Катон-Қарағай Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркіндегі балқарағай биологиясына әсер ететін факторларды анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Июня 2013 в 13:07, курсовая работа

Описание работы

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қысқаша физика-географиялық сипаттамасы.
Орналасқан орны: Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (КҚМҰТП) Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ауданында орналасқан. Ұлттық парктің аумағы теңіз деңгейінен 3000 метрден жоғары және мәңгі қарлармен көмкерілген көп жоталы таулы өңір, Оңтүстік Алтай ірі таулы аймағының шегінде орналасқан.
Катонқарағай мемлекеттік табиғи ұлттық паркінің аумағына төмендегілер кіреді: Листвяга және Қатын жоталарының оңтүстік макробеткейлері (Мұзтау тауының оңтүстік және шығыс беткейлері), Қазақстан шегіндегі Үкөк биік таулы үстіртінің батыс бөлігі, Оңтүстік Алтай, Тарбағатай (Алтайлық) және Сарымсақты жоталары.

Содержание работы

Кіріспе (мақсаты, міндеті, өзектілігі, зерттеу обьектісі, қолданылған әдістер, нысаны)
1. Катон- Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жалпы сипаттамасы.
1.1 Катон- Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің флорасы
1.2 Қылқан жапырақтыларға жалпы сипаттама
1.3 Балқарағай өсімдігінің даму тарихы
2 Зерттеу әдістері мен нәтижелері
2.1 Катон-Қарағай Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркінде өсетін балқарағай өсімдігінің биологиялық ерекшеліктері.
2.2 Балқарағай жаңғағының пайдасы және маңызы
2.3 Балқарағай жаңғағының химиялық құрамы.
Қорытынды

Файлы: 1 файл

боташшш.docx

— 87.10 Кб (Скачать файл)

Көпшіліктің алдында сөз  алған Катонқарағай ұлттық табиғи паркінің бас директоры Ерлан Мұстафин ұлттық парктің басты ерекшеліктері  мен өзіндік құрылымына, кез келген өзге өңірлерде өсе бермейтін  аса сирек өсімдіктері мен  жан-жануарларының сан алуандылығына  тоқтала келе, ұлттық парк қызметкерлерінің құрылғаннан бергі 10 жыл аясында  атқарған жемісті еңбектерін, өткен  жылдардағы паркті аяғынан тік қою  кезеңдеріндегі қиындықтар мен кедергілер, қазіргі атқарылып жатқан маңызды  жоспарлары жайында жан-жақты мол  мәлімет беріп, кәсіпорынның техникалық-материалдық  жағдайының нығаюына қолдау білдірген  республикалық, облыстық басшылар мен  республикалық табиғатты қорғау саласының ведомствосына шынайы ризашылығын білдірді.

 Осы уақытқа дейін  Катонқарағай ұлттық паркі Қазақстан  мен Ресейдің ғылыми мекемелерімен  екіжақты тиімді қызметтер атқарып,  қоғамдық экологиялық ұйымдармен  табиғатты қорғау акцияларын  өткізіп, көптеген ғылыми ағарту  жұмыстарын ұйымдастыра білді  және болашақта да осы бағытта  ауқым-ды істер атқаратын болады, - дейді Ерлан Қабылұлы.

Салтанатты жиын барысында  той егесі Ерлан Мұстафин мен  орман шаруашылығы жұмысшыларының кәсіподақ төрайымы Людмила Караева  оқу орындарының директорлары мен  демеуші кәсіпорындардың жетекшілеріне, ұлттық парк ардагерлері мен еңбеккерлеріне мақтау грамоталарын табыс етіп, парктің  мерейтойына жер-жерден келген құттықтау  телеграммалары оқылды.Ұлттық парктің  ардагер жұмысшысы, зейнеткер Қабдырғали Тартаев ақсақал мен  С.Аманжолов  атындағы университеттің профессоры, биология ғылымының кандидаты, биыл 70-ке толып отырған Константин Прокоповқа қазақ халқының салт-дәстүрімен иықтарына  шапан жауып, естелік сый құрмет көрсетілді.

Көпшіліктің алдында көрсетілген  зор құрметке көңілі шалқыған профессор: «Біз сіздерге оқу бітірген «балапандарды» жібереміз, олар осы жерде өсіп-жетіліп, қанаттары бекіп «қыранға» айналады. Халқымызда «Бүгін оқушы даярла, ертеңгі  күні ол оқытушы болады» немесе «Ұстазынан озсам деп талпынбаған шәкірттен  түңіл» деген қанатты сөз бар. Сіздерге зор жетістіктер тілеймін»  деп сөзін тәмамдады.Катонқарағай ұлттық паркі қызметкерлерін Алакөл, Марқакөл, Катунь (Ресей Федерациясы) қорықтарының арнайы өкілдері мен демеушілер, еңбек саласындағы әріптестері  құттықтап, естелікке сый-сияпаттар  жасады. Тарту-таралғылар арасында Ресейден келген катуньдықтардың «бақсының  дауылпазы» мен ШҚО табиғи ресурстар  мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары Серік  Қашқынбаев сыйлаған «тау барысының» алтын жалатылған мүсіні жиналғандарға  ерекше әсер етті.Салтанатты жиыннан  соң той иелері мерейтойға арнайы келген екі жүзден астам мейманды Катонқарағай ауылының іргесіндегі сұлулығын сипаттауға тіл жетпес алқапқа жайылған той дастарқанына шақырды.Осы кезде жергілікті ипподромда ат спорты ойындары мен спорттың жеңіл атлетика түрлерінен ұйымдастырылған жарыстар да өз жалауларын көтеріп, тойға жиналған халыққа қызықтың небір түрлері ұсынылып жатты. Жергілікті көркемөнерпаздар үйірмесінің күшімен әзірленген концерттік бағдарлама да тойға келген құрметті меймандарды бей-жай қалдырған жоқ. Қалыптасып қалған дәстүр бойынша мереке бағдарламасын-да тәтті тағамдар саудасы да ойдағыдай жүріп жатты. Әсіресе жергілікті бүлдіршіндердің сонау биіктегі тікұшақ әйнегінен өздерінің туып-өскен әсем табиғаты мен ауылдарын тамашалауы естен кетпес естелік болып қалғаны анық. Олар тікұшақ әйнегінен төменде тігілген бес бірдей ақшаңқан киіз үйлерді, ипподромда өткізіліп жатқан спорттық ойындарды бәрін-бәрін алақанға салғандай тамашалай білді.Қаумалаған қауымның көз алдында өткізілген спорттық жарыстар да талай спорт жанкүйерінің делебесін қоздырды деуге болады. Ұлттық парк мамандары өткізілетін спорт ойындарының шарттары мен талаптарын барлық ауылдық округтерге жіберген екен. Алайда, жарыстың бас төрешісі, Берел филиалы директорының орынбасары Кеңесжан Көшірбаевтың айтуынша спорттық ойындарға Балғын ауылының біраз спортшылары қатысқаны болмаса, негізгі қатысушылар командасы ұлттық парктің өз қызметкерлерінен жасақталыпты.Алғашқылардың бірі болып жеңіл атлетшілер мәре сызығын қиып өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Катон- Қарағай мемлекеттік  ұлттық табиғи паркінің флорасы

Ұлттық парктің флоралық құрамы өте бай, онда жоғарғы сатылы өсімдіктердің 2000 түрінен астамы, мүктер, қыналар, саңырауқұлақтар бар. Шөптесін өсімдіктердің арасында реликтілер көптеп кездеседі: алтай желайдары, сібір ушырмауығы, тәтті жапырақты  таспа, алтай қоңыроты.

Қорғауды қажет ететін өсімдіктердің сирек түрі ерекше құндылыққа ие, ал олардың кейбір түрлері (30 түрінен астамы) жоғалу шегінде  тұрғандықтан, Қазақстан Республикасының  Қызыл кітабына енгізілген. Бұлар  қар дәуаяғы, алтай рауғашы, алтай, сібір қандығы, ала күлтелі қызғалдақ, ірі гүлді және кәдімгі шолпанкебістер, алтай суықшөбі, таңдамалы плаун, алтай торсылдағы, дала шұғылығы, қызғылт  семізот, марал түбірі, алтай қасқыржидегі.

Ұлттық парктің негізгі  игілігі — бұл тауларды жасыл  алқамен көмкеретін, климатты жұмсартып, реттейтін ормандар. Олар топырақты  қорғаушы және суды реттеуші рөлді  атқарады. Жалаңаш таулардың қия  беткейлерін эрозиядан сақтайтын  ормандар Бұқтырма өзеніне құятын талай  бұлақтардың көзі болып табылады. Парктің аумағы орман ресурстарына бай аймақта орналасқан. Бұл жердің ормандары шаруашылық қызметтен  болмашы өзгерген және орман өрттеріне  көп шалынбаған.Тау ормандары  теңіз деңгейінен 2200 м — 3200 м дейінгі  биіктікте таралған. Олар аңдар мен  құстарға мекен болып, қоректендіреді. Бұл мәңгі жасыл балқарағай, шырша  және самырсын, сонымен қатар өзінің қылқан жапырақтарынан қыста арылып, көктем келісімен ұлпа да балауса  қылқан жапырақтармен көмкерілетін қарағай. Жалпақ жапырақтылардан тау  өзендері мен бұлақтарының жайылмасындағы батпақты жерлерді алып жататын қайың, терек, көктерек және талдардың әр түрлері  кездеседі. Бұталардың 50 астам түрі бар: таңқурай, қарақат, итмұрын, тобылғы, тал, бұта қайың және тағы басқалары. Алтай өсімдіктері түр жағынан  Европа, Альпі өсімдіктерінен өзгеше: Алтай тауларының солтүстікке орналасуы, континентальды климаттың ауытқуы, белдер, қырлар, жоталардың, батпақты жерлердегі мүк, қына басқан жерлердің көптігі  өсімдіктер дүниесінің ерекше  болуына  әсерін тигізеді. Сонымен қатар таулы  тундраға ұқсас жерлері де бар. Таулы  тундра альпі белдеуінің  топырағы қиыршық тасты, торфты болып келеді.Басымырақ  өсетін өсімдіктер аласа бойлы бұталардан тал, тырбық қайың, шөптесін өсімдіктерден  тундра қандыгүлі, сары кәді, астық  тұқымдастар-қиякөлең, мүктер, қыналар. Кедей белдеу өсімдіктері Алтайдың басқа таулардан айырмашылығы өсімдіктер түрлерінің аз болуы. Бұл белдеуде қиыршық  тастар, қорымтастар, жартас сынықтары, құлаған тастар жинақталған.Өсімдікке  өте кедей. Тас қуыстарында мүктер мен түрлі-түсті қабыршақты қыналар  өседі. Олардың түр-түсі де қызыл, жасыл, сары, алекторин, тамнолин, цетрарин, кладонии, күлкітәріздес –пепельник, мүктер. Мүктерден басқа аздап астық  тұқымдастар: қиякөлең, айрауық, альпі  қоңырбасы. Қосжарнақтылардан тас  жарған, крупка.Мүжілген, құлаған тау  сынықтары ғасырлар бойы жинақталып сатылы жолақ құрады, оны солфлюционды террас дейді. Солтүстік шығысқа  қарай континентальды климаттың  күшеюі кедей белдеудің шекарасын  кеңіте түседі. Мысалы, Саян, Забайкалье, Шығыс Сібір таулары, Орта Сібір  қыраты, Орал, Кола түбегіне дейін созылған. Алтайдың баурайын шымды-астық тұқымдас шөптер даласы, одан төменірек бетегелі-селеулі, ал жоғарырақта қайыңды-теректі  шоқтоғай аралас шөпті-селеулі дала алып жатыр. 700 м және одан биіктеу  жерлерде астық дақылды аралас шөпті  шалғын алмасқан қылқан жапырақты орман  белдеуі басталады. Кенді Алтайда  самырсынды-шыршалы-қара самырсынды ормандар басым келеді, ал Оңтүстік Алтайда  олармен сібір қара самырсыны  аралас өседі. Сауыр жотасының жапырақты  ормандарында Тянь-Шань шыршасы өседі. Кенді Алтайда орманды белдеуден  жоғары субальпілік, альпілік шалғындар  өседі, одан биікте олар қыналарға ауысады. Тарбағатайда алма ағаштары және теректі  ормандар тараған.

Шығыс Қазақстан - өзінің сұлу табиғатымен аты шыққан өңір. Қазақ  халқының ән жырына арқау болған Алтай  және Сауыр – Сайқан, Тарбағатай таулары, Оралхан Бөкей қаламына қарым бітірген Мұзтау - осы өңірдің  мақтаныштары.Шығыс Қазақстанның табиғи жағдайлары әртүрлі болғандықтан, түрлі  өсімдіктер дүниесіне өте бай.Әсіресе  күрделі гүлдер тұқымдасы мен  дәнді дақылдардың түрлері аса  көп. Салыстырмалы түрде алғанда  шатырқанат, аралас гүлділер, крестгүлділер, сарғалдақ, қалампыр, қияқ тұқымдастарының  түрлері де көп. Олармен салыстырғанда  түйетабан, саздақшөп саумалдық, мекет  және т.б. тұқымдастардың түрлері аса  көп емес. Сужидек және байсат тұқымдастарының  тек бір ғана түрі бар.Өлке аумағында  жер шарының басқа ешбір жерінде  кездеспейтін шағын аумақта ғана таралып өсетін эндемик өсімдіктері  өседі. Оларға Зайсан қазаншұңқырының  құмдауыт дөңестерінде өсетін түпті  жуа Нарын жотасының тастақ шалғындарында  өсетін – Людвиг құртқашашы, Алтай, Тарбағатай тауларының  қалың бұталы беткейлерінде өсетін Алтай қасқыржидегі, Мәрмәр тауында, Азутау жотасында өсетін Келлер кестежусаны жатады.Бүгінгі  күнге дейін сақталып жеткен өсімдіктердің  көне түрі – некендер  аса қызығушылық  тудырады. Үштік кезеңнен сақталып қалған өсімдіктер түрлері ең көне некендер болып саналады.  Олардың  қатарына Шыбынды көлдерінің аймағында  өсетін сібір қисықбасы, Уба, Үлбі, Бұқтырма өзендерінің бассейндеріндегі таулы, шалғынды беткейлерде өсетін миажапырақ таспа, ежелгі су өсімдіктерінен Зайсан көлінде және Қара Ертіс аңғарында  кездесетін сужаңғағы жатады.Семейдің Ертіс өңірінде, Қалба жотасында, қызылқұмның құм сілемдерінде, тау  аралық қазаншұңқырларда кәдімгі қарағай  ормандары сақталып қалған. Бұлар  – Аюда, Қайыңды, Лениногор қарағайлы  ормандары. Қарағай ормандарында бореалды түрлердің көпшілігі сақталып қалған: итбүлдірген, қаражидек, терістік жалманақ, дөңгелек жапырақты алмұртшөп.Шығыс  Қазақстан флорасында бағалы пайдалы  өсімдіктер өте көп. Бұлар жем-азықтық: тең түлкіқұйрық, жима тарғақ, қызылот, сарыбас жоңышқа, шалғындық беде және басқа да көптеген аралас шөптер өседі; эфирлі–майлы: иісті көкмарал, кәдімгі жұпаргүл, сібір жебірі; дәрілік: қос масақшалы қылша, кәдімгі  өгейшөп, құм салаубас, алтын тамыр ; азықтық: қара қарақат, кәдімгі таңқурай, алтай жуасы, алтай рауғашы; дәрумендік: қара итмұрын, бүлдірген қара қарақат; бал беретін өсімдіктер: кәдімгі жұпаргүл, жіңішке жапырақты иваншай, ұшқат, ешкі тал; улы: қара меңдуана, убалдырған, алтай уқорғасыны, биік тегеурінгүл және т.б.Біздің өлкемізде табиғи аймақтардың  барлығы дерлік бар. Шөл даладан биік тау шалғындарына дейін, тундрадан біркелкі белдеулерге дейін созылып жатыр.  Сондықтан да бұл жерде континенттік Сібірдің, Орта Азияның жартылай шөлейт, Монғолияның биік таулы және далалық өсімдіктері де өсе береді.Облыс аумағының көпшілік жер көлемін далалық  белдеу алып жатыр. Ол Қалба және Оңтүстік, Кенді Алтайдың солтүстік, батыс және оңтүстік қыраттарын, кең өзен аңғарларын бойлай  өтеді. Далалық қыраттар аймақтың ылғал бөлігін алып жатқандықтан, аралас шөптердің көптігімен, шөп жамылғысының биіктігі және қалыңдығымен ерекшелінеді.Қоңыржай белдеулерде шалғынды дала түп-түп бұталарға, ұшқат, итмұрын, зерек, тобылғы, сары қарағай өскен селеу-шөптесінді қопаға ауысады. Даланы бойлай аққан өзендер мен бұлақтардың бойында тал, теректер өскен.  Таулардың солтүстік беткейіндегі тар шатқалдарда мойыл, итмұрын, тобылғы, долана өседі.Өлкеміздегі құрғақ аймақтың өсімдіктер құрамы негізінен көк шұнақ бетеге мен селеуден тұрады. Тобылғы, шайқурай, жапырақты тобылғы, қараған бұталары сирек кездеседі.Ертіс өңірінің сол жағалауындағы жазықты және Көкпекті-Шар үстіртін алып жатқан шөлейтті дала аумағына селеу , көк шұнақ бетеге және жусанның әр түрі тән. Сонымен қатар үстірттің жазықтарында дұғаш, өлең, татар төскейшөбі, бұталардан – қараған, тобылғы, майқарағай кездеседі. Төмен жерлерде тұзды қажет ететін ши, құрғақ айрауық, гмелин кермегі өседі. Балқаш–Алакөл және Зайсан ойпаттарында, үстірттің оңтүстік шығысындағы шөлейт аймақтарындағы ауа-райының құрғақтығы, аумақта тоқтау сулардың болмауы және жерінің сортаң болуы, ол жердегі өсімдік жамылғысының құрамына әсерін тигізеді.Мұнда негізінен жусанның ақ, қара түрлері басым. Жусанмен көмкерілген бөліктер кейде бірнеше шақырымға созылып біркелкі сүреңсіз жер бедерін құрайды. Жусанның ара-арасында ебелек, теріскен, көкпек, сораң, баялыш және т.б. кездеседі.Өлке аумағының 40%  алып жатқан орман белдеуін қылқан жапырақтардың негізгі бес түрі құрайды: шырша, самырсын, қарағай, балқарағай, майқарағай.Оңтүстік  Алтайдың орман белдеуі теңіз деңгейінен 2300-2400 м биіктіктегі таулардың ұшар басын алып жатыр. Орман құрайтын негізгі түр – Сібір балқарағайы. Сондықтан жоталардың біреуінің Листвяга аталуы кездейсоқ емес. Осы жерде таралған сібір самырсыны, шырша және жапырақты түрлері: қайың, көк терек, терек өскен аралас балқарағай – майқарағай ормандары әсем-ақ. Жергілікті биік тауларда бұталы және шөптесін өсімдіктер жақсы жетілген. Бұталардан тобылғы, итмұрын, ұшқат, қарақат өскен қопалар, шөптесін өсімдіктерден жима тарғақ, ақ уқорғасын, жалпақ жапырақты шұбаршөп таралған.Тастақ, құрғақ, ашық жерлерде және өзен бойларында қарағай өседі. Бірақ ол қайың, көк терек, балқарағай өскен аралас ормандарда жиірек кездеседі. Мұндай ормандар оңтүстік және Кенді Алтайда орналасқан, бірақ көбіне Қалба жотасына тән. Қарағай ормандарында жердің беті шайырлы хош иіс тарататын қылқан жапырақтармен көмкерілген. Осындай орман етегінде итмұрын, ағаштүс қараған, ұсақжапырақ және татар ұшқаты тобылғы, ырғай өсетін бұталы жерлер.Мұнда орман қоңырбасы, көк шұнақ бетеге, шатырлы саршатыр, салбыр сылдыршөп бітік өскен. Қызыл кітапқа енгізілген жергілікті түрлері  - шолпанкебіс, дала шұғылығы, ледебур баданасы және т.б. кездеседі.Қалба жотасында өсімдіктердің үш дәуірлік көне замандық түрлері – табиғат ескерткіштері – Қайыңды қарағай  орманы және Көктау  самырсын шоқтағайы сақталып қалған.Оңтүстік, Кенді Алтайдың биік тау белдеулерінде орман мүлдем жоқ. Бұл белдеуге тау шалғындары, дөңгелек жапырақты қайың нулары, мүкті – қыналы және тастақ тундра тән.Кенді, оңтүстік Алтайдың шалғынды тау белдеуі субальпілік және альпілік шалғындар болып бөлінеді.Субальпілік шалғындар тау беткейінің селдір орман жолағын және сәл жоғарырақ көмкеріп жатыр. Ауаның ылғалдылығы жоғары болғандықтан,мұнда өсімдіктер биіктігі 1,5м. дейін ұзарып өседі. Мұнда Марал тамыры, тиынтақ, іріжапырақ сарғалдақ, іріжапырақ шұбаршөп, түрлі жапырақты тікенқурай өседі. Беткейден жоғары көтерілгенде субальпілік шалғындар аласара береді де, альпілік шалғындарға ауысады.Мұндай шалғындардың шөбінің биіктігі орташа. Құнарлылығымен, әралуандығымен және аса қанық бояуымен ерекшелінеді. Шалғындар шөмішгүлдермен алашабырланып тұр, олардың арасындағы Алтай күнгелдісінің ашық қызғылт-сары гүлдері, шнит жуасының жалтырақ қызылкүрең шоғырбастары, жылтыр таранның ақ шоғырбастары көздің жауын алады. Жыланбастың қою көк түсті гүлдері де көз тартады, көкшіл күлгін Алтай шөгіргүлдері бүтін гүлзарлар құрайды. Осы жерде көптеген дақылдар өседі: селдірек, жұпарбас, альпі атқонағы және т.б.Жоғары өрлеген сайын тау шалғыны сирей түседі. Шөп аласарып, өсімдіктер бірінен соң бірі жоғала береді. Жер жалаңаш тартып, батпаққа айнала бастайды. Таулы тундра белдеуі басталады.Мұндағы асулар мен адырларда қою жасыл мүктер мен қына басқан тастар шашырап жатыр. Осында өсетін аласа қайыңдар мен талдар таңқалдырады. Талдың ұшар басы алақанның көлеміндей ғана, тек кейіннен үлпілдек мамық шашып «жарылатын» ұрқай жасыл не қызғылт сырғагүлдері бөлініп тұрады.Кенді Оңтүстік Алтайдың, Тарбағатайдың жоғары беткейлерін қына жапқан өсімдіктердің ішінде альпілік түрлері кездеседі: беллард доңызаты, сарғылт әлен, естектер: жартас, түктесін, көгілдір. Тау шыңдарында Алтайдың жергілікті түрлері – алтай  жуасы мен алтай рауғашы өседі. Тамыздың ортасында таудың ұшар бастарында шағын шатыршагүлді өсімдік – үрпиген шарбас гүлдейді. Оның гүлінің иісінен бүкіл атырап самал желмен, бал аңқып тұрады. Таулы тундраның тастақ топырағында төзімді жертаған өсімдіктер – қоңырбас, дұғаш және басқа да дәнді дақылдар өседі.Табиғат Шығыс Қазақстанға әдемі және әртүрлі өсімдіктер әлемі ландшафтын сыйға тартты. Бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі – осы көз тоймас байлықты сақтап қалу.  

 

 

 

 

 

1. Қылқан жапырақтыларға жалпы сипаттама

       Қылқан  жапырақтылар— сүректі ағаш және  бұта түрінде өсетін ашық тұқымды  өсімдіктер класы. Қазақстанда  2 тұқымдасы бар: қарағай тұқымдасы—  қарағай, балқарағай, шырша, майқарағай  және кипарис тұқымдасы— арша, кипарис; мәңгі жасыл (қыста  қылқаны түсіп қалатын балқарағайдан  басқасы) өсімдіктер. Тұқымы арқылы, кейде вегетативтік жолмен өніп-өседі.  Жапырағы қылқанды, жіңішке, түкті  не қабыршақты болып біткен, сағақсыз, өркендері қысқа, шоқтанып орналасқан. Мамыр—шілдеде гүлдеп, шілде—тамызда  жеміс береді. Қылқан жапырақтардың  сүрегінен құрылыс материалдары  жасалады, қағаз жасайтын үгінді, канифоль, скипидар. ылқан жапырақты  – ағаш, бұта жапырақтарының бір  түрі, қылтанақты, таспа пішінді  3-4 қырлы қабыршақты келеді. Қылқан  жапырақ өсімдік сабағында шоқтанып, қарама-қарсы не сабақты айнала  орналасады. Қылқан жапырақтың ұзындығы 1 мм - 30 см (балқарағай). Қарағай 3-15 жыл,  май қарағай жапырағы 3-13 жылда  түсіп жаңарып отырады. Бұл  өсімдіктің өсу барысында құрамына, ауа райына байланысты болады. Май қарағайлы қылқан жапырақтан  май витамин алынады, ал қарағай  шырша қылқан жапырағынан талшық  алынады.Қылқан жапырақтылар жалаңаш  тұқымдарға жататын ағаш немесе  бұта, жапырағы қылқанды немесе  қабыршақты келеді, қарағайдың бестен, балқарағайда 20-30-дан шоқтанып орналасқан, гүлі дара жынысты, бір сирек  те болса қос ойлы гүл қоршауы  болмайды. Аталық бүрінде аталық  тозаңы аналық бүрінен тұқым  бүрі болады, жел арқылы тозаңданады.Қылқан  жапырақты орманның қысы жылы  қоңыржай аймақта биік тау  беткейлерінде кең таралған жер  шарындағы 1070 млн. орман алабының  басым көпшілігі қылқан жапырақты,  бұлардың кейбіреулері өсімдіктер  дүниесінің алыптары, мысалы секвеяның  биіктігі 150 м, диаметрі 6-10 м. 4000 жылдай  өмір сүреді. Қылқан жапырақтың 48 туысқа жататын 500 түрі, Қазақстанда  6 туысқа жататын 20 түрі кездеседі.Еліміздің  орман алабының 80 проценті қылқан  жапырақты. Қылқан жапырақтың  сөзегінен құрылыс материалы,  кеме, мебель, ұста бұйымдары, қағаз  жасалады. Қабығынан илік заттар, кейнфол,  сгипидар, майлар алынады,  кей түрінің тұқымдары тамаққа  қолданылады. Қылқан жапырақтылардан,  дәрі жасалынады, кейде құм тоқтатуға,  топырақ эрозиясына қарсы, әсемдік  үшін егіледі.Қылқан жапырақты  орманының ауа райы. Жылына 1-4 ай  шамасында 10 градустан жоғары  температура, орташа жылдық температура  10-19 градус, қыста Сібірдегі батыс  аудандарда ең суық температура  52-70 градусқа дейін жетеді. Өсімдіктердің  вегетациялық периодтары да қысқа,  ылғалдылыққа, жылылық, суыққа байланысты  жазда жасыл орман алқабына  қарағанда қылқан жапырақты орман  солтүстікке қарай ығысқан. Тундра  мен шекаралас жерлерде тек  қылқанжапырақ ағаш өкілдері  ғана өседі. Тайга топырағында  күлгін түсті, батпақты жерлері  көп.

Қылқан жапырақты орман  ағаштары ылғалда да, суық территория жерінде де өсе береді. Жаңбыр буланатын  ылғалдылық көбірек, қысы қатал, суық, жазы өте ыстық емес болып келеді. Жаздың жылы кезеңдері орташа температура 10 градуста 120 күнге дейін созылады. Осы жылы күндер 30-40 күнге кемісе қылқан жапырақты ағаштар өмір сүруі  қиындап, тундра зонасы басталады.Қылқан жапырақты тайгада ауа райы көпшілік жерлерде біркелкі, тек кейбір таулы, сулы, теңіз, мұхит жағалауларында өзгерістер болады. Мұхиттан алыстаған сайын  климат континентальды-қыстан жазға  қарай температурада алшақтық байқалады. Температураның қысқы, жазғы мезгілдеріндегі  алшақтануына байланысты тайгадағы  жауын-шашын мөлшері де әртүрлі. Дегенмен, тайгада ылғалдылық мол, өсімдіктерге жетерлік.Қылқан жапырақты орманның басқа зоналардағы өсімдіктерге ұқсамайтын, тек өзіне тән ерекшелігі бар. Тайга жерінде жалпақ жапырақты  ағаштар өкілі өспейді, өсімдік  ағаш түрлері де 1-2, көп емес, яғни ағаш түрлерінің көп болмауы да тайгаға  тән құбылыс.

        Қарағайлар  Тұқымдасы (Pіnaceae) – мәңгі жасыл,  бір үйлі, қылқан жапырақты өсімдіктер. Негізінен Солтүстік жарты шарда  өсетін 10 – 11 туысы, 250-дей түрі  бар. Қазақстанда 4 туысы (самырсын, шырша, балқарағай, қарағай) 6 түрі  кездеседі. Қарағайлар Тұқымдасының  биіктігі 50 – 65 м-дей. Қылқан жапырақтары  ине немесе қауырсын тәрізді,  бұлар ұзын өркендерінде жеке-жеке, ал қысқа өркендерінде шоғырланып  орналасады. Қарағайлар Тұқымдасының  аталықтары – масақша, көп  жағдайда дара болады, әр аталығында 2-ден тозаңдық бар. Аналығында 2 тұқым бүрі болады, оның ұзындығы 1,5 – 50 см, ол негізінен бірінші  жылы піседі (мыс., балқарағайда, т.б.) ұрықтанғаннан кейін осы тұқым  бүршіктері тұқымға айналады. Тұқымының  қанатты қабыршақтары қалың, бос  жатады. Тамыр жүйесі өте жақсы  жетілген, олар көп жағдайда қалпақты  саңырауқұлақтардың жіпшумағымен  селбесіп (микориза) өседі. Қарағайлар  Тұқымдасынан құрылыста, темір  жолда, жиһаз жасауда қолданылатын  өте бағалы сүрек алынады. Қылқан  жапырағының шипалық қасиеті  бар.

Қарағай – еліміздің таулы  аймақтарында бірнеше түрі кездесетін қылқанжапырақты мәңгіжасыл өсімдік. 500-600 жылға дейін өмір сүреді. Ең биік түрлері 50-60 метрге жетеді. Шыршаныкіндей  емес қарағайдың қылқаны ұзын, жуандау. Қылқанының түсі түріне қарай сары, көкшілдеу, жасыл және қою жасыл  болады. Қарағай сондай-ақ тез өсетін қылқанжапырақтылардың бірі. Жер  шарында жүзден аса түрі болса, оның жиырма шақты түрі көгалдандыруда қолданылады. Олардың ішінде бұтағы тік өсетін және жайыла өсетін түрлері де бар. Өсе келе жан-жағына 6-7 метрге дейін  жайылатындықтан, бір-бірінен немесе өзге ағаштардан арақашықтығы кем дегенде 5-6 м болуы керек. Оның барлық түрі бонсай жасап өсіргенге ыңғайлы. Жай және тез өсетін түрлері бар. Биіктігі екі метрден аспайтын “тау қарағайы” деген түрі бар. Көгалдандыруда оларды түрлі композицияларға қолдануға  болады. Қарағайдың қылқанымен қоса, өте  жиі орналасатын бүршіктері де өте  әдемі. Осы бүршіктерін сәндік үшін теріп алып, қолөнер бұйымдарына  қолданып жатады. Қарағайдың ағашы  мықтылығымен және қаттылығымен ерекшеленеді. Оны кеме құрылысында, авиацияда, теміржолда және құрылыста кеңінен қолданады. Қарағайдың діңінде шайыр көп  мөлшерде болады.Одан скипидар мен  канифоль алынады. Канифольді сүргіт және лак дайындауда қолданады. Қарағайдың бүршіктері, эфир майы және шайыры бронхит, өкпе ауруларына қарсы пайдаланылады. Қылқанын С дәрумені жетіспегенде және алдын-алу үшін қолданады. Қарағайдың қара майын тері ауруларына жақпа  май ретінде пайдаланады.Жас көшетін  ашық күн көзіне, құнарлы топыраққа  отырғызу керек. Жыл сайын көктемде қалқанжапырақты ағаштарға арналған минералды заттармен қоректендірген жөн. Қоректік заттары жеткілікті қарағай  қылқанының түсі қанық болады. Кейбір жұмсақ қылқанды түрлері қысқы суыққа шыдамсыз келеді.Тұқымы және қалемшелеу арқылы көбейтіледі.

Информация о работе Катон-Қарағай Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркіндегі балқарағай биологиясына әсер ететін факторларды анықтау