Бағалы қағаздар нарығының мәні функциясы және қатысушылары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 16:57, курсовая работа

Описание работы

Бағалы қағаздардың түрі түсінігінде бағалы қағаздарға тиісті жалпы және бірдей белгілердің жиынтығы. Бағалы қағаздар жіктелуін және бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуін айыра білу керек.
Бағалы қағаздардың жіктелуі – бұл бағалы қағаздардың өздеріне тиісті белгілері бойынша бөлінуі.
Бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуі – бұл бір бағалы қағаздарды топтастыру; бағалы қағаздарды басқа да түрлерге бөлу.

Файлы: 1 файл

Банк есеп.doc

— 541.00 Кб (Скачать файл)

Кт 1050 «Корреспонденттік шот»

және бір уақытта теңге бойынша:

Дт 5301 «Айналысқа шығарылған облигациялар бойынша сыйақы           төлеуге байланысты шығыстар»

Кт 1859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны                       (валюталық ұзақ позиция»

      2859 «Шетел валютасының  теңгемен көрсетілген қарсы құны             (валюталық қысқа позиция»;

Бағалы қағаздарды өтеу олардың атаулы құны бойынша жасалады, сонымен қатар белгіленген сыйақы сомасы төленеді. Айналымға шығарылған бағалы қағаздарды өтеу, оларды банктің сатып алуымен жасалады:

Дт 2301 «Айналысқа шығарылған облигациялар»

Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

     2303 «Айналысқа шығарылған  басқа да бағалы қағаздар»

Банк және бағалы қағаздарды ұстаушы келісімі бойынша бағалы қағаздар мерзімінен ерте сатып алған уақытта атаулы құн мен сатып алу бағасы арасындағы айырма банк табысына жатқызылады.

Банктің айналысқа шығарған облигацияларының есебі мысалын                                                 қарастырамыз.

Банк 2003 жылдың қаңтар айында қор биржасына айналым мерзімі 3 жылға облигацияларды келесі шарттарға байланысты орналастырды:

саны                                                            1 500 дана     

атаулы құны                                               1000,00 теңге

жарияланған табыстылық

   (сыйақы мөлшерлемесі)                            жылдық 8%

сыйақы төлеу дүркінділігі                        жылына 4 рет

                                                                              (31 наурыз, 30 маусым, 30                                                                                                                 қыркүйек, 31 желтоқсан)

сыйақы немесе жеңілдік сомасы             50,00 теңге

 

жасалған мәміле бойынша

биржаның ұстап қалатын

комиссиялық жиыны                                7 500,00 теңге

Банк  шығарған облигацияларын сату кезінде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

  1. жеңілдікпен өткізілген облигациялар бойынша:

облигацияларды өткізу сомасына:

Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік

есепшоттары»                                                                      1 432 500,00

Кт 2301 «Айналысқа шығарылған облигацияның номиналдық құнымен сату құны арасындағы айырма»                                        1 432 500,00

Атаулы құн мен сату бағасы арасындағы айырма сомасына:

  Дт    1793 «болашақ кезеңдердегі  шығыстары»                 67 500,00

Кт 2301 «Айналысқа шығарылған облигацияның номиналдық құнымен сату құны арасындағы айырма»

  1. Сыйақымен орналастырылған бағалы қағаздар бойынша:

Облигацияларды өткізу сомасына:

Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік

есепшоттары»                                                                      1 582  500,00

Кт 2301 «Айналысқа шығарылған облигациялар» 1 582 500,00

Банктің есеп саясатына сәйкес ай сайын/ күн сайын сыйақымен айналысқа шығарылған пайыздық облигациялар бойынша сыйақы есептеледі. Бұл кезде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

Дт 5301 «Айналысқа шығарылған облигациялар           

бойынша сыйақы  төлеуге байланысты шығыстар» 10 000,00

Кт 2730 «Айналысқа шығарылған өзге бағалы

          қағаздар  бойынша есептелген шығыстар»                10 000,00

Банктің есеп саясатына сәйкес ай сайын/ күн сайын олардың атаулы құны мен өткізу бағасы арасындағы айырма сомасына облигация құны амортизацияланады. Бұл  кезде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

  1. жеңілдікпен өткізілген облигациялар бойынша:

 

Дт 5301 «Айналысқа шығарылған облигациялар

бойынша сыйақы  төлеуге байланысты шығыстар»           1 875,00

Кт 1793 «Болашақ кезеңдер шығыстары»                 1 875,00

  1. сыйақымен өткізілген облигациялар бойынша:

Дт 2301 «Айналысқа шығарылған облигациялар»   2 291,66666

Кт 5301 «Айналысқа шығарылған облигациялар

бойынша сыйақы  төлеуге байланысты шығыстар»          2 291,66666

Эмитент-банк үш айға айналысқа шығарылған облигациялар бойынша сыйақы төлеу кезінде келесі бухгалтерлік өткізбе жүзеге асырылады:

Дт 2730 «Айналысқа шығарылған өзге бағалы

          қағаздар  бойынша есептелген шығыстар»                30 000,00

Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік

есепшоттары»                                                                        30 000,00

Иевестор бағалы қағаздар нарығында жұмыс істей отырып, салымдарды әртараптандыру қағидасын ұстану қажет: инвестордың қаржы активінің сан алуандығына қол жеткізу. Бұл салымдардың жоғалу тәуекелін кеміту үшін қажет. Мысалы инвестор өзінің барлық ақшасын бір компанияның акциясына салды. Бұл жағдайда ол акция бағамының нарықтық  өзгеруіне толығымен тәуелді болады. Егер қаражаттарын бірнеше компаниялардың акцияларына салатын болса, онда инвестордың табысы кейбір орташаланған акция бағамының өзгеруіне тәуелді болады. Егер де әртараптандыру қағидасын ұстанатын болса, онда ол міндетті түрде инвестициялық қоржын деп аталатын оған тиісті әр түрлі бағалы қағаздар жиынтығымен байланысты болады.

Инвестициялау қоржынының обьектісіне әр түрлі бағалы қағаздар жатады: акция, облигация, бағалы қағаздардың туынды түрлері. Қоржын бөлігі ақша түрінде ұсынылуы мүмкін. Қағаздардың көлемі де әр түрлі болады. Қоржын құрамына байланысты ол табыс немесе зиян алып келуі мүмкін және әр түрлі тәуекел деңгейіне ие. Бағалы қағаздар қоржынына жататын тізбелер мен көлемдер қоржын құрылымы деп аталады. Өз кезегінде олар инвесторлар басқара алатын сипаттамалар жиынтығын ұсынады: бағалы қағаздар құрамында және көлеміне кіретін құрамды өзгерту.

«Қаржы құралдары : тану және бағалау» 39-ҚЕХС сәйкес Ұлттық банк бағалы қағаздарды есептеу бойынша ұсыныстар жасаған. Осыған сәйкес бағалы қағаздар қаржы активтері болып табылады және үш санатқа бөлінеді:

  1. сатуға арналған бағалы қағаздар – бұл делдалдың маржасы немесе қысқа мерзімді баға ауытқуы нәтижесінде табысты алу мақсатында алынған бағалы қағаздар.
  2. Банк оларды өтеу мерзімі келгенге дейін ұстайды. Сатуға арналған қолда бар құнды қағаздар, бұлар төмендегілерге жатпайтын құнды қағаздар саудаға арналған құнды қағаздар.
  3. өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар – тұрақты немесе

анықталған төлеммен байланысты қаржы активтері және өтеу мерзімі тұрақты болып табылатын бағалы қағаздар.

  1. Капиталға салынған құнды қағаздар.

Сатуға арналған бағалы қағаздар және өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздарды ең алғаш тану кезінде нақты шығындар бойынша бағаланады.

Сатуға арналған және сатуға жарамды қағаздарды кейінге бағалау әділ құн бойынша жүзеге асады. Осы бағалы қағаздардың әділ құнын қайта бағалау нәтижесі келесілерден байқалады:

1) саудаға арналған бағалы қағаздар  бойынша – табыстар мен шығыстар  шотында;

2) сатуға жарамды бағалы қағаздар  бойынша - табыстар мен шығыстар

шотында немесе осы бағалы қағаздарды сату кезіндегі табыстар мен

шығыстар шотына қайта бағалау нәтижелерін ауыстырумен байланысты капитал шотында. Сонымен қатар бұл банктің есеп саясатымен қарастырылуы қажет.

Өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар бойынша қайта бағалау жүргізілмейді. Төменде банктің бухгалтерлік есебінде бағалы қағаздармен операцияларының көрінісінің  тәртібі келтірілген.

Саудаға арналған және сатуға жарамды бағалы қағаздар

 

Банк 2003 жылдың қаңтар айында қор биржасынан эмитент 2003 жылдың қаңтарында айналым мерзімі 3 жылға шығарған және орналастырған бағалы қағаздарды келесі шарттар бойынша алады:

 

Саны                                                                     1 000 дана

Атаулы құны                                                       1 000.000 теңге

Жарияланған табыстылық (сыйақы

мөлшерлемесі)                                                     жылдық 6%

Сыйақыны төлеу дүркінділігі                            ай сайын

Қор биржасындағы бір бағалы

қағаздың құны                                                     1 020,00 теңге

Қор биржасындағы бір бағалы

қағаздардың жалпы құны                                   1 020 000,00 теңге

Жасалған мәміле бойынша биржаның

ұстап қалатын комиссиялық жиыны                5 100, 00 теңге

  1. Сатып алу бағасына бағалы қағаздарды сатып алу кезінде келесі

бухгалтерлік жазба жасалады:

1) саудаға арналған бағалы қағаздар  бойынша:

Дт 1201 «Саудаға арналған бағалы қағаздар»   1 025 100,00

Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік

      есепшоттары»                                                  1 025 100,00

2)сатуға жарамды бағалы қағаздар  бойынша:

Дт 1452 «Сатуға жарамды бағалы қағаздар»      1 025 100,00

Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік

      есепшоттары»                                                  1 025 100,00

Банктің есеп саясатына сәйкес ай сайын/күн сайын сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақыны есептеу жүргізіледі. Сонымен қатар келесі   бухгалтерлік өткізбе жасалады:

  1. саудаға арналған  бағалы қағаздар бойынша:

Дт 1201 «Саудаға арналған бағалы қағаздар»     5 000,00

Кт 4201 «Саудаға арналған бағалы қағаздар

бойынша сыйақыны алуға байланыстыкірістер» 5 000,00

  1. сатуға жарамды бағалы қағаздар бойынша:

Дт 1452 «Сатуға жарамды бағалы қағаздар»       5 000,00

Кт 4452 «Сатуға арналған қолда бар бағалы

қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты

кірістер»                                                                  5 000,00

Банктің есеп саясатына сәйкес ай сайын/күн сайын бағалы қағаздардың құны нарықта (баға) белгілеуге немесе әділ құнын есептеуге сәйкес қайта бағаланады. Сонымен қатар асып түсу сомасына келесі бухгалтерлік өткізбе жасалады:

1)бағалы қағаздардың әділ құнының  олардың баланстық құнынан асып  түсуі кезінде (бағалы қағаздардың нарықтық құны 2002 жылдың қаңтар айының соңында 1 032,00 теңгені құрады, есептелген сыйақы есебімен бағалы қағаздардың баланстық құны 1 030,10 теңгені құрайды (1 025,10+5,000));

а) саудаға арналған бағалы қағаздар бойынша:

Дт 1201 «Саудаға арналған бағалы қағаздар»     1 900,00

Кт 4709 «Саудаға арналған және сатуға

         жарамды  бағалы қағаздардың құнын 

         өзгертуден  кіріс»                                                     1 900,00

ә) сатуға жарамды бағалы қағаздар бойынша:

егер есеп саясатына сәйкес қайта бағалау нәтижесі табыстар мен шығыстар шотына жатса:

Дт 1452 «Сатуға жарамды бағалы қағаздар»      1 900,00

Кт 4709 «Саудаға арналған және сатуға

         жарамды  бағалы қағаздардың құнын 

         өзгертуден  кіріс»                                                     1 900,00

Егер есеп саясатына сәйкес қайта бағалау нәтижесі осы бағалы қағаздарды сату кезіндегі табыстар мен шығыстар шотына қайта бағалау нәтижесінен кейін ауыстырумен байланысты капитал шотына жатқызылса:

Дт 1452«Сатуға жарамды бағалы қағаздар»       1 900,00

Кт 3561 «Сатуға арналған жарамды бағалы

          қағаздардың  құнын қайта бағалау резервтері»   1 900,00

2)бағалы қағаздың баланстық  құны олардың әділ құнынан  асып түсу кезінде (бағалы қағаздың  нарықтық құны 2002 жылдың қаңтар айының соңында 1 029,00 теңгені құрады, есептелген сыйақы есебімен бағалы қағаздар баланстық құны  1 030,10 теңгені құрайды (1 025,10+5,00))

а) саудаға арналған бағалы қағаздар бойынша:

Дт 5709 «Саудаға арналған және сатуға жарамды бағалы

          қағаздар  құнының өзгерісін қайта бағалау  шығысы» 1 100,00

Кт 1201 «Саудаға арналған бағалы қағаздар»             1 100,00

ә) сатуға жарамды бағалы қағаздар бойынша:

егер есеп саясатына сәйкес  қайта бағалау нәтижесі табыстар мен шығыстар шотына жатса:

Дт 5709 «Саудаға арналған және сатуға жарамды бағалы

қағаздар құнының өзгерісін қайта бағалау шығысы» 1 100,00

Кт 1452 «Сатуға жарамды бағалы қағаздар»               1 100,00

Егер есеп саясатына  сәйкес  қайта бағалау нәтижесі осы бағалы қағаздарды сату кезіндегі табыстар мен шығыстар шотына қайта бағалау нәтижесінен кейін ауыстырумен байланысты капитал шотына жатқызылса:

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығының мәні функциясы және қатысушылары