Халықтың көшіп-қонуын мемлекеттік реттеудің экономикалық мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Мая 2013 в 12:03, курсовая работа

Описание работы

Сонымен қатар Қазақстанға шетелдерден халықтың көп көлемде көшіп келуі тән болып отыр. Бұл мемлекеттік шекаралардың ашық болуына, республиканың геосаяси орналасуына, ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығына, сондай-ақ көші-қон жөніндегі заңдардың жетіліспегендігіне, әрі көші-қон үдерістерін мемлекеттік реттеу тәжірибесінің жеткіліксіздігіне байланысты туындап отыр. Мемлекеттің саяси тұрақтылығы, оның нарықтық қатынастарға мақсатты түрде бағыт алуы Қазақстанды шетел капиталы мен жұмысшы күші үшін тартымды етіп отыр. Мұның өзі Қазақстандағы халық санының өзгерулеріне әсер етуде. Елге көшіп келушілерге байланысты жаңа мәселелер туындауда.

Файлы: 1 файл

ернара дипломка1.doc

— 725.50 Кб (Скачать файл)

   2. Ғалым  экономистердің көзқарастарының  эволюциясы халықтың көші-қонының  мәнін, себептерін, факторларын,  заңды байланыстарын анықтау  жолымен дамыды. Бұлардың бәрі  көші-қон үдерістерінің негізінде  ең алдымен экономиканың дамуының  қажеттіліктерімен шартталған заңдылықтар жатқандығын анықтауға мүмкіндік берді. Адамдардың өз өмір сүру жағдаяттарын жақсартуға тырысуы халықтың көші-қонының заңдылықтарының бірі болып отыр, сондай-ақ ол адамдардың өздері қалаған әлеуметтік стандарттарға қол жеткізуінің көрінісі болып табылады. Халықтың қозғалысына, едәуір дәрежеде экономиканың дамуымен байланысты болған, мемлекеттік-саяси факторлардың әсері де болады, дегенмен, белгілі бір тарихи кезеңдерде бұл фактор дербес функциональдық мәнге ие болады.

  3. Халықтың көші-қоны өзінің функциональдық мазмұны тұрғысынан қарастырылған кезде заңды байланыстарды және өзара тәуелділіктерді бейнелейтін күрделі, әлеуметтік-экономикалық категория ретінде көрініс табады. Ол өмірлік іс-әрекеттің көптеген жәйттерімен тәуелділенген қоғамдық дамудың бір мезетте әрі құралы, әрі факторы болып табылады. Бұндай жәйттер — әлеуметтік-экономикалық қатынастар, мигранттарды еңбектік және физиологиялық бейімдеудің мәселелері, қоныс аударушы халықтың демограифялық құрылымының ерекшеліктері, оның жаңа әлеуметтік-мәдени және этникалық ортаға енуінің жағдаяттары. Халықтың көші-қонының үдерісінде туындайтын қарым-қатынастардың күрделі жүйесін талдап-зерттеулер оны басқарудың механизмдерін жасап шығу мақсатымен осы құбылыстың ерекшеліктерді анықтауға, сыртқы хаостың астарынан оған тән болған заңды үрдістерін ашуға мүмкіндік береді.  

    4. Еңбек мигранттарының санының  өсуіне көптеген әрқилы, сонымен  қатар өзара тәуелді факторлар  әсер етеді. Осы факторлардың  өзара әрекеттесуінің механизмдерін,  сондай-ақ оның еңбек нарығына және тұтастай алғанда бүкіл экономикаға әсерін білу көші-қон стратегиясын жасап шығу үшін өте маңызды.

    5. Білікті жұмысшылардың нарығы  негізінен стихиялы түрде қалыптасады  және көп жағдайларда қабылдаушы  және жөнелтуші елдердің мүдделеріне бірдей дәрежеде жауап бере алмайды. Бұл нарықты өркениетті ету үшін әлеуметтік әділдікке, жөнелтуші және қабылдаушы елдердің өзара пайдалылығы және халықаралық серіктестігі ұстанымдарына негізделген таза нарықтық механизмдердің жеткіліксіз екендігі айқын болып отыр. Сонымен қатар, келісімделген іс-әрекеттің шеңберінде жөнелтуші және қабылдаушы елдер, сондай-ақ халықаралық ұйымдар жүзеге асыруы тиіс осы нарықты реттеуші ойластырылған әрекеттер де қажет.

  6. Көші-қон  үдерістерін басқару стратегиясының келешегін бағалай отырып, одан жақын арада аса зор нәтижелер күтудің қажеті де жоқ шығар. Көп жағдайда сыртқы шараларға бір жағынан — ауыл тұрғындарының қалаға қоныс аударуы және еңбек нарығы мәселелерінің шиеленісуі сияқты, ал екінші жағынан — шетелге қоныс аударуға және дамыған елдермен байланысты кеңейтуге қажетті шығындардың өсуі тәрізді үдерістер қоса қабаттасып жүріп отырады. Еңбек күші шамадан тыс көп елдердің дамуын ынталандыру, тіпті, оның шеңберінде жүргізілген шаралар әлеуметтік әділеттілік, қоршаған ортаны қорғау, адам құқықтарын сақтау және т.б. талаптарына толықтай жауап бергеніне қарамастан,  қысқа мерзімдік кезеңде халықтың көші-қондық жылжымалылығының өсуіне алып келеді. Сол себепті де жақын онжылдықтар ішінде батыс елдеріне — сыртқы шаралардың қаржылық ауыртпалығы және көші-қондық қысымының ұлғая түсуі сияқты екі жүктеме түсетін тәрізді. Дегенмен, мигранттарды жөнелтуші және қабылдаушы елдердің мұқтаждықтары мен мүмкіндіктері, мүдделері өзара есепке алынған жағдайда, олар бірлесіп жұмыс атқарған жағдайда көші-қон үдерістерін басқару орта мерзімдік және ұзақ мерзімдік келешекте біршама тиімді нәтижелер беруі мүмкін.  

    7. Этникалық көші-қон және кәсіпкерлік  өзара тығыз байланысты құбылыстар. Кәсіпкерлік этникалық көші-қонсыз  да өркендеуі мүмкін, алайда мигранттар кәсіпкерлікке белгілі бір әлеуметтік-мәдени реңк беріп қана қоймай, көп жағдайда оның дамуының қозғаушы күшіне айналуы да мүмкін. Сонымен бір мезетте көші-қонның өз бизнесін ашу, дәулетінің деңгейін көтеру сияқты экономикалық себептері бұрын да, алдағы кезеңде де негізгі қозғаушы күш бола бермек. Этникалық бизнес — жеке этникалық азшылықтардың қандайда бір іс-әрекет түріне бейімділігінің және мигранттардың басқа мәдени-әлеуметтік ортада өмір сүруге сәтті бейімделуінің үйлесімінің нәтижесі.

   8. Біздің  Қазақстан Республикасы халқының  көші-қонының себептерін факторлық  талдап-зерделеуіміз сыртқы көші-қонның  дамуына тарихи-этникалық факторлардың, ал ішкі көші-қонның дамуына  әлеуметтік-экономикалық факторлардың  басты себеп болып отырғандығы жөнінде тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

   9. Сыртқы  көші-қон Қазақстан Республикасы  халқының демографиялық сипаттамаларын  өзгерткен негізгі фактор болып  табылады. Егемендік алғаннан кейінгі  кезеңдегі көші-қон үдерістерін  талдап-зерттеулер 1990 жылдардың бас кезінде барынша күшейіп кеткен көші-қондық шығындардың қарқыны бірте-бірте азайғандығын, көші-қон үдерістерінің тұрақтанып келе жатқанын көрсетті. Алдағы кезеңде көші-қондық жағдайдың жақсаруы экономикадағы табысты өркендеудің болуына және қоғамдық-саяси өмірдің тұрақтылығына байланысты болмақ.

     10. Қазақстанның дамушы аудандарындағы  құрылымдық реформалардың тереңдеуі,  экономиканың жан-жақтылануы, оның  өркендеуінің ішкі көздерінің  нығаюы халықтың өмір сүруге  біршама қолайлы аумақтар мен жерлерге тиімді қайта қоныстануын қамтамасыз етеді.

   11. Қазақстанның  облыстарының аудандары көлемінде  ішкі-көші-қонның ағындарын талдап-зерттеулер  соңғы жылдарда ауыл тұрғындарының  қалаларға қоныс аудару үрдістерінің  сақталып отырғандығын көрсетуде. Тұтастай алғанда Қазақстан Республикасының ауыл халқының көші-қондық жағдайлары, олардың едәуір жылжымалылығымен сипатталып отыр, бұл өз кезегінде еңбек нарығының дамуына, сондай-ақ елдің демографиялық параметрлеріне әсерін тигізеді.

    12. Біздің белгілі бір индикаторлар бойынша болжам жасауымыз елдің халқының тұтастай алғанда бірте-бірте өсетінін, 2030 жылдың бас кезіне қарай 19,8-20,9 миллион адамға, ал 2050 жылы 23,5-26,8 миллион адамға дейін көбеятінін көрсетіп отыр. Бұл болжам қазіргі кезеңдегі қалыптасқан жағдайдан туындайтын пассив болжам емес. Ол бойынша белсенді демографиялық және көші-қондық саясатты жасап шығу және жүзеге асыру бойынша үлкен көлемдегі жұмыстар атқарылуы тиіс. Тек сол жағдайда ғана біз болжамданып отырған нәтижеге қол жеткіземіз, ал Қазақстан болса БҰҰ-ның мамандары алдын ала болжамдап отырған халық санының азаюы қаупінен құтылып, тұрақты демографиялық дамуды қамтамасыз етеді.

    13. Тұтас, барлық бағыттарда кеңейтілген  ауыл халқына білім беру жүйесін  жасап шығу біздің пікірімізше, тірек базаға айналуы мүмкін, елдегі халықтың көші-қонының белгілі бір проблемаларын шешіп, жастардың ауылды жердерде тұрақтап қалуына көмектесуі мүмкін, ол жерде жастар аға ұрпақтың басшылығымен, уақыт өте келе Қазақстанның ұлттық ауылшаруашылық өндірісін дамытудың жоғары білікті маманданған еңбек ресурстарына айналуы және оның тәуелсіз мемлекет ретіндегі ұлттық-экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуі мүмкін.

   14. Көші-қон  үдерістері тұтастай алғанда  Қазақстан Республикасының экономикасының  дамуына жақсы да, жаман да әсерін тигізуі мүмкін. Дегенмен, жаман әсерлері басымырақ болады. Айталық, көші-қонның нәтижесінде Қазақстан экономикасына келген жалпы шығын ондаған миллиард АҚШ долларын құрап отыр. Көші-қонның нәтижесінде едәуір қаржылық шығындар, білікті жұмысшы күшінің азаюы және соның салдарынан еңбек ресурстары сапасының төмендеуі, зияткерлік әлеуеттің шетелге кетуі, жаңа мамандарды дайындауға орасан зор шығынның кететіндігі Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігіне шынайы қатер төндіріп тұр.

Дегенмен, экономиканың өркендеуі және елдің еңбек нарығындағы жағдайдың жақсаруы, жалпы алғанда, көші-қон үдерістерінің теріс салдарларын едәуір азайтады.

  15. Қазақстан  Республикасында сыртқы көші-қонды  реттеу бойынша белгілі бір  мемлекеттік саясат қалыптасты, бұл саясатты жүзеге асыру көші-қон саясатын құқықтық қамтамасыз ету — біріншіден, жалпы алғанда, елдің және оның азаматтарының қауіпсіздігі, сондай-ақ салық төлеушілердің жағдайының жақсаруының, экономиканың өркендеуінің  маңызды факторларының бірі; екіншіден, сапалы иммиграцияның қолайлы шарттарын жасау екендігін дәлелдеп отыр.

Біздің пікірімізше, қазіргі қолданыстағы саясаттың  сыртқы көші-қонды реттеу саласындағы  теріс тұстардың бірі жеке мәселелерді, соның ішінде еңбек иммигранттарының, әсіресе заңсыз иммигранттардың құқықтарын сақтау мәселелерінің жеткіліксіз дайындалып шығуы болып отыр. Осы мәселенің оң шешімін табуы республикадағы демократияның жан-жақты дамуына ықпалын тигізері сөзсіз.

16. Қазіргі  кездері әлсін-әлсін дайындалып-жасалып  жатқан халықты республикалық және облыстық деңгейде жұмыспен қамту бағдарламалары еңбек нарығындағы жағдайды реттеудің және халықтың республика ішіндегі қозғалысын тұрақтандырудың басты факторы экономикалық дамудың нарықтық перспективаларының бар болуы екендігін көрсетіп отыр. Еңбек ресурстарын қайта қалпына келтірумен және еңбекке қабілетті халықтың жұмыс орындарына сұранысымен теңгермеленген еңбекті пайдалану саласын кеңейту міндеттері, сондай-ақ оларды жүзеге асыруға қажетті материалдық ресурстардың қалыптастырылуы осы негізде шешілуі тиіс.

17. Қазақстан  Республикасының Үкіметі үшін  халықаралық іс-тәжірибе өзінің  білікті мамандарының еңбек нарығын  қалыптастыруында жақсы үлгі  бола алады. Бүкіл әлемдегі  жоғары білікті қазақ қызметкерлерінің  қоғамдастығын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған арнайы бағдарламаларды дайындап шығу қажет. 

Ғылыми кадрларды  және жоғары білікті мамандардың  шетелге кетуіне байланысты жағдайды тек түбегейлі шаралар: саяси  және экономикалық тұрақтылық, ғылым  мен инновациялық іс-әрекетке қаржы салуға арналған ресурстарды жинақтау ғана шеше алады.

 

ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША  ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕР ТІЗІМІ

Монография:

1 Нарық экономикасы  жағдайындағы халықтың көшіп-қонуы.  – Алматы: Қазақ ұлттық аграрлық  университеті, 2006. – 203 б.

Оқу-әдістемелік басылымдар:

2 Еңбек нарығы экономикасы.  Алматы: КазНАУ, 2004 ж. – 37 б.

3 Менеджмент. Алматы: КазНАУ, 2006г. – 67 б. (Авторлықпен Аманчиева  А.Р.).

4 Менеджмент и организация  агробизнеса. Типовая учебная  программа. Алматы: КазНАУ, 2003 г. (в  авторском коллективе).

5 Экономика и менеджмент. Типовая учебная программа, для  магистрантов. Алматы: КазНАУ (в соавторстве)

Мақалалар:

а) ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау және аттестаттау комитеті басылымға  рұхсат етілген

6 Көшіп – келушілердің  бейімделу жолдарын жақсарту. – Алматы: Халықаралық Бизнес Университеті, Хабаршы №4 (6), 2007 ж. – 111 б.

7 Сыртқы көшіп –  қонуды мемлекеттік реттеу. –  Алматы: Халықаралық Бизнес Университеті, Хабаршы №2 (4), 2007 ж. – 16 б.

8 Әлеуметтік салаға  көшіп - қонудың әсері. - Алматы: Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті, Ізденістер, нәтижелер №1, 2007 ж. 202 б.

9 Совершенствование менеджмента  и его влияние на стабилизацию  миграционных процессов в Казахстане.–Алматы:  Ізденіс №2(1), 2007 ж.–47 б.

10 Иммиграцияның еңбек  нарығына әсері. – Алматы: Аграрлық нарық проблемалары №2, 2006 ж. – 100 б.

11 Развитие рынка труда  в сельхозпроизводстве и его  значение для  стабилизации  миграционных процессов Казахстана.- Алматы: Экономика и статистика  №1, 2006 ж. – 41 б.

12 Көші-қон үдерісінің отандық экономикаға әсер етуінің кейбір мәселелері. Алматы: Статистика, учет и аудит №2(23), 2006 ж. – 21 б.

13 Сыртқы сауданы либералдандыру  – эмиграцияны азайту. – Астана: С. Сейфуллин атындағы Қазақ  мемлекеттік агротехникалық университеті  №4(43), 2006 ж. – 152 б.

14 Анализ потоков внутренней  миграции сельского населения  в республике Казахстан за  годы суверенного развития. Алмыты:  Казахский национальный аграрный  университет, Исследования, результаты  №4, 2005 г. – 165 с. (Соавтор Э.Х.  Синицына).

15 Влияния миграционных процессов на развитие трудового потенциала Республики казхастан и его сельхозпроизводство. – Алматы: Поиск №4, 2005 г. – 90 с.

16 Миграционные процессы  и безработица в Казахстане. Алматы: Проблемы агрорынка №4, 2005 г. –  87.

17 Развитие малого предпринимательства в сельскохозяйственном производстве Казахстана – источник стабилизации миграционных процессов в стране. Астана: С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті №9, 2005 г. – 188 с.

ә) Шет ел басылымдарында:

18 Закономерности формирования человеческого капитала, и их влияние на миграционные процессы. Бишкек: Кыргызский Государственный университет им. И. Арабаева №6, 2006 г. – 223 с.

Информация о работе Халықтың көшіп-қонуын мемлекеттік реттеудің экономикалық мәселелері