ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы АҚШ-тың саяси-экономикалық дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2013 в 11:04, курсовая работа

Описание работы

Екінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде АҚШ-тың финанстық – экономикалық және әскери қуаты айтарлықтай күшейді. Американ монополиялары соғыс қаруларын жеткізіп беру есебімен қыруар пайда тауып, өнеркәсіптің өндірістік қуаты адам айтқысыз өсті.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі алғашқы жылдары АҚШ әлемде айтарлықтай үстемдік етті. Олар өз мемлекеттерінің экономикасын нығайту мен гүлдендіру үшін барлық жағдайды жасауға тырысты.

Содержание работы

Кіріспе................................................................................................3
1 АҚШ – тағы “мемлекеттік қайырымдылық” ішкі саясатының мәні.
1.1 “Маршал жоспары” мәні.........................................................6
1.2 “Қырғи-қабақ” соғысы кезіндегі АҚШ-тың
экономикасы және «Трумэн доктринасы».................................12
2 АҚШ экономикасының жеке салаларының дамуы. Өнеркәсіптік монополияның құрылымы.
2.1 АҚШ экономикасындағы монополиялардың рөлі.............18
2.2 АҚШ бюджетінің ерекшелігі...............................................22
Қорытынды......................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................32

Файлы: 1 файл

Курстық жұмыс.doc

— 223.50 Кб (Скачать файл)

Мемлекет құрылыс нәтижесінде  пайда болған объектілер – мемлекет

меншігінің динамикалық элементі. Соғыспен  милитаризация экономикаға циклдік фактордың әсерімен бейімделген. Оның белгілі өсуі дағдарыс жылдары болып өтті.

“АҚШ-тағы мемлекеттік меншіктің  ерекше кескіні - әскери мүліктің өте

үлкен мөлшері. Бұл меншіктің  түрінің ең үлкен өсімі екінші дүниежүзілік соғыс және соғыстан кейінгі қаруландырудан жарысу жылдары еді”[43,29].

АҚШ-тың мемлекеттік  мүлігінің көлемі, кейде бағалары үстінде оның

ерекше пішіні есепке алынбады. Бұл  мемлекетте капитализмнің дамуының ерекшеліктерімен қамтылған. Сөз негізінен, бәрінен бұрын мемлекеттік капитализм меншігі – жер туралы. Дамыған капитализмнің ертедегі сатысында пайда болған.

“Бұл аталған жерлер, қоғамдық қоры соғыс нәтижесінде пайда болды.

АҚШ-тың құрылуы кезінде  мемлекет қармағындағы мүлік – почта мекемелері болған. XIX ғасырда каналдар, темір жолдар, жол заставалары болса, XX ғасырдың басында муниципалитетке сумен жабдықтау және жергілікті көліктердің жекелеген түрлері, жүйелері жатты”[10,56-57].

XX ғасыр ағымында жергілікті  басқару органдарының қызметі кең етек

ала бастады. Муниципалитет  – кейбір елдерде қалалық немесе селолық басқару орны.

“АҚШ-та 2 мыңдай муниципалдық аэропорттар, ірі қалалық – көлік 

жүйесі, штаттарда үлкен  басты рөл – арқылы пайдаланатын тас төселген

жолдар, каналдар, көпірлер бар”[33,158].

“Мемлекет, өзінің шаруашылық қызметтерін жинай отырып, монополияға

қарсы жүреді. Жеке меншік корпорациялар бақталасқа түскенде, мемлекеттік меншік, монополиялық капиталдың саласы ретінде жүреді”[4,82].

Монополия – бір нәрсені өндіруге немесе сатуға бірдей құқыққа ие болу.

  1. Мемлекеттік бюджет. АҚШ-тың мемлекеттік кәсіпкерлігінің өркендеуі

көрінісінде – материалдық база, яғни, онда өкіметтің саясатындағы экономиканы жүзеге асыру мүмкіндігі бар. Ал оны мемлекеттік қаржы  жүйесі ұсынады. Олар ұлттық кірісті қайта бөлу аппараттарын қолдана отырып өкіметте экономиканы реттеу шараларын өткізеді.

Салық және бюджет жүйесі арқылы жеке меншік кәсіпорындардың қызметтеріне жағдай жасайды. Оларды тікелей немесе жасырын түрде жәрдемдесуімен, мемлекет меншігінің артуымен қаржыландырылады. Сол кездерде, мемлекет масштабы экономикаға араласуы мемлекеттің барлық деңгейде тұрақты қаржы шығынның көбеюін талап етті.

“Сол кездерде, мемлекеттік  шығын механизмі және мемлекеттік  товар сатып алу – АҚШ қызметі арқылы ұлттық кіріс 30 % дейін қайта бөлінген”[24,121].

Әскери шығынның басты бағытын 50-жылдары ұсынды. Ол федералды деңгейде, мемлекет шығындардың артуын жүргізді. Әскери шығын масштабтары және олардың  өсу темпі, мемлекет міндетінің көбеюінің негізгі бір себебі болды. Ол АҚШ-тың кредит және валюта жүйесінің шиеленісуіне әкеп соқты.

Ақырғы кезде өкімет, азаматтық шығын бюджетінің бір  бөлігін жергілікті бюджет деңгейіне  аударуға кірісті. Осы мақсатпен  кең тараған “кірістерді бөлу жоспары” федералды және жергілікті өкімет арасында қызмет етті.

“Мемлекеттік бюджет көлемі, 1949-1950 ж.ж. федералды өкіметтің

шығыны – 43,1 млрд. доллар, ал штаттық және жергілікті органдардың  шығыны – 22,8 млрд. доллар болған”[29,97].

Соғыстан кейін үлкен өзгеріске, кредиттік операцияға ұшыраған – коммерциялық банктер болды.

“Олар негізінен қысқа  мерзімді және орташа мерзімді өнеркәсіпті  несиеленуді іске асырды. Олар тағы да тұтынушы және үй құрылысын ипотекалық несиеленумен айналысты”[30,29].

Ипотека – жылжымайтын мүлік кепілдігі. “АҚШ-та ірі химиялық концерндер екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өзінің өндірістік қайта құруларын жүргізе бастады. Оған жаңа шикізаттың түрлерін қосты. Ірі химиялық өнеркәсіптерінің кәсіпорындарының үлесі: 1953 жылғы өнімдері – 39,4 %, ал саны 1,1 %, жұмыспен қамту – 39,7 %”[9,39].

Өндіріс өнеркәсіптері  екінші дүниежүзілік соғыстан кейін  өте тез жылдамдықпен өсті. Концерн  – финанс ретінде бір қолдан басқарылатын капиталистік өндіріс орындарының  монополистік бірлестігі.

Өсудегі негізгі себеп – АҚШ-та өндіріс өнеркәсіптері, ақырғы он-жылдықта сөз жоқ экспорттары көп болды.

“Өсу кезінде өнеркәсіп  және ауылшаруашылық өнімдері 1939 бен 1947 жыл арасында экспорт 3 есе өсті. Соғыстан кейін Америка, шүбәсіз  импорттарының тез арада көбеюінің алғы шарты болды. Импорттың стратегиялық шикізаттары – темір рудасы, никель, мыс өсе түсті”[8,95].

Американдық имперализмнің  ішкі және сыртқы саясатындағы экономикалық негіздер – АҚШ-тағы мемлекеттік-монополиялық шаруашылықтандырудың дамуымен тығыз байланысты.

. Ол негізінен соғыстан кейін кең етек алды. АҚШ-тың мемлекеттік-монополиялық капиталдың негізгі функциясы – импералистік экспансияны мемлекет ішінде қолдауы, негізінен “Маршалл жоспары” мен “Трумэннің 4 пунктті бағдарламасымен басталады”[11,41].

Ішкі-сауда саясаты – Америка имперализміндегі ішкі саясатындағы басты бөлімі. 1947 жылы сауда, тариф туралы басты келісімнің нәтижесі (ГАТТ) – капиталистік мемлекеттер арасында саяси байланысты нығайтумен аяқталды. АҚШ сауда саясатының көмегімен екінші дүниежүзілік соғыстан кейін рыногтардағы билігі оңайланды.

“Ішкі-сауда саясаты  көптеген элементтерден құрылады:

  1. Кедендік – тариф заң шығарушылығы.
  2. Тарифтық емес баж кедергілері.
  3. Екіжақты және көпжақты сауда келісімдері.
  4. Экспорт үстіне қойылған мемлекеттік бақылау.
  5. Экспорттың қаржыландыру және жәрдем беру, мемлекет тарапынан.
  6. Ішкі-сауда саясатындағы – тасымалдау”[5,254].

Осындай түрлерден құралады.

3. АҚШ кредит-қаржы  мекемелерінің жүйесі. АҚШ-та кредит-қаржы  дүйесінде, банктер ғана емес, басқа да кредит-қаржы институттары кіреді. Оған: сақтандыру компаниялары, зейнетақы қоры, инвестициялық компаниялар және т.б.

АҚШ өкіметінің күш салып, кіріскен ісі – экспорт товарларын қаржыландыру және капиталды өткізуге арналған каналдарды қамтамасыз ету. Әскери және экономикалық көмек көрсету ұйымдары, экономикалық ұлттық мекемелерді басқаруды қамтамасыз етті.

“Мемлекеттік-монополиялық капитализмнің  мәні капитализмнің үлкен күшімен  қосылып, екеуі мемлекеттің үлкен  күшімен бір механизмде болды.

Финанс олигархиясының күші және мемлекет қуаты екіжақты экономикалық және саяси монополияны құрайды. Ол АҚШ-та ең жоғарғы деңгейде дамыды”[23,123].

4. АҚШ-тағы көмір өндіру.

“1945 жылы – 523,0 млн. тонна

1946 жылы – 484,0 млн.  тонна

1947 жылы – 572,0 млн.  тонна

1948 жылы – 543,0 млн. тонна

1949 жылы – 396,0 млн.  тонна

1950 жылы – 467,0 млн.  тонна 

1951 жылы – 483,0 млн.  тонна

1952 жылы – 424,0 млн.  тонна 

1953 жылы – 415,0 млн.  тонна”[26,22].

Мына келтірілген құжат бойынша, көріп отырғанымыздай АҚШ-та көмір  өндіру ашық әдіспен бұлжытпай өсуде. 1952 жылдан бастап көмір өндіру бұрғылайтын машиналардың көмегімен алынуда.

Көмір өндірісі АҚШ-та жекеменшік көмір қазып шығаратын компанияларға  ұсынылды, яғни жалғыз кәсіпорын иеленушілерге.

АҚШ көмір өндіріс  ұйымдары және кәсіпорындардың құрылымдары жекеменшіктік тенденциямен капитализм туып, жүргізілген.

“Берілген құжат бойынша  АҚШ-та 6000 көмір өндіретін компаниялар  бар. Ал олардың 500-і 90,7 мың тоннадан жоғары (жылына) көмір шығарады. Осындай  көмір шығаратын көп компаниялардың ішінде 15 өте ірі деп бөлінген. Олар: “Консолидеймен Коул”, “Пибоди Коул”, “Айленд Крик Коул”, “Истерн Ассошиейтед Коул Корпорейшн”, “Оул бен Коул Корпорейшн” және т.б.”[26,21].

“Имперализмнің отарлау жүйесі құрағаннан кейін, өте нашар дамыған

елдердің ауыр жағдайын пайдаланып, бұл елдерге американдық өкімет өзінің сауда-саяси бағытын дамушы мемлекеттермен қатынасында пайдаланып қалуға тырысты. Олар мынандай амал қолданды: өздерінің қанаушылық мәнін жасыру үшін сыртқы сауда саясатын жүргізуге мәжбүр етті.

   Мұндағы ең басты АҚШ-тың сауда саясатындағы құралы – жарқын көрінетін екі жүзділік мінезі. АҚШ-тың дамушы елдермен сауда келіссөздерімен келісімдері болып табылады”[41,156-165].

    АҚШ осындай саясаттар жүргізген. Бұл АҚШ-тың экономикасында тиімді болды.

         Көмір өндірісі АҚШ-тың тау-кен өндірісінің белгілі бір жетекші саласы.

   “Берілген мәлімет бойынша зерттеліп, табылған кен орнының тереңдігі 915 м-ге дейін, 1960 ж. 5 млрд. тонна көмір шығарылады. Яғни, ол 68 %, елдегі барлық отынның артық қорын өңдеуге жарамдысы 430 %. Әлемдік көмірдің артық қоры АҚШ-тағы ортақ көмірдің артық қоры 2902,4 млрд. тонна жетті. Негізгі көмірдің артық қорының 66 %-і – АҚШ-тағы штаттардың, әсіресе ең көп бөлігі АҚШ-тың батыс бөлігінде орналасқан. Мантана, Солтүстік Дакота, Вайоминг, Колорадо т.б. штаттарда.

   Ал қалғандарының 34 %-і мемлекеттің шығыс бөлігінде Пенсильвания, Батыс Виргиния, Кентукки, Илминойс, Огайо штаттарында”[18,7-22].

   Шығыс аудандарында көмір алу ең алдымен жүргізілді. Осы кезде мемлекетте 95 %-ке дейін шығарған, ортақ көлемді еді.

   “АҚШ-та көмір-кен орындары 1036 мың км болатындай жерді алып жатыр, яғни елдің барлық территориясының 1/9 бөлігі”[32,91].

   Мемлекетте алты негізгі ірі қара көмір бассейндері бар. Олар: Пенсильвандық, Антрациттік, Аппалачтық, Шығыс Орталық, Батыс Орталық, Жартасты таулар деп аталады.

   Қазіргі кезде АҚШ Ресейден кейінгі көмір өндіруден 2-ші орынды алады.

      Ал көмір өндірісі – ауыр өнеркәсіптің дамыған саласының бірі.

АҚШ-та көмір өндіру екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кездері қарқынды дамып, 1947 жылы өзінің ең жоғарғы көрсеткішіне жетті. Көмірі бар штаттарда бөлінген жерден 537 млн. тонна көмір өндірілді.    

   Соғыстан кейінгі кезеңде мұнай мен табиғи газ жағынан бәсеке көтерілуімен, барлық тенденциясымен өндіру көлемі тез арада шайқалып, кеміді.

         Ал 1954 жылы көмір өндіру нақты түрде қысқарды.

    Соғыс пен милитаризмнің экономикада циклдік тұрақсызданудың көбеюі тенденциясына қатысы бар. Бірінші дүниежүзілік соғыс АҚШ экономикасына үлкен соққы әкелді.

    “1919-1929 ж.ж. инфляциялық шу терең және қатты дағдарыспен алмасты. Ал соғыстан кейін дүниежүзілік шу экономикасының жандануы қатынасында, оның гүлденуін тоқтатты. Бұл 1929 жылы болған дағдарысқа дейін қайталанбады. 1929 жылы дағдарыс – нақты соғыстан кейінгі, бүкіл тарихтағы ең ауыры еді”[16,220].

    Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуынан кейін капиталистік мемлекеттерде едәуір ірі экономикалық шуды бақылауға алды. Бір кезде экономикадағы милитаризация ең жоғарғы деңгейде бақылауға алынған. Басқа елдерге қарағанда АҚШ-тағы экономикалық өсу циклдері анық білінді. Милитаризм – импералистік мемлекеттердің қарулануы және соғысқа әзірленуі жолындағы реакциялық саясаты.

    Ал милитаризация – милитаризм жүйесін іске асыру. Потенциалды мүмкіншілікті жүзеге асыру негізінде, соғыс капитализмінде төтенше жоғары сұраныс - өнеркәсіп өнімдерінің негізгі түрлерін туғызды, экономикалық өсуіне жағдай жасады.

    “Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде АҚШ Европаның және Жапонияның үлкен бөлігінің қирауы есебінде өз позициясын нығайтты. Ал Кореядағы соғыс кезінде, бұл елдің талқандалуы негізінде болды”[15,152].

    Соғыс экономикасының өсуіне жағдай жасады. Экономикада ғылым мен техника негізгі орын алды. Мемлекеттің экономикалық өсудегі қарқыны есебінде үлкен өлшемдегі бөлігінде, оның ресурстарына байланысты өндірістік қуаттылықтың модернизациясына, кеңейтуге инвестициялау үшін керек болған.

    Модернизация – қайсыбір нәрсені тілекке, жағдайға сәйкес өзгерту. Инвестициялау – бір іске, кәсіпке капитал салу.

Капиталистік мемлекеттерінің қатарында мемлекеттік экономиканы реттеу формасын иемденді.

Мемлекеттік бағдарламасындағы элементтің кілті – инвестицияны жоспарлау, экономиканың ең өзгермелі құрама бөлігі, сол кездегі көп уақытты өсуді  анықтайтын фактор болып табылады.

“Ұзақ мерзімді сертификат банк депозитінде куәландыратын  куәлік беріледі. Иемденуші осы банктерде  анықталған сомада ақша салынғаны туралы куәлік алады. Сертификатты товарға  төлейтін шек есебінде қолдануға  болмайды”[29,66].

Евродоллар – АҚШ-тың  долларындағы уақытша, ерікті құралы. Ол капиталистік мемлекеттердегі орналасқан компаниямен сондағы адамдарға, бәрінен бұрын АҚШ-та, батыс европалық банкілерге кредит беруге қолдану үшін құрылған. Европалық банкілерді евродоллар рыногының тез өсуі, доллардың орналасу тиімділігімен түсіндіріледі.

Евродоллар рыногы – халықаралық  валюта жүйесінің басты бөлігіне айналды.

Тұтынушылардың несиелеу компаниялары АҚШ-та өте көп кездеседі. Тұтынушылардың несиелеу компаниясы – жеке адамдарға  аздаған қарыздарды төлеуді несиеге беруге мамандандырылған қаражаттың компаниясы.

“АҚШ штаттарының заңы бойынша  орташа қарыз мөлшері 50-ден 300

долларға дейін, ол жекелеген  штаттар 1000-5000 долларға дейін. Ал орташа жылдық қойылым процентті 24-36 %. АҚШ-та 5400-дей тұтынушылардың несиелеу компаниялары бар”[39,27].

Информация о работе ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы АҚШ-тың саяси-экономикалық дамуы