Кәсіпкерліктің ахуалына және даму перспективаларына баға беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2012 в 21:53, курсовая работа

Описание работы

Нарықты экономика еркін кәсіпкерлікті меншіктің әртүрлі нышандар (формалар) негізінде өндірістің барлық саласында кең дамуын қамтамасыз етеді. Кәсіпкерлік барлық уақытта елдің экономикалық дамуының негізгі факторы болып табылады. Әсіресе, бүгінде республика экономикасын қайта құру ісіне, оның деңгейін көтеруге кәсіпкерліктің қай түрі болса да олардың қосар үлесінің қомақты екені белгілі.

Содержание работы

бет


Кіріспе
6





1.
Кәсіпкерлік теориясы және даму кезеңдері, концепциясы
9

1.1
Кәсіпкерлік ұғымы, теориясы
9

1.2
Дамыған елдерде кластерлердің қалыптасу нәтижелері және ерекшеліктері


16

2.
Республикадағы және Жамбыл облысындағы кәсіпкерліктің даму жағдайын талдау
25

2.1
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын бағалау
25

2.2
Жамбыл облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін талдау
29

3.
Кластерлі кәсіпкерліктің даму мүмкіншіліктерін және бағыттарын анықтау бойынша іс-шаралар
55

3.1
Қазақстандағы кластерлі кәсіпкерліктің қолдауындағы негізгі бағытты жетілдіру
55

3.2
Аймақтың экономикалық дамуын сипаттайтын кәсіпкерлік көрсеткіштерін болжау


58


Қорытынды


68


Пайданылған әдебиеттер тізімі
70

Файлы: 1 файл

Тугелова кластер кәсіп.doc

— 793.50 Кб (Скачать файл)

Осындай жағдайда құрылатын кластерлердің құрамында әртүрлі  ұйымдар және мекемелермен қатар Қазақстанның  өкіметтік құрылымдары мен ғылыми күштер де болуға тиіс және олар  кластерге қатысушыларға елеулі түрде өз ықпалын  жүргізетіндей ықпалда болулары керек. Бұл жерде Даму Банкі, Инвестициялық және Инновациялық  қорлар сияқты Даму институттары деп аталатындардың қатысуымен ғана шектелуге ғана болмайды. Мұны алғашқы кластерлерде құру барысында-ақ таяу арада өмірдің өзі көрсететін болады.

2. Республикадағы және Жамбыл облысындағы кәсіпкерліктің даму жағдайын талдау

 

2.1 Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын бағалау

 

Дамыған индустриялы мемлекеттерде шағын кәсіпкерліктің өзі ғана жалпы ішкі өнімнің 60%-дан астамын  алады. Яғни, дамыған елдердің бәсекеге лайық және экономика құрудағы табысты тәжірибесі  шағын кәсіпкерліктің осы процесс барысында шешуші элементтердің бipi болып табылатындығының нақты көрiніci екендігінде сөз жоқ. ШКС-ның хал-ахуалы мен даму деңгейі елдің тұрақты түрдегі экономикалық өрлеуін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқара отырып, жұмыссыздық, кедейшілік, дамымаған бәсеке, материалдық және материалдық емес қорларды тиімсіз пайдалану, ішкі жиынтық сұраныстың импортқа тәуелділігі сияқты және т.б. бірсыпыра мәселелерді шешуге септігін тигізеді. Осының нәтижесінде шағын кәсіпкерліктің даму жағдайы көптеген елдерде аса маңызды категория болып есептелінеді де, мемлекеттік жоғары деңгейде қарастырылады.

Белсенді ШКС-ның саны анық 2009 жылда 95 мың бірлікке,
2008 жылғы 621 мыңнан  2009 жылға дейін 716 мыңға жеткен. Тіркелген ШКС-ның, ішіндегі белсенді әрекет ететін ШКС-ның үлeci алдындағы
4 жылдың барысында үздіксіз төмендеп отырған болса, 2009 жылы 67%-ғa өскен  (2-сурет).

 

Сурет 2. ШКС-ның шаруашылық әрекет үстіндегі субъектілердің жалпы санындағы үлесі

 

ШКС-ның белсенді құрылымында ұйымдастырушылық құқықтық тұрғыдан алып қарағанда жеке тұлға түріндегі қызметті атқаратын субъектілер басым: жеке кәсіпкерлер (ЖК) (2009 жылы олардың саны 484 мың субъект болды немесе белсенді ШКС-ның жалпы санының 68%) және шаруа қожалықтары (ШҚ) (171 мың немесе 24%)  (6-сурет). Заңды тұлғалардың саны ШКС-ның 31 мың субъектілерін құрайды немесе 8%.

Белсенді ШКС-ның әр түрлі ұйымдастырушылық-құқықтық формалары  соңғы төрт жыл барысындағы дамуы төмендегідей қарқынды байқатады:

1.   Шағын бизнес кәсіпорындары ШКС-ы санының қарастырылып отырған кезеңінің барлық уақытында өсіп отырғандығы байқалады.

2.   Шағын бизнес кәсіпорындары ШКС-ы санының қарастырылып отырған кезеңінің барлық уақытында өсіп отырғандығы байқалады.

3.   Жеке кәсіпкерлер санының өсуі 2007 жылдың соңына дейін орын алды. 2008 жылы белсенді ЖК-нің саны 2007 жылмен салыстырғанда 20 мыңнан астам субъектілерге қысқарды, бірақ 2009 жыл бойынша өсу жалғасып, 90 мыңнан астам субъектіні құрады (3-сурет).

 

 

Сурет 3. ШКС-ның ұйымдастырушылық құқықтық түрлері бойынша құрылымы

 

4.   Шаруа (фермерлік) қожалықтары 2007 жылдан бастап олардың жалпы белсенді саны тұрақты түрде өсіп отырды.

 

Сурет 4. Белсенді ШКС-ның қарқыны

Қазақстанның шағын кәсіпкерлігін дамыған елдермен салыстырғанда байқалатыны жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көрсеткіштеріне қосар үлес пен халықтық жұмыспен камтамасыз етілуі сияқты көрсеткіштер бойынша артта қалушылық бар, сонымен қатар дамыған елдердегі сияқты Қазақстандағы ШКС барлық шаруашылық субъектілерінің 90%-ына иелік етеді. Мысалы, дамыған елдерде ШОК субъектілерінің шығаратын өнімдері көлемінің жылдық үлесі жалпы ішкі өнім көрсеткіштері бойынша 43%-дан (Канада) 57%-79%-ғa дейін құраса, Қазақстандағы оның үлесі 3 еседен кем, яғни 15%-ға тең. ШОК секторынан орын алатын халықтың үлeci бойынша біздің еліміздің көрсеткіштері дамыған елдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен (1-кесте). Соңғы 5 жылдың ішінде Қазақстандағы бұл көрсеткіш 23% деңгейінде тұрса, дамыған елдерде 47%-дан (Канада) 75%-ға (Жапония) дейін. [41]

Қазақстанның ШОК секторы сапалық құрылыс бойынша өзінің шетелдік ұқсас секторлары бойынша едәуір өзгеше.

Қазақстанның 40%-ға жуық ШКС көтерме және жеке сауда саласын қамтиды да, ШКС-ның 20%-дан астамы ауыл шаруашылығына тән.

АҚШ-та шағын бизнестің құрылымы басқаша қызмет саласының шынайы көрінісі 58%, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің 20%-дан астамы құрылыс пен сауда саласындағы қызметтерді жүзеге асырады.

 

Кесте 1

Дамыған елдер мен Қазақстанның шағын кәсіпкерліктегі макрокөрсеткіштерін салыстыру

 

 

Мемлекеттер

Елдің жалпы ішкі көрсеткішіндегі ШК/ШОК-тің үлесі, %

Жалпы жұмыспен қамтылудағы ШК/ШОК-тің үлесі, %

Шаруашылық секторындағы ШК/ШОК-тің үлесі, %

АҚШ

97,60

54

52

Канада

99,80

47

43

Жапония

99,20

75

52

Ұлыбритания

99,10

56

52

Франция

97,60

57

50

Германия

99,30

69

57

Италия

99,20

73

55

Қазақстан

92

23

15

 

Шағын кәсіпкерліктің белсенді түрде әрекет ететін субъектілердің жалпы санынан 2009 жылдың корытындысы бойынша 718 мың бірлік болған болса, жекелеген аймақ бойынша алғанда ең көбі Оңтүстік Қазақстанда істейтін болып шықты – 106 мың бірлік, Алматы облысында – 96 мың бірлік және Алматы қаласында – 68 мың бірлік. Ең төменгі көрсеткіштер – Маңғыстау (19 мың бірлік), Қызылорда –  (19 мың бірлік) және Солтүстік Қазақстан (24 мың бірлік) облыстарының еншісінде  (5-сурет).

Сонымен, Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің  макроэкономикалық көрсеткіштердің негізінде  жасалған шолуға байланысты төмендегідей қорытындылар шығаруға болады:

–     жалпы алғанда, секторда қайта қалпына келтіру процестерінің басталғаны байқалады,  ШКС-ның аса ауқымды көрсеткіштерініңі өcyi орын алады (тіркелгендердің әрекет үстіндегі ШКС-ның нақты саны, өнім көлемдері);

–     алайда, біршама көрсеткіштердің керісінше үрдісі барлығы байқалады (жалпы ішкі өнім көрсеткіштері деп ШКС өнімдерінің үлeci, салалық дамудың құрылымы); 

–     кәсіпкерлікке көмек көрсететін мемлекеттік бағдарламаларға кереғар, өзінің ресурстары мен табыс көздерінен кәсіпкерлікке банктердің беретін несиесінің көлемі айтарлықтай қысқарды.

Жоғарыда жасалынған шолуға сәйкес шағын кәсіпкерлікті ретке келтіріп және сол шағын кәсіпкерліктегі кереғар үрдістерді қаржылық, сондай-ақ қаржылық емес кұралдар арқылы жақсартып отыру үшін мемлекеттің тікелей араласуының онан әpi қажет екендігі көрінеді.

Қазіргі  уақытта жинақталған тәжірибені  ескере отырып, салиқалы  диалог пен нақты әріптестікке негізделген өзара ықпалдасудың жаңа алгоритмі әзірленуде. Бүгінгі таңда кәсіпкерліктің мүддесін қозғайтын бірде-бір нормативтік акт аккредитацияланған үкіметтік емес ұйымдардың тиісті сараптауынсыз  қабылдануы мүмкін емес.

 

 

Сурет 5. Аймақтар бойынша шағын кәсіпкерліктің белсенді субъектілері

 

Ағымдағы жылдың басында Министрлікте жеке меншік  кәсіпкерліктің мүддесін қорғайтын 62 нормативтік құқықтық акті сараптаудан өтті, басқа да мемлекеттік органдарда да іс осылай жалғасын табуда. 

Осы орайда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ұсынысы бойынша әзірленген «Бизнестің жол картасы – 2020»  бағдарламасын ерекше атап өту қажет. Аталмыш бағдарламада  өңірлерде кәсіпкерліктің жаңа тобын, ең алдымен шағын және орта бизнесті дамыту есебінен тұрақты жұмыс орындарын құру мақсаты  қойылған. Осы бағдарламаның қаражаты: кредиттердің пайыздық ставкасын субсидиялау; шағын кәсіпкерлікке берілетін кредиттерді ішінара кепілдендіру; бизнес жүргізуді қызмет көрсетумен қолдау;  кадрларды даярлау мен қайта даярлау,  жастар практикасы мен әлеуметтік жұмыс орындары сияқты  бағыттар бойынша пайдаланылады. [39]

«Бизнестің жол картасы – 2020» кәсіпкерлер үшін де, сонымен бірге банктер мен инвесторлар үшін шикізаттық емес жобаларды қаржыландыруға қатысты жаңа мүмкіндіктерге жол  ашты. Үкімет әкімдермен бірлесіп үш-жылдық бюджет ауқымында әрбір өңірдің экономикалық әлеуетін есептеуге негізделген, жылдарға бөлінген қаржыландырудың жалпы лимитін әзірлеуге тиіс. Осы қаражат өңірлерге беріледі, ал әкімдер бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын шағын кәсіпкерлік жобалары үшін толық жауап береді.

      Отандық тауарлар – 2020 жоспарының ойдағыдай іске асырылуының айғағы болып табылады, ал біздің шикізат емес басқа өнім мен тауарларды экспорттаушыларды қолдау  индустрияландырудың негізгі бағытына айналып, Қазақстанның өнеркәсібі экспорттық рыноктарда отандық бірегей өнім мен тауарларды бүкіл әлемге кеңінен танымал етуге тиіс. Осыған орай Үкімет негізгі құралдарды сатып алуды қаржыландыру, экспортқа қызмет көрсетуді қолдау, экспорттаушыларға грант беру мен экспорттық сауданы қаржыландыру қарастырылған экспорттаушыларды қолдаудың бірыңғай жүйесін құру міндетін қойып отыр. Салық жүйесі ұзақ мерзім бойы қолданылатын құрал, сондықтан  аталмыш жүйе экономиканың дамуының келешектегі үрдістерін ескере отырып қалыптастырылуы тиіс. Жалпы салық жүйесі сияқты, оның жекелеген агрегаттары да өндірістік және іскерлік белсенділікті көтермелеуге, нарықтық реттеуіштерді барынша босатып, өнім өндірушілерге сол немесе басқа шаруашылық шешімін қабылдау мүмкіндігін беруге бетбұрыс жасауға тиіс.

 

 

2.2 Жамбыл облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін талдау

 

 

Жамбыл облысы Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан және батысы мен шығысында Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарымен, солтүстігінде Қарағанды облысымен, оңтүстігінде – Қырғызстан Республикасымен шектеседі. Жамбыл облысының аумағы 144,2 мың шаршы км-ді немесе Республика аумағының 5,3%-ын құрайды.

Облыста 10 аудан, облыстық мәндегі Тараз қаласы және аудандық мәндегі Қаратау, Жаңатас, Шу сияқты үш қала бар. Облыс халқы 1043,8 мың адам немесе Республика халқының 6,4%-ын құрайды. Әкімшілік орталығы – Тараз қаласы.

Облыстың инвестициялық тартымдылығын минералдық-шикізат ресурстары көлемінің көптігі мен оңды табиғи-климаттық жағдайларының болуы белгілейді, бұл өнеркәсіп дамуының дәстүрлі бағыттарымен бірге жаңа өндіріс орындарын ашуға да жағдай жасайды.

Жамбыл облысында пайдалы қазбалардың бай қорлары бар: олар – фосфориттер, ерітінді-шпаттық шикізат, алтын, Амангелді кен орнындағы газ.

Облыста сонымен бірге төмендегідей пайдалы қазбалар қоры бар:

•    түсті металл (мыс, молибден, алтын, күміс, селен, теллур, қорғасын және мырыш және т.б.), уран

•    барит (Шығанақ кен орны)

•    көмір (Шу көмір бассейні, Құлан кен орны)

•    әрлеу, көркемдеу және техникалық тастар (гранит, амазонитті гранит, мәрмәрлар, әктас, техникалық және түсті халцедон, үлгілік шикізаттар, гематит-қантас, хлорит-анартастар)

•    құрылыс материалдары (асбест, тальк, слюда, құмтас, цементтік және керамзиттік шикізаттар, гипс және ангидрит және т.б.)

•    газ

•    минералды тұздар (ас тұзы –Майдагенкөл көлі, жемдік тұздар – Тұзкөл)

•    жерасты сулары.

Облыс аумағынан ТРАСЕКА көлік дәлізі өтеді. Сондай-ақ 2012 жылға қарай «Батыс Европа – Батыс Қытай» автобанынының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл жоба облыс арқылы өтетін тасымалдаудың 300 млн. тоннаға дейін жетуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ облыс облыстық мәндегі және қатты төсенішті автокөлік жолдарының жоғары тығыздылығымен сипатталады.

Кез-келген аймақты тұрғылықты аймақ ретінде қалыптастыратын халық. Облыста 4 қала, 10 әкімшілік аудан, 153 ауылдық және селолық округтер, 379 ауылдық елді мекендер бар. Орта есеппен 34% пайыз облыс халқы Тараз қаласында шоғырланса, 8% - Шу, Жаңатас, Қаратау қалаларында, қалған 58%- ауылдық, селолық жерлерде тұрады.

              Облыстың қалаларында тұратын халық саны 437,4 мың адамды, ауылдық жерлерде тұратын халық 606,4 мың адамды құрайды. Облыс жері 144,3 мың шаршы шақырым (км.) аумақта орналасқан. Халықтың орналасу тығыздығы – 1 шаршы шақырымға 7,2 адамды құрайды.

              Ағымдағы санақ мәліметі бойынша облыс орталығы Тараз қаласында 352,5 мың адам тұрады, бұл 2009 жылдың басымен салыстырғанда 5,0 мың адамға көп.

Тұрғындарының саны бойынша ең үлкен аудан - Қордай ауданы, бұл ауданда  115,4 мың халық тұрады. Үлкен өңірлер қатарында саналатын Шу ауданында 94,8 мың халық бар.

Жер көлемі ең үлкен саналатын Мойынқұм ауданы (жер көлемі 50,4 мың шаршы метр) халық ең аз тұратын  өңірге жатады, ол ауданда бар болғаны 32,6 мың адам тұрады.

Облыс орталығымен шекаралас аудандар: Байзақ ауданында – 84,7 мың адам, Жамбыл ауданында – 78,9 мың адам, Жуалы ауданында – 51,9 мың адам тұрады.

Облыс орталығынан шалғайлау орналасқан: Т.Рысқұлов ауданында – 61,7 мың адам, Меркі ауданында – 75,0 мың адам, Талас ауданында – 51,3 мың адам, Сарысу ауданында 45,1 мың адам тұрады.

2007 жылы Жамбыл облысының ЖӨӨ-нің нақты өзгеру индексі алдағы кезеңге қарағанда 109,5%-ды, 2008 жылы - 108,2%-ды, 2009 жылы – 101,2%-ды құрады. Бұл ретте 2008 жылы Жамбыл облысының ЖӨӨ-нің нақты өзгеру индексі ҚР-дағы орташа деңгейден біршама артық болды (103%).

Информация о работе Кәсіпкерліктің ахуалына және даму перспективаларына баға беру