Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 16:57, курсовая работа
Бағалы қағаздардың түрі түсінігінде бағалы қағаздарға тиісті жалпы және бірдей белгілердің жиынтығы. Бағалы қағаздар жіктелуін және бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуін айыра білу керек.
Бағалы қағаздардың жіктелуі – бұл бағалы қағаздардың өздеріне тиісті белгілері бойынша бөлінуі.
Бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуі – бұл бір бағалы қағаздарды топтастыру; бағалы қағаздарды басқа да түрлерге бөлу.
- жаңа шығарылған сертификаттарды иемдену жолы;
- салымның басқа түрлеріне қолма – қолсыз аударымдар;
- қолма – қол ақша.
1996 жылы 19 қыркүйектегі «ҚР депозиттік (банктік) сертификаттардың шығарылуы мен айналымының» жалпы Ережесіне сәйкес сертификаттар уақытына өтелмеген болса, банк депозиторға айыппұл төлейді, олардың көлемі мен төлену тәртібі эмитент – банктің бақылау кеңесі бекітетін сертификаттардың шығарылуы , айналуы мен өтелуі Шартында көрсетілуі қажет. Банк пайыздарды төлеудің келесі жағдайларын қарастыра алады:
- сертификатты өтеу мерзімі аяқталғанға дейін кезең бойынша;
- сертификатты өтеу күнінде.
Банктік сертификаттық міндетті деректемелері келесілер болып табылады:
- «депозиттік сертификат» атауы;
- депозитті енгізу күні;
- сертификатты өтеу күні;
- эмитент – банктің депозит
сомасы және ол бойынша тиісті
пайызды қайтару туралы
- депозит бойынша жылдық
- тиесілі пайыз сомасы, эмитент – банктің атауы және орналасқан жері;
э- митент – банктің сертификаты уақытында өтеу туралы міндетін орындамау кезінде сертификатты өтеу жағдайы;
- банк мөрімен бекітілген, эмитент
– банктің екі уәкілеті
Сертификат бланкісінің мәтінінде қандай да болса міндетті деректемелердің біреуінің болмауы сол сертификатты жарамсыз деп танытады. Сертификаттар бланкісі қатаң есептілік бланкі болып табылады және банктегі бухгалтерлік есептің шоттар жоспарына сәйкес баланстан тыс шотта есептеледі. Депозиттік сертификаттар бланкісі ақша қоймаларында немесе өртенбейтін шкафтарда сақталады. Шығару жағдайында сертификаттарды тиімді орналастыруды қамтамасыз ету үшін, сертификаттардың айналымы мен өтелуі кезінде келесі сәттер ескерілуі мүмкін:
- жылдық пайыздық мөлшерлеме деңгейі;
- шығарудың стандартты шарттары (эмиссия және өтеу күні, қысқа номинал);
- номиналды төлеу және пайыздарды есептеу кепілі .
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес облигация - бұл облигацияның немесе басқа да мүліктік баламаның онда көрсетілген атаулы құнын оны шығарушы тұлғадан оны ұстанушының иемденуге құқын растайтын бағалы қағаз. Облигация оны ұстаушы облигацияның атаулы құнынан тұрақты пайызды немесе басқа мүліктік құқықты алуға құқық береді. Облигация келесі іргелі қасиеттерге ие:
- бұл эмитент мүлкіне меншік титулы емес, бұл қарыз куәлігі;
- акцияға қарағанда облигацияда ақырғы төлеу мерзімі болады (өтелетін бағалы қағаз );
- пайыздарды төлеу кезінде акция (дивиденд төлеумен салыстырғанда) және басқа да міндеттемелерді қанағаттандыру (қоғамды жою кезінде ) алдында жоғары;
- эмитентті басқаруды қатысуға құқық бермейді.
Облигацияларды шығару тәртібі:
- Эмитент қосымша қорларды тарту үшін жарғылық капитал көлемінен аспайтын облигация шығаруға құқығы бар. Бірақ, жарғылық капитал толығымен төленіп, осы уақыт аралығында жылдық баланста үш жылдан кем емес қызмет істеуі кезінде ғана жүзеге асады;
- Құқықты бекіту әдісі бойынша облигациялар атаулы болу керек;
- Эмитенттің активі облигацияны шығаруды қамтамасыз ететін құрал болып табылады, яғни оларға жылжымайтын мүліктер, эмитентке тиісті бағалы қағаздар, ақша қаражаттары, басқа да қозғалмайтын мүліктер жатады (материалдық емес активтер қамтамасыз ету қызметін атқармайды);
- Облигацияны шығару шарты
эмитенттің өзінің акцияларын
айырбастау жолымен өтелуі
- Акцияның атаулы құнының көлемі шектелмейді;
- Облигациялар бойынша пайыздар
эмитенттің қаржылық жағдайына қарамастан, белгіленген уақытта
төленуі тиіс.
Облигацияларға негізгі бөліктен басқа пайызды төлеуге купондық парақ беріледі. Купон – бұл онда купондық мөлшерлеменің цифрлары көрсетілген қиынды талон. Облигацияның нарықтық және атаулы құны болады. Облигацияның атаулы құны облигация бетінде белгіленіп және қарызға беріліп, облигациялық қарыз мезгілі аяқталған бойдан қайтарылуға тиіс сома көрсетіледі. Атаулы құнға қарағанда төмен бағамен сатылатын облигациялар дисконтпен сатылған деп аталады. Егер оны жоғары бағамен сататын болса, сатушы сыйақы алады. Эмиссиялау және өтеуге дейінгі аралықта облигациялар нарықта белгіленген баға бойынша сатылады және сатып алынады. Оның номиналына байланысты пайызбен көрсетілген нарықтық бағасы облигацияның курсы деп аталады.
Табыс арнайы айналатын тираждағы ұтыс немесе купонды төлеу жолымен беріледі.
Облигацияны айналысқа шығару бағалы қағаздар нарығы туралы заңдылықта белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Облигацияны мемлекет , акционерлік қоғамдар және жеке компаниялар бір жылдан кем емес уақытқа шығара алады. Қоғам, мезгіл сайын облигацияның атаулы құнынан пайыз түрінде табыс төленетін, купонды облигациялар және өтеу кезінде сатып алу құны мен номиналды құнының арасындағы айырмасы ретінде өтеуден түскен табыс төленетін дисконтты облигация шығарады. Қоғам келесідей облигациялар шығаруға құқығы бар:
- белгілі бір мүлік кепілімен қамтылған;
- үшінші жақтың кепілдігімен қамтылған;
- заңды тәртіпте қамтамассыз етілмеген.
Эмитентіне байланысты мынадай түрлері бар:
- мемлекеттік;
- муниципалды;
- корпорациялық;
- шетелдік.
Номиналды өтеу әдісі бойынша:
- бір жолғы төлем;
- уақыт бойынша бөлу;
- жалпы облигация көлемінің тіркелген үлесін біртіндеп өтеу.
Төлеу түріне байланысты:
- тек пайыздар;
-нөлдік купон;
-атаулы құн және жиынтық
- атаулы құн;
- кезендік тіркелген табыс және атаулы құн.
Купонды төлеу әдісі бойынша:
- тұрақты купондық мөлшерлеме;
- қалқымалы купондық мөлшерлеме;
- біркелкі өсетін купондық
- ең төмен немесе нөлдік купон;
- таңдап төлеу;
- аралас түрде.
Банктер облигацияларды және бағалы қағаздардың басқа да түрлерін эмиссиялау кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісіне бағалы қағаздардың эмиссия анықтамалығының сараптамасынан өтеулері қажет.
Бағалы қағаздарды шығару екі жақ ішінде де тиімді, біріншіден, банк бағалы қағаздарды онда көрсетілген мерзімде өтейді, ол банк үшін ақша қаражаттарын өзінің жобаларына салуға мүмкіндік береді. Сатып алушы – клиент үшін тиімділік бағалы қағаздарды қажет уақытында есептелген пайызды жоғалтпай сатуында.
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен жасалатын операциялар көлемінің ішінде негізгі үлесті мемлекеттік бағалы қағаздардың түрлері алып отыр. Мемлекеттік бағалы қағаздар – бұл эмитенті мемлекет болып табылатын, мемлекеттің ішкі қарыз нысаны, қарыздық бағалы қағаздар.
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияның ішінде ең көп қолданылатын түрі Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталарын сатып алу – сату операциялары болып табылады. Қысқа мерзімді ноталар аукцион негізінде Ұлттық банк белгілейтін бағалы қағаздар нарығының маманданған қатысушылары – алғашқы агенттер арқылы орналастырылады.
Алғашқы агент бағалы қағаздар нарығында
диллерлік және немесе брокерлік қызметті
жүзеге асыра алатын, бағалы қағаздар
бойынша Ұлттық комиссиясынан алған лицензиясы
бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби
қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар болуы мүмкін. Қысқа мерзімді
ноталарды сатып алуға коммерциялық банктер
арыз жазады. Қысқа мерзімді ноталар айналымға
түсетін бағалы қағаздар болып табылады.
Оны иемденуші оны кепілге беруге,
РЕПО және кері РЕПО операцияларын
жүргізуге, екінші нарықта сатып алу –
сатуға құқығы бар. Екінші нарықтағы Ұлттық
банктердің қысқа мерзімді ноталармен
жасалынатын мәмілелері өтеу мерзімі
белгіленген күнге дейін бір жұмыс
күнінде аяқталады. Сонымен бірге ,
барлық операцияларды инвесторалр алғашқы
агенттермен мемлекеттік бағалы қағаздар
нарығында Ұлттық банкпен қысқа мерзімді
ноталарды жасалынатын шаттарға қызмет
етуге келісімге арқылы жүзеге асырады.
Ұлттық банкпен қысқа мерзімді ноталары мемлекеттік бағалы қағаздарға теңестіріледі, сондықтан да олар жоғары өтімді және сенімді болып табылады. Сонымен қатар, банктік ноталарға салық салынбайды. Егер олардың артықшылығы туралы айтатын болсақ, онда Ұлттық банкпен қысқа мерзімді ноталарды қысқа мерзім ішінде бос ақша қаражаттарын реттеуге мүмкіндік береді.
Инвесторлар үшін мемлекеттік бағалы қағаздар операцияларының тағы бір тиімді түрі, мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерді сатып алу – сату келісімшартымен рәсімделетін, мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелерді сатып алу – сату операциялары (МЕККАМ) болып табылады.
МЕККАМ – мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер. Үкімет атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылады және орнатылған заңдылықтарға сәйкес Қазақстанның екінші бағалы қағаздар нарығында еркін айналысқа түседі. Материалдық емес нысанда мерзімі үш, алты , он екі айға шығарылады, қаржылық агенттің депозитариндегі немесе алғашқы диллерлердің суб депозитариндегі оларды ұстанушылардың депо-шотына сәйкес жазуларды жүргізу жолымен орналастырылады және айналысқа түседі. МЕККАМ ұстаушылары Қазақстан Республикасының резидент және бейрезиденттік заңды және жеке тұлғалары болып табылады. МЕККАМ иелері оны кепілге беруге, РЕПО операцияларын жүргізуге , екінші нарықта сатып алуға және сатуға құқығы бар. Мемлекеттік қысқа мерзімді қазыналық міндеттерді есептеу, жүргізу және сақтау Ұлттық банктің депозитариінде және алғашқы диллердің суб депозитариінде, олардың инвесторларына тікелей тиесілі мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық вексельдер бойынша депо шоты бойынша жүзеге асырылады.
РЕПО – алдын ала келісілген бағамен белгіленген мерзімнен кейін, оның қайтып сатып алу міндеттемесін бағалы қағаздар пакетін бір жақтың екінші жаққа сату операциясы.
Мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелерді (МҚМ) тарту көптеген факторлармен қамтамасыз етіледі. Оның негізгілеріне темендегілер жатады:
Сенімділіктің жоғары деңгейі. Эмитентті Қаржы министрлігі болып
табылатын облигацияларды өтеу, мемлекет
Үкіметімен кепілденеді. Сонымен қатар,
осы қағаздардың қызмет еткен 1994 ж
сәуір айынан бастап Қаржы министрлігінің
МҚМ өтемеуі болған емес. Алдындағы
облигация сериясын өтеу бөлшектеніп
немесе жаңа қарызды орналастыру есебінен
толық жүзеге асырылады. Бірақ мемлекет
үшін оң мезеті қарызға қызмет көрсету
Қаржы министрлігі үшін, инфлияцияның
жоғары типінің
арқасында арзанға түсетіндігінде болып табылады. Әрине, ішкі мемлекеттік қарыз – уақытша ысырылған эмиссия екенін ұмытпау керек. Бірақ, инвесторлардың көз қарасы бойынша бұл қағаздар тиімді болып табылады.
Абсолюттік өтімділік. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мүше
мемлекеттер шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар арасында, Қазақстанның мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелері жетекші орынға келеді. Қазіргі уақыттағы олардың төмен инвестициялық тартылуына қарамастан , МҚМ нарығы шетелдік қаржыландыру аймағында зерттелініп отыр. Қазақстанда мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы 1994 жылдың сәуірінен бастап қалыптасты. Осы кезеңде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Үкімет атынан 3 айлық айналым мерзімі бар дисконтталған қысқа мерзімді қазынашылық вексельдер шығарылды. 1995 жылдың мамыр айы мен тамыз айларының аралығында үш айлық МҚМ – ге сұраныс ұсыныстан 4,8 – 5,4 есе көп болды. Осы жағдайға сүйене отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі айналысқа алты айлық МҚМ шығару туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар 1996 жылы әр кезеңінде оларға деген сұраныс ұсыныстан 4,5 – 3,5 есе көп болды. Бұл жағдай айналым мерзімі ұзақырақ – 12 айлық мемлекеттік бағалы қағаздардың көлемін арттыруға қажетті жағдай туғызуға мүмкіндік берді. Одан басқа республикалық бюджет тапшылығын жабу мақсатында 1996 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік бағалы қағаздардың жаңа түрін – мемлекеттік ішкі қарыздың ұлттық жинақ облигацияларын (ҰЖО) шығарды. 1997 жылдың ішінде мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы Қазақстанның қор нарығында басымдық жағдайға ие болды. 1997 жылдың маусымында айналым мерзімі 2 жылға тең алғашқы мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер – МЕОКАМ айналысқа шығарды.
Осылайша , мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының қалыптасуының интенсивті үрдісі көрсетіп отырғандай , оған әлемдік нарықтың кәсіби мамандарының толықтай қатысуына мол мүмкіндігі бар.
Мәмілені рәсімдеудің қарапайымдылығы. Қорларды мемлекеттік
қазынашылық облигацияларға орналастыру кезінде қарыз алушының несие қабілеттілігін талдаудың қажеттілігі жоқ, ал сол тәртіптің арқасында 2-3 жұмыс күні үнемделеді. Сондықтан бос кативтерді қысқа мерзімге және қайтарылуының жүз пайыз кепіл болуына МҚМ пайдаланған өте тиімді. Сонымен бірге міндеттемелер кейбір қысқа мерзімді қаржылық операцияларды хеджерлеу құралы ретінде қолданылуы мүмкін.
Салық жеңілдіктері. Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарының танымал факторлардың бірі салық кодексіне сәйкес келетін,
Информация о работе Бағалы қағаздар нарығының мәні функциясы және қатысушылары