ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы АҚШ-тың саяси-экономикалық дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2013 в 11:04, курсовая работа

Описание работы

Екінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде АҚШ-тың финанстық – экономикалық және әскери қуаты айтарлықтай күшейді. Американ монополиялары соғыс қаруларын жеткізіп беру есебімен қыруар пайда тауып, өнеркәсіптің өндірістік қуаты адам айтқысыз өсті.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі алғашқы жылдары АҚШ әлемде айтарлықтай үстемдік етті. Олар өз мемлекеттерінің экономикасын нығайту мен гүлдендіру үшін барлық жағдайды жасауға тырысты.

Содержание работы

Кіріспе................................................................................................3
1 АҚШ – тағы “мемлекеттік қайырымдылық” ішкі саясатының мәні.
1.1 “Маршал жоспары” мәні.........................................................6
1.2 “Қырғи-қабақ” соғысы кезіндегі АҚШ-тың
экономикасы және «Трумэн доктринасы».................................12
2 АҚШ экономикасының жеке салаларының дамуы. Өнеркәсіптік монополияның құрылымы.
2.1 АҚШ экономикасындағы монополиялардың рөлі.............18
2.2 АҚШ бюджетінің ерекшелігі...............................................22
Қорытынды......................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................32

Файлы: 1 файл

Курстық жұмыс.doc

— 223.50 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 Е.А.бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Тарих факультеті.

Бүкіләлем тарихы және

халықаралық қатынастар

 кафедрасы.

 

 

Курстық жұмыс

тақырыбы: ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы АҚШ-тың саяси-экономикалық дамуы.

 

 

 

 

 

 

 

                                           орындаған: Садуақасов Д.Т.

тексерген: Кенжеғали Ж.М.

Қарағанды – 2013




 

 

                                                                                                          

 

 

       Жоспар:

 

 

        Кіріспе................................................................................................3

 

1  АҚШ – тағы “мемлекеттік қайырымдылық” ішкі саясатының мәні.

 

            1.1  “Маршал жоспары” мәні.........................................................6

 

            1.2  “Қырғи-қабақ” соғысы кезіндегі АҚШ-тың

            экономикасы және «Трумэн доктринасы».................................12                                             

 

2 АҚШ экономикасының жеке салаларының дамуы. Өнеркәсіптік монополияның құрылымы.

 

            2.1  АҚШ экономикасындағы монополиялардың рөлі.............18

 

            2.2  АҚШ бюджетінің ерекшелігі...............................................22

 

Қорытынды......................................................................................30

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................32

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

   Екінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде АҚШ-тың финанстық – экономикалық және әскери қуаты айтарлықтай күшейді. Американ монополиялары соғыс қаруларын жеткізіп беру есебімен қыруар пайда тауып, өнеркәсіптің өндірістік қуаты адам айтқысыз өсті.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі алғашқы жылдары  АҚШ әлемде айтарлықтай үстемдік етті. Олар өз мемлекеттерінің экономикасын нығайту мен гүлдендіру үшін барлық жағдайды жасауға тырысты.

Қазақстан тәуелсіздігін нығайту, оның халықаралық беделін көтеру – күн тәртібіндегі маңызды да күрделі мәселенің бірі. Олай дейтін себебіміз, егеменді еліміздің халықаралық қатынастағы тәжірибесі әлі де аз.

Осы замандағы, яғни XX ғасырдағы АҚШ  үлгі боларлық мемлекеттің бірі. Сол  себептен АҚШ-тың экономикасының даму жолдарын саралап, үлгі болар жақтарын өз пайдасына асырып, қателіктерін ескеріп отыруы керек. Бұл мемлекеттің экономикасының дамуы тез арада дүниежүзіне әйгілі болу себептерін әлі де болса терең де жан-жақты жаңа көзқарас тұрғысынан зерттеуді талап етеді.

Американың халықаралық аренаға  шыққан таңғажайып табыстары тарихшылардың  назарынан тыс қалған жоқ.

Ол мәселені Ресей  тарихшылары, алыс жатқан шетел тарихшылары, экономистер де зерттеді. Әртүрлі  тұжырымдар, қорытындылар жасаған.

Сол себепті де біз өзіміздің  курстық жұмысымыздың тақырыбын “ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы АҚШ-тың саяси-экономикалық дамуы” деп алдық.

Курстық жұмысты жазуда алдымызға қойған мақсатымыз – АҚШ-тың екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономикалық даму жолдарын біліп, оның себебін анықтау.

Курстық жұмысты жазуда көптеген арнаулы зерттеу мен еңбектер пайдаланып жазылды.

Бұл жұмысты жазуда пайдаланған деректерге келетін болсақ – ол жауынгер құқығы туралы билль. Онда негізінен, отставкадағы офицерлер мен жауынгерлерге азаматтық өмірге қайтып келуге және де оларға үй алу үшін кредит беру мен қайта мамандандыру немесе білім алу үшін қаржылай көмек беруге көмектесті.   

1944-1947 жылдар арасында  көптеген заңдар қабылданған  еді. Келесі заң “Экономикалық  құқық туралы билль”  деп аталады.  Бұл заңда негізінен экономикалық  құқықтар белгіленіп, нәсілшілдікті  жою, тең праволық, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту туралы, жұмыссыздықты қысқарту, бағалардың үстіне мемлекеттік бақылау қою, инвестиция үстіне бақылау орнату, шетелдік валюта үстіне бақылау және импералистік емес сыртқы саясаты туралы құқықтар енгізілген.

    “Жұмыспен қамту туралы заң”. Онда негізінен жұмысшылардың жағдайын жақсарту және жұмыс істеуге ниеті бар адамдардың барлығын жұмыспен қамту туралы жазылады.

“Трумэн доктринасында” Г. Трумэннің жүргізген ішкі, сыртқы саясаты ашылған. “Әділ бағыт” бағдарламасы, азаматтық құқықтары тізімі беріледі.

    Г. Трумэн екінші дүниежүзілік соғыстан кейін “көмек беру” бағдарламасын жасайды. Онда соғыста зардап шеккен Батыс Европа мемлекеттеріне көмек беру саясатын жүргізді. Ол мемлекет пен сыртқы-саудада экономикалық байланыс орнату үшін әскери және экономикалық көмек беруді ұйымдастырды. АҚШ-тың сыртқы стратегиясының басты құралы – “көмек беру” бағдарламасы болды.

АҚШ экономикасын кеңінен  зерттеген кеңес зерттеушілері: Фураев В.К., Пожарская С.П., Яковлев  Н.Н., Виноградов С.С., Манукян А.А., Мартынов С.А., Мельников Ю.М.

Бұл тақырыпты зерттеуге көп  үлес қосқан В.И. Лениннің еңбегі. “США в военные и послевоенные годы 1940-1960г.”.

Бұл еңбекте АҚШ-тың  тарихының барлық негізгі сұрақтарына  жеткілікті талдау жүргізілмейді. Мұнда  тек АҚШ өмірінің экономикалық және саяси өркендеу процестері соғыс және соғыстан кейінгі жылдары қамтылады.

Бұл зерттеуде АҚШ-тың белгіленген  уақыттағы ішкі және сыртқы саясаттағы негізгі экономикалық сұрақтарды қарастырған. 555 кітапта АҚШ тарихындағы жиырма жыл ішіндегі белгілі тарихын ұсынады. Бірінші кезеңде АҚШ-тың соғыстан кейінгі сыртқы, ішкі, халықаралық жағдайын белгіленген уақыт бойынша саяси сұрақтарды қарастырса, екінші кезеңде экономика аумағында қарастырған.

Бұнда екінші дүниежүзілік соғыс кезінде және соғыстан кейінгі американ экономикасының даму нәтижесі және оның АҚШ-тың кейінгі дамуына әсері көрсетілген. АҚШ-тың халықаралық экономикадағы алатын орны және оның салдары көрсетілген. Және кітаптың ең соңында экономикалық екі жүйенің жарысы бейнеленген. Кітаптағы сұрақтарды баяндау хронологиялық жүйелікпен жүргізіліп отырған.

АҚШ-тың қазіргі заман  тарихын тікелей зерттеген Сивачев  В.Н., Язьков Е.Ф.-тың еңбектері.

Бұл еңбекте негізгі  АҚШ-тың қазіргі заман тарихындағы  негізгі мәселелері талданған. Әлеуметтік-экономикалық даму проблемалары қарастырылған. Бұл авторлар әсіресе мемлекеттік-монополиялық капитализм эволюциясына көп көңіл бөледі және оның негізгі этаптарын, түрлерін анықтады. Мемлекеттік-монополиялық реттеу әдістерін ашқан.

   В.Б. Наборовтың еңбегін алатын болсақ – ол АҚШ өкіметінің экономикалық саясатындағы көкейтесті проблемаларын талдауға арналған еңбек. Онда АҚШ-тың сыртқы сауда экспансиясының құралы ретінде сауда саясатының қалай пайдаланылғаны қарастырылған.АҚШ дамушы елдермен қарым-қатынасын сынап жазған.Бұл еңбектердің ішінде көп мағлұмат берген зерттеуші Виктор Перло. оның еңбегінде соғыстан кейінгі АҚШ-тың экономикасы зерттелген. Оның өсуі, құлдырауы, жетістіктері жазылған. Көптеген жаңа термин сөздерге түсінік берген. АҚШ-тағы банктердің қызметін, ақша айналымын, өнеркәсіптік дамуын толық зерттеген. Мұндағы тұжырымдар статистикалық көрсеткіштермен дәлелденіп берілген. Н.Н. Яковлев, А.А. Кредер еңбектерінде қазіргі заман кезеңі жаңа көзқараспен қарастырылған. Онда әсіресе мемлекеттік қайырымдылық саясаты өте жақсы сипатталып жақсы түсіндірілген. Бұл зерттеушілер өзінің еңбектерінде АҚШ-тың ішкі, сыртқы, халықаралық жағдайын, саясатын қарастырып, қысқаша экономикасына тоқталып өткен.АҚШ экономикасының өсуіне, ерекшелігіне көп көңіл бөлген еңбектің бірі – ұжымдық еңбек “Америка Құрама Штаттары”.

   Америка экономикасының циклдік 1945-1950 ж.ж. кезеңі қамтылған. Мұнда американ экономикасының дағдарысқа ұшырауы, уақытша құлдырауы себептері де зерттелген.

   Ал А. Блис еңбегінде соғыстан кейінгі АҚШ-тағы мемлекеттік-монополиялық капитализмнің тарихы ерекше көрсетілген.

   АҚШ-тың екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономикалық дамуын зерттеу үшін баспасөз материалдары да қолданылды.

   Сондай-ақ Л.С. Сергеева, А.Т. Лоповтың ғылыми мақалаларын пайдаландым.

Сонымен қатар М. Брукс, А. Джеймс, К.Б. Гофман, С. Бегловтың еңбектерін де пайдаландым.

Курстық жұмыс кіріспе, екі тарау және қорытындыдан тұрады.

Кіріспеде жұмыс тақырыбының өзектілігі және пайдаланған деректер мен әдебиетке  шолу жасалады.

1-бөлімде: АҚШ-тағы “мемлекеттік қайырымдылық” ішкі саясатының жүргізілуіне, орнауына, экономикаға тигізген әсеріне, әлеуметтік реформаларына тоқталдық.

     2-бөлімде: АҚШ-тың екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономикасының жеке салаларының дамуына көңіл бөлдік. Онда банк жүйесі, салық саясаты, мемлекеттік бюджет, ауыл шаруашылығы, көмір, мұнай өндіру, мемлекеттік меншік, сауда, финанс жүйесі, өнеркәсіптерге сипаттама бердік.

Соңында Қазақстан көлемінде табуға болатын пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

1  АҚШ – тағы “мемлекеттік қайырымдылық” атанған

ішкі саясаты.

 

    1. «Марщал жоспары» мәні.

 

 

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін  Америка Құрама Штаттарының жағдайы  басқа ұлы державаларға қарағанда  әлдеқайда жақсы еді. Олардың  өнеркәсіп потенциалдары екі есе өсті. Барлық 30-шы жылдардағы қоғамдық тұрмыстың дамымай қалғаны зардаптары жойылды.

“Елде қуатты әскери потенциалы құрылған еді. АҚШ-ты антигитерлік коалицияның арсеналы деп санады. 1945 жылы қарулы күштерде АҚШ-та он екі миллион адам болды. АҚШ теңіз флоты, бірінші класты авиация, мықты құрлықтағы әскери және бірден-бір ядролық қаруы бар жалғыз мемлекет еді”[1,182-183]. 

АҚШ-тың соғыстан кейінгі жағдайы, экономикасы көтеріле бастады. Осы  кезде 1945 жылы 12 сәуірде АҚШ-тың президенті болып тұрған Франклин Рузвельт қайтыс болды. Ол он екі жыл басқарып, саяси сахнада, халықаралық тұрғыда беделі зор болды. Енді барлық мәселелерді шешу вице-президент Гарри Трумэнге өтті. Ол халықаралық жағдайда, ел басқаруда тәжірибесі өте аз еді. Гарри Трумэн бұл жағдайда соғыстан кейінгі Американың саяси стратегиясын жасауға кірісті.

Трумэн әкімшілігі өнеркәсіп  конверсиясын жүзеге асырды. Конверсия  – экономиканы әскери өндірістен бейбіт өндіріске көшіру. Яғни, әскери емес

өнімдер шығаруға ауыстыру. Әлеуметтік күйзелістен құтылу үшін үкімет “жауынгер құқығы туралы билль” деп аталатын заң қабылданды.

Онда демобилизацияланғандарға білім алуға, тұрғын үй салу үшін кредит (несие) алуға және өз бизнестерін  ашуға көптеген жеңілдіктер жасалды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ ең жоғарғы держава болды. Гарри Трумэн өз саясатын жүргізе отырып, Ф. Рузвельттің “жаңа бағыт” реформасын да жалғастырды.

1946 жылы үкімет “  жұмыспен қамту ” туралы заң  қабылдады. 1948 жылы

президент Трумэн ең төменгі  жалақыны көбейту туралы мәселені шешіп берді. Ол әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін кеңейтуге және арзан бағада тұрғын үй салу бағдарламасын қабылдауға кірісті. “Мемлекеттік қайырымдылық” саясаты дегеніміз – нарықтық экономиканы сақтай отырып, өздерінің азаматтарына белгілі деңгейде әлеуметтік қамтамасыз етуге және тұрмыс халін жақсартуға кепіл беретін демократиялық саяси мемлекет. Мұндай мемлекеттік идея өзіне ұзақ уақытқа жол ашты.

Ал XIX-ғасырда әркім өзін-өзі  қамтамасыз ету керек болған, ал егер ең қиын жағдай туып, көмек керек болатын болса ғана, мемлекет қарамағына емес, жәрдем беруге арналған ұйымдардың қарамағына өзін тапсыратын болған. Ал енді азаматтардың әлеуметтік қорғану – бұл олардың құқығы сондықтан мемлекет оны қорғау керек, деген көзқарас таралды.

“Қайырымдылық мемлекет”  нақты 40-50 жылдары орнай бастады. Мұнда негізгі рөлді “Жаңа  демократиялық толқын” алды. Демократиялық  күштердің екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең басты талаптарының бірі - әлеуметтік реформалар болды.

“Қайырымдылық мемлекетінің қалыптасуы, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономикалық жағдайға өте қолайлы болды”. Мұнда әлеуметтік бағдарламалар үлкен шығынды талап етеді. Қарқынды экономикалық өсу оларды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызды. АҚШ-тың динамикалық дамуына себеп болған, сөзсіз әсер еткен – “Маршалл жоспары” болды.

“АҚШ 1951 жылғы дейін  Батыс Европа мемлекеттеріне 13 миллиард доллар пайдалануға берді. Ол өнеркәсіпті  жабдықтауды сатып алу негізінде  жүру үшін[2,183-186].

Экономикалық өсуде басты жағдай рынокты кеңейту болды. ішкі рынок “қайырымдылық мемлекетінің” құрылу әсерін сынады. Тұтынушылық шығынмен сәйкес халықтық кіріс өсті. Кірістің өсуі өлшеміне қарай тұтынудың

құрылымы өзгере бастады.

Американың соғыстан кейінгі экономикалық дамуының ерекшелігі – қарқынды халықаралық сауда болды. Дамудың бағыты дүниежүзілік сауданы либерализациялауға бағыттады.

Ал бұл кезде Батыс  Европада экономикалық интеграция басталған  еді. Интеграция – мемлекетаралық экономикалық одақтардың құрылуы. Яғни, ішкі сауда  экономиканың дамуына ынталандыру болып табылды (стимул)1. Барлық экономикалық өсуге қажетті жағдай ақша қаражатын жұмсау инвестициясы болып табылады. Инвестиция – капиталистік елдерде өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, басқа кәсіпорындарына пайда немесе әртүрлі табыс табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау.

Информация о работе ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы АҚШ-тың саяси-экономикалық дамуы