Катон-Қарағай Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркіндегі балқарағай биологиясына әсер ететін факторларды анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Июня 2013 в 13:07, курсовая работа

Описание работы

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қысқаша физика-географиялық сипаттамасы.
Орналасқан орны: Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (КҚМҰТП) Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ауданында орналасқан. Ұлттық парктің аумағы теңіз деңгейінен 3000 метрден жоғары және мәңгі қарлармен көмкерілген көп жоталы таулы өңір, Оңтүстік Алтай ірі таулы аймағының шегінде орналасқан.
Катонқарағай мемлекеттік табиғи ұлттық паркінің аумағына төмендегілер кіреді: Листвяга және Қатын жоталарының оңтүстік макробеткейлері (Мұзтау тауының оңтүстік және шығыс беткейлері), Қазақстан шегіндегі Үкөк биік таулы үстіртінің батыс бөлігі, Оңтүстік Алтай, Тарбағатай (Алтайлық) және Сарымсақты жоталары.

Содержание работы

Кіріспе (мақсаты, міндеті, өзектілігі, зерттеу обьектісі, қолданылған әдістер, нысаны)
1. Катон- Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жалпы сипаттамасы.
1.1 Катон- Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің флорасы
1.2 Қылқан жапырақтыларға жалпы сипаттама
1.3 Балқарағай өсімдігінің даму тарихы
2 Зерттеу әдістері мен нәтижелері
2.1 Катон-Қарағай Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркінде өсетін балқарағай өсімдігінің биологиялық ерекшеліктері.
2.2 Балқарағай жаңғағының пайдасы және маңызы
2.3 Балқарағай жаңғағының химиялық құрамы.
Қорытынды

Файлы: 1 файл

боташшш.docx

— 87.10 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасы Білім  және ғылым министрлігі

 

С. Аманжолов атындағы Шығыс  Қазақстан Мемлекеттік Университеті

 

 

 

 

 

Темрханова.Б.М.

 

 

 

Катон-Қарағай  Мемлекеттік  Ұлттық табиғи паркіндегі балқарағай биологиясына әсер ететін факторларды  анықтау.

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

 

 

050113 - мамандығы – «Биология»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өскемен 2013

Жоспар

 

 

Әдеби шолу

Кіріспе  (мақсаты, міндеті, өзектілігі, зерттеу обьектісі, қолданылған  әдістер, нысаны)

1. Катон- Қарағай мемлекеттік   ұлттық табиғи паркінің жалпы  сипаттамасы.

1.1 Катон- Қарағай мемлекеттік   ұлттық табиғи паркінің флорасы

1.2  Қылқан жапырақтыларға  жалпы сипаттама

1.3 Балқарағай өсімдігінің  даму тарихы

2  Зерттеу әдістері мен нәтижелері

2.1 Катон-Қарағай  Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркінде өсетін балқарағай өсімдігінің биологиялық ерекшеліктері.

2.2  Балқарағай жаңғағының  пайдасы және маңызы

     2.3 Балқарағай  жаңғағының  химиялық құрамы.

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Катонқарағай мемлекеттік  ұлттық табиғи паркінің қысқаша физика-географиялық сипаттамасы.

Орналасқан орны: Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (КҚМҰТП) Шығыс Қазақстан облысындағы  Катонқарағай ауданында орналасқан. Ұлттық парктің аумағы теңіз деңгейінен 3000 метрден жоғары және мәңгі қарлармен  көмкерілген көп жоталы таулы  өңір, Оңтүстік Алтай ірі таулы  аймағының шегінде орналасқан.

Катонқарағай мемлекеттік  табиғи ұлттық паркінің аумағына төмендегілер кіреді: Листвяга және Қатын жоталарының  оңтүстік макробеткейлері (Мұзтау тауының  оңтүстік және шығыс беткейлері), Қазақстан  шегіндегі Үкөк биік таулы үстіртінің батыс бөлігі, Оңтүстік Алтай, Тарбағатай (Алтайлық) және Сарымсақты жоталары.

Парктің мынадай шекаралары белгіленген:Солтүстік және шығысында: Ресеймен (Алтай Республикасы) шектеседі.Оңтүстік-шығысында: Қытай Халық Республикасымен  шектеседі;Батысында: шекара Белқарағай және Солдатово ауылдарына дейін  Фарпусная өзені (Шыршытсу) бойымен  өтеді;Оңтүстігінде: шекара Шыңғыстай  орманшылығының Мұз-Бел орман саяжайы  шекарасы және Катонқарағай мен Күршім аудандарының әкімшілік шекарасы бойымен  оңтүстік-шығысындағы Қытаймен шекараға дейінгі Оңтүстік Алтай жоталарының  солтүстік беткейлері Сарымсақты, Тарбағатай бойымен өтеді. Шығыстан батысқа  қарай тізбектеле созылған Қатын, Оңтүстік Алтай, Тарбағатай (Алтайлық), Сарымсақты, Листвяга ең биік жоталары болып табылады. Биік таулы Қатын және Оңтүстік Алтай  жоталарының бедері тік жартасты беткейлі, мореналы, астау тәріздес аңғарлы альпілік типте. Өзге жоталардың бедері жазықтау болып келген. Жоталар  мен қыраттардың ұшар бастары  кең алаңқайлы қарлармен және мұздықтармен жабылған. Мұнда қазіргі  заманғы мұзбасудың екі орталығы, көптеген тау өзендерін қоректендіретін, Қатын мұздықтары және Оңтүстік Алтай  жотасының шығыс бөлігінің мұздықтары орналасқан. Ұлттық парк аумағы дамыған  гидрографиялық желіге ие. Үкөк қыратынан  бастау алатын Бұқтырма өзені негізгі  су магистралі болып табылады және Бұқтырма су қоймасын сумен қамтамасыз етеді. Ұлттық парк шегіндегі негізгі  салалары: Калмачиха, Күрті, Таутекелі, Ақ Берел, Сахатушка, Фадиха, Тынық, Чернова, Каменушка, Сарымсақты, Ақсу өзендері. Ұлттық парктің оңтүстік бөлігіндегі  маңызды өзендер: оңтүстікке қарай  ағатын Қара-Қаба, Арасан – Қаба, Ақ-Қаба. Аталған өзендер тік, жартасты жағалаулары  тар, қарағайлы орманды сайлар арқылы жол салып ағады. Тау өзендерінің  түсі өзіндік ерекшелігімен, әсемдігімен, қатты ағынымен таң қалдырады. Мұздықтың  қозғалу кезінде тау жыныстарының үйкелісі салдарынан пайда болатын  лайлы тұнбалар әсерінен Ақ Берел, Бұқтырма мұздық өзендерінің сулары ақшыл-күлгін түсті лайлы болып келген. Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өзендерінде мынадай сарқырамалар бар: Көккөл, Рахман және Язевое өзеніндегі сарқырамалар тізбегі. Жоталар мен  тау аралық ойпаттардың бар болуы  көптеген көлдердің түзілуіне әсер еткен. Әсем көлдер биік таулы ландшафтарға қайталанбас ғажайып өң береді, олардың  ең ірілері: Бұқтырма, Рахман, Қаракөл, Маралды және Чернова.Катонқарағай Мемлекеттік ұлттық паркі1998 жылы Қазақстан  Республикасының Үкіметі Катонқарағай ұлттық мемлекеттік табиғи паркін ұйымдастыру  жөнінде қаулы қабылдады. 2001 жылдың шілдесінде парк құрылып қызметін бастады.

Табиғи парктің негізгі  міндетіне: әлемнің негізгі биотикалық кешендерінің  репрезентативті үлгісі ретінде экожүйені сақтау;

-табиғи ортаның экологиялық  әртүрлілігін қолдау;

-мәдени мұраның учаскелерін  және нысандарын сақтау;

-табиғаттың әсем жерлерін  сақтау;

-ауданның экономикалық  дамуында қосымша күш құру;

Негізгі аумақтық- шектелген  міндеттер:

-Жаңа жұмыс орындарын  құру;

-Тұрғындарды тұрақтандыру;

-Ғылыми зерттеулер жүргізу  және ортаның жағдайын бақылау;

-Туризмді  және демалысты  ұйымдастыру кіреді.

Негізгі міндеттердің бірі «Қар барысы-Оңтүстік Алтай» бағдарламасын  жүзеге асыру болып табылады. Бұл  бағдарлама Оңтүстік Алтайда мекендейтін  қар барысының болмысын танып  білуге  және сақтауға арналған. Паркте аңдардың  алуан түрллері:қоңыр  аю,түлкі, бұлғын, құндыз, борсық, елік, марал, тау ешкісі, құну, күдір, сусар, камшат, тиін т.б. мекендейді. Өсімдіктер әлемінен дәрілік қасиеті мол  емдік шөптер мен хош иісті  гүлдердің 1000-нан астам түрі бар. Бұлардың 30-дан астам түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек өсімдіктер. Парк аймағы республикамыздағы ағашы  мол орманды алқапты қамтыған. Орманды құрайтын негізгі ағаш - қарағай, самырсын мен балқарағай. Бұта-қарағанның 50-ден астам түрі: мойыл, долана, итмұрын, қарақат пен көк бүлдірген  т.б. өседі. 

Парк аумағында табиғаты әсем және тарихи көзтартарлық орындар  мол. Олардың кейбіреулері халықаралық  мәртебеге ие: Белуха тауы, Көккөл сарқырамасы, Берел қорғандары, Рахман қайнарларының  термальды бастаулары, Ұлы Жібек Жолының Солтүстік Тармағы (Алтын Тармақ) және тағы басқалар. Шығыс Қазақстандағы Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

     Алтай тауларының  көп бөлігін алшып жатқан Шығыс  Қазақстанда туризімді дамытуға  зор мүмкіндік бар. Шөл даладан  бастап ну орман алқаптары,  биік шындардағы альпы шалғындары  мен мұздықтарға дейін созылған  ланшафтты-климаттық аймақтарын  біртұтас жиынтығы. Мұнда Сібір  мен Алтайдың ең биік шыңы-қасиетті  Мұзтау тауы бар (4506 м). Мұзтауға  апаратын ең қысқа жол Түнгір  ауылынан бастап, Катунның оң  жақ сағасымен, одан кейін Аккем  өзенімен жоғары (немесе Қөшірлі  ауылы арқылы 1513 метрлік жалғызаяқ  жолмен, Аккем өзеніне дейін). Аккем  өзенінен Төменгі Аккем өзеніне  дейін шамамен 30 шақырым. Мұзтау  тауы екі биіктіктен тұрады, олар  дұрыс емес пирамидалар: Шығыс  Мұзтау (4506 м.) және Батыс Мұзтау (4435 м.). Солтүстікке-Аккем мұздығына  қарай күрт аяқталады және  оңтүстікке – Катун мұздығына  біртіндеп төмендейді. Мұзтау жер  бедері (жер қыртысының биікше  колген учаскілері) ерте төрттік  дәуіріне (1,5 млн. жыл бұрын) жатады.Мұзтау  тауы – Таулы Алтайдың негізгі  мұздықты орталығының бірі болып  есептеледі.  Мұзтаумен жалғасып  жатқан өзен бассейіндерінде  жалпы көлемі 146 шаршы километрді  құрайтын 162 мұздық бар. Олардың  бастылары – Аккем (Родэевич), Едігем өзенінің бастауларындағы  Сапожников, Үлкен Берел, Катун  (Геблер), Рассыпная өзеніне құятын  Кара, ағайынды Троновтар. Бұл  биіктерге тек көп уақыт еңбектеніп , дайындалған туристер ғана шығуы  мүмкін, ал оның етегіне барып  қайту әркімнің қолынан келеді. Мұзтаудың атауы таудың басынан  аяғына дейін мәнгі қалың қардан  басып жатқандықтан аталған болар.

Алтайлықтар Мұзтауды «Құдайдың  мекені», «Ұлы қария» деп еркелетіп  айтады. Ал Н.К. Рерихтің пікірінше бұл  тау туралы тіпті «шөлдер де сыбырласады», дейді. Бұл қосбасты жарқырағаң ұлылықты өз көздерімен қызықтаған саяхатшылар, оның сөзжетпес сұлұлығын, күнбатыстағы ғажайып түстерінің ауысуын, аспанға  жақындығын, жұлдыздардың жымындасуын  ешбір жермен салыстыруға келмейтіндігін таңдана айтады.

Берел қорымы:Орналасуы: Шығыс  Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Бұқтырма өзенінің жағасындағы жазық, берел Қорымы Қазақстанда тендесі  жоқ бірегей археологиялық ескерткіш (III-IV ғ.). Мұнда барлығы 30 қорған тізбектеле орналасқан.

1998 жылы Берел қорымында  қазба жұмыстарын жүргізген Қазақстан  Республикасының Білім және ғылым  министірлігінің Ә.Х. Марғұлан  атындағы археологиялық институты  мен бірлесе Францияның Ұлттық  ғылыми-зерттеу орталығы мен Венециядағы  (Италия) Легабус атындағы қордың  ғылыми-зерттеу орталығының ғалымдары  мен археологтары әлемдік деңгейдегі  жаңалық ашты. Мұнда теңіз деңгейінен 1200 ментр биіктікте орналасқан  Бұқтырма өзенінің жазық даласында  б.з.б. IV ғғ. Жерленген сақ патшасының  мәйіті табылды. Мұнда көптеген  құнды заттар мен әшекейлер,  өргектелген ағаш бұйымдар, киіз  бен жүннен жасалған қолөнер  жәдігерлері, ер-тоқыммен бірге  жерленген 13 жылқының мүрделері,  көптеген қажетті әр түрлі  заттары бар патшаның қабірханасы  бар. Көптеген заттар алғашында  алтын фольгамен қапталғандығы  анықталды. Жылқылардың ер-тұрман  әбзелдері алтынмен қапталған  ұзын мүйіздермен әшекейленген. Табылған жәдігерлер, соның ішінде  органикалық материалдар, киімдер  мен тұрмыста қажетті заттар  өте жақсы сақталынған, өйткені  ежелгі көшпелілер жергілікті  табиғи-климаттық жағдайларды жөнімен  пайдалана отырып, мәңгі тоң басқан  мұздықтарды қолдан жасай білді.  Бұл факт «мәнгі тонның астында  феноменін» қалыптастырды.

«Рахман қайнары»

«Рахман қайнары»Орналасуы: ШҚО, Катонқарағай әкімшілік ауданына қарасты рахман қайнарлары ауылының солтүстік-шысыс жағындағы Рахман өзенінің су қоймасы. Рахман минералды  су көздері Арасан өзенінің оң жақ  жазығының солтүстік-шығыс жағалауында  ғажап сұлулығымен белгілі Рахман өзенінің (көлемі-1,14 кв.м.) су қоймасында орналасқан. Мұнда жағадан 80-100 м. қашықтықта кішігірім тасты төбешіктің үстіндегі  алаңның (100*150 м.) үстінде «Рахман  қайнарлары» шипажайының ғимараттары  орналасқан. Термалды су көздері алаңның  солтүстік жағындағы гранитті жарықтардың  арасынан жарып шығып шығыстан-батысқа  қарай бір сызықтық бойымен ағып жатыр, ұзындығы 80 метр. Мұндағы шипажайдың негізгі емдеу факторы гидрокарбонатты-кальцилік  аз минералданған (0,19 г/л) жер асты су көздері болып табылады. Рахман сулары түссіз, ешқандай дәмі жоқ, ішуге дәмді. Тарижи мәліметтерге сүйенсек, Рахман қайнарларының орнында буддалардың  табыну орнының қалдықтары табылған.  

Климаты:Тау бедерінің  күрделі болып келуі климаттық  жағдайға әсерін тигізбей қоймайды, тау  баурайынан шыңына қарай жоғарлаған сайын климаттың қатты өзгергуі байқалады. Алдымен температуралық режим өзгереді, таудың үстіне көтерілген сайын температура төмендей түседі. Таудағы климат беткейлердің экспозициясына, сонымен қатар мұздықтардың орналасу жақындығына байланысты өзгереді. Аймақтың климаты шұғыл континентті, жыл  маусымдары кезіндегідей, тәулік ішінде де температураның ауытқуы жоғары. Қысы ұзақ, әрі суық. Жаздың ыстық  күні суық түнмен ауысады. Жауын-шашын  мөлшері жыл маусымдарында тең  түспейді. Ылғалдың көп мөлшері жаз  айларына (маусым-шілде) келеді, жауын-шашынның таралуының минимумы қаңтар-ақпан айларына тән. Жыл маусымының жылы айларында  жауын-шашынның көптеп түсуі, ауа ылғалдығының жоғарлауын туғызып, биік таулы аймақтың өсімдік жамылғысына қолайлы әсер етеді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 432 мм. Абсолютті максимум +34 0 С және абсолютті минимум -44 0С болған кездегі ауаның жылдық орташа температурасы +1, 6 0 С құрайды. Катонқарағайдағы топырақтың орташа қату тереңдігі 67 см ( 47 см - 100 см-ге дейін). Қараша айының басында қар жамылғысы тұрақтанып, сәуір айының басында не ортасында ери бастайды. Шығыс, оңтүстік - шығыс бағыттағы желдер басым келген. Желдің орташа жылдық жылдамдығы - 3,8 м/с тең. Алтайдың климаты тым континентті. Қысы суық әрі ұзақ. Қаңтар айының орташа температурасы тауаралык ойыстарда 27—30°С, тау етектері мен жазық жерлерінде - 13-16°С. Ең суық орташа температура Марқакөл к-нін маңында (-27,6°С). Алтайдың ең жылы шілде айының орташа температурасы 18-20°С, ал 1000-1500 м биіктікте ол 14—16°С-тан аспайды. Ең жоғары температура Зайсан қазаншұңқырында (40°С-қа дейін). Жер биіктігі артқан сайын, температура инверсиясының нәтижесінде, қысқы температура төмендеп отырады. Сондықтан тауда қыста жылы, жазда салқын, далалар мен жазықтарда қыста суық, жазда ыстық болып келеді. Ылғалды, желге ашық жатқан Батыс және Солтүстік-шығыс Алтайда жауын-шашын мөлш. 1200 мм-ге жетеді (кей жерлерде 2000 мм). Алтайдың шығысы мен оңтүстігінде жауын-шашын мөлш. 200-300 мм (Шуй даласында 100 мм), ал Зайсан қазаншұңқырында 150 мм шамасында. Жауын-шашын, көбінесе, көктем мен күз айларында жауады. Өзен бойы мен тауаралық ойыстарды қуалай соғатын тұрақты жел жазда сирек байқалады. Қыста батыстан суық әрі қарлы-боранды "құбыла желі", оңтүстіктен жылы Алтай желі" соғады. Ауа райы Алтайда "құбыла желінен" кейін ашық, аязды болып келсе, "Алтай желінен" кейін онда бүлтты әрі жылы болып, қар жауады.

  

Катонқарағай ауданы 1928 жылы 1 тамызда құрылған, бір жылдан кейін 1929 жылы 20 қыркүйекте Шыңғыстау ауданы Катонқарағай ауданының құрамына енді. 1932 жылы Катонқарағай ауданы Шығыс-Қазақстан  облысының құрамына кірді. 1935 жылы Катонқарағай және Зырян аудандарының құрамынан  Большенарым және Бұхтарма аудандары  бөлініп шықты. 1954 жылы аудан көлемі Алтай өлкесі Таулы-Алтай автономдық облысы Усть-Коксинский ауданы «Жоғарыкатон»  совхозының қосылуы есебінен кеңейді. 1963 жылғы 1 қаңтарда Катонқарағай ауданы Большенарым ауданымен біріктіріліп, аудан орталығы болып Большенарым  селосы анықталды. 1970 жылы 4 желтоқсанда  Катонқарағай ауданы орталығы Катонқарағай селосы болып қайтадан құрылды. 1997 жылы 23 наурызда Большенарым ауданы жойылып, Катонқарағай ауданының әкімшілік  орталығы Большенарым селосына көшірілді. Аудан облыс аумағының солтүстік-шығыс  бөлігінде орналасқан. Аудан солтүстік  және солтүстік-шығыста Ресей Федерациясының Алтай Республикасымен, оңтүстік-шығыста  Қытай Халық Республикасымен, оңтүстікте Күршім ауданымен, солтүстікте-Зырян  ауданымен шекаралас, ал батыста  Бұхтарма бөгенінің суымен шектесіп жатыр. Әкімшілік орталығы болып, облыстың орталығы Өскемен қаласынан 263 км қашықтықта орналасқан Большенарым селосы табылады. Облыс орталығы мен ауданның көлік  байланысы Өскемен қ. – Зырян -Большенарым автомобиль жолдарымен жүзеге асады. 2002 ж. 1 қаңтардағы Шығыс-Қазақстан  облысының әкімшілік-аумақтық бөлінуіне  сәйкес, аудан 54 елді мекеннен, 44226 тұрғыны  бар 13 ауылдық округтан тұрады. Катонқарағай ауданы агроклиматтық жағдайы бойынша  таулы және қатты-континенттік ауа-райлы  альпілік аймақта орналасқан, қатты  ұзаққа созылатын қысымен, ыстық  және баяу өтетін жазы мен күзі арқылы сипатталады. Аудан аумағы анық төрт климаттық аймаққа бөлінеді: Биік тау аймағы (тундра-шалғынды) Таулы-орманды, артық ылғалды Таулы, ылғалды  орманды дала Таулы – далалы.Биік таулы және таулы-орманды аймақтың ауа-райы өте ылғалды, қоңырсалқын  суық, кей жерлерде өте суық. Аймақтың солтүстік жартысында бір жылда 550-560 мм ылғал түседі. Шілделік ылғалдың ызғары әсіресе анық сезіледі. Желдің орташа айлық жылдамдығы бір жыл  ішінде 1,7 м/сек құрайды. Қатты желді  күндер саны жылына 7 күнді, ал шаңды  боран -10 күнді құрайды. Өсімдік жамылғысы  өз таралымында, ауа райы мен жер  жамылғысы тәрізді вертикалды аймаққа  бағынады. Биік таулы тундралық аймақтарда жасыл қыналар, тал-шілік, бұталар  басым. Биік таулы шалғынды аймақ  дәнді өсімдіктер, сан алуан шөп  түрлерінің басымдығымен ерекшеленеді. Альпі белдеуінде өсетін өсімдіктер жерге жақын, аймақта тақыр жерлер көбірек, ал субальпілік белдеуде өсетін өсімдіктер неғұрлым жиірек және биік болып өседі. Биік таулы альпі  шалғындары Оңтүстік Алтай мен бір  бөлігі орталыққа кіретін, атмосферасы  ылғалмен жақсы ылғалданатын аймақтарда орналасқан. Таулы-тайга және шалғынды - тайга аймақтары өсімдік жамылғысында қою қылқан жапырақты және ашық қылқан жапырақты тайга ормандарының басымдығымен ерекшеленеді. Орман арасындағы ашық жерлерде жылы және құрғақ ауа райына өсіп үйренген шөптер және қыналы шөптер, әр түрлі дәнді өсімдіктер, шөптер, бұталар және сирек орман таралған. Таулы тайга ормандарында шөптің орташа биіктігі 120-150 см болса, қалыңдығы 80 100 % құрайды. Ірі шөптердің үлесі  басым болғандықтан, шөптердің азықтық  құндылығы төмен, мал жөнді жемейді  және улы деуге де болады. Таулы  және орманды-шалғын-дала аймағы тайга  ормандарынан қырға ауысады. Ол өсімдік  жамылғысында ормандар, орман шалғындары, дала шалғындары мен шалғындық-дала бұталық -шөп тоғайлары өседі. Бұл  аймақтағы ормандар ұсақ жапырақты, көк теректі және ақ қайыңды болып  келеді. Оңтүстікте, батыста, аздап  шығыста, әсіресе тік тау баурайларында  –шалғындар, шалғынды далалар, тал  шілік тоғайлары секілді ашық ландшафтылар салтанат құрған. Орманды  далалы және орманды-шалғын-дала (Нарым  және Бұхтарма өзендері бассейні) белдеуінің төменгі бөлігінде негізінен  қайыңды-бал қарағайлы және бұталы-шөпті  ормандар орын алған. Ашық алаңқайларда және орман алаңдарында бұрынғыдай сансыз көп орман бұталары ( кәдімгі мойыл, орта таволга, тікенді және қылқанды итмұрын, татар бөріжидегі және т.б.) және әр түрлі орманды шалғын шөптері өседі. Аумақтың оңтүстік-шығыс бөлігінде шөпті –бұталы- қарағайлы ормандар таралған, онда қарағайлы орманның бір бөлігі аралас, кей жерлерде тұтас шөпті-бұталы тоғайлар. Таулы және далалы аймақтардың өсімдік жамылғысын дала дәнді өсімдіктері, даланың әр түрлі шөптері құрайды. Большенарымның тау арасындағы алқабында, оның шығыс (жоғары) бөлігінде әр түрлі шөпті- бетегелі, ал батыста (төмен) – бетегелі құрғақ далалар жатыр. Аудан аумағының топырақ жамылғысы әр түрлі және негізінен жердің бет-бедеріне тәуелді. Тау жамылғылары 30 %-ға дейін тамырлы жыныстар арқылы шыққан таулы-тундралы, 50 %-ке дейін альпілік және субальпілік таулы- орманды, 30 %-ға дейін кәдімгі таулы қара топырақты болып келеді. Бұл жамылғылар жоғары таулы рельефі жағдайында 2500-2800 м-ден жоғары биіктікте қалыптасқан. Тау жамылғылары жазғы отардағы жайылым ретінде, мал күтуге қысқа мерзімге пайдаланылады. Ауданның гидрографикалық желісі сансыз көлдер, өзендер, бұлақтардан тұрады. Аудан аумағының солтүстік шекарасынан ағып өтетін Бұхтарма өзені - ең ірі су ағымы болып табылады. Ауданды шығыстан батысқа қарай қиып өтетін Нарым өзені – екінші ірі су ағымы. Көптеген бұлақтар басын таудан алып, үлкен жылдамдықпен ағысы 1-2 м/сек ағады. Дария тау мінезді. Судың сапасы жақсы, тұрмыста және ауыл шаруашылығында қолдануға жарамды. Жер асты суларының қуаттылығы 60-80 м-ден аспайды. Судың тереңдігі 80 см-ге дейін болады. Жер асты сулары алқаптарда бастау түрінде кездеседі. Тау жағдайында жер асты сулары 30-60 м тереңдікте жатады. Тау арасындағы ойпаттарда, аңғарларда жер асты сулары 0-6 м тереңдікте кездесіп қалады. Ауыл шаруашылығы мақсатына жерлерді бөлу, бұрынғы ауыл шаруашылық кәсіпорындарының кадастр шекараларында, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге әсер ететін, табиғат факторлары кешені бойынша аудан аумағын салыстырмалы бағалау негізінде жүргізілді, атап айтқанда: аумақтың аудан және облыс орталығына, өнім сату базарына, жабдықтау қорына, техникалық қызмет көрсету орталығына қатысты орны; ауыл шаруашылық құрылымы; азықтың сапалы болуы, жайылымдардың орнықтылығы; аумақтың бет-бедері.Аумақтың қолайлылық деңгейіне оңды ықпал ететін факторлар: транспорттық желілермен жақсы қамтамасыз етілу; өнімді сату- базарлары, жабдықтау қорлары, техникалық қызмет көрсету орталықтарының жақындығы.Кері ықпал ететін факторлар : жердің сату базарларынан, жабдықтау қорларынан алыста орналасуы; аумақтың транспорт желілерімен аз қамтылуы, жолдың нашар жағдайы.Жайылымдар көбінесе тасты аймақтарда, таудың биік құламасында орналасқан. Жайылымдық жерлердің ортақ ауданы 108,0 мың гек.-16 %, 200-245,6 -ға дейін -36,8 %, 200-313,4 -тен жоғары 47 %-ды құрайды. Аудан аумағының ауданы облыстың ортақ ауданының 4,7 %-ын құрайды. Ауыл шаруашылығында жайылым жерлер 81%, егістік жерлер 11% орын алады. Аудан аумағы 13167 кв. км (1319075 га). Аудан тұрғындарының саны 01.01.05 жылы 41000 адамды құрады, басым бөлігі- қазақтар (87 %), орыстар, татарлар, немістер және басқа ұлт өкілдері. Аудан – ауыл шаруашылықты. Ауданда мың екі жүзден астам шаруашылықпен айналысатын субъектілер бар. Олар егін және мал шаруашылығымен айналысады. Егістік ауданы 60818, 5 га жер, соның ішінде: 23613 га- дәнді дақылдар. Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өндіру 2004 жылы-134 млн 366 мың тенгені құраса, өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемі- 2 млрд 768, 6 млн. тенгені құрады. Марал және ара шаруашылығы дамуда. Барлық шаруашылық категорияларында мал басы саны өсуде. Аудан аумағында «Большенарымдық лесхоз» Катонқарағайлық ГНПП жұмыс істейді.Ауданда ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін: 16- диірмен 21- шағын наубайхана 2- макарон өнімдерін шығаратын желілер 21- бөлшектеуіштер 1- сливочный май өндіретін цех 1- пантокрин цехы 1-КРС соғым цехы Жұмыс істейді: 198- дүкен 16- қоғамдық тамақтану мекемесі 15-АЗС 13- қызмет көрсету мекемесіӨз заманында ауданда Шыңғыстау болысының болысы Әбдікерім Ережепов тұрып, қызмет атқарған. Дамыған көзқарас адамы 20 ғасырдың басында ақ, Шыңғыстаулық екі сыныпты қазақ-орыс мектебінің негізін қалады. Көптеген танымал катонқарағайлықтар, өз кезеңінде осы мектепте дәріс алған. Солардың арасында, қолбасшы генерал-лейтенант И.Д. Копылов, Ленин орденінің иегері, танымал ұстаз-ағартушы С. Түкебаев, СССР Халық мұғалімі Қ. Нұрғалиев, Социалистік еңбек ері Б. Кітапбаев және тағы басқалар. Аудан өз жерлестері, Совет Одағының Батырларын мақтан тұтады: И.В. Топорков, А.Г. Огнев, В.Р. Спиридов, В.Ф. Величко, В.А. Шулятиков, Т.М. Клименко, үшінші дәрежелі Даңқ орденінің иегері А. Құсметов. Социалистік еңбек ерлері С.К. Слабодчиков, А.Е. Сычук қоғамдық өмірге ат салысуда. Ең үздік 12 катонқарағайлықтарға «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» деген жоғары атақ берілді. Олар: О. Бөкей, К. Искаков, Б. Кітапбаев, К. Кулженов, К. Баекин, А.Е. Сычук, С.К. Слабодчиков, Н. Кубинов, Ф. Тумарбаев, К. Базарбаев, Е. Ретивых және басқалар. Жерлес-жазушылар: О. Бөкей атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары К. Искаков, Д. Ашимханов, А. Асқаров, танымал журналистер – К. Назырбаев, Ермұхан Абдрахманов, М. Алипинова өз заманында аудандық және облыстық газеттерде еңбек еткен. Көптеген Катонқарағайдан шыққан -ғалымдар еліміздің әр түрлі ЖОО-да еңбек етуде.Дертке дәру сары алтындай балы, бұғы мүйізінен алынатын пантысымен әлемге танылған қасиетті Катон жерінде Катонқарағай Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі құрылғанына 10 жыл толған мерейтойының құрметіне дүбірлеген той өтті.

Ұлттық парк елімізде ғана емес, сонымен қатар Еуразия кеңістігіне  де кеңінен танымал екендігін  осы жолы, яғни мемлекет Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен парктің құрылғанына 10 жыл толған мерейтойы аясында  өткізілген «Алтай - біздің ортақ үйіміз»  атты халықаралық этномәдени фестивальда  тағы бір мәрте дәлелдей білді. Аталмыш  мерекеге Катонқарағай ұлттық табиғи паркімен тығыз байланыста қызмет жасасып  келе жатқан бірнеше шет мемлекеттердің ерекше қарауға алынған табиғи аймақтарының өкілдері қатысты.Қазақстанның інжу-маржаны саналатын аймақтың әлемге танымал болуына осы өңірдің таңғажайып табиғаты мен қойнауындағы табиғи байлығы және жанға жайлы климаты деуге толық негіз бар.Өткен ғасырда Қазақ ССР-і атанып тұрған тұстарда Катонқарағай ауданы бар болғаны ағаш өнімдерін даярлаушы деген атпен ғана танымал болатын. Ол кезде бұл өңірдің әсем табиғаты мен өзге де керемет құндылықтары жайлы айтылмайтын да. Өңірге өң беріп, жайқала өскен балқарағайлар мен самырсын-шыршалар аяусыз қолдармен оталып, аудан мен облысты айтпағанда республика шекарасынан асып жол тартып бара жататын. Сол кездердің қайсыбір дереккөздер мәліметіне сүйенсек, бір ғана Катонқарағай ауданынан жылына 120 мың текшеметр ағаш өнімдері шығарылып отырған. Бұл әрине әсем табиғатты айтпағанда, ормандағы жан-жануарларға да өз зиянын тигізгені айдан анық.Тәуелсіздігімізді алғаш жариялаған жылдардан бастап бұл өңірге «Ерекше күзетілетін аймақ» мәртебесі берілуі керектігі жайлы бір емес, бірнеше мәрте сөз қозғалып, ақыры 2001 жылдың 17-шілдесі күні Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы қаулысы қабылданады. Ол қаулыда «Ерекше экологиялық, мәдени құндылығы бар Оңтүстік Алтай аймағының ғажап табиғатын сақтап, бұрынғы қалпына келтіру мақсатында Катонқарағай ұлттық табиғи паркі құрылды» делінген. Мұндай тарихи маңызы зор шешім осы өңірдегі көптеген ауылдар мен селоларды мүлдем құрып кетуден аман алып қана қоймай, сол елді мекендердің халқының жұмыссыз қалмауына мүмкіндік берді. Жергілікті жердің жүздеген тұрғындары 640 мың гектар алқапта тұрақты жұмыс істеп, өз кезектерінде пайда табуға да қол жеткізді. Табиғат байлығын ақылмен пайдалана білудің салдары осы өңірлерде көшпелі туризмді дамытуға және басқа да жаңа жобаларды жүзеге асыруға мол мүмкіндік берді.Осы және басқа да жетістіктер мен жақсылықтар жайында жергілікті мәдениет үйіне жиналған фестивальға қатысушылар жан-жақты мәлімет алып, бір-бірлерін мерейтоймен құттықтап, бағалы сыйлықтар мен марапаттар тапсырылды.

Жиналғандарды мерейлі мерекелерімен  құттықтаған «Эко - Алтай» мемлекеттік  емес ұйымының жетекшісі, дүниежүзілік жабайы табиғат қорының өкілі  Евгений Юрченков Катонқарағай ұлттық табиғи паркін құру идеясын жүзеге асыру барысындағы қалыптасу  кезеңдері, ұлттық табиғи парк мамандары  мен аудан мектептеріндегі табиғатты  қорғау қоғамдарымен екі арадағы  бірлесіп жүргізілген жұмыстар жайлы  естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар  ол осы парктің аумағы баға жетпес байлығы мен тіл жетпес әсемдігі, табиғи кешеннің биоәралуандылығымен  әлемдегі өзге ұлттық парктер арасында ең жоғары бағаға ие болғандығын және ұлттық парктің «Алтай - Алтынтау»  номинациясы бойынша дүниежүзілік «Юнеско» мұрасының тізіміне енгізу жөнінде жұмыстардың жүргізілгендігін жеткізді.

Информация о работе Катон-Қарағай Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркіндегі балқарағай биологиясына әсер ететін факторларды анықтау