Қазақстандағы экономикалық өсу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Июня 2013 в 17:00, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан ХХІ ғасырдың баспалдағында нарықтық эконономикаға бейімделіп, көптеген жетістіктерге қол жеткізіп дүениежүзіне таныла бастады. Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың халыққа 2012 жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» жолдауында: «Қазақстан жолының жаңа кезеңі – экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері. Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу – өмірлік маңызды нәрсе. Бүгінгі әлемде бұл – әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың түбегейлі мәселесі», - деп атап өткен [1].

Файлы: 1 файл

курс_Қазақстандағы экономикалық өсу.doc

— 912.00 Кб (Скачать файл)

2012 жылғы сәуірде 2011ж.  сәуірге қатынасы бойынша, Brent сұрыпты мұнайдың құны номиналды түрде 2,1%-ға төмендеді, нәтижесінде өндіру саласында өндіріс көлемі ақшалай көрсетуде 3,2%-ға төмендеді, мұнда сала өндірісінің нақты көлемі 0,1%-ға ғана азайды.

2012 жылғы қаңтар-сәуірде  экономиканың өсу қарқыны баяу  болғанымен оның өсуі жалғасты. Іс жүзінде барлық салалар баяу өсуді көрсетті, бұл ретте құрылыста, ауыл шаруашылығында, тау-кен өндіру саласында төмендеу байқалды.

2012ж. наурыз үшін (2011ж.  наурызға) сыртқы сауда айналымы 14,1% өсті (экспорт 0,9%, импорт - 47,9% өсті). 2012ж.қаңтар-наурыз үшін сыртқы сауда айналымының өсуі 34,1%-ға дейін өсті (экспорт 32,3%, импорт - 38,7% өсті).

2012 жылғы қаңтар-сәуірде  өнеркәсіптің өсуі 2,7% болды, бұл  өткен жылғы осындай кезеңдегі  көрсеткіштен 3,4 пайыз тармаққа төмен.  Баяулау тау-кен саласындағы төмендеуге себепші болды, оның үлесі үлкен және 64,5% болды.

Қатарынан төрт ай бойы болған рецессия ауылшаруашылығының 2012ж. қаңтар-сәуірде  5,8%-ға төмендеуіне әкелді. Төмендеу мал шаруашылығының құлдырауына  себепші болды (2012ж. қаңтар-сәуірде 5,9% ), өсімдік шаруашылығы өндірісі көлемі өзгерген жоқ (100%).

2012ж. қаңтар-сәуірде бөлшек  тауар айналымы 11,8% (2011ж. қаңтар-сәуірде  - өсу 11,8%) ұлғайды.

2012ж. қаңтар-сәуірде қызмет  көрсету көлемі 14,0% (2011ж. қаңтар-сәуір  - өсуі 15,6%) өсті.

Жұмыссыздық - екінші ай 5,3%. Жұмыссыздық  екінші ай қатарынан өткен жылғы  осындай кезеңнен төмен қалыптасып, салыстырмалы түрде 5,3% жоғары емес деңгейде тұр.

Нақты сектор салаларындағы  көрсеткіштерде 2010 – 2014 жылдарға арналған салалық бағдарламаларда айқындалған салаларды дамыту индикаторлары ескеріледі, оларды іске асыру бағдарламаларда көзделген инвестициялық жобалардың есебінен болжанған. Сондай-ақ, Индустриаландыру картасына сәйкес өзектендірілген қосымша инвестициялық жобаларды іске асыру мен жаңа өндірістерді енгізу ескерілген.

Егер барынша iрi салалар  бойынша қарастырсақ, онда көрсеткiштер төмендегiше болмақ.

2011 – 2015 жылдары ауыл  шаруашылығының жалпы өнiмнiң  көлемi орташа 4-5 пайызға өседі.

Өнеркәсiп өндiрiсiнің  өсу көрсеткiші негiзiнен ағымдағы жылғы 6 пайыздан 2015 жылға 9,1 пайызға  дейiн ұлғаюы айқындалған.

Өңдеу өнеркәсiбіндегi өндiрiстiң  өсу қарқыны (орташа 10 пайыздан көп) тау-кен өндiрісі секторындағы өсуден жоғары болуы керек.

Құрылыс саласындағы жоспарланған шаралар мен өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық объектілердің кеңеюін, бағдарламалық құжаттарда ескерiлген инвестициялардың көлемiн ескере отырып құрылыс саласындағы өсу 2011 жылы 2,5 пайыз, 2012 жылы 3,1 пайыз деңгейінде айқындалған.

Нақты сектор және көрсетiлетiн  қызметтер салаларының осылайша даму серпiндерiн ескере отырып, ЖІӨ-нің  нақты өсуiнің деңгейі 2011 жылы 7,0 пайыз, 2012 жылы - 6,9 пайыз, 2013 жылы - 6,5 пайыз, 2014 жылы - 7,1 пайыз, 2015 жылы - 7,4 пайыз  деңгейінде бағаланды, бұл 2011 – 2015 жылдары жыл сайын орташа 7,0 пайызға өсуге мүмкіндік береді.

Елдің 2012-2016 жылдары әлеуметтік-экономикалық дамуы Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында айқындалған әлеуметтік-экономикалық дамудың нысаналы индикаторларына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

  1. Н.Ә.Назарбаевтың халыққа 2012 жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» жолдауы // akorda.kz
  2. Аубакиров Я. А.  Байжұманов Б.Б.  / Экономикалық теория .  Оқу құралы. – Алматы. Қазақ университетi. 356 б.
  3. Экономикалық саясат. Оқу-тәжірибелік құрал /Жанағұлов А.Ш., Сүйіндіков Ж.С.,Байгуренова М.А., Есдәулет М.А., Қуаныштаева А.Е.-Қарағанды 2006 - 205 б.
  4. Экономикалық ілімдер тарихы. Оқу құралы // Жанагулов А.Ш., Суиндыков Ж.С., - КЭУК, 2004 – 312 б.
  5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1227 Қаулысы. Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 47, 612-құжат
  6. Экономикалық теория негіздері. Оқулық / Әубәкіров Я. Ә., Нәрібаев КН., Жатқанбаев Е. Б. және басқ. - Алматы, 1998. 205 б.
  7. Экономикалық теория. Оқулық / Әубәкіров Я. Ә., Байжумаев Б. Б. ж.б. - Алматы, 2000. -380 б.
  8. Абилов Р.Д. «Нарықтық қатынастарды дамыту»// Қаржы-қаражат, 2005ж.№6. 35-3766
  9. Экономикалық теория. Акимбеков С.А./Астана, 2002.
  10. Шеденов Ө. Қ., Сағындықов Е. Н., Жүнісов Б. А., Байжомартов Ү. С., Конягин Б. И. Жалпы экономикалық теория - Ақтөбе: А-Полигра, 2004.
  11. Экономикалық теория. ҚЭУҚ - Қарағанды, 2005.
  12. Қазақстанның экономикасына қысқаша шолу 2012 қаңтар-сәуір // nationalbank.kz
  13. Қазақстанның аумақтары. Статистикалық жинақ // К.С. Абдиева редакциясы, 2011-2012 жж.
  14. Қазақстан  Республикасының статистикалық бюллетені – 2011-2012 жж. / www. Stat.kz
  15. Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі , 3-серия – Астна 2011-2012 ж.
  16. Қазақстан Республикасы өнеркәсібі жұмысының негізгі көрсеткіштері. 2-серия, – Астана 2011 2012 ж.
  17. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 699 қаулысымен мақұлданған 2011 – 2015 жылдары экономиканың жеті пайыздық өсуін қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары // minplan.kz
  18. 2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы // http://kz.government.kz



Информация о работе Қазақстандағы экономикалық өсу