Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Июня 2013 в 17:00, курсовая работа
Қазақстан ХХІ ғасырдың баспалдағында нарықтық эконономикаға бейімделіп, көптеген жетістіктерге қол жеткізіп дүениежүзіне таныла бастады. Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың халыққа 2012 жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» жолдауында: «Қазақстан жолының жаңа кезеңі – экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері. Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу – өмірлік маңызды нәрсе. Бүгінгі әлемде бұл – әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың түбегейлі мәселесі», - деп атап өткен [1].
Өңдеу өнеркәсiбіндегi өндiрiстiң өсу қарқыны (орташа 10 пайыздан көп) тау-кен өндiрісі секторындағы өсуден жоғары болуы керек.
Құрылыс саласындағы жоспарланған шаралар мен өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық объектілердің кеңеюін, бағдарламалық құжаттарда ескерiлген инвестициялардың көлемiн ескере отырып құрылыс саласындағы өсу 2011 жылы 2,5 пайыз, 2012 жылы 3,1 пайыз деңгейінде айқындалған.
Нақты сектордың өсуі ұсынылатын қызметтер көлемiнің ұлғаюына ықпал ететін болады.
Сауда көлемiнің өсуі ағымдағы жылы 12 пайызға және 2012 – 2015 жылдары 8-10 пайызға бағаланады [17].
Өнеркәсіп өндірісі көлемінің насаналы параметрлер шегінде ұлғаюы көлiк қызметiнің жыл сайын 7-8 пайызға арттыруына себеп болады.
Ақпарат және байланыс қызметтерi жыл сайын 7-9 пайызға өсуi керек.
Нақты сектор және көрсетiлетiн қызметтер салаларының осылайша даму серпiндерiн ескере отырып, ЖІӨ-нің нақты өсуiнің деңгейі 2011 жылы 7,0 пайыз, 2012 жылы - 6,9 пайыз, 2013 жылы - 6,5 пайыз, 2014 жылы - 7,1 пайыз, 2015 жылы - 7,4 пайыз деңгейінде бағаланды, бұл 2011 – 2015 жылдары жыл сайын орташа 7,0 пайызға өсуге мүмкіндік береді.
2011 – 2015 жылдары экономиканың
өсуінің нысаналы
Шикізат емес салаларды белсендi дамыту арқасында орташа 7 пайыздан артық қосымша өсім қамтамасыз етiлетін болады.
Жұмыспен қамтылған халық саны 2015 жылы 8,5 миллион адамға дейiн өсуі керек.
2011 – 2015 жылдардағы сыртқы сауда айналымының жыл сайын орташа 7 пайыздан аса, соның iшiнде экспорт - 5 пайыздан көп, импорт - 10 пайызға ұлғаюы болжануда.
Өсу индикаторларын мемлекеттiк
органдардың стратегиялық жоспарларында
бекiту қажет, өйткені олардың табыстары
әрбiр жетекшiнiң тікелей
Экономикалық өсу жеткiлiктi экономикалық ресурстармен (инвестициялар, еңбек ресурстары, энергия ресурстары, инфрақұрылым) қамтамасыз етілуі тиіс.
Жалпы ішкі өнімнің жыл
сайын орташа 7,0 пайызға өсуi үшiн
есептер бойынша негізгі
Экономикалық даму және сауда министрлігі, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, «Самұрық – Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры экономикаға шетелдiк капиталды (инвестициялар, қарыздар және тағы басқалар түрiнде) тарту жөніндегі іс-қимыл жоспарын пысықтауы керек.
Әлемнің ірі дамыған және дамушы экономикалары өсуінің ағымдағы үрдістері мен перспективаларға сүйене отырып, біз әлемдік экономика үшін мынадай келесі негізгі қатерлер бар деп болжаймыз:
1) евроның шет аймағындағы елдер проблемаларының Еуропаның негізгі елдеріне таралу мүмкіндігі ЕО елдері экономикасының даму қарқынын баяулатуы мүмкін. ҚР экспортының 52%-ы және импортының 24,3%-ы ЕО елдеріне келетіндіктен, бұл бағаның және осы елдерге негізгі экспорттық тауарлар көлемінің төмендеуіне алып келуі мүмкін:
2) экономикасы дамыған негізгі елдердегі бюджеттік шоғырландырудың орта мерзімді жоспарларын әзірлеудегі прогрестің жеткіліксіздігі және АҚШ-тың жылжымайтын мүлік нарығының сақталып отырған әлсіздігі.
Жаһандық экономика үшін басқа тәуекел экономикасы дамыған ірі елдердегі бюджеттік шоғырландырудың орта мерзімді жоспарларын әзірлеудегі прогрестің жеткіліксіздігіне негізделген. Жуырда АҚШ-та және Жапонияда қабылданған ынталандыру шаралары бюджеттің орта мерзімді орнықтылығына қол жеткізуді қиындата түседі. АҚШ-тың ФРЖ сандық жұмсарту бағдарламасы QE 1 және QE 2 (QE 1 - 1,7 трлн. долл., QE 2 – 600 млрд. долл.) барынша жұмсақ ақша-кредит саясаты аясында (ФРЖ ставкасы 0-0,25%) жүргізілді. Сондықтан қауіпсіз салымдардың стандартты объектілерінің (қайта қаржыландыру ставкаларына байланыстырылған депозиттер, қысқа мерзімді қазынашылық облигациялары және т.б.) кірістілігі азайды. Осындай жағдайларда инвесторлар ақшаларын акциялар, шикізат және азық-түлік нарықтарына шығарады, бұл нарықтардың тұрақсыздығын және жаһандық инфляцияның өсу қатерін арттырады;
3) нарығы қалыптасып жатқан елдерге алыпсатарлық капитал ағынының салдарынан биржа тауарларына бағаның жоғары болуы және қызып кету.
Қазіргі уақытта әлемдік тұтынудың 40 % дерлік және әлемдік өсудің үштен екісінен астамы нарығы қалыптасып келе жатқан елдердің үлесіне келеді, осы елдердегі өсу қарқынының төмендеуі әлемдік өсуге елеулі зиянын тигізген болар еді. Осы елдерде барынша елеулі тәуекелдер қызып кетумен, инфляциялық қысымның жылдам өсуімен және қиындық туындау мүмкіндігімен байланысты болып отыр. Нарығы қалыптасып келе жатқан елдердің арасында Қытай өсудің негізгі локомотиві болып табылады. ҚХР қызып кетумен және инфляциялық қысымның өсе түсуімен ақша кредит саясатын қатаңдату жолымен күресті қазірдің өзінде бастап отыр, бұл әлемдік экономиканың дамуын баяулатуы мүмкін.
Әлемдік экономикадағы дағдарыстан кейінгі кезең бағаның жаһандық өсуімен сипатталады. Энергия тасығыштарға бағалар әлемдегі жоғары сұраныстың және капиталдың биржа тауарлары нарығына алыпсатарлық ағынның ықпалымен өсті [17].
Бұдан басқа, мұнайдың әлемдік нарықтары өсе түскен тапшылық кезеңін бастан өткеруде. Мұнай ұсыныстарын қосымша шектеу әлемде геосаяси қатерлерді туындатады. Осы факторлардың әсерінен, халықаралық ұйымдардың бағалау бойынша мұнай бағасы болжамды кезеңде жоғары қалпында (шамамен 100 доллар баррелі) қалуы ықтимал.
Бағаларды өсіре түсетін қысым 2011 жылы да жалғасатын болады. Жаһандық инфляцияның және бағаның тұрақсыздығының өсуі осы кезеңнің сипатты ерекшелігі болады, бұл әлемдік экономиканың тұрақсыздығы жағдайында жаһандық теңгерімсіздіктермен және бағалардың биржа тауарлары мен азық-түлік нарығындағы күйзелісті ауытқуларымен шартты байланысы бар.
Нарығы қалыптасып келе жатқан елдер бағалардың өсуі мен олардың тұрақсыздығының ерекше қатеріне бейім болады, 3-кесте.
Кесте 3 - Мұнайдың әлемдік бағасының болжамдары жылына орта есеппен баррелі үшін/АҚШ доллары
Компания |
2011 |
2012 |
2013 |
2014 |
2015 |
Күн |
ANZ |
110.7 |
117.6 |
119.8 |
109.6 |
102.1 |
07.10.11 |
BNP Paribas |
112.0 |
116.0 |
18.11.11 | |||
Barclays Capital |
112.0 |
115.0 |
125.0 |
130.0 |
135.0 |
25.11.11 |
3-кестенің жалғасы
Citigroup Investment Research |
111.4 |
110.0 |
120 |
86.95 |
89.0 |
12.11.11 |
Commerzbank |
110.0 |
106.0 |
11.11.11 | |||
Deutsche Bank |
111.15 |
115.0 |
120.0 |
123.0 |
125.0 |
02.12.11 |
Еconomist intelligence Unit |
111.0 |
95.0 |
97.5 |
100.0 |
104.0 |
14.12.11 |
HSBC |
110.0 |
90.0 |
90.0 |
79.0 |
80.0 |
31.05.11 |
ING |
107.5 |
100.0 |
95.0 |
90.0 |
85.0 |
01.04.11 |
JP Morgan |
111.93 |
112.24 |
109.89 |
106.73 |
03.06.11 | |
Lloyds TSB |
111.4 |
106.8 |
05.10.11 | |||
Morgan Stanley |
100.0 |
100.0 |
29.11.11 | |||
Raiffeisen RESEARCH |
111.0 |
98.0 |
110.0 |
125.0 |
130.0 |
13.10.11 |
Royal Bank of Scotland |
107.0 |
95.0 |
90.0 |
86.0 |
84.0 |
15.09.11 |
Rye, Man & Gor Securities |
112.0 |
100.0 |
103.0 |
106.0 |
108.0 |
12.12.11 |
Scotia Capital |
111.0 |
108.0 |
110.0 |
01.12.11 | ||
Societe Generate |
107.8 |
110.0 |
115.0 |
120.0 |
126.0 |
22.11.11 |
Standard Bank |
108.0 |
110.0 |
115.0 |
110.0 |
10.11.11 | |
TD Securities |
110.0 |
105.0 |
115.0 |
115.0 |
16.12.11 | |
ВТБ Капитал |
112.0 |
100.0 |
95.0 |
95.0 |
95.0 |
05.10.11 |
ЮниКредит Секьюритиз |
115.0 |
120.0 |
12.12.11 | |||
Консенсус-болжам |
110.22 |
105.22 |
106.35 |
103.94 |
102.29 |
Ішкі жағдайлар инвестициялық белсенділік пен мемлекеттік және жеке секторлардың тұтынуын ынталандыру есебінен экономикалық өсудің мақсатты параметрлеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін 2011 – 2015 жылдары макроэкономикалық теңгерімді қолдау мақсатында ақша және салық-бюджет саясатының құралдарын тиімді пайдалануды көздейтін жиынтық сұраныс пен ұсынысты мемлекеттік реттеу тетігі қолданылатын болады.
Экономиканың орта мерзімді кезеңінде орнықты және ілгері дамуы үшін макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету қажет.
ҚР Үкіметі мен Ұлттық Банкінің күш-жігері инфляцияны бір таңбалы сан шегінде ұстап қалуға бағытталатын болады. Бұл үшін қажет болған жағдайда ақша-кредит саясатын қатаңдату бойынша шаралар қолданылатын болады.
Инвестициялар саласындағы заңнамада инвесторларды тарту үшін ынталандыру пакеттері көзделетін болады, ынталандырулардың базалық пакеті Қазақстанның барлық резиденттеріне, оның ішінде экономикалық қызметтің басым түрлерінде қызметін жүзеге асыратын инвесторлар үшін қолданылатын болады. Барынша маңызды инвестициялық жобалар үшін арнайы режимдер жасалатын болады; шетел инвесторларымен және Қазақстанның инвестициялық имиджін ілгерілету бойынша жүйелі жұмыс жүргізілетін болады.
Өнеркәсіп өндірісінің және жүк тасымалының өсуі көлік инфрақұрылымына қосымша жүктеме түсіретін болады.
Экономиканың өсуі электр энергиясын тұтынудың ұлғаюымен қатар жүретін болады.
Бүгінгі күнде салалық және аумақтық аспектілерде еңбек нарығының ағымдағы және перспективті қажеттілігінің жалпы мониторингін жүргізуге мүмкіндік беретін еңбек нарығындағы жағдайдың мониторнингі мен оны болжамдаудың нақты жүйесі жоқ.
Экономикалық даму және сауда министрлігі өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп аталған құжатты ағымдағы жылдың соңына дейін әзірлеу қажет.
Осыған байланысты қабылданған «Жұмыспен қамту – 2020», «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламаларын және әзірленіп жатқан 2001 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасын, сондай-ақ басқа да бағдарламалық құжаттарды іске асыруды ескере отырып орта мрзімді кезеңдегі сияқты ұзақ мерзімді кезеңде еңбек ресурстарының балансын жүйелі жоспарлаудың Бірыңғай тетігін әзірлеу керек.
Инфляцияның өсуіне жол бермеу бірінші кезектегі міндет болып табылады. Жоғары инфляция шетелдік инвестицияларды тартуға, өндірістердің кеңеюі мен капиталдың жинақталуы үшін қажет қарыз ресурстарының құнын төмендетуге мүмкіндік бермейді. Бұдан басқа, жоғары инфляцияның салдары әлеуметтік бағдарламаларға зиянын тигізеді.
Ағымдағы жыл инфляциялық
үрдістердің үдейе түсуі
Жоспарланған параметрлерде қалу үшін және жыл соңына инфляция деңгейінің бір таңбалы саннан асып кетпеуі үшін негізінен азық-түлік нарығында және жанар-жағармай материалдары нарығындағы бағаларға назар аудару қажет.
Ауыл шаруашылығы министрлігі, облыс, Астана және Алматы қалаларының әкімдері тұтастай алғанда ағымдағы жыл соңына дейін азық-түлік тауарларына бағаның 9,5-10 пайыздан асуына жол бермеуі тиіс.
Мұнай және газ министрлігі, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мұнай өнімдері мен көмір бағаларына бақылау жасауды, ағымдағы жылдың соңына дейін олардың одан әрі жоғарылауына жол бермеуін қамтамасыз етуі қажет.
Бағаның негізсіз жоғарылауын
болдырмау мақсатында әрдайым бөлшек
сауда желісіндегі жанар-
Экономикадағы жоғары инфляциялық аяны ескере отырып ағымдағы жылы инфляцияға реттелетін қызметтер тарифтерінің шекті үлесі 1,58 пайыздық тармақ деңгейінде анықталған.
Ақша-кредит саясаты бірінші кезекте бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.
Қазақстан Үкіметінің арнайы
қаулысымен бекітілген 2012-2016 жылдар аралығын
қамтитын еліміздің әлеуметтік-
Елдің 2012-2016 жылдары әлеуметтік-
Стратегиялық жоспарды
сәтті іске асыру Қазақстан экономикасының
тұрақты өсуіне мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының