Катон-Қарағай Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркіндегі балқарағай биологиясына әсер ететін факторларды анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Июня 2013 в 13:07, курсовая работа

Описание работы

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қысқаша физика-географиялық сипаттамасы.
Орналасқан орны: Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (КҚМҰТП) Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ауданында орналасқан. Ұлттық парктің аумағы теңіз деңгейінен 3000 метрден жоғары және мәңгі қарлармен көмкерілген көп жоталы таулы өңір, Оңтүстік Алтай ірі таулы аймағының шегінде орналасқан.
Катонқарағай мемлекеттік табиғи ұлттық паркінің аумағына төмендегілер кіреді: Листвяга және Қатын жоталарының оңтүстік макробеткейлері (Мұзтау тауының оңтүстік және шығыс беткейлері), Қазақстан шегіндегі Үкөк биік таулы үстіртінің батыс бөлігі, Оңтүстік Алтай, Тарбағатай (Алтайлық) және Сарымсақты жоталары.

Содержание работы

Кіріспе (мақсаты, міндеті, өзектілігі, зерттеу обьектісі, қолданылған әдістер, нысаны)
1. Катон- Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жалпы сипаттамасы.
1.1 Катон- Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің флорасы
1.2 Қылқан жапырақтыларға жалпы сипаттама
1.3 Балқарағай өсімдігінің даму тарихы
2 Зерттеу әдістері мен нәтижелері
2.1 Катон-Қарағай Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркінде өсетін балқарағай өсімдігінің биологиялық ерекшеліктері.
2.2 Балқарағай жаңғағының пайдасы және маңызы
2.3 Балқарағай жаңғағының химиялық құрамы.
Қорытынды

Файлы: 1 файл

боташшш.docx

— 87.10 Кб (Скачать файл)

Балқарағай жаңғағының осындай  тамаша қасиеттері адамдардың оған деген  құлшынысын арттыра түсті. Соның  нәтижесінде ғасырлар бойы жаңғақ дайындау науқанының өзіндік дәстүрі қалыптасты.Қазірде  Қазақстандық Алтайдың тұрғындары күз  туа «балқарағай соғуға» атанысып жатады.Жергілікті жұрт үшін бұл кәдімгідей мейрам саналады. 

Балқарағай ормандарының бытыраңқы әр жерде бір шоқ-шоқ  орналасуы – балқарағай жинау  ісін күні бүгінге дейін қиындатып  келеді.Сондықтан жергілікті халық  алаысқа тайганың қалың ортасына бірнеше күнге кетуге мәжбүр болады.Жаңғақ жинаудың әр ауылда өзіндік дәстүрі  болған. Үлкендерден бастап бала-шағаға дейін ауыл іргесіндегі балқарағайды балауса кезінде жинаған адам көрсеқызар, қызғаншақ саналып ауыл арасында беделден айырылған. Кей жақтар ондай адамды табиғаттың қас жауы деп танып ауылдарынан ит қосып  қуып жіберетін болған.

Бір қызығы - ауылда жарлы-жақыбай  боп бөлінген халық балқарағай жинауға  барғанда тең үлеске ие болған.

Алтайдағы кейбір қазақтар ауылдарының халқы жаңғақ піскен кезде қанжығаларына қапшық байлап қоржын артып атқа мінгесіп топ- тобымен  тауға тартады. Содан әркім әр жерге қос тігіп балқарағай соғады. Тау басында айлап жатып жаңғақты ақтап атқа теңдеп мол олжамен  ауылға қайтады.Алтайға іргелес  сібірдің бір ауылы белгіленген  бір күні тайлы-тұяғымен қоса орманға  қарай үдере көшеді екен. Арбасы бары арбамен жоғы жаяу жалпылы көшпен бірге кете барады.

Балқарағайлы орманға  жеткен соң адамдар ол аймақты  бірнеше үлескілерге (учаскелерге) бөледі. Сосын ауылда неше жанұя  болса сонша жеребе ортаға тасталады. Жеребені суыру арқылы әркім өзіне  тиесілі үлескені беттейді. Сосын-ақ орман іші әсем әнге көңіл күлкіге  ағаштың діңінен ұрғылаған тоқпақтың  тоқылына толыа кетеді.Бұл мейрам бірнеше күнге созылады.Біреулер ағаш басынан жаңғақ түсіріп жатса  келесі біреулері ол жаңғақты алып қабығынан дәнді ажыратады енді біреулер дәндә қалбырға салып қызылдап жатады.Мұндай қызу еңбек кезінде  сырттан бөтен адам келіп бұлардың үлесіне ортақтаспас үшін бір  адамды күзетші сайлайды.Балқарағай бір ғана жаңғағымен  әйгілі емес. Оның сүрегі де аса құнды материал ретінде бағаланады. Балқарағай ағашы  жұмсақ өңдеуге қолайлы жеңіл. Сәнді  бозғылт қызыл түсі бар өн бойынан  қышқылтым шайыр иісі аңқып тұрады. Балқарағай мебель жасау өнеркәсібінде  кең қолданыс табуда. Одан аккумулятор  шпоны жасалады, тағамдық түрлі ыдыстар  дайындалады. Балқарағайдан  жасалған құты ішінде сүт тағамдары ұзақ уақыт  бойы  бұзылмай сақталатыны дәлелденген. Ал май салатын балқарағай жәшіктің қасиеті сонау замандардан дүние  жүзіне мәлім болған. Бал арасы  балқарғайдан жасалған ұяларды мекен  етуге әуес.Балқарағайдан жасалған шкафқа зиянкес жәндіктер әсіресе  қара күйе әсте жоламайды. Балқарағайдан  жасалған сызу құны қызыл ағаштан  кем түспейді.  

Қазақ жұрты  балқарағай ағашынан домбыра қобыз жасайды. Жеңілдігі, әрі дыбыс шығарғыш қасиеті  өзге де музыкалық аспаптар жасау  үшін пайдаланылуда. Сібір мен Алтай  жеріндегі көптеген үйлер балқарағай бөренелерінен салынған. Жай қарағайдан үй қиғандардың өзі оның шатырын  үйдің жақтауларын балқарағай тақтайлармен жапқан. Мұндай тақтайлар көлемін  қалыпты сақтайды, шірімейді, ұзақ жылдарға шыдайды. Жергілікті халық үйдің  еденін терезе жақтауларын есікті балқарағайдан  салған кезде оның әсемдігін ғана емес түрлі қоздырғыш жоятын дизенфекциялық қасиетінде ескерген. Өскемен, Тобольск, Томск, Новосибирск қалаларында  юалқарағайдан қиып әсемдеп салған үйлер мен шіркеулер – ағаш архитектураның тамаша туындылары қазірде  кездеседі.

Балқарағай- қарындаш жасайтын Отандық жалғыз ағаш. Қарындаш жасау  технологиясы аса күрделі әрі  өзіндік ерекшеліктері бар, айрықша  сапалы ағашты қажет етеді. Кезінде  қарындаш үшін  Америкадан вингир аршасын сатып алушы едік.Қазір өзімізде өсетін балқарағай ағашы арқылы  бұл проблеманы түбегейлі  шештік. Томскідегі қарындаш жасау  фабрикасы жылына 150 милион  текше метр балқарағай  ағашы жұмсады. Сондай-ақ РСФСР,Украина, Польша,Чекословакиядағы қарындаш өнеркәсібі үшін қарындаш ағаштары осы жерде дайындалып жіберіледі.

Балқарағайдың шірімейтіндігі беріктігі шынында да адам  қайран қаларлықтай.Күн сәулесі түбіне әзер түсетін  қалың орман арасында құлаған ағаштардың өн бойын  жылдап жатқанда мүк басып кетеді.Мүкті  ашып жіберсеңіз ар жағында ағаштың  сүрегі қызарып көрінсе – ол балқарағай болғаны. Орман арасында  бірнеше  жыл жатсада балқарағайдың тек  қабығы ғана шіриді.Ал қалған бөлігі қызыл  ағашқа ұқсап қызарып ұзақ жылдар бойы сақтала береді.Тіпті өртке  душар болып ақ сөңке боп қурап  қалған балқарағай  ағашы да ұзақ уақыт сапасын жоғалтпайды.Өзге ағаштарда мұндай қасиет жоқ.

Қазіргі кезде балқарағайдан 10 мыңға тарта түрлі бұйымдар мен тағамдық заттар алынады.Әсіресе  жоғарыда айтқан сірке қышқылын метил  спиртін, ацетонды,формалинді,ағаш қантын т.б.алу ісі жақсы өндірістік жолға  қойылып отыр.

Сондай-ақ балқарағайдың  қабығы мен бұтақтарында өнеркәсіп  қажетіне жарайды.Оның қабығынан жылуды жақсы сақтайтын плиталар, қоңыр  бояу, түрлі бояғыш заттар жасалады.Бұтағынан  смола, үй құрылыстық престелген тақтайлар  жасайды.

Балқарағай түрі – химия  өнеркәсібінің таптырмас шикізатының  бірі.Оның адам үшін шипалық қасиетіде  баяғыдан белгілі. Әйгілі орыс саяхатшысы С.П.Крашеннинников 1737 жылы балқарағай түрінен квас жасап ішкендерін, оның әдейі шайға да қосқандарын жазып  келіп осы бүрдің цинга(құрғылақ) ауруына қарсы қолданылған бірден-бір  ем болғанын айтады.Шипалық қасиетін дәлелдеген орыс жиһанкездері мен көпестері  кейінгі ғасырларда бүрді цингага  қарсы үнемі қолданып отырған, тіпті  «жерошақ басынан балқарағай бүрі қайнатылған  қазан түспесін» деген арнайы жарлықта шығарған.Академик П.С.Паллас та балқарағай бүрінің цингаға қарсы  шипалы ем зерттеп дәлелдеп кеткен еді.Ол балқарағай бүрінен  тұнба  қайнатудың  тәсілдерін жазып кейінгі  ұрпақ ғалымдарға  саясатшыларға  өсиет қалдырды.

Балқарағай  бүрі аскарбин қышқылына – С витаминіне өте  бай келеді.Сібірлік ғалымдар И.А. Бех  пен  И.В.Таранның зерреулеріне қарағанда  оның құрамында бұдан өзге А провитамині (каротин) және аз мөлшерде өзге витаминдер  мен микроэлементтер кездеседі  екен.Балқарағай бүрі өңдірістік жағдайда өңделгенде одан витаминді ұн  мен  каротинді паста мал азықтық  витаминді жем шөп түрлері  мен медициналық дәрі-дәрмектер  алынады.Одан эфир майы мен хлорофил түрлі витаминдік концентраттар  алуға болады.Ал балқарағай бүрін  өңдеу технологиясы тіптен қарапайым  дүние. Мәселен витаминді ұн алу  үшін ағаш бүрі ұсақтағыш арнайы қондырғыда уатылады.Сосын кептіріледі.Өзге жем  шөптік конценттраттарға қарағанда  балқарағай ұны құрамындағы фитоциттермен  мыс марганец кобальт темір және фосфор тәрізді микроэлементтердің көптігімен ерекшеленеді.Латвия ғалымдары  осындай 1 килограмм ұн құрамында 70 килограмм каротин 35 милиграмм Е  витамині аз мөлшерде Д,К және В витаминдері  болатынын анықтады.

Өткен ғасырдың бірінші жартысында С.И.Гуляев деген бір жанашыл балқарағай бүрінен орман жүнінде ойлап  тапты.Оның жаналығы қабылданып Томск  заводында өндіріске енгізілген. Орман жүні матрацтарды,көрпелерді,жұмсақ мебелдерді толтыру үшін кең қолданылған.Алайда товарларды  сатып алушылар аз болғандықтан орман жүнін шығару азайып кейін  мүлдем жабылып қалған.Өкінішке орай тамаша жаналық содан қайтіп қолға  алынған жоқ.

 

Балқарағай шайыры да жақсы  бағаланады.Балқарағай діңінде шайыр  аса көп мөлшерде кездеседі. Мәселен  бір гектар балқарағайлы орманнан  жыл сайын 70-80 килограмм жоғары сапалы  шайыр жинауға болады. Қарағай  мен шырша шайырларына қарағанда  балқарағай шайыры күн көзінде ұзақ қалсада  қасиетін жоймайды, өзгелердей кеуіп кристалданбайды.

Оның құрамында 30%  скипидар және 70%тей канифол бар.Балқарағай скипидары бойында  80%ке дейін  пикен деген зат кездеседі.Бұл  зат камфара синтездеудің басты  материалы, әрі лак пен бояу өнеркәсібі үшін тамаша  еріткіш. Балқарағай шайырынан  оптикалық өнеркәсіп пен микротехникаға аса қажетті балқарағай бальзамы алынады.Одан микроскопия үшін қажетті  май абиетин қышқылы глицерин эфирі және пластификаторлар да алынады.

Осындай жан-жақты қасиетінің арқасында балқарағай шайыры кезінде  қымбат бағаға сатып алатын кейбір бальзам мен май түрлерінің орнын  басты.

  Бұл шайырдың шипалық  қасиеті де жұртқа ертеден  мәлім болған. Шайырды жарақаттың  аузына таңған.Жергілікті тұрғындардың  көпшілігі тіс ауырғанда осы  балқарағайдың шайырын басқан.

Бүгінгі медицинада балқарағай шайыры ұстамалы асқазан жарасы (язва) мен сыздауық, шиқан ауруларын  емдеу үшін кең қолданылады. Түрлі  жарақатты емдеу кездерінде де шайырдан жасалған препарат- балқарағай терпентині (бальзам) таптырмас дәрі.

Балқарағайдан шайыр алу  тәжірибесінің қазір жарты жарты  ғасырлық тарихы бар.Өндірістік жолмен дайындау ісінің негізін 1932 жлы Алтай  тауындағы Алтынкөл (Телецк) манайында  П.К.Кутузов қалаған еді. Сосын-ақ әр жерде шайыр алу жұмыстары  кең өріс ала бастады.Ал 1948 жылы Таулы  Алтайда шайыр дайындайтын арнайы орман шаруашылығы ұйымдастырылды.Оның қарамағына 394 мың гектар алқап бөлініп  берілді.Содан кейінгі 10 жыл аралығында шаруашылық 1289,8 тонна жоғары сапалы шайыр дайындап мемлекетке өткізді.

 Балқарағайлы ормандардың  ғылыми тұрғыда әліде аз зерртелуі  себепті кейінгі жылдары шайыр  алу жұмыстары біртіндеп бәсеңдей  берді.Ол жұмыстар бертінірек  – комплексті жаңғақ кәсіпшілігі  шаруашылықтары ұйымдасқан кезде  ғана қайта жанданды.

Ғалымдар балқарғайдан шайыр  алудың ағашқа ешқандай зиян келтірмейтінін тәжірибе жүзінде дәлелдеп отыр.Қайта  шайыры алынған ағаштардың жаңғағыда  дәніде біршама ірі болатындығы  анықталды.Бұдан балқарағайдан шайыр  дайындау ісі комплексті шаруашылықтар  үшін тиімді әрі келешегі зор екенін аңғару қиын емес.

Балқарағай ормандары  санитарлық-гигиеналық тұрғыданда ерекшеленеді.Бір  гектар жердегі балқарағай орманы тәулігіне 30 килограмға дейін бактерия жойғыш органикалық зат бөліп шығарады екен. Антисептидтердің мұншалық мөлшері  үлкен қаладағы ауру таратқыш барлық микроорганизмдерді құртып жіберуге жететін  тәрізді.

Фитоцидтік активтілігі (микоб жойғыш зат бөлу) жағынан  балқарағаймен теңесер ағаш жоқтың қасы.Өзге ормандарға қарағанда балқарағай ормандарының ауасы кереметтей таза, кеңсірік жарардай шыңылтыр,мөлдір келеді.Балқарағай ормандарын аралау адамның нерв жүйелерін  қалпына келтіріп жүректің жұмысын  жақсартады, сондай-ақ қан қысымына, өкпе ауруларына да пайдасы бары анықталып  отыр.

Балқарағайлы ормандардың  арасындағы шөпте айырықша құнарлы  болып келеді.Бұл ормандар алуан  түрлі аңдар мен құстардың  да сүйікті мекені саналады.Терісі алтынмен бағаланатын бұлғын тек  осы балқарағайлы ормандарды ғана мекен  етеді.Балқарағай  жаңғағы – орман  қожайыны қоңыр аюдың да негізгі  тағамның бірі. Ал кішкентай тиінге жаз бойы  жинаған 6-8 килограмм  жаңғақ ала қыстай азық болып шығады.Балқарағайлы ормандардың негізгі тұрғындары қатарына борша тышқан жатады. Сілеусін, құну, күзен, құдыр, алтай бұғысы, бұлан  сияқты ірі аңдар да қыстың қақаған  аязды күндерінде балқарағайлы аудандарында паналайды.Балқарағай ормандарын құр  мен шілсіз шау қарғасыз елестету қиын.

Шау қарға балқарағайдың  тұқымын таратуда ерекше роль атқарады. Осы бір кішкентай ғана құс  алыстағы ұясына жаңғақ тасимын деп  балқарағай ормандары көлемінің  ұлғая түсуіне негізгі себепкер болады.Балқарағайдың кейде қайыңды  ормандарда теректің ішінде бой көтеруіне  де осы құс «кінәлі».Шау қарғаның жаңғақ дайындау қабілетіне қайран қаламыз.Шар  шар етіп ұшып қонып жүрген кішкентай  құстың шамасы бірер күн ішінде бүкіл  орманның қара сүйек жаңғағын жиып алуға әбден жетеді.

Балқарағайлы орман арасында түрлі жеміс жидек дәрілік  шөптерде көптеп өседі.  Әсіресе  көк бүлдірген кілем тәрізді  құлпыра төгіліп майысып жатады.

Таңқурай, қарақат, мойыл  өсімдіктеріде балқарағайдың серіктері.Бұл  өсімдіктер тек тағамдық жеміс ретінде  ғана емес түрлі ауруларға шипа ретінде  де ел арасында пайдаланылады.

Балқарағайлы орман алаңқайларында әйгілі алтын тамыр(радиола розовая) мен марал тамыр (левзея сафлоровидная) өседі.

Адам үшін соншалық мол  пайдасы бар балқарағай ормандарын комплексті игеру ісі. Совет өкіметі  орнағаннан кейін ғана қолға алына  бастаған еді. Бірақ  бұл игілікті шаруа бірден жанданып дұрыс жолға  түсіп кете қоймайды.Алғашқы кезде  балқарағай жаңғағы мен бағалы аңдардың терісін дайындайтын түрлі артельдер  ұйымдастырды.Алайда олардың жұмыстарын қанағаттарлық болмады  мемлекеттік  мекеме ұйымдастыру қажет болды.

Мұндай мекемелерді де ұйымдастырғанмен жақсы нәтиже шықпады, ақыры оларда жабылып қалды.

Осындай ұйымдастырушылық ісінде кеткен қателіктердің бәрін ескере отырып СССР Халық Комиссарлар Советі 1931 жылы «Балқарағай шарауашылығын  дамытудың шаралары туралы» қаулы  қабылдаған еді.Бұл документте балқарағай ормандарын комплексті игеру жұмыстары  атап айтқанда жаңғақ жинаумен қоса шайыр  дайындау өнім бермейтін кәрі балқарағайларды  материалдық ағашқа кесу туралы арнайы сөз болды.Осыған орай Красноярск қаласында  « Кедротрест» деп аталатын ірі  мекме құрылды.

СССР Министрлер Советі 1953 жылы осы бағытта тағы бір қаулы  қабылдады.Бұл қаулы бойынша балқарағайлы ормандар жаңғақ кәсіпшілігі аймақтарына  бөлінді.Балқарағайлы құнды орман  масивтерінде ағаш дайындау жұмыстарына  шек қойылды.Алайда  балқарағайлы ормандарда комплексті игеру ағаш дайындау ағаш дайындау жұмыстарындағы кемшіліктер  жойылмады.Алайда төрт жыл өткесін 1957 жылы тағыда қаулы қабылданып әлгіндей кемшіліктер атап көрсетілді.Балқарағай кәсіпшілігі үшін жаңадан арулы  шаруашылықтар ашылды.Қаулыға сәйкес Центросоюз жүйесінде 118 кәсіпшілік шаруашылықтары –коопзверопромхоздар ұйымдасты.Бұл  жаңадан ұйымдасқан шаруашылықтарға  аң терісін балқарағай жаңғағын шайыр  жеміс-жидек дәрілік және техникалық қажетке жарайтын шөптер дайындау жүктелді.Бұған  қосымша олар омарта аң өсіру шаруашылықтарымен  және кәсіптік аңдарды көбейту жұмыстарымен де айналысулары тиіс болды.Осы промхоздар еліміздің табиғи байлықтарын дұрыс  игеруде аң аулау жаңғақ соғу кәсіпшіліктерін  бір жүйеге түсіруде біршама еңбек  сіңірді.Дегенмен олар табиғи байлықтың  қорын молайту оны қорғау жұмыстарын назардан тыс қалдырды.Нәтижесінде  промхоздар дайындау кеңселері сияқты қала берді.Балқарағай ормандарын комплексті игерудің жаңа әдістерін іздестіру  ауадай қажет болды.Қандайда болмасын шаруашылық маусымдық жұмыспен көре аламсы белгілі болды.Жұмысшылар маусым біткен соң қол қусырып отырмай  қыс айларында  да жұмыс істеулері  керек емес пе? Сондықтан бұл шаруашылықта жаңғақ жинау маусымы өткесін  ағаш дайындау жұмыстарымен айналысу тәжірибелері жасалды.Мұндай өндірістік тәжірибе станциясы алғаш рет  Таулы Алтай жерінде 1959 жылы ұйымдасты. Бұл станцияның жұмысы  Центросоюз бен Главохото шаруашылықтарынан  әлдеқайда тиімді әрі пайдалы  екенін іс жүзінде дәлелдеп берді.

Информация о работе Катон-Қарағай Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркіндегі балқарағай биологиясына әсер ететін факторларды анықтау