Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Июня 2013 в 17:00, курсовая работа
Қазақстан ХХІ ғасырдың баспалдағында нарықтық эконономикаға бейімделіп, көптеген жетістіктерге қол жеткізіп дүениежүзіне таныла бастады. Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың халыққа 2012 жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» жолдауында: «Қазақстан жолының жаңа кезеңі – экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері. Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу – өмірлік маңызды нәрсе. Бүгінгі әлемде бұл – әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың түбегейлі мәселесі», - деп атап өткен [1].
1-кесте бойынша, 2012 жылы қаңтар-сәуір айында 2011 жылмен салыстырғанда жалпы ішкі өнім, өнеркәсіп, өңдеуші сала, көлік ауылшаруашылығынан, құрылыстан басқа барлық құрамдас бөліктер бойынша өсу байқалды [13].
Теріс үдерістерді 2-кестеден көруге болады.
Кесте 2 - Экономикадағы теріс үдерістер
№пп |
Көрсеткіштер |
2012ж.қаң.-сәу. 2011ж.қаң.-сәу.%-бен |
Факторлар |
2012ж.қаң.-нау. 2011ж.қаң.-нау.%-бен |
1. |
Құрылыс |
99,5 |
саланың ақпан - сәуір аралығындағы кезең үшін өсу қаңтардағы құлдыраудың теріс салдарларын жеңе алған жоқ |
99,3 |
2. |
Ауылшаруашылығы |
94,2 |
өсімдік шаруашылығындағы өсудің нөлдік динамикасы кезінде ауылшаруашылығының төрт ай бойы төмендеуі |
94,9 |
3. |
Тау-кен өндіру саласы |
99,8 |
мұнай өндіру көлемінің төмендеуі |
99,8 |
2-кесте бойынша, 2012 жылы қаңтар-сәуір айында 2011 жылмен салыстырғанда құрылыс, ауылшарушалығы, тау-кен өндіру саласы бойынша теріс үдеріс байқалды.
2012 жылғы қаңтар-наурызда ЖІӨ 5,6% өсті, 2-сурет.
Сурет 2. Өндіріс әдісімен ЖІӨ
ҚРСА жедел деректері бойынша, ЖІӨ 2012 жылғы қаңтар-наурызда нақты көрсетуде 5,6%-ға ұлғайып, 5,8 трлн.теңге болды. ЖІӨ құрамында тауарлар өндірісі 2,2%-ға, ал қызмет көрсету өндірісі - 8,0%-ға өсті. Нәтижесінде, 2011 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда, қызмет көрсету өндірісінің үлесі 52,5%-дан 55,0%-ға дейін ұлғайды.
Қызмет көрсету секторы, мұнда оны құрайтындардың өсуін атап өткен жөн, ол 2012ж. 1-тоқсанда экономиканың драйвері рөлін атқарды, ал тауарлар өндірісі бөлігінде өсу қарқыны баяулады және құрылыс, ауылшаруашылығы және тау-кен өндіру саласы төмендеді.
2011 жылы ЖІӨ түпкілікті пайдалану әдісі бойынша 7,4% ұлғайды, 3-сурет.
Сурет 3.Түпкілікті пайдалану әдісімен ЖІӨ
Мұнай бағасының өзгеруі
өнеркәсіптегі бағаның
Өнеркәсіптік өндіріске негізгі салымды өңделмеген мұнай өндіру енгізеді, оның үлесі 2012ж. сәуірде 54,2% (2012ж.қаңтар-сәуірде - 55,6%) болды, 4-сурет.
Сурет 4. Мұнайдың бағасы және өндіріс көлемі
2012ж. сәуірде өңделмеген мұнай (нақты көрсетуде) 2011ж. сәуірге қатысы бойынша 2,5% аз өндірілді және 2012ж. наурызға 5,8% аз. Brent сұрыпты мұнайдың бағасы 2012ж. сәуірде бір баррель үшін 120,5 доллары болды, бұл 2011ж. сәуірден 2,6$, ал 2012ж. наурызда 4,5$ төмен. Қорытындысында, өндіруші саланың жылдық НКИ 0,1% төмендеді, ал айлық 4,0%-ға азайды.
2012ж. қаңтар-сәуірде өңделмеген мұнай өндіру көлемі (табиғи түрде көрсетуде) 1,3%, немесе 299 мың тонн. төмендеді.
Қазақстан экспортының көп бөлігі Еуроодақ, Ресей және Қытай елдеріне жеткізілетіндіктен, онда осы елдердің экономикасының жай-күйі Қазақстанның сыртқы сауда көлеміне айтарлықтай тәуелді. 2012 жылғы 1-тоқсан үшін ЕО ЖІӨ (17) избежав рецессиядан қашып, нөлдік динамиканы (0,0%) көрсетті, Ресейдің ЖІӨ 4,9% ұлғайды, Қытайда өсу 8,1%-ға дейін баяулады.
2012ж. наурыз үшін (2011ж. наурызға) сыртқы сауда айналымы 14,1% өсті (экспорт 0,9%, импорт - 47,9% өсті). 2012ж.қаңтар-наурыз үшін сыртқы сауда айналымының өсуі 34,1%-ға дейін өсті (экспорт 32,3%, импорт - 38,7% өсті). (5-сурет)
Сурет 5. Сыртқы сауда айналымы
Экспорттың құрылымында отын-энергетикалық тауарлар (2012ж. қаңтар-наурыз үшін 71,2%), импортта - машиналар, жабдық, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттар басымдыққа ие (37,6%). 2012 жылғы қаңтар-наурызда кеден одағы елдерімен экспорт 19,9% төмендеді, импорт – 15,0%-ға ұлғайды.
Ал өнеркәсіптің өсу қарқыны бәсеңдеді, 6-сурет. 2012 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіптің өсуі 2,7% болды, бұл өткен жылғы осындай кезеңдегі көрсеткіштен 3,4 пайыз тармаққа төмен. Баяулау тау-кен саласындағы төмендеуге себепші болды, оның үлесі үлкен және 64,5% болды.
Сурет 6. Өнеркәсіп саласы
7 суретке қарасақ, 2012 жылғы қаңтар-сәуірде тау-кен өндіру саласы 0,2%-ға төмендеді (2011ж. қаңтар-сәуірде - өсу 4,8%). Төмендеу 85,5% пайызын алатын өңделген мұнай өндірудің өнеркәсіптің тау-кен өндіру өндірісі көлемінің 1,6% азаюына себепші болды (2012ж. қаңтарда төмендеу байқалды, 2012ж. наурызда және сәуірде) [16].
Сурет 7. Кен өндіру
Өңдеу өсу қарқыны бәсеңдеді. Салалардың өсуі 2012ж. қаңтар-сәуірде 7,8%-ға дейін баяулады (2011ж. қаңтар-сәуірде - өсу 8,1%). Баяулау қара металлургиядағы (4,7%) төмендеуге, сондай-ақ басқа да көлік құралдары өндірісінің құлдырауына себепші болған (36,7%) металлургиялық өнеркәсіптегі өсудің (өсуі 0,3% ғана) тежелуінен болды.(сурет 8)
Сурет 8. Өңдеу
Үш ай бойы құрылыстағы өсу қаңтардағы құлдырауды өтей алған жоқ, 9-сурет.
Сурет 9. Құрылыс жұмыстарының көлемі
Ағымдағы жылғы қаңтарда саланың 8,1%-ға төмендеуі соңғы үш айдағы өсумен толық өтелінді. Нәтижесінде, құрылыс-монтаж жұмыстары көлемінің 1,2%-ға төмендеуінің ықпалымен, 2012ж. қаңтар-сәуірде құрылыс 0,5% (2011ж. қаңтар-сәуірде өсу 2,4%) төмендеді.
Қатарынан төрт ай бойы болған рецессия ауылшаруашылығының 2012ж. қаңтар-сәуірде 5,8%-ға төмендеуіне әкелді. Төмендеу мал шаруашылығының құлдырауына себепші болды (2012ж. қаңтар-сәуірде 5,9% ), өсімдік шаруашылығы өндірісі көлемі өзгерген жоқ (100%), 10-сурет.
Сурет 10. Ауылшаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі.
Саудада өсу қарқыны жоғары болып қалып отыр, 11-сурет.
Сурет 11. Бөлшектауар айналымы
2012ж. қаңтар-сәуірде бөлшек тауар айналымы 11,8% (2011ж. қаңтар-сәуірде - өсу 11,8%) ұлғайды. Саланың өсуінің баяулау тренді сәуірде сауда жасайтын кәсіпорындарда (дүкендерде) бөлшек тауар айналымы көлемінің наурызға қатынасы бойынша 4,6%-ға (бөлшек тауар айналымының жалпы көлеміндегі үлесі 53,6% құрайды) төмендеуіне себепші болды.
Көлік тұтастай алғанда өсу 2011 жылға қарағанда жоғары болып қалыптасып отыр. 2012ж. каңтар-сәуірде көліктің өсуі 16,7% (2011ж. қаңтар-сәуірде - өсу 14,8%) болды, 12-сурет.
Сурет 12. Жүк айналымы
Трендтің күшеюі, салалардың баяулауы теміржол және құбыр жолы көлігінде жүк ағынының сәуірдегі төмендеуіне себепші болды (наурызға қатынасы бойынша), олардың үлесі 75,1%-ды құрайды.
Ұялы байланыс - өсудің баяулау көзі 13-суретт көрсетілген.
Сурет 13. Байланыс
2012ж. қаңтар-сәуірде қызмет көрсету көлемі 14,0% (2011ж. қаңтар-сәуір - өсуі 15,6%) өсті. Саланың көрсеткіштері ұялы байланыс және интернет желісі бойынша кірістерге байланысты (үлес салмағы, тиісінше 51,8% және 16,9%). Ұялы байланыстан кірістер сәуірде 2011ж. сәуірге қарағанда 1,7%-ға және 2012ж. наурызға қатынасы бойынша 0,6%-ға төмендеді.
Ақылы қызмет көрсету мен тарифтердің қымбаттауы инфляцияны жеделдетті. 2012 жылғы сәуірде инфляция жылдық көрсетуде 4,8% (2011 жылғы сәуірде - 8,4%) болып, аздап жеделдетілді, айлық өсуі 0,7%-ға жетті. Бұл ретте жылдық инфляцияның мұндай төменгі көрсеткіші (4,8%) соңғы рет 2002 жылғы сәуірде байқалды, 14-сурет.
Сурет 14. Тұтыну бағасының индексі
Инфляцияның жеделдеуіне ақылы қызмет көрсету бағасы мен тарифтерінің сәуірдегі өсуі, сондай-ақ жанар-жағар май материалдарының қымбаттауы себепші болды.
Экономикалық өсудің даму көрсеткіштерінің бірі- еңбек нарығына баға берейік. Жұмыссыздық - екінші ай 5,3%. Жұмыссыздық екінші ай қатарынан өткен жылғы осындай кезеңнен төмен қалыптасып, салыстырмалы түрде 5,3% жоғары емес деңгейде тұр, 14-сурет.
Сурет 14. Жұмыспен қамту және жұмыссыздық
Сәуірде жұмыспен қамтылғандар санының өсуі жұмыссыздар санының ұлғаюымен өтелді, нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі өзгерген жоқ.
Баяулауға қарамастан өсу жоғары болып қалып отыр. Ал халықтардың кірістерін 15-суреттен қараймыз.
Сурет 15. Халықтың кірістері
2012 жылғы наурызда орташа айлық жалақы 2011 жылғы наурызға қарағанда номиналдық - 15,0%, ал нақты көрсетуде - 9,9% ұлғайды, бұл өткен айдағы көрсеткіштерден (тиісінше 18,3% және 12,9%) төмен. Жалақының өсу қарқынының баяулауы нәтижесінде халықтың ақша кірісінің өсуі баяулады.
Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы экономикалық өсуін бағалай отырып келесідей қорытындылар жасаймыз:
2012ж. қаңтар-сәуір үшін
экономиканың өсуіне баяулау
тренді белгіленді, бұл ретте
ағымдағы жылы өсу 2011 жылғы
осындай кезеңге қарағанда
2012 жылғы қаңтар-наурызда ЖІӨ 5,6% өсті (2011ж.1-тоқ. - өсу 6,8%). ЖІӨ өсуінің баяулауы ауылшаруашылығының (5,1%), тау-кен өндіру саласының (0,2%), құрылыстың (0,7%) төмендеуіне себепші болды. 2011 жылы ЖІӨ түпкілікті пайдалану әдісі бойынша 7,4% ұлғайды.
2012 жылғы сәуірде 2011ж. сәуірге қатынасы бойынша, Brent сұрыпты мұнайдың құны номиналды түрде 2,1%-ға төмендеді, нәтижесінде өндіру саласында өндіріс көлемі ақшалай көрсетуде 3,2%-ға төмендеді, мұнда сала өндірісінің нақты көлемі 0,1%-ға ғана азайды.
2012 жылғы қаңтар-сәуірде экономиканың өсу қарқыны баяу болғанымен оның өсуі жалғасты. Іс жүзінде барлық салалар баяу өсуді көрсетті, бұл ретте құрылыста, ауыл шаруашылығында, тау-кен өндіру саласында төмендеу байқалды.
2012ж. наурыз үшін (2011ж. наурызға) сыртқы сауда айналымы 14,1% өсті (экспорт 0,9%, импорт - 47,9% өсті). 2012ж.қаңтар-наурыз үшін сыртқы сауда айналымының өсуі 34,1%-ға дейін өсті (экспорт 32,3%, импорт - 38,7% өсті).
2012 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіптің өсуі 2,7% болды, бұл өткен жылғы осындай кезеңдегі көрсеткіштен 3,4 пайыз тармаққа төмен. Баяулау тау-кен саласындағы төмендеуге себепші болды, оның үлесі үлкен және 64,5% болды.
Қатарынан төрт ай бойы болған рецессия ауылшаруашылығының 2012ж. қаңтар-сәуірде 5,8%-ға төмендеуіне әкелді. Төмендеу мал шаруашылығының құлдырауына себепші болды (2012ж. қаңтар-сәуірде 5,9% ), өсімдік шаруашылығы өндірісі көлемі өзгерген жоқ (100%).
2012ж. қаңтар-сәуірде бөлшек тауар айналымы 11,8% (2011ж. қаңтар-сәуірде - өсу 11,8%) ұлғайды.
2012ж. қаңтар-сәуірде қызмет көрсету көлемі 14,0% (2011ж. қаңтар-сәуір - өсуі 15,6%) өсті.
Жұмыссыздық - екінші ай 5,3%. Жұмыссыздық екінші ай қатарынан өткен жылғы осындай кезеңнен төмен қалыптасып, салыстырмалы түрде 5,3% жоғары емес деңгейде тұр.
Мемлекет басшысы 2015 жылы жалпы ішкі өнімнің мөлшерін әр адамға шаққанда 15 мың АҚШ долларына дейiн жеткізе отырып, табыстарының деңгейi жоғары елдердiң тобына кiру міндетін қойды. Ол үшін орта мерзімді кезеңде жыл сайын экономиканың өсу қарқынын 7 %-дық деңгейде қамтамасыз ету керек.
Экономикалық даму және сауда министрлiгі мемлекеттік органдармен бірлесіп 2011 – 2015 жылдардағы экономиканың 7% өсуiн қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын, сонымен бiрге осы өсуді қамтамасыз ететін жалпы ішкі өнім құрылымындағы салалар дамуының индикативтік көрсеткiштерiн әзірледі.
Нақты сектор салаларындағы
көрсеткіштерде 2010 – 2014 жылдарға арналған
салалық бағдарламаларда
Индикаторлар 2011 жылы әлемдiк экономиканың өсуiн 4,4 пайызға , 2012 жылы 4,5% пайызға, 2013-2015 жылдары жылына орташа 4,0 пайыз, 2011 жылы Brent мұнайының әлемдiк бағасының деңгейі 80 доллар, 2012 – 2015 жылдары 70 долларға болжайтын әлемдік конъюктураның негізінде әзірленді.
Егер барынша iрi салалар бойынша қарастырсақ, онда көрсеткiштер төмендегiше болмақ.
2011 – 2015 жылдары ауыл шаруашылығының жалпы өнiмнiң көлемi орташа 4-5 пайызға өседі.
Өнеркәсiп өндiрiсiнің өсу көрсеткiші негiзiнен ағымдағы жылғы 6 пайыздан 2015 жылға 9,1 пайызға дейiн ұлғаюы айқындалған.