Бағалы қағаздар нарығының мәні функциясы және қатысушылары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 16:57, курсовая работа

Описание работы

Бағалы қағаздардың түрі түсінігінде бағалы қағаздарға тиісті жалпы және бірдей белгілердің жиынтығы. Бағалы қағаздар жіктелуін және бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуін айыра білу керек.
Бағалы қағаздардың жіктелуі – бұл бағалы қағаздардың өздеріне тиісті белгілері бойынша бөлінуі.
Бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуі – бұл бір бағалы қағаздарды топтастыру; бағалы қағаздарды басқа да түрлерге бөлу.

Файлы: 1 файл

Банк есеп.doc

— 541.00 Кб (Скачать файл)

 

  1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ МӘНІ ФУНКЦИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

         1.1 Бағалы қағаздардың нарығының мәні  және олардың   қызметтерімен түрлері

 

Бағалы қағаздардың түрі түсінігінде бағалы қағаздарға тиісті жалпы және бірдей белгілердің жиынтығы. Бағалы қағаздар жіктелуін және бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуін айыра білу керек.

Бағалы қағаздардың жіктелуі – бұл бағалы қағаздардың өздеріне тиісті белгілері бойынша бөлінуі.

Бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуі – бұл бір бағалы қағаздарды топтастыру; бағалы қағаздарды басқа да түрлерге бөлу. Өз  кезегінде түрлерді одан әрі бөлуге болады. Әрбір төменгі тұрған жіктеу жоғарғы тұрған жіктеудің құрамына кіреді. Мысалы, акция – бағалы қағаздардың бір түрі. Қарапайым акция бір дауысты немесе көп дауысты, номиналмен немесе номиналсыз болуы мүмкін.

Бағалы қағаздар жоғарыда айтылғандай белгілі бір сипаттың жиынына ие.

Уақытша сипаттамасы: 

- қызмет ету мерзімі: айналысқа  қай уақытта шығарылған, қай уақыт  кезеңіне немесе мерзімсіз;

- пайда болуы: басы өзінің бірінші негізінен келе ме немесе басқа бағалы қағаздардан.

Кеңестік сипаттамасы:

-  қызмет ету нысаны: қағазды  немесе заңды түрде айтқанда  құжатты нысан немесе қағассыз, құжатсыз нысан;

-  ұлттық белгісі: отандық немесе  басқа мемлекеттік, яғни шетелдік;

аймақтық белгісі: елдің қай аумағында шығарылған.

Нарықтық сипаттамасы:

- бағалы қағаздар негізінде жатқан актив түрі немесе оның шығу негізі (тауар, ақша, фирманың жиынтық активі және т.б.);

- иемдену тәртібі: ұсынушыға, атаулы, ордерлі. Атаулы бағалы қағаздар  – онда көрсетілген тұлғаның  құқығын куәландыратынын көрсетеді. Ұсынушы бағалы қағаздары – құқық оны ұсынушы адамға жатады. Ордерлі бағалы қағаздар – құқық онда аталған адамға тиесілі.

- шығару нысаны: эмиссионды, яғни  ішінде барлық бағалы қағаздар  өздерінің сипаттары бойынша  бірдей болып келетін бөлек  сериялар бойынша шығарылады  немесе эмиссиялық емес;                                       

- меншік нысаны немесе бағалы  қағаздарды нарыққа шығарушы  эмитент түрі: мемлекет, корпорациялар, жеке тұлғалар;

- айналыс сипаты: нарықта еркін  немесе шектеулі айналады;

- бағалы қағаздар ұсынатын құқық түрі негізінде экономикалық мәні;

тәуекел деңгейі: жоғары, төмен және т.б.;

- табыс көзі: бағалы қағаздар  бойынша табыстың қандай да  болса бөлігін төлей ме, жоқ  әлде төлемей ме;

- қаражат салымының нысаны: ақша  қарызға немесе меншік құқығын  иемденуге қаржылана ма.

Бағалы қағаздар сонымен қатар мерзімді және мерзімсіз болып бөлінеді.

Мерзімді – оларды шығару кезінде мерзімі белгіленетін бағалы қағаздар. Әдетте мерзімді бағалы қағаздар екі түрге бөлінеді:

- қысқа мерзімді, айналымда бір  жылға дейін жүретін;

- ұзақ мерзімді, айналымда бір  жылдан жоғары мерзімде жүреді.

Мерзімсіз – айналым мерзімі шектелмеген бағалы қағаздар, яғни олар шексіз қызмет етеді және бағалы қағаздар шығару кезінде өтеу мерзімі көрсетілмейді.

Бағалы қағаздардың пайда болуының классикалық нысаны – қағаз, яғни бағалы қағаз құжат түрінде қолданылады. Бағалы қағаздар нарығының дамуы бағалы қағаздардың көп түрінің, ең алдымен эмиссиялық нысанын құжатсыз нысанға ауысуын талап етеді.

Инвистициялық (капиталдық) – капитал салымы үшін обьекті болып табылатын бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, фьючерлік келісімдер және т.б.).

Инвистициялық емес – тауар  немесе басқа  нарықта ақшалай есеп  айырысуға қызмет көрсететін бағалы қағаздар (вексельдер, чектер, коносаменттер).

Эмитенттің  құқықтық мәртебесін , инвистициялық  және несиелік тәуекел деңгейін, инвесторлардың  қызығушылығы мен басқа факторларды ескергенде қордың бағалы қағазы  үш топқа бөлінеді:

- мемлекеттік;

- муниципалдық;

- мемлекеттік емес.

Мемлекеттік  бағалы қағаздар – мемлекеттің  ішкі қарыздарының нысаны; эмитенті  мемлекет  болып табылатын  қарыздық  бағалы қағаздар . Мемлекеттік  бағалы қағаздар  ішінде  қазынашылық  вексельдер мен міндеттемелер, мемлекеттік және жинақ қарыздарының облигациялары кең тараған.

Муниципалдық  бағалы қағаздарға жергілікті  өкімет органдарының қарыздық  міндеттемелері жатады.

Мемлекеттік  емес бағалы қағаздар корпорациялық  және жеке қаржы институттарымен ұсынылады. Корпорацияға кәсіпорындардың, ұйымдардың, банктердің қарыздық  міндеттемелері мен акциялары жатады. Жеке бағалы қағаздарға  жеке тұлғалар шығаратын вексельдер, чектер жатуы мүмкін.

Нарықтағы айналым ерекшелігіне байланысты бағалы қағаздарды нарықтық  (айналымды) және  нарықтық емес (айналымсыз)  деп бөледі.

Нарықтық бағалы қағаздар екінші нарықта биржалық  және биржадан тыс айналыс шегінде еркін сатып алынуы және сатылуы мүмкін. Ол шығарылғаннан кейін  эмитентке кезектен тыс ұсынылмайды.

Нарықтық емес бағалы қағаздар  бір қолдан екінші қолға еркін ауыспайды , яғни оларда екінші айналыс болмайды. Бұл мынадай бағалы қағаздарға жатады, мысалы, эмитент бағалы қағаздарды шығару кезінде тек эмитенттен басқа адамға сатылмауы тиіс деген шарт қояды.

Сонымен қатар, айналысы шектелген бағалы қағаздар туралы айтып кетуге болады. Сатып алу – сату мәмілесі бойынша шектеулер жабық акционерлік қоғамының акцияларына жатады.

Бағалы қағаздардың  борышқорлық және иемденуші үлесіне бөлінуі өз кезегінде ақша қаражаттарын пайдаланудың екі мүмкін тәсілдерін көрсетеді:

- әр түрлі активті меншікке  алуға;

- уақытша пайдалануға.

Егер бағалы қағаздар  салынған ақша сомасын қайтарып беру шартымен шектелген мерзімге шығарылса, онда олар борышқорлық болып табылады.

Бұл облигациялар, банктік сертификаттар, вексельдер және т.б. Иеленуші бағалы қағаздар  активтерге сәйкес меншік құқығын береді. Бұл акциялар, варанттар, коносаменттер және т.б.

Эмиссиялық бағалы қағаздар ірі серияда және көп көлемде және әрбір серияның ішінде ұқсас шығарылады. Бұл – акция және облигация.

Эмиссиялық  емес бағалы қағаздар  аз серияда немесе санаулы түрде шығарылады.

Қазіргі  әлемдік тәжірибеде қолданылатын бағалы қағаздар  екі үлкен сыныпқа бөлінеді.

          1 –  сынып – негізгі;

2 – сынып – туынды.

Негізгі  бағалы қағаздар – қандай да болса  бір активті (тауар, ақша, капитал, мүлік, әр түрлі ресурстар және т.б.) мүлік құқығы жататын бағалы қағаздар. Негізгі  бағалы қағаздарға  акциялар мен облигациялар жатады.

«Қазақстан  Республикасындағы  бағалы қағаздар  нарығы туралы» Заңында  туынды бағалы қағаздар – басқа бағалы қағаздар  арқылы өзінің құнын айырады деп айтылған . Туынды бағалы қағаздар – бұл әр түрлі базистік активтермен бейнеленген, мүліктік  жағдайға  негізделген ерекше әмбебап тауар , оны  сатып ала отырып иесі, белгілі бір мерзімге кәсіпкерлік  табыс алуға  деген құқығын  жүзеге асырады. Туынды бағалы қағаздарға фьючерстер, опциондар, форварттар, варанттар, своптар, депозитарийлік  куәліктер  және тағы басқалар  жатады.

«Қазақстан  Республикасындағы  акционерлік қоғам туралы»  Заң  негізінде акционерлік қоғам  акционерлердің  жалпы  жиналысының  немесе  қоғамның  директорлар  кеңесінің  шешімімен  туынды бағалы  қағаздарды,соның  ішінде бағалы  қағаздар нарығы  туралы заңдылықтарға

сәйкес  варранттарды  да  шығаруға  құқығы бар. Қоғам   Қазақстан  Республикасының  сыртында да туынды  бағалы  қағаздарды  шығарып, орналастыруға құқылы. Коммерциялық  емес ұйым болып  табылатын қоғам туынды  бағалы қағаздар шығаруға  құқығы жоқ.

Варрант    акционерлік қоғам  шығаратын  және варрантта бекітілген  баға бойынша  бағалы қағаздардың  белгілі бір көлемін  одан  сатып алу үшін ұстаушы  құқығын куәландыратын  туынды  бағалы қағаздар  болып табылады. Қоғам акция және облигация  эмиссиясымен қатар варрант шығаруға құқы бар. Варранттар бағалы қағаздардан  оларды шығарғаннан кейін бөлінеді  және оларда  көрсетілген бағалы қағаздарды  сатып алғанға дейін нарықта өз бетінше  айналыста жүреді. Варранттар бөлініп  шыққаннан  кейін  бағалы қағаздардың  сатылу құны олардың бағасына азайтылады. Қоғам варрантты қоғамның  болашақтағы бағалы қағаздар   эмиссиясымен шығаруға  құқығы бар. Олар иемденушіге қоғамнан бағалы қағаздарын  варрантта келісілген баға бойынша  белгіленген кезең шегінде , кез келген  уақытта алуға құқық береді. Варрант иемденушіге дауыс беру құқығын  бермейді  және олар бойынша  дивидент есептелінбейді.

Қоғам  басқару  органының  шешімі бойынша  опцион жағына  шығарылатын  бағалы қағаздардың  белгілі бір  көлемін сатып алуға және сатуға  артықша құқық беретін опцион жасауға құқығы бар. Опционды жасау жағдайы  және тәртібі  және олардың  айналысы  бағалы қағаздар  нарығы туралы заңдылықпен реттеледі.

Туынды бағалы қағаздар   санатына ең алдымен депозитарийлік  қолхаттар жатады. Депозитарийлік    қолхат – бұл шетел  эмитентінің   бағалы қағаздар   бойынша  шығарылған және елде еркін айналыста  жүретін туынды бағалы қағаз.                                                       

Бұл инвесторлардың  шетел  эмитенттерінің   бағалы қағаздарын иемдену үшін қаржылық құрал болып табылады.   Эмитенттердің депозитарийлік    қолхаттарын шығару шетел  капиталының  инвестициясының  өсуімен, оларды тіркеу қажеттілігінің  болмауымен, оларды  жергілікті  салықты  төлеуден босатумен  және барлық  инвесторлар үшін қол жеткізілуімен  байланысты.  Депозитарийлік    қолхаттардың  келесі түрлерін  бөліп қарастыруға  болады:

- американдық  (ADR);

- ғаламдық (GDR);

- халықаралық (IDR).

ADR  АҚШ  нарығында  айналады  және доллардың  номиналы  болады, ал  ` GDR  американдық  нарықтан  басқа бірнеше  нарықта сатылуы  мүмкін  және сонымен бірге  эмитентке дүниежүзілік нарық капиталын  жаулап алуға  мүмкіндік береді. Әдетте американдық банктер эмитенттерге акциялары қор нарығында бағаланатын  елдерде  кастодиандық қызмет көрсетуді  ұсынады. Осы Атаулы ие депозиттеу акция негізінде депозитарийлік қолхат шығарылады. Америка  Құрама Штатында  осындай  депозитарийлік қолхаттың  біршама ірі  депозитарийлік  эмитент – банктері  «City  Bank  New  York»,   «The  Bank of  New  York » , « Morgan  Bank» болып  табылады.  Ғаламдық  депозитарийлік қолхаттар  тіркелуі, шығарылуы  мүмкін, олармен  АҚШ  ашық  нарығында  мәміле  жасауға  болады, сонымен  қатар олар  АҚШ – тың негізгі  қор биржаларында, сондай-ақ сол  елдің  шегінде  бағаланады. GDR –ді  шығарғанға  дейін  банктер мен компаниялар  алдымен   АҚШ-та  ADR  шығаруы тиіс, одан кейін  Батыс  Еуропада  осы екі нарыққа  шығарудың  алғашқы  қадамы  ретінде  IDR   шығаруы керек.

Ғаламдық депозитарлық қолхаттарды шығару, бүкіләлемдік эмиссияны жақсы бағдарлап отырудың,  потенциалды акционерлердің көбеюімен, өтімділіктің жоғарылауымен ұтады.

Шетелдік тәжірбие көрсетіп отырғандай, коорпарацияны қаржыландырудағы сыртқы көздердің құрылымындағы маңызды орында бағалы қағаздарды, атап айтар болсақ акция мен облигацияны эмиссиялау алып отыр. Әлемнің дамыған елдерінде, корпоративтік облигациялар, банктік сектордың несиелік ресурстарына бағаланатын инвестициялау көзі болып табылады. Англосаксондық елдерде және Оңтүстік – Шығыс Азияның кейбір мемлекеттерінде мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар, экономиканың нақты секторын қарыз қаражаттарымен бірден – бір жабдықтаушы болып табылады.

Бірақта, корпоративтік облигациялар нарығының ең дамыған елі  АҚШ, корпорациялар, 80% дейінгі қарыз қаражаттарын қорлық нарықтан  алады.

Банк өзінің +қызмет етуін жүзеге асыру үдерісінде айналымға бағалы қағаздардың келесі түрлерін шығарады:

- акциялар;

- депозиттік сертификаттар;

- облигациялар:

- бағалы қағаздардың басқа түрлері.

Акция – бұл акция иемденушісінің акционерлік қоғам капиталына қатысқандығы туралы куәландыратын және оның иесіне осы қоғамның пайдасының белгілі бір бөлігін дивидент түрінде алуға құқық беретін акционерлік қоғам шығаратын бағалы қағаз.

Акциямен құқықтар байланысты:

- белгілі жағдайда пайдаға қатысу(дивидентке  құқық);

- акционердің жалпы жиналысына  қатысу;

- акционердің жалпы жиналысында  дауыс беру құқығы;

- капиталдың көбеюі кезінде  жаңа акцияларды алуға артықшылық  құқығы. 

Акция ұсынатын құқық көлеміне қарай жай және артықшылығы бар болып бөлінеді. Жай акциялар акционерлерге жоғарыда аталған құқықтарды банктің заңы мен жарғысына сәйкес ұсынады. Артықшылығы бар акцияны ұстанушыға қарағанда біршама артықшылығы бар.

Акцияның түрін ажыратудың тағы бір критерийі өткізу тәсілі болып табылады.  Ұсынушы және атаулы акциялары бөліп қарастырылды. Ұсынушы акциялары екі жақтың келісімі бойынша және индоссаланған құжаттар арқылы беріледі. 

Банктік сертификаттар – ақша қаражаттарын салу туралы салымшыға онда белгіленген салым туралы аяқталғаннан кейін, олар бойынша пайыз алу құқығын куәландыратын банктің жазбаша куәлігі. Сертификаттардың екі түрі болады: депозиттік және жинақтық. Депозиттік сертификат заңды тұлғаларға, ал жинақтық жеке тұлғаларға  беріледі. Депозиттік сертификаттар, депозиттік сертификатты ұсыну бойынша белгілі бір соманы тартуға құқық беретін талап еткенге дейінгі және салымды тарту мерзімі және тиесілі пайыз көлемі белгіленген мерзімді болып бөлуге болады. Депозиттік сертификаттардың экономикалық мәні нарықтық құрал және несие ресурстарының мультипликаторы ретінде қатысуында.

Депозиттік   сертификат  бойынша  пайыз түріндегі  алынған табыстар белгіленген  тәртіпте  осы табыс  көзіне салық салынады. Банктердің  ҚР                                                 

Ұлттық  банк лицензиясы   негізінде  сертификаттарды шығаруға құқығы бар. Сертификаттар  сатылған  тауарлар  немесе көрсетілген  қызмет үшін  есеп айырысу  немесе  төлем құралы  бола алмайды. Ол кепіл затты, сатып алу-сату  обьектісі бола алады. Сертификаттарды  сатып алу- сату бойынша  есеп айырысуларды  қолма – қол  және қолма – қолсыз түрде заңды және жеке  тұлғалар  жүзеге  асырады. Депозитті  талап ету  мерзімі  келгенде  банк сертификатты иемденушінің  алғашқы талабы  бойынша  сертификатты  ұсыну кезіндегі  төлемді  жүргізеді. Өтеу  үш  әдіс  бойынша  жүзеге  асырылады:

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығының мәні функциясы және қатысушылары