Катон-Қарағай Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркіндегі балқарағай биологиясына әсер ететін факторларды анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Июня 2013 в 13:07, курсовая работа

Описание работы

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қысқаша физика-географиялық сипаттамасы.
Орналасқан орны: Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (КҚМҰТП) Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ауданында орналасқан. Ұлттық парктің аумағы теңіз деңгейінен 3000 метрден жоғары және мәңгі қарлармен көмкерілген көп жоталы таулы өңір, Оңтүстік Алтай ірі таулы аймағының шегінде орналасқан.
Катонқарағай мемлекеттік табиғи ұлттық паркінің аумағына төмендегілер кіреді: Листвяга және Қатын жоталарының оңтүстік макробеткейлері (Мұзтау тауының оңтүстік және шығыс беткейлері), Қазақстан шегіндегі Үкөк биік таулы үстіртінің батыс бөлігі, Оңтүстік Алтай, Тарбағатай (Алтайлық) және Сарымсақты жоталары.

Содержание работы

Кіріспе (мақсаты, міндеті, өзектілігі, зерттеу обьектісі, қолданылған әдістер, нысаны)
1. Катон- Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жалпы сипаттамасы.
1.1 Катон- Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің флорасы
1.2 Қылқан жапырақтыларға жалпы сипаттама
1.3 Балқарағай өсімдігінің даму тарихы
2 Зерттеу әдістері мен нәтижелері
2.1 Катон-Қарағай Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркінде өсетін балқарағай өсімдігінің биологиялық ерекшеліктері.
2.2 Балқарағай жаңғағының пайдасы және маңызы
2.3 Балқарағай жаңғағының химиялық құрамы.
Қорытынды

Файлы: 1 файл

боташшш.docx

— 87.10 Кб (Скачать файл)

Осындай бұралаңы көп ұзақ жолдан өтіп мол тәжірибе жинақтаған балқарағай кәсіпшілігі 1966 жылы тағы бір  өзгеріске түсті.Ол орман шаруашылығы  министрлігіне тапсырылды.Қазір  елімізде балқарағай кәсіпшілігімен айналысатын  бірнеше іргелі шаруашылықтар бар. Шығыс Қазақстанда балқарағай ормандарының көп бөлігі адам аяғы баспаған биік тауларда қия-жартастарда орналасқан.Дегенмен қол жетер жерде жазықтарда жатқан балқарағай ормандарыда бізде аз емес.Ондай орман көлемі шамамен 45 мың гектарға жуық.Алтайдағы орман  шаруашылықтары мемлекетке жыл сайын 15 тоннадан астам ақталған таза балқарағай жаңғағын өткізіп жүр.

Балқарағай бүрінен май  алу ісі де республикамызда шындап қолға алынып соңғы жылдары дұрыс  жолға қойыла бастады.Біздің орманшылар балқарағай сүрегін арнайы заказдар бойынша ғана дайындайды.Мұндай ағаш материалдарды  түрлі мәдени обьектілерді әшекейлеу мақсатына сувинерлік бұйымдармен  музыкалық аспаптар жасау мақсатына босатылады.Балқарағай сүрегін дайындау ісін бұлайша қатаң  бақылауға алу- республикамыздағы  балқарағай ормандарының қорын сақтауға зор септігін тигізуде.

Балқарағай ормандарының қорын молайту бағытында Көкшетаудағы Орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу  иниституты біршама жұмыстар атқарып  жатыр.Өзге ағаштар сияқты емес балқарағайды қолдан егу- қиямет қиын.Жер таңдайды, қолайлы климат іздейді.Біраз жерде  балқарағай тамыр жайып көктеп өсе  қалса да жеміс бермей « қырсығып»  қалатын және «мінезі» бар.Қазір  иниститут ғалымдары балқарағайды Алматы мен Талдықорған облыстарының тау бөктерлерінде жерсіндіру жұмыстармен  айналысуда Әрине бұлар әзірге тәжірибе ғана.Бәлкім, осы бір қасиетті ағаш Алатаудың да әсем көркін әрлей түсер....Оны  келешек көрсетеді.  

Алтайдың шыбынсыз салқын жонындағы альпі шалғынында әдетте ағаш сирек айналаң алақандағыдай  ашық еңсең биік жүреді. Биыл балқарағай аз болатын сынайда. Ұшар бастарында бірер түгіршік қарағайы болмаса  етегі бос балқарағай атаулы биыл қысыр қалыпты. Балқарағайдың дөңгеленген  мәуелі  бұтақтарына  мол пішінді  алып келбетіне қызыға қарайсың. Жарықтықтың  жаратылысы шындығында бөлекше ағаш көркіне көз тойып бермейді.

Алтай салқын, сұсты сонысыменде  жұмбақты.Алтай- тұңғиық , сыры бөлек, мінезі ерек.

Тянь-Шань шыршасына ұқсаған  қылқан жапырақты туысын бұл жақта  самырсын деседі. Алтайдың самырсыныда  алуан түрлі.Қара самырсын,  майқарағай, шырша... Кәдімгі жана жылда жарқыратып  құратын, орыс- қазақ бәрі «елка» деп  атайтын шыршаны бұл  жақта  оншалықты менсінбей  «ешкі самырсын»  деп те атайды.

Ешкі самырсынға қарап  орманшылар ауа райын болжайды екен. Ешкі самырсынның ұшарында шошайған үшкірі болады ғой... Сол шошайған үшкірі бір жағына сәл қисайып тұрса  – жаңбырды күте бер.Түзу тұрса –  күн ашық болады деген сөз.

Алтайдың қарағайын көп  жұрт Көкшетау мен Семей қарағайымен  шатастыратыны бар. Аты бірдей болғанымен олардың заты мүлдем бөлек.

Көкшетаудың қарағайын орысша сосна деп атайды.Қабығы жұқа ол ағаш ала қыстай жасыл өңін бермейді.  Алтайдың қарағайын «лисвенница» атайды.

 

Балқарағай орманы — таза балқарағай немесе қарағай тектес тұқымдасына  жататын қылқан жапырақты ағаштармен аралас өскен орман. Қазақстанның шығысында (Алтай, Сауыр, Тарбағатай) көп таралған, теңіз деңгейінен 2200 м биіктікке  дейін өседі. Солтүстік Қазақстан, Павлодар өңірлерінде балқарағайдан  тұратын екпе ормандар көп кездеседі. Балқарағай орманы суыққа, ыстыққа, дауылға, түтінге, шаңдаққа және ауа ылғалына өте төзімді келеді.

Балқарағай – қылқанжапырақтылардың  ішіндегі қыс мезгілінде қылқанын түсіретін  өсімдік. Біржылдық қылқандары жұмсақ, нәзік болады. Кәдімгі шырша, қарағай  секілді биік болып өседі. Табиғатта 80 метрлік алып балқарағайларды  да кездестіруге болады. Тамыры тереңге  бойлап жайылады. Сондықтан да оны  сел, көшкін жүретін маңдарға еккен  абзал. Қылқандарын түріне қарай  әр мезгілде түсіреді. Сібірлік балқарағай қылқанын қазан айының екінші жартысында түсірсе, американдық балқарағай қараша айында түсіреді. Балқарағай ерте көктемде, қылқаны шыққан уақытта гүлдейді. Гүлі деп қызыл, сары түсті әдемі  бүрлерін айтады. Балқарағай екі үйлі өсімдік болып саналады. Аталығының бүрі - дөңгелек қоңыр түсті болса, аналығы - қызыл, күлгін, сары түсті. Ол тез өсетін және ұзақ өмір сүретін  ағаштар қатарына жатады. Туысында 20-ға жуық түрі бар. Оның ішінде еуропалық  балқарағай суыққа шыдамсыз болып келеді. Ал, елімізде көбінесе сібірлік балқарағайлар  өсіріледі. Олар көктемгі үсікке, қысқы  суыққа өте төзімді. Балқарағайдың  барлық түрлерінің (еуропалық, жапондық және т.б) бұтақтары төменге салбырап өседі. Арнайы жалғанбалы түрлері де бар. Бірақ, жалғанбалы түрлері суыққа шыдамсыз. Ағашы шірімейтін мықты  болғандықтан құрылыста, химиялық өндірістерде кеңінен қолданылады. Кәрі балқарағайдың  діңінен шайырды көруге болады. Оны  кір жуғанда сабын ретінде  қолданған. Ежелгі рим мен араб медицинасында  таптырмас дәрі ретінде пайдаланған. Шайыр-сағызы ауыз қуысын, тісті тазартып, қызыл иекті нығайтады. Ағаштың  қабығы да бағалы шикізат. Одан тері илегіш, эфир майын және тоқыма бояуларын  алған.Балқарағай – жарықты сүйетін  ағаш. Отырғызылатын жері көлемді, әрі  кең болуы қажет. Жаз кезінде  мол суғаруды қажет етеді.Тұқымын  себу және қалемшелеу арқылы көбейтеді.

Балқарағай (Larіx) — қарағай  тұқымдасына жататын қылқан жапырақты  биік ағаш. Қазақстанда Алтайда, Тарбағатай және Сауыр тауларында өсетін бір  ғана түрі — Сібір Балқарағайы (L. sіbіrіca) бар. Оның биіктігі 30 м-дей, діңінің  диаметрі 175 см-ге жетеді. Ине тәрізді  жіңішке, жұмсақ қылқан жапырақтарының ұзындығы 3 — 4 см, ені 1 — 1,5 мм, қыста  түсіп қалады. Сібір Балқарағайы  — қос жынысты, бір үйлі өсімдік. Аталық бүрі сопақша шар тәрізді, ақшыл, сары түсті. Ол жапырақсыз қысқа  өркенде өніп, жетіледі. Аналық бүрі ұзынша қызыл, қызғылт, жасыл түсті, негізгі діңінде пайда болады. Жел арқылы тозаңданады. Мамыр —  маусым айларында гүлдейді. Тамыз  — қыркүйекте жемісі бүрімен қатар  піседі. Дәні сарғыштау, күңгірт жолақты  болады. 15 — 20 жылдан кейін жеміс  бере бастайды, 300 — 500 жыл жасайды. Сібір  Балқарағайы тез өсетін, жарық  сүйгіш, суыққа, ыстыққа, күшті желге  төзімді болғандықтан Солтүстік  және Шығыс Қазақстан өңірлерінде  екпе орман ағашы ретінде өсіріледі. Оның сүрегінен қағаз және спирт, қабығынан илік зат, бояу, ал қылқанынан бағалы эфир майы алынады.

Алдымен «балқарағай деген  не өзі»? деген сұраққа тоқталып өтейікші. Қарағай түгілі қараған  өспейтін өлкелер үшін самырсын жаңғағының аты таныс болғанмен, дәмі таңсық. Ендеше Алтайдың сонау биіктеріндегі  сыңсыған орманның, ең қою жерлерінде өсетін самырсын ағашының бүршіктері, балқарағай деп аталады. Бұқтырма өзенін жағалай қонған ауылдар бүгінде  балқарағай сатып байып кетпесе  де, тәңірден бұйырыған ырыздықтарын айырып, жаңғақтан жап-жақсы пайда  тауып отыр.

Құдай бізге береді, біз  қытайға береміз

Самырсын майы, яғни, «Кедровое  масло» деп аталатын май осы балқарағайдан  жасалады, бізде емес, қытайда әрине. Ал Еуропада аталмыш майдың 100 грамының өзі жүздеген АҚШ долларымен бағаланады. Біз тек шикізат дайындаушы мемлекет ретінде пысық көршілерімізге жомарт жер анамыздың жемісін жөнелтіп-ақ бағудамыз. Айтыскер ақын Балғынбек  Имашев бір айтыста: «Құдай бізге  береді, біз қытайға береміз. Құдай  мен қытайдың арасындағы посредник  халықпыз» деп бір күлдіріп еді. Ал қытайға темір-терсек өткізіп, әбден  семірген бір ағамыз: «Бұрын құдайға  шүкір деуші едік, қазір қытайға  шүкір дейтін болдық» деп тәубесіне  келіпті.

Ауылдағы шикізаттың бағасының 1 келісі 200-250 теңге. Мұнда дайындалған  қап-қап қарағай жаңғағы қытай  асып барған соң дәні сығылып майға, қабығы уатылып, тәтті тоқаштарға, шоколадтарға қосылатын ұнға айналады. Ал Қазақстанда  балғарағай әзірге ауладағы орындықта  отырып шағуға арналған шемішкенің орнына ғана жүріп тұр. Оны шағу да оңай емес, шемішкені шақ келтірмей шағатындар балқарағайдың дәніне келгенде кібіртіктеп қалатыны бар. Себебі қабығы тастай қатты тау жаңғағын шағудың да өзіндік тәсілі бар. Оны катондықтар жақсы біледі. Айтпақшы, еліміздегі спирттік ішімдіктер өндіретін бірді-екілі мекемелер анда-санда балғарағай дәнін сатып алады екен, бірақ олар өте аз мөлшерде пайдаланады. Демек, қазақтың «қытайға шүкір» деуінің жөні де бар көрінеді. Оны жинау үшін өлімге бас тігесің 

Катон-Қарағай ауылынан ары  асқанда, Өрел деген ауылда балқарағай сатып байып отырған жанұя  бар деп жол нұсқады жұрттың  бәрі. Тіпті ауылдың әкімі де сол  жақты саусағымен көрсеткен соң  салып-ұрып Өрел ауылына бардық. Шыңдарын бұлт шалған Алтай таудың дәл етегіндегі сыңсыған тоғайдың арасында орналасқан үйдің айналасы да керемет екен. Маңайдың бәрі жап-жасыл шалғын, тау  суы сарқырап іргеде ағып жатыр, құдды  бір жер бетіндегі жұмақ дерсің. Үйдің ауласындағы ат шаптырым жерге, қызыл-қоңырқай түсті дән жайылып  кептіріліп жатыр. Осы үйдің иесі Нұржамал апайымыз да жарқын-жүзді  жан болып шықты. «Байып жатыр» дегені жұрттың айтып жүргені ғой, бар  болғаны далада жатқан дәнді ысырап қылмай дайындап, пайдаға жаратып  келе жатқанымыз рас»,-дейді ол ағынан жарыла. Осы үйдің ұлы Мұраттың айтуынша балғарағай жинау – аса  қауіпті жұмыстардың бірі. Оның бүршіктері ағаштың биік ұшында өседі, ал оған өрмелеп шығып бұтақтан бұтаққа  секіріп жүру дегенің оңай шаруа  емес. Бір жылдары тура осындай  оқиғаның салдарынан, балғарағайға барған бала биік қарағайдан құлап мертігіп, оны облыс орталығына тікұшақпен әрең жеткізген екен.

Көкке қарасаң төбеңдегі  тақияң түсіп қалатын биіктікке  өрмелеп шығасың алдымен. Сосын  ағаштың бұтақтарын сілкілеп, бүршіктерді  жерге түсіреміз, 30-35 метр биіктіктен  ешқандай сақтандырусыз. Кейде бұтақтың ұшында қалың бүршік шоғырланып тұрады, оны түсіру үшін шынымен де қауіп-қатерге  бас тігесің,-дейді Мұрат Қайсенов. Осы жанұяның мүшесі Бейбіттің айтуынша балғарағай жаңғағы қытай асып кеткенге дейін бірнеше өңдеу процестерінен  өтеді, алдымен оны биік самырсындардың басынан өлім аузында жүріп өрмелеп  терген соң, қия-шатқал Алтайдың биігінен қап-қап бүршікті етекке түсіресің. Үйге келген бүршіктерді арнайы қолдан жасалған ет тартқышқа ұқсас құрылғымен үгітіп, оның дәні жел болса желмен, жел жоқ болса тағы да халық  өзі қолдан жасап алған автомобиль қапалақшалары арқылы ұшырылады. Тазаланған дәнді жауын-шашынға тигізбей күнің  көзіне кептіріп алу үшін де асқан  ұқыптылықты қажет. Бейбіт қытайдағы  кәсіпкермен тікелей байланысқа шығып, қаптары қызыл дәнге лық  толған кезде қытайға қоңырау  шалады екен. Шетелдік кәсіпкер балғарағай дәнін сатып алу үшін арнайы Алтайдың арғы жағынан ұшып келіп, дайын дәннің келісін 400-450 теңгеден сатып алады.

- Менен балқарағай дәнін  сатып алатын қытайдың өзі  де делдал ғой деймін, ары қарай  неше есе баға қосып сататынын  бір құдай біледі. Дайындағын  дәнім 20 тоннаға толған кезде  қытайды шақырамын оның жанында  ұлты ұйғыр шала-пұла қазақша  білетін аудармашысы бар, келіп  сатып алып кетеді. Өз жұмыстарына  мығым, қолдарында ұзын сымға  ұқсас арнайы үшкір аспаптары  бар, қапқа бойлата тығып жібереді  де дәннің дымқылдығын бірден  біледі. Әлі кебе қоймаған қаптарды  төгіп жіберіп жылдам кептіріп  алады,-дейді Бейбіт. – Балғарағайдан  өнім өндірілетін болса оның  теру, үгіту, ұшыру, кептіру сияқты  ең ауыр жұмыстарын біз атқарамыз,  оларға мінсіз дайын балғарағай  дәнін сатамыз. Оларға дәнді  өткізген соң ақшасын бермей  алдап кете ме деп те қорқып  жүреміз, ақшаны қолдарына ұстамайды  екен, есепшотымызға 5-6 миллион теңгені  аудара салады.

Бейбіттің айтуынша ауылда қазыр 100 ден астам трактор бар  барлығы осы балқарағайдың арқасы. Ерінбегендер айына 100 мың теңгеден артық ақша тауып 

 

 

 

Денсаулыққа пайдасы көп

Жалпы Алтай балқарағайының құнарлылығы басқамен салыстырғанда  өте жоғары. Қытайда ғана емес, Азия мен Еуропаның көптеген мемлекеттерінде  кедр дәнінен жасалған дәрілерге  сұраныс көп. Иван Грозный патшаның тұсында Ресей жылына 300 мың пұтқа  дейін Швеция мен Англияға экспорттаған екен. Академик П.Л. Палластың XVIII ғасырдағы  жазбаларында Швецияның дәріханаларында  омырау бездерінің ауруларына балқарағайдан  жасалған дәрілер сатылатынын жазыпты. Ертеректе орыс емшілері кедр жаңғағының майын гипертония, атеросклероз, асқазан  жарасы ауруларына қарсы пайдаланып, сонымен бірге терінің күйген жерлерін сылап сыйпауға, бұлауға  пайдаланған. Адамның иммундық жүйесін  күйшейтетін қасиеті бар балқарағай майында түрлі микро және макро  элементтер бар. Оның құрамында ақуыз, көмірсу, А, В1 (тиамин), В2, (рибофлабин), В3 (РР ниацин) дәрумендері сонымен  қатар фосфор, маргнец, кобальт, иод  кездеседі. Балқарағай майының баланың  өсуіне және адамның көз жанарына тигізер пайдасы да бар екен.

БАЛҚАРАҒАЙДЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ  ЕРЕКШЕЛІГІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМАСЫН ЖАЗУ КЕРЕК!!!!!

ӨНІМДІЛІК ЖАЙЛЫ ЖАЗУ КЕРЕК  СУРЕТТЕРІН ҚОЮ КЕРЕК!!!!

ҚОРЫТЫНДЫ МЕН ҰСЫНЫСТАР


Информация о работе Катон-Қарағай Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркіндегі балқарағай биологиясына әсер ететін факторларды анықтау