ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы АҚШ-тың саяси-экономикалық дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2013 в 11:04, курсовая работа

Описание работы

Екінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде АҚШ-тың финанстық – экономикалық және әскери қуаты айтарлықтай күшейді. Американ монополиялары соғыс қаруларын жеткізіп беру есебімен қыруар пайда тауып, өнеркәсіптің өндірістік қуаты адам айтқысыз өсті.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі алғашқы жылдары АҚШ әлемде айтарлықтай үстемдік етті. Олар өз мемлекеттерінің экономикасын нығайту мен гүлдендіру үшін барлық жағдайды жасауға тырысты.

Содержание работы

Кіріспе................................................................................................3
1 АҚШ – тағы “мемлекеттік қайырымдылық” ішкі саясатының мәні.
1.1 “Маршал жоспары” мәні.........................................................6
1.2 “Қырғи-қабақ” соғысы кезіндегі АҚШ-тың
экономикасы және «Трумэн доктринасы».................................12
2 АҚШ экономикасының жеке салаларының дамуы. Өнеркәсіптік монополияның құрылымы.
2.1 АҚШ экономикасындағы монополиялардың рөлі.............18
2.2 АҚШ бюджетінің ерекшелігі...............................................22
Қорытынды......................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................32

Файлы: 1 файл

Курстық жұмыс.doc

— 223.50 Кб (Скачать файл)

Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін АҚШ теңіз саудасында басқа шетелдіктердің кемелерін  қолданып келді. Ал соғыстан кейін, олар жекелеген ірі сауда флотын құрған.

“1946 жылдың басында АҚШ-та 6 мың кемелер болған. Яғни, бүкіл  дүниежүзінің 61%-ін құраған. Екі жылдан кейін АҚШ кемелердің жартысын жекеменшік компанияларға сатты. Ал қалған кемелер  әскери қор ретінде сақталды”[19,92].

АҚШ экспортының сауда  баланысындағы жылдамдығы активті  сальдоның өсуін жеңілдетті. “Активті сальдо 1945 жылы 5568 млн. доллар болса, 1947 жылы 10813 млн. долларға жетті. Соғыстан кейінгі 4 жыл ішінде 1946-1949 ж.ж. 30 млрд. доллар сомасында болды. Экспорт капиталы өсті”[20,190].

Әскери уақыт жылдарында басқа  державалардың экономикасынан АҚШ  экономикасының ерекшеленуі, ол екі  дүниежүзілік соғыста өзінің байлығын кеңейтті. Американдықтардың жағдайлары жақсарды.

Соғыс қорытындысында мемлекет ішіндегі сұраныс және американдық товарларды, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылық өнімдерін шетелге шығаруға үлкен сұраныстар туды.

Соғыстан кейін пайда болған тұрғын үй салу құрылыстары, жаңартылған  автомобиль парктері өздерімен бірге  өндіріс салаларының қатарын  көбейтті. Ол үлкен өнеркәсіптік ақша қаражатын жұмсауға жұмыс істеу қажет болды.

Соғыстан кейінгі экспорт, АҚШ  тауарлары үлкен экспорт капиталына айналды. Соғыста Американың дамуы  – басқа ұлы капиталистік державалардың  шаруашылықтарының өте үлкен  күйзеліске ұшырауы нәтижесінде АҚШ-тың капиталистік дүниеде, экономикалық үлес салмағы едәуір көтерілді.

“1945-1965 жылдарда экономикалық өсу қарқыны 2 %-тен жоғарылады. Мысалы: Франция, Италия және Батыс Германия 4 %-тей құрады. Ал Жапония таңқаларлық деңгей 8-10 % көрсетті. 1950 жылға дейін АҚШ барлық елдердің өсуі қарқынынан асып түсті”[21,38].

Бұл көрсеткіште аздаған айырмашылық  болса да, күрделі процентке бұл  жеткілікті болды.

Бірнеше ұрпақ бойына АҚШ жағдайларын жақсартуға, капиталистік дүниедегі экономикаға біртіндей билік етуге тиіс болды.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында АҚШ шаруашылығы бірқалыпты жағдайда болса, ал соғыстан кейін ең күшті  жағдай американдық капитал үшін алғашқы 1946-1949 ж.ж. еді. Соғыс жылдарында жеңіл автомобиль жасау, құрылыс, ауыл шаруашылық машиналар жасау өндірістері және көптеген

өнеркәсіптік өнімдерді кең  түрде тұтынуға тыйым салды. Сонымен  бірге өнеркәсіптік жабдықтардың физикалық  және моральдық тозуы – капиталистердің  кірісін ұлғайтуға және едәуір халық  топтарын сақтауға жол берді.

Соғыстан кейінгі жылдарда бұрын-соңды  болмаған мемлекет ішіндегі сұраныс  азаматтық тұтыну заттарымен қамтамасыз етті. Басқа ірі капиталистік мемлекеттің  шаруашылығына соғыс үлкен күйзеліс әкелгені бізге белгілі. Ал бұл АҚШ  ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өнімдерін шетелге шығаруға аса ірі рынок құруына көмектесті.

Экономикалық өсуге қолайлы  жағдай туды. Ірі монополиялық капитал  қолайлы жағдайды пайдаланып, соғыстан кейін өзінің байлығын, түсімін кеңейтті.

“Капиталистік корпорация активті 100 млн. долларға бағаланды”[22,619].

Ортақ активтердің өсуі – ірі корпорациялардың нығаюы мен  кеңеюі үшін қолайлы болды. Әскери уақыт  жылдарында ірі монополиялық компанияны қосқанда, барлық корпорация тек 40 %-тей  кіріс кіргізді. Барлық корпорацияның  жартысы – көбінесе ұсақ фирмаларға қатысты шығынды көтерді. Барлық ортақ корпорация активтерінің өсуі тым маңызды болды.

“1945-1953 жылдарда өңдеу  өнеркәсіп корпорациясы капиталдарымен 50 млн. долларға дейін өз активтерін 2 есе өсірді, ал капиталмен 50 млн. доллардан жоғары 3 есе көбейді. “Дженерал моторс” активі 1939 ж. 1936 млн. доллар болған. Ал 1947 ж. 2473 млн. доллар болды. “Дженерал электрик” 1939 ж. 392 млн. доллар болса, 1947 ж. 1027 млн. долларға өскен. Ал рокфеллерлік “Стандарт ойл оф Нью-Джерси” 1939 ж. 2035 млн. доллар, кейін 1947 ж. 2996 млн. долларға өсті”[23,312].

Екінші дүниежүзілік соғыс соңында  федералды сауда комиссиясының  хабарламасы бойынша 62 ірі өңдеу  өнеркәсіп корпорациясы аса үлкен  капитал 

жинады. Ол 90 % АҚШ-тағы басқа өңдеу  өнеркәсіп корпорациясының активтерін сатып алуға жетерліктей капиталы болды.

“1945 жылы АҚШ-та өңдеу  өнеркәсіптерінің 60 мың корпорациясы болған. Корпорация кіріс салығын  төлеуге дейін 1939 ж. 9 млрд. болса, 1946 ж. 27 млрд-қа өсті”[24,199].

Соғыс кезіндегі сияқты, соғыстан кейінгі жылдарда да ірі корпорациялар ерекше кіріс кіргізді. Өндірістер ірі компонияларға шоғырландырылды.

“1947 ж. 200 ірі корпорацияға өңдеу өнеркәсіптерінің таза өнімдерінің 30 %-і кірді”[25,95].

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде  АҚШ қуатты әскери өнеркәсіптерін құрды. Ал екінші дүниежүзілік соғыстан кейін олар сақталып, жаңарған және модернизацияланған ірі әскери өнеркәсіпке айналды. Ол АҚШ экономикасында үлкен орын алды.

Соғыстан кейін шетелде американдық  капиталдың үлкен экспонциясы бақыланды. “1939 ж. АҚШ-тың шетелдегі инвестициясының ортақ саласы – 12,5 млрд. доллар болса, 1945 ж. бұл сома 16,9 млрд-қа, 1949 ж. 32,6 млрд. долларға көтерілді. 1939-1945 жылдары АҚШ-тағы шетелдік инвестициялар- шетелдегі американдық ақша қаражатын жұмсауын өсірді. 1949 ж. американдық инвестиция басқа елдерде АҚШ-тағы шетелдік ақша қаражатын жұмсауы 15 млрд-қа өсті”.  

Гувер айтып кеткендей  “Біз жақында, біздің елімізде қайыршылықтың  жоғалғанының куәсі боламыз” деді.

“Бірақ АҚШ байлығы  өсіп жатса да 10 млн. американдық қайыршылық халге түсті”[26,115].

Әрине, АҚШ шаруашылығының дамуының көрінісінде жаңа

факторларды есептеуге, экономикаға  әсерін жалғастыру үшін жұмыстар жүргізілген. Бұған, біріншіден өнеркәсіптерде әскери сұраныс туды. Әскери сұраныстарға дейін шығын 10 рет көтерілді. Әскери шығын федералды бюджетті ұлғайтты. Федералды бюджеттен бірге штаттық бюджет те өсті.

“1947-1948 жылдары және жергілікті шығын АҚШ-тың ұлттық салықтың 20 %-ін құрады. Екіншіден, белгілі ғылыми-зерттеу  жұмыстары үлкен шығынды тудырды. Жекеменшіктік және мемлекеттік шығын ғылыми-зерттеу жұмыстарына 1940 ж. 1 млрд. болса, 1953 ж. 10 млрд-қа өсті”[27,231].

АҚШ-тың жекеменшік топтары  мен мемлекеттік органдары соғыстан кейінгі жылдарда кең құрылыс  жүргізу жобасын жасаған.

“1947-1948 жылдары АҚШ-та жұмыссыздық 3,8 % (12,3 млн. адам) болды. Өнеркәсіп өндірісінің индексі (1947-1949 ж.ж. 100) 1945 ж. 110-нан 90-ға дейін төмендеді, 1946 ж. әскери өндірісті тоқтатып қойды және өнеркәсіпті әлемдік рельске ауыстырды”[28,97].

Американдық имперализмнің гобельді жаулаушылық саясаты – бұл экономикалық ваккум, АҚШ-тың экономикасынан жағдай жасайтын нақты рычагқа айналды.

Қалыпқа келтіру жылдары  мемлекеттік аппаратта қайта  құру жүргізілді.

“1947 жылғы шығарылған заң бойынша Ұлттық қауіпсіздік Советі, осы конгресс өтісімен Ортақ барлау басқармасы (ЦРУ) және әскери орган қайта ұйымдастырылды. Әскери органдарында әскери басқару орны және қорғаныс министрлігін бекітті. 1949 жылы бұл ұйымдасқан комитеттің басқарма орны құрылды. 1947 жылы тағы бір негізгі акт – президент мирасқорлығы ретінде заң шығарды”[29,93].

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін  “Жаңа бағыт” мемлекеттік-монополиялық капитализмінде өз күшінде қала берді. Бірақ, қажетті белгісі – либералды-әлеуметтік реформаторлық жолын жоғалтып алды.

1949 жылы қаңтарда президент  Трумэн конгресске кең көлемді  реформалардың бағдарламасын ұсынды. Ол “әділ бағыт” бағдарламасы  деп аталды[30,107].

Экономиканың даму циклдігі мемлекеттік-монополиялық капитализмнің ең негізгі белгісі  болды. Цикл – капиталистік экономикалық қозғалыстың міндетті түрі болды және соғыстан кейін жаңа жағдайда циклдер ашық модификацияға өтті.

“АҚШ экономикасы үшін 50 жылдар ұзақ өзгеше сипатта, өндірісте автоматтандыру жүйесін енгізді. Автоматтандыру технологиясының  енуі төрт басты жолмен жүргізілді.

  1. Автоматты машиналар енгізу.
  2. Конвейрлік өңдеу әдістері.
  3. Автоматты бақылау жүйесі.
  4. Электронды-есептеу машиналарын енгізді”[23,49-58].

Автоматты бақылау жүйесі және ЭВМ толық 40-50 ж. шығарылды. Олар

50 ж. экономикаға революциянизациялық әсер әкелді. Ол тек ішкі құрылымын өзгертті.

АҚШ-тың “көмек беру” бағдарламасы. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, мемлекет пен сыртқы саудада экономикалық байланыс орнату үшін әскери және экономикалық көмек беруді ұйымдастырды. Ол жекеменшік, мемлекеттік капиталдарды шетке шығаруға көп көмегін тигізді. АҚШ өкіметі “көмектесу” саясатында, шетелдерге жәрдем ақша, зоем беруді шешті. Зоем – белгілі мерзімге дейін алынған ақша, зат.

   “Олардың көмектескендігі сомасы 1945 ж. 1 шілдеден 1968 ж. 30 маусымға дейін 134 млрд. доллар болған. Берілген экономикалық көмек бұл сомадан 95 млрд. доллар. Жәрдем ақша – 56 млрд. доллар, ал зоем 39 млрд. доллар болды. Әскери көмек 36 млрд. доллар бұл жәрдем ақша, ал зоем 3 млрд. 1945-1968 ж.ж. аралығындағы барлық сомасы – 39 млрд. доллар”[1,256].

“Көмектесу” бағдарламасын жүргізетін ұйымдар үшеу. Біріншісі, экономикалық көмекті ұйымдастыратын – халықаралық  даму агенттігі (Агенттік – мекеменің, я жеке адамдардың тапсырмасын орындап  отыратын ұйым). Ол өз жұмысын “Маршалл жоспарымен” бастады (1948-1951 ж.ж.). Агенттік техникалық көмек, “дамушы зоемдер”, қорғанысты ұстауға көмек көрсетті. Техникалық көмек жәрдем ақша ретінде жүрді.

“Бұлардың жүргізген  көмектерінің ортақ сомасы – 46,7 млрд. доллар”[1,257].

Ал екінші ұйым – “Әлем  ісі үшін азық-түлік” бағдарламасын  орындайтын әкімшілік болып табылады (480 заң). Үшінші ұйым – экспортты-импорттық  банк. Ол 1934 жылы құрылған. Соғыстан кейінгі  жылдары АҚШ товарын сатып  алу үшін қысқа мерзімді зоемдер  қойылды.

“Ол 11 млрд. долларды құрады”[31,257].

1945-1951 ж.ж. әр түрлі  товарларды өткізу үшін Қаржы  Министрлігі және АҚШ Қорғаныс  Министрлігі арқылы ғана өткізілді. 

Бұл “көмектесу” бағдарламасы – АҚШ-тың сыртқы стратегиясының ең бір қажетті құралы болып табылады. Бұл бағдарлама тек сыртқы саясатта емес, төтенше АҚШ-тың ішкі экономикасына де өте қажет.

“Батыс Европа мен  Жапонияға көмек ретінде 95 млрд. доллар берілді”[29,37].  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2  АҚШ экономикасының жеке салаларының дамуы. Өнеркәсіптік

монополияның  құрылымы.

 

2.1 АҚШ экономикасындағы  монополиялардың рөлі.

 

 

АҚШ-тағы негізгі өнеркәсіпте ұйымдық  бастаушы – фирма болып табылады. Ірі фирмалар ереже бойынша бір  ғана кәсіпорыннан емес (завод, фабрика), бірнеше-ондаған, кейде жүздеген кәсіпорындардан  тұрады.

“АҚШ-та 300 мың фирмалар саналған. Бірақ олардың рөлі, мөлшері экономикада әр түрлі”[44,89].

АҚШ-тағы экономикада шешуші рөлді  монополиялық ұйымдар ойнайды. Монополияны  өркендету негізінде өндіріс  пен капиталды шоғырландыру мен  орталықтандыру жатыр. Шоғырландыру процесін тарату турасыздықты емес, жеке кезеңінде, оның даму темпі өте биік, ал басқасы өте төмен. Шоғырландыру әртүрлі салаларда, дәрежесі де әртүрлі.

Статистикалық көрсеткіштерде шоғырландыру дәрежесі салаларда жаппай көп өндірістік әдістерімен немесе үздіксіз өндіріспен өте жоғары. “Бұл бәрінен бұрын металлургия, автомобиль өнеркәсібі, шин өндірісі, радиоқабылдағыштар, телевизор, байланыс жабдықтары, генераторлар, трансформаторлар, электр шамдар, бақылау аппараттары, ЭВМ, жазатын машиналар, сурет жабдықтары, тоңазытқыштар, кір жуатын машиналар, каучук т.б. шығарды”[32,100].

АҚШ өнеркәсібінде шоғырландырудың  ең жоғарғы деңгейінің бір себебі: оның құрылымы және жоғарғы үлесі  – осы саладағы өнімі болып  табылады.

“Металлургияның бүтіндей үлесінің барлық түрлері – машина жасау, мұнай шығаратын, химиялық, резиналық өңдеу өнеркәсібіндегі таза құны 1939 жылы 41 %, 1953 жылы 48,2 %-ке теңелді. Көптеген фирмалар “Вестингауз”, “Алкоа” және тағы басқалары қуатты ЭВМ-дарды құрастырады. Олар екі-үшеу-ін біруақытта қамтамасыз етеді”[33,93].

1947-1954 жылдары, әсіресе ірі компониялардың үлестері өнімдерінің таза құны жоғарғы деңгейге өсті. Ал осы жылдардан кейін олардың үлесі бірқалыпты темппен көбейіп отырды.

АҚШ соғыстан кейін капиталистік әлемде басты және шешуші күш болып қалды. АҚШ капиталистік өндірістің дамуына көлемді әсер етеді. Өндірістік ақша қаражатын жұмсау, негізгі қорлардың көлемді өсуі болып өтті. Көптеген мемлекеттерге қарағанда АҚШ-та, салаларында бірталай көп қуаттылық көрінді.

“АҚШ президентінің  экономикалық есебі бойынша: 1947-1948 жылдары  жалпы ұлттық өсім жеке өндірістердегі қаржы жұмсаудың негізгі капиталы төмендеді. 1949-1957 жылдары 10-11 %-ке төмендеп кетті. Өңдеуші өнеркәсіптің негізгі капиталының орташа жылдық өсуі 1947-1957 жылдары 43 % болды”[34,95].

“ИМЭМО экономистерінің  есептеулері бойынша АҚШ-тың өндірістегі ұлттық кірісінің үлесі 1948 жылы 13,5 %, 1957 жылы 11,6 %”[35,206].

“АҚШ-та жұмыспен қамту  туралы мәліметтер өте айқын. 1949 жыл  мен 1953 жыл аралығында орташа жылдық жұмыспен қамту материалдық өндіріс  салаларында жалдамалы еңбек (өңдейтін, шығаратын өнеркәсіп, құрылыс, транспорт, қоғамдық пайдалану кәсіпорындары) 3771 мыңға өсті. Сауда, қаржы облыстарында мемлекеттік қызмет ету – 4860 мың немесе екеуінің барлық қосындысында 8631 мыңға өскен”[36,184].

“1948 жыл мен 1953 жыл  аралығында машина жасау өнімінің индексі 73 %-ға өсті, ал қаруланусыз – 33 %-ға көтерілді. Осы кезеңде жаңа әскери өнеркәсіп құрылды.

Информация о работе ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы АҚШ-тың саяси-экономикалық дамуы