Бағалы қағаздар нарығының мәні функциясы және қатысушылары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 16:57, курсовая работа

Описание работы

Бағалы қағаздардың түрі түсінігінде бағалы қағаздарға тиісті жалпы және бірдей белгілердің жиынтығы. Бағалы қағаздар жіктелуін және бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуін айыра білу керек.
Бағалы қағаздардың жіктелуі – бұл бағалы қағаздардың өздеріне тиісті белгілері бойынша бөлінуі.
Бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуі – бұл бір бағалы қағаздарды топтастыру; бағалы қағаздарды басқа да түрлерге бөлу.

Файлы: 1 файл

Банк есеп.doc

— 541.00 Кб (Скачать файл)

мемлекеттік бағалы қағаздармен тұрақты пайыздық мәмілелер, сонымен қатар олар бойынша табысқа салық салынбайды, тек Ұлттық жинақ және МҚМ қоспағанда – орталық басқару органдары шығарған бағалы қағаздар қозғалысы операциясын жүзеге асыру негізінде – олардың сатылу бағасының әрбір мың теңгеден бір теңге мөлшерінде.

Қазіргі таңда мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы белсенді түрде банкаралық несие нарығын шетке шығарып келе жатқанын айта кету керек. Ол нақты кредиторларға салық салынбаған пайыз алуға және мемлекеттік бағалы қағаздарды кепілге ала отырып, несиелеу кезінде өздерінің тәуелділігін сақтандыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қазынашылық вексельдерді, Ұлттық банктегі міндетті резерв ретінде коммерциялық банктер орналастыратын қаржылар ретінде пайдалану мүмкіндігі, сол сияқты мемлекеттік қазынашылық облигацияларды кепілдік ретінде немесе банктің корпоративті клиенттерінің облигацияларына маржа түрде енгізу мүмкіндігі осы бағалы  қағаздарға деген қызығушылығы айтарлықтай арттырар еді.

Сонымен, МҚМ орта мерзімді инвестиция құралы ретінде қаражаттарды тиімді орналастыру мүмкіндігін береді. Сонымен бірге, олардың табыстылығы қаншалықты төмендесе де жоғары өтімді және жоғары сенімді бағалы қағаз ретіндегі сапасы болып қала береді. Көптеген банктер, қаржы компаниялары және коммерциялық кәсіпорындар мемлекеттік қазыналық облигацияларға үлкен қызғушылық танытады, сондықтан олардың көлемі өсуде. Қазақстандағы қаржы құралдарын обьективті бағалай отырып, мемлекеттік қазыналық облигацияларға қолда бар өтімділікті ескере отырып табыс /тәуекел арақатынасына қарағанда нақты баламалар әзірше жоқ/.

Егер коммерциялық банк   мемлекеттік  бағалы қағаздарды  сатып алғысы келсе, онда ол ең алдымен өз клиенттерінің арызын жинап, содан кейін өз арыздарын  тапсырады.

Арызды алғаннан кейін Ұлттық банк коммерциялық банкке хабарлама жібереді.

Ұлттық банктің мемлекеттік  бағалы қағаздарын алғашқы орналастыруы келесі әдістер арқылы жүзеге асырылады:

- Бағаның әр түрлігін қанағаттандырудың  аукциондық әдісі  дисконттық  мемлекеттік  бағалы қағаздарын алғашқы орналастыру кезінде қолданылатын әдіс. 

- Біріңғай баға жағдайы бойынша  аукциондық әдіс – екі және  одан да көп айналым мерзімі  бар пайыздық мемлекеттік  бағалы  қағаздарды орналастыру кезінде  қолданылады.

- Жазылу – орналасатын бағалы қағаз түрлері бойынша эмитент белгілейтін сыйақы мөлшері қолданылатын және алғашқы диллерден жарияланған эмиссия көлеміне жеткенге дейінгі ұстауға берген өтініштері алынатын мемлекеттік  бағалы қағаздарын алғашқы орналастыру әдісі. Бұл әдістің мақсаты инвесторлар – жеке және заңды тұлғалардан уақытша бос ақша қаражаттарын тарту болып табылады.

- Орналастырғанға дейінгі әдіс  – орташа салмақтанған дисконт  немесе бағалы қағаздардың осы  түрі бойынша алғашқы орналастырудың  соңғы жүргізілген жылдық пайыз мөлшерлемесіне байланысты қолданылады.

Мемлекеттік  бағалы қағаздарға сонымен қатар – МЕОКАМ, МЕАКАМ, МЕИКАМ, МБҚ, АВМЕКАМ, МЕКАВМ жатады.

МЕОКАМ- айналым мерзімі екі және үш болатын мемлекеттік орта мерзімді қазыналық міндеттемелер. Үкімет атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі  шығарады және Қазақстанның бағалы қағаздар нарығында заңдылықтарға сәйкес еркін айналыста жүреді. Олар материалдық емес нысанда шығарылып,  қаржы агентінің депозитарийінде  және алғашқы делдалдардың қосалқы депозитарийінде  олардың ұстаушылардың депо шоты бойынша сәйкес жазуларды енгізу арқылы орналастырылады және өтеледі. Олардың атаулы құны – 1000 теңге. Мемлекеттік орта мерзімді қазыналық міндеттемелерінің ұстаушылары Қазақстан Республикасының резидент және бейрезидент заңды және жеке тұғалары бола алады. Қазыналық  міндеттеме айналысы республикалық  бюджетке ақша қаражаты түскеннен  кейін депо шоты бойынша жазба жүргізу  сәтінен басталады. МЕОКАМ ұстаушылары оларды кепілге беруге, РЕПО  операцияларын  жүргізуге , екінші нарықта сатуға  және сатып алуға құқылы.

МЕАКАМ – айналым мерзімі  10 жыл болатын  мемлекеттік арнайы қазынашылық  міндеттеме. Қазақстан Республикасы  Үкіметі  атынан Қаржы министрлігі шығаратын және бағалы қағаздар нарығының  заңдылықтарына сәйкес еркін айналыста  болады. Арнайы   қазынашылық  міндеттемелер ЖАҚ  «Бағалы қағаздардың  орталық  депозитарийінде»  «депо» шотында жазба түрінде  құжатсыз нысанда шығарылады. МЕАКАМ  атаулы құны – 1000 теңге. МЕАКАМ  ұстаушылары  оларды кепілге  беруге, РЕПО операцияларын  жүргізуге, неінші нарықта  сатуға және сатып алуға құқылы.

Сонымен қатар,  инвестор сатып алу – сату, кепіл  және РЕПО операциялары  бойынша барлық операцияларды  алғашқы делдал  арқылы Орталық  депозитарийге  аудару жолымен  рәсімдейді. МЕАКАМ –ді есепке алу, сақтау және ауыстыру Орталық  депозитарий  тәртібіне  сәйкес  «депо» шотында жүзеге асырылады.

МЕИКАМ – айналым мерзімі  үш және одан көп ай болатын мемлекеттік  индекстелген  қазынашылық  міндеттемелер. Үкімет атынан  Қазақстан Республикасы  Қаржы министірлігі   ағымдағы республикалық  бюджет тапшылығын  қаржыландыру мақсатында  шығарады  және заңдылықтарға  сәйкес  Қазақстанның  бағалы қағаздар нарығында  еркін айналысқа  түсе алады. Олардың  атаулы құны  - 1000 теңге. МЕИКАМ – ұстаушыларына   Қазақстан Республикасы   резидент  және бейрезидент заңды және жеке  тұлғалары жатады. Индекстелген  қазынашылық  міндеттемелерге  меншік  құқығын  есепке алу  және орналастыру  индекстелген  қазынашылық  міндеттемелерді  ұстаушылардың  жазбаша және электронды  тапсырысы  негізінде сатып алушы мен депо шотына  сәйкес жазбаларды  енгізу  жолымен  депозитарий арқылы жүзеге асырылады.

МБҚ – мемлекеттік  бағалы қағаздар.  Қазақстан Республикасы  Қаржы министірлігі   ағымдағы  айналым  мерзімі 364 күн болатын  материалдық емес  тіркелген нысанда  республикалық  бюджеттің  ағымдағы тапшылығын  қаржыландыру  мақсатында  мерзімінен  бұрын қайтару  құқынсыз  шығарады. Ұлттық  жинақ  облигациялары  Қазақстан Республикасы  аумағында  еркін айналыста  болады  және оны  ұстаушылар   Қазақстан Республикасының  резидент  және бейрезидент  заңды және жеке  тұлғалары болып  табылды.

АВМЕКАМ – айналым  мерзімі 5 жыл, атаулы құны 1000 АҚШ доллары болатын  арнайы  валюталық  мемлекеттік  облигациялар. АВМЕКАМ – ді шығару зейнетақы  активтерінің есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларының теңгедегі мемлекеттік қазынашылық  міндеттемелері мен ұлттық жинақ облигацияларын айырбастау жолы арқылы жүзеге асырылады. АВМЕКАМ  құжатсыз нысанда шығарылады, олардың инвесторлары  бойынша мемлекеттік  бағалы қағаздар  нарығында  алғашқы делдалдары ашылған, «депо»  шотына сәйкес жазбаларды  енгізу арқылы орналастырылады және айналысқа  түседі. АВМЕКАМ  айналысы  1999 жылдың  12 сәуірінен басталды. Арнайы  валюталық  мемлекеттік  облигацияларына  меншік құқығын  есепке алу және орналастыру  ұстаушылардың  жазбаша және электронды  тапсырысы  негізінде  сатып 

алушы  мен сатушының  депо шотына  сәйкес жазбаларды  енгізу жолымен  депозитарий арқылы  жүзеге асырылады. Мемлекеттің  бағалы қағаздарын кепілге беру арқылы  несиені алғашқы делдалдар , сондай – ақ алғашқы делдалдар  банкінің инвесторы болатын  банк және фирмаларды  ала алады.

Бірінші жағдайда, несие алушы және бағалы қағаздар  ұстаушы банк – кепілзат беруші, ал несие беретін банк – кепілзат иесі; екінші жағдайда, кепілзат беруші – алғашқы делдал  клиенті  болып табылатын, несие алғысы келетін  банк, кепілзат ұстаушы – несие беретін банк, ал алғашқы делдал  бұл кезде қарыз  алушының  қосалқы депозитарий  болып табылады.

 

      1.2 Бағалы қағаздардың  нарығының қатысушылары

 

Бағалы қағаздар  нарығының  субьектілері (қатысушылары)  жеке және инститционалдық  инвесторлар, эмитенттер, бағалы қағаздар  нарығының  кәсіби қатысушылары, сауда – астықты  ұйымдастырушылар және өзін - өзі реттейтін ұйымдар болып табылады.

Инвесторлар - өз қаражаттарын   бағалы қағаздарға салуды – инвестицияны  жүзеге асыратын  жеке немесе заңи  тұлғалар.

Мемлекеттік Ұлттық банк  немесе  Қаржы министрлігі  арқылы  бағалы қағаздар нарығында  инвестор ретінде  іс – қимыл жасайды.

Эмитенттер – қолданылып жүрген  заңдарға сәйкес  эмиссиялық  бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыратын заңи тұлғалар.

Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары - өз  қызметін акционерлік қоғамның ұйымдық – құқықтық  нысанында  жүзеге асыратын және бағалы қағаздар  нарығында  лицнезиясы  бар заңи тұлғалар.

Бағалы қағаздар  нарығының  кәсіби өкілдеріне  брокерлер, диллерлер, кастодиан, депозитарийлер, андеррайлер  және басқалар жатады.

Брокер - бағалы қағаздар  нарығының  клиенттің  тапсырмасы бойынша, соның есебінен  және мүдделерін көздеп, эмиссиялық  бағалы қағаздармен және өзгеде  қаржы құралдарымен мәмілелер жасайтын  кәсіби қатысушы.

Диллер - бағалы қағаздар  нарығының  ұйымдастырылған  бағалы қағаздар  нарығында баға белгілеуді ұсыну  және (немесе) оларды бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау арқылы өз мүдделерін көздеп және өз есебінен эмиссиялық бағалы қағаздармен  және өзге де қаржы құралдарымен  мәмілелер жасайтын кәсіби қатысушы.

Кастадион -  бағалы қағаздар  нарығының  қаржы құралдарының  және клиенттер  ақшасының есебін алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердің құжатты   қаржы құралдарының  сақталуы жөнінде өзіне міндеттемелер  қабылдай отырып оларды сақтауды жүзеге асыратын кәсіби қатысушы болып табылады.

Орталық депозитарий -  бағалы қағаздар  нарығының  қаржы құралдарымен  мәмілелерді тіркеуді, депоненттердің (олардың клиенттерінің) қаржы құралдары  бойынша құқықтарын  есепке алу мен растауды, құжатты нысанда  шығарылған қаржы құралдарын  материалсыздандыру  мен сақтауды, оның ішінде депоненттер арасындағы қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша  клирингті, сондай – ақ тиісті лицензиясы болған кезде бағалы қағаздарды  ұстаушылар тізілімдерінің 

жүйесін  жүргізуді  жүзеге асыратын  кәсіби қатысушы.

Андеррайтер - бағалы қағаздар  нарығының   брокерлік – диллерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы  бар және  эмитентке эмиссиялық  бағалы қағаздарды  шығару жөнінде қызмет көрсететін  кәсіби қатысушы.

Сауда – саттықты ұйымдастырушы -  қор биржасы және биржадан тыс  - бағалы қағаздар  нарығының   баға белгілеу ұйымы. Бұл ұйымның акциялары бағалы қағаздар  нарығының   кәсіби қатысушыларының ,  бағалы қағаздар  нарығының   кәсіби қатысушы  болып табылмайтын , бірақ заңнамаға сәйкес бағалы қағаздардан  басқа, өзге  қаржы құралдарымен  мәмілелерді  жүзеге асыруға  құқығы бар заңи тұлғалар арасында орналастырылады.

Бағалы қағаздар нарығының  өзін - өзі реттейтін ұйымы -  - бағалы қағаздар  нарығында өз қызметінің бірыңғай  ережелері мен стандарттарын белгілеу мақсатымен  қауымдастық (одақ) нысанында - бағалы қағаздар  нарығының   кәсіби қатысушылары құрған заңи тұлға. Оның негізгі міндеті өзін - өзі реттейтін ұйым мүшелерінің және олардың клиенттерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай – ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында  кәсіби қызметті  жүзеге асырудың  бірыңғай жағдайларын жасауды қамтамасыз ету болып табылады.

Бағалы қағаздар нарығының  бірсыпыра  қатысушыларын инвестициялық  институттар, яғни  бұл инвесторлармен  делдалдар ретінде болатын заңи тұлғалар, соның ішінде  инвестициялық  қорлар, инвестициялық  компаниялар, коммерциялық банктер, қаржы брокерлері, инвестициялық  консультанттар  құрайды.

Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын  заңи тұлға  акционерлік қоғам деп аталады.

Акционерлік қоғамды басқарудың жоғары органы  акционерлердің жалпы жиналысы, басқару  органы – директорлардың кеңесі, атқарушы орган – алқалы орган  немесе  атаулы қоғамның жарғысында белгіленетін атқарушы орган қызметін  жеке – дара жүзеге асыратын  тұлға болып табылады.

Бағалы қағаздардың  эмиссиясы  көпшілікке  жариялаусыз немесе жарнамасыз инвестролардың  алдын ала белгілі шектеулі саны арасында немесе инвесторлардың шектелмеген саны арасында ашық сату жолмен жүзеге асырылуы мүмкін.

Бағалы қағаздардың  айналысы, яғни  инвестролардың арасында, соның ішінде инвестициялық институттардың делдалдағы  кезінде сатып алу – сату нарықтық  бағалар бойынша жүзеге асырылады.

 

        1.3. Қ  Р-дағы бағалы қағаздардың  рыногын жалпы болжау

 

2005 жылы қазақстандық  бағалы  қағаздар нарығының  даму процесі

өрістеудің жолында  болады. Бұл кезеңде не екінші  деңгейдегі  қор нарығының  жылдам активтендірушілігі, не стагнациялық процестердің (өндірістегі, саудадағы, қандай да бір процестегі  т.б. тоқырау) күшеюінің  болмауы мүмкін. Жағдайдың  дамуының  ең анық  көрінісі инвестициялық процесті  активтендіруді  біртіндеп  жалғастыру  болып табылады.

  Бағалы қағаздар нарығының  инфрақұрылымындағы  келесі өзгерістер  күтілуде : банктік емес  ұйымдардың  брокер – диллерлерінің саны қысқарып 2005 жыл  соңында  он-он бес қана құрайды. Банктік емес  ұйымдардың  брокер – диллерлерінің  санын қысқарту қарқынының баяулануы тек Өкіметтің мемлекеттік  акциялар пакетінің  «Голубые  фишки»  тездетіліп сатылуының  салдарынан  болуы мүмкін  т.б.

2005 жылда тағы Қазақстандық  институционалдық  инвесторлар жақсы  даму қарқынында  болады. Ұлттық  комиссия құрастырып  жатқан ҚР  – ның  « ҚР – дағы инвестициялық  және пайлық қорлар туралы»  заңының қабылдануы активтендірілуге  ағымдағы жылдың екінші  жартысында  мүмкіндік  туғызды. Ұлттық банктің сақтандыру  қызметін мемлекеттік тарапынан бақылауды мейлінше  жетілдіру  бойынша қолданылып отырған шаралары сақтандыру ұйымдарының жетілдірілген  институцияналдық инвесторлар түрінде біртіндеп дамуына мүмкіндік  беретін болады. Осы жылдағы  ең басты шара «Бағалы қағаздар  нарығындағы заңмен қорғалатын инвесторалар назары  және олардың  құқығын қорғау туралы»  заңды құрастыру  және тіркеу болып табылады.

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығының мәні функциясы және қатысушылары