ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы АҚШ-тың саяси-экономикалық дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2013 в 11:04, курсовая работа

Описание работы

Екінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде АҚШ-тың финанстық – экономикалық және әскери қуаты айтарлықтай күшейді. Американ монополиялары соғыс қаруларын жеткізіп беру есебімен қыруар пайда тауып, өнеркәсіптің өндірістік қуаты адам айтқысыз өсті.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі алғашқы жылдары АҚШ әлемде айтарлықтай үстемдік етті. Олар өз мемлекеттерінің экономикасын нығайту мен гүлдендіру үшін барлық жағдайды жасауға тырысты.

Содержание работы

Кіріспе................................................................................................3
1 АҚШ – тағы “мемлекеттік қайырымдылық” ішкі саясатының мәні.
1.1 “Маршал жоспары” мәні.........................................................6
1.2 “Қырғи-қабақ” соғысы кезіндегі АҚШ-тың
экономикасы және «Трумэн доктринасы».................................12
2 АҚШ экономикасының жеке салаларының дамуы. Өнеркәсіптік монополияның құрылымы.
2.1 АҚШ экономикасындағы монополиялардың рөлі.............18
2.2 АҚШ бюджетінің ерекшелігі...............................................22
Қорытынды......................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................32

Файлы: 1 файл

Курстық жұмыс.doc

— 223.50 Кб (Скачать файл)

“Қырғи-қабақ” соғысы әскери өнеркәсіптің өсуіне жағдай жасады. Экономикалық өсуді қолдау өкіметтің саясаты  еді. Олар белсенді көмектесіп, инвестицияны қолдау арқылы тұтынушылыққа сұраныстарды көбейтті.

Осы реформалар нәтижесінде “қайырымдылық мемлекеті” пайда болды. “Мемлекеттік қайырымдылық” 40-50 жылдары құрылса, 60-шы жылдары гүлденді.

“Мемлекеттік қайырымдылықтың” ең қажетті құрама бөлігі еңбекші қатынастардағы мемлекеттік реттеу болып табылады. Бәсекелестерін қамтамасыз ететін, құқықтық шеңберде кәсіподақ пен кәсіпкер әрекеттестігі орнатылды.

Еңбек туралы заң шығарушы жалдамалы  жұмысшыларға “жұмысты қамтуға” кепілдік берді.

“1950 жылдары еңбек  жалақысы екі есе көбейді. АҚШ-та 1953 жылы еңбек жалақысы 20 пайызға көтерілді[3,41].

Соғыстан кейін еңбек қатынастары  өткірленді. Соғыс уақытында ереуілдерге  тыйым салынды. Кәсіпорындар, кәсіподақтар өздерінің ең жоғарғы 

шектегі мақсаттарына жетті. Оларға қатты әсер беріп, кәсіподақ  құрамына 15 млн адам жиналды. “Вагнер” заңына қарсы күресте бұл кәсіподақтар артықшылығын көрсетті. Теміржолшылар, шахтерлер, құрылысшылар ереуілдері айтарлықтай экономикалық зардап әкелді.

“1947 жылы жаңа еңбек қатынасы туралы заң қабылдады. Ол Тофта-Хортли заңы еді”[4,28]. Онда коллективтік қорғануға және ереуілге шығу жұмысшы құқығын сақтап қалды. Жаңа заң ереуілдің кейбір түрлеріне (ынтымақтық, ұйымдық) тыйым салды. Ал бұдан соң, ең қиын еңбек қақтығысы арбитраж мәжбүрлік жүйесін енгізді. Арбитраж – екі жақтың дауын қорғауға арнаулы уәкілдік алған қазы. Мемлекет қызметкерлеріне ереуілге шығуға тыйым салды.

“1945 жылдың соңына дейін  әскери өнеркәсіптен 9 млн жұмысшылар босатылды”[5,473]. Порттарда күн сайын демобилизацияланған жауынгерлердің саны көбейе түсті. Ал әскер саны қысқара берді.

“1945 жылы – 8,2 млн болса, 1946 жылы – 1,8 млн-ға дейін қысқарды”[6,253]

Ардагерлерді қамтамасыз етуге заң шығарылғаны туралы, біз айтып кеттік. Ол “Жауынгерлер құқығы туралы билль” деп айттық.

“Онда  демобилизацияландарға  алғашқы аптасына 20 доллар мөлшерде жәрдем ақымен қамтамасыз етілді. Тағы да оларға кепілі бар кредит 2-4 мың доллар көлемінде үй алуға және аз ғана іске қажетіне бөлінген еді. Әскери қызмет тәуелділігінен босатылғандарға, яғни демобилизацияланғандарға жеңілдік беру мүмкіндіктерін туғызды. Олар: жоғарғы оқу орындарында білім алу. Мемлекеттік міндет бойынша, төлем процентін жылына 5 млрд. долларға көтерді”[7,278].

   Ал енді 1945 жылы “Экономикалық заң туралы билль” атты заң қабылданды. Бұл екінші қабылданған “билль” еді. Бұл заңды қабылдау “болашақта гүлденуге – бәріне жаңа, сенімді негіз болуы мүмкін”- деп атаған Рузвельт.

Бұл заңдардың мазмұны  мынандай:

  1. Барлық ұлттарға қажетті қоғамға пайдалы және ақы төленетін өнеркәсіпте, мекемелерде, фермаларда, шахталарда жұмыс істеу құқығы.
  2. Әрбір фермерге өз еңбегінің жемісін өсіріп, оны өз бағасына сату, өзін және жанұясын лайықты тіршілік етуге қажетті заттармен қамтамасыз ету құқығы.
  3. Әрбір ұсақ және ірі бизнесмендер, сауданы бәсекелестік арам ниетпен емес ерікті атмосферада болып, үстемдік етуші – монополияны елдің ішінде және шетелде жүргізу құқығы.
  4. Әрбір жанұяға берік, тұрақты үй алу құқығы.
  5. Әрбір адам қажетті медициналық көмек алу және өзінің денсаулығын күту, сақтау құқығы.
  6. Қажетті қамқорлық беру: кәрілікке, ауруға, қолайсыз жағдайларға және жұмыссыздардың жағдайына байланысты қамтамасыз ету құқығы.
  7. Бәріне бірдей білім алу құқығы енгізіледі[8,169-171].      

“Жұмыспен қамту” туралы заңда, жұмыспен қамтуды жоғарғы

деңгейге ұмтылып жетуге, өндірістік мүмкіншіліктермен жұмысқа  деген ынтасы бар, қабілеті барлардың жағдайына өз бетінше қызмет ету мүмкіндігін туғызу. 

  Екінші мақсаты: ірі капиталдың талаптану нәтижесінде, ең басты себеп – бағаның өсуі хабарланғандықтан, еңбек жалақысын көтеруге жол бермеу. Инфляциямен күресті ассоциациялау еңбек жалақысын көтеруге қарсы күрес тәрізді болды. Ал бұл мақсат анықталмай қалды. Ассоциациялау – ойға байланыстыру. Инфляция – айналымдағы қағаз ақшаның шамадан тыс көбейіп кетіп құнсыздануы.

Өкімет бұрынғы қиыншылықтарды жою үшін, бұл мақсаттан елді бөлу үшін тез арада барлық шараларды қолдануға кірісті. Ал экономикалық өсуіне жағдай жасауға экономикалық циклді бағыттады. Цикл – түгел орындалу нәтижесінде дайын өнім шығатын жұмыс айналымы. Тұрақтылық пен өсім, тезірек әлеуметтік мақсат - өнімге айналуы тиіс болды. Тым биік кірістердің ізіне түскенше, тезарада қабылдайтын шаралардың түрлері мынадай:

1. Жұмыс пен кіріс.  Мұнда жұмыс іздегендерге, өнеркәсіп  кәсіпорындарындағы жеке бөлімдердегі  адамдардың жағдайы қолайсыз  болса, яғни барлық жұмыс іздегендерге  қоғамдық – пайдалы, ақы төленетін жұмыспен қамтамасыз ету - өкіметтің алдын-ала қарастырған мәселесі еді. Кең таралған әртүрлі көзқарастар да бар. “Әлі де болса әлеуметтік мұқтаждықты толық қанағаттандырмады. Мысалы: тұрғын үй салу құрылысында (үй-жай) қызметтерде, денсаулық сақтау орындарында, білім беру істерінде, мәдени қамқорлықта, демалу ұйымдарында”[9,170].

2. Национализациялау – мемлекет  мүлкіне айналдыру. Экономикада  мемлекет мүлігін жою үшін  национализациялау жүргізу қажет  болды. Онда негізгі өндірістік шаруашылықтық бірліктерді, мемлекет қолына беріледі. Бұл қажетті даму қайта – құру өмірінде өткізуге, негізгі мағына білдіруге тиісті.

“Жеке меншік кәсіпорындар толық жабылған немесе өндіріс қуаттылығы, жұмысы төмен болса, бірінші кезекте  национализациялау объектісі болып табылады”[10,67].

Тез арада көліктерді национализациялау  керек болды. Себебі, бұл кезде  көліктер жеке меншік қолында болған еді. Олардың қызметтерінің нашарлауына  байланысты көмектесу үшін керек. Қалада адам таситын көліктер жойылып, ал жол жүру ақысы өте жоғары бағаға өскен. Қалааралық адам таси-

тын көлік елде жоқ болып шықты. АҚШ темір жол жағынан басқа  елдерге қарағанда артта қала бастады. Осы жағдайға байланысты көліктердің  барлық түрлерін бірыңғай мемлекеттік  жүйеге, адамдарды және жүктерді тасуға біріктіру қажет болды. Ал жалақысын және сапасын кенет көтеруге тырысты.

Телефон байланыс жүйесін және басқа  қызметті қоғамдандыру, бағаның жоғарылауына және оларға түсетін кірістерге де жол бермеу. Осы кезде қызметтерді, бизнесті бақылауға арнайы комиссия құрды.

Қоғамдық жүйенің пайда болуына  байланысты, барлығына тегін медициналық  көмек беру үшін фармацевтикалық  өнеркәсіпті, емханаға және медициналық  өнеркәсіпке байланысы бар өндірістерді национализациялауға кірісті. Национализациялау бұдан соң, өнеркәсіптің бір саласы – тұрғын үй құрылысына келді.

“Бұл 10 млн тұрғын үй салуға жалғыз жол еді. Және де американдықтарға үймен қамтамасыз ету – қажеттілікті талап ететін сұраныстың бірі.

   Демократиялық национализация жүргізу керек болды. Яғни халық қолында болуы тиіс”[11,171].

3. Жұмыссыздық санын қысқарту. Жедел  түрде жұмыссыздықты азайтуға  бағытталған шара қолдану керек  болды. Негізгі жұмыссыздыққа  қарсы күрес компоненті – жұмыс  аптасының ұзақтылығын, мерзімінен  тыс жұмысты жоюға күрес болды. Бұл сөзсіз қосымша миллиондаған жұмыс орнын құруға мүмкіндік туғызды. Ақырғы жылдары жұмысшылар жұмыссыздыққа және сақтандыруға әйгілі талап қоя бастады. Сақтандырудың бұл түрімен барлық жұмыссыздарды қамтуы тиіс болды. Қауіпсіздендірудің жекелеген жүйесі барлық сипатта болған. Ол бірыңғай федералды жүйеге ауысуға тиісті.

Ал, әлеуметтік төлеуді  қаржыландыруды – мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асыру.

“Национализация, ұйымдарды  қорғау – адамдар құқығы, әлеуметтік сақтандыру жәрдемақы алатындарға, жанұяға ең төменгі кіріс тура келетіндей

етіп орнатты (Жылына 6,5 мың доллар)”[12,69].

Әрине ең төменгі жұмыс ақысы  жұмыстардың барлық түрлеріне өнеркәсіптік барлық саласына таралған. Бұл жанұяның ең төменгі кірісінің нақты үйлесуі  тиіс.

4. Әлеуметтік өзгеріс және жұмысшылар жағдайын жақсартуға жағдай жасау. Жоғарыда денсаулық сақтауды национализациялау туралы айттық. Онда барлық ортақ және тегін көмек көрсетудің бәрі – мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыру, бірінші кезектегі тапсырма ортақ комплексте өтетін шараға айналуы тиіс.

Ұлттық тұрғын үй құрылысы туралы ұсыныстарды жыл сайын  пәтер алаңының көлемін ұлғайтуды  қарастырады, бірақ ол да мемлекетке қарайтын.   

“Үйге төленетін ақының ең төменгі мөлшері кірістің 10 % шамасынан тыс асып кетпеуі тиіс”[13].

Ақшаға айналдыру тәрізді бағдарламалар, бірнеше жылдардан кейін жекеменшік тұрғын үй ақысын төмендетіп төлейге  айналады – деп ойлады. Бұдан  соң барлық тұрғындардың жағдайларын, тұрмыстарын жақсартуға жағдай жасалады.  Облыстарда жаңарту, әсіресе білім саласында – білім беру және мұғалім даярлайтын құрамын дайындау жүйесін кең түрде таратуды қолға алды. Барлық оқуға ниеті барларға – білім алу мүмкіндігі туды.

Жұмысшыларға демалуға жағдай жасалды. Әрбір адам қоршаған ортаны ластауға қарсы күресіп, күзету шарасын іске асыра бастады.

5. Теңқұқықтық. Ақырғы кезде нәсілшілдік қатал көрініс берді. Америкада шындық жоғала бастады. Ал бұл қаталдықтың негізгі себебі – экономикалық. “Қара нәсілді жұмысшылардың еңбек жалақысын төмендету есебінен 10 млрд-тан ең жоғарғы кіріс табуды белгілеген еді”[14,98]. Сол себептен барлық экономикалық реформа нәсілшілдік шындығына жетуге бағыттады. Барлық

кәсіпорын жеке немесе мемлекеттік  болсын, жұмысқа қара нәсілді жұмысшыларды және басқа ұлт өкілдерін алуға  міндеттеді. Бұл барлық жоғарғы деңгейдегі жұмыс болсын, қандай да жұмысқа алынуға тиісті. Басқару қызметі болса да кіруге құқығы бар болды және де жоғарғы разрядқа тағайындалуға да болады. Экономикалық шараларды қабылдай отырып, нәсілшілдікті заң бойынша қатаң қадағалауды талап етті[14,99].

Ал заң бұзғандарды, заңды дұрыс  пайдаланбағандарды, нәсілшілдік пен  дискриминацияға қарсы күреске  бағыттағандарға, соған жол бергендерге  қатаң жаза қолданылатын болды.

Дискриминация – ұлттарды, ұлттық топтарды, отар халықтарды алалап правосын айыру.

6. Бағалардың үстіне қойылған  мемлекеттік бақылау. Екінші дүниежүзілік  соғыс кезінде бағалардың үстіне  бақылау орнатқан. Монополиялық  бағалардың бастапқы деңгейге  дейін тұрақтануы мен төмендеуі,  онтиинфляциялық қаржы саясатының  өміріне бірге өткізілді.

“Бұл жалғыз сенімді  құрал – бағаның өсуіне кедергі  жасау үшін қолданды. Баға үстіне қойылған бақылау өз қарамағына еңбек жалақысын  бақылауды кіргізбеді”[15,174].

7. Инвестиция үстіне  қойылған бақылау.

8. Шетелдік валюта  үстіне, операция арқылы үстіне бақылау.

9. Импералистік емес ішкі экономикалық  саясат.

Осындай шаралар қолданды.

Екінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде  АҚШ-тың финанстық-экономикалық және әскери қуаты айтарлықтай күшейді. Америка монополиялары соғыс  қаруларын жеткізу есебімен қыруар пайда тапты. Өнеркәсіптің өндірістік қуаты адам айтқысыз өсті. Америка имперализмінің ішкі даму табиғаты (капиталдың тез қорлануы, өндіргіш күштердің қаулап өсуі)

оны сыртқы экспонцияны кеңінен  жүргізуге итермеледі. АҚШ-тың негізгі  импералистік бәсекелестері уақытша қатардан шығып қалды. Американ кредиторларына финанстық-экономикалық жағынан кіріптарлық халге түсті (Ұлыбритания, Франция).

“АҚШ жаңа рыноктарды иемденіп, экспортқа товарлар мен  капитал шығаруды ұлғайту және кең  көлемді “доллар империясын” құру үшін осыны пайдаланып қалды”[16,168-170].

“Бостандық” пен “демократияны” қорғау деген желеумен американ имперализмі  революциялық және ұлт-азаттық қозғалысқа, түбегейлі саяси және әлеуметтік-экономикалық қайта құру өзгерістерге қарсы күресте халыққа қарсы реакциялық режимдерді қолдауда басты күш ретінде көрініп социализм елдеріне қарсы “қырғи-қабақ” соғысты өрістетті[17,98].

Соғыс аяқталысымен американ имперализмі  атом қаруына бір өзі ғана ие болғанына, әскери базалары жүйесіне және финанстық-экономикалық артықшылығына сүйене отырып, дүниежүзілік үстемдік орнату жоспарларын жүзеге асыруға тырысты.

“Монополистік буржуазияның идеологтары XX ғасырды “американдық ғасыр” деп атай бастады. Бірақ өмір олардың бұл есептерін жоққа  шығарды”[17,98].

 

    1.  «Қырғи-қабақ» соғысы кезіндегі АҚШ экономикасы және        «Трумэн доктринасы»

 

 

Халықаралық аренадағы  күштердің арасалмағында социализм  пайдасына жасаған түбірлі өзгерістер американ монополияларының қызмет аясына елеулі шек қойды. АҚШ-тың бәсекелестерінің бұғанасы бекіп, товар өткізетін рыноктар, шикізат көздері мен капиталды жұмсау аймағы үшін өздерінің қуатты бәсекелестерімен күреске түсті.

Құрама Штаттар ең күшті импералистік держава болып  қала тұрса да, капитализм елдерінің  экономикалық дамуының әркелкілігі салдарынан АҚШ-тың капиталистік дүниедегі жетекшілігінің рөлі әлсірей бастады.

АҚШ соғыстан кейін экономикалық дамуының жоғары деңгейіне жетті  және де қуатты ғылыми-техникалық мүмкіндікке  ие болып отырды. Ол капиталистік дүниеде  өнер шығару, ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық талдамаларға жұмсайтын шығындар көлемі жөнінде жетекші орын алды.

Алайда, елдің экономикалық дамуы тұрақсыздығымен ерекшеленеді. Өнеркәсіп өндірісі бірнеше рет  дағдарыстарды басынан кешірді.

“АҚШ-тағы ұлттық жалпы өнім 1940 жылғы 200 млрд доллардан 1950 жылы 300 млрд-қа өсті, ол 1960 жылы 500 млрд доллардан асты. Көптеген американдықтар өздерін орташа тап қатарына қосты”[18,143].

Экономикалық өсудің бірнеше себептері болды.

Екінші дүниежүзілік соғыс аяғында  Америка капитал экспортеры ретінде ірі капиталистік держава арасынан бәсекелестер кездеспеді. Осы себептен АҚШ-тың экспорт товарлары жеңіл өтті.

Информация о работе ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы АҚШ-тың саяси-экономикалық дамуы