Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Мая 2013 в 12:03, курсовая работа
Сонымен қатар Қазақстанға шетелдерден халықтың көп көлемде көшіп келуі тән болып отыр. Бұл мемлекеттік шекаралардың ашық болуына, республиканың геосаяси орналасуына, ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығына, сондай-ақ көші-қон жөніндегі заңдардың жетіліспегендігіне, әрі көші-қон үдерістерін мемлекеттік реттеу тәжірибесінің жеткіліксіздігіне байланысты туындап отыр. Мемлекеттің саяси тұрақтылығы, оның нарықтық қатынастарға мақсатты түрде бағыт алуы Қазақстанды шетел капиталы мен жұмысшы күші үшін тартымды етіп отыр. Мұның өзі Қазақстандағы халық санының өзгерулеріне әсер етуде. Елге көшіп келушілерге байланысты жаңа мәселелер туындауда.
Диссертациялық зерттеудің ғылыми сонылығы. Негізінен, көші-қонның нақты құрамдарын талдауға бағытталған халықтың көші-қоны мәселесіне байланысты бұрын жүргізілген зерттеулерден ерекшелігі — бұл жұмыста көші-қонның экономикаға әсері кешенді феноменінің мәні мен табиғаты және оның нарық жағдайындағы ерекшеліктері анықталған. Көші-қондық көңіл-күйдің өсуіне ықпал ететін себептерді дәстүрлі түсіндірулерді, өтпелі экономикада болып жатқан үдерістерді есепке ала отырып, кеңейтудің қажеттігі дәлелденген. Экономикадағы және әлеуметтік саладағы дағдарыс көші-қондық үдерістердің себебі де, қозғаушы күші де болуы мүмкін екені, сондай-ақ бұл тәуелділіктің кері жағдайда да дұрыс болатындығы көрсетілген. Шындығында да, халықтың көші-қоны экономиканы реформалаудың немесе оның дағдарысының аса өткір салдарларын жұмсартушы ретінде қызмет атқарады. Көші-қон үдерістерінің қазіргі заманғы нарықтық экономиканың заңдылықтарымен, микро- және макроэкономикалық үрдістерімен байланысы анықталған.
Қазіргі бар көзқарастарды сыни тұрғыдан салыстырудың негізінде сыртқы, сондай-ақ ішкі көші-қонды мемлекеттік реттеудің жолдары мен келешегі анықталған.
Сонымен, бұл диссертациялық зерттеу жұмысы өте күрделі және көптарапты мәселе болған — көші-қондық үдерістердің қазіргі заманғы экономикаға әсері жөніндегі ғылыми зерттеулердің үдерісіне белгілі бір үлес қосады.
Ізденушінің алған ғылыми нәтижелері. Ізденуші зерттеулердің барысында төмендегідей нәтижелер алды (қорғауға шығарылған негізгі ережелер).
1. Миграциялық үдерістердің
ұлғаюы мен дамуының
2. Көші-қонның көп аспектілі және өте күрделі құрылымының сипатын зерттеудің негізінде халық көші-қонының табиғаты мен мәні анықталды, өзгерулер үдерісін бастан кешіріп жатқан елдер үшін көші-қонның ұлғаюының әлеуметтік-экономикалық салдарлары көрсетілді.
3. Кеңес дәуірінен
кейінгі нарықтық экономика
4. Әлемдік экономиканың
заңдылықтары және онымен
5. Көші-қондық үдерістерді
реттеуші көші-қондық және
Зерттеу жұмысының нәтижелерінің
практикалық маңызы. Диссертациялық
жұмыстың барысында алынған нәтижелер
көші-қон үдерістерінің
Экономикалық дамыған
елдердегі, сондай-ақ бұрынғы жоспарлық-
Диссертацияның шынайы
шаруашылық практикаға тікелей қатысатын
тұсы көші-қон үдерістерінің
Бұл зерттеу жұмысының нарықтық экономикаға өтудің мәселелері мен болашағын зерттеудің кезінде жүргізілгеніне және жетілдірілгеніне байланысты оның кейбір ережелері мен қорытындылары Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының Салалық Бағдарламасында өз көрінісін тапты, директивтік органдарға жіберілген ғылыми есеп берулер мен ұсыныстары бар жазбаларға енді. Бұл зерттеу жұмысының нәтижелерін автор өзінің Қазақтың Ұлттық Аграрлық Университетінде лекциялар оқуы кезінде пайдаланды.
Зерттеу нәтижелерінің жарияланымы. Диссертацияның тақырыбы бойынша 1 жеке монография, 2 оқу құралы, 35 ғылыми мақала жарияланды, оның жалпы көлемі - 33 баспа табақты құрады.
Диссертацияның құрылымы және көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, 5 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымша кестелерден тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Көші-қон үдерістері дамуының теориялық және әдістемелік аспектілері.
Халық миграциясы қоғамдық өндірістік қатынастардың халықтың қозғалысымен байланысты белгілі бір тарапы болып табылады. Өндірістік күштердің дамуы халықтың миграциялық қозғалысының ең басты, ең терең себебі болып табылады: өндірістік күштердің дамуы деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын, әлеуметтік өзара байланыстары мен өз ара қатынастарының деңгейі соғұрлым жоғары. Оның үстіне әңгіме өндірістік күштер жөнінде болғанда, бұл өз ара қатынастар еңбек бөлінісі саласындағы өндірістік қатынастар болып табылады. Өндірістік күштердің дамуымен халықтың кәсіби және аумақтық жылжымалылығының өсуіне негізделіп қоғамдық еңбектің өнімділігін көтеретін өндірістің және көліктің, коммуникациялар мен ақпараттық технологиялардың құралдары жасалады. Адамдардың мұндай күрделеніп, тармақталып бара жатқан қарым-қатынастарының сипаты қол жеткен еңбек бөлінісі деңгейінен келіп шығады.
Біз халықтың миграциясын еңбек бөлінісінің ең алдымен өндіріс саласына, иелену, меншікке алу салаларына қатысты екенін басшылыққа ала отырып, әлеуметтік-экономикалық категория ретінде қарастырамыз. Адамдардың өндірістік өзара әрекеттесуімен байланысты болған миграциялық үдерістердің нәтижесінде меншік мәселелері басшылыққа алынады — адамдардың еңбек бөлінісімен шартталған іс-әрекетінің нәтижесінде жасалатын қоғамдық байлықты иелену көзделеді. Әрине, адамдардың мұндай қозғалыстарында әрдайым экономикалық және әлеуметтік мүдделердің қатысы болады, бұның өзі халықтың көшіп-қонуға ниеттенуінің негізгі өзегі болып табылады. Егер, тіпті көшіп-қонудың себебі отбасылық жағдайлар немесе кәсіби мүмкіндіктерін жүзеге асырудың үлкен мүмкіндіктері, я болмаса қолайлырақ табиғи-климаттық жағдайлар, әлде ұлтаралық қақтығыстар болған күннің өзінде миграциялық үдерістердің қалыптасуының түпкілікті себептерін талдап-зерделейтін болсақ, оның негізінде ең алдымен әлеуметтік-экономикалық мүдделер жатқанын көрер едік.
Әрқилы аумақтар бойынша адамдардың
қозғалу процесі түріндегі
Q өнімі
а) Еңбек L
Ескерту — автор теориялық көздер бойынша жүйелеп шыққан
1 сурет — Ұлттық
экономиканың өндірістік
1 суреттен көріп отырғанымыздай,
еңбек ұсынысы көп болған
Енді жұмысшы күші кез келген капиталдың ауысуы принципіне сәйкес елдер арасында қозғала алады деп болжамдайық. Мұндай қозғалыстар бір елдегі жұмысшы күші санын азайтады, соған орай ондағы шынайы еңбекақының көлемін көбейтеді, жұмыссыздықты азайтады, яғни еңбек нарығындағы бәсекелестікті күшейтеді, бірақ сонымен бір мезетте ұлттық экономиканың орындалу мүмкіндігін, оның өндірістік және шекті өнімін күрт азайтып жібереді. Сонымен бір мезгілде басқа елдерде адамдардың, яғни жұмысшы күшінің қозғалысына кедергілер болмаған жағдайда шынайы еңбекақы, халықтың табысы азаяды, бірақ өнімнің саны көбейеді, соның салдарынан нарық экономикасы жағдайындағы ұсыныстың өсуінің нәтижесінде оң өзгерістер болады (баға төмендейді, өнімнің сапасы жоғарылайды, жаңа тауарлар қызу іздестіріле бастайды және т.б.).
Қазіргі заманғы ғылым халықтың қозғалысының негізгі үш түрін бөліп көрсетеді:
- табиғи қозғалысы
(туылу мен қайтыс болу
- кеңістіктегі қозғалысы (көші-қондық);
- әлеуметтік қозғалысы
(адамдардың қоғамының
Қозғалыстың әлеуметтік түрі әлеуметтік жылжымалылықпен, яғни әлеуметтік мәртебесінің өзгеруімен теңдестіріледі. Туылу мен қайтыс болу үдерістері негізінде адам ұрпақтарының ізбе-із ауысып отыруы, олардың табиғи қозғалысы ретінде қаралады. Табиғи және әлеуметтік қозғалыстардан көші-қондық қозғалыстың ерекшелігі, ол халықтың тұрғылықты орнын біржолата немесе азырақ не көбірек уақытқа өзгертуіне байланысты кеңістіктік орын ауыстыруы болып табылады. Халықтың қозғалысының осы әрқилы түрлері өзара байланысты және өзара тәуелді болып келеді, сол себепті де халықтың қозғалысы бірегей тұтас қозғалыс ретінде қаралады.
Халықтың көші-қоны түсінігін кең және тар мағынада түсіндірулердің бар болуы экономикалық, демографиялық, әлеуметтанушылық зерттеулерде оны жіктемелеуге және анықтауға әрқилы тұрғыдан келуге әкеліп соқты. халықтың көші-қонының барлық анықтамаларын төмендегіше қарастыратын төрт негізгі позицияларға топтастыруға болады:
- халықтың аумақтық орын ауыстыруларының формасы;
- халықтың аумақтық қайта бөлістірілуінің формасы;
- халықтың жылжымалылығының формасы;
- халықтың әлеуметтік
сипаттамасын қоса алғандағы
оның аумақтық қозғалысының
Біздің пікірімізше, көші-қонды
халықтың аумақтық орын ауыстыруларының
формасы ретінде анықтау
Көші-қонның қарама-қайшылықсыз және әмбебап теориясын жасау, қандайда бір көзқарастардың көбірек немесе азырақ дәрежедегі негізділігін анықтау үшін қолданылған іс-шаралардың басты мақсаты қазіргі заманғы көші-қон дамуының үрдісін талдауда қолданылатын әдістемені дайындау болып табылады. ТМД елдерінің аумағында жүріп жатқан көші-қон үдерістері талданған кездері, әдетте, олардың бұрын-соңды болмаған бірегей құбылыс емес екендігі, сол себепті әлдеқашан қолданыста жүрген тұжырымдамаларды қайта қараудың қажеті жоқтығы назарға алынады.
кесте - Ғалымдардың
көші-қонға қазіргі заман
Көші-қонның себептері |
Қоғамдағы жағдайға тигізетін әсерлері |
Көшіріп-қоныстандырудан түсетін экономикалық тиімділіктерді іздестіру |
Білімі мен біліктілік деңгейі жоғары азаматтардың кетуінен келетін шығындар |
«Пайдалы» қызметтерді іздестіру |
Елдердің арасында өндіріс факторларын қайта бөлісуден келетін шығындар |
Психологиялық факторлар |
Қоғамдағы жағдайдың тұрақсыздануы |
Тілге байланысты кедергілер |
Әлеуметтік желілер мен делдалдардың арасындағы тепе-теңдіктердің жойылуы, қоғамдағы тұрақсыздық |
Әлеуметтік көмекті
пайдалану мүмкіндігінің |
Жұмыссыздықтың көбеюі, эмиграцияның ұлғаюы, қоғамдық құрылымдар үшін өндіріс факторлары ретіндегі адамдардың азаюы |
Ескерту — автордың өзі дайындаған |
Информация о работе Халықтың көшіп-қонуын мемлекеттік реттеудің экономикалық мәселелері