Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Июня 2013 в 17:00, курсовая работа
Қазақстан ХХІ ғасырдың баспалдағында нарықтық эконономикаға бейімделіп, көптеген жетістіктерге қол жеткізіп дүениежүзіне таныла бастады. Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың халыққа 2012 жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» жолдауында: «Қазақстан жолының жаңа кезеңі – экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері. Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу – өмірлік маңызды нәрсе. Бүгінгі әлемде бұл – әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың түбегейлі мәселесі», - деп атап өткен [1].
Осымен, біздің міндетіміз жоғарыда аталған териялардың негізінде қазіргі кезде қоғамның әл-ауқатын көтеру мақсатында экономикалық өсуді жан-жақты қарастырып, позитивті жақтарын ескерген жөн. Әрине әрбір ұлттық экономиканың ерекшеліктеріне байланысты экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін басты тетіктерінің қызметін оңтайлы іске асыру оңай шаруа емес. Сондықтан да әлемдік тәжірибеге көңіл бөлу, жетістіктерге мән беру, алдағы уақытты тұрақты дамудың кепілі болып табылады.
Қажеттіліктердің жоғарлауы, дәстүрлі ресурстарды пайдалану, халық санының өсуі екі бірегей міндетті: экономикалық өсу мен экономиканың тиімділікті шешуді көздейді. Экономикалық өсу жасалынатын пайдалылықтардың көлемінің көбеюі, яғни халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарлауы болып табылады.
Өздігінен экономикалық өсу қарама-қайшылықтарға толы. Сөйтіп өндірістің және материалды игіліктердің тұтынуының ұлғаюын олардың сапасы мен өмір сүру жағдайының нашарлануының, тазартқыш құрылғыларды үнемдеудің арқасында жүзеге асыруға болады, ал өндірістің уақытша өсуіне ресуртарды жемқорлықты пайдаланудың нәтижесінде жетуге болады. Мұндай өсу не тұрақсыз, не мүлдем мәнсіз болып келеді. Сондықтан экономикалық өсу әлеуметтік тұрақтылық пен оптимизммен үйлескенде мән-мағынаға толы болады. Мұндай өсу бірқатар салмақталған мақсаттарға жетуді көздейді: өмір сүрі ұзақтығын көбейту, ауыруға шалдығу мен жарақаттану, мертігуге ұшырауды төмендету, білім беру менмәдениет деңгейін жоғарлату, қажеттіліктерді толық қанағаттандыру мен тұтынудың рационалдылығы, әлеуметтік тұрақтылық пен өз келешегіне деген сенімділікті арттыру, кедейшілік пен өмір сүру деңгейлеріндегі айырмашалықтарды жеңу, максималды жұмысбастылыққа жету, қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық қауіпсіздікті жоғарлату, қылиысты төмендету, т.с.с.
Экономикалық өсудің жолдары – бұл ұлғаймалы ұдайы өндірістің тарихи қалыптасқан бастапқы жолы. Әрине өзінің біріншілігінің нәтижесінде ол экономиканың бірқатар салаларын қамтитын көптеген мәселелерімен соқтығысты. Ал бұл мәселелерді атап өту экономикалық қатынастардың кейінгі дамуында болдырмау үшін маңызды. Экономикалық жағдайы боынаша алдыңғы қатарлы елдермен салыстырғанда жан басына шаққандағы табыс деңгейі төмен, нашар дамыған елдер әлемнің үлкен бөлігін құрайды. Бқұл елдер дами алады, бірақ қазіргі кезде экономикалық дамығандардан артта қалып отыр. Бұл жерде экономикалық өсудің экстенсивті жолы басым және олардың даму мәселелері үлкен қызығушылықты тудырады.
Даму кілті басты төрт факторларға негізделген:
Сондықтан экономикалық даму жағдайында осы факторлармен байланысты сұрақтарды қарастыру қажет. Олар: табиғи ресурстарды пайдалануды жақсарту және оны анықтау, халықтың жұмысбастылығы жайлы мәселелер, капитал салымының техника экономикалық прогресі туралы негізін қамтиды.
Экономикалық өсудің категориясы кез-келген шаруашылық жүйелер кезінде қоғамдық өндірістің маңызды сипаттамасы болып табылады.
Экономикалық өсу – уақыттың белгілі бір кезеңіндегі қоғамдық өнімді сандық және сапалық жетілдіру болып табылады.
Экономикалық өсу уақыттың
әрбір берілген бөлігінде ресурстар
шектеулігінің мәселелерін
Ең жалпылама түрдегі экономикалық өсу өндіріс пен оның факторларының (өнімділігінің) нәтижелерінің сандық және сапалық өзгеруін білдіреді.
Қазіргі кезде әртүрлі ұлттар, халықтар мен олардың үкіметтерімен жүргізілетін экономикалық талқылаулар мен пікір сайыстарда экономикалық өсу мәселелері алдыңғы қатарларда тұр. Нақты өндірістің өсіп келе жатқан көлемі кез-келген шаруашылық жүйе соқтығысатын мәселелерді: адамдардың шексіз қажеттіліктерін шектеулі ресурстар жағдайында қанағаттандыруды белгілі – бір дәрежеде шешуге мүмкіндік туғызады.
Экономикалық өсудің эксиенсивті және интенсивті түрлерін ажыратуға болады. Бірінші жағдайда қоғамдық өнімнің көбеюі өндіріс факторларының сандық көбеюінің: өндіріске еңбек, капитал (өндіріс құралдарын), жердің қосымша ресурстарын жұмылдырудың нәтижесінде жүзеге асады. Бұл кезде өндірістің технологиялық базасы өзгермейді. Өйткені дәнді дақылдардың неғұрлым үлкен көлемін алу мақсатында тың жерлерді жырту, электр станцияларын құру мен сатық жинайтын комбайындарды үлкен көлемде шығару үшін жұмысшылардың неғұрлым үлкен көлемін тарта беру – осының бәрі қоғамдық өнімді көбейтудің экстенсивті жолдарының мысалы. Экономикалық өсудің бұл типі кезінде өнімнің өсіміне жұмысшылар санын мен олардың мамандану құрамының сандық өсуінің және кәсіпорын қуаттылығының көбеюінің арқасында, сонымен қатар орнатылған жабдықтың көбеюінің арқасында қол жеткізуге болады. Нәтижесінде бір жұмысшыға есептегендегі өнім шығару бұрынғыдай қала береді [8, б.106].
Ал экономикалық өсудің интенсивті түрі кезінде қолданылатын еңбек, капитал мен басқалардың көлемі өзгеріссіз қала берсе де бастысы өнімділік тиімдлігінің жоғарлауы мен өндірістің барлық факторларын пайдаланудан түскен кері қайтарылымдықтың өсуі болып табылады. Мұнда негізгісі болып өндіріс технологияларының жетілуі, өндірістің негізгі факторларының сапасының жоғарлауы табылады. Интенсивті экономикалық өсудің маңызды факторы – еңбек өнімділігінің жоғарлауы. Бұл көрсеткішті бөлшек түрінде белгілеуге болады: ЕӨ= Е/Ө, мұндағы ЕӨ - еңбек өнімділігі, Е- натуралды немесе ақша түрінде өрнектелген жасалынған өнім, Ө - еңбек бірлігінің шығындары ( мысалы, адам – сағат).
Экономикалық теорияда жиынтық ұсыныс жағындағы факторларды бөліп көрсетеді. Оларға:
А) табиғи ресурстардың көлемі мен сапасы
Б) еңбек ресуртарының көлемі мен сапасы
В) негізгі капиталдың көлемі
Г) ғылыми техникалық прогрестің деңгейі.
Жиынтық сұраныс факторларынан жоғарланған ұлттық өнімді сатуға байланысты және жиынтық сұраныстың барлық элементтері барлық көбейіп жатқан ресурстардың толық жұмсалуын қамтамасыз етілуі керек. Бұдан басқа жиынтық сұраныспен байланысты факторларға ресурстарды тиімді бөлу де жатады.
Факторлардың маңыздыларының бірі еңбек шығындары табылады. Бұл фактор біріншіден ел халқының санымен анықталады. Бірақ халықтың белгілі бір бөлігі еңбекке жарамдылар санына енгізілмейді және еңбек нарығына шықпайды, оларға оқушылар, зейнеткерлер, әскерілер, т.б. жатады. Ал жұмыс істегісі келетіндер еңбек күшін құрайды. Бұдан басқа еңбек күшінің құрамында жұмыссыздар, сонымен қатар жұмыс істегісі келіп, бірақ оны таба алмай жүргендер көрсетіледі. Сөйтіп 1999 ж. АҚШ-та бүкіл халықтың жұмыс бастылары 52% құраған.
Әйтсе де еңбек шығындарын жұмысбастылар санымен өзгерту нақты жағдайды толық мөлшерде көрсетпейді. Еңбек шығындарының неғұрлым нақты өлшемі болып еңбек уақытының сомалық шығындарын ескеруге мүмкіндік беретін жұмыс істелген адам-сағат көлемдерінің көрсеткіштері табылады. Жұмыс уақыты шығындарының көбеюі бірқатар факторларға тәуелді: халық өсімдерінің қарқындарына, жұмыс істеу ықыласына, жұмыссыздық деңгейіне, зейнетақымен қамсыздану деңгейіне, т.б. Барлық факторлар уақыт аралығында және елдер бойынша экономикалық дамудың қарқындары мен деңгейлеріндегі бастапқы айырмашылықтарды құра отырып өзгереді.
Сандық факторларымен
қатар еңбек күшінің сапасы мен
сәйкесінше өндіріс процесіндегі еңбек
шығындарының сапасы маңызды рөл
атқарады. Білім деңгейі мен жұмысшылар
мамандануының жоғарлауынан еңбек
өнімділігінің жоғарлауы
Экономикалық өсудің келесі маңызды факторы болып капитал табылады. Ол – құрылғылар, ғимараттар мен тауар қорлары. Негізгі капитал тұрғын қорды да енгізеді. Өйткенде үйлерде тұратын адамдар үйлер көрсететін қызметтерден пайда болады. Фабрикалық ғимараттар мен конторлар өз жабдықтарымен өндіріс факторлары болып табылады. Өйткені машиналардың үлкен санымен қаруланған жұмысшылар тауарларды көбірек шығарады.
Экономикалық өсудің тағы бір маңызды факторы – жер, нақтырақ айтсақ табиғи ресурстардың саны мен сапасы. Әртүрлі табиғи ресурстардың қорлары, құнарлы жерлердің болуы , жағымды да жайлы климат пен ауа-райлық жағдайлар елдің экономикалық өсуіне айтарлықтай салмақты үлес тигізетіні белгілі.
Әйтсе де, көлемді табиғи ресурстардың қолда болуы әр уақытта экономикалық өсудің жеткілікті факторы болып табылмайды. Мысалы, Оңтүстік Америка мен Африканың кейбір елдері табиғи ресурстардың көлемді қорларын иемдене отырып, әлі күнге дейін артта қалған елдер қатарында жүр. Бұл экономикалық өсуге ресурстарды үнемді де тиімді пайдалану ғана әкелетіндігін білдіреді.
Ғылыми – техникалық прогресс экономикалық өсудің басты құрылғысы. Ол өндіріс процесін жетілдіруді сипаттайтын бірқатар құбылыстарды қамтиды: технологияларды жетілдіру, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа әдістері мен нысандары. Ол берілген ресурстарды шығарылатын түпкі өнімді көбейту мақсатымен жаңадан алмастыруға мүмкіндік береді. Бұл кезде әдеттегідей жаңа, неғұрлым тиімді, пайдалы салалар пайда болады. Тиімді өндірістің көбеюі, ұлғаюы экономикалық өсудің негізгі факторы ретінде қалыптасып келе жатыр.
Жоғарыда айтылғандардың бәрінен келесідей келесідей қорытындыны айтуға болады:
Жоғарыдғы мәселелерді қарастыра келе дамудың экстенсивті жолы өзін сарқып бітті. Жаңа, әлі даму үстіндегі экономикалық қатынастар жағдайында экономикалық жаңа өрлеуге жол бермей тек қайшылықтарға әкеледі. Сондықтан объективті түрде экономикалық өсудің үлгісін ауыстырып, халық шаруашылығын интенсивті даму жолына қою керек. Бірақ интенсивті жолдың өзі экстенсивтіден туындағанын ұмытпау керек. Жаңа экономикалық қатынастардың дамуына негіз құрып, экстенсивті өсу жолы бүкіл әлемнің ұлттық шаруашылықтарының дамуына үлкен үлесін енгізді.
Бүгінгі Қазақстан – қоғам өмірінің барлық салаларында оң өзгерістерге жетіп, экономикасы, білімі мен мәдениеті тұрақты дамыған, ынтымағы жарасып, берік нығайып келе жатқан еңселі ел болып табылады.
Біз тәуелсіздік аясында айтулы жетістіктерге жетіп, өзіндік тәжірибе жинақтап, нығайып келеміз. Аз уақыттың ішінде егемен еліміздің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты, мәдени, рухани келбеті бұрын болып көрмеген биік деңгейге көтеріле түсті.
Қазақстан Республикасының
макроэкономикалық
2012ж. қаңтар-сәуір үшін экономиканың өсуіне баяулау тренді белгіленді, бұл ретте ағымдағы жылы өсу 2011 жылғы осындай кезеңге қарағанда барынша төмен деңгейде қалыптасады. 2012 жылғы қаңтар-наурызда ЖІӨ 5,6% өсті (2011ж.1-тоқ. - өсу 6,8%). ЖІӨ өсуінің баяулауы ауылшаруашылығының (5,1%), тау-кен өндіру саласының (0,2%), құрылыстың (0,7%) төмендеуіне себепші болды. Сәуірде экономиканың өсуі баяулады және 2012ж. қаңтар-сәуір үшін қысқа мерзімді экономикалық индикатор 104,6%-дан 104,4%-ға дейін төмендеді. 2012 жылғы қаңтар-сәуір үшін құрылыс, ауылшаруашылығы, тау-кен өндіру саласы бірінші үш ай бойының теріс динамикасын жеңе алмады және төмендеуді көрсетті. Бұл ретте экономиканың қалған салалары өсу қарқынын баяулауын атап өтті (сурет 1).
Сурет 1. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор
Ал енді экономикадағы теріс және оң өзгерістерді 1-2 кестеде талдайық.
2012 жылғы қаңтар-сәуірде экономиканың өсу қарқыны баяу болғанымен оның өсуі жалғасты. Іс жүзінде барлық салалар баяу өсуді көрсетті, бұл ретте құрылыста, ауыл шаруашылығында, тау-кен өндіру саласында төмендеу байқалды.
Кесте 1 - Экономикадағы оң үдерістер
р/с№ |
Көрсеткіштер |
2012ж.қаң.-сәу. 2011ж.қаң.-сәу.%-бен |
Факторлар |
2012ж.қаң.-нау. 2011ж.қаң.-нау.%-бен |
1. |
Жалпы ішкі өнім (2012ж. қаңтар-наурыз) |
105,6 |
ауылшаруашылығынан, құрылыстан басқа барлық құрамдас бөліктер бойынша өсу |
|
2. |
Өнеркәсіп |
102,7 |
өсудің баяулауы тау-кен өндіру саласындағы төмендеуге себепші болды |
102,9 |
3. |
Өңдеуші сала |
107,8 |
Баяулау қара металлургияның төмендеуінен металлургиялық өнеркәсіптің өсуінің тежелуіне себепші болды |
108,6 |
4. |
Көлік (жүк айналымы) |
116,7 |
баяулау сәуірде мұнай тасымалдау көлемінің төмендеуіне себепші болды |
118,1 |
5. |
Байланыс |
114,0 |
баяулау сәуірде ұялы байланыс қызметінен кірістердің төмендеуіне себепші болды |
116,7 |
6. |
Сауда (бөлшек тауар айналымы) |
111,8 |
өсудің аздап баяулауы сәуірде дүкендердегі сату көлемінің төмендеуіне себепші болды |
112,0 |
7. |
Негізгі капиталға инвестициялар |
104,1 |
меншік, бюджет және заем қаражатының желісі бойынша түсімдердің ұлғаюы |
103,1 |
9. |
Инфляция |
105,0 |
азық-түлік тауарлары |
105,1 |
10. |
Сыртқы сауда айналымы (2012ж. қаңтар-наурыз) |
134,1 |
экспорттың және импорттың өсуінің баяулауы |
151,1 |
10.1. |
-экспорт |
132,3 |
өсудің баяулауына наурызда мұнай және газ жеткізудің, қара металдар прокатының төмендеуі ықпал етті. |
152,0 |
10.2. |
-импорт |
138,7 |
өсудің баяулауына наурызда май және тоң майлар, қант, кокс және жартылай кокс, алкоголь сусындары түсімдерінің төмендеуіне ықпал етті |
148,6 |