Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Июня 2013 в 17:00, курсовая работа
Қазақстан ХХІ ғасырдың баспалдағында нарықтық эконономикаға бейімделіп, көптеген жетістіктерге қол жеткізіп дүениежүзіне таныла бастады. Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың халыққа 2012 жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» жолдауында: «Қазақстан жолының жаңа кезеңі – экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері. Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу – өмірлік маңызды нәрсе. Бүгінгі әлемде бұл – әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың түбегейлі мәселесі», - деп атап өткен [1].
Сондықтан ЖІӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін 2015 жылға қарай 12,5 пайыздан кем емес деңгейде қамтамасыз ету бойынша стратегиялық мақсатты орындау қажет. Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін 2015 жылға қарай - кем дегенде 1,5 есе, агроөнеркәсіп саласында - кем дегенде 2,0 есе ұлғайту қажет [18].
Ұзақ мерзімді кезеңде
инфляциялық үдерістерді
2012-2016 жылдарға арналған
әлеуметтік-экономикалық даму
Қазақстан Республикасының табыстары деңгейі жоғары елдердің тобына кіруі мақсатына және Қазақстан азаматтарының әл-ауқаттың деңгейін жоғарылату үшін 2016 жылы ЖІӨ мөлшері жан басына шаққанда 18 мың АҚШ долларына дейін жеткізілетін болады.
Экономикалық өсудің нысаналы параметрлерінің кірісі мемлекеттік және жеке секторлардың инвестициялық белсенділігімен және тұтынуды ынталандырумен қамтамасыз етіледі.
2012-2016 жылдары инвестициялардың
өсу қарқыны орта есеппен
2012-2016 жылдары тұтынудың
өсуі орташа есеппен жылына 8,1
пайыз құрайды. Бұл ретте үй
шаруашылығындағы тұтыну
2012-2016 жылдары ауыл
шаруашылығы жалпы өнімі
Қазақстан Республикасында 2010-2014 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі бағдарламаны іске асыру ішкі нарықтың қажеттіліктерін жабу және экспорт тауарларын иелену үшін сапалы бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімімен және азық-түлік өндірісімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2012-2014 жылдары өнеркәсіп
өнімі көлемінің жылдық орташа
мөлшердегі өсуі 7,3 пайызды құрайды.
Өнеркәсіп өндірісінің өсу
Мұнай және газ министрлігінің болжамдары бойынша мұнай өндіру көлемін кейіннен 2016 жылы 102,0 млн. тоннаға дейін арттыра отырып 2012 жылы 83,0 млн. тоннаны құрады.
2015 жылдың соңына қарай мұнай және газ секторының дамуы шеңберінде 18 ірі жоба жоспарланады, оның 9 салалық бағдарлама, 9 - Индустрияландыру картасы шеңберінде іске асырылады. Жобалар мәліметтерді бойынша жоспарланған инвестициялардың жалпы көлемі 1 379,6 млрд. Теңгені құрайды.
2012-2016 жылдары металлургия өнеркәсібіндегі орташа жылдық өсу қарқындары 11,8 пайызды құрайды. Металлургияның дамуы (машина жасау, химия өнеркәсібі және т.б.) сыртқы сауданы артыру мен әртараптандыру экономикасының аралас салаларын ынталандыруға мүмкіндік береді.
Индустрияландыру картасына жалпы инвестиция көлемі 1 640 607 млн. теңгені, 54 845 жұмыс орнын құрайтын 43 жоба енгізілді.
2012-2016 жылдары химия
өнеркәсібіндегі өндірістің
Қазіргі таңда Қазақстан
Республикасының
Машина жасау өнеркәсібінің өндірісі 2012-2016 жылдары орташа 12,2 пайызды құрайды. 2016 жылдың соңына дейін 22 жоба, соның 17 жобасы салалық бағдарлама бойынша, 5 жоба Индустрияландыру картасы бойынша жсопарланған.
Ауыл шаруашылығында машина жасаудың екі есе, мұнай және газ саласындағы машина жасаудың 2,5 есе, тау-кен саласында машина жасаудың 2,7 есе, электр техникасы саласында машина жасаудың 1,7 есе артуы есебінен 2016 жылдың соңына қарай жалпы қосымша құн 2011 жылмен салыстырғанда екі есе артады [18].
2012-2016 жылдары электр
энергетикасы саласында
Қатты отындағы жаңадан іске қосылатын өндіру қуаттарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 2015 жылға қарай көмір өндіру көлемін 131 млн. тоннаға, 2020 жылы 152 млн. тоннаға арттыру көзделеді.
2010-2020 жылдары көмір өндіру саласын дамытуға 3,4 млрд.АҚШ долларын инвестициялау жоспарланып отыр.
2012-2016 жылдары құрылыс
жұмыстары көлемінің орташа
Қазақстан Республикасында
2011-2014 жылдары тұрғын үй құрылысын
дамытудың мемлекеттік
Нақты сектор салаларының оң серпінін ескере отырып 2012-2016 жылдары сауда көлемі қарқындарының орташа жылдық өсуі 8,9 пайыз деңгейде болжанып отыр.
2012-2016 жылдары көлік
қызметі көлемінің жылдық
Ақпарат және байланыс қызметінің өсімі 2012-2016 жылдары болжамдар бойынша 8,4 пайыз деңгейде қалыптасады.
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы жобаларды іске асыру ақпараттық инфрақұрылымды қоса алғанда, осы сектордың үлесін 2014 жылы ЖІӨ-де 3,8 пайызға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Қазақстан экспортын құрайтын негізгі тауарларға әлемдік сұраныстың артуы және сыртқы сауда саясаты бойынша қабылданып жатқан шаралармен бірге экономика өсімі қарқындарының ұлғаюы экспорт пен импорт көлемінің ұлғаюына ықпал ететін болды.
Сыртқы сауда айналымы 2012-2014 жылдары жылына орташа 7,8 пайызға немесе 2012 жылы 116,7 млрд. АҚШ долл., 2016 жылы 166 млрд. АҚШ долл. өседі.
Экспорт 2012 жылы 75,7 млрд.АҚШ долл., 2016 жылы 105,8 млрд.АҚШ долл. өседі.
Экономиканың өсуімен қатарлас сұраныстың өсуі 2011 жылы импорттың 40,9 млрд. АҚШ долл., 2016 жылы 60,2 млрд. АҚШ долл. дейін өсуіне ықпал ететін болады.
Экспорттың импорттан артуы ағымдағы шоттың оң сальдосы факторларының бірі болады, ол 2016 жылы болжам бойынша 4,1 млрд. АҚШ долларына жетеді.
2012-2016 жылдары инфляцияның жылдық мәні (желтоқсан алдыңғы жылдың желтоқсанына қарағанда) 6,0-8,0 пайыз деңгейінде бағаланады.
Экономиканың 7 пайыздық өсуін қамтамасыз ету бойынша міндет әлеуметік жаңғыртумен қатар шешіледі.
Әлеуметтік секторды жаңғырту мақсатында білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы қызмет сапасын жақсарту, жұмыссыздық және кедейшілік деңгейін төмендету бойынша шаралар қабылданады.
Жұмыссыздық деңгейінің 2012 жылы 6,2 пайыздан 2016 жылы 5,4 пайызға, ал кедейлік деңгейінің 6,1 пайызға дейін төмендеуі болжанады.
Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысының табыс деңгейі жоғары елдердің қатарына кіру жөніндегі тапсырмасына сәйкес орта мерзімді кезеңдегі негізгі экономикалық саясаттың негізгі мақсаты - теңгерімді экономикалық өсуді жыл сайын 7 пайыздан кем емес деңгейде қамтамасыз ету.
Тұрақты және теңгерімді өсуді ұстап тұру шикізаттық емес секторды ішкі және сыртқы сұраныстарға бағдарлау арқылы дамытумен қамтамасыз етілетін болады.
Орта мерзімді перспективада мемлекеттің экономикалық саясатының шешуші бағыттары тұрақты экономикалық өсу, гүлдену және қазақстандықтардың әлеуметтік салауаттылығына қол жеткізу үшін индустрияландыру инфрақұрылымын дамыту және адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы әртараптандыруды жеделдету болып табылады.
Әртараптандыру шеңберінде дамудың экстенсивтік, шикізаттық жолынан индустриялық-инновациялық дамуға өту жүзеге асырылатын болады. Инфрақұрылымдық саясат шеңберінде жүргізілетін энергетика, көлік және телекоммуникация салаларын жаңғырту экономиканы үдемелі әртараптандыру және шетел инвестицияларын елімізге тартуға ықпал етеді.
Қойылған басымдықтарды негіз ретінде іске асыру ақща-кредит, фискалдық, инвестициялық және салалық саясаттардың құралдарын теңгерімді пайдалануды қамтитын ұтымды макроэкономикалық саясат шараларын біртіндеп өткізуді болжайды.
Экономикалық өсудің теориялық аспектілерінен келесідей қорытындыны айтуға болады:
- Харрод пен Домар
экономикалық өсуді тек бір
ғана факторға – капитал
- Неокейнстіктер бойынша,
экономикалық тұрақтылыққа
- Неоклассиктер өсудің
көзі ретінде пайданың өсуін
айтады. Кәсіпорынның толық
- Өсудің жаңа теориялары,
соның ішінде эндогенді өсу
теориясы неоклассиктердің
Льюис өзінің екі секторлы моделінде дәстүрлі сектордан индустриалды секторға өту мақсатында қала өнеркәсібінде (индустриалды) жалақыны 30% -ке дейін көтеруді ұсынады.
Жалпы экономикалық өсу
проблемаларын былайша
Жоғарыдғы мәселелерді қарастыра келе дамудың экстенсивті жолы өзін сарқып бітті. Жаңа, әлі даму үстіндегі экономикалық қатынастар жағдайында экономикалық жаңа өрлеуге жол бермей тек қайшылықтарға әкеледі. Сондықтан объективті түрде экономикалық өсудің үлгісін ауыстырып, халық шаруашылығын интенсивті даму жолына қою керек. Бірақ интенсивті жолдың өзі экстенсивтіден туындағанын ұмытпау керек. Жаңа экономикалық қатынастардың дамуына негіз құрып, экстенсивті өсу жолы бүкіл әлемнің ұлттық шаруашылықтарының дамуына үлкен үлесін енгізді.
Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы экономикалық өсуін бағалай отырып келесідей қорытындылар жасаймыз:
2012ж. қаңтар-сәуір үшін
экономиканың өсуіне баяулау
тренді белгіленді, бұл ретте
ағымдағы жылы өсу 2011 жылғы
осындай кезеңге қарағанда
2012 жылғы қаңтар-наурызда ЖІӨ 5,6% өсті (2011ж.1-тоқ. - өсу 6,8%). ЖІӨ өсуінің баяулауы ауылшаруашылығының (5,1%), тау-кен өндіру саласының (0,2%), құрылыстың (0,7%) төмендеуіне себепші болды. 2011 жылы ЖІӨ түпкілікті пайдалану әдісі бойынша 7,4% ұлғайды.