Кәсіпкерліктің ахуалына және даму перспективаларына баға беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2012 в 21:53, курсовая работа

Описание работы

Нарықты экономика еркін кәсіпкерлікті меншіктің әртүрлі нышандар (формалар) негізінде өндірістің барлық саласында кең дамуын қамтамасыз етеді. Кәсіпкерлік барлық уақытта елдің экономикалық дамуының негізгі факторы болып табылады. Әсіресе, бүгінде республика экономикасын қайта құру ісіне, оның деңгейін көтеруге кәсіпкерліктің қай түрі болса да олардың қосар үлесінің қомақты екені белгілі.

Содержание работы

бет


Кіріспе
6





1.
Кәсіпкерлік теориясы және даму кезеңдері, концепциясы
9

1.1
Кәсіпкерлік ұғымы, теориясы
9

1.2
Дамыған елдерде кластерлердің қалыптасу нәтижелері және ерекшеліктері


16

2.
Республикадағы және Жамбыл облысындағы кәсіпкерліктің даму жағдайын талдау
25

2.1
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын бағалау
25

2.2
Жамбыл облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін талдау
29

3.
Кластерлі кәсіпкерліктің даму мүмкіншіліктерін және бағыттарын анықтау бойынша іс-шаралар
55

3.1
Қазақстандағы кластерлі кәсіпкерліктің қолдауындағы негізгі бағытты жетілдіру
55

3.2
Аймақтың экономикалық дамуын сипаттайтын кәсіпкерлік көрсеткіштерін болжау


58


Қорытынды


68


Пайданылған әдебиеттер тізімі
70

Файлы: 1 файл

Тугелова кластер кәсіп.doc

— 793.50 Кб (Скачать файл)


Кәсіпкерліктің ахуалына және даму перспективаларына баға беру.

 

Мазмұны

 

 

 

бет

 

Кіріспе

6

 

 

 

1.

Кәсіпкерлік теориясы және даму кезеңдері, концепциясы

9

1.1

Кәсіпкерлік  ұғымы, теориясы

9

1.2

Дамыған  елдерде  кластерлердің  қалыптасу  нәтижелері  және  ерекшеліктері

 

16

2.

Республикадағы және Жамбыл облысындағы кәсіпкерліктің даму жағдайын талдау

25

2.1

Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын бағалау

25

2.2

Жамбыл облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін талдау

29

3.

Кластерлі кәсіпкерліктің даму мүмкіншіліктерін және бағыттарын анықтау бойынша іс-шаралар

55

3.1

Қазақстандағы кластерлі кәсіпкерліктің қолдауындағы негізгі бағытты жетілдіру

55

3.2

Аймақтың экономикалық дамуын сипаттайтын кәсіпкерлік көрсеткіштерін болжау

 

58

 

Қорытынды

 

68

 

Пайданылған әдебиеттер тізімі

70

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Нарықты экономика еркін кәсіпкерлікті меншіктің әртүрлі нышандар (формалар) негізінде өндірістің барлық саласында кең дамуын қамтамасыз етеді. Кәсіпкерлік барлық уақытта елдің экономикалық дамуының негізгі факторы болып табылады. Әсіресе, бүгінде республика экономикасын қайта құру ісіне, оның деңгейін көтеруге кәсіпкерліктің қай түрі болса да олардың қосар үлесінің қомақты екені белгілі. Сонымен қатар, рыноктың өрлеп өркендеуі жеке кәсіпкерлердің қызметтеріне де айтарлықтай дәрежеде тәуелді болады.

Қазақстан Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында ұсынылған және қоғамды одан әрі демократияландырып, аса маңызды экономикалық міндеттерді шешуге бағытталған бастамалары арқасында оңтайлы экономикалық жағдайлар қалыптасып, кез – келген тұлғаның кез – келген экономикалық тұрғыда негізделген бастамасы өмір сүруге, жүзеге асырылуға, адамдарға материалдық және рухани игіліктер әкелуге мүмкіндіктер пайда бола бастады. Басқаша айтсақ, қоғамда кәсіпкерлік рухты арттыру және жеке меншікті қорғау жөнінде үлкен жұмыстар жүргізіліп отыр.

Дүние жүзі тәжірибесінен көріп отырғанымыздай, нарықты экономикаға өту жеке меншік қатынасының дамуымен байланысты болып отыр. Сонымен қатар, еліміздің экономикасын демократияландыру қазіргі таңда жалпы теориялық мәселелерді ғылыми түрде зерттеуді талап етеді және де рынокты қатынастарға  оңтайлы жолмен өтудің өзі де, соның ішінде жаңаша жеке меншік қатынасының қалыптасуының өз сатысы бар екендігін көрсетеді. Сондықтан да меншік көптүрлілігінің болмысын зерттей отырып, оларға шынайы теориялық тұжырым жасау – теориялық экономика ғылымының басты міндеттері болып есептеледі. Дәлірек айтсақ, жеке кәсіпкерліктің теориялық негізін, оның еліміздегі, қазіргі жағдайын, мәселелерін және оны дамыту жолдарын қарастыру болып табылады. Нарықты экономикасына өтпелі кезеңдегі алуан түрлі меншік қатынастарын жан-жақты қарастырып, кәсіпкерліктің даму жолдарын объективті тұрғыдан зерделеу негізгі ғылыми мәселеге айналып отыр.

Қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан жеке кәсіпкерлік мәселелері жалпы әлемдік дамудың бағыты ретінде республикамызда орын алған нарықты экономиканың басты ерекшелігімен айқындалады. Осыған орай, жеке кәсіпкерліктің ерекше бір түрі боп табылатын жеке – дара кәсіпкерлік теориясы мен тәжірибесін терең зерттеп, оның жүзеге асырылуындағы ұстанымдары (принциптері) мен бағыттарына талдау жасау тақырыптың өзектілігін аша түседі.

Қазақстанның ұлттық экономикасының ерекшеліктерін ескере отырып, өтпелі қоғам экономикалық реформа шартында жеке кәсіпкерліктің қалыптасып даму мәселелері әлде болса толыққанды шешімін тапқан жоқ. Бұған себеп жеке кәсіпкерлік біздің елімізде біраз уақыт зерттеліп қаралған жоқ. Жеке меншік және кәсіпкерлік категориялары капиталистік қоғамға тән және оның идеологиялық сарапталуы арқылы анықталған. Өткен ғасырдың   90 - шы жылдары қазақстандық қоғамда жүргізілген реформа тұрғындарға елеулі әсер етіп, оның тіршілік әркетіне терең өзгерістер әкелді. Соңғы он жылдағы өзгерістер нәтижесінде жоғарыда аталған категориялардың құрамдас бір бөлігі жеке-дара кәсіпкерліктің ғылыми теориялық және практикалық маңыздылығы баяндама тақырыбы ретінде таңдап алынуы арқылы өзінің өзектілігін айшықтай түседі. Және де оның мақсат – міндеті Республикамыздағы жеке-дара кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда кездесетін қиыншылықтарды болдырмау шараларын қалыптастыруға бағышталған. Сондай-ақ, оның ғылыми-зерттеу мақсатын, міндеттері мен ұстанымдарын да ғылыми тұрғыдан жете зерттеудің қажеттілігі мен маңызы арта түсті.

Кәсіпкерлік жайлы ғалымдар мен зерттеушілер әр уақытта өздерінің әр-алуан түсініктерін ұсынды, ол әртүрлі қоғамда түрліше талқыланды.

Кәсіпкерлікті кешенді зерттеуге өздерінің классикалық еңбектерін арнаған авторлар мыналар: Ибн-Хальдун, Р. Контильон, А. Смит, Ф. Кенэ, Ж. Тюрго, Ж. Б. Сэй, К. Маркс, А. Маршалл, Л. Вальрас, К. Менгер, Ф. Визер, Ф. Найт,  Й. Шумпетер, И. Тюнен, П. Дракер, Р. Хизрич.

Кәсіпкерліктің отандық нұсқасы классикалық кәсіпкерлік теориясы мен рыноктық зерттеушілерге әдістемелік жағынан жақындалуына ТМД елдерінің мынандай ғалымдарының еңбегі сіңді: А.А. Агеев, М.Г. Лапуста, А.А. Крупанин, А.В. Бусыгин, А.О. Блинов.

Кәсіпкерліктің әртүрлі нышандарының (формаларының) орын алуына байланысты қазіргі таңда ғалымдар мен зерттеушілер өздерінің әр алуан тұжырымдарын ұсынады. Жалпы кәсіпкерлік туралы Т.Ә. Әшімбаевтың,       А.Қ. Қошановтың, М.Б. Кенжегузиннің, Р.А. Алшановтың, О.Ж. Әлиевтің, Т.Ә. Есіркеповтың, Н.Қ. Мамыровтың, Р.Е. Елемесовтың, Б.Т. Болсанбектің, К. Сағадиевтің, К.О. Оқаевың, С.Г. Борисованың, З.А. Болатханованың,       А.С. Шайнұровтың және тағы басқалардың еңбектерінде қаралды.

Ал кәсіпкерліктің жеке нышанының рөлі, қалыптасу көздері және орны туралы ой-пікірлер Е.Б. Жатқанбаев, А.А. Әлімбаев, О. С. Сәбден,              А.Е. Есентүгелов, Р.Ә. Байжолова, Б.Г. Мұхамеджановтардың жұмыстарынан көруге болады. Қоғамның өмір сүру жағдайына немесе дамуына байланысты жеке – дара кәсіпкерлік ұғымы түрліше талқыланады. Яғни, бұрынғы Одақ кезінде зерттеуші экономистер, атап айтсақ,        Корятина Т.И., Лушина Н.Л., Осипенко, Савченко П.В., Шмелев Г.И., Федорова М.Н. және тағы басқалары жеке-дара кәсіпкерлікті социалистік заманға сай етіп қарастырса, ал қазіргі уақытта рынокты экономикаға тән жеке кәсіпкерліктің орны алуына байланысты іскерліктің осы нышанына байланысты қалам тербелген отандас ғалымдар еңбектерінен де көруге болады. Олардың қатарына Көшербаева А.Б., Смағұлова Н.Т.,                 Бектемісова С.Т., Алталиева А.А., және басқалары жатады.

Дегенмен, осы  күнгі кәсіпкерліктің кейбір мәселелеріне қатысты еңбектердің барлығына қарамастан, бұл тақырып бір жүйеге келіп, кешенді түрде әлі зерттелген жоқ. Ал, кластерлік кәсіпкерліктің қалыптасуы және дамуы туралы республикамызда бүгінге дейін жүргізілген арнайы зерттеулер кездеспейді. Сондықтан нарықты экономиканың талаптарына жауап беретін кластерлік кәсіпкерлік шаруашылық түрін теориялық тұрғыдан тереңірек зерттеудің қажеттілігі туындайды.

Бұл мәселенің зерттелу деңгейі ғылыми тұрғыдан қазіргі талапқа сай емес және тақырып арнайы зерттелмеген. Осыған орай, диплом  жұмысының  мақсаты – теориялық жеке кәсіпкерліктің жүзеге асырылуында көрініс тапқан нақты материалдарға сүйене отырып, қазіргі кезеңде Қазақстандағы кластерлік кәсіпкерліктің қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін, оның мазмұны мен шешілмек мәселелерін теориялық экономика тұғысынан зерделеп  кластерлік кәсіпкерлікті республикамызда нақты жүзеге асыру шарттарын құрастыру. Бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешуді қажет деп таптық:

-           кластерлік  кәсіпкерліктің теориялық негіздерінің қарастырылуы және қалыптасуының қажеттілігі (орны, мақсаты) және де оның дамуының шетелдік тәжірибесін зерделей отырып, Қазақстан экономикасына оны қолдану мүмкіндіктерін көрсету;

-           кластерлік  кәсіпкерліктің экономикалық және құқықтық табиғатын айқындауға байланысты мәселелерді ғылыми тұрғыдан зерттеу арқылы кластерлік  кәсіпкерліктің алғашқы даму кезеңінен қазіргі кезге дейінгі жағдайларына салыстырмалы талдау жасау;

-           шағын кәсіпкерліктің, оның ішінде кластерлік кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын талдау және шешілмек мәселелерін анықтау;

-           экономикада жеке-дара кәсіпкерліктің тиімді әрекет етуіне байланысты жағдайларды айқындау, яғни жеке-дара кәсіпкерліктің дамуына негіз болатын ішкі қайшылықтарын - әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық-басқару қатынастарын, заңды құқықтарының ерекшелігі мен қауқарын өзара тәуелді тұрғыдан байланысын ашып көрсету. Басқаша айтсақ, жеке-дара кәсіпкерлікті Қазақстан экономикасының елеулі аялы және де қазіргі экономиканың маңызды субъектісі ретінде қарастыру.

  Зерттеу объектісі – Қазақстан Республикасының және Жамбыл облысының экономикасында қызмет етіеп отырған кластерлік кәсіпкерлік пен кәсіпорындар.

Зерттеу пәні – қазіргі таңда республикамызда орын алған кластерлік  кәсіпкерліктің іс-әрекетіне байланысты туындайтын   әлеуметтік- экономикалық, ұйымдық-басқару, құқықтық-экономикалық қатынастар.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының кластерлік кәсіпкерлікке қатысты заңдарды, жеке меншік қатынасы туралы шет елдік және отандық ғалымдардың еңбектері пайдаланылады және де деректік және айғақтық негізі ретінде Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігінің, сонымен бірге Жамбыл облыстық статистика басқармасы және облыстық әкімдіктің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметтері мен материалдары  алынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Кәсіпкерлік теориясы және даму  кезеңдері,осы  күнгі  концепциясы.

 

1.1 Кәсіпкерлік ұғымы, теориясы

 

 

Жалпы “кәсіпкерлік” ұғымы туралы экономикалық  әдебиеттерде көзқарастар әртүрлі болғанымен олар бірін – бірі толықтырады және де кәсіпкерлікке байланысты анықтамалардың қалыптасып дамуы (эволюциясы) оның атқаратын нақты қызметтерінде көрсетіледі. “Кәсіпкер” туралы ежелгі заманнан қазіргі уақытқа дейін қандай, теориялар мен тұжырымдамалар қалыптасқаны жөнінде біздің отандасымыз О. Ж. Әлиев ғылыми маңызды зерттеу жүргізіп, кәсіпкерліктің адамзат тарихында орын алған жеті кезеңін бөліп көрсеткен.

Алғашқы кезеңде көрсетілген “кәсіпкерлік – адамның қандай да бір іс - әрекетпен айналысуы,” – деген түсінігі бүгінгі күнгі “кәсіпкерлікке” берілген анықтамалардан біршама өзгеше мән –   мазмұнға ие екендігі айқын. Кәсіпкерлік туралы алғашқыдан кейінгі екі кезең ІХ – Х ғасырларда өмір сүрген орта ғасырлық араб ойшылдарының еншісінде.

Екінші кезең біздің дәуіріміздің ІХ – Х ғасырда өмір сүрген Аль-Ашари (873-935 жж.) атымен байланысты. Яғни, ашариттер (Аль-Ашариге қатысты), жәбраиттер (жәбр – арабша - еріксіз), кадариттер (кадар – арабша – қабілеттілік, құдіреттілік), мутазалиттер (арабша –айрықша, яғни еркін ойлайтын адамдар) кәсіпкерлік туралы Ислам діні шеңберінде ой толғап, тарихта алғашқы болып “Касб” тұжырымының негізін қалыптастыруға өз үлестерін қосты.

Үшінші кезеңде аталған тұжырымды кеңейтілген түрде әйгілі орта ғасырлық араб ойшылы, оқымыстысы және мемлекет қайраткері Ибн – Хальдун (1332-1406 жж.) өз еңбектерінде “касб” (“касабун”) ұғымын одан әрі зерттеп, ол туралы өз тұжырымдамасын жасады. Ол кәсіпкерлікті меншікті иелік етумен, еңбекпен, адамның еңбекқорлығымен байланыстырады. Осыған орай, кәсіпкерлікті өмір сүру құралы (“мааш”), баю құралы (“райаш”) ретінде қарастырады. Сонымен қатар, оның кәсіакерлік теориясы өзі қалыптастырған меншік (“мульк”), тауар өндірісі және айырбас, қажетті және қосымша еңбек және өнім қағидаларымен тығыз байланыста болады.

Келесі, төртінші кезең ХҮІІ ғасырдың аяғы мен ХҮІІІ ғасырдың басында өмір сүрген Р. Контильон атымен байланысты. Яғни, ол берілген анықтамада кәсіпкер – тәуекелге бара білетін адам, ал байлық көзі – экономикалық игіліктердің дәл бағасын анықтайтын жер мен еңбекте, - деп көрсеткен. Бұдан соң ХҮІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ басында француз экономисі Ж. Б. Сэй кәсіпкерлікті үш өндіріс факторының (жер, капитал, еңбек) бірігуінен тұрады деп қарастырады. Және сонымен қатар ол ағылшын кәсіпкерлерінің ерекшеліктерін Англия өнеркәсібінің жеткен жетістіктерінен көруге болатынын да айта кетті. Сэйдің негізгі тұжырымы кәсіпкерлердің өнім өндіруге қатысқан зор үлестерін айқындауында. Сэй “кәсіпкерлік табысты  - кәсіпкердің еңбегі үшін алынатын сыйлығы”, - деп есептеді, ал “кәсіпкердің өзі – қандай да бір өнімді өндіру үшін пайда табу мақсатында өз атынан тәуекелге бара алатын адам ”, - деп ұғынды.

Кәсіпкерліктің бесінші кезеңі И. А. Шумпетер (1883-1950 жж.) атымен байланысты. Ол “кәсіпкер” ұғымын жаңалық ашушыретінде қарастырды. Оның негізгі қызметі экономикалық өсуді қамтамасыз етуде басты рөл атқаратын жаңашылдықты іске асыру деп түсінді. Яғни, жаңа бағыттарды ойлап тауып, іске асыратын шаруашылық субъектілерін кәсіпкерлер, - деп атады.

Ал, алтыншы кезең Л. Мизес, Ф. А. Хайек, И. Карцнерлермен байланысты. Бұл кезеңде, кәсіпкерді өзіндік ерекшеленген белгісімен іскерлік жүргізетін адам, ал кәсіпкерлік – экономикалық мүмкіндіктерді іздену мен зерттеу арқылы жүзеге асыру, - деп қарастырылған.

Информация о работе Кәсіпкерліктің ахуалына және даму перспективаларына баға беру