Катон-Қарағай Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркіндегі балқарағай биологиясына әсер ететін факторларды анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Июня 2013 в 13:07, курсовая работа

Описание работы

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қысқаша физика-географиялық сипаттамасы.
Орналасқан орны: Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (КҚМҰТП) Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ауданында орналасқан. Ұлттық парктің аумағы теңіз деңгейінен 3000 метрден жоғары және мәңгі қарлармен көмкерілген көп жоталы таулы өңір, Оңтүстік Алтай ірі таулы аймағының шегінде орналасқан.
Катонқарағай мемлекеттік табиғи ұлттық паркінің аумағына төмендегілер кіреді: Листвяга және Қатын жоталарының оңтүстік макробеткейлері (Мұзтау тауының оңтүстік және шығыс беткейлері), Қазақстан шегіндегі Үкөк биік таулы үстіртінің батыс бөлігі, Оңтүстік Алтай, Тарбағатай (Алтайлық) және Сарымсақты жоталары.

Содержание работы

Кіріспе (мақсаты, міндеті, өзектілігі, зерттеу обьектісі, қолданылған әдістер, нысаны)
1. Катон- Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жалпы сипаттамасы.
1.1 Катон- Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің флорасы
1.2 Қылқан жапырақтыларға жалпы сипаттама
1.3 Балқарағай өсімдігінің даму тарихы
2 Зерттеу әдістері мен нәтижелері
2.1 Катон-Қарағай Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркінде өсетін балқарағай өсімдігінің биологиялық ерекшеліктері.
2.2 Балқарағай жаңғағының пайдасы және маңызы
2.3 Балқарағай жаңғағының химиялық құрамы.
Қорытынды

Файлы: 1 файл

боташшш.docx

— 87.10 Кб (Скачать файл)

Сібірлік майқарағай (L. sibirica) биіктігі 40-45 м және диаметрі 1,5-1,8 метрге жететін толық ағаш тектес, егде кезінде төменгі жағы жуанданатын  қатты ағаш. Жас ағаштардың қабығы салыстырмалы жұқа, ұсақ сызатты, құба-сұрлау, егде ағаштарда (балқарағай 300-400 жыл  тіршілік етеді) күңгірт, кескіні қызғылт,  бойлық терең сызықты және өте  қалың (10-20см) қабықты келеді. Жас  ағаштардың бөрікбасы жұмыртқа - конус  тәрізді, егделенуіне қарай аумақты, көкжиекті ұзын бұтақты, әдетте олар көтеріңкі келеді. Бір жылдық өркендері  ақшыл, сабанды-сарылы, жапырақ жастықшасының  бойлық ойықтары болады.Жоғарғы өсуші  бүршіктерінің ауксибластары жұмыртқа – конус тәрізді, бүйірліктерінен  ірілеу. Аталық генеративтік бүршіктері шар тәрізді, диаметрі 3-5мм, аналықтары сопақ конус тәрізді, сыртынан өсінді бүршіктерге ұқсас, бірақ көктемде ертерек бөртетіндіктен олардан  көлемі бойынша анық айқындалады. Сібір  майқарағайы Каяндер және Гмелин балқарағайлары сияқты көк терек  және ешкі талмен бір мезгілде, ауаның орташа температурасы +5-тен +70С дейінгі  температурада, өсінді кезеңін бастайды. Оның өсінді кезеңін ерте бастап 10-14 тәулік, ауаның орташа температурасы+100С, кеш аяқтайтын фенологиялық формасы  бар.  Бірақ бұл фенофаздардың  өсінді циклы ұзақ емес - 155-165 тәулік. Майқарағайдың ересек ағашының өркендерінің өсуі 1,5-2 ай болса, жас биотүртіктерінде 3 айдан асады. Жыныстық жетілуі 8-30 жаста. Тозаңдануы қайың жапырағы пайда  болар алдында, өз аймағының шегінде  сәуірдің соңынан, мамыр айы аяқталғанша  жүреді. Тұқымдары қыркүйек–қазанда піседі. Піскен бүршіктері ақшыл- құба, жұмыртқа пішіндес, кейде біразырақ  қиылғандай, ұзындығы 2-4(5)см, 5-7 шиыршық  түріндегі қатарда орналасқан 25-50 тұқым қауызы, әжептәуір қатты, анық дөңесті, шеті доғалы немесе қиылған, сәл  ішіне қарай иіңкі, жоны (арқасы) сарғылт түкті, жабуынды қауызы тек  бүршіктің негізінде  байқалады.Әр тұқымдық қауыз астында едәуір ірілеу қанатты 2 тұқым орналасады. Тұқымдары  қисық кері жұмыртқа пішіндес, ұзындығы 3-7 мм, ұзындығы 8-17 мм және ені 6-9 мм сызық  тәрізді қанатты. Бір мың тұқымының  массасы 6-дан 15-г дейін. Тұқымдары, бір  жағы күңгірт дақты және жолақты, екінші жағы жабыса өскен қанатының  бөлігімен жылтыр, қатты қабықпен көмкерілген. Тұқымдары күзде шашылады. Өскіндерінде 5-6 (10) тегіс тұқым  жарнағы болады. Жас  (ювенильді) қылқан шиыршықтанып, бір-бірден орналасады.Сібірлік майқарағайдың таралу аумағы өте кең еуразиялық Ресейдің еуропалық бөлігінің шығысындағы Онега көлі мен Ақ теңізден, Оралды қамтып, оның оңтүстік бөктеріне жетеді; Сібірде ол солтүстікте Ертістің төменгі сағасына және шығыста оңтүстік Байқал сыртына, оңтүстік Бүкіл Алтай тауының Тарбағатай және Сауыр жоталарына дейін өседі. Ол тауда теңіз деңгейінен 2100-2500 м биіктікке көтеріледі. Тайгалық ормандарда еуропалық және сібірлік шыршалармен, кәдімгі қарағаймен, көк терекпен, салпыншақ және үлпілдек қайыңдармен бірігіп, аралас өседі.Сібірлік майқарағайдың кең ауқымды өсуі-оның экологиялық ауытқуларының едәуір кеңдігіне байланысты. Таралу аймағының солтүстік шекарасында және жоғары тауларда ол қыста аса төмен температуға шыдайды, жазда жылу тапшылығында  және аязсыз қысқа мерзімде өсе алады. Таралуының оңтүстік негізінде майқарағай өте жоғары температураларда, ал тау етектерінде және сфагонды батпақтарда қосымша тамыр қалыптастыра отырып, тіршілік ету қабілетіне ие. Бірақ жоғары өнімділікті бұл майқарағай тек құнарлы, су өткізгіштігі жақсы, жаңа сазды және құмды карбонатты топырақтарда немесе карбонатты моренмен (сумен жиналған) тірелгенде көрсетеді түсі сарғыш келетін борпылдақ шаңдақ топырақ тәрізді  жыныс тірек тұратын сілтілі (құнарлы шайылған) қара және ормандық топырақтарда да ол жақсы өседі. Ол  сондай-ақ, түсі сарғыш келетін шаңдық борпылдақ жыныс жақын орналасқан сілтіленген қара және сұр орман саздық топырақтарында жақсы өседі.

Қылқан жапырақты (ашық тұқымдылар) ағаштардың ішінде арша – кипаристер тұқымдасына жататын мәңгі жасыл  бұта. Ағаш түрінде Жерорта теңізі, Солтүстік Америка, Мексикада өседі, биіктігі 10-15 метрге жетеді. Қазақстанда  арша туысының 10 түрі өседі (кәдімгі  арша, сауыр арша, дәрілік немесе сібір аршасы, зеравшан аршасы (қара арша), түркістан аршасы (балғын арша), қызыл арша, талас аршасы және т.б.) “Арша – орман анасы” деген  қазақ мәтелі бостан-босқа айтылмаған. Арша көбінесе таулы жерлерде өседі. Халқымыздың аңыз – әңгімелерінде, салт-дәстүр өлеңдерінде де арша ағашының өзіне тән ерекшеліктері, өсетін табиғи ортасы өте орынды айтылады. Мысалы “тобылғы, баялыш, арша” деген  аңыз-әңгімеде: қарағайдың арша деген  қызы, сексеуіл баялыш деген ұлы  болыпты. Күндердің күнінде баялыш ер жетіп арша аруға ғашық болғандығын  сездіріпті. Ал, арша ару болса баялышты мүлде сүймепті. Содан олардың  “әкелерінің” арасында да дау-жанжал туындап, оларды тобылғы келіп татуластырса да көнбепті. Содан сексеуіл мен  баялыш тобылғыға еріп, еліміздің  оңтүстігіне қарай қоныс аударыпты. Ал, өз жеңісіне масаттанған ару  қызы аршаны ертіп, таулы алқапты  таңдап көшіп кетіпті де, тасқа  ғашық болыпты. Сексеуіл мен қарағайды  татуластыра алмағанына ұялып қызарып  кетіпті. Ал, сексеуіл болса қайғыдан белі бүкірейіп кетіпті.Бұл аңызда әрбір ағашпен бұтаның сыртқы түр сипаты, өскен табиғи орта жағдайлары көрініс тапқан. Халқымыздың “ағаш  өлеңі” деп аталатын қара өлеңінде де арша ағашының таулы жерде өсетінін аңғартатын жолдар кездеседі. Мысалы, “Самырсын бата алып – жасыл  біткен, аршалар тасқа шығып –  асыл біткен” деген теңеулер соның  айғағы бола алады.

Таулы алқаптың арша көп  өсетін өңірі көбіне “Аршалы сай” деп аталады. Мұндай жер-су атаулары да еліміздің көптеген аймағында  кездеседі.

Аршаның қылқан жапырақтары  жас кезінде ине тәрізді болса  біртіндеп қатайып қабыршақ тәрізді  болып өзгереді. Инетәрізді қылқандары үшкір тікенекті. Қабыршақты қылқандары ұсақ, өркенге жабысып тұрады, өркенге 2-3 тен топтанып орналасады. Қылқандары бұтағында 8-10 жылға дейін түспей сақталады. Қырым, Кавказ, Орта Азия және Қиыр Шығыстың таулы аудандарында биіктігі 4-12 м жетеді. Қазақстанның таулы  жерінде жан-жағына жайылып төселіп  өсетін – кәдімгі арша. Арша –  екі үйлі, бір үйлісі өте сирек  кездеседі. “Бүржидегі” – бірінші  жылы жасыл, екінші жылы жұмсақ, көкшіл-қара немесе күрең-қызыл түсті болады. Әбден пісіп жетілген тұқымы қатты, қоңыр, бүрдің шайырлы жұмсағынан тез  ажырайды, жаздың аяғы мен суық күзге  дейін жерге шашылады. Тұқымдары  құстар мен түрлі жануарлар арқылы таралады, себебі “бүр-жидегі” тәтті, шырынды. Арша жарық сүйгіш, құрғақшылыққа  да, суыққа да төзімді, топырақ талғамайды. Жақсы дамыған тамырлары топырақтың терең қабатына еніп тарамдалып, 10 м-дей  аумаққа жайылады. Суды еркін сіңіретіндіктен  құмның үстінде, сазды жерлерге, әкті топырақта өсе береді. Аршаны теңіз  деңгейінен 4000 м. биіктіктегі тау  беткейлерінен де кездестіреміз. Арша баяу өседі. 800, 1000, 2000 жылға дейін  тіршілігін жоймайды. Өркені баяу өскендіктен  тамырлары баяу өседі, әрі мықты  болады. Жапырағынан бөлінетін эфир майы ауаны зиянды микробтардан тазартады. Бүрі өте хош иісті, құрамында  шайыр, 40% қант, органикалық қышқылдар (алма, құмырсқа, сірке қышқылдары), өсімдік балауызы және т.б. бар. Эфир майы жас өркендерінде және бүрлерінде де болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1. Балқарағай өсімдігінің даму тарихы

Егістің түсімін артырудағы су қорын сақтаудағы климатты жасаудағы  орманның зор пайдасы халыққа  ежелден мәлім болған. Орманың  жеміс-жидегін дер кезінде ысырапсыз  жинап тұру бүгін таңда азық-түлік  програмасын орындаудың бір шарты  ретінде қарастырылуда.Адамзатқа  осындай дәмді тағам ұсынған  орман ағашының бірі –балқарағай.Қазақстан  жағдайында әлі күнге дейін бұл  ағашты игеру ісінде шешілмей жатқан проблемалар толып жатыр.

       Балқарағайды  кейбіреулер қарағаймен, шыршамен  немесе самырсынмен шатастырады.Әйтеуір  қылқан жапырақты ағаш болар  деп үстірт жомарт жорамал  жасайтындарыда бар. Себебі –  біздің байтақ еліміз тайгасымен  даңқты десек ол ормандар балқарағай  ағаштарымен көрікті саналады.өзінің  әсемдігі жағынан адамға тигізер  пайдасы жөнінен елімізде балқарағаймен  бәсекелесе алатын   бірде-бір  ағаш жоқ.

  Орманды өңірлерді  мекендейтін халықтар арасында  балқарағай ағашы күні бүгінге  дейін “ қасиетті” есептеледі.Урал  таулары мен Сібір жазықтарын  Солтүстік Европа мен Алтай  сілемдерін мекен еткен түрлі  халықтардың тіршілігі бірнеше  ғасырлар бойы осы балқарағаймен  тығыз байланыста болған еді.Жаңбыр  ала жаздай жаусада түбіне  тамшы тамбайтын балқарағай панасызға  баспана болады, ашыққанда жаңғағын  ұсынады,ауырғанда емдеді.Бұл ағаштың  қасиетіне табынған сібір халықтарының  кейбірі оған “сиқырлы ағаш”  деп ат қойды.Енді бірі “қасиетті  алып” десті.Үшінші бір  халық  “орманның падишасы”  “сауын  ағаш” деп атады. Оған ағаштардың  анасы деп те айдар тағып  құдірет тұтқан халықтар болды.Ол  туралы қилы-қилы аңыздар ертегілер  ел арасында кезіп жүрді.Үлкендер  жас жеткіншіктерге балқарағайды  қастерлеуге,аялап қорғауға үйретті.Қазақстандық  Алтайдағы ауылдарда күні бүгінге  дейін “Балқарағайдай мәуелі  бол,шырағым” деп ақсақалдар  бата берісіп жатады.Бұл дәстүр  –ұрпағын көп болсын үбірлі-шүбірлі  бол деген тілекті аңғартады.    

   Біздің республика  территориясында балқарағай Алтай  тауларында ғана кездеседі.Бұл  өңірде балқарағайлы  орманның  мол қоры бар.Сондықтан балқарағай  жөніндегі әнгіменің қатысы жоқ  деп қабылдау білместік болар  еді.

ОРЫСША ҚОСАМЫН 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балқарағай жаңғағы

Балқарағай- ең алдымен өзінің жаңғағымен бағалы.Балқарағай жаңғағының тағамдық және шипалық қасиеттері ел арасында ежелден белгілі.Еліміздегі балқарағай жаңғағы қорының мүмкіндіктерін мына салыстырудан-ақ байқауға болады.егерде жаңғақтың бір жылдық барлық өнімін жинап өңдейтін болсақ – май өндіруге әлемдік қажетін толығымен қамтамасыз ете алар едік.Әрі осынау жаңғақ майы калориясы, дәмділік сапасы мен  жұғымдылығы жөнінен басқа барлық май түрнен әлдеқайда артып түсер  еді.

   Ғасырлар бойы  балқарағай жаңғағы жергілікті  халықтардың негізгі тағамның  бірі болып саналады.Қазірде жолыныз  түсіп Сібір жаққа болмаса  өзіміздің Кенді Алтай өңіріне  бара қалсаңыз – қыс болсын,жаз  болсын алдыңызға балқарағай  жаңғағын тартады.Тіл үйірер майлы  жаңғақ Алтай елінің дәмі саналады.Бұл  ауылдардан қыстық ұзақ пештерде  кеш қасында жаңғақ шағып ұзақ-сонар  әңгімеге кіріскен адамдар жиі  көреміз. 

 Сібірлік ғалым В.А.Руштың  зерттеулеріне қарағанда балқарағай  жаңғағының құрамында 64% май 19% азотты заттар бар екен.Ал көміртектің  мөлшері шамамен 15% көрінеді.Сондай-ақ  түрлі материалдық заттар, крахмал,  декстрин цен-тозан тәрізді өзгеде  заттар бары ақталды.Дән құрамындағы  азоттық заттардың 90%-ы белок  болып есептеледі.Бұл белоктар  құрамында амин қышқылының көптігімен  ерекшеленді, оның 20%-ы аргинин  деп аталатын организмнің жетілуі  үшін аса қажет зат екен.

Балқарағай жаңғақтары түрлі  дәрумендерге де аса бай. Әсіресе  токоферолдар мен таптырмайтын майлы  қышқылдар дәрумендері құнды  саналады. Токоферол- грек тілінен аударғанда “ұрпақ әкелемін”деген мағынаны білдіреді. Е дәрумені жетіспеген кезде организмнің  майды сіңіру қабілеті бұзылады,  балалы аналардан сүт бөліну тоқтап қалды, атеросклероз ауруының пайда  болуына жағдайлар жасала бастайды.

Дән құрамында В және Д  дәрумендерінің комплексі де кездеседі.Бұл  витаминдер нерв жүйелері жұмысын ретке  келтіріп, адам ағзаның жетілуіне  әсер етеді,қаның құрамын жақсартып  тері тканьдерінің жұмысна дұрыс  ықпал жасайды. Мамандар, әсіресе  дәндегі В6 дәруменің аса құнды  екендігін дәлелдеп отыр.

Ғалымдар И.А.Бех пен  И.В Таран балқарағай жаңғағының химиялық құрамының байлығын соның  нәтижесінде оның тағам ретіндегі  құндылығын дәлелдеп жазады.Олардың  зертеуінше құрамындағы фосфотидті фосфордың молдығы жөнінен ол әлемдегі барлық барлық жаңғақ түрінен  сондай-ақ барлық майлы дақылдардың  тұқымдары мен дәндерінен асып түседі екен.Бұл жерде балқарағай жаңғағын өсімдіктер ішіндегі лецитиннің көзі саналатын соямен теңестіруге болады.

Балқарағай жаңғағы дәнінің 100 грамы адамның бір тәулік ішіндегі аминоқышқылға деген марганец, цинк, мыс, кобальт, тәрізді аса қажетті  микроэлементтерге деген сұранысын  қанағатандыра алатыны анықталды.

Сондай-ақ о иод бөлетін  тағам ретінде де табиғатта иод  мөлшері аз кездесетін суық жақтың халықтары үшін аса қажет саналады.

 Сібір жерінде, Оралда  Қазақстандық Алтайдың кейбір  аудандарында балқарағай жаңғағы  ежелден май алудың бір көзі  саналып келеді.Қазір мұндай шаруамен  ешкім айналыспағанымен көне  көз қариялар бір кездері балқарағай  майының тіпті базарда да сатылғандығын  айтады.1923-1929 жылдары Сібірдің май  өңдеу заводтарында жылына 40мың  тоннаға дейін балқарағай жаңғағының  майы өңделген екен. Өңдеу кезінде  жаңғақ құрамындағы майдың өзге  бөлігі күнжара(жмых) бөлігінде қалған.Осы  қалдық күнжара да жақсы бағаланған.    Оны қоспа(халва) және өзге  де кондитерлік бұйымдар жасау  үшін қолданған.Күнжара бойында  44% белок 46% көміртек бар болғандықтан  өзінің тағамдық құрамы жағынан  нан, ет, көкеністерден артып түскен. Күнжара көп мөлшерде игеріліп  дүкендерде товар ретінде сатылатын  болған.

Балқарағай жаңғағын жергілікті халық «өсімдік кілегейін» және «майсыз  сүт» те дайындаған.Балқарағайдың кілегейі сиыр сүтінен алынатын кілегеймен салыстырғанда 2 есе майлы келеді.Майлылығы мен  каолриялылығы жөнінен еттен 2-3 есе, жұмыртқадан 1,2есе асып түседі.Жергілікті жұрт бұл кілегейді ғасырлар бойы дәрі ретінде пайдаланған. Академик П.С.Паласста 1786 жылы кілегейдің қасиетіне  көңіл бөліп зерттеген еді.Бұл  ғажайыпкілегей кеуде сырқаттарына көкжөтелге таптырмас шипа екеніне  көзім жетті деп жазады ол кісі.Халық  медицинасында балқарағай кілегейі бұдан өзге де біраз ауруларды  емдеуге қолданылады.Мәселен, нерв жүйесі бұзылған кезде бүйрек ауруларына атеросклерозға асқазанда қышқыл көбейгенде асқазан жарасына көп ретте осы  кілегейді пайдаланған. Кілегейді  тез жетілсін деп бесіктегі балаға сүті көбейсін деп жас анағада  беретін болған.

Балқарағай жаңғағының тазалап  ақталған 1 тоннасын алған кезде  одан 2 тоннаға жуық қалдық қабық  қалады.Осы қабықты өңдеу арқылы фурфурол,смола,танид және бояғыш заттар алынады.Ал жаңғағы ақталған дәннің қатты қабығы- қоңыр бояу алу үшін құнды шикізат.Дәннің қабығын құрғақ әдіспен өңдесе – метил спиртін  сірке қышқылын т.б заттар алуға  болады екен.Осы қабықтың қайнатқан  тұнбасы халық медицинасында  геморройды емдеу үшін де пайдаланылған.Жаңғақтың  майы жоқ ішкі өзегі бір кездер аттың қылы мен жүннің орнына матрацтарды, дивандарды, түрлі мебельдерді толтыру  үшін пайдаланылған.Ол әрі арзанға  түскен.

Информация о работе Катон-Қарағай Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркіндегі балқарағай биологиясына әсер ететін факторларды анықтау