Катон-Қарағай Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркіндегі балқарағай биологиясына әсер ететін факторларды анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Июня 2013 в 13:07, курсовая работа

Описание работы

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қысқаша физика-географиялық сипаттамасы.
Орналасқан орны: Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (КҚМҰТП) Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ауданында орналасқан. Ұлттық парктің аумағы теңіз деңгейінен 3000 метрден жоғары және мәңгі қарлармен көмкерілген көп жоталы таулы өңір, Оңтүстік Алтай ірі таулы аймағының шегінде орналасқан.
Катонқарағай мемлекеттік табиғи ұлттық паркінің аумағына төмендегілер кіреді: Листвяга және Қатын жоталарының оңтүстік макробеткейлері (Мұзтау тауының оңтүстік және шығыс беткейлері), Қазақстан шегіндегі Үкөк биік таулы үстіртінің батыс бөлігі, Оңтүстік Алтай, Тарбағатай (Алтайлық) және Сарымсақты жоталары.

Содержание работы

Кіріспе (мақсаты, міндеті, өзектілігі, зерттеу обьектісі, қолданылған әдістер, нысаны)
1. Катон- Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жалпы сипаттамасы.
1.1 Катон- Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің флорасы
1.2 Қылқан жапырақтыларға жалпы сипаттама
1.3 Балқарағай өсімдігінің даму тарихы
2 Зерттеу әдістері мен нәтижелері
2.1 Катон-Қарағай Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркінде өсетін балқарағай өсімдігінің биологиялық ерекшеліктері.
2.2 Балқарағай жаңғағының пайдасы және маңызы
2.3 Балқарағай жаңғағының химиялық құрамы.
Қорытынды

Файлы: 1 файл

боташшш.docx

— 87.10 Кб (Скачать файл)

Қарағай (лат. Pіnus) — қарағайлар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаш, кейде бұта.Бұл  ағаштардың биіктігі 35 м-дей, діңі мықты, бұтақ шоғыры дөңгелек болып келеді. Қабығы үгілмелі, қызыл қоңыр түсті, бұтағында жарықтары болады. Жапырағы (инесі) 2 – 5-тен шоқтанып бүршігінде орналасқан, бүршіктері күрделі. Бүрі 2 – 3 жылда піседі, оны жеуге болады. Мамыр айында гүлдейді. Аталық гүлі масақты, сары не қызыл түсті. Аналық бүрі жас өркен ұшында 2 – 3-тен  орналасады, 2 жылда пісіп жетіледі. Тұқымы – қара, не сұр түсті; қанатты  кейде қанатсыз болады. Қарағай ағашы 300 – 500 жыл жасайды.Еуразияның қоңыржай және субтропиктік аймақтары мен  Солтүстік Америкада өсетін 100-ге жуық түрі белгілі.Қарағайдан жоғары сапалы ағаш сүрегі, қарамай, шайыр алуға  болады. Қарағай – дәрілік ағаш, одан терпентин майы, скипидар, сірке  суы; жас қылқанынан С витамині (концентрат), эфир майы алынады. Сондай-ақ құм тоқтатуда, әсемдік ретінде (елді мекенді көгалдандыруда) маңызы зор.Қазақстанда 2 түрі: кәдімгі  Қарағай (P. sіlvestrіs) және самырсын Қарағайы (P. sіbіrіca) бар. Бұлар республиканың  солтүстік-шығыс, орталық бөліктеріндегі аралас ормандарда, басқа қылқан немесе жалпақ жапырақты ағаштар арасында өседі. Қазақстанда ботан. бақтарда Қарағайдың: сары Қарағай, тау Қарағайы, Веймутов Қарағайы түрлері қолдан өсіріледі.

Шырша – қарағай тұқымдасына  жататын биіктігі 30-50 м, баяу өсетін қылқанжапырақты ағаш. 15-20 жылға  дейін өте жай, кейін жылына 30 см-ге дейін өсетін болады. Мәңгіжасыл өсімдік болғанымен, 6-12 жылда қылқандарын  кезекпен түсіріп, жаңарып отырады. Өсе келе жан-жағына жайыла түсетіндіктен, олардың бір-бірінен немесе өзге ағаштардан арақашықтығы кемінде 6 м  болғаны дұрыс. Осы себепті де оны тар аулалардан гөрі, арнайы бақтарға, кең ауласы бар балабақша, мектеп алаңқайларына еккен жөн. Шыршаны ауа тазартатын ерекше қасиетіне  қарай, аурухана, шипажайлардың маңына көптеп еккен дұрыс. Шыршаның түрі өте  көп. Оның ішінде қылқанының түсі көк, қызғылт, сарғыш және ашық жасыл түрлері  көгалдандыруда үлкен қолданыста. Шығыс  шыршасының қылқаны сары немесе алтын  түстес, ине қылқанды шыршаныкі көк, көкшіл, кәдуілгі немесе еуропалық  шыршаның қылқаны қою жасыл, балқандық  шыршаныкі күміс түсті немесе сұр болады. Дүние жүзінде 50-ге жуық түрі бар. Түрлеріне қарай 50-150 жыл  аралығында өмір сүреді. Қазақстанның таулы аймақтарында бірнеше шыршадан құралған ормандар бар, ал көгалдандыруда он шақты түрі қолданылады. Олардың  арасында бойы бір метрден аспайтындары да бар. Тіпті соңғы уақытта жерге  жайылып өсетін түрлері де елімізде жерсіндіріліп жатыр. Ботаника бағында  олардың орны ерекше. Сондықтан сұрыпты, қылқаны көк немесе ашық жасыл  түрлерін отырғызған абзал. Шыршаның ағашы  жұмсақ, жеңіл және мықты емес. Сондықтан  құрылыста, ағашты қайта өңдеуде  қолданылады. Шыршадан жасалған музыкалық  аспаптардың дауысы керемет болады. Италиян скрипка шеберлері Амати  мен Страдиваридың скрипкалары  шыршадан жасалған. Шырша өнімінен қағаз және қатты қатырма қағаздар, целлюлоза, скипидар, канифоль майларын және ағаш сіркесін алады. Шыршаны жол  жиектеріне жел ұстағыш ретінде  егеді. Тұқымы орман құстары мен  кеміргіштеріне тамақ ретінде қызмет етеді. Діңінің қабығы тері илеуде қолданылады. Көптеген елдерде жаңа жыл ағашы  ретінде танымал.

Шыршаның барлық түрі күн  көзін жақсы көреді. Сұрыпты түрлері  жеңіл топырақты, ық жерлерде жақсы  өседі. Жыл сайын сынған, майысқан бұтақтарын кесіп, реттеп отыру керек.Тұқымы және қалемшелеу арқылы көбейтіледі. Мектеп ауласын көгалдандыру үшін биіктігі 0,7-1 м деңгейіндегі дайын көшетін  сатып алып отырғызған дұрыс.Шырша (лат. Pіcea) – қарағай тұқымдасына  жататын қылқан жапырақты, мәңгі  жасыл ағаш.Дүние жүзінде Еуразия  мен Солтүстік Американың қоңыржай аймақтарында өсетін 45 (кейбір деректерде 35-тен 50-ге дейін) түрі бар. Қазақстанда  Солтүстік және Тянь-Шаньда, Тарбағатайда, Жетісу (Жоңғар) Алатауында, Алтайда  таза шырша орманы ретінде өсетін 2 түрі: сібір шыршасы және Шренк  шыршасы бар. Сібір шыршасы (Р. ovovata) – қос үйлі ағаш, биіктігі 30 м-ге дейін, бөрік басы өте сүйір, діңі түзу, бұтақ шоғыры қалың, жайқала өседі. Сұрғылт тартқан қара қабығы бар. Қылтаны төрт қырлы, үшкір, 5 – 7, кейде 9 – 12 жыл бойы сақталады. Тұқымынан көбейеді. Сәуір – мамыр айларында гүлдейді, тұқымы тамыз – қыркүйекте піседі. Жемісі – дәнек. Көлеңке сүйгіш ағаш, 300 – 500 жыл жасайды. Шыршаның қабығында 8 – 15% илік заттар, қылқанының құрамында С витамині, аскорбин қышқылы, эфир майы, жемісінде 25 – 29%-дай сұйық май болады. Сүрегі жеңіл және жұмсақ, оны құрылыста, целлюлоза-қағаз өнеркәсібінде, музыкалық аспаптар жасауға пайдаланады; шайыр, қара май, скипидар, канифоль, сүрек сірке қышқылы алынады

Еуропалық  немесе кәдімгі (P.abies) шырша - биіктігі 30 м және одан да биік және діңінің диаметрі 1м  жететін ағаш. Қабығы жас шағында  қоңырлау, тегіс, жарғақ тәрізді қауызы, ұсақ, қартая келе қауызы кедір-бұдырланады. Өркендері күңгірт–қоңырдан ашық-сарыға дейін, сәл безді-түкті; бүршіктері мұқыл-конусты, қаракүреңдеу, шайыры  байқалады. Бұтақтануы қатал күлтелі  емес, бірақ ұшына жақын қолтықтық  бүршіктен өсіп шыққан ірі бұтақтары  дерлік күлтелі орналасады. Бөрікбасы  қою, кең конусты, ұшына қарай  үшкірленген, дің бойымен салыстырмалы түрде төмен түседі. Қылқанының ұзындығы 2-3 см, қатты, жылтыр. Өстік тік өркенде  қылқандар тарамдалып және дерлік сабаққа  жапсырыла орналасады, ол тіпті жоғарғы  бүршіктерде жабыса және ширатыла отырып жауып тұрады. Бүйірлік өркендерде қылқандар өркеннің екі жағында  да және үстінде де орналасады, ал өркеннің төменгі жағында қылқан болмайды. Қылқан 6-12 жыл тіршілік етеді, самырсын ағашы сияқты  бірте-бірте күзде-қыста  түседі.   Шыршаның бүршігі көктемнің  екінші жартысында, кәдімгі мойылмен бір мезгілде гүлдейді және нақ осы  кезде тозаңдануы жүреді (орташа есеппен  сібір самырсынынан бір апта бұрын). Табиғи, жарықтануы толық жағдайда, өскен шырша ағаштары жыныстық толық  жасқа 15-20 жылда, ал орманда өскендері 25-30 жылда жетеді. Микростробилдері жұмыртқа пішіндес қызғылт-сары түсті, ұзындығы 10-15мм және өткен жылғы  өркеннің бүйірлік генеративті бүршіктерінде  пайда болатын-масақша. Тозаңдану  кезінде көптен пайда болған тозаңдарында екі ауа қапшығы бар көптеген тозаңдары пайда болады және ауамен жақсы таралады. Макростробильдері  өткен жылғы өркеннің генеративтік бүршіктерінде пайда болады, бірақ  олардың ұшында және тік орналасады. Олар  бөрікбаста қоңыр қылқан аясында  анық байқалады: цилиндрлі, ұзындығы 5 см жуық ашық-қызғылт, қызғылт жасыл, ашық немесе күрең  қызыл түсті. Тозаңданғаннан кейін шырша бүрі төмен салбырайды және қазан айында піседі.  Күзде  олар әдетте, ашылмайды, қауыздары тығыз  жымдасқан, сондықтан тұқымдары  шашылмайды. Бүрлерінің ашылуы және тұқымдарының  шашылуы жиі қаңтардан - сәуірге  дейін жүреді. Бүрлерінің ашылуына құрғақ және аязды ауа райы, ал тұқымдардың  шашылуына, едәуір жерге таралуына  жел себепкер болады. Бүрлері ұршық  тәрізді–цилиндрлі, ұзындығы 6-дан 16см-ге дейін,  жуандығы 3-4 см, ашық, қызыл-қоңыр  немесе қызғылт-қоңыр түсті. Бүршіктің  қауыздары қатты, көн тәрізді, ромбылы, жоғарғы ұшы тісті. Тұқымдары  жұмыртқа пішіндес, ұшы үшкірлі, қызыл  қоңыр, жылтыр емес, ұзындығы 3-5 см.. 1000 тұқымның массасы 5-8гр. жетеді. Тұқымның  қанаты кері жұмыртқа тәрізді, ашық-қызыл  қоңыр түсті, жеңіл бөлінеді. Шырша  тұқым өнгіштігін     бірнеше  жыл сақтайды.

Шырша тұқымы өнген кезде  ұрықтың ұрық астылық бөлігі тұқымның қабығын және эндоспермінің қалдығын топырақ үстіне алып шығады, олар жарнақтар  өсе келе түсіп қалады. Тұқым жарнақтарының  саны 7-10, орақ тәрізді, үш қырлы, ішкі қабырғасында тістері бар, 2-3 жыл сақталады.Шырша  жас шағында өте баяу өседі, ал 5-10 жасынан бастап және орта жасында  өсуін жеделдетеді. Жуықтап 100-200 жасында  өсуі баяулайды, ал 250-300 жасында ағаш сола бастайды. Жекелеген жағдайда  ағаштар 500 жылдан артық тіршілік етуі мүмкін.Тұқым өнген кезде негізгі  тамыр алғашқы 2-3 жылда тік өседі, кейін бірнеше, не көкжиектен, немесе төмен қарай көлбеулеп өсетін бүйірлік тамырларға тарамдалады, сондықтан  тіршілігінің 10-шы жылдары негізгі  тамыр байқалмайды да, тамыр жүйесін  күшті бүйірлік тамырлар құрастырады. Терең, су сіңгіштігі жақсы топырақтарда шыршаның бүйірлік тамырлары едәуір тереңге бойлайды. Ылғалды, ауыр, саяз топырақтарда шырша тамырын топырақ  бетіне жақын дамытады да, қатты  желдерден зардап шегеді (құлайды). Шыршаның желге шыдамдылығының артуына  және тамыр жүйесінің көлемінің  молаюына қосалқы тамырлардың пайда  болуы себепші болады. Олар  діңнің негізінде тамыр мойынына жақын, әсіресе ол топырақпен жабылса  немесе мүк баса, пайда болады. Шыршаның  бұл  тамырлары жерге жақын  бөлінсе немесе мүк басқан жерге  төменгі бұтақтар қалыптастыруға қабілетті  келеді.Шырша суға қатынасы бойынша-әдеттегі мезофит, ал оның жекелеген эпотүртектері-мезогигрофиттер.Топырақ  құнарлығына шырша аса жоғары талап қоймайды және мезотрофтарға  жатады. Ол қысқа төзімді, бірақ көктемдік  кеш және күздік ерте бозқыраулардан қатты зардап (әсіресе жас ағаштары) шегеді. Оның ерте және кеш ашылатын  фенологиялық формалары айқын байқалады. Бұл формаларда бүршіктерінің ашылуындағы, өркендердің өсуінің басталу  мерзіміндегі, тозаңдануы мен қылқандарының  пайда болуындағы айырмашылық 3 аптаға дейін болады. Тайгалық аймақта төзімдірек және перспективті - кеш ашылатын формалар. Аймақтың оңтүстік-батыс бөлігінде  қылқанды-жалпақ жапырақты ормандарда, өсінді циклы ұзағырақ (7-айға дейін) ашылатын формалар басым келеді. Ерте ашылатын формалар өсуін ауаның орташа температурасы +60С маңайында, ал кеш  ашылатындар +100С және одан жоғарыда бастайды. Ерте ашылатын формалар кәдімгі  мойылмен бір уақытта тозаңданса, кеш ашылатыны кәдімгі қарағайдың тозаңдануымен және шетеннің гүлдеуімен бірге тозаңданады. Шырша өркені бір ай және одан да ұзағырақ өсе алады. Тұқымдары тозаңданудан 4-5 ай өткеннен кейін піседі.Шырша көлеңкеге өте төзімді, бұл жағынан тисс пен самырсынға жол береді, бірақ жеткілікті жапырақтанбай ол жақсы өспейді және генеративті мүшелерді қалыптастыра алмайды.Еуропалық  шырша түрішілік өзгергіштігінің кең ауқымдылығымен ерекшеленеді. Оның көптеген экотүртектері мен бірқатар морфологиялық формалары бар. Соның ішінде, бұтақтану сипаты бойынша шыршада тарақты, жайпақ, қылқанды, жинақы формаларын ажыратады; бөрікбасының  пішіні бойынша - енсіз және енді бөрікбасты; қылқанының түсі бойынша-күңгірт-жасыл, сарғылт-жасыл және ашық қызыл, макростробилдерінің түсі бойынша – қызыл және жасыл  бүршіктілерді, сондай-ақ формалары көлемі, пішіні және піскен бүрлерінің түстері, қабығының түсі мен құрылымы бойынша. Шаруашылық жағынан сүрегінің дыбысты жақсы шығарғыштық қасиеті бар формалар саз (музыка) аспаптарын жасауда өте құнды саналады.

Сібірлік (P. obovata)  шырша  морфологиялық және биологиялық  белгілері бойынша еуропалық  шыршаға өте жақын және одан бүршігінің көлемі мен тұқымының пішіні бойынша  жақсы ажырасады.Бүрлерінің ұзындығы 4-тен 8см дейін, жұмыртқа – цилиндр  пішіндес, тұқым қауыздары енді, доғаланған шеттері бүтін. Піскен тұқымдарының  желмен тарауы күзде- қыстың басында–ақ жүруі мүмкін. Сібір шыршасының таралу аймағы өте кең.Еуропалық шыршамен салыстырғанда  сібірлік шырша қысқа  және аязға төзімдірек, топыраққа  талабы шамалы (мезоолиготроф), оның таралу аймағының басым бөлігі мәңгі  тоң облысына келеді. Суға қатынасы бойынша – мезофит, бірақ ылғалы артық жағдайларда, сондай-ақ салыстырмалы құрғақ, құнарсыз, жиі таулы жердің топырақтарында да өсе алады. Солтүстік  Оралда Сібір шыршасы тауға теңіз  бетінен 860 метрге дейін көтерілсе, Алтайда -1800-2000 метрге дейін көтеріледі, 200-300 (500) жыл тіршілік етеді.Бірқатар эпотүртектері мен морфобиологиялық формалары, оның ішінде қылқандарының  түстері бойынша өзгешеленетіндері  де шымқай жасыл, күміс, көгілдір-көкшіл сұр және алтын түсті. Шаруашылықта пайдалануы еуропалық шыршаға ұқсас.

Тікенекті (H. punдens)  шырша  – биіктігі 45мм жететін және діңінің  диаметрі 1,2 м Солтүстік Америкадан әкелініп жерсіндірілген ағаш. Бөрікбасы  тығыз, конус тәрізді, әдетте иіңкі. Қабығы түлегіш (ашылғыш), сұрғылт-қоңыр; өркендері жуан, қызғылт сары - қоңырлау; бүршіктері енді сопақша, сұрғылт, шайырсыз, жоғарғы сыртқы қауызы кейін қарай  қайырыңқы. Қылқаны қатты, жуан және тікенекті, ұзындығы 20-30мм. Қылқандарының  түстері әр түрлі: жасыл, күмісті  сұрғылт-көгілдір, сирек сап-сары. Осыған байланысты тікенекті шырша, әсіресе  бірінші жылы қылқанының түсі күмісті  және көгілдір формалары  (қылқандары өркенде 4-7 жыл тұрады) көгалдандыруда жоғары бағаланады.Тікенекті шырша  өсінді кезеңін кеш басталуымен  және кейінгі кезеңдерінің баяу өтілуімен  ерекшеленеді. Тұқымдары күзге қарай  піседі, піскен бүрлері цилиндрлі  –сопақ, борпаң, ұзындығы 5- 8 см, жуандығы 3 см-дей, ашық күңгірт сұр түсті. Жабушы қауыздары жұмсақ, көн тәрізді, әжімділігі күшті, шеттері адыр-бұдырлы. Бүрлері күзде ашылады, сол кезде  желмен таратылатын тұқымдары да шашылады. Тұқыммен көбейтілгенде аналық өсімдіктің қылқан жапырағының түсі ұрпағына толық ауыспайды, міне сондықтан  бұл шыршаның әсемдік формалары  әдетте өсінді тәсілімен –телумен немесе жасыл қалемшемен көбейтіледі.

Тікенекті шырша жылуға аз талап қояды, қысқы үскірікке, салыстырмалы түрде құрғақшылыққа да төзімді. Басқа қылқан жапырақты  тұқымдықтармен салыстырғанда топыраққа талабы аз (көнбістілеу), ең бастысы түтін  мен газға шыдамды.Тікенекті шыршаның өнеркәсіптік ортасы ерекше төзімділікпен  күміс тәрізді формасы  (P. ungens f. arsдentea) өзгешеленеді. Ол форманы қалаларды  көгалдандыруға пайдалану керек.Бізде  де бұл шырша түрін жерсіндіндіруге  және мүмкін болса, зерттеп халқы  көп, өнеркәсіптік қалаларды  көгалдандыруға көңіл бөлгеніміз  дұрыс болар  еді. Сонымен бірге орман - тоғайда  өсіруге де қолайлы ағаш.

Самырсын (лат. Abіes), майқарағай — қарағай тұқымдасына жататын  көп жылдық мәңгі жасыл ағаш. 40-тан  астам түрі белгілі, негізінен Солт. жарты шарда өседі, ішінара тропиктік  белдемдерде (Мексика, Гватемала) кездесетін түрлері де бар. Қазақстанда Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) мен Талас  Алатауында, Батыс Тянь-Шаньда теңіз  деңгейінен 2000 м-ге дейінгі биіктік  белдеулерде өсетін 2 түрі: Сібір  Самырсыны (A. sіbіrіca) және Ақ қарағай (А. semenovіі) бар. Олардың биікт. 35 м-ге, діңінің  жуанд. 55 см-ге дейін жетеді. Қылқан жапырақтары таспа пішіндес, ұз. 4 см-дей. Аналық тұқым бүрі жасыл  не қызыл түсті, аталық гүлі масақты, алдыңғы жылғы бұтақтарының ұшында орналасады. Жетілген тұқым бүрлері  цилиндр тәрізді, қошқыл не қоңыр  түсті, бірінші жылы піседі. Тұқымы төңкерілген жұмыртқа тәрізді, ұз. 8 — 10, ені 8 мм-дей, қанаты болады. Самырсын 200 жылдай өмір сүреді. Самырсынның  діңі жұмсақ, жеңіл, ол целлюлоза өндірісінде, құрылыста қолданылады. Тұқымының  құрамында лак, бояу өндіру үшін қолданылатын май болады. Қабығынан шайыр алынады, сағызы (живица) желім ретінде, қылқаны  медицинада майқарағай майын алу  үшін пайдаланылады. Самырсындар —  аязға төзімді ағаштар, бірақ  мәдени түрде өсіру үшін ылғалды  және салқын климат керек.Майқарағай –  қарағай тұқымдасына жататын, еліміздің  Алтай тауы мен Жоңғар Алатауының теріскей беттерінде көп кездесетін мәңгіжасыл өсімдік. 200 жылға дейін  өмір сүреді. Сұр қабықты, тік өсетін діңінің жуандығы бір жарым метрге, биіктігі 30-35 метрге дейін жетеді. Табиғатта 50-60 метрден асатын орасан биіктері, ал көгалдандыруда аласа бойлы түрлері  де кездеседі. Шырша секілді пирамида пішіндес бұтақтары төменнен жоғарылаған  сайын қысқарып, үшкір басына дейін  бірте-бірте жіңішкере береді. Өзге қылқанжапырақтыларға қарағанда майқарағайдың ерекшелігі: қылқаны жалпақ, жылтыр, жұмсақ болады. Бұтақтары қатарласып орналасады. Қылқандарының жоғарғы жағы жасыл болса, төменгі беті ақ немесе сұр жолақты болады. Майқарағайдың гүлдеу кезеңі мамыр, маусым айларына сәйкес келеді. Осы кезде ол сары түсті, тозаңды сопақ бүрлерімен әдемілене түседі. Жеңіл, жұқа қанатты тұқымдары желдің көмегімен таралады. Сопақ, қоңыр түсті бүршіктерінің ені 4 см, ұзындығы 9 см-ге жетеді, жоғарыға бағытталып өседі. Көлеңке сүйгіш өсімдік болғандықтан, жас майқарағай қалың топ құрып өскенді ұнатады. Тамырларының жерге өте терең бойлап өсетіндігі майқарағайдың топырақ қабатын тұрақтандыруда, көшкін, селге қарсы маңызды қызмет атқарады. Діңінен қағаз жасайды, құрылыс саласында және медицинада жиі пайдаланады. Бір тонна бұтақтан 30 килограмм эфир майын және парфюмерия мен сабын қайнату өнеркәсібіне қажетті май алуға болады. Осы майдан медицинада кеңінен қолданылатын камфара өндіріледі. Камфара негізіндегі әр түрлі дәрілер жүрек-тамыр ауруларына қарсы қолданылады. Ал, галендік дәрілері үсік шалған, күйген, тамыр кеңейген және ауыз қуысы қабынған кезде пайдаланылады. Дәрі ретінде жаңғақтары, сағызы және қылқандарының өңделген өнімдері қолданылады. Жас қылқанында аскорбин қышқылы, жасыл жаңғақтары мен жас қылқанында эфир майы бар. Діңінің қабығы тері илеуде қолданылады. Бір майқарағай ағашынан 300 грамға дейін майқарағай бальзамы алынады. Ол күрделі оптикалық аспаптарды, линзаларды желімдеу үшін пайдаланылады. Майқарағай ағашы республикамыздың шығыс, оңтүстік-шығыс және солтүстік аудандарында көгалдандыруда кеңінен пайдаланылады. айқарағай – қарағай тұқымдасына жататын, еліміздің Алтай тауы мен Жоңғар Алатауының теріскей беттерінде көп кездесетін мәңгіжасыл өсімдік. 200 жылға дейін өмір сүреді. Сұр қабықты, тік өсетін діңінің жуандығы бір жарым метрге, биіктігі 30-35 метрге дейін жетеді. Табиғатта 50-60 метрден асатын орасан биіктері, ал көгалдандыруда аласа бойлы түрлері де кездеседі. Шырша секілді пирамида пішіндес бұтақтары төменнен жоғарылаған сайын қысқарып, үшкір басына дейін бірте-бірте жіңішкере береді. Өзге қылқанжапырақтыларға қарағанда майқарағайдың ерекшелігі: қылқаны жалпақ, жылтыр, жұмсақ болады. Бұтақтары қатарласып орналасады. Қылқандарының жоғарғы жағы жасыл болса, төменгі беті ақ немесе сұр жолақты болады. Майқарағайдың гүлдеу кезеңі мамыр, маусым айларына сәйкес келеді. Осы кезде ол сары түсті, тозаңды сопақ бүрлерімен әдемілене түседі. Жеңіл, жұқа қанатты тұқымдары желдің көмегімен таралады. Сопақ, қоңыр түсті бүршіктерінің ені 4 см, ұзындығы 9 см-ге жетеді, жоғарыға бағытталып өседі. Көлеңке сүйгіш өсімдік болғандықтан, жас майқарағай қалың топ құрып өскенді ұнатады. Тамырларының жерге өте терең бойлап өсетіндігі майқарағайдың топырақ қабатын тұрақтандыруда, көшкін, селге қарсы маңызды қызмет атқарады. Діңінен қағаз жасайды, құрылыс саласында және медицинада жиі пайдаланады. Бір тонна бұтақтан 30 килограмм эфир майын және парфюмерия мен сабын қайнату өнеркәсібіне қажетті май алуға болады. Осы майдан медицинада кеңінен қолданылатын камфара өндіріледі. Камфара негізіндегі әр түрлі дәрілер жүрек-тамыр ауруларына қарсы қолданылады. Ал, галендік дәрілері үсік шалған, күйген, тамыр кеңейген және ауыз қуысы қабынған кезде пайдаланылады. Дәрі ретінде жаңғақтары, сағызы және қылқандарының өңделген өнімдері қолданылады. Жас қылқанында аскорбин қышқылы, жасыл жаңғақтары мен жас қылқанында эфир майы бар. Діңінің қабығы тері илеуде қолданылады. Бір майқарағай ағашынан 300 грамға дейін майқарағай бальзамы алынады. Ол күрделі оптикалық аспаптарды, линзаларды желімдеу үшін пайдаланылады. Майқарағай ағашы республикамыздың шығыс, оңтүстік-шығыс және солтүстік аудандарында көгалдандыруда кеңінен пайдаланылады.Құнарлы, ылғалды, жарық жерлерде өседі. Көлеңкеге шыдамды.Қалемшесі және тұқымы арқылы да көбейтіледі.     

Информация о работе Катон-Қарағай Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркіндегі балқарағай биологиясына әсер ететін факторларды анықтау