тұтыну мен қорлану арасындағы сандық өзара байланысты қарастырулар алады. Неокейнстіктер экономикалық өсудің басты факторы ретінде инветицияны, басқаша сөзбен, капиталдың қорлану нормасын санайды.Басқа да фактор ретінде өндірістің капитал сыйымдылығын (капиталдың шығарылған өнімге қатынасы) атайды. Буржуазиялық экономистер бұл коэффициенттіңиндустрияландыру кезінде артқанын «кемелденген экономика кезеңінде төмендегенін байқаған. Ал кейбір кейнстіктер бұл коэффифиент үнемі тұрақты дейді.

 Кейнстер инвестицияларды екіге бөледі: туынды – тұтынудың өсуінен пайда болған, тәуелсіз – техникалық прогреске, мемлект саясатына, халық санының өсуіне негізделген.

Мультиплекатор мен  акселятордың үйлеуі негізінде циклдік кейнстік моделі құрылған. Мұндағы негізгі мәселе – сұраныс мәселесі.

Жинақтау қорлануға  теңестіріледі, өндірістік және өндірістік емес инвестициялар арасында үнемі айырмашылық бола бермейді. Жұмыс істеушілердің тұтынуы капиталистердің тұтынуымен теңестіріледі. Нақты тұтынудың орнына психологиялық категория ретіндегі «тұтынуға бейімділік» келеді. Көптеген формулалардың кемшілігі параметрлердің тұрақтылығы да болып табылады. Мысалы, Харродта капитал сыйымдылығы коэффиценті тұрақты, ал негізінде ол еңбек өнімділігінің өсуі мен техникалық прогрестің нәтижесінде өзгеріп отырады. Бірқатар экономистер өсу формулаларын барынша қарапайымдауға қарсы шығып, ұдайы өндіріс процесіне әсер ететін кейбір қосымша факторларды ескере отырып, неғұрлым күрделі модельдер құрды. Олар еңбектің ролін, оның өнімділігінің артуын, техникалық прогрестің ролін ескере бастады, капитал салымдары құрылымдарының мақсатты өзгеруінің критерийлерін іздестіре бастады. Бұлар көпфакторлы модельдер деп аталды.

 Модельдеудегі жаңа момент – экономикалық өсудегі көп секторлы модельдер жасау (ағылш. экономисті Р. Стоун) болды, мұнда өсу модельдері баланстық кестелермен, «шығын-өнім шығару» моделімен үйлестірілді. «Шығын-өнім шығару» моделі экономика салалары арасындағы байланысты көрсетуге талпынады, ол шахматтық баланстық кесте түрінде құралады, онда әрнбір сала екі реттен қатысады: өндіруші және сатып алушы ретінде.

 Экономикалық өсудің көпсекторлы моделін жасау экономикада құрылымдық жылжуларды бейнелеуге, экономикалық бағдарламалау үшін және салалық құрылымының өзгеруі үшін негіз болуға бағытталады. Бұл модельді қарастыру буржуазиялық экономистердің нақтылыққа ұмтылуын көрсетеді, алда олар танымал оң нәтижелерге жетті. Стационарлы қоғам моделінен бастаған олар өсу моделіне өтті. Техникалық прогреске, ұлтттық табысты бөлуге, капитал-өнім қатынасының өзгеруіне абстракциялана отырып, осы бағыттың экономистері нәтижесінде осы факторларды модельде қамтыды. 1-модельде бір тауар, бір өндіріс факторы қарастырылды. Келешекте сызықты бағдарламалау негізінде басқа да факторлар қамтылды. Экономиканың әр түрлі секторларындағы капитал салымдарының салыстырмалы тиімділігі проблемасын талдауда, математикалық аппаратты жетілдіруде экономистер көптеген жетістіктерге жетті [4, б.105].

Неокейнстіктердің экономикалық өсуге болжау жасау. Болжаулар ретсіз және конъюктураның өзгеруін алдын-ала болжау мақсатын көздеді. Ал қазірде болжаулар экономикалық саясаттың міндеттерін шешу мақсатын көздейді: тиімді экономикалық өсуді, толық жұмысбастылықты, инфляцияның алдын-алуды қамтамасыз ету және т.б. Қазіргі экономистер және тұтас экономикалық институттар жекелеген елдердің және әлемдік капиталистік экономиканың экономикалық дамуын болжауға көп көңіл бөлуде. Мұндай болжамдар үш түрлі болады:

  • ұзақ мерзімді (10-25 жыл)
  • орта мерзімді (3-5 жыл)
  • қысқа мерзімді (1 жыл)

1960-70 ж.ж. буржуазиялық  экономистер арасында мемлекет  тарапынан түзету шаралары балансталған  және тұрақты өсу үшін жеткіліксіз деген түсінік орын алады. Олардың назарын Франциядағы «индикативті жоспарлау» тәжірибесі аударды. Ағылшын және американ экономистері мемлекеттік жоспарлаудың қажеттігі туралы идеяны жиі айтатын болды.

Н. Калдор моделі. Неокейнстік экономикалық ойдың өкілдері Дж. Робинсон, Н. Калдор, Л. Назинетти және т.б. әртүрлі бағыттарда тепе-тең, балансталған экономикалық өсуді зерттеу дәстүрін жалғастырды. Тепе-тең өсу моделін нақты өсу моделіне жақындатуға ұмтыла отырып, олар бұл модельге ұлттық табыстың пайда мен жалақы арасында бөліну, жетілмеген бәсеке, инфляция, өнімнің тұтыну және өндіріс игілігіне бөліну факторларын қосты. Кейнстік теорияға сәйкес инвестициялар экзогенді болып табылады – олар пайда нормасын анықтайды. Сондықтан Калдор бойынша жағдай келесі 2 сценарий негізінде сипатталады:

1. Инвестициялардың өсуі  олардың жинақтан да жоғары  болуына әкелсін. Мұндай жағдайда  инфляция табыстың жалақыдан  да тез өсуінен болады. Өйткені  жалақының өсуі ұжымдық кемсімнің  негізінде ғана іске асырылғандықтан. Жалақының тек тұтынылып, ал пайданың кейбір бөлігінің жинақталуы жинақтың өсуіне әкеледі, сөйтіп ол инвестицияны қуып жетеді.

Информация о работе Қазақстандағы экономикалық өсу